Заманауи сот жүйесі

65976
знаков
0
таблиц
0
изображений

Заманауи сот жүйесі сот ісін шешудің оңайлатылған тәртібіне бет алу бағытымен дамып келе жатыр. Кейбір осы бағыттың жоспарындағы сырттай шешім шығару және бұйрық өндірісі сияқты институттар ертеден қолданылатыны бәрімізге мәлім. Азаматтық айналымның өсуімен жаңа оңайлатылған рәсімдерді енгізудің қажеттілігі туындап отыр, себебі сотқа келіп түсетін істердің көлемі тым жоғары. Мысалы өткен ғасырдың 20 жылдары КСРО-ның жаңа экономикалық саясаттың кезеңіне өтуі соттарда қаралып жатқан істердің көлемін екі есеге арттырды.

Азаматтық істерді оңайлатылған өндірісте қозғау мен шешу шет елдік процестік құқыққа да тән. Мысалы, Францияда мынадай оңайлатылған рәсімдер қолданылады:

- Егер талап соммасы болмашы болса талап арызды сот хатшысына жолдау;

- Шартты міндеттемелерді орындау туралы бұйрық;

- Даусыз ақшалай міндеттемелерді өндіріп беру туралы бұйрық;

- Кейінге қалдырылмайтын талап арыздарды қарау және шешу рәсімі, яғни тараптардың бірінің өтінішімен қозғалып бұзылған құқықтарды қорғауға бағытталған уақытша сот актісін шығару арқылы жүзеге асыру және т.б.

Азаматтық істерді қараудың жеңілдетілген тәртібін енгізуде, заң шығарушы кейбір оның тұстары мен көріністеріне сақ болуы тиіс. Өйткені соттың шешуіне берілген азаматтық істерді жеңілдетілген тәртіпте қарауы істердің көлемінің көбеюіне алып келеді. Бірақта оңайлатылған рәсімдердің рөлі мен маңызын бағаламауда, соттардың істерді қарау барысында мерзімді сот әділдігіне жетуін тежейді. Әлбетте осындай сот рәсімдерінің азаматтық процесте қолданылуы әділсотты тез және тиімді жүзеге асыруды, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотта қорғауға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жалпы тәртіптеппен қаралатын талаптық сот өндірісімен салыстырғанда процесс оңтайландырылады. Соттар детальды қарау рәсімдерін қажет етпейтін істерден арылады, сөзбұйдалық жойылады.

Оңайлатылған өндірістің құқықтық табиғаты, дифференцияциясы және өзге де осыған байланысты сұрақтар азаматтық процестік ғылымда ғалымдардың пікірталасын туғызады. Өзімнің көрсетілген сұрақтарға қатыстылығымды және азаматтық процестік заңнамаға тиімді ұсыныстар енгізуім үшін бірінші кезекте соттардың жалпы юрисдикциясындағы бұйрық өндірісінің және төрелік соттағы оңайлатылған өндірістің қалыптасу тарихы мен ерекшелігін қарастыруымыз керек.

Преторлық қорғау формасындағы бұйрық өндірісінің аналогиясы ежелгі рим құқығынан бері қалыптасып келе жатқандығы жалпыға мәлім. Тұлғалардың мүдделерін бұзушы қандай да бір әрекеттің тез арада тоқтатылуына арызданушының өтінішімен претор өкім (интердикт) шығарып отырған. Алғашында претор интердикті фактілерді зерделеген соң шығаратын болған, сондықтан интердикт шартсыз және даусыз тікелей орындалуға жататын өкім ретінде қалыптасты. Кейіннен істердің көлемінің көбеюіне байланысты фактілерді тексерусіз қайта даулауға болатын шартты өкім ретінде шығаратын болды. Егер тұлға, оған қатысты шығарылған интердикті даулап соттың тағайындалуын талап етсе, бұл талап қанағаттандырылатын. Тағайындалған сот талқылауы кезінде сот интердикттің заңды және негізді шығарылғанын мақұлдауы мүмкін (бұл жағдайда бұйрық шарттыдан шарттсыз дереу орындалуға жататын сот актісіне айналады), немесе жауапкердің пайдасына шешкен.

Сот өндірісінің оңайлатылған (жеңілдетілген) рәсімдерінің келесідей тарихы ортағасырлық Европада жақсы танылған. Олар вексель мен даусыз құжаттарды өндіріп алу бойынша сот грамотасы түріндегі актіні шығару туралы істер. Кейіннен Ресейде оңайлатылған сот өндірісінің әлдеқайда дамыған үлгідегі жүйесі пайда болды. (Псковская и Новгородская судные грамоты, Судебники 1497 и 1550 гг., Соборное уложение 1649 г., Устав гражданского судопроизводства 1864 г.)

Ресейдің азаматтық сот өндірісінде оңайлатылған өндірістің даму тарихының тамыры тереңде. Оңайлатылған өндірістің үлгісі XV ғасырдың аралығында қалыптаса бастады. Псковтық және Новгородтық сот грамоталары даусыз сот грамоталардың құрамын еске түсіреді. Олар сот мәжілісіне жауапкердің келмеуіне байланысты сот талқылауынсыз шығарылған сот шешімінің көрінісі. Жауапкердің сот отырысына келмеуі оның бұл істе жеңілісін білдірген, сол себепті жауапкердің сот талқылауына кеуінің бір құралы ретінде танылған.

Жеңілдетілген іс жүргізудегі даусыз грамоталар 1649 жылғы Соборлық жинақтада көзделген. Бұл нормаларда оңайлатылған өндірістің шарттары нақты көрсетіліп, даусыз грамоталар шығарылған. Мұндай даусыз шешімдер сот бұйрығына қарағанда, неғұрлым сырттай шешімнің үлгіс деп есептеуге болады. Бірақта дәл осы сот бұйрығы ресей заңнамасының оңайлатылған сот өндірісінің ережелерін қалыптастыру жолындағы алғашқы қадамы болып табылады. Бұйрық өндірісінің тарихы ресей заңнамасында алғашқы қалыптасуын 1864 жылғы сот өндірісінің реформасынан бастау алады. Осы реформаның дайындығы мен әрі қарай әзірленуі Ресей империясының азаматтық сот өндірісінің жарғысында азаматтық істердің басым көпшілігіне бұл өндірістің тәртібінің енгізілуі күрделі әрі баяу процес ретінде белгіленді. Азаматтық сот өндірісінің жарғысында жеңілдетілген тәртіппен қаралатын істердің тізімі көрсетілген. Жарғыдағы жеңілдетілген тәртіптегі істер мыналар:

- Қарызға алынған тауарды өндіру, пәтерді, үйлерді және өзге де үй-жайларды жалдау бойынша берешекті өндіру, қол өнершілірдің жұмысының өндірісі туралы талаптар;

- Сақтауға берілген ақша мен өзге де мүлікті қабылдап алу және тапсыру туралы талап;

- Шарттар мен міндеттемелердің атқарылуы туралы өтініш;

- Артықшылықтар туралы даулар;

- Шешімді атқару кезінде туындайтын даулар;

- Коммерциялық соттың соттылығына жататын талаптар, егер ондай соттар болмаған жағдайда;

- Зардап, шығын және өздігінен иемдену кезіндегі өтемақы туралы талап, егер олармен жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы даулар біріктірілмесе;

- Фабрикалық-зауытты, таулы, тау-кен өндіру өнеркәсібінің кәсіпорынындағы жұмысшылар мен қызметшілір және олардың отбасы мүшелеріне төтенше жағдай кезінде берілетін өтемақы туралы ережелерге негізделген талаптар;

Жеңілдетілген іс жүргізу өте қолайлы өндірістердің бірі, бірақ кей жағдайларда мұның өзі жеткіліксіз болды. Сол себептен өндірісті оңтайландыру және жеделдету мақсатында 1889 жылдың 29 желтоқсанындағы «Жергілікті басшылар мен қалалық соттардың сот істері өндірісі» туралы заңы акт бойынша мәжбүрлі атқаруды енгізді. Цивилист Т.М.Яблочков мына фактіге аса мән берген, яғни алғашқыда мұндай институтты тек жергілікті басшылар мен қалалық соттар ғана қолданған. Қоғамдық биліктің қатысуымен жүзеге асқан немесе куәландырылған актілер судьяға атқарушылық күшін қамтамасыз ету үшін берілген. Жауапкерді шақырмай судья актінің атқарылуы туралы қарар шығарған, бұл оның атқару парағын алмастырды. Өндіріп алушыға қарсы жауапкер сотқа 6 айдың ішінде талапты заңсыз деп тану туралы ұсыныс жасау жолымен қорғанған. Бұл институттың заманауи бұйрық өндірісінің қағидаларына сәйкес келетіндігін аңғартады.

Кейінірек 1891 жылдың 3 маусымында «Вексель бойынша, қарыздық міндеттемелер, жалдамалы шарт және жеңілдетілген сот өндірісі бойынша оңайлатылған тәртіптегі сот өндірісі» туралы заң қолданысқа енді. Бұл заң бойынша оңайлатылған және жеделдетілген өндірісте мынайдай істер қаралды:

- Жазбаша міндеттемелерге негізделген белгілі бір ақша соммасының төлемі туралы талап, тіпті соңғысы еш жерде куәланбаған жағдайда да;

- Пәтердің және жалдау шарты бойынша алынған жылжымайтын мүліктің өтемақысын өндіріп алу туралы талап;

- Тұрғынның және жалға алушының пәтерді немесе өзге де жалға алынған үй жайларды қолдану мерзімі өтуіне байланысты шығарылуы туралы талап.

Судья қарыздық міндеттемелерге байланысты істерді қараған кезде оңайлатылған өндірістің ережелерін басшылыққа алды. Мұндай істер судьямен жеке дара және прокурордың қатысуынсыз қаралды. Процеске тек қана талап қоюшы мен жауапкер ғана қатысады. Іске үшінші тұлғаларды тарту және істі кейінге қалдыруға рұқсат етілмеді. Мұндай істер бойынша сот шешімі шығарылған кезден бастап заңды күшіне енеді және шағымдануға жатпайды. Бірақ жауапкер бір жылдың ішінде өзіне қойылған талап бойынша жауапкершіліктен босату туралы сотқа өтініш беруге құқылы. Іс жалпы тәртіпте қаралуы үшін бір айдың ішінде өндіріске жіберілуі де мүмкін.

Мәжбүрлі атқару институтының әлдеқайда мақсатты және тиімді екенін тәжірибе көрсетті. Оңайлатылған өндірістің жойылуы үшін 20 жылдай қажет болды. Мәжбүрлі атқарудың ережелері жалпы тәртіптегі сотқа да және бітімгершілік келісімге келтіруші сотқа да қолданылды. 1912 жылғы 15 маусымдағы «Жергілікті соттарды қайта құру» туралы заң қабылданып, 1913 жылдың 2 шілдесінде заңды күшіне енді. Бұл заң оңайлатылған іс жүргізудің барлық ережелерінің күшін жойды. Мұнымен қоса Ресей империясының азаматтық сот өндірісінің жарғысы «Акт бойынша мәжбүрлі атқару» тарауымен толықты. Бірақта мұндай өндіріс тек жергілікті басшылар мен бітімгершілік келісімге келтіруші судьяларда ғана қолданылып, кейіннен кейбір санаттағы істердің оңтайландырылуына себеп болды. Бұл санаттағы істер жеңіл болғандықтан қатаң процестік нормалардың сақталуын талап етпеді. Азаматтық сот өндірісі жарғысының 1611 бабына сәйкес бұл ереженің ықпалы келесі санаттағы істерді қамтыды:

- Ақшалай сомманы төлеу және мүлікті қайтару туралы талап. (Актінің нотариалды бөлігі туралы ережеге және соттық мәмілелерге негізделген істер. Актіде талаптың туындауымен жауапкердің құқығы шектелмеуі шарт және жауапкермен алдын ала дәлелденген болуы тиіс;

- Жалға алушыдан бас тарту және жалға алынған мүлікті өткізу туралы талап. (Жалдау шарты мірзімінің өтуіне байланысты);

- Наразылық келтірілген вексельді өндіріп алу турады талап;

- Бітімгершілік келісімге келу туралы өтініш.

Акт бойынша мәжбүрлі атқару туралы ережені қолданудың да өзгеше тұстары болды. Жауапкер ретінде қазыналы кәсіпорын танылса немесе актінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелер өтелген болса мәжбүрлі атқарылуына тиым салынды.

Мәжбүрлі атқару кез келген жауапкерге қатысты жүзеге асырылмады, тек бәсең легитимді тұлғаларға қатысты қолданылды. Алайда кез келген тұлға іске талап қоюшы ретінде қатыса алмады, тек:

- Оған қатысты акт жасалған тұлға;

- Оның мұрагерлері мен құқықтық мирасқорлары (Құқықтық мәртебесін айқындайтын тиісті құжаттары бар тұлғалар) ;

- Міндетті тұлғаға қарызын өтеп берген кепілгер;

- Регрестік тәртіп бойынша талап қойған кепілгер және делдал.

Мәжбүрлі атқару өндірісін қозғау туралы талап қоюшының өтініші жазбаша нысанда және нақты өндіріліп алынуы тиіс сомма көрсетіліп беріледі. Сондай-ақ міндетті талаптардың бірі жауапкердің өтінішке талаптың негізділігін куәландыратын іс үшін маңызды құжаттарды тіркеуі болып табылады. Мұндай істер жауапкердің қатысуынсыз судьямен жеке дара қаралады. Жауапкерге актінің көшірмесі және атқару құжаты жөнелтіледі. Сондай-ақ 3 күнде өз еркімен атқаруына мүмкіндің беріледі. Егер жауапкер талапты әділетті емес деп санаса жалпы негізде алты айдың ішінде қарсы талап қоюға құқығы бар.

Заң шығарушы, өндірістің бұл түріне оң көзқарасын білдіреді және де сотқа өндірістің басқа түрімен жүгінген талап қоюшыны сынға алады. Бұған дәлел ретінде сенаттың обер-прокуроры И.М.Тютрюмовтың мына бір ескертуін келтіруге болады, азаматтық процестегі оңайлатылған өндірістің ең басты артықшылғы болып оның қолжетімділігі, яғни талап қоюшы мемлекеттік баждың тең жартысын ғана төлейді.

Оңайлатылған сот өндірісі совет үкіметінің азаматтық процестік құқығына да белгілі болды. Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының 1923 жылғы азаматтық процестік кодексінде алғаш рет сот бұйрығы деген термин пайда болды. Сот бұйрығы түрінде шығарылатын ерекше тәртіптегі сот қарауы тек жеңіл істер(ақшаны өндіріп алу және мүлікті өткізу туралы) және негізді тіркелген немесе даулауға жатпайтын құжатты (вексель наразылығы, татуласу келісімі т.с.с.) істер бойынша ғана шығарылған. Сот бұйрығын судья жеке дара қарап, тараптардың шақыртуынсыз және жариялы сот талқылауынсыз шығаратын болған. Мұндай процестік шешімге түпнұсқалық құжаттың болуы жеткілікті. Сол кезде азаматтық сот өндірісінің талап және ерекше өндірісі деп аталатын екі түрі ғана белгілі болатындықтан, сот бұйрығы ерекше өндіріске жатқызылған.

1928 жылы Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының Азаматтық процестік кодексінен «Акт бойынша сот бұйрығын шығару» деп аталатын 24 тарауы алынып тасталып, сот бұйрығы институты нотариаттың құзыретіне берілді. Нотариалдық әрекеттің-атқарушылық құжаттар институтына алмастырылып, қарыздық және төлемдік құжаттарға заңды күш берілді. Бұл былай түсіндірілді, сот бұйрығы шығарылатын талаптың материалды-құқықтық табиғаты советтік сот өндірісінің мәніне және сот әділдігін жүзеге асырудың қағидаттарына қайшы келуімен деп. Осы кезең совет заңгерлерінің сот бұйрығы және атқарушылық жазбалардың институтының заңи табиғаты ортақ деп мойындауымен сипатталады.

Сот тәжірибесіне кәмелетке толмаған балаларға алиментті өндіріп беру туралы оңайлатылған өндірістің енуі сот бұйрығы институтының өткен ғасырдың 80 жылдарының ортасында қайта өрлеуіне әкеп соқты. 90 жылдардың ортасында Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сот бұйрығы тарауы қайта енгізілді. Сот бұйрығының ережелері азаматтық сот өндірісінің басқа да түрлерін алмастырмай, әрбір азаматтық істі фактілік мән-жайлар мен күрделілігіне қарамастан процестің барлық сатысында қарамай-ақ жүзеге асырылуына қосымша мүмкіндік береді. Осындай институттың енгізілуі соттардың аз уақыт ішінде шешу үшін қиындық тудырмайтын даусыз жазбаша дәлелдемелерге негізделген талаптардан арылуына септігін тигізді.

Сот бұйрығы тарауы Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Талап өндірісі тарауына еніп, мынадай қорытындыға алып келді, талап өндірісі тәртібімен қаралатын істер және сот бұйрығы шығарылатын істердің материалды-құқықтық табиғаты бірдей. Егер қаралып жатқан істе құқық туралы дау туындаса, көрсетілген құжаттардың негізінде шешуге қиындық тудырса, судья сот бұйрығын шығарудан бас тартады. Шындығында бұйрық өндірісі тәртібінде шешілетін істер даулы болып табылады және істің нәтижесі айқын емес. Сондықтан судья тараптардың талабы мен қарсылығын негіздейтін мән-жайлардың барын немесе жоғын анықтауы тиіс. Ал дәлелдеу міндеті тараптардың әр қайсысының мойнында. Сот бұйрығы өндірісінде өзінің талабын негіздеу міндеті кредиторға жүктелген, ол сотқа дау тудырмайтын құжаттар өткізуі тиіс, өйткені сотпен қаралып жатқан істің шешілуін айқын етеді.

Ақиқатында сот бұйрығы институты қаралып жатқан кезеңде азаматтық сот өндірісінің бір түрі ретінде регламенттелмеді, тек оңайлатылған іс жүргізудің тәртібімен қаралатын істердің қатарында болды және келесідей белгілермен сипатталды:

- Талап бойынша шығарылатын сот бұйрығы, сот бұ йрығын шығару туралы арыздың мазмұны және түрі, арызды қабылдаудан бас тартудың негіздері, сот бұйрығын шығару мен шығарудан бас тартудың тәртібі және т.б. процестік заңнамамен көзделген.

- Сот бұйрығы сот билігінің актісі ретінде екі жақты табиғатымен сипатталады (бір жағынан сот актісі болса екінші жағынан атқарушылық құжат).Тек даусыз істер және расталған құжатты істер бойынша ғана шығарылады. Егер жауапкер берілген талап арызға қарсылық білдірсе және ол бойынша дау туындаса сот, арызданушы берген құжаттардың негізінде іс шешілмесе сот бұйрығы шығарылмаған.

Елбасы 2013 жылы 23 қарашада, судьялардың 6 съезінде судьялардың алдында нақты міндеттер қойды: азаматтық сот өндірісін жаңғырту, яғни процесте тараптарға сот ісін қарау тәртібін қолайлы, тез және заманауи технологияны ауқымды қолдана отырып олардың татуласуына бағытталған ету.

Сондықтан қойылған міндетті жүзеге асыру үшін сапалы, жылдам, қолжетімді сот әділдігін қанағаттандыра алатын тиімді процесттік құралдарды белсінді түрде іздеу талап етілді. Азаматтық процестің фундаменталды негізін сақтауға және процестік үнемділікті ақылға қонымды тепе-теңдікте ұстауға септігін тигізетін оңайлатылған өндірісті дамытудың рөлі маңызды болып табылады. Өте қарапайым және күнделікті істерге бағдарланған, яғни құқықтық қақтығыстың шеңберін ауқымды қамтитын оңайлатылған өндірістің шешілуі сот билігінің бақылауына қойылуы керек.

Әртүрлі мемлекеттердің өзара ұлттық тәртібінің жоғарғы дәрежелі интеграциясымен сипатталатын құқық, экономика, қоғамның заманауи жағдайы әлдеқайда дамыған мемлекеттердің тәжірибесін түсіну мен зерделеуді шұғыл қажет етеді. Процестік заңнаманың жалпы әлемдік даму бағыты болып сот процесінде оңайлатылған тәртіптің жетілдірілуі болып табылады. Оңайлатылған өндіріс процеске серпін беруге мүмкіндік береді, көп кездесетін күнделікті істерде сот қорғауының ауқымды қолжетімділігін қамтамасыз етеді және үнемділік көзқарасымен тиімді болады.

Оңайлатылған өндірістің моделі экономикалық қатынастың дамуымен байланысты және орындалмаған міндеттемелерден туындайтын әлеуметтік қажеттіліктен пайда болады. Бірқатар зерттеушілердің көзқарасына сүйенсек, көптеген мемлекеттердің заңнамасы жарыспалы қақтығыстан тұратын күрделі соттық стереотиптен арылып, бірте-бірте көпшілік істердің қорытындысы бәріне мәлім болып табылатын, ал талап қоюшы шешімнің орындалуын (жауапкермен бұзылған міндеттемелердің орындалуы) қажет ететін дауларға орын беруде. Бұл идеялар шет елдік мемлекеттердің әртүрлы типті оңайлатылған өндірістерінің дамуына негізді қызмет етеді.

Оңайлатылған өндіріс халықтың басым көпшілігіне қарапайым, түсінікті және қолжетімді құқық қорғау механизмін көздейді. Сондықтан көпшілік әлеуетті процеске қатысушылар түсетін процестік заңнаманың өте ауқымды санаттағы істерге бейімделуін қатамасыз етуге қажеттілік туындап отыр. Мұндай өндірістің ауқымды қолданылуы оларға әлеуметтік-маңызды функциялардың жүктелуімен байланысты, яғни сотқа қолжетімділіктің жеңілдігі және процесті дербес жүргізу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Оңайлатылған сот өндірісінің негізінде азаматқа соттағы өкілсіз дербес өзінің мүддесін білдіре алатын соттар және процестік ережелер мен рәсімдерді құру идеясы жатыр, яғни процестің ережелері арнайы танымсыз түсінікті болуы тиіс. Сонымен қатар, сотқа өтініш жасауда шығындар өте жоғары болмауы тиіс, сондықтан азамат өзінің қойылған талабынана келтірілетін шығыны лайықты болмауы себебінен сотқа өзінің құқықтарын қорғауға жүгіне алмайды.

Азаматтық процесте оңайлатылған өндірістің бұйрық және жазбаша өндіріс деп аталатын екі моделі бар. Өте белгілі және таралған модель болып бұйрық өндірісі танылады. Сот бұйрығы маңызының негізі оның ақпараттық функциясымен ерекшеленуі, яғни бұйрық бұл сот қаулысына қарағанда, кредиторға оның шынайы құқығын және оның сот тәртібімен айқындалуын түсіндіру, ал борышкерге оның міндеттемесінің орынмалмағанын өктем түрде есіне түсіру болып табылады. Сонымен қатар бұл рәсім арызданушының талабының негізділігін қарауды көздемейді.

Бұйрық өндірісі институты азаматтық сот өндірісіне 1999 жылы 1 шілдеде қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексімен енді.

Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, судьямен 3 күндік мерзімде өндіріп алуышының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерден жылжымалы мүлікті талап етуі туралы даусыз талаптары бойынша борышкер мен өндіріп алуышыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз өткізілетін арызы бойынша шығарылады.

Бүгінгі таңда сот бұйрығы процестік заңнамада көзделген 18 негіз бойынша шығарылады. Сот бұйрығы шығарылатын негіздер: 1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемелерді орындау туралы;

2) орындау мерзімі жеткен және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген кінә қоюға жауапта мойындаған жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

3) төленбеген вексельдің наразылығына, акцептінің болмауына және нотариус жасаған акцептінің күні белгіленбеуіне негізделген міндеттемені орындау туралы;

4) әке (ана) болудың анықталуына немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне байланысты емес кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы;

5) жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы;

6) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын аудару туралы;

7) уәкілетті органдар мәлімдеген борышкерді, жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру жөніндегі шығыстарды өтеу туралы;

8) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг затын талап ету туралы;

9) ломбард кепіл беруші-борышкерге ұсынған кредитті қайтару мерзімі өткеннен кейін өндіріп алуды кепіл затына аудару туралы;

10) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;

11) іс жүзінде тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін жария шарттардың, сондай-ақ төлеу мерзімі жеткен, белгіленген тарифтерге сай көрсетілген қызметтер үшін өзге де шарттардың негізінде берешекті өндіріп алу туралы;

12) келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы;

13) ауылдық жерге жіберілген жас мамандар шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда олардан мемлекеттік гранттарды, көтерме жәрдемақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу туралы;

14) бала асырап алудың күші жойылған жағдайда, жетім баланы және (немесе) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтару туралы;

Сот бұйрығын шығару туралы арыз соттағы мемлекеттік баждың белгіленген мөлшерлемесінен 50 пайыздық көлемде төленеді, егер арызданушы мемлекеттік бажды толық төлеуден босатылмаған болса.

Бұйрық өндірісінің жылдамдығы мен қолжетімділігін біздің мемлекетіміздің азаматтары және кәсіпкерлік субъектілері абыроймен бағалаған. Бұл институттың 15 жыл табысты қызмет етуі азаматтардың бұзылған құқықтары және заңды тұлғалардың бұзылған заңды мүдделерін қорғаудың қажетті механизміне айналды.

Азаматтық процесті жаңғыртудың шегінде бұйрық өндірісін қолданудың ауқымын кеңейту көзделген. Мемлекет Парламентінің қарауына енгізілген жаңа Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодекстің жобасында сот бұйрығын шығару негіздерінің тізімі он сегізге дейін көбейтілген. Ол негіздерден бөлек, төрт жаңашылдық енгізілген, соған сәйкес өндіріп алу туралы мынадай талаптар бойынша сот бұйрығы шығарылады:

- оқуды не қызметті өткеруді өз қалауы бойынша тоқтатқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша шартта көзделген мерзім өткенге дейін жұмыстан босатылған немесе оқудан шығарылған оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған сомаларды өндіріп алу туралы;

- оқуын тоқтатқан не шет мемлекетте оқу орнын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып оралмаған немесе грантты қайтару жөніндегі шартта көзделген міндеттемені бұзған адамдардан мемлекеттік гранттарды өндіріп алу туралы;

- жалдау төлемдерінің жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты оларды өндіріп алу туралы;

- қылмыстық қудалау органы қысқартқан қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы талаптар бойынша шығарылады.

Оңайлатылған жазбаша өндірістің бұйрық өндірісінен айырмашылығы, Қазақстандық азаматтық процестің жаңа институты болып табылады. Оңайлатылған жазбаша іс жүргізу Қазақстан Республикасының қолданыстығы Азаматтық процестік кодексіне 2014 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен енгізілді.

Оңайлатылған жазбаша өндірістің ерекшелігі болып істердің сотпен тараптарды шақырмай-ақ процестік заңнамаға сәйкес дәлелдемелер мен өзге де құжаттарды ұсынудың мерзімдердері өткеннен кейінде шешу үшін қарауы.

Істер оңайлатылған өндіріс тәртібінде сотпен арызды өз өндірісіне қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімде жеке дара қаралады, бұл мерзім ұзартылуға жатпайды.

Алғашында оңайлатылған өндіріс тәртібінде істер екі негіз бойынша ғана қаралған:

1) егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша;

2) талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша;

Жаңа Азаматтық процестік кодекс жобасының жұмысы барысында оңайлатылған жазбаша өндіріс рәсімдерін жетілдіруге көп көңіл бөлініп, заң жобасының қорытынды мәтінінде көрініс табуына алып келді.

Оңайлатылған жазбаша өндірісті өте ауқымды түрде қолдану және істерді оңайлатылған жазбаша өндіріс тәртібінде қарау негізінің тізімін 12-ге дейін көбейту көзделген.

Қазіргі таңда осы санатта қаралып жатқан істерден бөлек, оңайлатылған жазбаша өндірісте істердің келесі негіздері қаралады:

3) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

4) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

5) тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе адвокаттар мен тараптардың қатысуымен "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

6) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

7) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған сақтандыру даулары және банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

8) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

9) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған зияткерлік меншікке құқықтарды қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

10) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

11) азаматтың абыройына, қадір-қасиетіне немесе iскерлiк беделiне және заңды тұлғаның іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді теріске шығаруды не бұқаралық ақпарат құралында жауапты жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

12) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

Көрсетілген тізімде оңайлатылған өндірісті қолданудың саласы өзіне қарапайым және тез рәсімдерден тұратын қолданыстағы материалдық құқықты қосады.

Сонымен қатар оңайлатылған тәртіпте азаматтық істер прокурордың қатысуынсыз қаралатыны өте маңызды болып табылады, яғни «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға Прокурордың қатысуын қысқарту деп көзделген 26 қадамы тікелей жүзеге асырылуда.

Оңайлатылған жазбаша өндіріс рәсімдерін жетілдіру келешекте электронды сот өндірісін дамытуға жаңа импульс береді. Электронды технологияларды белсенді енгізу мен қолдану біздің сот жүйеміздің маңызды және шартсыз артықшылықтарымыздың бірі.

Процестік ережелердің түсініктілігі, сот процесінің шығындылығы көзқарасымен тиімділігі және сот шешімдерінің жоғары дәрежеде жеткілікті атқарылуы оңайлатылған рәсімдерді сот өндірісінің оңтайлы формасы ретінде сұранысты қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қарашадағы №254-V «Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелерді бойынша өзгерсістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Азаматтық іс жүргізу кодексінің 149-1, 149-2, 149-3, 149-4 баптарынан, яғни төрт баптан тұратын істер жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарауды реттейтін 13-1 тарауымен толықтырылды.

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен:

1) егер талап қоюдың бағасы заңды тұлғалар үшін – бес ж.з айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіштен, аспаса, ақша өндіріп алу туралы талап арыздар бойынша;

2) талап қою бағасына қарамастан, талапкер ұсынға, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап арыздар бойынша істер қаралуға жатады.

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын талап арыз және осындай арызға қоса тіркелетін құжаттар сотқа жазбаша нысанда, не электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.

Судья жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде істерді арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеке-дара қарайды. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды. Мұндай тәртіппен қаралған істер бойынша сот отырысының хаттамасы жүргізілмейді.

Сот талап арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатынын көрсетеді және жауапкердің немесе басқа да мүдделі адамның он бес жұмыс күш ішінде талап арызға пікір ұсынуы үшін мерзім белгілейді.

Тараптар мәлімделген талаптардың мәні бойынша түсініктемелерді және өз ұстанымы негізделген қарсылықтарды қаститын құжаттарды сот белгілеген мерзімде істі қарап жатқан сотқа ұсынуға және бір-біріне жіберуге құқылы.

Егер талар арызға пікір, дәлелдемелер мен өзге де құжаттарды берген адамдар көрсетілген құжаттарды сот белгілеген мерзімде өздеріне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмағандығын негіздеген жағдайды қоспағанда, сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа келіп түссе, олар қаралмайды және осы адамға қайтарылады. Сот көрсетілген құжаттарды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

Судья дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін тараптарды шақырмай істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды және іске қатысатын адамдардың дәлелдерін зерттейді және көрсетілген мерзімдер ішінде ұсынылған дәлелдемелердің негізінде шешім қабылдайды.

Егер жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау барысында үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса, жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін емес қарсы талап қою қабылданса, немесе егер сот, оның ішінде тараптардың біреуінің өтінішхаты бойынша мынадай:

1) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен мемлекеттік құпияны жария етуге әкеп соғуы мүмкін;

2) дәлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәлік айғақтарды тыңдау қажет;

3) мәлімделген талап өзге де талаптармен, оның ішінде басқа да адамдарға немесе осы іс бойынша қабылданған сот актісіне байанысты, басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін.

4) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау, оның ішінде сот қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет деп таныған жағдайда, тиімді сот төрелігінің мақсаттарына сәйкес келмейді деген тұжырымға келсе, сот істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары туралы қарау туралы ұйғарым шығарады.

Істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер және осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Егер істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарауға көшу дәлелдемелерге олар орналасқан жер бойыгша қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау және куәлік айғақтарды тыңдау қажеттігінен туындаған жағдайларды қоспағанда, істі қарау ұйғарым шығарылғаннан кейін басынан бастап жүргізіледі.

Егер азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын екі талап мәлімделсе, бұл ретте, олардың біреуі мүліктік сипатта болса және жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарауға жатса, ал екінші талап мүліктік емес талапта болса және сот осы талапты жеке іс жүргізуге бөліп алмаса, талаптардың екеуі де жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралады.

Жеңідетілген іс жүргізу тәртібімен басталған, бірақ оны одан әрі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қаралатын істі қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша қабылданады.

Істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау нәтижелері бойынша шешімге ол қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалу, наразылық білдірілуі мүмкін.

Заңды күшіне енген, бірінші сатыдағы сот шешіміне, апелляциялық сатыдағы соттың шешіміне немесе қаулысына Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен кассациялық сатыдағы сотқа шағым жасалу, наразылық білдірілуі мүмкін.

Қазіргі таңда шетелдік заңнаманы зерттеу үлкен сұранысқа ие. Құқықтық реттеудің шет Қелдік тәжірибесін ұсыну еліміздің құқықтық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау мен ұғынуға мүмкіндік туғызады. Құқықтық жүйесі бір мемлекеттердің құқықтық механизмін зерттеудің ерекше тәжірибелік маңызы бар. Қазқстан мен Германияның құқықтық жүйесін бір мысал ретінде қарастыруға болады. Германияның Азаматтық процестік заңнамасы жүйелендірілген және кодификацияланған болып табылады. Азаматтық процестік жинақ (Deutsche Zivilprozessordnung) Германияда 1877 жылы қабылданып, 1879 жылы қолданысқа енгізілді және 1950 жылғы редакцияда келесі өзгерістерімен қолданылады. Кез келген оңайлатылған өндірістің мақсаты сот өндірісін жеделтету, бұзылған құқықтарды жедел түрде қорғау, шығындарды қысқарту және өте ауқымды мағынада сот әділдігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Өндірістің негізі болып пәні, белгілі бір ақша соммасын төлеу болып табылатын талаптар жатады. Азаматтық процестік жинақта бірнеше жеңілдетілген өндірістің нысандары белгіленген: Мысалы бұйрық өндірісі (Mahnverfahren Азаматтық процестік жинақтың 7 тарауы), жазбаша құжаттарға негізделген өндіріс және т.б. Тұтынушылық қарыз шарты туралы кәсіпкердің талабы, қаржылық лизинг, төлемді бөліп төлеу туралы шарт бұйрық өндірісінде қаралуға жатпайды (Егер осы санаттағы шарттардың пайызы белгілі бір дәрежеден асса, талапты орындау берілген қарсы талапқа тәуелді болса және сот бұйрығын жеткізу жария хабарландыру құралдарымен жүзеге асырылса). Сот бұйрығын шығару туралы өтініш арызданушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша жеке дара қарайтын учаскелік сотқа беріледі. Сот жауапкерге осы өндіріс шегінде берілген талаптың фактілік негізділігі тексерілмегендігін ескертеді және 14 тәулік ішінде қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді. Қарсылық келтірілмесе арызданушыға атқарушылық құжат болып табылатын дереу орындалуға жататын бұйрық беріледі. Егер қарсылық келіп түссе бұйрықтың күші жойылып, іс талап өндірісімен қаралуға жатады. Бірақ сот тәжірибесінде жауапкермен қарсылық өте сирек келтіріледі. Сондай-ақ бұйрық өндірісі тек мына жағдайда қолданылады, егер жауапкер талап қоюшыға жеткілікті қарсылық келтіре алмағанда. Осы жұмыста оңайлатылған өндірістің мемлекетіміздің құқықтық жүйсінде қажетті қызығушылық тудыратын кейбір түрлерін қарастырумен ғана шектелеміз. Статистика бойынша Германияда бұйрық өндірісі тәртібінде бірінші сатыдағы сотпен қаралатын істердің көлемі тым жоғары. Бұйрық өндірісі жауапкерге қарсы шешім шығарылатын ең арзан, қол жетімді тәсілдердің бірі және талаптың ескіру мерзімін үзу үшін кеңінен қолданылады. Кәмелетке толмағандарды қамтамасыз етуге байланысты (Vereinfachte Verfahren über den Unterhalt Minderjähriger) оңайлатылған өндірістің негізі болып, кәмелетке толмаған баланы қамтамасыз ету заңмен көзделген ата-ананың бірінің міндетін орындамауы болып табылады. Талап баланың немесе ата-анасының мекен-жайы бойынша отбасылық істерді қарайтын сотқа беріледі және қарсы талап берудің мерзімі 1 айды құрайды. Тараптардың бірі шет елдік болып табылғанда бұйрық өндірісі тәртібінде іс қаралуға жатпайды, ал оңайлатылған өндірістің осы санаты бойынша мұндай шектеу қойылмайды. Бұл өндірістің тағы бір ерекшелігі-қарсылық білдірудің шектеулілігі, өзге де қарсылықтар талаптың бір бөлігінің мойындалуымен жүзеге асырылады. Жазбаша құжаттарға негізделген өндіріс пәні белгілі бір ақша соммасын төлеу және белгілі бір мүлік пен бағалы қағаздарды ұсыну болып табылатын талаптар бойынша жүзеге асырылады. Талап жалпы тәртіпте, жауапкердің мекен-жайы бойынша құзіретті бөлу ережесіне сәйкес учаскелік немесе жергілікті сотқа беріледі. Бұл өндірістің ерекшелігі дәлелдемелік бөлігі бойынша тек жазбаша құжаттар және тараптардың айғағына негізделеді. Қарсылық білдіру кезінде бұл ереже талапкерге, согдай-ақ жауапкерге қатысты қолданылады. Диспозитивтік қағидаттың шектеулілігі, яғни қарсы талапқа жол берілмейді. Талап қоюшының істі оңайлатылған өндірісте қаралуынан бас тартуы істің қысқартылуына алып келмейді, тек жалпы тәртіпте қаралуға жатады. Оңайлатылған жазбаша іс жүргізу деп аталатын өндірістің бұл түрі оңайлатылған өндірістің жалпы ережелерімен реттеледі. Мерзімдері мен соттылыға бойынша өзгеше тәртіп көзделген. Талап төлемнің орналасқан жері бойынша немесе жауапкердің мекен-жайы бойынша беріледі. Сонымен қатар, істер жергілікті соттармен алқалы құраммен қаралуыда мүмкін. Шақыру үшін қысқартылған мерзімдер белгіленген: егер шақыру соттың орналасқан жері бойынша жеткізілуге жататын болса кемінде 24 сағаттың ішінде; адвакаттың өндіріске міндетті қатысуы бойынша кемінде кемінде 3 күн, егер шақыру өзге орынға жеткізілуге жатса жүзеге асырылады. Қорытындылай келе, өндірістің түрін таңдау (жеңілдетілген немесе жалпы тәртіпте) сотқа жүгінетін тұлғаның құқығы болып табылады, мұнымен оңайлатылған өндірістің альтернативтілігі байқалады. Заң тек оңайлатылған өндіріс тәртібінде істердің қаралуына құқық береді, бірақ міндеттемейді. Тұлға өндірістің түрін таңдау кезінде оның құқықтарының ең тиімді қорғалу тәсіліне, іс үшін қажетті жазбаша құжаттардың бар болуына және оның берген арызы осы тәртіпте қаралуына жататынына аса мән береді. Жалпы айтқанда Германияның азаматтық процесінде оңайлатылған өндірістің номативтік реттелуі дамыған және қолдану саласы ауқымды болып табылады.

Азаматтық процестік құқық әділсотқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, азаматтық сот өндірісіне қатысушылардың құқықтарын максималды түрде жүзеге асыруға, тұлғаның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын және қоғам мен мемлекеттің мүдделерін уақытылы қорғау мен қалпына келтіруге бағытталған.

2014 жылы қарашада қолданысқа енгізілген оңайлатылған өндіріс институты, істерді қарауда қолжетімді және тез рәсімдерді анықтаумен, азаматық сот өндірісінің міндеттерін тиімді жүзеге асырумен ерекшеленеді.

Осы дипломның шегінде оңайлатылған сот өндірісі институтын салыстырып, қолданыстағы Ресейлік процестік заңнамасы сот талқылауының оңайлатылған тәртіптегі институтын Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің сот өндірісі жүйесінің шегінде маңызы мен ерекшелігін анықтау.

Ақшаны өндіріп алу туралы талап арызды соттың өндірісіне қабылдау туралы сұрақты шешуде, егер талаптың бағасы заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса; талап арыздың талабының бағасына қарамастан, талап қоюшының берген құжаттарына негізделген болса, яғни жауапкердің ақшалай міндеттемесін анықтайтын болса, немесе шарт бойынша берешегін дәлелдейтін құжаттар болса, біздің мемлекетіміздің соты талап арызды өндіріске қабылдау туралы ұйғарым шығарады, сонымен қатар істі оңайлатылған өндіріс тәртібінде қарайтынын көрсетеді. Жауапкерге және өзге де мүдделі тұлғаларға өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді.

Ресей Федерациясының процестік заңнамасын зерттеуде мынадай тұжырымға келуге мүмкіндік береді, яғни осы институт төрелік процесте жазбаша құжаттық өндіріс ретінде қызмет ететінін көрсетеді. Ресей Федерациясының азаматтық процесіне оңайлатылған өндіріс институтын енгізу жоспарлануда. Оңайлатылған тәртіпте төрелік соттар мынадай істерді қарайды: Ақша өндіріп алу туралы талап арыз бойынша, жауапкер болып заңды тұлға танылып, егер талаптың бағасы үш жүз мың рубльден аспаса, жауапкер жеке кәсіпкер болып табылса, жүз мың рубльден аспаса. Қазақстан Республикасының соттарына қарағанда, Ресей Федерациясының соттарында талап арызды оңайлатылған тәртіпте қарау үшін өз өндірісіне қабылдау жөніндегі сұрақты шешуде балама мәселе қарастырылған. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа, төрелік сотпен оңайлатылған өндіріс тәртіптібінде, тізімде көзделмеген бірақ тараптармен келісілген істер қаралуы мүмкін. Сондай-ақ егер іс оңайлатылған өндіріс тәртібінде қаралатын тізімде көзделген істер қатарына жатпаса, сот осы істі оңайлатылған өндіріс тәртібінде қарау туралы ұсыныс тастай алады. Тараптармен келісілген жағдайда іс оңайлатылған өндіріс тәртібінде қаралады.

Сонымен қатар, істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қарау барысында сот істі жалпы тәртіптегі талап өндірісінде қарау үшін көшуі мүмкін.

Ресей Федерациясының Төрелік процестік кодексіне сәйкес, сот істі жалпы тәртіптегі талап өндірісінде немесе әкімшілік сот өндірісінде қарау туралы ұйғарымды келесі негіздер бойынша шығарады:

- Оңайлатылған өндіріс тәртібінде істі қарау барысында үшінші тұлғаның іске қатыстырылуы жөніндегі өтініш қанағаттандырылса;

- Талап қоюшы талаптың көлемін ұлғайту жөнінде өтініш жасаса;

- Шешім шығарар күнге дейін төрелік сотқа істі өз өндірісіне қабылданғаны жөніндегі ұйғарымның көшірмесін жауапкердің алғандыға туралы ақпарат келіп түспесе, немесе тұлға іс материалдарымен танысуға және қарсылық білдіруге және өз позициясының негізділігі туралы дәлелдеме көрсетуге мүмкіндігі болмаса;

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес егер жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау барысында үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса, осы тарауда белгіленген қағидалар бойынша қаралуы мүмкін емес қарсы талап қою қабылданса не, егер сот, оның ішінде тараптардың біреуінің өтінішхаты бойынша мынадай:

1) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі мемлекеттік құпияны жария етуге әкеп соғуы мүмкін;

2) дәлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәлік айғақтарды тыңдау қажет;

3) мәлімделген талап өзге де талаптармен, оның ішінде басқа да адамдарға немесе осы іс бойынша қабылданған сот актісіне байланысты, басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін;

4) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау, оның ішінде сот қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет деп таныған жағдайда, тиімді сот төрелігінің мақсаттарына сәйкес келмейді деген тұжырымға келсе, сот істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарау туралы ұйғарым шығарады.

Ескере келсек, Қазақстан Республикасының заңнамасымен «тиімді сот төрелігінің мақсаттарына» деген тіркесте не түсіну керектегі анықталмаған, көрсетілген нормалар соттармен ауқымды түрде талқылануы мүмкін, сол себепті соттарға істі жалпы тәртіптегі талап өндірісінде қарауға құқыққа қайшы түрде көшуге еркіндік және таңдау құқығы берілуі мүмкін. «Қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажеттілігі» деген тіркес соттармен істерді қарауда әуре-сарсаңға жол берушілік және процесте шешім қабылдауда ұзаққа созушылыққа алып келуі мүмкін.


Информация о работе «Заманауи сот жүйесі»
Раздел: Гражданское право и процесс
Количество знаков с пробелами: 65976
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
161692
2
2

... ; ĸінәсін дәлелдейтін дәлелдемелер зерттеулер жиналмаса, оныӊ тәртібі сақталмаса, дәлелдемелер бағаланбаса да соттала береді. 2. Қылмыстық процесстегі іс жүргізушіліĸ ĸелісімдер (мәмілелер институты) институтыныӊ теориялық және тәжірибеліĸ аспеĸтілері 2.1. Іс жүргізуш ...

Скачать
1273237
2
0

... ;ы мен ұстамдылығында болды. Қазақстан, Ресей және Орта Азия Республикаларының интеграция мәселелері Қазақстан геосаяси жағдайының қолайлылығы, оның тарихи дамуындағы жаңа қадамдар, көрші мемлекеттер мен экономикалық және этнолингвистикалық байланыстардағы алғ ...

Скачать
70864
9
12

... ;ол жеткізу технологияларынан айырып тұратын белгілеріне шолу жасалды; - WIMAX негізінде желілерді құру кезінде пайдаланылатын негізгі қағидалар қаралды; - Атбасар станциясында WIMAX желісін құру кезінде қолданылған жабдықтар сипатталды. WIMAX желісінде радиосигналды таратуды бағалау тәсілдемесін талдау кезінде жерд ...

0 комментариев


Наверх