Мазмұны:
Кіріспе
І бөлім. Түрік қағанатының ішкі саясаты және Істемі
1.1.Билік пен қоғам..........................................................................
1.2.Құқық пен заң
ІІ бөлім.Түрік қағанатының сыртқы саясаты және Істемі
2.1.Соғыстар мен жорықтар
2.2. Сауда мен дипломатия
ІІІ бөлім.Істемінің өмірі
3.1.Істемі өмірі туралы мәліметтер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қосымшалар
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі.Орталық Азияның тарихи аренасына Түрік қағанатының құрылуымен жаңа саяси күш келді.Ұлы қағанаттың қол астына этникалық шығу тегі әр түрлі ру мен тайпалар бірігіп, осы бірлестік тарихи қысқа уақытта кез келген мемлекет пен билеушілер санасатын, жеке мүддесін қойып, оны қорғай алатын қауһарлы империяға айналды.Түрік мемлекеті Шығыста да, Батыста да әйгілі болып, даңқы шықты.Өйткені, құрлықтың екі бөлігінің жалғастырган көпір - Ұлы Жібек жолының Орталық Азия арқылы өтетін басым бөлігі түркі билеушілерінің билігінде болды.
Қағанаттың жүргізген ішкі де, сыртқы да саясаты тиімділігімен көзге түседі.VІ-VІІ ғасырлар кезеңіндегі жағдайлар мен шарттарды ескерген бұл саясат дәл сол уақытта, одан кейінгі кездерде де жетістікке әкеліп, жемісін беріп отырды.Жүргізілген саясаттың және оның нәтижелерінің сәтті болуы бірнеше факторларға келіп тіреледі, яғни негізгі бірнеше факторларға байланысты қағанат мемлекеттіліктің жоғары сатысына дейін жетіп, біртұтас қоғам құру мүмкіндігін алды.Негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады: әскер; басқару жүйесі.Бұл факторлар қағанаттың негізгі күшін, артықшылықтарын қалыптастырды.Түрік қағанатының ұлылығының негізінде жатқан тағы бір фактор бар, біздің ойымызша,ол тұлғалық фактор болмақ.Тұлға сөзі мен іс-әрекетіндегі өзіндік ерекшеліктерімен тарихи уақыт арнасын бұрып, тарихи оқиғалардың желісін өзгертеді.Бұндай көзқарасты алғаш ұстанғандардың бірі – Полибий.Атақты эллинистік тарихшы жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне және әрекеттеріне, тарихтағы орнына үлкен мән берген.
Түрік қағанатының тарихында ерекше атайтын тұлғалар көп болмаса да, аз емес.Тізімнің ең басында тұратын тұлға, әрине,Бумын.Бумын - қағанаттың алғашқы қағаны, Ашина руының көсемі.Ол 545-552 жылдарда биледі, билік құрған жылдары туыстас тайпаларды біріктірумен қоса, түркі тайпалары бағынышты болып келген Жужань қағанатын жеңу арқылы тәуелсіз қағанат құрды.Түрік қағанатының қалыптасуы Бумын қағанның арқасында жүзеге асты, бұл мемлекеттің өмір сүруінің өзі, ең алдымен, Бумын қаған есімімен байланысты.Дегенмен, біздің тақырырыбыздың өзегі болатын сөз есімі әйгілі, тарихта қалдырған ізі зор, үлесі мол тұлға туралы қозғалады.Ол – Бумын қағанның туысы және беделді қолбасшысының бірі - Естеми қаған.Ашина руынан шыққан Істемі қаған Түрік қағанатында Бумын қағаннан кейінгі екінші лауазымды адам болды. Істемі ағасымен бірге Жужань қағанатына қарсы жеңісті соғысқа қатысуы арқылы атын шығарды.Істемі есімімен мемлекеттің іргесін нығайтқан, алыс-жақын шет елдерге танылуына сеп болған оқиғалар тікелей байланысты.
Қазіргі кезде еліміздегі тарих ғылымының саласында инновациялық бағдарлама жүзеге асуда.Ол – «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы.Бұл бағдарламаға қатысты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек...
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз...
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық...», - деген сөздері, оның зор маңызына нұсқап тұр.
Біздің жұмысымыз осы бағдарламаның аясында пайда болған перспективалар мен мүмкіндіктерді іске асыру арқылы отанымыздың тарихи өткеніндегі ақтаңдақтарды әйгілеп, тәуелсіз қазақ елінің принципалды түрде жаңа тарихи санасын қалыптастыру жұмысында өзіндік құнды үлесін қосу үшін арналады.
Зерттеу объектісі.Зерттеу объектісі мемлекеттік-саяси ұйым ретіндегі ерте орта ғасырлардағы Түрік қағанаты және оның қоғамның ішкі салалары мен сыртқы қарыс-қатынастарда жүргізген саясаты, сонымен бірге, бұл саяси үрдістердегі мемлекет қайраткері Істемінің орны мен рөлі, оның жеке тұлғасы мен өмірі болып табылады.
Зерттеу пәні.Зерттеу пәні саяси үрдістер мен құбылыстар әсерінен мемлекетті құраушы институттарда туындаған жағдайлардың алғышарттарын және себептерін, негіздері мен салдарларын және VI-VII ғасырларда Орталық Азия шеңберінде көне түріктер мемлекетінің және түрік билеушілерінің тарапынан жүргізілген геосаясаттың басты мақсаттары мен басым мүдделерін талдау болып табылады.
Жұмыстың мақсаты.Тарихи, археологиялық, лингвистикалық деректерге сүйене отырып, VI-VII ғасырлардағы көне түрік қоғамының саяси өмірінің ұйымдастырылу әрі қалыптасуының мәселелерді зерттеу әрі реконструкциялау, Істемі қағанға қатысты мәліметтерді жинақтау әрі жаңғырту.
Жұмыстың міндеттері.Жұмыстың мақсаттарына сай келесідей міндеттер қойылады:
1) түріктердің өзіндік саяси дәстүрлерін сақтау мен ұстанудың барысында пайда болған мемлекеттік институттардың қызметі мен құрылымын сипаттау;
2)мемлекеттік институттар арасындағы өзара байланыс пен шарттастық аспектілерін іздеу;
3)түрік мемлекетінің саяси тарихындағы соғыстар мен жорықтардың мәнін, маңызын, барысы мен нәтижелерін сипаттау;
4)Істемі қаған мен жалпы көне түріктердің өміріндегі оқиғалардың бір-бірімен астасуын, олардың арасындағы байланысты көрсету;
5)түріктердің шет мемлекеттермен жасаған сауда-дипоматиялық қатынастарын ашып көрсететін жайттарды анықтау;
Зерттеудің хронологиялық шектері.Негізінен Түрік қағанаты және Істемі қаған өмір сүрген VI-VII ғасырлар.
Зерттеудің территориялық шектері.Көне түріктердің мемлекеті шырқау шегі кезеңінде шығыста Алтайд тауларынан Саянға, батыста Еділ мен Солтүстік Қара теңіз жағалауларына; солтүстікте Минусинск ойпатынан, оңтүстікте Тоқарстанға дейінгі кеңістікті қамтыды .
Жұмыстың құрылымы.Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, 5 параграфтан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
1)Түріктердегі өзіндік көшпелі өркениеттің қалыптасуына және өмір сүруіне жағдай жасаған ішкі және сыртқы саясатқа байланысты мәселені зерттеуде;
2) Мемлекеттің тарихы мен тарихи үрдіске қатысушы жеке тұлғаның өмірі мен қызметі арасындағы өзара байланыстың маңызын ашуда;
3) Түрік мемлекетінің ішкі және сыртқы жағдайына қатысты жеке тұлғаның орны мен рөлін анықтауға көмектесетін жаңа көзқарастарды ұсынуда.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.Көне түріктер тақырыбы екі ғасыр бойында Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркияның, Жапонияның ғылыми институттарымен зерттеліп келеді.Ал Қазақстанда бұл тақырып зерттеу нысаны ретінде ХХ ғасырдың орта кезінен бастап алынып келеді.
Түріктерді зерттейтін ғылым тюркологияның негізі XVIII ғасырда Европада қаланды.Бұл ғылым өз кезегінде синология ғылымынан бөлініп шыққан.Түріктер жөніндегі деректер алғаш қытай тілінде жинақталып, аталмыш ғылымның жеке саласына айналған.Бұл деректердегі мәліметтер қытай мемлекетінің тарихындағы тұтас кезеңдеріне арналып жазылған хроникалар (ши) мен жылнамалар (шу) болып табылады.Бұл деректерге сүйене отырып, орта ғасырлық қытай тарихышылары қытай императорларының түрік тайпалары және мемлекеттерімен қарым-қатынасы туралы мәліметтер сақталған энциклопедиялар, энциклопедиялық анықтамалар құрастырған.
Қытай деректерін алғаш аударғандар мен оларға пікірлерін жазған ғалымдардың еңбектері де бағалы.Солардың бірі еңбегі 1756-1758 жылдары жазылған француз ғалымы Ж.Де Гинь («Генеральная история гуннов, тюрок и прочих татар»).Кейіннен 1874-1877 жылдары С.Жульенның еңбегі жарияланды.Бұл жаңашыл еңбектер тақырыпқа деген ғылыми көзқарастың артуына сеп болды.
Қытай деректерін европалық тілдерге аударуда кең масштабта жұмыс жүргізген келесі әйгілі орыс ғалымы Н.Я.Бичурин («Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена») болып табылады.Ол императорлар сарайында болып, түп деректердерді пайдалануға мүмкіндік алған.Бичуринның еңбегін жалғастырған ғалым Н.В.Кюнер («Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока») өз зерттеулерінде қытай иероглифтарының транскрипциясын жасап, мәліметтер алған.
Шығу тегі қытайлық неміс тарихшысы Лю Мао-цзай VI— XVIII ғасырларда көне түріктер жайында жазылған қытай еңбектеріндегі шашыраңқы мәліметтерді жинақтап біріктірген.
Түріктер жайлы араб-парсы деректерінің көпшілігі ХIХ-ХХ ғасырларда В.В.Григорьев, В.Минорский, А.Г.Туманский сынды ғалымдармен анықталып, жарияланған болатын.Олардан басқа тақырыпқа қатысты кеңестік академик В.В.Бартольдтың жүргізген зерттеу жұмыстары тарихнамалық тұрғыд елеулі орын алады.Оның еңбектері түріктерді ғылыми тұрғыда зерттеуге негіз болды.
Түркілердің тарихын жекелеген аспектілерге бөлмей, тұтас пән ретінде қарастырған атақты кеңес ғалымы А.Н.Бернштам.Оның еңбектері («К вопросу о возникновении классов и государства у тюрок VI – VIII вв. н. э» және «Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок в VI – VIII вв» ) түріктердің мемлекеттігі мен әлеуметтік-экономикалық жүйесі жөнінде мәліметтер береді.
Түріктер туралы жазылған ең басты еңбектердің бірегейі – Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер» кітабы.Еңбекте Түрік қағанатының тарихына кең ауқымды әдебиеттер және инновациялық әдіс-тәсілдер көмегімен терең талдау және анық сипаттау жасалады.
ТМД аумағында көне түріктер тақырыбын зерттеуге қомақты үлес қосқан ғалым С.Г.Кляшторный болып табылады.Оның еңбектері көне түріктер мәселесінің шеңберіндегі әртүрлі аспектілерді қарастырады.
Түрік қағанатына қатысты ірі еңбектер жазғандардың қатарынан Р.Рахманалиевты ( «Империя тюрков. Великая цивилизация») және А.Тасағлыны («Көк Түріктер»), оған қоса С.Мақсудиды («Тюркская история и право») атап өтуге болады.
Шетелдік ғалымдардан М.Дромпптың түрік мемлекетіндегі мемлекетік аппараттың қызмет етуі мен билік өкілдерінің лауазымдары туралы ғылыми мақалалары қызуғышылық тудырады.
Отандық ғылыми салада түріктер тақырыбына зерттеулер арнаған бірнеше көрнекті ғалымдар бар.Олар көне түркілердің жазуымен айналысқан А.С.Аманжолов, түрік билеушілеріне қатысты мәліметтерді талдап көрсеткен Қ.Салғараұлы, сонымен қатар түркілердің мемлекеттігін бірнеше аспект бойынша зерттеген Т.С.Жұмағанбетов сынды зерттеушілер.
Жалпы, осы көрсетілген және басқа да көптеген деректерден алынған материалдардың базасы бірқатар мәселелерге: ішкі саясат пен билеушілердің тұлғасына қатысты толыққанды жауап бере алмаса да, біздің жұмысымыздағы негізгі міндеттерді шешуге қажетті мәліметтік қорды берді.
Жұмыстың методикалық-теориялық негіздері.
І бөлім. Түрік қағанатының ішкі саясаты және Істемі
1.1.Билік пен қоғам
Мемлекеттің құрылуы және ұйымдастырылуы.Ұлы Түрік қағанаты – 552-604 жылдар аралығында қазіргі Орталық Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген ерте ортағасырлық мемлекет.Бұл мемлекеттің негізі Ашина руы басқарған түркі тайпаларының одағынан құрылды. Түрік қағанаты бір ғасырға толмас уақыт өмір сүрсе де, аталған ареал шебінде бұрын болмаған, тарихта ең қуатты, ең ірі империя ретінде аты қалған мемлекет құрды.Ол гүлденуінің ең жоғары шағында және территориясының неғұрлым кеңейген уақытында Евразия құрлығының едәуір бөлігін басып жатты.Оның иелігінде VI ғасырдың соңында Манчжурия, Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан, Солтүстік Кавказ жерлері болды.Жалпы алғанда, қағанаттың шекарасы батыста Днепр өзенінен шығыста Амурға дейін, солтүстікте Енисей өзенінен оңтүстікте Тибет тауларына дейінгі кеңістікті қамтыды [1, 116 бет].
Бұл дала империясы қалай пайда болды деген сауалға жауап іздегенде О.Трицактың еңбегіндегі пайымын келтіруге болады: «Егер бір уақытта өлкеде дарынды билеуші шықса, ол бірігіп алдымен өз руын, ал сосын тайпаны, ақыры тайпалық одақты бағындырып алу үшін қол астына күшті және адал амдамдарды жинаған.Кейіннен ол өз адамдарымен қарақшылық жорықтарды жасаған.Егер ол жорықтар сәтті аяқталса, көрші тайпалар тайпалық одаққа қосылып отырған.Келесі міндет бір жағынан, үстем тайпалық одақтарды жою болса, екінші жағынан өлкелік бекіністерде әскери жасақтар құру болды.
Өлкедегі қасиетті жерлерге иелік ету жаңа одақтың билеушісінің абыройын асырды.Бұл арқылы империясы заңды күшке ие болды.Үстем рудың өкілдері мырза ретінде санала бастағаннан кейін,бекініс маңындағы қасиетті жерде жаңа одаққа кірген тайпалардың ақсүйектері қатысқан құрылтай шақырылып, онда өлкеде хан болуға үміткерді таңдаған.Хан лауазымынан басқа, жаңа мемлекет пен одақтың атауы қойылған» [2,116 бет]. Бұл жерде кейбір тұстарда ғалыммен пікірталасқа түсуге болады, бұған қарамастан аталған пайымдағы сипаттау дәл түркі мемлекетінің құрылу жағдайына қатысты айтылғандай.
Түркілердің мемлекетін ғылыми ортада Түрік қағанаты деп атайды, ал түркілердің өздері мемлекетін Ел («Мәңгілік ел» атауын да айтсақ болады) деп атаған.Мемлекетті ұйымдастыру ісіне келгенде түркілер жужандардың үлгісіне жүгінген көрінеді.Бұл туралы И.Коломийцевтің еңбегінде: «Түркілердің мемлекеті жужандардыкіндей екіге бөлінген: шығыс және батыс.Жужандарға бағынышты телеуіттердің Гаогюй мемлекетін еске түсірсек, ол да екі бөліктен тұрған.Айырмашылығы тек солтүстік және оңтүстік болып бөлінуінде» [3], - деп жазылады.
Гоагюй мемлекетінің тарихына үңілсек, оның екі бөлікке бөлінгені дәлелді факт.Мемлекет атауы қытай тілінде «биік арба» мағынасын берген.Солтүстіктің билеушісі «Ұлы император» деп аталса, оңтүстіктегі билеуші титулы – « Мұрагер билеуші».
Бұдан шығатын түйін, Түрік қағанаты да ұйымдастырылуы бойынша екі бөліктен құралған.Батыс бөлігі тардуш деп аталса, шығыс бөлігі толыс деп аталған.Сонымен бірге, территориялық-әкімшілік тұрғыда мемлекет жерлері нақты хандық, бұдұндық, тұтұқтық иеліктерге бөлінген.Жалпы алғанда, барлық мемлекеттік құрылымдарды шартты түрде екі категорияға жіктеуге болады [4]: 1) шаруашылық типіндегі бірлестіктер: оқтар, бұдұндар т.б.; 2)түркілердің әкімшілік-территориялық, кеңістік бөлінуі: хандықтар, тұтықтықтар, шад иеліктері, әскери қанаттар, жаулаушылық кезіндегі алынған бағынышты жерлер.Бұл құрылымдар мемлекетпен федеративті-автономды немесе протекторатты формада басқарылған.
Әлеуметтік және басқару құрылымдары.Түрік қағанатындағы әлеуметтік таптарды көбінесе үшке бөлі қарастырады: 1)ашина руның өкілдері құратын ақсүйектер; 2) еркін адамдардан тұратын халық – «қара бұдұн»; 3) «таттар» - құлдар.
Әлеуметтік және билік иерархиясының басында ашина руының өкілі - қаған тұрған.Ең жоғарғы басқару билігі тиесілі болған қаған титулы 551 жылы түркілердің саяси ұйымының егемендік алуымен бірге орнықты.Қаған титулы дәрежесіне қарай екіге бөлінсе керек: «үлкен қаған» және «кіші қаған».Бұл шешімге келуімізге С.Г.Кляшторныйдың Бумынның жай қаған емес «үлкен қаған» болып жариялануы туралы сипаттамасы және бұл оқиғаға қанық қытай авторы С.Цзунчженның тұжырымы [5 (11), 86 бет] итермеледі.Ал бұдан ресми түрде Бумынның билігі уақытында кіші қаған атағын Істемі иеленгені анықталады.Үлкен қаған тұтастай қағанат пен оның шығыс бөлігін билесе, кіші қаған қағанаттың батыс бөлігін басқарған және оған қоса дәрежесі бойынша мемлекеттік жабғу шенімен үйлесіп, сәйкес келген.Сонда Істемінінің жабғу шенімен қатар, кіші қаған титулын да ұстап тұрғаны болып шығады.
Қаған титулына қатысты бір саяси дәстүрдің болғаны анықталып отыр.Ол дәстүр бойынша, келесі шарттарға жауап берген билеуші, түркілер елінің қағаны болып саналды: 1) Ашина руының, әсіресе Бумын мен Істемі ұрпақтық линиясының өкілі болу; 2) қағанды сайлау қасиетті Өтікен жерінде өтуі; 3) билеушінің жұбайы – «қатын» ашина руынан шығуы; 4) үміткер үлестік-сатылық жүйенің тәртібі бойынша кезегін күтуі тиіс болды [4].
Қытай деректерінде қағанның тағайындалу салтанаты күрделі үрдіс болғаны жазылады.Көз жеткізу үшін оны суреттеп берсек: қаған тайпаның көсемі ретінде таңдап сайланған.Қағанның лауазымды көмекшілері оны киізге отырғызып, күн шеңбері бойынша тоғыз рет айналдырып жүрген, жан-жағында қатысушылар шулап сәлем беріп тұрған.Содан соң қағанды атқа отырғызып, тамағын жібек жіппен орап тартқан және жіпті жылдам босатып, тақта қанша жыл отырғысы келетінін сұрастырған.Болашақ хандардың жауабы тарихта маңызды жайт ретінде қалмағаны байқалады.Сондықтан бұл әдет-ғұрып өзінің әуелгі негізін жоғалтқан күйде сақталған болса керек.
Сол қытай деректеріндегі классификация бойынша, түркілердің билік иерархиясындағы лауазымдардың негізгі тобы 28 деңгейлі болған, олар жоғарғы және төменгі шендерге бөлінген.Жоғарғы шенділерге жабғу, тегін, шад жатқан.
Мемлекеттегі қағаннан кейінгі екінші лауазым иесі жабғу болып табылды.Жабғу қағанның орынбасары қызметін атқарды деуге болады әрі үстем ру өкілдерінен сайланды.Бұл ретте айта кететіні, Істемінің ағасы Бумын қағанның билігі кезіндегі лауазымы жабғу еді.Алайда, қағанның мұрагері ретінде жабғу емес, тегін саналды.Тегіннің қандай қызмет атқаратыны мұрагерлікке әсер етпеді. «Шад» деген титулға үстем тап өкілдері қанынан тараған ханзадалар ие болды.Оған қоса олардың иелігінде жер үлесі болды [6, т. I, 260 бет].
Одан маңызы төмен шендерді Ашина руына жатпайтын тұлғалар алған,бірақ олардың барлығы мұрагерлік жолмен берілген [сонда,299 бет].Сондай-ақ,ол шендерге ерекше қабілеттерімен артылған халықтан шыққан адамдар қол жеткізе алды.Ол шендердің қатарында елтебер, еркін, тархан, тұтұқтар болды.Қалған шендерге түрлі деңгейдегі тарқандар мен бұйрықтар жатты.
Орхон жазбаларының мәтіндерінен қытай дереткерінде кездеспейтін жоғарғылардан бөлек титулдар атауларын кездестіруге болады.Ол титулдар – «апатархан» және «шор».«Апатархан» титулы жоғары қолбасшыларға берілген.Қытай деректерінде ол «апотаткан» формасында келеді және үнемі жоғары қолбасышылыққа қатысты мәнде қолданылады.«Шор» титулы орхон жазбаларында басқа күрделі титулдардың құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылады.Мағыналық жағынан бұл титул әскербасын немесе үздік жауынгер сөздеріне жақын.
Жалпы алғанда саяси шенділердің тобын бектер деп атаған.Түркілердің билік өкілдеріне деген ерекше қатынасын, түркілердің фольклордан алынған үзіндімен көрсетуге болады: «Жердің тірегі – тау, елдің тірегі - бек».
Басқарылатын құрылымның сипатына сәйкес бектердің төмендегідей санаттары болған [4]:
1)Ірі қауымдардың рубасылары, көне түрік қоғамының алғашқы тірегі болған таңдамалы бектер;
2) Қағанмен рулардың әкімшілік байланысын - оқтарды басқаруға қойылған ашиналық емес бектер.Оларды,әдетте, шадапыт титулымен атаған.
3) Қағанның отбасынан шыққан әрі қағанмен рулық бірлестіктерді басқаруға қойылған бектер.Оларды, әдетте, ұлы еркіндер немесе алпағулар [7 (44), 223 бет] деп атаған.Ұлы еркіндерді әкімшілік-территориялық аймақты - оқты басқару үшін орталықтан тағайындаған.Оқтардың саны онға тең болған.
Түрік қоғамындағы еркін адамдардан тұрған «қара бұдұн» әлеуметтік табы қоғамның негізі болып табылды.Басқа сөзбен айтқанда, бұл тапты кең қолданылатын «бұқара халық» атауының ұғымына қатысты алып түсінуге болады. Өз кезегінде бұл туралы анығырақ айтылады.
Түрік қоғамында ақсүйектер және еркін адамдармен қатар әскери тұтқындар қатарынан болған жеке басының еркіндігі жоқ құлдар да белгілі болды.Олардың басым көпшілігі әйелдер болған.Оны айғақтайтын тарихи жәйттар жиі кездеседі.Істемі хан Византия елшісі Земархқа 569 жылы қырғыз елінің тұтқын әйелін сыйға тартты [8(112), 379 бет]; ал Қытайдан тұтқын әйелдер сәтті жорықтар кезінде мыңдап шығарылды: 619 жыл Чуло хан Бинчжоуды алып, «қаладағы барлық әйелдер мен қыздарды алып кеткен» [6 (30), т. I, 246 бет].Тағы бірде, тұтқындарды бөліске салғанда шад Юйгу тағынан айырылған болатын [сонда, т. I, 287–288 бет].Бұдан түркілерде құл иеленушілік дәстүрі болған, тіпті олардың қоғамында белгілі бір деңгейде таралған деген қорытындыға келеміз.Бірақ құлдық Римдегі құлдық сынды классикалық формада жүрмеген.Өйткені түрік қоғамындағы жағдайлар құлдықты тура функциясында қолдануға ыңғайсыз әрі пайдасы болған.
Л.Н.Гумилев көрсеткен тұжырымға сай құл мәселесіне келгенде бір сұрақ туындайды: құлдардың көшпелі мал шаруашылығында қолданылуы қалай жүзеге асқан?Құл егер кемтар болмаса, кез келген уақытта қожайынның жылқысымен қашып кете алады, оған кеткен шығын ақталмайды.Қоғамдағы құлдың жағдайы ауыр болмағанға ұқсайды, оның үстіне бұл туралы жазба кездеседі. 486 жылы Шаболио ханға өзін Суй үйінің вассалы ретінде мойындауы туралы ұсыныс жасалады.Шаболио сұрайды: «вассал» сөзінің мағынасы қандай? Оған жауап береді: «Суй патшалығындағы вассал сөзі мен түркілердегі құл сөзі бір мағынаға ие».Хан: «Аспан ұлының құлы болу маған бақыт», - деп елшіге ризалығын танытады.Біреуге құл болудың қандай бақыты бар деген ой туындайды.Расына келгенде, Шаболио хан өзін қытай имераторына «qul» деп қабылдағанда, мүлде басқа мағынадағы қатынасты меңзеген [9].Бұл мәселенің контекстінде «qul» сөзінің дұрыс аударылуы жатыр.Ол сөздің аудармаларын қарастырып көрейік, қытай тілінде «qul» сөзі «nu» емес, «tch'in» деп аударылады, оны Н.Я.Бичурин «вассал» деп, ал Ст.Жюльен «sujet» [10 (234), vol. III, p. 497], яғни «қол астындағы» деп келтіреді.Бұл орайда, Орхон жазбаларындағы кейбір мәтіндер бұл «qul» сөзінің қатысты мәселедегі қараңғылыққа жарық төгеді.Мысалы, Күлтегін жазбасында айтылады: «...табгач будунка баглик уры оглын кул болты, силик кыз оглын кюнг болты...» [11(104), 29 бет], яғни «... табғаш халқына олар «түркілер» мықты ерлерінің ұрпақтарымен «құл» атанды және таза әйелдерінің ұрпақтарымен «күң» атанды».
Аталған мәселеге қатысты екінші бір мәтінге көңіл аударсақ: «Елтеріс қаған тәртіп орнатып,елін және қағанын жоғалтқан, құл мен күңге айналған, түркі жарғыларын бұзған халықты үйретті.Ол жарғыларына заңдарына халықты бағындырды» [сонда,37–38 бет].Бұл жерде де халық толығымен еркіндігінен айырылмаған, тек жат елдің адамына бағынышты болған.
Сонымен, біздің сүйенетін анықтауымыз бойынша, «qul» сөзінің негізгі мағынасы – жат ел билеушісіне бағыныштылық [9] болып шығады.Бұл контекст ХІХ ғасырға дейін сақталған, содан соң «qul» сөзі сатылған құлдарға қатысты да қолданыла бастады.Ал VI – VIII ғасырлардағы құлдардың қолданысы өзгеше түрде болған: түркілер құлдарды белгілі бір жерге орнықтырып алып, олардан алым-салық шегеріп отырған.Әйелдерді үй қызметшісі және «некесіз әйелдер» («наложницы») ретінде падаланған [12 (118), т. III, т. V, Общественный строй].С.П.Толстов тек қолөнер және егіншілік өнімдерімен салық төлеген тұтқындар қоныстанған елді-мекендердің өмір сүргенін көрсеткен [13 (162), 261бет].
Үлестік-сатылық жүйе.Түрік қағанатындағы билік саласындағы өзгеше элементтердің бірі – үлестік-сатылық жүйе.553 жылы таққа Бумын қағанның бірінші ұлы Шету тақтан аластатылғаннан кейін, екінші ұлы Кушу отырады.Ол Мұқан қаған деген титулды иеленеді.Мұқан қаған кезінде қағанаттың саяси әлеуеті артып, аталған үлестік-сатылық жүйе қалыптасады.Оның арқасында Түрік қағанаты Азиядағы үстемділік етуші рөлін 100 жылдан астам ұстап тұруға және VI-VII ғасырлардағы Иран, Византия сынды ұлы державалармен бәсекелесуге мүмкіндік алды.
Жүйенің мәні мұрагерлік тәртіпке негізделді.Түрік қағанаты әскери күштің көмегімен немесе Л.Гумилев жазғандай «найзаның ұшымен және қылыштың өткірлігімен» құрылған.550-560 жылдарда Азияның едәуір аймағын алып жатқан Сары теңізден Еділге дейінгі жерлерде қоныстанған барлық көшпелі тайпаларды бағындырған.Бірақ бұл ұлан-ғайыр территорияны бағындыру аз, оны бағынышты күйде ұстап тұру қажет еді.Бұл мақсатта қатаң қанаушылық күшке жүгінген түркілерге бағынышты тайпалардың көңілі толмады.Сондықтан Ашина руына қарсы бас көтерулер мемлекет құлағанға дейін толастамай, бөлшектенудің қаупі сейілген емес.
Мұқан қаған алдында тұрған өзекті ішкі саяси проблеманың бірі шеткері территориялардың бөлінуінің алдын алу болды. Бағынышты тайпалардың адалдығы түркілердің атты әскері жақын маңда жүргенде ғана сақталды.Бұл жағдайда тек сол тайпаларды билеуге тағайындалған, жеткілікті әскери күшке ие билеуші өкілдері ғана қарсылық және бөліну әрекеттеріне тосқауыл қоя алды.Алайда қолында билік те, әскер де бар өкілдің қағанға толық адалдық танытуы күмәнді болды.Тіпті, өкілдердің туыстар арасынан қойылуы мәселені шешпеді, өйткені туысқандық қатынастар адалдықтың кепілі бола алмады.
Жүйенің идеясы келесідей болды: әскери күшпен қорқыту да әрі туысқандық қатынастар да адалдықтың кепілі болмауына себепті, ол өкілдерді орталық билікке байлайтын мүдделерді ұсынудың қажеттілігі туындады.Үлестік-сатылық жүйе орнатқан мұрагерлік тәртіпті қолдану осы қажеттілікті өтеудің тиімді шешімі болды.Тәртіптің реті бойынша, әкеден билік ұлға емес, ағадан үлкен ініге не үлкен жиенге берілді.Таққа үміткер ханзадалар басқару үшін үлесін иемденді [9].
568 жылы түркілердің мемлекеті төрт үлестен тұрды, 576 жылы үлестер сегізге көбейді.Әр үлесті билеуші өкілдері басқарды және үлестер жерден гөрі, әскери күштердің бөлінуіне қатысты болған сынды.Мұқан қаған 572 жылы өмірден өткеннен соң, таққа ол енгізген жаңа тәртіпке сай інісі Тобо хан келді.Тобо ханды Менандр еңбегінде Арсила деген атпен көрсетеді [8 (112), с. 374, 418]. Бумынның баласы Тобо қағанның атына қатысты бірнеше нұсқа бар: бірі тотемдік – Арслан , тағы бірі - 1956 жылы табылған Бұғұт стелласындағы соғды жазбасында оқылған Таспар есімі [14, 129 бет].
Кляшторный C. Г., Лившиц В. А.Согдийская надпись из Бугута // Средняя и Центральная Азия: география, этнография, история.. —М.: Наука, ГРВЛ, 1971. — С. 129.
Тобо қаған 572 жылы үлестерді бөліске салды.Шығыстағы үлесті жиені Шетуге, батыстағыны бауырына берді, ол бауыры көп ұзамай қайтыс болып, үлестерді баласы Бөрі хан алды.Мұқан қағанның баласы Төременде солтүстікте үлесі болды, сонымен бірге Естемінің ұлдарында да үлестер болды: Қара Шұрындыкі Жетісуда, Түрксанфтыкі төменгі Еділ мен Оралда орналасты.Қағанның өз ордасы түркілердің атамекені Алтайда болса, қалған екі үлес қағанның ұлдары Амрақ пен шад Тегінге тисе керек [9].
Күрделі үлестік-сатылық жүйенің мұрагерлік тәртіп туралы заңы алғашқы кездерде тиімділігімен көзге түсті.Біріншіден, екі рет кәмелетке толмаған ханзаданың таққа отыруына тосқауыл қойылды, керісінше болғанда қағанат дағдарысты жағдайға түсер еді.Екіншіден, билік әрдайым тәжірибелі билеушілердің қолында қалып отырды.Үшіншіден, үлеске ие қағанның өкілдері жоғарғы билікке жету үмітімен ешқандай қарсылық әрекеттерінсіз қызметтерін атқарды.Мемлекет аумағы барлық бағытта үлкейе берді.
Деректерге қарағанда үлестік-сатылық жүйе түркілер үшін жаңа болған, бірақ оның прототипі ғүндарға тиісті [15 (63),213–214 бет] болуы мүмкін.Қағанат үшін бұл жүйенің жағымды нәтижелерімен қоса, жағымсыз нәтижелері де білінді.Іс жүзінде жүйенің толық ойластырылғандығына және аяқталғандығына қарамастан, түркілердің қоғамы монолитті болмаған, өйткені халыққа ортақ мүдделердің бар болуының өзінде әскери ақсүйектердің бөлініп шығуы ізсіз қалмады.Бұл ерекшелік рулық тұрмыстың сақталуына сеп болған өндірістік күштердің төмен деңгейімен және көшпелі мал шаруашылығының жағдайымен түсіндіріледі [16(135), 28 бет].
Түркілер қоғамындағы ішкі қатынастарды зерттей келе, тарихта Ашина руына қарсы қатардағы жауынгерлер жасаған бірде-бір көтерілістің болғаны тіркелмеген.Барлық көтерілістің басында ашина руынан шыққан ханзадалар не князьдар тұрған. Князьдардың тірегі және қорғаны жауынгерлер болып табылды.Бұл ретте, жауынгерлер княздарға мүдделерін орындатуға не оларды тастап кетуге ерікті болды.Мемлекет ішінде қақтығыстардың туындайтыны айқын еді.Бірақ қақтығыстар жауынгерлер мен ақсүйектер арасында емес, рулық бірлігімен қатар, ортақ мүдделері бар жауынгерлер мен ақсүйектерден құралған жеке топтардың арасында шықты.Бұдан шығатыны, жауынгер түркілердің билік өкілдеріне және олардың саясатына қарсы шағымдары болмаған, себебі олардың билеуші әулетті алып тастауға қызығушылықтары жоқ болған, оның үстіне мүдделері орындалмаса көтерілістің басына келетін ханзаданы табу әрқашан мүмкін болатын еді.
Мұқан қаған билеген кезден бастап қағаннаттың бақылау аумағында тәртіп, тұрақтылық, татулық орнайды, уақытша және шартты сипатқа ие болса да, бұған үлестік-сатылық жүйе факторының оң ықпалы тиді.Сондықтан да түркілер мемлекетінің экономикасындағы көшпелі мал шаруашылығы т.б. салаларда қалыпты шаруашылық ісін жүргізуге қажет жол ашылды.
Халық.Түрік қағанатында жұртты «қара бұдұн» деп аталғанын білдік.Бұндағы «бұдұн» термині халық ұғымынан гөрі, жеке қауым ұғымына мағыналық тұрғыдан жақын.Жұрттың құрамында осы бұдұндар мен оларға қарсы қойылатын бектер болды.Бұны мына сөйлемнің оны контекстінен аңғарамыз: «turk baglar budun» – «түркі бектері және халық» немесе, «түркі бектерінің халқы» және «turk qara budun» – «түркілердің қара халқы».Бұл сөйлемнен бектерді үстем тап өкілдері ретінде қабылдаймыз, ал тұтас халықтың атауы «қара бұдұн» терминімен сипатталу қажеттілігіне саяды.Бірақ бұндағы «қара» сөзі олардың қоғамдағы өте төменгі дәрежесіне байланысты болуы екіталай екенін ескеруге тиіспіз, бұл жерде олардың мызғымас ауызбірліктің арқасында көпшілікті құрағаны көрсетіледі.
Жалпы, бұдұн мен бектер құрған құрылым этникалық негізге емес, әскери–саяси негізге ие.Ал енді түркілердің халқын кімдер құрады деген сауалға жауап беріп көрсек.Әр үлесті билеген ханзадалар мен билеуші өкілдерінің ордасына онда болған түркілердің (ру-тайпалардың, қауымдардың) өздерінен басқа, тәуелділікке түскен жужанжардың бір бөлігі және белгілі бір себептермен туған жерін және Қытайдағы әскери-мемлекеттік қызметтерді тастап келген адамдар топтасты.Олардың шығу тегі әр түрлі болды, алайда Л.Н.Гумилевтің еңбегінде олар ортақ көне түрік тілінде сөйлескен және сондай адамдардың саны үнемі артып отырғаны [9] туралы айтылады.Сондықтан да түркілердің халқының құрамы шығу тегі әр түрлі этностық бірліктердің қосылуынан полиэтникалық формада болды деп тұжырымдай аламыз.
Кез келген қарапайым әскери-саяси құрылымда әскердің бөліктерге, нақтырақ айтсақ қанаттарға бөлінетіні белгілі.Түрік қағанатында да бұл тенденция сақталғанын көрдік.Батыс бөлік толыс, шығыс бөлік тардуш болып, олар әр түрлі тайпалардан тұрды.Жалпы тайпалардың бірлестігі бұдұн болып табылды.Бұдұндағы тайпалық бірлікті білдіретін термин «оғыз» деп аталды.Е.Прицак «оғыз» терминін оқ сөзінің айтылуының басқаша нұсқасы әрі тайпалардың тармақталуы ретінде көрсетеді [17(59),19–20 бет].Түрік қағанатының мұрагері Батыс Түрік қағанатында бұдұн он оқтан құрылғаны (дулу және нушиби тайпалық бірлестіктерінің әр қайсысы 5 тайпадан өзіне қосқан) мәлім.
Үлестік-сатылық жүйенің қалыптасуы және қызмет жасауы мемлекеттік билік саласында ғана тиімді болып қоймай, қарапайым халықтың өмірінде де орнықты.Халықтың материалдық тұрғыдан әл-ауқаты көтерілді.Оған біріншіден, жан-жақтан келген соғыс олжалары, екіншіден, билеушілердің сый-сыяпаттары халықтың арасынан шыққан жауынгерлерге тиіп отыруы, үшіншіден, көшпелі шаруашылықтың дамуына жағымды жағдайлар туы әсер етті.Барлық мал-мүлік, байлықтар шашырамай, ірі әулеттердің үлесінде сақталу арқылы көбейді.Нәтижесінде ірі әулеттердің билігі артты, олардың ауқымы кеңейді, бірақ территориялық және құрылымдық бірлігі сақталды.Бұл үрдіске жол ашқан мемлекеттегі тайпалық құрылым тәртібі еді.Бұл құрылыстың көмегімен Ашина руы бүкіл жұртты бір орталықтан басқара алды.
Біз айтқан ірі әулеттер кейіннен тайпалық одақтар құрып жатты.Олардың қатарынан қарлұқтарды, ұйғырларды, қидандар мен оғыздарды атасақ болады.Жоғарыда айтылғандай, тайпалардың бірлестігіне қатысты «оғыз» термині қолданылды.Бұл терминнің тоғыз-оғыз тайпалық одағының пайда болыуына қатысы бар.Тоғыз-оғыздардың құрамында ұйғырлар мен қарлұқтар болған, ал оларға ұқсас дулу және нушиби одақтары оғыздар атауымен аталмаған.Оның себебі мынада: дулу мен нушиби заң негізінде түрік қағанымен құрылған одақтар, ал тоғыз-оғыздар тарихи жағдайлар туғызған факторлар әсерімен пайда болған. «Бұдұн» мен «оғыз» терминдері арасындағы қатынасты анықтайтын тұжырымға жүгінейік: түркілерге бағынышты болған ұйғырлар бұдұнның құрамына кірсе де, ішкі құрылымын
Сақтап қалған тоғыз-оғыз одағының тайпалық бірлігі болып қала берді.Тоғыз-оғыздардың түркілерге тікелей бағынғанын негіздейтін Білге қаған жазбасында: «Тоғыз-оғыз менің халқым болды» [11(104), 42 бет], - деп келеді.
«Оғыз» терминіне қатысты түсінігін А.Н.Кононов білдірген: « Оғыз сөзінің бастапқы жинақтық негізі оқ – «ру, тайпа» сөзі болып табылады, ол өз кезегінде көне түріктік «о_» - «ана» сөзімен тура байланысты, бұл негізге «огул» - «ұрпақ, ұл» және «огуш» - «рулас» сөздері тиесілі...» [18 (90) Кононов А Н. Опыт анализа термина «Турк» // СЭ. 1947. № 1].
Демек, «оғыз» сөзі бастапқыда «тайпа» немесе «тайпалық бірлестіктер» атауын білдірген.Ал кейіннен одақтарға біріккен тайпалардың этникалық атауына айнала бастаған.Мысалы: сол тоғыз-оғыз, сегіз-оғыз не үш-оғыз.
Алғашқыда атауы мен құрылымы басқа болып келіп, уақыт өте келе ол сипаттары өзгеріске ұшыраған тайпаларға қатысты келтірілген пайымдарды дәлелдеуді жүргізіп көрейік.Гаогюйлік дили тайпаларының IV–V ғасырлардағы рулық бөлінісі және теле тайпаларының VII–VIII ғасырлардағы тайпалық бөлінісіндегі атаулардың сәйкессіздігін алдыға тартамыз.Телеліктердің күмәнсіз ата-бабалары болып табылатын гаогюйліктер [6 (30), т. I,214 бет] 12 патриархалдық руға бөлінген, ал телеліктердің өздері 15 тайпадан тұрған: Юаньге (ұйғырлар), сеяньто (сірлер яньто тайпаларынан құралған), Киби, Дубо (тубалар), Гулигань (курыкандар), Доланьгэ, Бугу, Байегу – Байырку, Тунло-тонгра, Хунь, Сыгйе, Хусйе, Хигйе, Адйе (эдиздар), Байси [сонда (30), т. I, 301 бет].Үш-төрт жүзжылдықта ескі рулық құрылым ыдырап, орнына жаңа тайпалық бірлестіктер келген.Бұл өзгерісте, оның алғышарты шешуші рөл атқарды.Түркілер орнатқан жаңа әкімшілік-территориялық құрылым, оның талаптарына жауап бермеген патриархалдық рулардың тайпалық бірлестіктерге өтуін қаматамасыз етті.Теле тайпаларын түріктер 100 жыл билеген және «олардың күшімен солтүстіктегі сахарада үстемдік еткен» [сонда 30, т. I, 214 бет], - деген деректерге қарасақ, өзгерістердің теле тайпалары түрік ордасының құрамына кіріп, бұдұнның бөлігі болған кезде жүргеніне көзіміз жетеді.
Түрік державасының әлеуметтік құрылымының басты белгісі – әскери-тайпалық құрылыстың үйлесімді бірігуі.Түркілер бұндай тәжірибені іс жүзінде қолданып көрген Орталық Азияның алғашқы мемлекеті болып табылады.Жалпы, түркілердің құрған саяси-әлеуметтік құрылымы VI ғасырда мемлекетте туындаған үлкен саяси мәселелерді шешудің ең ұтымды жолын тауып берді.Оған қоса, аталмыш жүйе түркілердің бірнеше ұрпағының Евразия далаларында ғасырлар бойы басымдық етуінің алғышарты болды.Осыдан болар, түркілер өздерін «мәңгілік ел» ретінде сезінді.
Қоғамдық құрылыс формасы.Түркілердің қоғамына қатысты тақырыпты қарастырғанда, олардың қоғамдық даму деңгейі мәселесін талқылау жөн көрінеді.Тарихи тәжірибегеден белгілі, мемлекетте жүргізілетін ішкі саясаттың негіздері қоғамның құрылыс формасына сүйенеді, ал саясаттың ерекшелігі қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.Түрік қоғамы мемлекеттің өмір сүру барысында күрделі эволюцияға ұшырады, оған қоса VI және VII ғасырлардағы қоғамдық қатынастар бір-бірінен өзгешеленеді.
Түркілердің қоғамдық құрылысы тұрпайы феодалдық қатынастардың қалыптасуының ерте формасы болып табылады [19(26), 145 бет]. Бұл түркілердің қоғамы жабайылық формасына нұсқайтын тұжырым батыс тарихнамасындағы фактілерге, жалпы теорияға қайшы келіп тұр.ХІХ ғасырдағы Л.Морган сынды батыс ғалымдары ойлап тапқан ол теорияда, қоғамдық даму 3 кезеңге бөлінеді.Солардың ішіндегі екінші кезең тағылықта (варварлықта) жоғарғы саты темір қорыту ісімен басталып, жазудың пайда болуымен және оны шығармашылықта қолданумен аяқталады.Тағылықты өткерген халықтарға антикалық гректер, Рим құрылғанға дейінгі этрускілер және т.б. итальяндық тайпалар,Тацит атаған германдық тайпалар, нормандық кезеңдегі викинтер жатады [(20)182,32 бет].Ал енді тағылықтың жоғары сатысының белгілері түркілердің де қоғамында тіркелген.Түркілердің темір балқыту ісімен айналысқаны, жеке өздерінің тілінде сөйлегені ғылыми ортада дау тудырмайтын факт.Сондықтан да түркілерді тағылық кезеңіне жататын халықтардың жоғарыдағы тізіміне енгізуге болады.
Варварлықтың жоғары сатысын сипаттай отырып, мысалы, Ф.Энгельс келесіні көрсетеді: «Барлық мәдениетті халықтар өзінің батырлық дәуірі - темір қылыш дәуірін бастан өткізеді»[сонда (182), 32 бет]. Бұл жағдайды, темірді балқыту және өңдеумен айналысқан түріктерге де жатқызуға болады. «Байлық тез артқан, бірақ жеке тұлғалардың байлығы ретінде» [сонда,32 бет]. Құлдық қоғамдық жүйенің құрамдас бөлігіне айналады. Түріктердегі құлдық дамудың дәл осы кезеңінен өтіп жатқан [13 (162), 261бет].
«Егістік жер жеке отбасылардың қолданылуына бастапқыда уақытша, кейіннен түпкілікті беріледі, жердің толығымен жеке меншікке берілуі біртіндеп және жұптық некенің моногамияға ауысуымен қатар жүреді. Жеке отбасы қоғамның шаруашылық бірлігіне айналады» [сонда 182,164 бет].Дәл бұндай құбылысты түрік қоғамында байқаймыз.
Ал билік институтындағы жағдай келесідей: «Халықтың әскери қолбасшысы – «rex, basileus thiudans» немесе хан [9] қажетті, тұрақты лауазымды тұлғаға айналады. Соғыс және соғысты ұйымдастыру, халықтың өмірдің қалыпты қызметіне айналады. Бұрынырақ соғыс шабуылға жауап ретінде немесе аумақты ұлғайту үшін ұйымдастырылса, енді тек ұрлық үшін жүргізілетін тұрақты кәсіпке айналады [20 (182), 164 бет].Соғыстардың дәл осы аталған себептерін деректерден байқай аламыз.Шындап келгенде, арнайы соғыс үшін қолында азаматтық-әскери билікті біріктіріп ұстаған шенеуіктердің билік жүйесі құрылған болатын.
Сонымен, түркілердің қоғамдық құрылысының формасы әскери демократия болып табылды.Әскери демократия рулық құрылысты бұзып, қатаң әскери режимді орнатты.Бұл тұрғыда Л.Н.Гумилев «Ашина державасы Спартаның кейпінде еді, бірақ түркілер анағұрлым қуаттырақ әрі көбірек болды», - дейді.
1.2.Құқық және заң
Құқықтық жүйе.Мемлекеттің басқарылуы, бір адамның қалауымен өзгертілмейтін және билеушілер мен ел құзырындағы азаматтар бағынатын, негізгі қағидалар болған жағдайда ғана мүмкін.Оған қоса құқықтың қағидалармен, басқарушылардың өкілеттілігі шектелмейтін ұйым жоқ, сонымен қатар оған ұйым мүшелері де бағынады.Құқықтық қағидалар мен нормалар жиынтығынан қалыптасатын құқықтық жағдай мемлекет пен қоғамдағы іс-әрекеттің ережелерін бекітіп, оған бағынуға тиісті тұлғалардың қатынасын реттейді әрі дәрежесін анықтайды.
Түріктің саяси ұйымдарында да, жалпы және жеке құқықтың негізін құрайтын заңды күшке ие құқықтық жағдай болған.Қоғамдық өмір ережелерінің жиынтығы, түріктерде «төре» («төрелік») деп аталған.Төре кең мағынада түріктердің жалпы құқықтық жүйесін білдіреді.Төре сондай-ақ орхон жазбаларынан алынған талдауға қарағанда түрік жұртының пайда болғаннан берге заң шығару қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді.VI ғасырда пайда болған түріктердіңі құқықтық жүйесін Т.Жұмағанбетов шартты түрде екі үлкен бөлікке бөледі: «біріншіден, қоғамдық, шаруашылық және төменгі әлеуметтік сатылардағы қатынастарды реттеу жүйесінде қолданылған қарапайым құқық; екіншіден, мемлекеттік құқық пен оның сыртқы қатынастарындағы аспектілерді қамтитын аталмыш төрелік құқық» [4].Өз кезегінде бұдан түркілердің бүкіл құқықтық жүйесі екі негізден тұрды: қарапайым құқық және төре.Бұлар түркілердің мемлекеттік құқығын құрады.
VI ғасырдағы “Төре” жүйесінің түзілуінің көздері бірнешеу.Олар: 1)құқықтық әдет-ғұрыптар, белгілі бір қоғамның әдет-ғұрыптары мемлекетпен заңдық формада пайдаланылып, қорғалса, олар құқық көзіне не месе қарапайым құқық нормасына айналады.
2)ашина рулары жасаған, мемлекеттік билік тарапынан құқықтық жүйеге заң түрінде енгізілген жаңа құқықтық нормалар.Айталық, Бумын, Істемі және Мұқан қағандардың бұйрықтары мен нұсқаулары төре жүйесіне қосымша болып еніп отырған.
3)түркілердің мемлеккеттігі пайда болғанға дейін бар болған жекелеген құқықтық принциптер мен элементтер.Мысалы, ғұндардың, қытайлардың құқықтық саладағы қалдырған тәжірибелері.
4) төре жүйесінің бөлігіне айналған халықаралық құқық нормалары.Мысалы, аманат интситуты, елшілік мәселелері.
5) жиналыстардағы әрі құрылтайлардағы жекелеген сот қызметкерлерінің төрелік ету тәжірибесі, олардың ең сәтті шешімдері кең қолданысқа ие болған.
С.Мақсуди осылардың ішінен құқықтың жүйенің негізгі көздерін атап көрсетеді: 1. Халық; 2. Құрылтай; 3.Хан [21].
1. Қоғамның өмірін реттеп отыратын, құқықтық жағдайлардың бөлігі, халық арасында анықталып отырған. Мұндай жағдайлардың жиынтығын, жай ережелер немесе қарапайым құқықтар деп атаймыз.
2. Басқа бөлігі - жеке ханның бастамасымен құрылатын заңдар.
3.Құрылтайда билермен қабылданған шешім, ежелгі түріктер заңының үшінші бір бөлігін құраған.
Басқа халықтардағыдай секілді, жеке құқық (отбасына, жеке меншікке, мұраға, келісімдік қатынастарға арналған заңдар) түріктерде дәстүрлі түрде болған, яғни бұл бұл заңдар мен ережелердің жасырын, халықтық сипаты болған. Мұндай ережелердің жиынтығы қарапайым, немесе “юсуннды” құқық деп аталады. Дәл осы ережелердің жағдайымен, түркілер қоғамындағы құқық нормалары анықталған.Сонымен қатар, салт-дәстүрмен реттелетін жағдай діни өмірде де қалыптасқан.
Хан, құрылтай секілді ешбір қоғамдық институт, дәстүрлерге өзгеріс енгізе алмаған. Өзгертуге ықыласы бар хандардың «реформа» жасауға тырысуына қарамастан, түрік хандарының заң құру құқығы болған. Орхон жазбаларында, бұл бағыттағы хандардың өкілеттілігі туралы нақтылы дәлелдер бар. Бұл жазбаларда, Бумын хан мемлекет құрғаннан кейін оны басқарған және түріктік “тауратты” орнатқан деп айтылады [21].
Бумын және Істемі хандар қайсар және әділ билеушілер болған, олар үлкен мемлекеттерді басқара алды және заңдарды орната алды. Кұтлұг хан мемлекет қайта құрылғаннан кейін, оның алдындағы билеуші тұсында жасалған заңдарды қайта жаңғыртты.Сонымен қатар Білге хан да маңызды заңдарды орнатқан.
Түрік хандары жаңа жерлерді басып алғанда, сол жерде бірден мемлекеттік құрылымның формасын орнатқан. Мысалы, түргештер мен қырғыздар жерлеріне қатысты осылай болған. Шығыста басып алған территорияларда, мемлекеттің құрылымның қайта құрылуына ұшыраған.
Мемлекеттің құрылым жүйесінің орнатылуы, белгілі бір заңдардың бекітілуін қажет ететіндігі түсінікті.Түркілерде қоғамдық қарапайым құқық әдет-ғұрыптармен анықталғандықтан, түріктер дәстүрлі құқық институттарының тұрақты болып қалыптасқандығын қалаған және сол тенденцияны ұстауға тырысқан.Бірақта ескі мемлекеттік институттардың орнына жаңасын және жаңа заңдарды орнатуға батылы жеткен хандар болған.
Билердің құрылтайы ханды сайлау құқығына ие болған, және қажет жағдайда оны тақтан тайдыра алған. Заң мәселесінде құрылтай белгілі бір рөлді атқарған: ханны тарапынан болған заңдар, билердің келісімін қажет еткен.
Ежелгі түріктердің заңы ұлттық сипатта болған. Көптеген халықтар “заң” сөзінің және терминінің ұғымын, басқа халықтардан қабылдаған. Мұндай шеттен қабылдаушылық жиі кездеспейтін және әр түрлі кезеңдерде үзік-үзік байқалған.Мұндай шеттен қабылдаушылық нәтижесінде халық үшін зиянды әсер тимеген. Ұлттар мен халықтардың мәдениеттік және құқықтық дамуы, тек мәдени ақпараттың алмасуы жағдайында ғана мүмкін. Мәдени дамуға байланысты екі халық арасында үлкен айырмашылық болған жағдайда, даму жағынан артта қалған халықтың, алдыда келе жатқан халықтан құқықтық өмірдің негізін игергені дұрыс.Басқа халықтардан олардың мәдениетін толық қабылдағандар бар. Мысалы, орта ғасырлардағы Италия, Англия, Франция сынды Европа мемлекеттері ғасырлар бойы римдік құқық үстемді еткен.
“Заң” және заңдар жүйесін түріктер басқа халықтардан алған ба немесе бұл олардың жеке өніміме деген сұрақ туындайды.Бұл сұраққа жауап нақты: түріктердің заңдары шынайы және жеке өзіндік сипатта болған. Ежелге кезеңдерде “заң” ұғымын түріктердің тек Қытайдан қабылдауы мүмкін. Бірақта қытайдың ақпарат көздері, жоғарыда сипатталған құқық негіздерінің Қытайдан алынбағандығын айтады. Оларда: түріктерде (ғұндар) “ли” (міндеттерге қатысты заңдар) да, “и” (қарым қатынас ережесі) [22 De Groot,. p.3].да жоқ екені расталды. Бұл ғұндардың қытайдың ли және и заңдарын қабылдамағандығын айтады.
Түріктерді мемлекет құруға қабілетті халық ретінде анықтаған факторлардың бірі, олардағы қоғамдық тәртіп сезімінің өте жоғары дамуы, яғни бекітілген заңдар мен ережелер негізінде өмір сүру. Түріктердің бұл ұлттық ерекшелігі, әлі күнге дейін толық бағасын алған жоқ.
Түріктердің қоғамдық өмірді заңдардың негізінде орнатуға деген талпынысы, олардың мемлекетті құрудағы қабілеттілігінен тұрады.Себебі, құқық тек мемлекетте пайда болады. Құқық, мемлекеттік өмірдегі мемлекеттік басқарудың болуының қажеттілігі болып табылады [23 W.Wundt. Volkerspsychologie. B. VIII, Die Gesellschaft. Teil 2, S.5-9.].Мемлекеттің құрылуы, өмір сүру ережелерінің күшпен орнатылуының орнына, барлығының бағынуға міндетті заңдарының орнатылуы шарттарында ғана қамтамасыз етіледі.
Батыс әдебиеттерінде кездесетін түріктер туралы жаңсақ пікірлер, олар құқықтық қатынастарды құру барысындағы қабілетсіздіктен туады. Мұндай пікір тарихи тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар логикалық және ғылыми тұрғыда қате және негізсіз. Барлық әлемнің, ежелгі кезеңнен түріктердің мемлекет құруға қабілеттілігін мойындауына байланысты, бұл дәлел олардың құқықтық жүйені құру қабілеттілігін мойындауға да мәжбүрлетеді. Мемлекет негізінің қалануы, мемлекетті басқару сонымен қатар заңға бағынудың және мәжбүрлеудің құқықтық жүйесінің құрылғандығын және оның функциясын көрсетеді. Құқығы жоқ мемлекеттің болуы мүмкін емес, өйткені құқық мемлекеттің біртұтас саяси ұйым ретінде өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Түркілердегі жалпы құқықтың басты мақсаты әдеттегідей «зұлымдықты құқықтау мен жазауда емес, әділдікті сақтау арқылы жалпыға ортақ келісім мен тыныштықты орнату мен қолдауда болды» (4).Бұл мақсатқа бірнеше принциптер көмегімен жетті.
Бірінші принцип – талион, мемлекеттік биліктің барлық құқықтық мәселелерді бейбіт құралдармен шешудегі әрекетінен байқалады.Талион қарсыласушы екі жақтың тарапынан да топтық сипатта болды.
Екінші принцип – жалпы паритет заңының бөлшегі болған құқықтық паритет.Бұл принцип бойынша бір отбасы, топ, қауым басқаларының мүдделеріне нұқсан келтірер іс-әрекеттер жасаса, олар да ақылға қонымды, нақты қарымта іс-әрекеттерге көше алды.Бұл принцип неке-отбасылық, мүліктік мәселелерде аса қатаң сақталды.
Үшінші принцип – инновациялық принцип, ру-тайпалық ақсүйекетердің, діни топтың, басқарушы әулеттің жоғарғы биліктегі әр жағдайдарға байланысты басымдылық, үстемдік құқықтарын бекітуде байқалады.
Түріктердің құқықтық жүйесінде қолданылған негізгі ұғымдар бар.Олар: «барымта» - сот шешімдерін материалды-күштеу арқылы орындау негізінде құрылатын құқықтық регулятивті институт, отбасының мүліктік және жеке мүдделерін практикалық қорғауды іске асырады; «айып» - моральдық, физикалық және материалдық зиянды құқықтың өтеудің формасы; «сауда жолдасы» - сауда инфрақұрылымының құқықтық жағы; «жарлық» пен «бұйрықтар» - қаған, жабғу, шадтар шығарған уақытша немесе тұрақты әрекет күші бар құжаттар; «құн» - мөлшері дәстүрлі құқық негізінде сот шешімімен анықталатын, жәбірленуші жаққа физикалық және мүліктік зиян үшін берілетін мериалдық өтем; «қарымта» - туысқандарға мал немесе қаржы түрінде той немесе қаза болған адамды еске алу астарын өткізу үшін көрсетілетін көмек.Бұдан бөлек, түркілер қылмыс түсінігінің орнына Г.С.Сапарғалиев бойынша «жаман іс» түсінігі қолданылғаны мәлім.
Ежелгі түріктердегі келісімшарттар мен келісімдер.Түрік тілінде “келісімшарт, келісім” ұғымдарын білдіретін бірнеше сөздер болған, олар “бачиг” және “биджгас” [24 Mahmut Kagari, 1,3, 310. Al-Misaku vaal-ahdu].
Ғұндардың келісімшартқа отыру жолдары қазіргі уақытта мәлім болған.Соған байланысты біз VI-VIII ғасырларда түріктер құрған мемлекетте маңызды келісімшарттарға отырған кезде, олар ант беріп отырғандығын болжай аламыз.
Түркілерде келісімдер міндетті түрде жазбаша түрде бекітілген.Мысал ретінде көне ұйғырлардың құжаттарын алайық. Оларда, келісімге отырған күн көрсетілген. Күндер он екі жылдық жануарлар цикліне сәйкес қойылып отырған, мысалы, “Барыс жылының төртінші айының жиырмасыншы күні” немесе “Тауық айының екінші айының он сегізінші күні”.
Одан ары қарай, келісімге отырған адамдардың есімі жазылатын, келісімнің мақсаты көрсетілетін. Келісімшартта келісімге отырушылардың біреуі келісімдік міндеттерді орындамаған жағдайда қолданылатын санкциялар ерекше көрсетілген.
Қарыз алуға байланысты келісімдерде, қарыз алушы және беруші адамның есімдері, қарыздың сапалық және сандық сипаттамалары, пайыздары, уақыты және қайтару шарттары көрсетіледі. Мұндай нұсқадағы көптеген құжаттарға, қарыз адам қайтыс болған жағдайда, қарызды өтейтін тұлға көрсетілген.
Жазбаның соңында куәгерлердің және құдаттың мәтінін жазған адамдардың есімі көрсетілген. Келісім жасап отырған тұлғалардың қолы және мөрінің болуы міндетті болатын.Түріктердің (мысалы, оңтүстік ұйғырлық) келісімшарттардың барлық мәтіндері бірдей заң терминдерінен тұрады.Түркілердің құқықтық келісімдері жазбаша түрде жүргізіледі, және онда біртекті заң терминдерінің қолданылуы, олардағы құқықтық мәдениеттің жоғарғы дәрежеде дамығандығын көрсетеді.
Өркениеті әлсіз дамыған халықтар, келісімшарттар мен келісімді тек ауызша түрде жасаған. Рим мемлекетінде бастапқы кезеңде тек осы нұсқа (stipulatro) ұзақ қолданылған. Жазбаша түрдегі құжаттар кейінірек пайда болды. Сонымен қатар, Ежелгі Грецияда келісім құрудың жазбаша түрі тек Афиндық полистің гүлденген кезеңінде пайда болған.
Түріктердегі меншік.Рулық-тайпалық қауымдар жайылымдар жиынтығының жоғарғы үлестірушісі ретінде, отбасы меншігінің жер үлестеріне де, сондай-ақ малға да қарай анықталуының факторы болды.Осы аталған қауымдардың бірлестігі жоғарғы саяси билікке деген сенімділігін көрсете отырып, жеке және қауымдық меншікке шынайы кепілдік берушілер болды.
Қағанат кезеңінде басқа мемлекеттік иерархиялық құрылымдар «қорғаймын – демек иелік етемін және қолданамын» принципі бойынша мүлікті басқаруға қатысты виртуалды немесе шектеулі құқық иеленген [4 ] .
Бұл ретте, малға деген жеке меншік пен бұл мәселеде біріккен, ірі қауымдарға қауіпсіздік кепілдігін ұсыну қажеттілігі арасында, оған қоса, ортақ рулық жайылымдар мен тұрақтардың аумақтарына деген уақытша меншік пен күрделі жағдайлардағы мемлекеттік ұйымдардың пайда болуы арасындағы қатаң байланыстың барын ұйғаруға болады.
Бұған қатысты салыстыру жүргізіп көрейік.Европада мемлекеттік құрылымдар тек адамдардың жекелеген тобының – феодалдарың меншіктік құқықтарын қорғаудың мәселелерімен айналысса, көшпелі түріктерде мемлекеттік ұйым екі міндетті жопарлы түрде орындады.Бір жағынан, қалыпты көшпелі шарушылық жүргізу үшін барлық деңгейдегі қауымдарды сыртқы әскери қорғаныспен қамтамасыздандыру міндетін, екінші жағынан, көпшілік массасының арасынан саяси және патронимиялық жоғарғы топтарға билікті қамтамасыз ететін басқару аппаратын құру міндетін.Бұл жерде европалық және көшпелі мемлекеттік құрылымдардың басты идеологиялық айырмашылығын байқаймыз.
Сонымен, көшпелілердегі (соның ішіндегі түріктердегі) мемлекеттің мақсаты руларды біріктіру және олардың әрекетін қадағалау арқылы шаруашылық жүргізетін жеке субъектінің экономикалық мүдделерін қорғау болды.Шаруашылық жүргізілетін территориялар кеңістігінде қауымдық және жеке меншіктік қатынастардың арасында баланс пен теңдікті орнатып, ұстап тұру да мемлекет саясатының басты сипатық белгісінен.
М.В.Колганов пікіріне сәйкес, меншіктің объектісі тауардың тұтынушылық емес, айырбастық құны, ал нәтижеде тауардың өндірісіне жұсалатын еңбек болып табылды [25].
Енді меншік мәселесінің өзіне келсек.Көшпелі шаруашылықта меншіктің маңызы зор болған, себебі бұл экономикалық институт құқық, мемлекет, қоғам, әлеуметтік құрылым сынды құбылыстардың базасына арқау болады.Бұл мәселе жөнінде барлық дерлік тарихнамалық деректердің мазмұнында негізінен ұқсас ғылыми көзқарастар кездеседі.Ол көзқарастар меншікті екі түрге жіктейді: 1)жер (жайылымдар) – феодалдық және өзге меншіктің негізі; 2)мал – эксплуатацияның монополиялық әрі сол феодалдық негізі [26].
Түріктердің жеке меншіктік институт туралы көзқарастары, қазіргі құқық жүйесінде қалыптасқан пікірлерден ерекшеленбейді, және келесідей негізгі тармақтармен сәйкестендіріледі:
1. жеке меншік құқығы-қолдану құқығы және уақытқа шектеуінсіз тұтыну.
2. жеке меншіктің иесі онымен өзі қолдана алады, сата алады, жалға бере алады, кепілдікке бере алады және теңдей бастамада үлескермен қолдана алады.
3. жеке меншік құқығы уақыт бойынша шектеу қоймайтын, абсолюттік құқық болғандықтан, иесі қайтыс болғаннан кейін оның меншігі мұрагеріне беріледі.
Жазба деректерге сенсек «әрбір адамның өз жер үлесі болған», яғни түріктер жеке меншікке құқылы болған (6), бірақ бұл тұста ру-тайпалық бірлестіктердің көсемдері меңзеліп тұр, өйткені жер меншігіне құқық жоғарғы билік топтарына тиесілі болған.Мысалы, VI ғасырдағы византиялық деректерде былай жазылған: «түріктерде қағанға алтын тауды иелікке беру заңы болған, бұл тау шығысқа қарай бағытталған, ал оны жергілікті тұрғындардың «алтын» деп атауы ондағы жемістердің молдығына, жабайы аңдар мен бағылатын малдың байлығына байланысты» (27 (80), Кызласов Л.Р. История Тувы в средние века. М., 1969 г.стр 230 стр 53). Бұдан ең жақсы, құнарлы ірі бай жер үлестерінің қаған мен билік өкілдерінің меншігінде болғандығы шығады.Ал өзге территориялар әр қауымдардың иелігіне берілді.Бұл мемлекет аумағынының құрылуына негіз болған кеңістіктерде олар шаруашылық әрекетін жүргізіп отырды.
Ал мал меншігінің көшпелілердегі жұптық, нуклеарлы отбасыларға және әулеттерге тиесілі болғандығы күмәнсіз.Ғалымдардың пайымдауынша, бұл құбылыс – көшпелі меншіктік қатынастардың ең төменгі және алғашқы «фундаменттерінің бірі».
Түріктердегі мұрагерлік.Түркілердің отбасыларында балалардың, немерелердің келесі ересектік, патронимиялық дәрежеге көшуі отбасылық мал табындарының шартты әрі тұрақты түрде үлестіріліп тұруына соқтырды.Полигамиялық бай отбасыларда малға деген меншік әйелдердің және оның айналасындағы балалардың, кәмелетке толмаған кіші бауырлардың саны бойынша таратылған.
Басқа өркениетті халықтардағыдай, ежелгі түрік қоғамындағы отбасыларда мұрагерліктің екі жолы болған: заң бойынша мұраға берілу (successio abintesta) және өсиет бойынша мұраға берілу (hereditas testamentaria). Түріктердің дәстүрлік құқығы бойынша мұрагер кім болып атанғаны жайлы сауалға жауап тауып көрейік:
1. Заң бойынша, ата-аналарының мұрасында барлық балаларының үлесі бар, бірақ: 1. Әкесінің көзі тірі кезінде, оның мұрасының үлесін алған және жеке өмір сүріп жатқан ұлдары, кейін мұра үлесін алмайды; 2. Тұрмысқа шығып, жолдасының үйіне өзімен бірге алып кеткен мұраның кейбір бөлігінен басқа (жасау) ешқандай мұраға ие болмайды.
2. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін, жесір әйелі мүліктің 1/4 бөлігін алады. Мұра үлестірілмегенге дейін, ол қалың мал мен жасау айырмашылығын алады (егер сондай қалыпта болса). Сонымен қатар, мұрагер ұлдар болмаған жағдайда, тұрмысқа шыққан қыздар өзіне тән мұра бөлігін алады.
Әкесінің үйі кіші ұлына мұраға қалады. Әкесінің үйінде қалатын және оның барлық мүлкінің иесі болып табылатын ұлы, анасының (өгей шешесінің) және тұрмыса шықпаған әпкелерінің күнделікті тұрмысын қамтамасыз етуі керек, сонымен қатар оларға жасау дайындауы қажет. Әпкелері тұрмысқа шыққан кезде, күйеу жігіт беретін қалың мал, кіші ұлына беріледі. Кейбір халықтарда әйелдері мен қыздарының мұра үлесі 1/5 және 1/10 сәйкес келеді.
Түрік мемлекеттеріндегі қылмыстық жазалау жүйесі.Бумын қағанның билік еткен кезеңіне сәйкес келетін қытай ақпарат көздерінен ғұн және түрік мемлекеттерінде жазалаудың құқықтық жүйесі билеуші әулеттің қолында болған. Бұл туралы, қытай жазбаларындағы келесі үзіндіден көруге болады: «Олардың (түріктердің) қылмыстық заңдарына сәйкес, бүлік, отанына опасыздық жасау, кісі өлтіру, бөтен әйелмен заңды емес байланыс, тұсаулы атты ұрлау өлім жазасымен жазаланады».Бұл деректегі қосымша ақпаратқа сүйенсек, зорлау ірі мөлшреде айыппұл төлеу және қылмыскердің жәбірленушіге үйленуге мәжбүрлеу арқылы жазаланған.
Бүлік шығару немесе отанына опасыздық жасау сияқты қылмыстарда жазалау құқығының жеке бір тұлғалардың артықшылығы еместігі анық.Алайда жеке тұлғаға қарсы ұрлық, зина жасау сынды қылмыстар да жекелеген тұлғалармен емес, мемлекетпен жазаланған.Осыдан, түріктерде жазалау құқығы мемлекеттің қолында екендігі анық көрінеді.
Біз жоғарыда көрсеткендей, ауыр қылмыстардың жазасы өлім болған.Ал ауыр емес қылмыстар жасау, келтірілген зиянды материалдық өтеумен жазаланған. Қытай дерек көздерінде мұндай қылмыстардың мысалы ретінде, келесілер көрсетілген:
1. тұсаулы атты ұрлау
2. басқаның мүлігін ұрлау
3. төбелес кезінде біреуді жазалау
4. адам мүшелерін физикалық түрде зақымдау
Қытай дерек көздерінде мал ұрлаудың жазасы оны жәбірленушіге он есе қайтару деп жазылады.Сонымен қатар,онда нақты бір органның зақымдалуы туралы айтылған, ол көбінесе көз. Мұндай қылмыстың жазасы, кінәлі болып отырған адам зардап шеккен адамға өз қызын күйеуге береді, немесе әйелінің мүлкін береді. Бұл жазалаудың ең бір ерекше, қызық түрі. Белсенді өмір сүріп отқан адам үшін көз - маңызды мүшелердің бірі. Соқыр адам бірқатар маңызды істерді орындай алмайды.Түрік қоғамында кең таралған шаруашылықтар егін шаруашылығы, мал бағу және әскери іс болған. Соқыр адамдар бұлардың біреуіменде айналыса алмаған.
Көз жанарынан айырылған адамға көмекші немесе қандайда бір мүлік, байлық беру қажет.Сондықтан, физикалық тұрғыдағы келтірілген зақым үшін, берілген жаза түрі, яғни кінәлі адамның мүлігінің бір бөлігін зиян шегуші адамға беру әділетті болған. Зиян шеккен адамның жағдайы тұрғысынан, бұл өте әділ шешім болған.
Бірақ басқа жағынан қарағанда, мұндай заң әділ деп таныла алмайды. Қазіргі заманғы құқықта, қылмысты жасаған адамнан басқа ешкім, жауап бере алмайда деп есептелінеді. Қылмыстың салдары, қылмыскердің туыстарына әсер етпеуі керек.Ал көру қабілетінен айыру қылмысы үшін, қылмыскердің жақын туыстары жауапқа тартылады, мысалы, оның қызын зардап шеккен адамға мәжбүрлі түрде береді. Қыздың мұны, өз еркімен жасайтындығын елестету қиын. Бұған ұқсас жағдайдың мысалы шығыс ғұндарда байқалады.Ұрлықпен кінәләнған адамның отбасының (әйелінің) мүліктері тәркіленген (21).
Жоғарыда айтылғандардан мынадай пайымға келеміз: «төре» жүйесі - ашина руы енгізген, мемлекеттік құқық, билік мұрагерлігі, бағынышты халықтармен қарым-қатынас салаларына қатысты үлкен құқықтық жүйе.Ал басқа салалардағы құқықтық мәселелер түркілердегі қарапайым құқықтың дәстүрлі нормаларымен шешіліп отырған.
Түркілер қоғамындағы соттардың көпшілігі төмен деңгейлі, іс жүзінде третейлік [28] (мемлекеттік емес) дәрежеде болған.Сот қызметін ең беделді, құқық білгірлері атқарған.Қылмыстық әрекетке байланысты сот ісі текі тараптардың ұсынысымен не талабымен ғана қозғалатын.Сот процесінің нормасы бойынша, татуласудың және соған сәйкес «істі кез келген уақытта тоқтатудың» [29], және келіспеушілік болғанда басқа сотқа жүгінудің мүмкіндіктері қарастырылды.Сот ісінде арнайы қағандар, хандар, бектердің сот инстанциялары да бар болған.Олар өзін-өзі басқарып, ашина руының ақсүйектер тобына қызмет еткен.
Қылмысты және де басқа істерді шешетін сот, әуелі, тараптарды материалдық және өзге де зиянды өтеу жолымен татуластыруына қарай анықталды.Яғни, соттың қызметтерінің қатарындағы ең бірінші тұратыны кикілжіңдерді тараптар үшін ең тиімді құралдармен неғұрлым бейбіт түрде шешу болып табылды.
Қылмыстық жауапкершілік объектілеріне бір субъектінің екінші субъектіге тигізген залалдарына байланысты іс-әрекеттер жатты.Аса ауыр қылмыстар деп тұрмыстағы әйелдің зина жасауы, некесіз туған баланы өлтіру қабылданды.Қылмыскерлерді жиі физикалық жазаларға ұшыратты.Бұл ретте, егер әкесі кәмелетке толмаған баласын не ересек балаларын өлтірсе, ол қылмыс деп саналмаған [30].
Сотта қылмыстық іске қатысты қолданған жазаларға жатты: өлім жазасы, дене және масқаралау жазалары, құн, елден айдау т.б [31].С.Өзбекұлы жазаларды үш топқа біріктіріп қарастырады: «өлім жазасы, материалдық өтеу, ардан айыру» [32].Жазалау қоғамда жәбір көрушінің және оның туыстарының мүдделерінің моральдық тұрғыда қанағаттандыру, яғни әлеуметтік теңдік пен әділдікті қалпына келтіру құралы ретінде анықталды.Жазалаудың негізгі принципі - қылмыс пен жазаның ауырлық дәрежесі және мотиві бойынша бір-біріне сәйкес келуі.
Қылмыстық жауапкершілікке оны ұйымдастырғандар, қысмыскерді қолдаушылар және итермелегендер тартылмады.Ал тартылатындар кәмелетке толғандар, ақыл-есі сау, қозғалысқа қабілетті тұлғалар болып табылды [33] .
Т.Жұмағанбетовтың жазуы бойынша, түркілер жазаны анықтауда және айыппұлды төлеуде дауласушы екі тарапты бөліп қарастыруы, оларды әлеуметтік белгілері (қарадан шыққан, абыз-бақсы, бек, ашина руының өкілі) бойынша ажыратуы мүмкін болса керек.
Түріктердегі құлдық.Тарихи деректердегі мәліметтерге сүйене отырып, көне түріктердің құлдық институты туралы көзқарастарын және ондағы құқықтық ережелер мен қағидаларды бірнеше тармаққа сәйкес келеді:
1.Қожайынның құлға қатысты меншіктік құқығы абсолютті болып табылды;
2.Түркілердегң қоғамның мәдени дамуына байланысты құлдарға деген қатынас жұмсақ болған, шеттен шықпаған;
3.Түркілердегі құлдарға қатысты құқық нормалары рим құқығындағыдай қатаң емес болған;
4.Құлдар қожайындары рұқсат берсе үйленгуге мүмкіндік алған;
5.Құлдың сотқа шағымдануға құқығы болған;
6.Құл еркін адам атауы мүмкін еді.Құлды жариялау шартты немесе шартсыз түрде жүрді;
7.Еркін адам мен оның күңінен туған баланың әкесінің мұрасынан үлес алуға құқығы болды [21].
Түркілердегі құлдық толықтыруға, өзгертуге және жойылуға жатпады.Бұл тұрғыда ол кейбір халықтардағы құқықтық институттардан өзгешеленеді.
Түрік мемлекетіндегі халық жиналыстары.XIII ғасырда құрылған Шыңғыс хан мемлекетінде, құрылтайлар өткізілгені белгілі. Бумын, Истеми және Кұтлұғ мемлекеттетрінде маңызды мемлекеттік мәселелерді талқылау үшін жиналыс шақырғандары күмәнсіз, ал жиналысқа хандар, билер және халықтың бір бөлігі қатысқан.
Бумын мемлекетінде жиналыстың шақырылуы туралы нақты дәлелдер қытай ақпарат көздерінде бар. Оларда келесілер айтылған: түріктер әр жылдың сегізінші айының бесінші күні жиын шақырған және соған байланысты құрбан шалу дәстүрін өткізген. Бұл жерде мәселе құрылтай туралы екендігі анық.
Кұтлұг мемлекетінде халық арнайы ханды тыңдау үшін жиналған деген деректер бар. Мысалы, екінші орхон жабасында келесідей сөйлем бар: “Тыңдаңдар мені, эй халық және түрік оғыздарының бектері”.
Жиналыста талқыланған сұрақтар туралы нақты мәліметтер жоқ. Бірақта, халықтың тұрмыстық жағдайымен, сыртқы саясатпен, соғысмен және бейбітшілікпен байланысты сұрақтар болғандығын болжауға болады. Тақ бос болған жағдайда, құрылтайда жаңа ханды сайлаған.
Білге ханның халыққа айтқан сөздері Күлтегін жазбаларының мәтінінде жазылған, және ол жазу құрылтайдағы айтылған сөз ретінде қабылданады. Бұл сөздерде құрылтайға қатысушылардың құрамы және оның өткізілу кезіндегі әр деңгей бектерінің орындары көрсетілген. Білге хан былай айтқан: “Мен түріктердің Білге қағаны, таққа отырдым. Менің сөзімді басынан аяғына дейін тыңдаңдар. Бәрінен бұрын сіздер менің жас ханзадаларым, одан кейін сіздер, менің туысым, менің халқым, сіздер оң жағымдағы садапит билер, сіздер сол жақтағы тархан билер мен буйруктар, бектер және оғыз халқы және тоғыз-оғыздар менің сөздерімді мұқият тыңдаңыздар: Шығыста- күн шығатын жерге дейін, батыста- күн бататын жерге дейін, оңтүстікте- түске дейін, солтүстікте түнге дейін (барлық жерде) барлық халықтар маған бағынышты. Барлық осы халықтады мен орнаттым және ұйымдастырдым «өмірін». Отукен тауларында өзінің өкілеттілігін жоғалтпаған түріктер хаканы билеп тұрған кезде, мемлекетке ешқандай қауіп төнбейді. Мен шығыс бағытта Шантунг алқаптарына дейін әскери жорықтар жасадым, теңізге дейін жеттім. Оңтүстікте Докуз- Эрсинге Тибетке дейін десем болады, батыста- Йинчу- Угуздың аржағында орналасқан Темір қақпаға дейін, солтүстікте - “йер байырку” жеріне дейін жеттім. Барлық осы бағыттарға мен түріктерді жібердім. (Бүгін) Өтікен тауларында басқа билеуші (күш) жоқ. Өтікен таулары - түрік мемлекетінің бүртұтастығын сақтайтын орталық.
Мен билік еткен тұста мен қытайлармен бейбіт келісімге отырдым, олармен саяси қарым қатынасқа ендім...Қытайлардың жалған сөздеріне сеніп, түріктердің бір бөлігі Қытайдан алыс емес жерге қоныстанды. Жер аударғандардың көпілігі қайтыс болды.
Эй, түрік халқы, қоныстануға осы елді (Қытай) таңдасаң, сен өлесің. Егерде сен Өтікен тауларында қалса, мәңнілікке мемелекеиіңді сақтайсың, «әрдайым қанағат пен жеткіліктілікте өмір сүресің... Мен Тенгри көмегінің арқасында хан болдым, ол мені құдіретті билікпен үлестірді. Мен хан болғаннан кейін, кедейлерді бай, ал аз халықты көп қылдым.
Эй түрік билері мен түрік халқы! Мені тыңдаңыздар! Сіздердің тыңдап, бағынуларыңыздың арқасында, (біз) Түрік мемлекетін сақтап қалдық».
Түріктердегі отбасы-неке құқығы.Көшпелі мал шаруашылығының ерекшеліктері көшпелі халықтардағы отбасының қалыптасуында өзінің ізін қалдырды.Темір дәуіріне тән ірі патриархалдық отбасылар көшпелі өмір салтының дамуына байланысты әлеуметтік-экономикалық үрдістердің нәтижесінде ыдырап, оның орнына моногамды, нуклеарлы отбасылар қалыптасады.
Бұндай отбасылар малға және мүлікке қатысты негізгі меншік иесі атанады.Өз кезегінде жақын туыстық және шаруашылық мүдде бойынша топтасатын, бұл отбасылардың өздері жаңа типтегі қауымдардың пайда болуына бастама болды.
Неке – ер мен әйелдің ұрпақты және қоғамды жалғастыру мақсатында отбасы құру әдісі.Неке құрудың нәтижесінде отбасы – қоғамның шаруашылық ұяшығы пайда болады.Отбасы негізінде қоғамдағы барлық басқару ұйымдары құрылады.
Құқықтық тұрғыда түріктердегі некені құрылуы бойынша үш түрге жіктеуге болады: бірінші реттік, екінші реттік, конкубинат.Формасы бойынша неке экзогамды болды.Этнологтардың зерттеулері некелік және жыныстық қатынастардағы жеті ұрпақ буынына дейінгі тиымның түркі кезеңінде енгізілгенін дәделдейді.
Түріктердегі басым болып табылатын нуклеарлы отбасық құқықтық жағынан полигамиялық отбасыларға кедергі қоймады.Полигамиялық неке көбінесе бай отбасыларда байқалады.Бұның себебі шаруашылық жүргізудегі әйел қызметінің үлкен қажеттілігінде жатыр.Аталмыш неке жолымен шаруашылықтың тиімділігін және ауқымын кеңейту мүмкіндіктері ашылды.
Түріктердегі бірінші реттік некеге, әдетте, күйеу мен қалыңдықтың ата-аналары бастама болған, олар тек қалың мал мен қалыңдықтың жасауына қатысты мәселелерді ғана емес, отбасылар және рулар арасындағы қатынастарға қатысты да мәселелерді қамтыған келісімге отырып, шарт жасасқан.Түріктердің некелік әдет-ғұрыптары бойынша, олар ерте жастарында неке құрып отырған [ ].Неке экзогамды формада болды, сондықтан екі жақты қарым-қатынас пен келіссөздерге бүкіл қауымның атынын өкілдер қатысқан.Отбасы басшысының қоғамдық дәрежесі жоғары болған сайын, құрылатын некенің маңызы арта берген.
Бірінші реттік некеге ата-ананың бастамашы болуы, неке субъектілерінің келісімге отырарда мүліктік және құқықтық тұрғыдан толықтай құқықсыздығына байланысты түсіндіріледі.Бұл некенің заңды, ал болашақ отбасының қоғамның және ондағы құқықтық қатынастардың толыққанды мүшесі болуын қамтамасыз еткен нақты фактор екі жақ арасында жүрген ресми келіссөздер болып табылған [ ].
Этнографиялық деректерге сүйенсек, келісімді бірінші реттік неке тарихта тіркелген көптеген руаралық және әулетаралық дау-дамайларды шешіп, олардың арасында ымыра орнатқан, оған қоса екі рудың өзара одағын жалғастырған.Бұл ретте, түріктердегі неке төменгі қоғамдық деңгейдің өзінде құқықтық реттеу құралы рөлін атқарады және өзінің бастапқы функциялық шектерінен шығады.
Екінші реттік неке ер адамның бастамасымен және туыстардың қатысуымен құрылды.Алайда соңғы шешімді қабылдау құқығы ер адамның құзырында болды, өйткені сол ағымдағы уақытта ол рудың кәмелетке толған толыққанды мүшесі және отбасылық меншіктің иесі атанып үлгерді.Екінші ретті неке бірінші әйел қайтыс болғаннан кейін және полигамды отбасы құру барысында іске асуы мүмкін еді.Әдетте, бұндай отбасылар бай көшпелілермен негізінен үлкен шаруашылықты басқару әрі қызмет ету ісін жақсарту мақсатында құрылды.Екінші реттік некелердің заң жүзінде болуы бірінші реттік некелердегідей екі отбасының ресми келіссөздері арқылы бектілді.
Шаруашылықты жүргізудегі қатал әрі ерекше жағдайлар заңды неке формаларының күрделенуі левират және сорорат секілді құбылыстардың пайда болуына әкелді.Аталған некелік формаларға ер адам жоғарыда айтылған екі неке түрінің деңгейінде қатысты.Левиратта жас айырмашылығы есепке алынбады. Чжоу шу дерегінде, левират бойынша көшпелілерде әкесі қайтыс болғанда оның әйелдері, туған анасынан басқасы, үлкен баласының әйелі атанды немесе өзге жақын туыстары арасында бөлінді [ ]. Х.Арғынбаевтың жазуынша, левират қаза болған ер адамның отбасын, ең алдымен, мүлікке қатысты оның туысқандары мен руына меншік объектісіне айналдырады.Жесір болса бұрынғы руының қамқорлығында қала бергендіктен, қаза болған күйеуінің руынан немесе одан басқа рулардан жаңа күйеу таңдауда теориялық түрде таңдау еркіндігін сақтап қалды.Егер әйел екінші шешімді таңдаған жағдайда, бұрын болған барлық мүлкінен айырылды.
Сорораттың әлеуметтік маңызы левираттан төменірек болғанымен, құқықтық тұрғыда бұл құбылыс отбасылар арасында некелік келіссөздер кезеңіндегі екі жақты қосатын келісімнің жасалуының дәлелі мен фактісі болып табылады.Сорораттың ең айқын үлгісі ұйғыр қағаны Бегудің некелік жағдайында көрінеді, ол Тан әулетінің өкілі болған үлкен әйелі Білге қатынның қайтыс болуынан кейін, оның сіңіліне үйленеді [ ].Бұл тұста бірінші әйелдің сіңілдері тұрмысқа шыққаннан кейін дәреже бойынша онымен тең болған, сондай-ақ жездесінің толық қамқорлығына алынғанын айтуға болады.
Ал конкубинаттық неке отбасы құру ресми келіссөздер аясында емес, яғни екі жақ келіспегендіктен, қалыңдықты ұрлап қашу жолымен құрылғанда іске асты.Дегенмен, көпшілік жағдайда алғашқы қадам жасалып қойылғандықтан, қалыңдық жағы ымыраға келіп, татуласып, неке құру үрдісін жалғастыруға келісімін беріп отырған.Осыны ескере келе, орта ғасырлардағы түріктерде қыз ұрлау қылмыс ретінде есептелмеген, керісінше азаматтық құқықтың бір саласы ретінде қабылданған әрі солай болған.Бұл неке де белгілі бір ережелерді ұстану арқасында толық құқықтық қабілетке ие болған.
Конкубинат сондай-ақ ер адамның сәтті әскери жорық нәтижесінде олжа болып түскен тұтқын әйелдерді иеленуімен жүзеге асқан.Олардан туған балалардың құқықтары заңды некеден туған балалардың құқықтарымен теңестірілген, бірақ жеке бас еркіндігі мен таңдау еркіндігіне келгенде ол балалар қысымға ұшыраған.
Бұл жолмен құрылған моногамды және полигамды отбасыларда туысқандық дәреже бойынша егжей-тегжейлі бөлініс болмаған, негізгі бөлініс ұрпақтық буын белгілерімен жүрген.Бір ұрпақ ішіндегі барлық туыстар бір-біріне қатысты бауырлар-інілер, әпке-қарындастар болып саналып, жастарына сәйкес ажыратылған.
Полигамиялық отбасыда жоғарғы құқықты үлкен әйел («бәйбіше») иемденді, ол кейінгі некелердің құрылуына ресми рұқсатын беріп отырған, өз кезегінде кіші әйелдер шаруашылық пен тұрмыс жүргізу мәселерінде оған
Түрік қағанатындағы билік саласындағы өзгеше элементтердің бірі – үлестік- сатылық жүйе. 553 жылы таққа Бумын қағанның бірінші ұлы Шету тақтан аластатылғаннан кейін, екінші ұлы Кушу отырады. Ол Мұқан қаған деген титулды иеленеді. Мұқан қаған кезінде қағанаттың саяси әлеуеті артып, аталған үлестік-сатылық жүйе қалыптасады. Оның арқасында Түрік қағанаты Азиядағы үстемділік етуші рөлін 100 жылдан астам ұстап тұруға және VI-VII ғасырлардағы Иран, Византия сынды ұлы державалармен бәсекелесуге мүмкіндік алды.
Жүйенің мәні мұрагерлік тәртіпке негізделді. Түрік қағанаты әскери күштің көмегімен немесе Л.Гумилев жазғандай «найзаның ұшымен және қылыштың өткірлігімен» құрылған. 550-560 жылдарда Азияның едәуір аймағын алып жатқан Сары теңізден Еділге дейінгі жерлерде қоныстанған барлық көшпелі тайпаларды бағындырған. Бірақ бұл ұлан-ғайыр территорияны бағындыру аз, оны бағынышты күйде ұстап тұру қажет еді. Бұл мақсатта қатаң қанаушылық күшке жүгінген түркілерге бағынышты тайпалардың көңілі толмады. Сондықтан Ашина руына қарсы бас көтерулер мемлекет құлағанға дейін толастамай, бөлшектенудің қаупі сейілген емес.
Мұқан қаған алдында тұрған өзекті ішкі саяси проблеманың бірі шеткері территориялардың бөлінуінің алдын алу болды. Бағынышты тайпалардың адалдығы түркілердің атты әскері жақын маңда жүргенде ғана сақталды. Бұл жағдайда тек сол тайпаларды билеуге тағайындалған, жеткілікті әскери күшке ие билеуші өкілдері ғана қарсылық және бөліну әрекеттеріне тосқауыл қоя алды. Алайда қолында билік те, әскер де бар өкілдің қағанға толық адалдық танытуы күмәнді болды. Тіпті өкілдердің туыстар арасынан қойылуы мәселені шешпеді, өйткені туысқандық қатынастар адалдықтың кепілі бола алмады.
Жүйенің идеясы келесідей болды: әскери күшпен қорқыту да әрі туысқандық қатынастар да адалдықтың кепілі болмауына себепті, ол өкілдерді орталық билікке байлайтын мүдделерді ұсынудың қажеттілігі туындады.Үлестік-сатылық жүйе орнатқан мұрагерлік тәртіпті қолдану осы қажеттілікті өтеудің тиімді шешімі болды. Тәртіптің реті бойынша, әкеден билік ұлға емес, ағадан үлкен ініге не үлкен жиенге берілді. Таққа үміткер ханзадалар басқару үшін үлесін иемденді [42].
568 жылы түркілердің мемлекеті төрт үлестен тұрды, 576 жылы үлестер сегізге көбейді. Әр үлесті билеуші өкілдері басқарды және үлестер жерден гөрі, әскери күштердің бөлінуіне қатысты болған сынды. Мұқан қаған 572 жылы өмірден өткеннен соң, таққа ол енгізген жаңа тәртіпке сай інісі Тобо хан келді. Тобо ханды Менандр еңбегінде Арсила деген атпен көрсетеді [60, 374-418-бб.]. Бумынның баласы Тобо қағанның атына қатысты бірнеше нұсқа бар: бірі тотемдік – Арслан, тағы бірі - 1956 жылы табылған Бұғұт стелласындағы соғды жазбасында оқылған Таспар есімі [64, 129 б.].
Тобо қаған 572 жылы үлестерді бөліске салды. Шығыстағы үлесті жиені Шетуге, батыстағы бауырына берді, ол бауыры көп ұзамай қайтыс болып6үлестерді баласы Бөрі хан алды. Мұқан қағанның баласы Төременде солтүстікте үлесі болды, сонымен бірге Естеминің ұлдарында да үлестер
солтүстік-шығыс аудандарының бірін қосатын таулы аймақ [Л. Потапов, 1973, с. 283–284].
Істемінің анасының аты – Құлан, ал әкесі - түркілердің билеушісі шад Ағын.Ол балалық шағының басым бөлігін әке-шешесімен бірге өткізіп,тәлім-тәрбиені солардан алады.Бала кезінен билеушінің мұрагеріне тән мінез-құлқымен көзге түсіп, түркілердің тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан әскери істе жоғары жауынгерлік дарындылығын байқатады.Түрік қоғамында ер мен жауынгер сөздері бір-бірімен пара-пар ұғымдар болды.Әсіресе, ашина руынан шыққан билеуші тап өкілдері өздерінің тікелей билеу қызметін атқарумен қоса, әскери істің, ұрыс жүргізудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерді.Істемі де бұл қатардан тыс қалмады.Оның пешенесіне жазылған тағдырдың басқа билеушілердің тағдырына ұқсамайтындығын, бала кезінде көрген түсі туралы оқиға аңғартады.
Бұл оқиға бойынша, Естеми айлы түндердің бірінде түс көреді.Түсте жанып тұрған оттың қасында қару-жарағы сай, салтанаты келіскен, сұсты әрі қаһарлы кейпінде әмірші отырады.Оның тура алдында жанары мұңға толы, бақытсыздыққа тап болған бала тұрады.Ары қарай екеуінің арасында диалог жүреді: Әмірші балаға сұрақ қояды: «Әкең саған өз кәсібін үйретті ме?Сенің бойыңа әкең қалдырған шеберлік дарыды ма?».Бала үн қатпады.Мүмкін бұған қорыққаны немесе таңырқағаны себеп болды.Әмірші бұған көңілі толмай тағы сұрақ қойды: «Сен темір қорытуды білемісің?».Бұл жолы да бала жауап беретін сыңай танытпай,үнсіз қалды.Хан ашулы көздерімен бір жағынан сескендіре,екінші жағынан үміттендіре мынадай сөздер айтады: «Егер менің қол астыма темір балқытушы болып қызметке кірсең, басың аман қалады».
Тұтқын бала бұл тұста да жақ ашпауы, әрине әміршінің шамына тигені сөзсіз.Алайда қанша ашуланғанмен,алдында тұрған жас бала төрт тарапқа аты тараған әйгілі шебердің соңғы ұрпағы екенін білгендіктен ол ашуын барынша тежеп отырды.Дегенмен,ағымдағы күйін дауысы анық аңғартып тұрды.
Араларындағы диалог әрмен қарай жалғасты: «Сен менің бұйрығымды орындамағандармен не болатынын білетін шығарсың» - деді хан.Тұтқын баланың бұл кезде көз алдынан жүрегіне жылы тиетін естеліктер жүріп өтті.Көздері бұлыңғырланып,төмен қарады.Ол туған жерін, тума-туыстарын: аяулы анасын, қамқор әкесін, бауырмал ағалары мен әпкелерін есіне алған болатын.Жауапсыз қалған балаған,әмірші қатаң даусымен айқай салды.Бала селк ете түсіп,ойларынан айығып,бұрынғы қалпына қайта келді.Ол: «Барлығын өлтірген сен,сенсің!» - деді ызамен.Бұдан кейін бала ханның жағасына жармасып,оны соққылай және тепкілей жөнеледі.Тек айналада тұрған қарауылдағы жауынгерлер дереу хан үстінен баланы жұлып алады.Бұл бейбастыққа енді шыдамаған хан баланы жазалайтыны анық еді.Әміршінің бұйрығымен баланы екі қолынан,екі аяғынан айырады.Ол жүрмек түгіл, жеп-ішуден қалады.Тіпті адамға ұқсаудан қалған баланы,ми батпақта өлім аузына тастап кетеді.Міне, оқиға осындай қайғылы сарында бітеді.Оқиға түс болғанмен де, мазмұны тарихи шындыққа әбден сай келеді.
Істемі бұл түстің өз өміріне қатысы барын сезді.Оған қоса, сезіп қана қоймай, түстің астарында жатқан белгінің мәнін түсінуге тырысты.Ал белгінің мәнін ашу үшін әдетте түс жору қажет болады.Түс жорудың сол кездегі түркілердің қоғамында бар болғаны құпия емес.Оған Естемидың біз қарастырып отырған түсін жору фактісі дәлел.Әңгімені енді осы арнаға бұрамыз.Істемі аталған қызық түсті көріп оянғаннан кейін, өзін жайсыз сезінеді.Жүзін қара тер басып, шошынған адам кейпінде болады.Бұны байқаған анасы Құлан баланың жағдайына көңілі алаңдап, одан болған түстің анық-қанығын сұрап біледі.Естеми түсін анасынан жасырмады,алдымен ол жайлы әкесіне айтуды қаласада.Бұдан шығатыны, аталмыш түстің сырын ашуға әуелі себепкер болған баланың анасы Құлан болатын.
Енді осы тұста, түстің Өрпері деген бақсымен жорылғаны анықталады.Оның үстіне, ол түсте болған оқиғаның тарихы жайында баяндайды (осы ғажайып оқиға туралы өз кезегінде айтылады).
Сонымен үзілген әңгімені жалғастырсақ, енді түстің қалай жорылғаны туралы мәселені қозғағанда, келесідей жайттарды келтіруге болады.Түсті жорыған Өрпері кейуана қанша жас жасағаны беймәлім,бірақ оның жас кезін көрген адам болмаған деседі.Түрік қауымында одан асқан түс жорушы болмаған екен.Және оны сол кездегі түрік жұрты қараған Жужан хандығының алыс мекендерінен іздеп келетіндер де табылған екен.
Сөздің бастысына көшейік.Өрпері бақсы Естемиден түстің жайын бастан-аяқ сұрап анықтағаннан соң, түстің «әруақтардың ескертуі» екенін айтады.Оның айтуынша, Естеми түсінде көрген тұтқын бала, түркі атаулының ортақ бабасы болып шығады.Ол болашақта билеуші болатын жас баланың түсіне кіріп, жеке Естемидың, сонымен қатар бүкіл елдің алдында күтіп тұрған ұлы істер мен сын-қатерлер туралы белгі береді.Бұдан кейін Өрпері бақсы әлгі ғажайып оқиғаны айтып береді.Ғажайып оқиға деп отырғанымыз Естемидың құпия түсіне кірген тұтқын бала туралы аңыз.
Қытайдың Чжоу шу, Бэй ши және Суй шу деп аталатын әулеттік тарихи деректерінде түріктердің қалай пайда болғанғыдын суреттейтін екі аңыз келтірілген.Бұл аңыздар тергеуден өткен елшіліктері, Солтүстік Қытайдағы мемлекеттердің сарайларында бір емес, бірнеше рет болған түріктердің өздерімен жазып алынған.Қытайлық жазбаларда аталған генеалогиялық аңыздардың әр түрлі адамдармен және әр түрлі уақытта жазылғандығы туралы айтылған.Аңыздар анағұрлым анығырақ жазылған жазба Чжоу шу-да болып табылады.Түріктердің өздері бұл екі әңгімені ата-бабаларының шынайы тарихы деп есептеген.Расында, екі аңыздың мазмұнында да мифологиялық сюжетпен қоса, әскери және өзге де оқиғалар туралы, бұл оқиғалар болған мекендер туралы,ежелгі көсемдер мен оларға телінетін істер және қабілеттер туралы нақты дерлік мәліметтер бар.Бұлар кейде реалды түрде,ал кейде оқырмандарды қиял-ғажайып әлеміне алып кетеді.
Біз қарастырып отырғанымыз дәл осы бірінші аңыз.Ол аңызға сәйкес, үлкен батпақтың (Бэй ши мен Суй шу бойынша – Сихай «Батыс теңізінің» оң жағасы) шет жағында тұрған түркілерді билеуші рудың ата-бабаларын көрші тайпаның жауынгерлері қырып тастаған, олар Б.Огельдің аударуы бойынша – сяньбийлік тайпаларға кіретін «Линь мемлекетінің жауынгерлері».
(Легенды о происхождении царского рода тюрков — Ашина
С.Г.Кляшторный,СПб.Университета,2005)
Тұтас бір тайпадан тек жалғыз бала қалады.Ол - әлгі аяқ-қолы шабылған тұтқын бала.Саз батпақта өлім аузында жатқан бала Тәңірдің қалауымен тірі қалады.Оны өлімнен ұрғашы қасқыр құтқарып алады.Жау тайпаның жауынгерлерінен қашып, Гаочаннан солтүстіктегі тауға, яғни қазіргі Шығыс Тянь-Шань тауына барып қоныстанады.Екеуі үңгірде жұптасып өмір сүреді,уақыт өте келе ұрғашы қасқыр ер жеткен баладан дүниеге он ұл әкеледі, бірақ ол баланы жаулары қоймай ақыры өлтіретінін айта кету керек.Он ұл өсіп үлкейген соң Гаочанның жергілікті қыз-келіншектеріне үйленіп, өздерінің руларын құрады; ал олардың ұрпақтары аналарының рулық есімдерін алады.Ұлдардың бірінің есімі Ашина болады, кейін бұл есіммен бүкіл ру атала бастайды.Ұрғашы қасқырдың он ұлынан құрылған тайпаның көсемі, басқа бауырларынан жеке басының қабілеттерімен артылған Ашина болып тағайындалады.Жылдан-жылға олардың саны өсіп, 500 түтіні бар елге айналады.Қоныстанған мекендері тар болғандықтан ру көсемі Ашина немесе Асянь шад ұрғашы қасқыр ұрпақтарын Гаочаннан шығарып алып, Алтайға (Циньшань) көшіп барды.Онда олар жужандардың билігіне болады.Болат балқыту әрі өндіру арқылы жужан ханына қызмет қылады.Алтайда ашина тайпасы жергілікті халықпен құрамымен араласып, өздеріне Алтай тауларының бұл аймақтағы атауы - түрік деген атауды алады.
Істемі Өрпері кейуанамен сөйлескеннен кейін, ол бақсының кеңесімен Онай атты ақсақалға барғаны анықталды.Өйткені, бұғанға дейін білгені Естемидың білуге деген ынтасын қанағаттандырмады.Онай ақсақал Шығыс Алтайға қоныстанғаннан кейінгі түріктердің тарихынан хабардар еді.Істемі Онайдың үй-жайына барып, екеуінің арасында танымдық әңгімелесу болады.Әңгіменің бастапқы бөлігінде түркілердің қоғамдық–әлеуметтік жағдайынан айтылған мәліметтерді келтіріреміз: жужан ханымен шарт жасасқан Ашина руы Өтікен жеріне келіп қоныстанғаннан бастап, ру адамдары болат жасау өндірісімен айналысады.Болаттан олар сан түрлі бұйымдар жасаған, оған қоса жасаған бұйымдарының белгілі бір көлемін салық ретінде жужан билігіне төлеп отырған.Ол уақытта болаттан жасалған қару-жарақ, құрал-саймандар жоғары бағаланғандықтан, ру кеншілерінің шеберлігі көршілес қоныстардағы аңшы, малшы тайпалар арасында кең танымалдыққа ие болған.
Ашина руының шығу тегі белгісіз болса да, тарихи жағдайлар 500 түтіндік руды Қытайдан Алтайға әкелгенге дейін, оның өкілдері моңғол тілінде сөйлегені мәлім болып отыр.Ал олардың тілдерінің түркілену үрдісі, олар жаңа мекенде 100 жылдай қоныстанғаннан соң іске асқан.Ұзақ уақыт бойында түркітектес ортада өмір сүрген ашина руы түрік тілінде сөйлеуге көшеді.Нәтижесінде, жергілікті жұртпен араласқан ашина руы түркілік руға айналады.
Сонымен қатар, әр көктем мезгілі сайын сол барша көшпенді түркілер батыр дулығасына ұқсас Ұл-Түркі («алып дулыға» мағынасын береді) тауының маңында жиналып, бас қосатын дәстүрді шығарған.Бұл тауда Өтікен жұрты той тойлап, жаңа жылдың басы Ұлыстың күнін (наурыз айының 22-нен 23-не қараған түнге сәйкес келеді) атап өткен. Бұдан басқа жиында ру басылары мен көсемдер билік мәселелерін шешіп отырған.Дәл осы жерде 460 жылы он рудың тайпалық одағы пайда болды.Одақ елеулі оқиға болған жердің атауымен «түрік» деп аталды.
Одақтың алғашқы басшысы болып жужан ханының келісімімен ашина руының көсемі тағайындалады.Халықтың сеніміне ие бола отырып, ол жужан ханына адал болуға ант берген.Хан өз кезегінде одақтың басшысына шад (тайпалар көсемінің атауы) лауазымы сыйлаған.Лауазым ары қарай ұрпақтан ұрпаққа, яғни әкеден балаға беріліп отырған.Үлкен он рудың басын біріктірген одақтық билік те одақ көсемінің қолына өткен.Осылайша, V ғасырдың екінші жартысында, жужандарға вассалдық дәрежеде болған түріктер мемлекеттігінің негізінің қалануында алғашқы қадамдар жасалады.Бұл жерде әңгіменің бірінші жартысы аяқталады.
Әңгіменің екінші жартысы түркілер бағынышты болған Жужан хандығында VІ ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан саяси жағдайға қатысты мәліметтермен жалғасады.Олар келесідей: 492 жылы Түркілердің билігіне шад Ағын келгенде, Жужан хандығында мемлекеттік төңкеріс болады, билік үшін талас-тартыс басталады.Хандықтың құрамынан теле тайпалары бөлініп, Ертіс өзенінің алқабына қоныс аударып кетеді.Бұл екі жағдайдың жужан тарихындағы маңызы жоғары.Бұдан кейін кейін Жужан хандығының тек Орталық Азиядағы үстемдігіне емес, өмір сүруінің өзіне қауіп төнді.Бір жылдың ішінде тақта үш хан ауысты.Өлтірілген Доулуньды Нагай алмастырды,оның өзі бір-ақ жыл билеп, орнына баласы Футу отырды. [6, т. I, с. 196].
Бұл уақытта телеуіттердің халқы екіге бөлінген мемлекет құрды.Қытай деректерінде бұл мемлекеттің атауы – Гаогюй,ол сөз қытай тілінен аударғанда «биік арба» деген мағына берді.Тарихта олар осы атаумен қалды.
Телеуіттердің еркіндігі ұзаққа созылмады, 494-496 жылдарда мемлекеттің екі бөлігін эфталиттер талқандап, өзіне бағындырды.Сонымен, V ғасырдың соңында Гаогюй бір уақытта эфталиттердің вассалы және жужандардың жауы атанды.
Бұл кезде Тұрфан жазығындағы Гаочан князьдігі де аймақтағы саяси үрдістерге араласты.Гаочан князі қытайлық Жу, қытай билігінен құзырындағы тұрғындарды Қытай жеріне көшіруді сұрайды.Алайда, тұрғындар көшуді қаламайды.Басшыларына қарсы шығып, оны өлтіреді.Сонымен бірге, олар Жужан хандығына барып қосылады.Гаочанның азық-түлікпен қаматамасыз етуге мүмкіндігі болғандықтан, экономикалық жағынан бұл жужан хандығына тиімді еді, ал саяси жағынан алғанда жағдай шиеленісті, себебі Қытай өкіметінің наразылығы туды.Дегенмен, Қытай билігінің араласуымен 500 жылы Гаочан князьдігі мен Жужан арасындағы одақ ыдырады.
Батыстағы мүддесін қорғау мақсатында Қытайдың Вэй империясы Гаогюй және Гаочан князьдіктерін жужандарға қарсы соғыста одақтас ете отырып, Хами деген жерге қолбасшы Мын Вэй бастаған 3000 мыңдық әскер орналастырады.Олар жужандарды ығыстырып тастайды.Бұдан кейін Пулэй көлінің маңында жужандарға қарсы Мивоту басқарған телеуіт әскерлері шығып талқандайды.Оңтүстікке қашқан жужандар Бэйшань тауларында Мын Вэй әскеріне тап болады.Артқа қашқан жужандар телеуіттерге қайта кезігіп6 ойсырай жеңіледі.Шайқаста жужан ханы Футу қайтыс болады.Бұл оқиғалар мерзімі 508 жыл болатын.
Жужандардың билігіне Футудың мұрагері Чеуну келеді.Ол Қытаймен келіссөздер жүргізгенмен нәтиже шықпайды.Сондықтан өзінің мүдделерін күшпен жүзеге асыруға кіріседі.516 жылы ол Гаогюйге шабуылдап, Мивотуды жеңеді.Мивоту тұтқынға алынып,қаза табады.518 жылы жужан елшілігін Вэй императоры Сяо мин-ди қабылдап, оның тарапынан жужан елшілігіне вассалдық міндеттерін дұрыс орыдамағаны туралы шағым айтылады.Бұл Жужан хандығы мен Вэй империясының арасындағы бейбіт келісім орнауының мүмкіндігі жоғары екендігінің белгісі еді.Чеуну елдегі тәртіп пен бірлікті қалпына келтіріп, қиын жағдайда қалған мемлекетті жойылудан сақтап қалды.
Істемі мен Онай ақсақал арасындағы әңгімеде қамтылған ақпарат, болашақ билеушіні сол уақыттағы өзінің еліне қатысты қоғамдық-әлеуметтік және тарихи-саяси жағдайлармен таныстырады.Ескерте кететініміз, біз бұл әңгімені ғылыми мазмұн жағынан толықтыру мақсатында келтірдік, оның сюжетінде кездесетін қосымша мәліметтер дәлелді фактілер болып табылады.
Түркілер Жужан мемлекетінің құрамында болғанда, вассал ретіндегі орындаған міндеткерліктерінің бірі – аманат беру.Жужан хандығын Чеуну билеп тұрған кезде, оның ордасында шад Ағынның баласы Бумын мен тарқан Құржанның баласы Жора аманат болған.Бумын мен Істемінің әкелері бір, аналары бөлек.Бумынның анасы ол бесіктегі жасында өмірден озған, сондықтан оны тарқан Құржанның әйелі өзіне алып өсірген.Бұл әйелдің бұған дейін айтқанымыздай Жора атты ұлы болған.Екі бала қатар өсіп-өніп, бір туған бауырлардай қарым-қатынаста болған.Істемі ағасы Бумынды ұзақ уақыт көрмеген, ол туралы естігені болмаса.Көрудің мүмкіндігі Жужандағы кезекті мемлекеттік төңкерістен кейінгі уақытқа тұспа-тұс келеді.Аманаттағы Бумын мен Жора Өтікенге қашып келуге мәжбүр болады.Жужан хандығындағы саяси ахуал қайтадан тұрақсыз күйге енеді.Істемі көрген түсі жайлы жасалған болжамның шынайы өмірде орындалып жатқанына куә болады.Шынымен,түркілер елін келешекте ірі қоғамдық-саяси өзгерістер күтіп тұрған болатын.
Өзгерістер алдыңғы толқыны келгені байқалды.Шад Ағынның өзінің ордасында отырғанда, Жужан елінен асығыс жаушы келеді.Оның атқарған тапсырмасы маңызды еді.Ол Жужан хандығында болып жатқан соңғы хабарды жеткізу үшін келген.Бұл хабарда төңкерістің нәтижесінде Чеуну ханды Анахуань мерт қылып, өзін хан жариялағаны және де ол өз тәртібін орнату үшін қарсыластарын құртуға кіріскені жайында айтылады.Бұдан кейін Бумын жаңа билеушінің жазалауынан жан сауғалап, 400 сарбазымен түріктердің ордасына қайтып оралатынын жазған болатынбыз.Енді қалыптасқан жағдайдың мән-жайын нақтырақ талдауға кірісіп көрейік.
520 жылы Чеуну жорықта болған кезде, ханның анасы шенеуіктермен келісім жасап, баласы ордаға қайтып келгенде оны өлтірткізеді, таққа екінші ұлы Анахуаньды отырғызады.Ол бірақ ұзақ отыра алмады, он күн өте салысымен Шифа атты Чеуну ханның туысы хан ордасына шабуыл жасап, талқандап жеңіске жетеді.Анахуань қашып кетуге мүмкіндік тапқанмен, жақтастары болған анасы мен бауырлары мерт болады.Қытайға қашып кеткен Анахуань, жергілікті биліктен өзін қабылдап, қолдау көрсетуін сұрап, вассалдық дәреже алуға үміт білдіреді.Ал бұл уақытта оның ағасы Поломынь жақтастарын жиып, Шифаны жеңу арқылы билікті өз қолына алып, хан титулын иемденеді.Поломынь хан билікқұмар адамдардың қатарынан еді.Таққа келе салысымен бұйрығын орындамай, әміріне қарсы келгендерге аяусыздық танытады.Жеке тұлғалармен бірген, ол тұтастай елді-мекендердің көзін құртқан.Олардан бөлек қашып, аман қалған тайпаларда кездеседі.Ол тайпалар ханның жазасынан құтылу үшін хандықтың түкпір-түкпіріне тарап кеткен.Мәселен,телелік сір тайпалары пана сұрап түрік шады Ағынның ордасына келіп қоныстанады.Шад Ағын қарсы келмейді, тек бұл жайтпен Поломынь ханмен бөлусіді жөн деп табады.Бұл хабарға анық разы болмаған жужан ханы қашқындарды өлтіру қажеттігі туралы бұйрығы бар жауап қайтарады.Алайда, сір тайпаларының билеушісі Құтыз бектің Бумын қағанмен туыстық қатынаста болуы себепті бұйрық орындалмайды. Түркілердің ордасына қоныс аударушылардың болғанын көрсететін бұндай мысал жалғыз емес.Түркі жұрты тұрғындармен, ал әскер жауынгерлермен толыға берген.Түркі әскерлерінің күш-қуаты сан жағынан әрі сапа жағынан уақыт өткен сайын арта түсті.Бұл бүкіл Орталық Азияны «найзаның ұшымен және қылыштың өткірлігімен» 100 жылдай еркін билеп-төстеген әскердің қалыптасуындағы алғашқы көрінісі болатын.
Алдыңғы әңгімемізге оралайық.Поломынь ханның тақтағы ғұмыры қысқа болды.521 жылы ол да бас көтерген телеліктерден талқандалып, қалған әскерімен жужан билеушілерінің «сүйікті» мемлекеті Қытайға көшіп кетеді.Жужан мемлекетіның өмір сүруі қыл үстінде тұрды.Қытайды бұл жағдайдан тек ұтып шықты.Екі бірдей жужан ханы Қытайдан пана сұрап, берілді.Ал Жужандағы ахуалдың шиеленіскені сонша, әр ру жеке қоныстанып алып, кезекпен бірін-бірі тонап отырған [6, т. II, с. 202].
Қайшылықтарды телеліктер пайдаланып кетті: жужанжардардың қолынан қаза болған қолбасшы Мивотудың інісі Ифу Гаогюй мемлекетін қалпына келтіріп, 521 жылы Поломыньның жужандарын талқандаумен Қытайға тықсырады [сонда,т. 1, с. 219].Іс жүзіне Жужан уақытша басшысыз қалды.Анахуаньнның орнын басып отырған Синифа сол жылы гаогюйліктерден жеңіліп, әбден таныс бағыт бойынша қытайларға барып жүгінді.Келесі 522 жылы Анахуань билікті қайта қолына алып, Дуньхуанның солтүстігіндегі қытай тұрғындарын талан-таражға салады, өйткені жужандар аштыққа ұшыраған болатын.Содан соң Анахуань бастаған жужандар ары қарай солтүстікке көшіп кетеді[сонда, т. 1, с. 204].
Істемі балалық шағынан құрдастарынан алғырлығымен, ойының да, қимылының да жылдамдығымен оқ бойы озық болатын.Ол елдің ішінде, сыртында болып жатқан оқиғалардан хабардар еді.Елші-жаушылардан келетін әр хабарды үнемі біліп, ой елегінен өткізіп отыратын болған.Өзінің дос-жолдастарымен мемлекеттік мәселелерді талқыған салатын орындары да болған.Ол орынның атауы Қарақұз деп келеді [7].
523 жылдың бір мерзімінде Істемі келесі хабардан қанық болады: Анахуань Вэй империясынан қашып шыққан екен.Оның артынан жазалау әскерлері де қуып шыққан.Бірақ 524 жылы Қытайдың солтүстігіндегі Шаньсидегі Войе қамалында көтеріліс шығып, аймақты тез шарпи бастады, сондықтан қытай әскерлері кері қайтуға мәжбүр болады.Бұл күтпеген оқиға Анахуаньның жанын сақтап қалады.Ол ордасына қайтып келуге және бос тұрған таққа тұрақты түрде отыруға мүмкіндік алады.
Анахуань үшін ұзақ күттірген таққа қайта оралуынан және орнығуынан соң, көпшіліктің таңданысымен бірге қуанышына орай мемлекеттегі саяси жағдайды билеуші тұрақтандырды.Ол онсыз да тереңдеген қайшылықтар мен жанжалдарды ушықтырмады, керісінше ішкі саясаттағы мәселелерді бейбіт жолмен шешуді қалады.Оның үстіне оның санасын мазалаған басқа маңызды ойлар болған.Басты мақсаты – Жужан хандығының беделі мен әлеуетін бұрынғы қалпына келтіру.Анахуань осы іске көбірек назарын аударды.
Заң бойынша, шад Ағын Анахуань ордасына Бумыннан кейін ол жақта түріктердің тарапынан аманат болмағандықтан, басқа баласын аманат етіп жіберуге әрі алым төлеуге тиісті болатын.Бумын өз ордасымен бөлек кеткендіктен, оның үстіне Анахуаньның онымен қарым-қатынасы қиын болғандықтан түрік көсемдері кеңестерінің бірінде маңызды шешім қабылдайды.Шешім аманат ретінде Естеміні жіберу туралы болды.Түріктер көздеген басты мақсат Анахуаньның биліктегі позицияларын нығайтуға жәрдемдесу және өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кепілдік алу еді.Ал аманаттың жеке басын қорғау үшін 4000 доғылат (кәсіби жауынгер) қосып жіберілді.Оған қоса Істеміге қамқорлық ету үшін хан ордасына Жора бек те аттанды.
Хан ордасына келген соң шад Ағын мен Істемі Анахуаньның шақыртуымен ақ үйге келді.Кездесуде дәстүрлі амандық рәсімдерінен кейін, Ағын іске көшеді.Түріктердің билеушісі әкелген бұйымтайлар, яғни аманат пен қосымша әскер ханның көңілінен шықты.Әскері толыққан хан жоғары көңіл-күймен аманатқа өз баласындай қарауға уәде береді.Ағын да алғыссыз қалмайды.
Ханның бұйрығы бойынша түркілердің әскері төрт қосынға бөлініп жайғасады.Олардың біріне Істемі де қоныстанады.Күндіз-түні қауіпсіздікке жауап беретін күзет қойылады.Шад Ағынның талаптары орындалды, демек жағдай түріктердің ортақ мүдделерінен шықты.Осылайша Істемі үшін өмірінің жаңа кезеңі басталады.
Көшпелі халықтардың әскери дәстүрінде ірі, маңызы зор соғыс, жорық сынды оқиғалардың алдында сайыстардың ұйымдастырылуы бар үрдіс.Сайыстар бір жағынан жауынгерлердің әскери шебрлігін ұштау үшін, екінші жағынан әскердің, тұтас халықтың рухын көтеру үшін жасалатын.Жужан хандығында сондай сайыстың бірі 525 жылы жасалған.Ал оған себеп болған Хань Балин бастаған көтерілісшілер басып алған Войе қамалына біріге жорық жасап, көтерілісті басу туралы Анахуань ханның Вэй императорына жасаған ұсынысы.Вэй императоры ұсынысын қабылдап, жужан әскерлері, оның ішінде түрік қосындары да жорыққа дайындалуға кірісті.Бірақ бұл жайында кейінірек.
Алдымен сайыстың барысын қарастырайық, өйткені оған Істемі қатысқан болатын.Істеміден басқа бәйгеге 23 шабандоз қатысқан.Барлығы 24.Бұл сан сол уақытта Жужан хандығының құрамындағы тайпаның санын көрсетеді.Бәйгедегі олжаға басты үміткерлер осы Істемі мен Анахуаньның ұлы Яньлочен болатын.Екеуінің таныстығы осы кезден басталады.Ал талас-тартысқа толы бәйгеде Істемінің жолы болады.Құла айғыры озып келіп, үлкен олжаны қанжығасына байлайды.Істемі бүкіл Жужан хандығындағы үздік шабандоз атанады.Бұл құрметті атақпен оны Анахуаньның өзі марапаттаған.Олжаны алса да, Істемінің қалағаны басқа еді.Жорыққа қатысу оның алдында тұрған ең басты мақсат болатын.Ол өз дегеніне жетеді, Істемінің батылдығы мен белсендігіне тәнті болған ханның рұқсат беретіні анық еді.
Войе қамалына жорық 525 жылы басталды.Істемі Яньлоченмен бірге жорыққа қатысып, оқиғаларға куә болды.Екеуі үшін бұл алғашқы әскери тәжірибе.Істемі соғыстың не екенін сезінді, соғыстың адамды, ал адам соғысты өзгерте алатынын көз алдынан өткен суреттер арқылы білді.Қиындықтарға тап болған Істемі шаршағанмен, қорықпады.Сынақтар адамды күшейтіп, бекем етеді.Бұл ақиқат оның жағдайына да қатысты болды.
Көтерілісті басу ісін Анахуань өзіне жүктеді.Және ол белсенділігі жемісін берді.Өйткені 525 жылдың көктемінде оның әскерлері бүлікшілерді басып тастағаны және қамалды алғаны үшін қытайлық биліктен толық кешірім алып, марапатталды [6].Вэй императоры атынан Жужан хандығына сыйлықтар тиелген тұтас керуен жөнелтілді.Бұл оқиғадан кейін Анахуань хандықты жеке дара билеуге көшті, басқаша сөзбен айтқанда гегемон атанды.
Қытайдағы Вэй империясы батыс және шығыс болып екіге бөлінген соң, Анахуань оңтайлы саяси жағдайды пайдаланып, теле тайпаларын бағындырып алуды шешті.Ол қуатты әскер жасауға кірісті.Әскердің қатарын 24 тайпаның жауынгерлері толықтырды.Түркілердің де тарапынан әскери жасақтар келіп жатты.Әскер уақыт өткен сайын күшейе берді.
Ертіс өзенінің бойын жайлаған теле тайпаларын жорықтар бірнеше жыл ұйымдастырылып тұрды.Бұл жорықтардың басында Істемінің өзі тікелей жүрді.Бұл жылдарда Істемі ер жетіп, өлімнен де қорықпайтын тіс қаққан жауынгер атанып үлгереді.Жасаған ерліктерінің арқасында баһадүр атағына қол жеткізеді.
Телеліктерге қарсы жорықтардың бірінде Істемі бастаған 1300 әскер 3 есе артылатын теле әскерлеріне қарсы тұрады.Екі жақтағы күш балансын ескерсек, жужан әскерінің қоршауда қалғаны қисынды.Алайда, Істемі бастаған әскерлерге сәтті тактикалық қимылдардың көмегімен қоршауды бұзып өтудің сәті келеді.Шайқас қайта жанданып, алма-кезек шабуылдар жасалады.Бұл шайқас Жора бектің әскерімен көмекке келуінің арқасында телеліктердің талқандалып, жужан әскерінің толық жеңісімен аяқталады.
Ендігі жерде айтатын ерекше жайт бар.Жорықтағы жеңістен келген олжадан бөлек, Істемінің қолына шайқас кезінде, өзін жаралағандықтан есеп айырысуға ұмтылған тұтқын түседі.Тұтқын қарапайым жауынгер болып шықпайды.Іс жүзінде оның телелік хан Ифудың кіші қызы Ерен-Кіші екені анықталады.Осы жайт Істемінің өмірін күрт өзгертіп жібереді.
Жағдайдан хабардар болған Анахуаньның жеке өз мүдделері бар еді.Оған тұтқындағы хан қызын әйелдікке алу керек деген тиімді шешім ойына келді.Өйткені, бұл жағдайда ол Гаогюй князьдігіндегі белгілі бір жер үлесінің заңды иесі атанатын еді.
Істемі Анахуаньмен кездесіп сөйлескенде оған тұтқын қыздың әділ шайқаста олжаға түскендіктен бере алмайтынын, оның үстіне қызға босатам деп уәде бергенін айтады.Анахуань бұны қорлау деп қабылдап, ашуға бой алдырды.Тек ашуды тізгіндеуге тура келді.Істемінің жанындағы түрік сарбаздары тойтарыс беруге дайын тұрған.
Аталмыш кикілжіңнен кейін әскердің бірлігі шайқала түсті. Анахуань телеліктердің жаңа ханы Юегюймен соғысты тоқтатып, кері қайтуға мәжбүр болды.Ордаға келісімен хан барлық түрік сарбаздарын Өтікенге қайтуға бұйырды, себеп азық-түліктің тапшылығында жатты.Түрік әскері кетуге келіскенмен, қойған талаптары бойынша Істемі де олармен бірге кетуі тиіс болды.Анахуаньның таңдауы жоқ еді,талаптарын орындады.
Түрік әскері қайтып келе жатыр деген хабар Өтікендегі жұртқа жылдам тарады, тіпті телеліктерге дейін бұл жайт мәлім болды.Өтікен жұрты түгелдей Ұл-Түркі тауының баурайын жайлап, дайындық қамымен әбігерге түседі.Хан ордасынан жауынгерлердің аман-есен қайтып келуі үлкен тойға бастама болды.Ал түріктерде той болғанда бар әлем тоқтап қалғандай күйге енеді.Сырттан келгендердің бәрі – қонақ.Бір сөзбен айтқанда, той түріктердегі жазылмаған заңдай.
Күннің соңына қарай түрік қосындары келіп жетті.Қалың топтың алдында Істемі, онымен қатарлас атабек Жора т.б. әскери шенділер келе жатты.Оларды жұрт ыстық лебізбен қаһармандар ретінде қарсы алды.Әсіресе, Істемі өзіне артылған міндетті орындады, оны туыстарынан бастап, бұқара халыққа дейін мақтан тұтты.Жұрт оның тұлғасынан түркілердің жақын келешектегі ұлы билеушісі бейнесін көрді.
535 жылдың күзінде Істемінің ғана емес, барша түркілердің кейінгі өмірін анықтаған оқиға болады.Шад Ағын ауыр науқастанып, хал үстінде жатқаны жайлы хабар балалары тұрақтаған қоныстарға жетті.Істемі мен Бумын әкесінің ауылына бірге келеді.Қартайған әкелері дүниемен қоштаспай тұрып, қалай ел басқару жөніндегі соңғы өсиетін жеткізуді қалаған екен: ол Бумынға - түрік жұртын, Істеміге түрік әскерін билеуді әмір етті.Міне осылайша, әкелік даналық екі бауыр арасында сол кездегі жұрттың, кейіннен ұлы державаның билігін бөліп үлестірді.
Істемінің жеке өмірі де, саяси карьерасы секілді жағымды сәттермен ерекшеленеді.Аталған Өтікендегі жиында Істеміні тағдыр, бір кезде оған тұтқын болып түскен Ерен-Кішімен тағы жолықтырады.Бұл жолы екеуі түпкілікті қосылады.Көп ұзамай екеуі үйленіп, Ерен-Кіші Істемінің өмірлік жары атанады.Екеуінің некесінен әйгілі Қара-Шұрын мен Түрксанф дүниеге келеді.Істемінің олардан өзге балалары да болған, алайда олардың тұлғаларын ашатын анық ақпарат дереккөздерде кездеспейді
Істемі 552 жылы Түрік қағанаты құрылғаннан кейін жабғу лауазымын алып, мемлекеттің батыс бөлігін – тардушты билейді.Қағанаттағы екінші билеуші дәрежесінде болып, мемлекетті барлық әскери істер оның құзырында еді.Істемі 576 жылы қайтыс болғанға дейін жабғу қызметін атқарып келді, оның орнын баласы Қара-Шұрын басып қалады.
Істемі қаған бұрыннан Бумынның қасында болған және угорлық шығу тегі бар, он батыс алтайлық тайпалардың қолбасшыларына билік еткен. Олардың қазіргі кездегі ұрпақтары, шорцылар, кумандықтар, лебединдықтар және тағыда басқалары, болып табылады.Істемі есімінің түріктік емес угорлық болуы, арғы ата тегінің атын көрсетеді [ ].
Сонымен, түрік мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті саяси қайраткер, әскери қолбасшы болғанын білдік.Істемінің бұндай жағдайға жетуі оның ақсүйектік шығу тегіне байланыстылығынан гөрі, өскен ортасының тәрбиелік факторымен шарттасқан жеке тұлғалық қарым-қабілеттерінің жоғары потенциалынан болса керек.Істемі жүргізген ішкі саясаттың курсы қағанаттың мемлекеттігін орнықтыруда әрі нығайтуда және әсіресе сыртқы саясаттың курсы халықаралық аренада толық әрі жақсы ұйымдастырылған әскери құрылымы мен қуатты әскери жасақтары бар империяны танытуда шешуші маңызға ие болған құбылыстар ретінде бағаланады.
2.1.Соғыстар мен жорықтар
Жужандармен қақтығыс.VII ғасырдың орта шеніне қарай Жужан хандығының ыдырау үрдістері аяқталу фазасына тақау қалды.Бағынышты тайпалар билік пен оның саясатына наразы болды.Әсіресе вассалдық түркілер сол кезде едәуір күш-қуатқа ие болғандықтан, арадағы міндеткерлік пен талаптар олардың мүдделерін шектеді.Бостандық жолында түркілер кез келген ыңғайлы мүмкіндіктерді іздеді.Бағынышты жағдайдан құтылудың амалдары мүлт жіберілмей,олардың тарапынан жужандарға қатысты адалдыққа күмән келтіретін қадамдар жасалды.Оның бірінші көрінісі, Бумынның жужандардың жауы Вэй империясымен одақ құруы.Екіжақты келіссөздер құпия түрде жүргізілгендіктен, жужан билігі жағдайдан шеткері қалады.
Түркілермен қатар теле тайпалары жужандық биліктің қанауы мен қысымынан жапа шегіп, езгіден құтылуды аңсады. Олар жужандарға қарсы бүлік шығарудың кез келген оңтайлы мүмкіндігін пайдалануды көздеді.Ақыры соңында телеліктердің шыдамы шегіне жетіп, 546 жылы көтерілісі бұрқ етті.Олар жужандарға негізгі соққыны беру үшін батыс Жоңғариядан Халха өзеніне қарай көшті [ ].Бұл көтеріліс стихиялы түрде болғандықтан және жоспарлы түрде ұйымдастырылмағандықтан, ол туралы нақты деректер жоқ.Бірақ телеліктердің көздегені бола қоймады, өйткені оларға жолда Алтай шатқалдарынан шыққан түрік әскерлері тап болады. Түріктермен мүлдем соғысуды ойламаған телелік әскерлер бұл шабуылды анық күтпеген, олардың басты мақсаты жек көрінішті жужандарды талқандау болып табылған.Бейберекет қалған қарсыласты түрік әскері күйрете жеңу арқылы, жаудың 50 мың жауынгерін тұтқынға түсіреді.Нәтижесінде Бумын қаған бағынуға толық келіскен теле тайпаларын өзіне қосып алды.Түрік әскері де үлкен күшпен толыққан болатын.Бұл оқиғада түріктер Жужан хандығына өзінің екінші рет адалдығы туралы антын бұзды.
Бумын қағанның бұған дейін жужандармен жеке өзі соғысуға әскери әлеуеті жеткіліксіз болып келген.Енді жағдайдың өзгергеруін пайдаланып түріктер шешімді әрекеттерге көшті.Телеліктердің де қалағаны жужандарды құрту болған, ал түрік билеушісі бұл жайды жақсы білді.Алда екі тарап үшін де бір ғана жол – біріге отырып соғысу тұрды.Соғыстың аулы жақындады.Құрамында 50 мың телелік жауынгерлер бар түрік әскері шабуылға шығуға сақадай сай дайын болды.
Жужандармен шиелініскен жағдайды тудыруға ұмтыла отырып және жәбірлеуші кейпінде болмау үшін Бумын арандатушылыққа барады.Тарихта жиі кездесетін бұл қитұрқы саяси әрекет көп жағдайда жемісін береді.Біздің қарастырып жатқан оқиғамызда да Бумынның жасаған әрекеті ұтымды болып шығады.Оқиғаға анығырақ үңіліп көрейік.
Бумын Жужан ханы Анахуанға оған әйелдікке ханшайымды беруін сұрайды. Бұл жағдай, дала дәстүрлеріне байланысты, оны бірден ханмен тең жағдайға қоятын еді, бұған жужан ханы өзінің беделін түсірмеу үшін, келісе алмайтыны анық болатын.Түсінікті себептермен ашулы хан былай жауап береді: “Сен менің темір балқытушымсың, маған мұндай ұсыныс жасауға қалай дәтің барды” [ ]. Бұл сөздері айтқан жужан ханының ұсынысты қабылдамағаны өзінен-өзі белгілі болып тұр. Ал ұсыныстан бас тарту, Бумынды ренжіген адамның күйінде қалдырды, ал Бумынға керегі дәл осы болатын.Оған енді жасауға қажет жалғыз амал қалды және ол ол амалды жасады.Татуласу жолдарына мүлдем мүкіндік бермеу үшін ол жужан елшісін жазалауды бұйырады, және Батыстың Вэй үйімен одақтас болу енді түріктердің керегіне жарады. Бумын тез арада Вэнь-димен келісімін жаңартты және 551 жылдың жазында қытай ханшайымы Чанлені әйелдікке алды, ал бұл оның беделін көшпенділер арасында нығайтты.Ішкі және сыртқы қолдауға ие болған Бумын көкейінде ұзақ жүрген мәселені шешудің мүмкіндігін алды. Кездейсоқ шабуыл жасауды қолдануға ұмтылған түрік қағаны, 552 жылдың қысында жорыққа аттанды және жужандарды талқандады. Анахуань өз-өзіне қол жұмсады, ал оның ұлы Яньлочен өзінің одақтасы циліктерге қашты.Ал Бумын болса бір ғасырға жуық уақыттан соң тәуелсіз атанған түріктер державасының алғашқы билеушісі ретінде тарихқа енді.
Бумын Түрік елінің ханы титулын алды, бірақ тақта ұзақ отыру бұйырмай 552 жылдың соңында қайтыс болды.Таққа Қара Еске хан атағын қабылдаған ұлы отырды [9]. Аяқ астынан түріктерден жеңілген жужандар жеңіліске көндікпей, қолбасшысы ретінде өздерінің қайтыс болған ханының ағасы Дыншуцзыды таңдап, күштерін қалпына келтіре күресті ары қарай жалғастырды. Бірақ Лайшань тауының тұсындағы шайқаста олар, тағыда толық жеңіліс тапты.Бұл жеңіліс Жужан хандығының өмір сүру уақытындағы нүктені қояр да еді, егер жужандардың ұзаққа созылмаған бақытына қарай, Қара Иссык хан белгісіз жағдайларда қайтыс болмағанда.Оның мұрагерін таңдауда кейбір сұрақтар қиындық туғызғандықтан, жужандармен арадағы соғыс мәселесі қысқа уақытқа кейінге шегерілді. Белгісіз себептермен биліктен Қара Ескенің ұлы Шету шеттетілді, солайша таққа Қара Еске ханның Мұқан хан атағын қабылдаған кіші бауыры таққа отырды.
Жаңа хан қаталдығымен, ержүректігімен, ақылдылығымен ерекшеленді және соғыстан басқа еш нәрсеге қызықпайтындығы ең басты қасиеті болды. Ол жужандармен соғыс жүргізуді асқан белсенділікпен мықтап қолға алды. Кейінірек 553 жылдың күзінде, ол жужандарды қайтадан күйретті.Жужандар әбден әлсіреп, шеттен көмек іздеді.Бұл орайда, Цис императоры өзінің бақытсыз одақтастарын қабылдауға келісіп, олардың ізін аңдып жүрген түріктерді тоқтатты.Жужандар өлімнен кезекті рет аман қалды.Бірақ жужандар Қытайда тұрып кете алмады.Екі одақтастардың қарым-қатынасы келесідей жайттардың болуына байланысты бүліне бастады. Өздерінің мал үйірлерінен, мүліктерінен айырылған, еңбектенуге үйренбеген жужандар қарақшылықпен айналыса бастады, сондықтан цис өкіметі 554 жылдың көктемінде оларға қарсы әскер бағыттауға мәжбүр болды. Жужандықтар тағыда жеңілді. Алайда бұл жағдай олардың қарақшылық әрекеттерін өзгерте алмады, берген көмегі мен қолдауына сәйкес идентивті қатынас көрмеген ци императоры 555 жылдың жазында оларды өзінің территориясынан жазық далаға қуып жібереді, бұл жақта оларды түріктер мен қидандар тез арада талқандады.Жужандардың жағдайы мүшкіл күйде қала берді.
Жалғыз одақтасын жоғалтқан жужандар жаулардың келесі тұрған ауыр соққысынан біржола күйремес үшін жаңа саяси күшке жүгінді.Дыншуцзы ордадан қалғандармен бірге Батыс Вэйден паналайтын жер іздейді, бірақ онда Ци империясына қарсы тұру үшін түріктердің одақтастығы қажет еді, сол себептен олар түрік елшісіне байланған үш мың жужандарды тұтқын етіп тапсырды.Елші барлық үлкендердің басын шабуды бұйырды, бірақта балалар мен «князьдардың ізінен» жүрген қызметшілерге аяушылық танытты. Жужандардың ғұмыры осымен аяғына жеткен болатын.Жужан хандығы аймақта қалыптасқан жаңа саяси, экономикалық шарттарға бейімделе алмай және түріктер қағанаты сынды билік тұрғысынан анағұрлым тұрақты әрі күшті мемлекетке бәсекелес бола алмай келмеске кетті. Өз кезегінде түріктер Ұлы даланың барлық шығыстықбөлігінің иесі болды.Жужандарды талқандауда көмек көрсеткен Батыс Вэй империясымен 556 жылы есептестіп, қарызын өтеді.Жужандықтардың басы Чаньанның шығыс қақпаларында алынып жатқанда, біріккен қытай-түрік әскерлері Тогонға басып кірді, ал олардың халқы құтылу жолын Наньшань тауынан іздеп тапты. Жеңімпаздар бұл уақытта Кукунор маңында орналасқан Куалю ханның орталығы Шудунь қаласын және Хэмчен қаласын алды. Келесі жылы, тогондықтар түріктерге есесін қайтару үшін қытай жеріне шабуыл жасауға тырысады, бірақта қамалдарды ала алмай кері шегінуге мәжбүр болды. Бұдан бұрынырақ өздерінің күшін солтүстіктегі қидандар мен оңтүстіктегі Лян патшалығына тойтарыс беруге жұмсаған Ци империясы өздерінің, құлдырап бара жатқан одақтастарына ешқандай көмек көрсете алмады. Жетістікке қуанған Ювынь Тайдың ұлы, Ювынь Цзю мұрагерлікпен таққа отыруды ескермей, Вэй әулетінің соңғы императорын тақтан бас тартуға мәжбүрлеп, 557 жылы таққа отырып өзінің Бэй-Чжоу деген династиясын құрды.
Сонымен, Түрік қағанаты Жужан хандығымен соғыстың нәтижесінде тәуелсіздікке жетумен қоса, келешекте аймақта толық үстемдік ету құқығын иемденді, оған қоса көрші қытайлық әулеттермен әрі империялармен нәтижелі қатынастар жүргізу арқылы сыртқы аренадағы беделін көтерді.
Батысқа жорық.Түрік қағанатының тарихында ерекше атап өтетін бірнеше әскери жорықтардың жасалғаны анықталған.Соның бірі – Батыс жорығы.Бұл жорықтың біз үшін ерекше ғылыми-ақпараттық құндылығы оған Істемінің қолбасшылық жасауында жатыр.Жалпы, бұл жорық туралы деректер көзі толыққанды сипаттама бермейді.Дегенмен, ғылыми ортада сақталған мәліметтер көмегімен аталған оқиғаға қатысты кейбір жайттардың тізбегін түзе отырып, оны сипаттауға мүмкіндік туды.
Қытайлықтар Істемі бастаған әскердің санын 100 мың адаммен анықтаған, бірақ бұл сан әскердің нақты санын емес, қолбасшының дәрежесін көрсетеді.Бұрын көрсетілгендей, қағанаттағы ең жоғарғы әскери атаққа Істеміге тиесілі болған, ал бұл жағдайда оның атағына сәйкес келетін ең жоғарғы шен – «баһадүр-жабғу».
Өзінің жорығын Истеми 552 жылдан кейін бастады, ал бұл жылы аварлар Бумынның жерлеуіне тарту жіберген және 553 жылдың күзінде болған жужандардың күйреуінен кейін де әлі өмір сүрген жеке тайпа болатын. Сондықтан да, Л.Н.Гумилевтің ойынша, жорыққа шығудың мүмкін болатын ең нақты уақыты - жужандар толық талқандалғаннан кейінгі 554 жылдың көктемі, өйткені бұл кезде дала көк шөппен жабылған, ал бұның атты әскер үшін маңызы зор [ ].
Қозғалу бағытының жылдамдығына қарағанда және оның аймағында жауынгер тайпалардың жоқтығынан болса керек түріктер күшті қарсыластықты кездестірмеген. 555 жылы олардың әскері “Батыс теңізге” 234, vol. III, p. 331] дейін жеткен , ал оның атауымен Каспий теңізін ғана емес, Арал теңізінде түсінген жөн, себебі Фирдоуси Истеми билік еткен жерлердің, келесідей шекараларын көрсетеді: « Чиннан [Қытай] Джейхун жағалауына дейін [Әмудария], және Шаштың арғы жағындағы [Ташкент] Гульзариунға дейін [Сырдария]» [210, VI, р. 310] .
Осы деректің негізінде 555 жылдағы түріктер жаулаған шекараны нақты көрсете аламыз: ол Ташкенттен батысқа қарай бағытталған, кейін солтүстікке бұрылатын тұста Сырдарияны кесіп өткен және ендік бағытта Әмударияның сағасы мен Арал теңізінің оң жағалауына дейін барған. Соғдиана мен Бұхара бұл жылдары эфталиттерге бағынған, дәл солармен басқыншылар қақтығысқан. Осыйлаша, түріктер бір жарым жылдың ішінде барлық орталық Қазақстанды, Жетісуды және Хорезмді бағындырды.
Бірақ ары қарай жағдай қиынырақ болды.Ендігі жолы түрік әскері едәуір кедергіге тап болды. Ол кедергі Арал теңізінің сол жағалауында, түріктер хуни (хионит), вар және огор тайпаларының қарсыластығынан көрінді. Тек 558 жылы бұл тайпалар жеңіліс тауып, түріктер бағынудан бас тартқандарды қуа отырып, Еділге шықты. Түрік әскеріне қарсылық көрсеткендер вар және хуни тайпаларынан қалған 20 мың адам еді, олар кейіннен авар деп аталатын біртұтас халыққа бірікті [66, с. 374; 5, с. 24].
Түріктер Еділге өтпеді және Орал маңындағы жазықтықтарды бағындырумен шектелді. Осымен Істемінің батысқа жорығы аяқталды.Шекараны батыста барынша кеңейту бойынша қойылған мақсат орындалды.554-558 жылдар аралығындағы төрт жылдың ішінде жеткен жетістіктер, қағанаттың алдына бірқатар жаңа саяси тапсырмаларды қойды.Бұл жорықтан соң барша Азия жазықтығын басып алған біртұтас державаның пайда болуы Қытай, Византия және Иранның сыртқы саясаты үшін үлкен мағынаға ие фактор болды.Осылайша, аймақтағы бұл аталған мемлекеттер үшін саяси қатынастардың жаңа кезеңі басталды.
Ал бұл уақытта, VI ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Қара теңіздегі саяси жағдай ауыр болды, әсіресе Византияның саясатының негізінде Днепр мен Дон сағаларының аумағын, кутургурлар деп аталған болгар халқы алып жатты. Олардың туысы утургурлар Кубаньда тұрған. Византия кутургурлардың Фракияға жорықтарынан қиналып, елшіліктерімен бірге утургурларды кутургуларға қарсы әскери шабуылға шақыруға тырысты. Юстианның қу саясаты бұл екі туыс тайпаны, өзара қырылысуға дейін жеткізді [ ].
Істемі басқарған жорықтың жасалуына не түрткі болды деген мәселеге қатысты, ғылыми ортада бірнеше пікірлер бар.Оның бірі - батысқа қашқан жужан тайпаларының қалдықтарын қолға түсіріп, көзін жою.Бұрын жужандарға бағынышты болған түркі тайпалары, олардан қысым мен жәбір көргендіктен, түркілерде оларға деген өшпенділік сезімі жужандардан кек алу әрекетіне әкелді.Екінші себебке сәйкес, түркілер Батысқа Ұлы Жібек жолын жаулауға аттанды.Жібек бұл кезде Европада да, Азияда да жоғары бағаланып, алтынға теңестірілді.[1]Түркілер үшін Орталық Азия далаларымен өтетін осы ұлы жол бойында жүретін керуендерді бақылап қана қоймай, екі арада тасымалданатын құнды тауарларды, әсіресе, жібекті кеңінен пайдалану перспективасы тұрды.
Аварлардың жағдайы.Түріктер Жужан қағанатын жер бетінен жойып жіберсе де, халқының негізін құраған вар және хуни тайпалары түркілердің жазалауынан қашып құтылады.Кейін екі тайпаның өкілдері бірігіп, авар атаулы біртұтас халық атанады.Бұл жайында жоғарыда айтқанбыз.Енді осы халықтың құрылғаннан кейінгі тарихына тоқталайық.
Түркілердің қаһарынан аман қалса да аварлар шарасыз күйге түскендей болатын.Расында, қалыптасқан жағдай соны аңғартады: артында ең мықты әскері бар түріктер тұрды, ал алдында соғыспен күн көрген, жеңіп үйренген бай әрі саны көп византиялықтар сынды халықтар мекендеді.Ал аварлар үйі-күйі және малдарынан айырылған босқындар ретінде өмір сүрген.Бірақ бұл үмітсіз жағдайға қарамастан, саяси жағдайдың оңтайлы орнығуы аварлар үшін жағымды нәтижелерді берді.Олар тек аман-сау қалып қана қоймай, жеңісті саясат жүргізді.
Аварлар алдында тұрған ең басты міндет түріктерден төнген қауіптен арылу болып табылды.Олар бұл міндетті өздерінің күш-қуатынан гөрі, түріктердің шабуыл жасауға асықпауының арқасында орындады.Бұл уақытта түрік қағаны Істемінің назары эфталиттерге ауған, осыған байланысты түріктер қас жауының мәселесін кейінге ысырып қойды.Осы пайымды Істемінің сөздері қуаттайды: «Аварлар аспанда ұшып жүріп, түрік семсерлерінен құтылып кетер құстар емес, теңіздің тұңғиығына сүңгіп жоқ болатын балық та емес, олар жер бетінде қаңғып жүр.Эфталиттердің түбіне жеткен соң, аварларға шабуылға шығамын, сонда олар менің қаһарымнан қашып кете алмас» [112, с. 328].
Істемі жоспарлаған белсенді соғыс әрекеттеріне тек 561 жылы, яғни Иран мен Византия бітімге келген кезде көшті.Екі мемлекет арасындағы түпкілікті бітім 571 жылы жасалған еді, тек осы уақыттан бастап түркілер толығымен батысқа назарын аудара алды.Дегенмен де, түріктер кешігіп қалған болатын.Аварлар үзілісті тиімді пайдаланғаны сонша, Істемінің қолы жетпейтін қашықтыққа ұзап кетеді.
Аварлар Қара теңіз маңына келіп қоныстанады.Бұл аймақта олар кейде бір халықтармен одаққа отырса, кейде басқа халықтармен ұрыстарға түсті.Мәселен, 558 жылы аварлар Византиямен одақ құрды, ал 565 жылы франктермен сәтті шайқастар жүргізіп, Тюрингияны талқандады.Аварлардың экномикалық, әскери әлеуеті артты.Бір сөзбен айтқанда, аварлар көп қырлы саясат жүргізді.Осы саясат 568 жылы аварлардың бүкіл Паннония ауданын иемденуіне және орталық Европаның басты қаупіне айналуына әкелді.
Шығысқа жорық. Жужандарды жойып тастағаннан кейін түріктер екі бағытта ірі соғыс әрекеттерін ұйымдастырады.Батысқа жасалған жорықтан бөлек, маңызы бойынша одан кем түспейтін жорықтың бірі шығысқа жасалды.Нысанаға шығыстағы көшпелі көрші халықтар алынды.Бұл уақытта ол жақта мекендеген үш көшпелі халық болды: қытайлар хи деп атайтын татабтар, қидандар және қытай деректері Шивэй деп көрсеткен отыз тайпалы татарлар.Үш халықта моңғол тілінің диалектісінде сөйлеген, мәдениеті мен тұрмысы жағынан жақын болған.Бірақ олардың арасында бейбіт қатынас болмай, бір-бірімен жиі қырқысып жататын.Әсіресе, Хинганның батыс жоталарында тұратын татабтар Ляохо өзенінің теріскей бетін мекендеген қидандармен ұдайы соғысып отыратын.Олардың қарым-қатынасына қытайлық Бэй Ци империясы араласқан болатын, олар татабтармен одақ құрып, қидандарға қарсы соғысқа кіреді.553 жылы Бэй Ци императоры Вэнь Ди қидандарды талқандайды.Бұның нәтижесінде олардың едәуір бөлігі Бэй Ци империясына қараса, қалған бөлігі Когуреға (қазіргі Корея) немесе Сары теңіз аймағына шыққан түріктерге бағынды.
Қидандарды жеңсе де Бэй Ци мемлекеті сыртқы саясатындағы жағдайын жақсарта алмады, керісінше түрік иеліктерінің қоршауында қалып қойғандықтан сыртқы ахуал күрделенді.Ал Бэй Ци мемлекетінің басты қарсыласы Бэй Чжоу мемлекеті сыртқы саясаттағы сәтті қадамдарының арқасында аты шығып, тіпті Батыс Азияда белгілі бола бастайды.Ол жақтағы мемлекеттер қарым-қатынас орнатуға тырысады.Оны мемлекетке елшіліктерден келуінен байқауғ болады.Мысалы, 553 жылы эфталиттердің, 555 жылы Иранның елшіліктері келеді.Чжоулықтар тогондарды жеңген соң өз елшіліктерін 559 жылы – Гаочан (Тұрфан), 561 жылы – Куча, 564 жылы Қарашар жібереді.
Бэй Ци мен Цжоу бірін-бірі құртуды көздегендіктен, екеуінің арасында кикілжіңді жағдай туындайды.Екі мемлекет те мәселенің шешімі қайда жатқанын білді.Ол шешім түріктердің қай тарапты қолдайтынына байланысты болды.
561 жылы екі мемлекеттің императоры да түріктерді өз жағына шығару үшін Мұқан қағанға ханшаларын айттыруға елшіліктер жібереді.Аса бай Бэй Цидің елшілігі мол тарту ұсына отырып, істі өз пайдасына шешуге жақын қалады, бірақ чжоулық елшілер келіссөздердің ебін тауып, түріктерді одақтық шартты сақтап қалуға итермелейді.Чжоулықтар түріктер айырылған тартудың орнына, соғыста түскен олжаны ұсынуға уәде береді.Түріктер келісімін беріп, жағдай Бэй Чжоу пайдасына шешіледі.
563 жылы одақтастар әскері Цзиньян қаласын қамайды, бірақ жеңіске жете алмай, түріктер жолдағы елді талан-таражға салып, мекендеріне қайтып келеді.564 жылы жорық жалғасын табады, бұл жолы циліктер Лоян түбінде чжоулықтар әскерін толық жеңген соң, Мұқан қаған әскерімен кейін қайтаруға мәжбүр болады.Циліктер өздері үшін сәтті жағдайды пайдаланып, одақ құру туралы ұсыныс жасаған, алайда қаған оны қабылдамайды. Өйткені, ол үлкен пайдадан қол үзуді қаламады, ал одақтық шарт бойынша, Чжоу империясы түріктерге жыл сайын 100 мың жібек матасын беріп тұратын.
Мұқан қаған қайтыс болғаннан кейін билікке келген інісі Тобо қаған саясатының бағытына өзгеріс енгізеді.Ол Чжоу империясымен бұрынғы қатынастарды үзбейді, ал Ци империясымен бітімге келуді дұрыс деп табады.Екі мемлекет Түрік қағанатына тәуелді болып қалды.Чжоу салық төлеуден бас тартқысы келсе де, олардың әскери күшінен сескенгендіктен бата алмады.Ци империясы одақты ұстап тұры жолында бітім салығын төлеймін деп бар қазынасын сарқыды.Бұд жағдайға қатысты Тобо қаған былай деген: «Тек оңтүстіктегі екі бала (Чжоу мен Ци) бізге бағынышты болып тұрса болғаны, сонда кедейліктен қорықпаймыз».
576 жылы шайқаста чжоулықтар циліктерді қирата жеңіп, Цзиньян қаласын екінші реттен жаулап алды.Циліктер қаланы қайтаруға тырысады, бірақ сәтсіздікке ұшырайды.Осы себептен, 577 жылы Ечен қаласында қоршауда қалған Ци императоры қаланы жауға берер алдында, биліктен
тұтқын князь Гао Юань Цзунның пайдасына бас тартады.
Жеңіліске қарамастан империяны билеуші әулет Тайюань қаласынан шыққан Гао Бао-нин атты қайратты қорғаушыны басшы етіп қояды.Қысқа уақыт ішінде қытайлықтардың да, көшпелілердің құрметіне ие болды.Ол бойындағы күш-қуат пен қарым-қабілеттің арқасында Солтүстік Қытайдың (Ци әулетінің) қайта өрлеуіне жол ашты.Әуелі, ол чжоулықтардың абыроймен тізе бүгу ұсынысынан бас таратады, содан кейін Ци әулетінің соңғы өкілі, түріктерге қашып кеткен князь Гао Шао-идің жақтасымын деп жариялайды.Оның бұл ерлік ісі императорлық әулет тарапынан лайықты бағасын алады, сөйтіп Гао Бао-нинге канцлер атағы (де-юре) беріледі.
Түрік қағаны Тобо жеке мүддесіне сәйкес, Бэй Чжоу әулетінінің тым күшейір кетуінен қауіптеніп, жеңілуші әулет жағына шығып, қолдау көрсетеді.Түріктер мен Ци әулетінің одағына өз императорына қарсы шыққан және Фаньянда бекінген чжоулық қолбасшы Люй Чжан-цзы қосылады.Ол бұнда Гао Шао-нинмен соғыс қимылдарын бастайды.Гао Бао-нин дереу қолындағы бар күшті жұмылдырып, оларды қолдауға асығады.Бірақ кешігіп қалады.Фаньян қиратылып, көтерілістің жаншылғаны туралы хабар келгенде, оның әскері тек 560 шақырымдық қашықтықтағы Ляохе өзенінің жағалауларына жеткен.
Алайда Бэй Чжоудың өзінің басты жауы түріктерге қарсы тұруға шамасы келмеді.578 жылы Тобо қаған солтүстік Қытайға баса көктеп кірді де, чжоулық әскерді талқандады.Чжоу императоры бастамашы болған және 579 жылы басталған екі жақты келіссөздер нәтиже бермей үзіліп қалады да, ары қарай жалғасқан соғыс әрекеттері түріктердің толық жеңісімен аяқталады.Дегенмен де, чжоу елшілері мол тарту ұсынып, түрік қағанын бітім шартын жасауға көндіреді.580 жылы шарт бойынша, Гао Шао-и император жаулар қолына тапсырылып, Чжоу мемлекетінің астанасы Чаньанға көшіріледі.
Шығыстағы соғыс әрекеттеріне осылайша нүкте қойылады.Шығысқа жасалған жорықтың қорытындылары Түрік қағанатының саяси құдыретін шарықтау шегіне жетуіне сеп болды.Бұл қорытындылардың негізіне көбінесе түріктердің талаптары мен мүдделерін қанғаттандырған, солтүстік әулеттермен жасалған одақтық шарттар мен келісімдер жатты.
Эфталиттермен соғыс.Орта Азиядағы отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу Түрік қағанатының бұл аймақтағы саясатының арқауы болды.Аталмыш аймақ бұл уақытта эфталиттердің тайпалық бірлестігінің билігінде болған.Ал Эфталиттер мемлекетінің жалпы иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді қамтып жатқан еді.Орта Азияның бай аудандары үшін екі жақтың мүддлерінің қақтығыс орын алды.Түріктер эфталиттерге қарсы әскери әрекеттерге көшуге дайындықты бастады.Алайда, өзінің әскерінің орасан зор, икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін.Сондықтан, 553 – 554 жылдары түріктер Орта Азиядағы ең қуатты мемлекеттердің бірі - эфталиттерді бағындыру мақсатында Иран мемлекетімен әскери одақ құру қадамына барады.Одақты құру үшін Түрік қағанатының астанасы Талас қаласына арнайы иран елшілігі келеді.Түріктер үшін одақ құру перспективасы Ұлы жібек жолын бақылауға алу мүмкіндігінен көрінді.Ал Иран өз кезегінде түріктермен одақтастықты Византияға қарсы күресте басымдылық ретінде пайдалануды көздеді.Одақты ресми түрде бекіткен факт Иран шахы І Хұсрау Ануширванның Істеміның қызымен некелесуі болып табылды.
Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзық уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазумен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді.[21] Сондықтан түріктердің эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды.Ал екі жақты одақ жасалғаннан соң, эфталиттерге салық төлеуді тоқтатып, иран билігі де соғыстың дайындығына кірісті.
Эфталиттер одақтасы – жужандарды жоғалтқаннан кейін мазасызданып, қиын жағдайға түседі, сөйтіп 553 жылы Қытаймен қарым – қатынас орнатуға тырысады.Бірақ Батыс Вэй империясының билеушісі Юйвынь Тай түріктермен одақтас болатын, сол себепті де эфталиттер ынтасына лайықты ықылас білдірмеген.
Эфталиттер патшасы Гатфар парсылар мен түріктердің одағынан қауіптеніп, алаңдаған күйде болады.Оның үстіне , эфталиттердің өз ішінде ауызбірлік болмаған. Катулф атты бекзада Гатфар патшаның деспоттық билігінен нұқсан көргендіктен өз руластарын тастап, парсы шахына қашып кетеді.Кейін ол Иранға өз елін жаулауға көмектеседі.
Белсенді соғыс әрекеттері 560 жылы Гатфардың өзі арандатуға кіріскен соң басталып кетеді.Гатфар патша Істемі қағанның Ануширван шахиншахпен жақындасуына кедергі жасау үшін қолынан келгеннің бәрін жасамақ болады.Ол Соғды арқылы Иранға кетіп бара жатқан түрік елшілерін тұтқынға алып, оларды түгелдей қырып салады.Тек арасынан, болған қайғылы хабарды Естеми ханға жеткізген жалғыз салт атты ғана қашып құтылған болатын. Енді соғыстың болуы тек уақыттың ісі еді. Істемі қол астындағы жеңімпаз атты әскерін жинайды да, Соғдианаға қарай бағыт алады.
І Хұсрау Ануширван одақтасының алдын орап, 562 жылы қазіргі Ауғанстанның территориясында, түріктерді тоқтатуға тырысып, әуреге түскен эфталиттерді бірінші рет жеңіп шығып, Тоқарстанды алады.Бірақ соғыс бұнымен аяқталмайды.
Түріктердің алдыңғы легінің құрбандығына Шаш (Ташкент) ілініп, түріктер қала тұрғындарын қырып салады.Сосын түріктердің басты күші Шыршық өзенінен өтіп, Маймургте өз әскерінің алдыңғы тобымен қосылады.Істемі Самарқанд қаласын алады.
Бұл кезде эфталиттердің негізгі әскері Бұхарада шоғырланған болатын, олар жазық жерде түріктермен соғысуға батылы бармай, тауға барып бекінді.
Шешуші шайқас 565 жылы Несеф (қазіргі Қаршы) мекенінің түбінде болып, шайқас сегіз күнге созылады, ақырында эфталиттердің күл-талқан болуымен бітеді.Аман қалғандар бас қосып, эфталит мемлекетінің дербес дәурені өткенін түсініп, беделі төмен Гатфарды тақтан құлатады да, Шағаниан қаласының бегі Фагоништі патша етіп сайлайды.Эфталиттер оған І Хұсрау Ануширванға бағынуды міндеттейді, өйткені олар енді түріктерге тек сол ғана қарсы тұра алады деп ойлады.
Хұсрау бір мезгілде Істемі қағанның жауланған иеліктерді бөлісу туралы хатын және Фагоништің бағынатыны жайлы ұсынысын алғанымен, екеуіне де жауап қайтармайды және әскерін алып Хорасанға кетіп қалады.Істемі қағанда Иранға одақтастарына реніш сақтап ордасына қайтып кетеді.
Осылайша, түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, сәнді бұйымдар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді.
Иранға қарсы соғыс.Істемі қаған кезінде Түрік қағанаты мен Иран мемлекеті арасындағы қарым-қатынастарда туындаған дағдарыс, оның баласы Қара-Шұрынның билігі уақытында соғыс жағдайының қалыптасуына дейін тереңдеді.Көнген түр көрсеткені үшін сый-сыяпат ретінде берілетін Қытай жібегін соғды көпестері арқылы сатып, тек бөгетсіз байи беруі үшін ғана, Қара–Шұрын қаған бәсекелестерін өлтіріп, немере інісі мен оның қолдаушыларын – өз руластарының көзін құртуға дейін барады. Алайда баюдың бұл жолы бұдан 10 жыл бұрын көбірек мүмкін болатын.Ал қазір Иран мен Византия қасарысқан бетіне қайтпай, қатал соғысты жүргізіп жатты. Сондықтан да парсы шахының тым болмаса, басы артық бір керуенді Констонтинопльге өткізіп жібереді деп үміттенудің өзі артық болатын еді. Түріктер мен византиялықтардың ресми түрде соғыс жағдайында болуы бұл ахуалды қиындатып одан сайын жібереді.Іс жүзінде, бұл соғыстығы әрекеттердің тоқтап тұрғанына жеті жыл уақыт өткен болатын, бірақ бітім шартының болмауы елшіліктер алмасу ісіне бөгет жасады және Иранға қарсы соғыс әрекетін ұйымдастырып отыру ісін қиындатады. Ал, одақтасу византиялықтарға да, түріктерге де қажет еді, өйткені екеуінің жауы да ортақ, мақсат -мүдделері де ортақ еді. [ 26 ]
Егер Иран қойған бөгетті бұза алатын болса, бейнелі формада айтсақ, жібек Византия патрикийлері - ақсүйектерінің қазыналарына судай болып ағар еді, сонда герман конунгтерінен және славян көсемдерінен, скандинавтардан және готтардан әскер жалдап алуға қаражат табылар еді де, бәлкім, Византия Еуропадағы жетекші мемлекет ретіндегі рөлін сақтап қалар еді. Ондай күн туса, сол кездегі басты сауда орталығының бірі - Соғдиана алтынға кенелер еді.Түріктер арасында таптардың құрылу үрдісі қарқын алып, «Түрік елі» феодалдық мемлекетке айналар еді.Ішкі алауыздық қырқыстар қағанатты қақырата бөліктерге жыртқан кезеңге дейін, Түркі хандары сыртқы саясатты белсеніп жүргізе алмайтын, ал бірақ тыныштық орнаса болды, «жібек жолының» проблемасы бірден бірінші орынға шығатын.Шынымен, қағанаттың сыртқы саясаттағы негізі мүддесі Ұлы жібек жолының маршруттарына иелік етуге қатысты болаты.Осыған байланысты, түріктердің Византиямен келісімге келу қажеттігі де пайда болар еді.Міне, осылайша бір шартқа бірнеше болжам келіп тірелді.Алайда бұл болжамдардың зор кедергілерге тап болғандықтан, жүзеге асуы екіталай болды.
589 жылы жазында Иранның жағдайы қатты шиеленісіп кеткен еді. Батыс шекарада Византиямен соңы көрінбес соғыс жүріп жатқан. Түріктердің соғысқа кірісуі парсылар жағдайын мүлдем мүшкілдендіріп жіберді, бірақ Иранда әлі пайдалынылмай жатқан жасырын әрі тың күштер көп еді.
589 жылы 5 мамырда «хазар жолымен», яғни Дарьял шатқалымен Иран иеліктеріне кимелей кірген біріккен түрік-хазар әскерін парсы әскері шілдеден қалдырмай күйретеді де, жаудың зәре- құты қалмай, соғыс олжасын алып, қаша жөнеледі.Олардың орнына кавказ тайпаларының жасағы келіп орнықты.Бұл жасақты грек Гуарам Багратид византия ақшасымен жалдаған.Бұл жалдамалы әскерге Роман бастаған византия жасағы келіп қосылады, бірақ парсы жерінде гректер де тұрақтап қалғысы келмейді.Сондықтан да олардың ең шұғыл міндеті парсы әскерінің бір бөлігін шығыстан өздеріне қарай тартып алып, Орта Азиядан шабуылға шыққан түріктердің шешуші соққыны беруін жеңілдету болған секілді. 589 жылдың күз мезгілінде бұл әскер парсы жерін жаулардан тазалап тастайды.Міндеттерін орындаған кавказдық жасақ өз мекендеріне тарап кетеді, византиялықтарға болса отандарына оралу үшін жолдарын кескестеген парсылар әскерін бұзып өтуге тура келді.
Енді майданда белсенділік көрсету кезегі түріктерге келді.589 жылы Қара-Шұрынның ұлы Янг Соух Шығыс Иранға баса-көктеп кіреді. Шекараға қалқан болып тұрған жетпіс мыңдық әскер жан-жаққа тым-тырақай қаша жөнеледі де, түріктерге Хорасанға, Талеканға және Герат, Балх пен Бадгис сияқты тірек бекіністері бар стратегиялық маңызы жоғары мекендерге апаратын жолдарды ашып тастайды. Бұл ретте, парсы шекарасындағы жаяу әскердің жауынгерлік дағдылар жағынан сапасының төмендігі байқалады. Табари сөзіне қарағанда, Саве қолбасшы парсы шахы Хормиздға арнаулы кісі жіберіп: “ Еліңізге емін-еркін енуім үшін сіз өзендер мен өзектегі көпірлерді жөндеткізіп қойыңыз, көпірлері жоқ өзендерге жаңадан салдырыңыз, өзіңіздің еліңізден румдықтарға баратын менің жолымдағы өзендерге де соны жасаңыз, өйткені мен сіздің еліңіз арқылы соларға бармақпын” – деген сөзді айтқызады.Бұл елшілікті иран билігіне қойылған ультиматум деп түсінсек болады.Ультиматумның мәтіні жорықтың шын мақсатын және батыс түрікттер мен гректер қимыл- қозғалысының келісіліп жасалғанын көрсетеді.
Ктезифонда өткен ирандық биліктің кеңесінде түріктерді тойтарып тастауға парфяндық текті Михрандар тұқымынан шыққан Бахрам Чубинді жібермекші болады. Бахрам ұсынысты қабыл алып, небәрі 12 мың жауынгер сұрайды, бірақ олар міндетті түрде қырық пен елудің арасындағы кісілер болуға тиіс деген талабын қояды.Шын мәнінде, олар жауынгерлік сапасы жағынан парсы әскерінің қалыпты деңгейінен тым жоғары тұрған сақа, тәжірибелі сарбаздар еді. Бахрамның жастардан гөрі ардагер сарбаздарды артық санағанын түсіндіру оңай: ол заманның негізгі күші садақтан жақсы ататын мергендер еді, ал жақсы атуды үйрену үшін кемінде жиырма жыл уақыт керек еді.Айқастар тағдырын қолмен күресу емес, атысу шешетін.Атысу кезінде жетілген басымдылық, тұтас шайқасты жеңіп шығудың алғышарты болатын.
Түріктердің қолбасшысы Савенің қол астында Табари бойынша – 300 мың, Фирдоуси бойынша – 400 мың сарбаз болған.Оған қоса, түріктер әскеріне соғыс пілдерін қосты, ал парсыларда оларға қарсы арналған «арыстандар» деп аталатын қару, яғни мұнаймен тұтанатын от атқыштар болды. Алғашқы жеңістен кейін, түріктер сол бетімен шегініп бара жатқан парсы әскерін ізіне түсе өкшелей қуып, батысқа қарай жеделдетіп жылжи береді. Бахрам әскері соғысқа кіріскенше, Балхты ұстап тұру парсы жасағының зәру жағдайдағы басты міндеті еді. Хормизд ақкөңіл түріктерге қарсы кемшілік-қатесіз орындалатын әдісті – жалған ақпаратпен адастыруды қолданады. Ол Савеге сарай қызметкерінің бірі Хуррат Бурзин атты залым, қу адамды жібереді. Хуррат Савеге келгенен соң, оны бітім туралы келіссөзге келуге шақырады, сөйтіп тұрақтылығының көмегімен Савенің сеніміне ие болады.Хуррат есебін тауып Савеге шабуыл бағытын өзгерттіреді де, оны әуелгі жоспарынан ауытқызып, Герат алқабына әкеледі. Бұл кезде Бахрам суыт жүріп, шығысқа қарай екпіндеп келе жатады. Балхқа апаратын әдеттегі жолмен жүрмей, ол айналып Кухистан арқылы жүріп отырып, түріктердің ту сыртынан барып түседі. Саве Гератқа Герируд жағасымен жүретін жалғыз жолмен - солтүстік – батыс жағынан келе жатады. [ 27 ]
Ары қарай түріктер Баророн шатқалынан өтеді де өзен мен теріскей таулары тізбегінің арасында жатқан Баулигох даласынан келіп шығады, арты - әлгі тар өткел, алдында – бұлар күтпеген Бахрамның қалың қолы.Бір даусыз нәрсе – Гераттың түбінде түріктердің күллі әскері түгел болмаған,өйткені тар шатқалдан 300 мың қолдың тұтас өтуі мүмкін емес және айқастың барысында белгілі болғандай, парсылар әскерінің екі жақ қанаты түріктерді қысымға алады. Саве алдынан тек Герат әскерлерін ғана кездестіремін деп есептеп, өткелден шағын қолмен өткен тәрізді. Түріктердің жағдайы тым қиындап кетеді. Хуррат Бурзин тапсырманы орындағаннан кейін, түнделетіп түрік күзетшілерінің тізбегінен ұрланып өтіп, Бахрамға қашып кетеді.
Саве, маңдай алдында парсының жақсы шыныққан жаңа әскері тұрғанын анықтап көреді де, өзінің тұзаққа түскенін сезеді. Оның әскері, әсіресе аттары Хорасанның күннен қақталған ландшафтары арқылы ұзақ жортқанда болдырап қалған еді, бұған қоса тұрған жері еркін қимылдауға келмейтін «тар да қолайсыз» алаң болады, ал Бахрамның артында бекініс ретінде ғана емес, жабдықтау көзі ретінде де маңызы бар Герат қаласы тұрған еді. Парсы әскерінің сол қанаты - өзенге, оң қанаты таулар тізбегіне барып тірелетін.Жау әскерін көріп тұрып, шатқал арқылы кейін шегіну өз еркімен өлімге ұрыну еді, бұл жағдайда парсылар түріктерді таптап кетер еді. Саве Бахраммен келісуге тырысады. Ол қолбасшыға қыруар ақша ұсынады, әйелдікке қызын бермек болады, өз қасынан бірінші орынды, ең соңынан, Иранның тәжін ұсынады, бірақ Бахрам барша ұсынысты қабылдамай тастайды.[ 28 ]
Шайқастағы екі жақтың дизпозициясы туралы Саалибидің дерегінен білуге болады.Онда Бахрамның алдыңғы шепке жаяу әскерді, оның артына пілдерді, екі қапталға іріктелген жасақтарды қойғаны жазылады.Жалпы әскердің оң қанаты Занджир-гох тауына барып тірелді, сол қанаты – Герируд өзеніне.Парсы әскерінің тылында қажет ресуртарды бере алатын қала орналасты.Түріктердің тылы даланың шөлді әрі жазық бөлігінде орналасып, ашық қалды.Шайқас барысында бұл жайт парсы әскеріне үлкен пайдасын тигізді.
Түріктердің шешуші соғысқа дайындалуы және олардың өліспей беріспеуге бел байлаған шешімділігі парсыларға мейлінше күшті әсер еткені сондай, олардың бірінші қатарындағылар арасын үрей билей жаздайды. Тек Бахрамның дәл кезінде келіп, қарулас серіктерін рухтандырған сөздері ғана таяу қалған жеңілістің алдын алады.Психикалық қысым қажетті нәтиже бермегендіктен, Саве шайқасуға атты әскерін жұмсайды, ол дұшпанның сол қанатын тықсырғанымен, оң қанаты мен орта тұстан тойтарылып тасталады. Түріктердің ызаланып қарсы тигені сондай, тіпті Бахрам қашу жөнін де ойлай бастайды. Бірақ Герат алқабы тек түріктер үшін ғана емес, парсылар үшін де құрылған тұзаққа ұқсады.Таулар қашар жолды бөгеп тастаған болатын, бұл жайттан хабардар Бахрамның соғысты жүргізе беруден басқа амалы қалмайды.
Атты әскер шабуылынан ештеңе өнбеген соң, Саве пілдерді ұрысқа қосады,оған Бахрам осы кезге дейін мұқият сақтап келген қосымша күштерін түгел пайдаланып, қарсы шабуылмен жауап береді.Бұл кезде Бахрамның арнайы алдырған мергендері бар үздік дағдыларын паш етеді.Олар пілдердің қатарына жай және отты оқтарды жаудырады. Жараланған пілдер үрейден түрік әскерінің өзіне қарай шабады.Пілдердің астында тапталып қалудан қашқан әскер қатарды бұзып, парсыларға лайықты күрес көрсете алмайды.Қолбасшы Саве қашса да құтылмайды, оны Бахрам Чубиннің өзі садақпен атып мерт қылады. Көсемі қаза тапқаннан кейін, түріктер зәре құты қалмай қашады.Бірақ олар Баророндағы өткелге келгенде топталып қалады, соның есебінен езгіге ұшырайды.Көсемдерімен бірге тәртіп пен ретті жоғалтқан түрік жауынгерлері түгелге жуық жер жастанады.
Ұрыстан кейін Бахрам жаудан түскен олжаны шахиншах пен өз жауынгерлеріне үлестіремін деп бір ай бойы Гераттан шыға алмайды Осы уақыт ішінде Савенің баласы Пармуда талқандалған әскердің қалғанын қайта құрастырып, қарсылық көрсетпекке ұмтылады. Ол көшпелілердің әскери арсеналында бар түннің қараңғысында тосыннан лап қойып, шабуыл жасау әрекетін қолданады. Алайда түріктер тағы да күйрейді де Пармуда қолға түседі. Бірақ Бахрам Пайкенд қаласында қамап алғаннан кейін амалсыздан беріледі, алайда Пармуд өзінің өмірін сақтайтын және дереу нағашы ағасы Хормиздқа жіберетін болып келісіледі. Хормузд оған сый-сыяпат көрсетіп, бітім жасалған соң оны құрметтеп шығарып салады.Түрік ханзадасы еліне қайтып келіп, содан өзінің үлес аймағын 603 жылға дейін басқарады.
Соғыс 589 жылы бітеді.Соғысқа дейін жойылуға шақ тұрған Иран, Герат түбіндегі жеңістен кейін тағы 50 жыл өмір сүрді.Түріктер болса жеңілістен кейінгі 20 жыл бойында Иранның шекараларына бірде-бір рет қол сұғуға бата қоймады.Бұл ретте, ауыр жеңіліске ұшырағанына қарамастан, оның үстіне парсы шахиншахы Хұсраудың қысымын ескермей, түрік мемлекеті толық тәуелсіз болып қала берді және сыртқы ықпалдарға берілмей, өзінің саясатын жүргізуді жалғастырды.
2.2.Сауда мен дипломатия
Жібек жолы.Эфталиттерді талқандап, солтүстік қытайлық империяларды тәуелділікке түсіргеннен кейін түрік қағанаты саяси-экономикалық тұрғыдан алғанда аса қуатты мемлекетке айналды.Империя дәрежесіне жеткен мемлекет ұлы даланың жалғыз иесі атанды.Ал осы кең-байтақ даланың бойымен Шығыс пен Батысты жалғастыратын «өмір жолы» аталған Ұлы жібек жолы өтті.Енді бұл жолға бақылау жасау түріктердің қолына көшті.
Түрік қағанаты Жібек жолы арқылы жүретін сауда арқылы шаруашылықтағы басты мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.Көшпелі өмір салтын ұстанған түріктер үшін байлық-дәулеттің көзіне басқыншылық соғыстар мен олардан түскен олжа емес, керуен тасымалымен тұрақты түрде жүріп тұрған айырбас сауда айналды.
Ендігі кезекте Жібек жолының географиясына тоқталып өтейік. Жібек жолы Чанъань (қазіргі Сиань) қаласынан басталып, Наньшань тауының баурайларын бойлай, көптеген жазық өлкелерді басып өтті.Бұл жолдың жүріп өтуге жеңіл бөлігі болатын, ал ауыр бөлігі Гоби шөлінен Хами жазирасына дейінгі жерді қамтыды, ары қарай жол Тұрфанға апарды.Тұрфан және басқа да алқаптар осы кезде Гаочан князьдігінің құраған болатын.Осы Гаочан территориясынан жол екі бағытқа бөлінді.Солтүстік бағыт Тянь-Шаньның оңтүстік баурайын басып, Қарашар, Куша, Ақсу арқылы Ыстықкөлдің маңынан өтіп, Шу өзенінің алқабына жетті.Ары қарай Талас өзенінің алқабымен Исфарға барды.Ал оңтүстік бағыт Гаочаннан оңтүстік Жоңғария бойымен Үрімші, Манас және Ирэнь тауы арқылы Іле өзенінің алқабына өтті, ал одан ары қарай оңтүстікке, Орта Азияға жетті [198, p. 5].
Орта Азияның шаһарлары ұзақ жолдан шаршап-шалдыққан керуендерге демалатын мекен болды.Сондай демалыс тұрағы ретінде Пайкенд қаласы саналды.Пайкендтен жол Иран аумағына келіп, Хорасан арқылы Рей және Хамадан қалаларына және одан әрі византиялық Низиб қамалы арқылы Сирияға және соңғы нүкте Константинопольге жетті.Қытайдан Иранға дейінгі жол қашықтығы 150 күнге, ал Ираннан Низибқа дейінгі жол 80 күнге тең болды [68, с. 542].
Жол бойында сауда жанданған әрі табысты түрде жүрді.Сауда қызметіне негізінен қымбат заттарға мұқтаж жоғары тап өкілдері жүгінді,ал қарапайым халық натуралды шаруашылықпен айналысқандықтан сауда қатынастарына мүлде түспеді десе болады.Саудаланған тауарлар сан түрлі болды, бірақ кейбір тауарлар үлкен сұранысқа ие еді.Қытай Ираннан арнайы ханшайымдары үшін қымбат түратын қабаққа жағатын бояу алдырды, вавилондық кілемдер де сирек табылғандықтан, құны жоғары бағаланды.Оған қоса,Қытайға сириялық бағалы тастар, Қызыл теңізден алынған жақұттар мен кораллдар, Сирия мен Мысырдан маталар, Кіші Азиядан есірткі [203, р. 129] көп көлемде әкелінді.
Ал бәрінен де бағалы әрі құнды зат, әрине, жібек болып табылды.Жібек шығыстағы да, батыстағы да халықтар мен мемлекеттердің сұранысын өтеуге қажет басты тауар еді.Жібекке әсіресе Византия зәру жағдайда болды.Өйткені, билеуші әулет пен ақсүйектердің қажеттілігін өтеуден бөлек, жібек қосымша әскерді жалдауда қаржы валютасы ретінде қолданылды.
Византия әлемдік үстемдікке жетуге ұмтылды, сондықтан Европадағы барлық дерлік мемлекеттермен дипломатиялық байланыс орнатуды көздеді.Сәйкесінше ол мемлекеттерді көндіріп, өз жағына шығару үшін мол көлемдегі жібек қажет болды.Жібек сыйлық беруге, әскер жалдауға, сатып алуға жұмсалды.Император Юстиниан І саудаға негізделген әлемдік саясат жүргізді.Сол саясатта жібек өте тиімді және маңызды құрал қызметін атқарды.Жібектің Византияда жібектің алтын мен қымбат тастармен теңдей бағалануы [37, с. 99] бұл жайтты жақсы аңғартады.
Жібек жолына қатысты мүдделер сол кездегі тағы бір ірі держава Иранда да болды.Бұл мемлекет те жібек тасымалданатын үлкен сауда орталығы атанып үлгерді.Византияға жібек осы Иранның солтүстіктегі территориялары арқылы өтетін жолмен жеткізілетін.Бұл жайтты биліктегі сасанидтік әулет ұтымды пайдаланып, керуен саудасын бақылаудан шығармай ұстап отырды.Бұған байланысты, парсылар ылғи жібек шикізатының үлкен бөлігін алып қалып отырды, одан соң оны өңдеуден шыққан дайын жібекті өздері қойған бағалары бойынша батыс елдеріне сатып [203, р. 128; 124, с. 187] , үлкен пайда тапты.
Иран Византияны саяси және экономикалық тұрғыда әлсіретуді мақсат тұтты.Бұған жету үшін парсылар, оларды барынша көп қаржы шығынына ұшырату ниетімен тауар айналымын азайтып, жібекке деген бағаларды өсірді.Нәтижесінде, Византия кез келген жоғары бағалар жағдайында жібекті сатып алып, европалық нарықа қайта сату арқылы шығынның орнын толтырып отыру артықшылығынан айырыла бастады.
Византия өз кезегінде бұл сауда шектеулеріне қарсы бағытталған әрекеттер жасауға тырысты.531 жылы Юстиниан І Эфиопия мемлекетіне елшілік жіберді, ол африкалық көпестерге делдал болып, Византияға жібек тасымалын Үнді мұхиты арқылы [124, с. 198] қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасады.Екі жақты келісім орнайды, бірақ үнді порттары түгелдей парсыларға тәуелді болғаны сонша, эфиоп көпестері жібек сатып алу бойынша олардың құқығын тартып ала алмады.Византияның бұл қадамы сәтсіз аяқталады.
540 жылы Византия мен Иран арасында соғыс шықты.Екі арадағы сауда қатынастары да тоқтайды.Ал Ираннан келетін шикізатсыз византиялық жібек тоқу мануфактуралары шығынға батады.570 жылы І Хұсрау Ануширван Йеменді жаулап алып, Византияны Қызыл теңіз бен Үнді мұхиты арқылы шығысқа шығу мүмкіндігінен біржола айырған болатын.Византия қиын жағдайдан шығу үшін шығыстан одақ құруға болатын серіктес мемлекет іздеді.Бұл уақытта саяси-экономикалық қатынастардың жүйесіне үшінші күш – Түрік қағанаты қосылады.Түріктердің мүддесі алым-салық ретінде келген зор мөлшердегі жібектің артылған бөлігін керуен саудасы арқылы батыстағы нарыққа өткізіп, тұрақты пайда көзін ашуда жатты.Византия мен Түрік қағанаты мемлекеттік мәселелерін шешудің жолын өзара одақ құру әрекетінде көрді.Осылай, екі мемлекет арасындағы қатынастар бастама алады.
Эфталиттердің мұрасы.Иран мен Түрік қағанатының одағы эфталиттерге қарсы соғыста ортақ жеңіске жеткеннен кейін, бұл екі мемлекет арасындағы көршілік қарым-қатынастар бұзыла бастады.Қатынастардың шиеленісуіне экономикалық-шаруашылық фактор ықпал жасады.Алдымен, эфталиттердің территориясын бөлісуде қалаған үлесін ала алмаған түріктер, енді Иранға өзінің талаптарын қойды.Істемі қаған парсылардан, олар бұрын эфталиттерге төлеп тұрған салығын өзіне беруін сұрады.Иранның келіспейтіні белгілі еді, соғыстың ресми сылтауы да табылды.Қаған шабуылға шықты, түріктің атты әскері Әмударияны жылдам кесіп өтті де, Журжандағы парылардың қалалары мен порттарын [168, с. 493] басып алды.Бірақ ары қарай жылжуда кедергілер шықты, түрік әскері V ғасырда эфталиттерге қарсы салынған парсылардың шекаралық бекіністеріне кезігіп, өте алмай қалды.Шабуылды тоқтатуға тура келді, ал 569 жылы түріктер Соғдианаға қайтып кетті.
Соғыс әрекеттері тоқтаған болатын.Істемі жақсы үйретілген тұрақты әскерімен соғыс, әскери шығындарға батуды қаламады.Оның үстіне, ол Византияның Қосөзенде соғыс ашып, Иран әскерін сол жаққа қарай бұратынын біліп отырды.Ол күту стратегиясына көшті.Бұның нәтижесінде, екі жақ эфталиттер мұрасын бөлісу бойынша бітімге келді.Келісім бойынша, парсылар эфталиттер мемлекеті территориясының көп бөлігін – барлық дерлік батыс және орталық таулы аудандарды басып алады.Түріктер Соғдиана мен Бұхараға иелік етіп қалады.
Бітімнің жасалуы Иран үшін үлкен жетістік болды.Біріншіден, шығыстағы шекара тарихта болмаған территорияларға дейін кеңейді.Екіншіден, әскерін толықтай батыстағы соғыс әрекеттеріне жұмылдыру мүмкіндігі туды.Алайда, Иранның бұл жетістіктерінің басты себебі түріктердің Иранға қарсы әрекеттерін тоқтатып қоюында.Істемі қағанның әскери қимылдарды бұл уақытта күшейген ескі жаулары аварларға қарсы бағыттағаны мәлім.Түріктер аварларды қоршап, қысымға алудың қадамдарын жасады.Сөйтіп, 567 және 571 жылдар аралығында барлық Солтүстік Кавказды жаулап алды және Босфор бұғазының маңында византиялық иеліктердің шекараларымен шектесті.
Иран мен аварлардың екі жақты өктемдігінде қалған Византияға түріктердің көмегі мен қолдауы ауадай қажет болды.Византия өз тарапынан одақ құру үшін бар амалды қарастырып бақты.Кейінгі жылдарда Түрік қағанатына Евтихия, Иродион, Павла Киликиялық және Анангаст [239, t. X, р. 169] бастаған бірнеше елшіліктер келген.
Соғдылықтар және елшіліктер тарихы.Эфталиттер күйрегеннен кейін, соғдылықтар енді түрік ханының құзырына көшті. Олар ерте кезден Шығыс пен Батыс арасын жалғаушы шебер делдал мен көпес ретінде танылған. Қожайындарының эфталиттерден түріктерге алмасуы, олар үшін қолайлы болды, ол Азияның ішкі аймақтарына қауіпсіз және кедергісіз жолдың ашылуын білдірді. Соғдылықтардың негізгі қызығушылығы,артық қалған жібекті өткізуді көздеген түріктер секілді жібек саудасында еді.Осыған байланысты, түріктер жібек өнімін батысқа экспорттау ісінде соғдылардың көмегін барынша пайдалануға тырысты.
Сонымен, соғдылық көпестер эфталиттердің күйреуін, өздерінің гүлденген кезінің басы ретінде қабыдады. Шын мәнісінде Қытайға жол ашық және қауіпсіз болды, түріктердің өзі құрмет ретінде алынған жібекті қайда жіберерін білмеді және соның арқасында делдал көп пайда көре алатын. Тапсырма тек қана жібекті Византияға жеткізу болатын, бірақ ол жөнінде парсы шахымен келісу қажет еді, өйткені парсылар мүделеріне сәйкес византиялық қалаларға баратын жолды бөгеп, жібекті өздерінің қалауынша шектеулі көлемде өткізіп отратын.Істемі қаған құзырындағы жаңа бағынышты халық соғдылықтардың тілегіне қарсы болмады, себебі, байқағанымыздай, оның мүддесі соғдылықтардыкімен сәйкес келген. Сондықтан Істемі қаған соғдылық Маниахтың Хосрой Ануширванға соғдылықтарда жиналып қалған жібекті Иран арқылы тасымалдауға рұқсат алу үшін өкілді елші ретінде жіберуі туралы ұсынысына келісті.
567 жылы елші ретінде Иранға Маниахтың өзі аттанады.Маниах елші парсы патшасына саудаға қатысуы туралы, яғни жібекті өзі сатып алып, оны Батысқа қайтадан сату жөнінде ұсыныс жасады.Мұндай жағдайда соғдылықтар тауардың құнын біраз жоғалтып, тауар айналымның жоғарылауына жағдай жасаушы еді.Тауар айналымының жоғарылауы пайданы да арттыратын.
Әрине, парсылық өкімет ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы болды, себебі, егер барлық жібек Византияға жіберілсе, біраз жылдан кейін римдік жалдамалы әскер олардың территориясына басып кірері күмәнсіз болатын, ал Иранның барлық әскери күштерінің оған тойтарыс беруге шамасы жетпейтіні анық еді.Ал жібек саудасын мемлекет ішінде жүргізуге Иран халқының сатып алуға деген төмен қабілеттілігі мүмкіндік бермеді.Оның үстіне, парсылар шығыстан жібектің теңіз жолымен Парсы шығанағындағы қалаларға келуіне қызығушылық танытты.
Жібекті сатып ала отырып, парсы шахы византиялық императорға батыстағы саясаты үшін жібек қажет болғандай, шығыстағы саясатын жүргізу үшін қажет алтынды жоғалтар еді. Иран билігіне бір шешімге келу қажет болатын және Хосрой қиын жағдайдан шығудың амалын табады, ол амалды одақтас эфталит билеушісі көрсетеді.Оқиға келесідей өрбиді. Катулфтың кеңесі бойынша, әкелінген жібектің құны төленіп, елшілердің көзінше отқа өртеледі.Бұл соғдылықтарға парсылықтардың жағдайды өзгертуге жол бермейтіндігін және жібек материалына мұқтаж еместігін көрсетеді. Соғдылықтар бірден Істемі ханға шағым айтады, ал ол кикілжіңді бірден түзету керек деп шешеді.
Ол Иранға түріктерден тұратын жаңа елшілікті жібереді. Бірақ бұл елшілікте ешқандай келісімге қол жеткізбейді.Келіссөздердің соңында парсылар түрік елшілігінің өкілдеріне ас беріп, уландырып өлтіреді.Содан соң, парылар олардың климаттық жағдайға бейімделе алмай, аурудан қайтыс болды деген дақпырт таратады.Бірақ Л.Н.Гумилев түрік елшігі өкілдерінің біраз бөлігі ғана аурудан қайтыс болғанын және олардан төртеуі немесе үшеуі қайтып оралғанын жазады [ ].Бұл арандатушы әрекеттің басында да Катулф хан тұрған болатын.
Істемі қаған Хұсраудың халықаралық құқық нормаларына жатпайтын зұлымдық ісіне қатулы еді, бірақ сабырға келіп, оған қатысты арнайы жоспар құруға кірісті.Ол тез арада Маниахтың кеңесімен Иранмен бітімді бұзып, Византиямен қарым-қатынас орнатудың орайын тауып үлгереді.
Алайда, Каспий теңізі айналасында Кавказ арқылы жібектің тасымалдануы қымбат әрі қауіпті болатын: угр тайпалары көпестік керуендерді оңай тонап, шауып ала алатын. Ал Иран арқылы өтетін жол қысқа және оңайырақ болатын.Иранның аумағынан жібек алып өту тек бір жолмен мүмкін болатын.Яғни Істемі қаған Иранмен арадағы дауды қару арқылы шешуге барады.
Ол елшілердің уланғанын жариялап, кек қайтарушы ретінде парсыларды жазалауға шығады.Бұл ретте, ұйымдастырылған соғыстың күрделілігін түсініп, қаған Византиямен одақтас болуға асығады.
тәуелсіз болып қала берді және сыртқы ықпалдарға берілмей, өзінің саясатын жүргізуді жалғастырды.
2.2 Естеми қаған тұсындағы Түрік-Византия қарым-қатынасы
Естеми 567 жылдың соңында Константинопольға Маниахтың басқаруындағы елшілікті жібереді. Маниах Константинопольға Кавказ арқылы 568 жылы келіп жетеді. Оған маңызды әрі құпия тапсырмалар артылған болатын. Ол тапсырмалар византиялықтарға арналған келесідей ұсыныстардан тұрды:
1)Түрік және Византия мемлекеттері арасында Иранға қарсы одақ құру;
2)одақ құрғаннан кейін Иранды өз территориясынан сауда керуендерін өткізу үшін мәжбүрлеуге ат салысу;
3)Иран қысымға көнбей, екі елдің талаптарын орындаудан бас тартса екі тараптан бір уақытта соғыс ашу;
4)Иранның жеңілісі орын алатын шайқастан соң, оның территориясын екі мемлекет арасында бөліске салу;
Ол уақытта тақта 567 жылы қатыс болған әкесі І Юстинианның орнын басқан ІІ Юстиниан отырған. Ол билікке келген кездегі мемлекеттегі жағдай күрделі болатын. Бұған байланысты ол тарихи шешім қабылдайды. 568 жылы лангобардтар Италияға басып кіреді, сондықтан Юстин II әкесінің билеген кезеңінде империяның қаржылық жағдайын құлдыратқан белсенді батыс саясатынан өз еркімен бас тартады. Оған қоса, парсыға қарсы соғыстың қайта жандануынан қашып құтылу мүмкін емес болатын және мықты одақтасты елемеудің қажеті де шамалы болды.
Юстиниан Маниахты бар сән-салтанатпен қабылдап, оған ерекше көңіл бөлді. Маниахтың қолында сенім грамотасы мен қағанның императорға жолдаған хаты болады. Екі құжатта түрі тілінде жазылған болатын. Оларды Маниах императордың өзіне тапсырады.
Одан кейін аудармашының көмегімен император елшіге бірнеше сұрақ қояды. Әңгіменің барысы эфталиттер тақырыбына ауғанда Юстиниан мен Маниах арасында төмендегідей диалог жүрді:
- Эфталиттердің билігі толығымен жойылып пе еді?
-Иә, Ұлы Мәртебелі, толығымен жойылды.
- Эфталиттер қалаларда тұратын отырықшы халық болды ма әлде қоныстарда тұратын егіншілер мен көшпелілер болды ма?
- Эфталиттер қалалық халық, олардың қалалары болды
- Демек, олардың қалалары енді сендердің, түркітердің, иеліктеріңде ме?
- Ұлы Мәртебелі, дұрыс айтасыз, дәл солай.
- Авар деген еркін өмір сүріп жатқан халықтардың қазіргі санын айта аласың ба? - Ұлы Мәртебелі, аварлардың бір бөлігі әлі Азияда тұрады. Олар біздің билігіміздегі бағынышты халық болып табылады. Ал бізге қарсы бүлік шығарған Европадағы аварлардың саны 20 мыңның шамасында [60, 43-б.].
Сондықтан патша түрік елшілігін аса құрметпен қарсы алып, одақтастықты растау үшін 568 жылдың тамызында қайтып бара жатқан Маниахпен бірге, шығыс қалаларының қолбасшысы Земарх Киликиялықты жібереді. Истеми хан византия елшісін жылы шыраймен қарсы алады, және өзінің мақсаттарының шынайылылығын білдіру үшін, оны Иранға қарсы бағытталған соғысқа қатысуға шақырады. Хострой соғысты қаламады. Талас өзенінің аңғарында түрік әскері парсы елшілігін күтіп алады, бірақта хан Земархты парсы елшілеріне қарағанда құрметті орынға әдейі отырғызып, оның көзінше парсылықтарға кемсіте қарайды. Парсы елшілері Иранға соғыс жайлы жаңалықпен оралады. Содан кейін хан Земархты жібереді және ол Константинопальға Маниахтың ұлы мен түріктің уәкілетті елшісі Тагма тарханның қарамғында оралады. Бұл кезде Маннахтың өзі қайтыс болады, бірақ Византия мен қағанат одағы, парсы патшаларын араб халифаттары ауыстырған кездеде созылған Иран соғысы секілді, хазар қағанаттарына берілді.
Византиямен қатынастар.Сырттан жібек тасымалына деген тәуелділіктен арылу үшін Византия 553 жылы жібек өндірісін іске қосты.Ал жібек өндірсінің басты шикізаты – жібек құрттарының Константинопольге қалай келгені туралы әр түрлі деректер кездеседі.Прокопий Кесариялықтың сөзіне сәйкес, оладыр екі христиан монахы жеткізген, ал Феофан византиялықтың сөзі бойынша, таяғы бар парсылық жеткізген.Тағы бір пікірге сәйкес, құрттар соғды қалаларынан алынған [124,с.205–206].М.Е.Массонның сөзі бойынша, олар Журжан қаласынан жеткізілген [110, с. 50].Византия аумағында жібек өндірісі Константинопольден басқа, Бейрут, Тир қалаларында, Антиохияда өрістеді. VI ғасырдың соңына қарай жібек импортының Византия үшін маңызы төмендеді [там же, с. 49].Византияның түріктермен одақтық байланысты қолдауға қатысты қызығушылығы да кеміді.Түріктердің жібек сату монополиясын иемдену бойынша жоспары орындалмай қалды.Византияның ішкі нарығындағы бәсекелестік, оларды бағаларды төмендетуге мәжбүрледі.Солай түріктердің сауда жүргізуден алатын табысы едәуір төмендеді.
Түрік-византиялық қатынастардың нашарлауына тағы бір жағдай әсер етті.Бұл жағдай аварлар мәселесіне қатысты болды.Одақтастарының басты жауы болғандықтан, екі мемлекеттің келісіміне сай, Византия аварлармен бітімге және одаққа отырмауға міндеттелген болатын.Сондықтан, 568 жылы Юстинианға авар елшілігі келіп, бітім мен Паннония жеріне қоныстануды сұрағанда, император бас тартқан.Алайда, византиялық император 570 жылы келісімін беруге мәжбүр болады [112, с. 400], өйткені аварлар Паннонияда орнығып алып, соңынара болған шайқас нәтижесінде жеңіске жетеді.
Бұл екі жағдай түрік-византия одағының өмір сүріне қауіп төндіріп қана қоймай, саяси күштердің қайта топтасуына әкелді.Түріктер Еділ маңындағы халықтарды сол уақытта теңдесі жоқ атты әскерінің күш-қуатымен бағындыра билігінде ұстап отырған болатын.Ал аварлардың күшеюі ол түріктерге өшпенді халықтарды, әсіресе кутургурларды өз жағына шығуға жетеледі.Дегенмен, бұл уақытта аварлар гректер т.б. жау халықтармен соғысып жатқандықтан және нәтижелер белгісіз болғандықтан, түріктер алдағы қауіп-қатерді тек болжаған .Бірақ кейін дұшпандарын жеңіп, қуатты дербес мемлекет құрған себепті, түрік билеушілерінің алаңдай бастауы орынды еді.
Қалыптасқан жағдайды талқылап, шешім табу мақсатымен түріктер 576 жылы византиялық елшілікті қабылдайды. Елшілікті Естеминің ұлы, батыстық қаған Түрксанфтың ордасына келеді. Қаған византиялық елшінің амандық сөзін қабыла ала отырып, суық қабақпен жауап береді. Оны мына мәтіннен көруге болады: « Сендер емес пе, он тілде сөйлесіп, бір өтірікті айтатын сол римдіктер?». Бұл сөздерді айтып, ол он саусағын аузына салып, келесідей сөзін жалғастырады: «Қазір менің аузымда он саусақ бардай, сендерде де көп тіл бар. Біреуімен бізді алдайсыңдар, басқасымен менің құлдарым аварларды алдайсыңдар... Сендердің пашаларың тиісті уақытында жазасын алады, өйткені менімен дос ретінде сөйлесе тұрып, қожайындарынан қашқан менің құлдарым аварлармен бітімге келді. Бірақ вархониттер (аварлар) мен қалаған кезде бағынышты болып қайтып келеді... Римдіктер, сендер неге Византияға жол тартқан менің елшілерімді, бұдан басқа баратын жол жоқ деп сендіре отырып, Кавказ арқылы жүргізесіңдер? Сендер бұны жолдың қиындығынан мені римдік облыстарға шабуылдан бас тартуым үшін жасайсыңдар. Алайда мен Днапр өзені қайда екені, Истр өзені қайда құятыны, Эврдың қайда жер ағатыны және менің құлдарым вархониттер Рим империясына (Византияға) қалай өткені нақты білемін. Маған сендердің күштерің де белгілі. Ал маған шығыста күн шуағынан басталып, батыстағы шектермен аяқталатын барлық жер беті бас иеді. Бейшара алан халықтарына және де шексіз батылдықпен рухтанған, өз күштеріне сенім артып, жеңілмейтін түрік халқына қарсы шықса да, үміті жалған болып шыққан утигур тайпаларына қарап, зер салыңдар! Ал қазір олар біздің билігімізде, құлдарымызға айналды» [60, 418–420-б.б].
Түрксанф одақтас ретінде жағдайдан хабардар бола тұра, византиялықтардың Дунай түбіндегі ауыр жеңіліске ұшырағандықтан ғана аварлармен бітімге келгенін білмеуі екіталай болатын. Валентин елші ақталуға мүмкіндігі бар болса да, өзінің қауіпсіздігіне кепілдік берілуі тиіс елші ғана екенін және Естеми қағанмен жақсы қарым-қатынаста болғанын меңзеп, өзін кінәлі ретінде ұстайды. Бұның себебін жазбаларында араб тарихшысы ат-Табари түсіндіреді, бірақ ол оқиғаларды хронологиялық тәртіпте баяндамайды. Расында, Табари көрсеткендей, 575 жылға дейін түріктер византиялық елшіліктерді жылы шыраймен қабылдайтын, бірақ осы жылы Иран мен Византия арасында бітім орнағаннан кейін, парсылар соғыстан босаған әскерімен түріктермен есеп айырысуға мүмкіндік алды. Түріктер 570 және 575 жылдар аралығында Солтүстік Кавказды бағындыру үстінде болғаны белгілі. Бұл аймақтағы саясатында Византияға сүйенген түріктер, арттан соққы алуды күтпеген.
Ашуланған Түрксанф дереу байланыстарды үзді. Оның салдары бірден көріне бастады. 576 жылы түріктер утургурлардаың қолдауымен Босфорды басып алады, бұл «түріктердің римдіктердге қарсы соғысқа кіріскенін» [10, 49-б] көрсетті. Шабуыл әрмен қарай жалғасады. Түріктер Қырымға бұзып-жарып кіреді, бірақ одан ығыстырылған болса керек [10, 48-б]. Содан соң олар Византияға Батыс Кавказ арқылы жетуге тырысады, бірақ солтүстік шекарасы Кавказ тауының жоталарымен өткен Эгриси патшалығының қарсылығына кезігеді. Закавказьеға кіру де мүмкін болмағандықтан, түріктер 580 жылдың басында шегінуге мәжбүр болады. Олар Солтүстік Кавказдың жазықтары мен Дағыстанның таулы аймақтарында ғана тұрақты орныға алды. Географиялық және басқа да кедергілер түрік мемлекетінің жоспарын бұзып, Византия соғыстың қатерінен құтылып кетті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Түрік қағанатының тарихында ерекше атайтын тұлғалар көп болмаса да, аз емес. Тізімнің ең басында тұратын тұлғалар, әрине, Бумын және Естеми. Бумын Түрік қағанатының негізін қалаған мемлекеттік қайраткер, мемлекеттің алғашқы қағаны, ашина руының көсемі. Ол 545-552 жылдары билік жүргізген болатын, билік құрған жылдары туыстас түрік тайпаларын біріктірумен қоса, өздері бағынышты болған Жужан қағанатын жеңу арқылы тәуелсіздікке қол жеткізді. Түрік қағанатының қалыптасуы Бумын қағанның қалыптасуы Бумынның билігі уақытында басталды, сондықтан да бұл мемлекеттің өмір сүруінің өзі оның есімімен тығыз байланыста жатыр. Кең-байтақ территорияны қамтыған Түрік қағанатын (А қосымшасы) есімі әйгілі, тарихта қалдырған ізі зор, үлесі мол тұлға, Бумын қағанның інісі және беделді қолбасшыларының бірі Естеми қағанның (Ә қосымшасы) орны бір бөлек. Ашина руының өкілі Естеми Түрік қағанатында Бумыннан кейінгі екінші лауазымды тұлға болып табылды. Естеми ағасымен бірге Жужан қағанатынан қарсы жеңісті де жемісті соғысқа қатысуы арқылы атын шығарып, танымал болды. Естеми есімімен мемлекеттің іргесін нығайтқан, тұғырын биіктеткен, алыс-шақын және үлкенді-кішілі елдер мен халықтарға танылуына сеп болған оқиғалар, жалпы алғанда саяси шешімдер мен әрекеттер тікелей байланысты.
Естеми 10 түмен әскерге қолбасшы болып, баһадүр-жабғу лауазымын алған. 552-553 жж. ху елін (соғдыларды ), Алтайдың солтүстігіндегі тайпаларды бағындырған. 554-555 жж. жужандарға жорық жасап, оларды Арал теңізінен ары қуып, аз уақыт ішінде Қытайдан Әмударияға дейінгі, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі жерлерді жаулап алған. 558 жылы Еділдің жағасына, Орал тауына дейін жетті. Алайда, Орталық Азияның ішкі аймақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көріп, бұл бағыттағы шабуылды уақытша тоқтатады. Эфталиттерге қарсы саяси одақ құру үшін Естеми Иран шахы І Хұсрау Ануширванмен келісімге келіп, Мұқан қаған қытайлық император Юйвынь Таймен құдандалы болады. Нәтижесінде 563-567 жылдары эфталиттер мемлекеті талқандалды. Естеми түріктердің батыстағы он ірі тайпасын бірітіргені үшін «он оқ бұдұн қағаны» атанды, бірақ ресми түрде қаған болып сайланбады. Өзара келісімге қарамастан, Түрік державасының Жібек жолының керуен машруттарына бақылау орнатуы Иран шахына ұнамады. Сондықтан Естеми Орта Азиядағы өзінің саяси билігін біржолата нығайту үшін Иранға Маниах бастаған елшілік жіберді.Бірақ ол да, кейінгі елшілік те сәтсіздік табады. Сәйкесінше кейін Иранмен арадағы қатынасты үзіп, жауласады. Ал Иранның жауы Византиямен қарым-қатынасты дамыту үшін сол Маниах бастаған елшілікті Кавказ арқылы Константинопольға аттандырады. Нәтижесінде екі ел арасында сауда келісімі мен Иранға қарсы әскери-саяси одақ құрылды. Византия имераторы Юстин ІІ де Земарх басшылық еткен өз елшілігін жіберді. Бұдан кейін Естеми Иранға шабуыл жасап, Орта Азиядағы территорияларды басып алды. Оның ішінде Соғдиана мен Бұхара болды. Алайда Византия императорының аварлармен келісімге келгенін естіген Естеми Түрксанфпен бірге 571-576 жылы Солтүстік Кавказ бен Қырымға
Похожие материалы
... ;ы мен ұстамдылығында болды. Қазақстан, Ресей және Орта Азия Республикаларының интеграция мәселелері Қазақстан геосаяси жағдайының қолайлылығы, оның тарихи дамуындағы жаңа қадамдар, көрші мемлекеттер мен экономикалық және этнолингвистикалық байланыстардағы алғ ...
0 комментариев