Шаруашылық серіктестік

27472
знака
0
таблиц
0
изображений

Шаруашылық серіктестіктер бүгінгі таңда азаматтық құқықтың ең жиі кездесетін субьектілерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны құқықтық реттеудің маңызы зор.

«Шаруашылық серіктестік» сияқты шаруашылықты бірігіп жүргізуді ұйымдастыру қызыметі ежелгі кездерден белгілі. Қашанда шаруашылық пен бірге шаруашылық серіктестіктер мен ұйымдар бірге дамып отырған. В. В. Андрианов «Құрылықтық Европаның заңгері үшін шаруашылық серіктестік ұғымында - пайда табу, шаруашылық жүргізу мақсатында шарт негізінде біріккен, кезкелген серіктестік түрі ретінде түсінілген.Оның ішіне әдетте: толық және коммандитті серіктестік, акционерлік коммандитті серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам кірген»- деп жазған. Қазіргі уақытта заң ғылымында шаруашылық серіктестің пайда болу кезеңі туралы ортақ қабылданған көз қарас жоқ. Кейбір ғалымдар шаруашылық серіктестіктерді ежелгі Греция кезеңінде пайда болған дейді, бірақ кеңінен қолданылыс тауып, дамуы Ежелгі римнің азаматтық құқығында орын алған, онда екі немесе оданда көп тұлға, рұқсат етілген шаруашылықты жүргізу мақсатында, ортақ жұмысқа мүліктік немесе жеке қызыметтік үлес қосу арқылы, болмаса екеуінде жүзеге асыру арқылы біріккен. Серіктестер шарт негізінде табысты бөлген, шарт болмаған немесе шартта көзделмеген жағыдайда тең бөлінген.

(Societas) серіктестіктер - консенсуалды шарт негізінде жүзеге асырылады, екі не оданда көп түлғалардың , ортақ табысқа жету үшін ортақ қаражатпен бірігуі туралы келісімі. Тарихи шаруашылық серіктестік туралы шарт – әкесі қайтыс болғаннан кейін балаларының мұраны бөлмей, онымен шаруашылық жүргізуінен шыққан. Осының пайда болуына отбасылық болмаса мұрагерлік ортақ мүлік негіз болып табылады.

Заңгерлік көз қараспен қарасақ, ежелгі Римдік серіктестіктер – ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшін, среіктестерге ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлікті біріктіру туралы екі жақты шартпен бірігуі еді . Мұндай шарттың ерекшелігі, әр-бір тараптың бір-бірінің алдындағы ортақ жауапкершілігі және міндеттемелерін орындауға немқұрайлылығы үшін жауаптылығы.

Римдік серіктестіктердің артықшылығы, бір жағынан кемшілігі ол шаруашылық серіктестердің үшінші тұлғаларға ешбір қатысының болмауы және әсер етпеуі. Ол тараптардың арасында ешқандай шарт болмағандай талқыланатын. Осыған орай В. В. Ефимов: «Негізінде, серіктестіктер мен үшінші тұлғалардың қатынасы туралы айтудың қажеті жоқ, өйткені ондай құқықпен мойындалған қатынастар жоқ. Шаруашылық серіктестіктердің сыртқы бейнесі тек серіктестердің толық қатысуын ғана талап етеді». Осыған байланысты В.В. Андрианов «Олардың барлығы міндеттеме жүктелген тарап болып табылады және ол үшін ортақ жауаптылықта немесе үйлесімді жауаптылықта болады, шартта көзделген талаптарға сәкес, үлес соммасымен емес барлық мүлікпен жауапты. Тіпті, шаруашылық серіктестік атынан өкілдік ететін серіктес серіктестіктің мүшесі ретінде емес серіктестердің түгелдей өкілі болып табылатын. Осыған байланысты, шаруашылық серіктестіктер құқық субьектісі болып табылмайтын» деп өзінің ойын білдірді.

Осылайша, шаруашылық серіктестіктер үшінші тұлғаларғада тіпті қатысушыларының өзінеде байланысты заңды тұлға болып табылмады. Тиісінше, ол азаматтық айналымға өзінің жеке атымен қатыса алмады және жеке белгілеріне айырылды.

Жағыдайдың осылай қалыптасуы, римдік заңгерлерді заңды тұлғадан басқа жаңа құқық субьектісінің құрылымын қалыптастыруға итермеледі. Азаматтық құқыққа өзінің есімі бар, өзінің атынан өкілдік ететін, қарыздарына өзінің жеке мүлкімен жауап беретін, сондай-ақ оның тіршілік етуі қатысушыларының бар болуына байланыссыз болуы керек еді.

Шаруашылық серіктестіктердің дамуының келесі сатысы, алғашында өзінің азаматтығы бар өзінше тәуелсіз мемлекеттердің (civitates liberae) рим империясының билігіне өтіп, осыған орай рим құқығында муниципациялық (municipium) ұйымдардың пайда болуымен байланысты. Мұндай инкорпорацияның нәтижесінде, өзін-өзі басқару ғана емес шаруашылық жүргізу еркіндігінеде ие болды. Сондай-ақ олар үшін сотта өкілдері арқылы өкілдік ету құқығы танылды. Сотта муниципацияның мүддесін білдіру құқығы actores – тарға тиесілі болды оларды муниципальдық сенат немесе муниципальдық магистраттардың шығаратын «ad hoc» декреттерімен тағайындайтын. Одан бөлек оларға үшінші тұлғаларға қатысты муниципацианың мүддесін білдіру құқығы берілді.

Осыдан кейін муниципиаға қатысты жасалған қағыйдалар жеке бірлестіктерге ауыстырылды, олар муниципиалар үлгісімен құқық қабілетті болды. Осындай жолмен рим құқығында бірлестіктер туралы ерекшеленген, дербестенген қалыптасулар деген түсінік қалыптасты. Олар мүліктің ерекшеленуімен, азаматтық айналымға қатысуымен, құрылтайшыларынан тәуелсіздігімен сипатталды.(«талап, қатысушыларының талабының мәні емес, осыған тең жолмен оның қарыздарыда қатысушылардың қарызының мәні емес» ). Құрылтайшыларының ауысуы немесе шығуы мұндай бірлестіктердің қызыметіне әсер етпеді. Муниципиялардағыдай жеке бірлестіктердеде процессуалдық құқық қабілеттілік танылды.

Орта ғасырлық кезең - шаруашылық серіктестіктердің дамуының келесі сатысы болып табылады . Орта ғасырлардағы серіктестіктердің негізгі түрі отбасылық серіктестік болды (Бірінші сауда - саттық серіктестік X-XI ғасырларда пайда болды. Бұл кезеңде капиталдар жинақталады, толыққанды ақшаның пайда болды, сауда – саттық дамыды. Бұл жағыдайда сауда – саттық жүргізу үшін бірігудің табиғи жолы, бірінші кезекте отбасы еді. Осылайша compagnia fraterna, societas fratrum деп аталатын отбасылық серіктестік пайда болды). Отбасының экономикалық айналымға түсуі, отағасының өлімінен кейін мұрагерлер мұраны бөлмей, оны сақтап қалуға тырысуына алып келіп соқты. Аталған форма рим құқығында отбасының мүшелерінің, отағасына бағынуына байланысты пайда болуы мүмкін емес еді. Пайда болуының негізі және реттеудің жалғыз қайнар көзі орта ғасырлық салт – дәстүр боып табылды.

Мүліктің толық сақталуы ең алдымен мұрагерлерге қажет. Сондай – ақ мүліктің бір – неше тұлғалардың арасында бөлінбеуі несие берушңлергеде тиімді еді. Несие алуға қабілеттілікті сақтау үшін отбасы мүшелері уәде беріп, мүлікті «бөлмеу» туралы шарт жасасатын және сауда – саттық қызыметін жалғастыратын. Уақыт өте келе ол толық серіктестік шартына айналды. Осындай жолмен, орта ғасырлық толық серіктестіктің негізінде ортақ капитал жасау емес жасалған капиталды белгілеп ескерту жатыр.

Толық серіктестік Европада өте тез таралды , бірақ алғашқы рет құқық шығармашылық қызыметпен Францияның сауда – саттық қаулысында (Ordonnance de commerce) 1673 жылы «жай» серіктестік (sociеtе generale) деген атаумен бекітілді. 1808 жылғы сауда – саттық кодексінде (Code de commerce) бұл форманың аты «ұжымдық» (sociйtй ennomcollectif) серіктестік деп өзгертілді. Өзгермеген түрде екі мемлекеттің заңнамасында қабылданды. Айырмашылықтар тек толық серіктестіктерді заңды тұлға деп тануларында ғана болды. Тығыз жеке қатынастардың күші және қаражаттың аздығынан толық серіктестік экономикада айтарлықтай роль ойнай алмады. Сонымен қоса, аталған белгілер әсіресе серіктестердің толық жауапкершілігі өндірісті кеңейтуге қажетті капитал тартуға мүмкіндік бермеді. Серіктестер жаңа қатысушыға сенім білдіруі керек еді, ол үшін серіктестіктің қарыздарына толық жауапкершілік алуы ауыртпалық туындататын.

Келесіде, комерцияның дамуымен сауда – саттықты дамыту үшін капиталды еркін тартуға мүмкіндік беретін сауда – саттықтың формасын қажет етті. Коммандитты серіктестік осы формаға сай серіктестік еді. Серіктестік қатысушыларының бір бөлігі серіктестіктің кәсіпкерлік қызыметінен ерекшеленеді және осындай қатысушылардың жауапкершілігі, серіктестіктегі үлесіне сай шектеулі болды.

Алғаш ХI ғасырдың аяғында Венецияда пайда болғанымен, олар тек XII ғасырда комменд (commenda, commandita, commanda, accomandita communitates Жерорта теңізіндегі мемлекеттерде және sendeve солтүстік Европа мемлекеттерінде) деген атаумен кең өріс алып тарай бастады. Аталған кәсіпкерлік серіктестік форма сол кезде қарқынды дамыған теңіз сауда – саттығының себебімен пайда болдып дамыды. Кей кездері ұзақ теңіз сапарларына көбіне қауіпті сапарларға қатыса отырып пайда табатын.

Айта кетерлігі алғашында камменда сатып алушы мен үлескердің , инвестрдің, үлес беріп жіберушінің арасындағы қарым қатынасты ғана білдіретін. Серіктестіктің сыртқы көрінісі жағынан әлі қалыптаспаған еді. Кейінірек серіктестік ішіне сатып алушының аты кіретін ортақ фирма ретінде көрініс таба бастады, бірақ оған үлескердің аты кірмеді өйткені фирмаға үлескрдің атының кіруі оған серіктестіктің қарыздарының алдында жеке жауапкершілік туындататын. Г.Ф. Шершеневичтің пікірінше :« заңдық тұрғыдан кадрлық жалдау мен тапсырма, несиенің арасындағы қатынастарды білдіретін ». Бірақ тіркеу бір – ақ құжат негізінде жүзеге асырылатын.

В.В. Адрианов коммандитті серіктестіктердің пайда болуының тағы бір себебі әлеуметтік икемділігінде деп әділетті атап көрсетті. Е.А. Нефедьев «Дворяндар мен шенеуліктерге капиталдан жоғарғы пайыздар жинауға және саудамен айналысуға тиым салынған еді. Олардың үлескер ретінде қатысуы бұл тиымды айналып өтуге мүмкіндік берді » деп жазды.

Серіктестік бірлестік болғансоң комменда айтарлықтай күрделі конструкцияға айналды. Серіктестіктерде кеме ретіндегі жарғылық капиталдры болатын, оның бағасы көпестің белгілеуі бойынша үлес салмақтары бөлінді. Үлескер, комменда қатысушысы болу үшін иемденетін үлесінің құнын ақшалай төлеуге міндеттенетін. Ережеге сәйкес кеме құнындай үлес салмағын төлеу үлескердің жалғыз міндеті болатын. Бірақ қандайда – бір қосымша төлемдерде қарастырылуыда мүмкін еді. Серіктестікті басқару құрылтай жиналысының негізінде барлық қатысушыларының және олар сайлайтын директордың қатысуымен жүзеге асырылатын. Шешім көпшілік дауыспен қабылданатын ал қатысушылардың дауыс салмағы капиталдағы үлес салмағына тең болып табылатын. Сондай – ақ серіктестердің жеке жауапкершілігініңде орны бар. Егер көпес, кеменің иесі үшін толық жауапкершілік танылса, үлескерлер үшін жауапкершілік тек үлес мөлшерімен шектелетін. Сол кезде қалыптасқан салт – дәстүрге сәйкес үлескерді хабарландырмай қарыз пайда болған жағыдайда ол жауапкершіліктен босатылатын. «Қалыты жұмысы барысында әр – қайсысының қызыметтегі үлесі, қарыздарының орнын толтыру үшін жеткілікті негіз болып табылатын. Коммандитті серіктестікте, егер қатысушылар істі басқаруға жеке жауапкершілік алмаса жауапкершілігін шектей отырып, белгілі шектеулер қою туралы қағыйда пайда болды».

Аталған серіктестіктің алғаш қықұқық шығармашылық бекітілуіде 1673 жылғы Француз сауда қаулысы (Торговый ордонанс) болып табылды. Коммандитті серіктестіктер алғаш заңды тұлға ретінде 1808 жылғы Француз сауда – саттық кодексінде танылды.

1892 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге арналған заң шықты. Бірінші кезекте ол акционерлік форма тым қымбат және ауқымды болып табылатын шағын кәсіпкерліктерге есептелген еді. Жаңа серіктестікке байланысты туындаған қорқыныш негізді болды, өйткені негізгі сұрақ қатысушылардың, қарыздарға қатысты жауапкершілігін шектеу (дәлірек айтсақ алып тастау) болып табылатын. Сол уақытқа дейін, серіктестіктердің жауапкершілігін шектеу кредитті сақтау туралы шарлармен реттеліп, ережеден тыс берілетін ерекше артықшылық болып есептелетін. Сондықтан, мұндай серіктестіктерді айналымға түсіру, белгілі қатысушылардың атына иек артатын үшінші тұлғалар үшін қауіпті деп саналтын. Бұл форманы, акционерлік кмпаниядан ерекшелендіретін жеке элементі болуы керек болатын. Осындай жолмен, кредит берушілердің мүддесі мен қызығушылықтарын қамтамасыз етілд,і екінші жағынан қатысушылардың жауапкершілігі шектелді.

Германдық заң бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік талассыз заңды тұлға ретінде мойындалды. Онда серіктестердің құрамы және серіктестік туралы шарттың құрылымы көрсетіле отырып тіркелуі қажет. 20000 марка көлемінде минималды капитал талап етілді. Серіктестер кәсіпкер болып табылмасада болатын еді, жалпы ережеге сәйкес кәсіпкер өзінің салған үлесінен артық еш нәрсемен тәуекел етпейтін. Бірақ жарғыда қосымша салымдар туралы міндеттеме қарастырылуы мүмкін еді. Қатысушы өзінің үлесін (пай) толық төлемеген жағыдайда, төленбеген үлес үшін, қалған қатысушылар ортақ жауапкершілікте болады және олар әрқайсысының пропорционалды түрде үлесіне қарай жетпеген үлесті толтыруға міндетті. Серіктестіктерде пайлар үлескерлерден артық болуы мүмкін емес, Әр – қайсысында тең мөлшерлі пай болмасада бір пайдан болады. Балансты жариялау міндеті болмады(банктік операциялардан басқа) .

Берілген ұйымдастырушы – құқықтық форманың Германдық заңдармен жойылмаған негативті тұстарына келесі мәселелер жатады. Бұл жағыдайда, негзгі капиталдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралардың болмағаны туралы В.В. Адриановпен келіпеуге болмас. «Жариялы есептілік міндеті болмады және осыған сәйкес несие берушілерге өз талаптарының жалғыз кепілі ретінде серіктестңктердің мүліктік жағыдайлары белгісіз болды. Бірақ мұның есесі ретінде тек – қана қатысушылардың қарауына жататын жарғыға қосымша салымдар жасау міндеттілігінің енгізілуі болды »

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басқа мемлекеттердеде ерекше танымалдылыққа ие болды және кеңінен тарады.

Кейінірек, аталған серіктестікке айтарлықтай өзгерістерге ұшырады : жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір тұлғамен – жеке немесе заңды тұлғамен құрылуына мүмкіндік берілді .

1)Рессейде ұзақ уақыттар бойы шаруашылық серіктестіктер заң шығарушылық қызыметпен реттелмеген еді. Рессей империясында заңдар жиынтығын жасақтағаннан кейін серіктестіктер туралы ереже азаматтық заңдар жиынтығына және сауда жарғысына енгізілді. Серіктестіктердің кешенді тізімі болды оған толық серіктестік, сенімді серіктестік, акционерлік серіктестік, артельді серіктестіктер кірген еді.

1922 жылғы РСФСР – дың азаматтық кодексінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге тек қана төрт бап арналды – 318 -321. Батыс Европалық үлгімен ұқсастығы тек қана атаулары еді, ал мәні жағынан ұқсамайтын. Негізгі айырмашылығы – қатысушылар серіктестіктерге салған салымдарымен ғана емес сондай – ақ жеке мүліктерімен бәріне бірдей әр –қайсысы үлес құнынан еселенген қатынаста жауапты болатын. Сонымен қоса, серіктестік белгіленген, өзгермейтін жарғылық капиталға ие емес. Әр – бір серіктестіктің мұшесі оған кіре отырып алғашқы салым жасайды, және бір мезгілде арыз бере отырып қалаған уақытында мүшеліктен шыға алатын. Бұл жағыдайда ол мүліктік қатынаста серіктестіктен бөлініп шығатын. Яғни капиталдың және жеке құрамның мүшелерінің өзгеріштігі бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәні қатысушылардың жауапкершілігі шектеулі болған кезде капиталдың өзгергіштігі бар кооперативтік серіктестік деп анықталатын. Серіктестікке белгілі салаларда ранайы рұқсатпен ғана жол берілетін, жиырмасыншы ғасырлардың аяғында айналымнан қысып шығарылды.

Серіктестіктер мен қоғамның тарихи аспектілерін, пайда болуын және дамуын зерттей отырып қортындылайтын болсақ, келесі мәселелерді айта кету керек. Экономикалық және қоғамдық қажеттіліктер, юридикалық формасы серіктестік шарты болып табылатын, сауда – саттық серіктестік бірлестіктердің, алғашқы сатыда пайда болуына алып келдіп соқты. Екінші жағынан, мүліктік – ақшалай қатынастардың кең таралуы заңды тұлғалардың доктринасының пайда болуына септігін тигізді. Бұл құқық суьектісі ретінде серіктестікті заңды тұлғадан айыратын концепцияны жасауға мүмкіндік берді. Бұл орайда аталған үрдіс оқшауланған түрде болды. Шарттық құқық негізінде қалыптасатын заңды тұлғалар мен серіктестңктерді кодекстер бөлек реттеген.

Заңды тұлғалардың әр - түрлі формалары, капиталдардың жиынтығын, немесе оның қандайда бір бөлігінің айналымға түсуін жүзеге асырады. Сондықтан шаруашылық серіктестіктер мен ұйымдарға, заңды тұлға мәртебесін беру мәселесі сөзсіз алдыға қойылуы керек болды. Оларды реттеу міндетті құқық нормаларымен емес, заң нормаларымен жүзеге асырылды , бұл серіктестіктерді регламенттеудің алғашқы кезеңіне тән құбылыс еді.

Сондай – ақ тәжербие шаруашылық серіктестіктердің модельін жетілдіруді міндеттеді ол бірінші кезекте несие берушілердің мүдделерін қорғауға бағытталуы керек болатын. Осыған байланысты шаруашылық серіктестіктер мен ұйымдардың кешенді тізімі пайда болд. Осыған сәйкес егер тараптар шартта жаңа заңмен реттелмеген серіктестіктің құрылғанын жариялайтын болса онда онда шарт үшінші тұлғалар үшін міндетті емес.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің экономикалық мәні бойынша капиталды ұйымдастыру мен оны айналымға қосудың формасы болып табылады. Аталған форма кәсіпкерлік қызыметпен шұғылдану кезіндегі тәуекеді төмендетті. Көрсетілген серіктестік кейінірек ұйым атала бастады, шаруашылық атынан кәсіпкерлік қызыметті жеке жүргізуге және бақылауға , шартар жасасуға, міндеттемелер алуға мүмкіндіктер берді.

Серіктестіктің қатысушылары, пайда тауып және өз қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, тек қана экономикалық мәні бойынша кәсіпкер болып табылатын аздаған қатысушылардың капиталымен, капитал тартпай жұмыс істейді, бірақ заңды түрде олай тіркелмейтін. Бұл ерекше қатысушы сонымен қатар ұйым болып табылатын, бір қатысушысы бар ұйымда, жеке өзі барлық келісімдерді ұйымның атынан жүзеге асырған кезде байқалады. Тарихи, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, айналымға шағын адамдар тобының немесе бір тұлғаның капиталының бөлігін кіргізугу мен тіркеуге арналған. Бұл кәсіпкерлік қызыметтегі серіктестерді таңдау мен бақылауға мүмкіндік беретін.
1.2 Қазақстандағы шаруашылық серіктестіктерді құқықтық реттеу мен даму тарихы

Қазақстандағы азаматтық заңнаманың жүйесі бойынша ең кең өріс алғаны бұл ресми позиция еді, оның мәні келесідей: Азаматтық кодекс – негіз қалыптастыруышы және жүйе құраушы құқықшығармашылық акт. Басқа сөзбен атйсақ, кодекс барлық нормативтік құқықтық актілер негізге алатын, жекелеген азаматтық құқықтық қатынастарды бөлшектеп ерекшелейтін және реттейтін біріңғай құқықтық фундамент жасады.

Алғашында Кодекске негізгі реттеуші қызыметті атқарды. Негізгі, бірақ жалғыз емес, өйткені оның жекелеген институттары өзінің дамуын басқада құқықшығармашылық актілерде жүзеге асыруы керек еді. Бұған дәлел -11 т. Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің қаулысы «Қазақстан Республикасының Азаматық кодексін іске қосу(жалпы бөлім) туралы» 1994 жыл 27 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің тапсырмасымен 1995 жылдың 1-ші қаңтарына дейін белгіленген тәртіпке сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу және онымен мәміле, жылжымайтын мүліктің ипатекасы, мемлекеттік кәсіп орын, шаруашылық серіктестіктер, заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі, өндірістік кооператив туралы заң жобаларын жасақтау және көрсету тапсырылды.

Тікелей шаруашылық серіктестіктерге Азаматтық кодекстің бірінші редакциясында

Тікелей шаруашылық серіктестіктерге Азаматтық кодекстің бірінші редакциясында 38 бап(58 баптан-95 бапқа дейін ),

Непосредственно хозяйственным товариществам в первой редакции Кодекса было посвящено 38 статей (ст. ст. 58-95), которым в качестве исключения из общего правила, предусмотренного ст. 4 ГК, была придана обратная сила. Так, в соответствии с частью второй п. 4 названого Постановления Верховного Совета от 27 декабря 1994 г., к хозяйственным товариществам и производственным кооперативам, созданным до официального опубликования Гражданского кодекса (Общая часть), применяются его нормы о соответствующем виде хозяйственного товарищества и производственного кооператива.


Информация о работе «Шаруашылық серіктестік»
Раздел: Экономика
Количество знаков с пробелами: 27472
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
385825
15
4

... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...

Скачать
39421
6
9

таға жазыла алады немесе Х.25 ақпараттық канал бойынша есептерге ресімдеулерге орталыққа жіберу керек. 1 5ESS Цифрлық коммутация жүйесі 5ЕSS жүйесі Network systems international АТ & Т Фирмаларының; Аlcatel-lucent серіктестікпен әкелініп жатыр. Пайдаланымға барлық әлемге 40 млн нөмірлердің жанында ...

Скачать
245613
16
3

... ң жоқтығы да себеп болып табылады, бұған көптеген мәселелер себеп болып табылады. Қолданыстағы салық заңнамасы бухгалтерлік есептің мәліметтерін олардың салықтық мақсатта қолданылуына әрқашан ұсына бермейді. Бұл мәселені Қазақстан Республикасыны ...

0 комментариев


Наверх