3 Тау қазбаларына бағыт беру

Тау-кен өндірісі кәсіпорындарының құрылысын жүргізгенде және пайдаланған кездегі маркшейдерлік қызметтің ең маңызды жұмыстарының бірі- ол тау-кен қазбаларының жобадағы орындарын жергілікті жерде қамтамасыз ету.Осыған байланысты маркшейдер техникалық жобаға немесе тау-кен жұмыстары дамуының календарлық планына сәйкес, әрбір қазбаның орнын анықтайды, жұмысты жүргізудің тапсырмасын дайындайды, жобадағы бағыттарды жер астына көшіреді, қазбаның жүргізілуінің жобада берілген бағытқа, профиль көлбеулігіне және қазбаны бекітудің паспортына сәйкестігін қадагалайды.

Атқарылатын осы жұмыстардың ішіндегі маркшейдердің ең жиі қадағалайтыны тау-кен қазбаларына горизонталь және вертикаль жазықтықтарда бағыт беру жұмыстары.Бағыт берудің түрі мен әдісі өндіріс жағдайына және қазбаның атқаратын міндетіне, кен қабатының жатыс элементтеріне және т.б. факторларға байланысты болып келеді.

Кен қазбаларына белгілі бір жазықтықта бағыт беру үшін маркшейдер есептеу жұмыстарына қажет пункт координаталарын (x,y,z) білуі керек және жобаланатын бағыттардың дирекциондық бұрыштарын, бағыттар арасындағы бұрыштың, сызықтық көлбеу бұрышын, көлбеу ұзындықты және оның горизонталь, вертикаль жазықтықтардағы проекцияларын және т.б. анықтау сияқты есептерді шеше білуі керек.

Маркшейдерлік практикада кездесетін бірнеше есептердің шешу жолдарынан мысал келтірелік.

1. Төмендегі 3 а-суретінде А және В пункттерінің координаттары, яғни А және В берілген делік.Осы мәліметтерге сүйене отырып АВ бағытының дирекциондық бұрышын - ; А мен В пункттерін қосатын сызықтың горизонталь проекциясын және ұзындығын; АВ-ның көлбеу бұрышын анықтау былайша орындалады.

АВ – ның дирекциондық бұрышы төмендегі формуламен есептеледі

Сызықтың горизонталь проекциясы келесідей анықталады

Сурет 4. Схемалар: а – кері есепті шешу, б – бағыттар арасындағы бұрышты анықтау, в – екі түзудің қиылысқан нүктесінің координатасын анықтау

АВ сызығының көлбеу бұрышы келесі формуламен есептеледі

мұндағы, s – А және В пункттері арасындағы S ұзындықтың горизинталь проекциясы.

АВ сызығының ұзындығы келесі формуламен анықталады

Есептеу дұрыстығы келесі формуламен тексеріледі

4 Жоғарыдағы 3 б – суретте дирекциондық бұрыштар белгілі екі қиылысқан сызықтар (АВ және ВС) берілген. Осы мәліметтер арқылы жүріс бойынша оң және сол жақтарында жатқан бұрыштарды (βоң және βсол) анықтау келесі формулалар арқылы анықталады.

5 маркшейдердің күнделікті жұмысында екі бағыттың қиылысқан нүктесінің координаталарын анықтау, яғна АЕ және CG түзу сызықтарының қиылысқан нүктесін D (3 в – сурет) анықтау қажет болады. Айтылған екі түзудің қиылысқан D нүктесінің координатасы BCD үшбұрышын шешу арқылы анықталады.

Дирекциондық бұрыш - аСВ келесі формуламен алдын ала анықталады

СВ қабырғасының ұзындығы келесі формуламен анықталады

Ал тау – кен қазбаларына бағыт беру маркшейдерлік аспаптар арқылы жүзеге асырылады. Бағыт беруде, бағыттың түріне, қазбаның атқаратын міндетіне және дәлдікке қойылатын талапқа байланысты қажетті аспап таідалады.

Жер асыт қазбаларында жобада көрсетілген, кеңістікте орналасу тәртібі қатаң сақталынуы керек. Әртүрлі қателік көздерінен сақтану үшін маркшейдер түсірім нәтижелерін жобадағы шамалармен салыстырып отырады. Жобадан ауытқулар шектік шамалардан аспауы керек, ал асып кеткен жағдайда шұғыл шаралар қолданылады да, ол жерге түзетулер енгізілуін маркшейдер бұл жұмысқа жауапты қызметкерлерден талап етеді.


Информация о работе «Жылжулар туралы жалпы мәлімет, терминдер мен көрсеткіштер. Карьерлер мен отвалдарды бақылау технологиясы»
Раздел: Геология
Количество знаков с пробелами: 31438
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 8

0 комментариев


Наверх