3. Техникалық күтім және жөндеу

Аккумуляторды қасиетіне байланысты қайтымды элементтер деп атайды. Қайта зарядтау және разрядталу кезінде аккумулятор істен шықпайды,қайта белгілі бір шекте оның қасиетін жақсартуға көмектеседі, соның нәтижесінде аккумулятор қызметіне электродтар пластиналарының біртіндеп тереңірек қабаттары қатыса бастайды. Егер аккумуляторды тоқ көзінен ажыратып алып, кез келген бір энергия қабылдағышына қоссақ аккумулятор электродтары бірінен-бірі химиялық құрамы жағынан айырмашылығы бар пластиналар болып келетін ток көзіне айналады.




4.Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Автомобиль кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігі

Автомобильдер кәсіпорындар аймағы үнемі таза және жинақы болуы тиіс. Май болған және өндіріс қалдықтары аймақтан алып кеткенге дейін арнайы темір жабық қораптарда жинап сақталынады. Төгілген отын майлағыш материалдар тез арада жиналуы керек.

Автомобиль кәсіпорындары аймағында, автомобиль тұрағына жақын жерлерде тез тұтанатын материалдарды сақтауға, темекі тартуға, от жағуға қатаң тиым салынады.

Барлық өндіріс орындары өз уақытында жиналып, таза тұруы керек. Өткелдерді, дәліздерді, баспалдақтарды, тамбурларды, шығу жолдарын құрал – жабдықтармен құрал-жабдықтармен жаппай бос ұстау керек. Эвакуациа кезінде пайдаланылатын есіктер еркін ашылуы керек. Арнайы өрт сөндіру бұрышы болуы керек. Онда ілгекті бақан, күректер (қуыс және тік), шелек, құм салынған сыйымдылық,сүймен, участокқа тәуелді өрт сөндіргіштер( ОП-5, ОПХ-10, ОУ-10, ОУ-25, суы бар сыйымдылық болуы тиіс.

Автомобиль кәсіпорындарындағы электр қауіпсіздігі

1. Тек дұрыс электр құралдарын пайдалану керек. 2.Кернеуі 12 В қарау орларында кернеуі 36 В жарықтандырғыш приборларды пайдалану

3. Электр қауіпсіздігі мақсатында дымқыл қарау орларында жұмыс жасауға тыйым салу

4. Электр құралдарын арнайы жерге қосушы өзегі бар штангалы кабель көмегімен электрлі желіге қосу керек

5.Контактілі ажыратқышы бар электрлік көтергіштерді пайдалану

Автомобильді жөндеу және қызмет көрсеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі

1. Автомобиль дөңгелегін сенімді тежеу.

2. Кернеуі 12 В қарау орларында кернеуі 36 В жарықтандырғыш приборларды пайдалану керек.

3. Бөлшектерді этильді бензинде жууға тиым салынады.

4. Құралдар таза және дұрыс болуы керек.

5. Құралдарды басқару жеңіл және орнықты болуы тиіс.

6.Көтергіште жұмысты бастамас бұрын «Қозғамаңыз-автомобиль астында адамдар жұмыс жасап жатыр» деген жазуы бар ескертуші плакат ілінуі керек.

7.Гайкалы кілттер дұрыс және гайка размері мен болт бастарына сәйкес келуі керек және төзімді болуы керек.

Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда қауіпсіздік жағдайлары жасалуы тиіс.Әкімшілік өндірістік жарақаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік техникасының осы заманғы құралдарын енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті,әкімшілікке барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және бұл орындарда еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайын жасау жауапкершілігі жүктеледі.Мұндай ережелерді профсоюз келісімі бойынша бекітеді.Әкімшілік жұмысшылар мен қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы,өндірістік санитария,өрттен сақтану және еңбекті қорғаудың басқадай ережелері бойынша нұсқау беруге жауапты,сонымен қатар еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулардың барлық талаптарын қызметкерлердің орындауын тұрақты түрде бақылап отырады. Ережелер бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс істеу ережесін белгілейтін жөніндегі нұсқауларды,сонымен бірге,машиналармен және механизмдермен жұмыс істеудің белгіленген жеке қорғану құралдарымен пайдалану талаптарын орындауға міндетті. Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды,сондай-ақ ерекше температура жағдайында немесе ластанатын жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім,арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары беріледі. Ластанатын жұмыстарда сабын,ал зиянды әсер ететін заттардың денеге залал келтіруі мүмкін жұмыстарда жуғыш және залалсыздандыратын заттар тегін беріледі. Зиянды жұмыстарды істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге тегін сүт немесе соған теңестірілген басқа тағам өнімдері,ал еңбек жағдайлары ерекше зиянды жұмыстарда емдік-профилактикалық тағам тегін беріледі.

Медициналық-профилактикалық шаралар. Қызметкердің нақты шаруашылық мамандығындағы еңбектің ерешелігіне сәйкестігін анықтау үшін міндетті түрде (жұмысқа алынар кезде) және ауық-ауық ( жұмыс барысында) медициналық байқаудан өткізу көзделген. Өндірістерде жоғары вольтті жабдықтармен жұмыс істейтін қызметкерлер тракторлардың, автомобильдердің және басқа өздігінен жүретін машиналардың жүргізушілері , мал фермаларының қызметкерлері, газ электрлік пісірушілер( газэлектросварщиктер), темір ұсталар, жезшілер және басқалар алдын ала ауық-ауық медициналық байқаудан өтулері қажет.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Буравлев Ю.В. и др. Устройство, обслуживание и ремонт автомобилей Камаз: Учебник для сред.проф.- техн. училищ/ Ю.В. Буравлев, О.А. Мортинов, Е.В. Клетенников.- М.: Высш.школа, 1979 г-256с

2. Браун В.Н., Азаматов Р.А. , Машков Е.А. и др. Автомобили Камаз: Техническое обслуживание и ремонт.-2-ое изд.перераб. и доп. – М.: Транспорт, 1988 г – 325с

3. Руководство по ремонту и техническому обслуживанию автомобилей Камаз-740, -53211, -53212, - М. : Третий Рим, 2000 г -240 с.

4. Титунин Б.А. «Ремонт автомобилей Камаз» -2 –ое изд., перераб. И доп. – М . : Агропромиздат, 1991г -320с


Қорытынды

Мен практикада болған кезде Камаз автокөлігін қыздырып, айдап көрдім. Сол кезде Камаз автомобилінің құрлысымен танысып, соның ішінде менің емиханның жазба жұмыс тапсырмасы бойынша Камаз – 740 автомобилінің аккумулятор батареясымен танысып, құрылысы, ақаулары және жұмысымен толық танысып, жұмыс жасап көрдім.

Сондағы механик ағалардың жұмыс тәжірибесімен танысып, өзіме керекті көп сауалға жауап, тәжірибе алдым. Аккумулятор ақауларымен танысып, қатаң күтімді талап ететінін білдім.

Аккумулятор батареяларын жұмысқа дайындау, сақтау жолдарын үйреніп, уақытында тексеріп тұру керектігін үйрендім. Күтімсіз, тексерусіз ұсталған аккумулятор батареяларының тез тозатындығын білдім.


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Атырау қаласы

№ 7 Кәсіптік лицей

«Бекітемін»

Директордың өндірістік

оқу жөніндегі орынбасары

-------------- М. Жұмағазиев

«----»------------------ 2008 ж

Емтиханның жазба жұмысына тапсырма

 

Бітіруші_____________________________________________________

Топ ______________________________________________________

Мамандығы__________________________________________________

Тапсырма тақырыбы _________________________________________

____________________________________________________________


Тапсырма мазмұны:

1.   Кіріспе

2.   Құрылысы, жұмыс істеу технологиясы және ақаулары

3.   Техникалық күтім және жөндеу

4.   Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

5.   Графикалық бөлім(жүйенің жалпы сұлбасы)

6.   Қорытынды

7.   Қолданылған әдебиеттер


Информация о работе «Емтиханнын жазба жумысына тапсырма»
Раздел: Транспорт
Количество знаков с пробелами: 24772
Количество таблиц: 1
Количество изображений: 2

0 комментариев


Наверх