Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
«Арнайы білім беру мекемелерде қол енбегі мен бейнелеу өнеріне оқытудың теориясы мен технологиясы »
пәнінен
5В 010500- «Дефектология» мамандығына арналған
ДӘРІС ЖИНАҒЫ
Дайындағандар: С.Т.Боранбаева, Б.Д Архабаева.
Мазмұны
1. Түсініктеме ....................................................................
2. Дәрістер .........................................................................
1. Курсты оқытудың маңыздылығы және қажеттілігі
Оқу жоспарымен сәйкес «Арнайы білім беру мекемелерде қол енбегі мен бейнелеу өнеріне оқытудың теориясымен технологиясы» курсы «Дефектология» мамандығында оқитын 3 курс білімгерлеріне арналып жасалған. «Арнайы білім беру мекемелерде қол енбегі мен бейнелеу өнеріне оқытудың теориясымен технологиясы» пәнінің дефектолог-мамандар дайындаудағы ролі өте зор. Пәннің ғылыми-теоретикалық негіздерін игеру; дамуында ауытқулары бар балаларға арналған мектептерде «Бейнелеу өнері», «Қол енбегі» сабақтарды жүргізуге студенттерді дайындау; түрлі кемістігі бар балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктері; кіші сыныптардағы мұғалімдердің кәсібилік білім мен іскерлікті қалыптастыруы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түрлі мекемелерде түзету-тәрбиелеу жұмыстың бағыттарын анықтау аспектілері қарастырылған.
Курсты оқыту мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде тәжірибелік және теориялық білімдерді меңгерткенде қажет болып табылады.
2. Пәннің мақсаты және міндеті
Мақсаты – арнайы мектептерде интеллектісінде және сесорлы бұзылыстары бар балаларға қатар пәндерінен басқа бейнелеу өнер және қол енбегіне оқытатын дефектолог-мұғалімдерді даярлау, мүмкіндігі шектелген балаларға түзету көмектің оптимизциялау барысында интеллектісінде бұзылыстары бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері мен өзгешілігі туралы білім қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеті болып табылады:
- пәннің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу;
- дамуында ауытқулары бар балаларға арналған мектептерде «Бейнелеу өнері», «Қол енбегі» сабақтарды жүргізуге студенттерді дайындау;
- ауызша сөйлеу тілінің қалыпты дамуына жеткізетін әдіс тәсілдерді меңгеру.
3. Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар
Білімгер таныс болу керек:
пәннің ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздерімен; интеллектісінде бұзылыстары бар балалардың психологиялық ерекшеліктерімен; арнайы мектепте «Бейнелеу өнері» және «Қол енбегі» сабақтарды ұйымдастыру және жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптарымен;
Білімгер білуі қажет:
дамуында ауытқулары бар балаларды қол енбегіне және бейнелеу өнеріне оқытудың әдістерімен міндеттерін; оқу материалдың оқу жылдарына таратылып бөлінуі;
Білімгер жасай алуы қажет:
сабақтың мақсатын айқындау, жоспарлау және ұйымдастыру; сабақтың ұйымдастыру түрін және өткізілетін әдістерін анықтау; ғылыми теоретикалық әдебиеттерді, ғылыми зерттеулерді тәжірибеде қолдану.
4. Пререквизиттер және постреквизиттер:
Пререквизиттер: сөздік бойынша жұмыс дағдысы, әдеби материалдарды талдау ептілігі, «Физиология және анатомия», «Гигиена», «Жалпы психология», «Арнайы психология», «Педагогика», «Арнайы (түзету) педагогика», «Логопедия негіздері», «Фонетикалық және логопедиялық ритмика».
Постреквизиттер: «Ақыл есі кем оқушылардың психологиясы», «Дыбыс шығару қабілетін түзету жұмыстың әдістемесі», «ҚР логопедиялық жұмысты ұйымдастыру».
0 комментариев