3.1 Тау-кен қазбаларына вертикаль жазықтықта бағыт беру

Тау-кен қазбасының ылдилығына немесе көлбеу бұрышына байланысты, вертикаль жазықта бағыт беруде әртүрлі тәсілдер қолданылады

Көлбеу бұрышы 5-6-қа дейінгі (i=0,1) қазбаларда вертикаль жазықтықта бағыт беру нивелир, деңгейлері бар қалып, ватерпас және жарық сәулелі және т.б. аспаптар арқылы жүзеге асырылады.Бағыт беруде нивелирді қолданғанда қазбаға , аралары 1-1,5 м қабырғалық (бүйірлік) реперлер орнатылады. Мысалы, вертикаль жазықтықта бағыт беру үшін рельстің басынан биіктігі d жерден қазба қабырғасына R репері орнатылады.

Сурет 5. Жер асты қазбасына бүйірдегі (қабырғадағы) реперлермен вертикаль жазықтықта бағыт берудің схемасы

Оның абсолют биіктігі нивелирлеу арқылы анықталады және ондағы рейкадан а- есебі алынады. Одан кейін R реперінен 5-6 м қашықтықта қазба қабырғасына А нүктесі белгіленеді. R реперіндегі тұрған рейкамен А нүктесі арасындағы арақашықтық өлшеп, берілген көлбеулік бойынша биіктік өсімшесін h= есептейді. Содан кейін А нүктесінен төмен қарай a+h шамасы салынып, R репердің орны анықталады және реперлерінің арасына жіп керіп қойсақ, онда ол жіптің рельстен биіктігі біркелкі болады, яғни жобадағы көлбеулік сақталады.Осылайша қазба қабырғасына бекітілген R және R жармасы берілген көлбеулікті көрсетеді.

Көлбеу бұрыштары 6-тан жоғары кен қазбаларын жүргізуде теодолит қолданылады. Теодолит арқылы бағыт беруде, оны белгілі маркшейдерлік нүктеге орнатып, вертикаль дөңгелегіне жобадағы қазбаның көлбеу бұрышы қойылады. Одан кейін көздеу сәулесінің жармасына тіктеуіштер іліп, олардың сәулемен қиылысқан нүктелері белгіленеді.

Сурет 6. Вертикаль жазықтықта теодолит арқылы бағыт беру

Лазерлік сәуле арқылы бағыт беруде ЛВ-5М көздегіші, нивелир-көлбеуөлшегіш (7.6-сурет) және т.б. аспаптар қолданылады.

Сурет 7. а- ЛВ-5 лазерлік көздегіш; ә-нивелир-көлбеуөлшегіш

ЛВ-5 лазерлік визир тек кен қазбаларына бағыт берумен ғана шектелмейді, оның қызмет көрсету ауқымы өте кең. Бұл аспап арқылы метродағы өткелдер мен щиттерге 10-қа дейінгі көлбеулікте бағыт бере алады.

Сурет 8. Ватерпас

Вертикаль жазықтықта қазбаның көлбеу бұрышы, ылдилығы ватерпаспен тексеріледі (7.7-сурет). Ватерпас бір-біріне перпендикуляр қағылған екі кесек-ағаштан жасалған, қарапайым рельстерді төсеуге өте қолайлы құрал. Ол: ұзындығы 2 м кесек ағаштан – 1,кіші кесектен – 2; тектеуіш – 3, штрих – 5 және биіктіктері әртүрлі (Hжәне H) ағаш қондырғылардан (4 және 6) тұрады.Ватерпастың көлбеулігі мына қатынас (H- H)/ арқылы анықталады және ол осы ватерпас үшін тұрақты болады.

Мысалы, H=0,04м, H=0,02м және кесек ағаштың ұзындығы 2м болғанда, көлбеулік мына формуламен анықталады.

Жол салу кезінде ватерпасы рельс үстіне қойып, берілген көлбеуге сәйкес ватерпастың забойға қараған жағын көтеріп немесе төмен түсіріп отырады.


Информация о работе «Жылжулар туралы жалпы мәлімет, терминдер мен көрсеткіштер. Карьерлер мен отвалдарды бақылау технологиясы»
Раздел: Геология
Количество знаков с пробелами: 31438
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 8

0 комментариев


Наверх