МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1.Өндірілетін өнімнің номенклатурасы

2.Шикізаттарга сипаттама

3.Технологиялық бөлім

3.1 Айналмалы пеште гипсті күйдірудің технологиялық процесі

3.2 Гипсті байланыстырғыштардың қатаюы мен байланысуы

4.Шикізат құрамын теориялық есептеу

5.Техника қауіпсіздік ережелері және қоршаған ортаны қорғау

Қорытынды

Қолданылган әдебиеттер

Кіріспе
Гипс негізді өнімдерді гипс қамырынан, яғни гипс, су және толтырғыш қоспаларынан алуға болады.
Бірінші жағдайда өнімдер гипсті, ал екінші жағдайда гипсбетонды болып есептелінеді. Гипсті және гипсбетонды бұйымдарды дайындау үшін байланыстырғыш ретінде гипсті байланыстырғыш, суға төзімді гипсті-цементті-пуццолады қоспалар, ангидритті цементтер қолданылады. Гипсбетонда толтырғыш ретінде шынайы материалдар – құм, пемза, туф, отынды және металлургиялық шлактар, сондай-ақ кеуекті толтырғыштар – шлакты пемза, керамзитті граверлер т.б пайдаланылады.
Органикалық толтырғыштарға ағаш үгінділері, жаңқа немесе талшықтар т.б жатады.
Жоғары кеуекті жылу оқшалау гипс бұйымдарын алуда – газды гипсті – гипсті массаға газ құрайтын қоспаларды, араласқан күкірт қышқылын және көмір кальцийін, сұйық натриймен сутегі қышқылын енгізіп олардың араласуынан газ бөлініп гипсті масса құралады. Гипсті өнімдерді жасанды беріктендіру үшін қалыпты массаға осы бұйымның бір бөлшегі болып табылатын талшықты материалдарды енгізеді.
Гипсті және гипсбетонды бұйымдар панельдер мен қабырға қалқа плиталарына; жылу оқшаулағыш плиталарға; сыртқы қабырғаға арналған тастар және бұйымдарды өрттен сақтайтын архитектуралы бөлшектерге бөлінеді.
Гипс бұйымдарының бірнеше құнды қасиеттері бар: тығыз еместігі, жанбауы, дыбыстан қорғағыштығы. Гипсті өнімдердің кемшіліктерінің қатарына: ылғалданудағы тығыздығының төмендігін жатқызамыз. Гипс бүйымдарын жүйелі түрде ылғалдануды оқшаулайтын және ылғалдылығы 60%-тен аспайтын бөлмелерге қолдануға рұқсат етіледі.
Ылғал мен суға төзімділігін арттыру үшін бұйымдарды су өткізбейтін қорғаныш сырлармен, қабаттармен қаптайды. Гипсті және гипсбетонды бұйымдарды әр түрлі әдіспен қалыптайды: құюмен, дірілдетумен, нығыздап престеумен. Бұл процесте бұйымдар тез арада берік қалыпты иеленеді. Гипсті және гипсбетонды бұйымдар өндірісі келесі операциялардан тұрады: қалыпты массаның барлық компоненттерін мөлшерлеу; қоспалар мен бетон қоспасын дайындау және бұйымды кептіру. Гипсті плиталар механикалық өңдеуге бейім, шеге кіреді, отқа төзімді және тегіс немесе қуыс денелі етіп даыйндап шығарылады.

Гипс (грекше gypsos — бор, ок)

* -минерал — өз құрамына екі су молекуласын кіріктіретін кальций сульфаты;

* -негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) тау жынысы;

* -ғаныш – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaSO4Һ2H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады.

* Гипстің жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3 г/см3, балқу температурасы 32 – 410С. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар.Гипсті байланыстырғыш незінде жасалатын бұйым салыстырмалы аз тығыздықта, жеткілікті беріктікте, отқа жанбайтын, жоғары дыбыс пен жылуды оқшаулағыш, жақсы өңделетін (аралау, бұрғылау) қасиеттерге ие болады. Гипсті бұйымдардың ылғал мен суға төзімділігін арттыру үшін оларды дайындау кезінде гипсті-цементті-пуццолонды және гипсті –шлакты-цементті-пуццолонды байланыстырғышта пайдаланады, оларды суға төзімді сусіңірмейтін қорғаныш бояуларын немесе пасталарын жағады. Гипсті байланыстырғыш негізінде жасалатын бұйымдарына гипс қамыры, гипс ерітіндісі немесе минералды толтырғыштары бар гипсті бетон (құм, керамзит қиыршығы) және органикалық толтырғыштарын (ағаш үгінділері, жаңқалар, қамыс) пайдаланады. Гипс және гипсті бетон бұйымдары морт сынғыш болып келеді, сондықтан оларды дайындау кезінде ағаш шыбықтар, қамыс, металл арматуралар (тор, сымдар) түрінде арматуралау материалдарын енгізеді.

Гипсті қаптау парақшаларын гипс парақшасының екі жағын картонмен қаптау арқылы дайындайды. Гипс парақшасын минералды немесе органикалық қоспалармен құрылыс гипсінен дайындайды. Оларды қабырға, арақабырға, ғимарат төбесінің ішкі жағын қаптау үшін пайдаланады.

Арақабырғаға арналған гипс тақталарын минералды немесе органикалық толтырғыштары бар құрылыс гипсі қоспаларынан дайындайды. Тақталарды тұтас және саңылаулы 80…100мм қалыңдықта шығарады. Гипсті және гипсті бетон арақабырға тақталарын ғимараттың ішкі арақабырғасын орнату үшін пайдаланады.

Еденге арналған гипсті бетон панелдерін сығылу кезіндегі беріктік шегі 7МПа төмен емес кезінде дайындайды. Олар ағаш шыбықты қаңқал болады. Панелдің өлшемдері бөлменің өлшемімен анықталады.

Желдеткіші бар гипсті блоктарын сығылу кезіндегі беріктік шегі 12-13МПа құрылыс гипсінен немесе қоспалары бар гипсті-цементті-пуцоллонды байланыстырғыштардан дайындайды. Блоктар тұрмыстық, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың желдету құрылғыларына арналып дайындалады.Құрылыс гипсін өндіру бірнеше сатыдан тұрады: алдын-ала шикізатты дайындайды, ягни гипс тасын кептіріп және майдалайды; оны шахта немесе айналмалы пеште, қазанда қыздыру арқылы дегидратациялайды; гипс тасын дегидртация процесінің алдында немесе соңында ұнтақтайды.

Кейбір жағдайларда алдымен екі сулы гипс тасын кептіріп,

Імайдалап, одан кейін ұнтақтайды (бірінші майдалау (жэне алынған дайын жарты сулы гипсті тағы ұнтақтайды) екінші ұнтақтау). Бұл өндіріс тэртібінің жүйесі гипс тау жынысының дегидратациясын қамтамасыз ету үшін қолданылатын жылу агрегатының түріне байланысты. Қазіргі уақытта гипс байланыстырушыларын өндіру процестерінің бірнеше схемасы белгілі (сур. 2.1).

Бірінші әдіс бойынша біркелкі сапалы гипс онша алынбайды. Екінші әдіс - бірыңғай сапалы гипс алуға мүмкіндік береді. Үшінші әдіс - ең жетілген технология, өнімнің сапасы жоғары, бірақ қымбатқа түседі.

1. Өндірілетін өнімнің номенклатурасы:

Гипсті байланыстырғышты гипсті шикізаттан жартыгидратты кальций сульфатына дейін термиялық өңдеу арқылы алады. Құрылыс заттарының барлық түріне және құрылыс өндірісінде қолдану үшін пайдаланылады.

Гипсті байланыстырғыштардың Г2- ден Г25-ке дейінгі маркасын қысу кезіндегі беріктікпен 2...25Па шегіндегі өзгеріске қарап сипаттайды ,ал иілуі 1,2....8МПа.

Қатаю мерзіміне байланысты байланыстырғышты тезқатаятын,орташа қатаятын деп ажыратылады,қатаю басы сәйкесінше 2,6 мен 20 мин ерте емес және соңы 15,30 дан кем емес.

Майдалау дәрежесіне байланысты байланыстырғыштың дөрекі , орташа және жұқа майдалау деп ажыратылады. Елегіштегі максималды ұяшық өлшемі 0,2 , сәйкесінше 23,14және 2дан көп емес.

Қатаюдың барлық мерзімде және майдалау дәрежесін (F-2…..F-7маркалы гипстер) құрылыс гипсінің барлық түрін дайындауға арналған.

1. гцп-100 маркасы

2. гцп-150 маркасы

3. г-200 маркасы

4. г-2 маркасы

5. г-3 маркасы

6 . г-4 маркасы

7. г-5 маркасы

8. г-6 маркасы

9. г-7 маркасы

10. г-10 маркасы

11. г-13 маркасы

12. г-16 маркасы

13. г-19 маркасы

14. г-22 маркасы

15. г-25 маркасы

3-кесте. Гипсті тұтқыр заттың қысылуға беріктігі

Гипсті тұтқыр заттьң маркалары

Өлшемдері 40x40x160 мм-лік гипс таяқшасының 2 сағаттан кейінгі беріктік шегі, МПа

Қысылуға беріктігі

Иілуге беріктігі

Г-2

2

1,2

Г-3

3

1,8

Г-4

4

2

Г-5

5

2,5

Г-6

6

3

Г-7

7

3,5

Г-10

10

4.5

Г-13

3

5,5

Г-16

16

6

Г-19

19

6,5

Г-22

22

7

Г-25

25

8

4-кесте. Құрылыс гипсіне қойылатын талаптар

Көрсеткіштері

Сорты

1

2

3

Ұстасудың басталуы, мин, ерте емес

4

4

4

Ұстасудың аяқталуы, мин, кеш емес

30

30

30

Майдалығы, №02 електегі қалдық (массасынан)

15

20

30

Ұстасудан 1,5 сағаттан кейінгі үлгілердің қысқандағы беріктігі, МПа

27

22

17

Ұстасудан 1,5 сағаттан кейінгі үлгілердің майысқандағы берікігі, МПа

35

45

35

2 . Шикізаттарға сипаттама

Құрылыс гипсін арнайы қайнататын қазандарда және пештерде күйдіру арқылы өндіреді. Гипстік шикізат есебінде гипсті және ангидридті тасты (СаS04), кейбір өндіріс қалдықтарын (фосфогипс, борлыгипс) қолданады.

Бірінші сортты гипс өндірісі үшін табиғи гипсті тастың құра- мындағы СаS04 • 2Н20 мөлшері 90%-дан аз болмауы керек, ал екінші сортта 65%-дан аз емес.Табиғи гипс тасы — шөгінді тау жынысы, ақ түсті, Моос шкаласы бойынша қаттылығы 2, тығыздығы 2200—2400 кг/м3.

Гипсті-цементтіпуццоланды байланыстырушылар /ГЦПБ/

Қолайлы мөлшерде гипстік байланыстырушыларды, цементті жэне активті минералдық коспаларды ұнтақталған қалыптарында жақсылап араластыру арқылы алады. Өздерінің активтігіне байланысты гипсцементпуццоландық байланыстырушының құрамында бұлардың мөлшері мына төмендегі шамада болады:

Гипстік байланыстырушылар - 50-65 %, портландцемент М300, 400 - 15-25 %, активті минералдық қоспалар - 10-25 пайыз. Портландцемент пен активті минералдық қоспаның орындарына пуццоландық портландцемент алуга болады.

Гипс байланыстырушыларын қазанда гипс қайнату тәсілімен алатын заводтарда портландцементті және активті минералдық қоспаларды немесе пуццоландық цементті қайнату процесінің соңына бірнеше минут қалғанда тікелей қазанга салады. Сөйтіп ГЦПБ алынуын біраз жеңілдетеді. ГЦПБ екі маркасы болады: М100 және ГЦПБ ұнтақтылыгы МІОО үшін № 2 електегі қалдық бойынша – 15 пайыздан, М150 үшін- 10 пайыздан көп болмау керек.

Гипс байланыстырушыларының - модификациясы негізінде алынган ГЦПБ өте сапалы. Мұндай ГЦПБ негізінде алынған бетон 2-4 сағ. қатайганнан кейінгі қысқандағы мықтылық шегі 60-100 кПа, 3 тэуліктен кейінгі - 15-20 МПа, ал 28 тэуліктен кейінгі - 20-40 МПа. Сонымен, ГЦПБ негізінде дайындалган бетон 2-3 саг. қатайғанда маркалық мықтылығының 30-40 пайызын көрсетеді. Ал қатаю жылдамдығын бұдан да тездету үшін ГЦПБ жасалган бұйымдарды 70-80°С булайды. Бұл құрылыс бұйымдарыньщ аязга төзімділігінің маркасы 20 - 50.

3.Технологиялық бөлім


Информация о работе «Құрылыстық Г-6 гипсті және М 150 маркалы гипсті-цементті-пуццоланды байланыстырғыштарды өндіріп шығаратын зауыт»
Раздел: Строительные науки
Количество знаков с пробелами: 48795
Количество таблиц: 8
Количество изображений: 2

0 комментариев


Наверх