«Астана медициналық университеті» АҚ 

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Митохондриялық аурулар»

 

 

 

 

Орындаған: 104- ЖМ топ студенті

Бекболат Галымбек

Оқытушы: А.Н. Закирияевна

 

 

 

 

2017 жыл

Жоспар

 

I.     Кіріспе. Тарихи анықтама.Митохондрияның қызметі мен құрылысы.

II.     Митохондриялық аурулардың жіктелуі.

III.     Митохондриялық аурулар патогенезі.

IV.     Митохондриялық аурулар клиникасы.

V.     Митохондриялық аурулар диагностикасы.

VI.     Митохондриялық ауруларды емдеу жолдары.

VII.     Кейбір синдромдарға сипаттама.

VIII.     Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.


І. Кіріспе. Тарихи анықтама.Митохондрияның қызметі мен құрылысы.

Митохондриялық аурулар – митохондридің қызметінің дефектісіне байланысты болатын,жасушадағы энергетикалық қызметтің бұзылуына әкелетін тұқым қуалайтын аурулардың тобы.Осы аурулардың ерекшелігі -тек анасы бойынша берілетіндігі.Медицинада «митохондриялық аурулар» деген ұғым ХХ ғасырда пайда болды.Осы ғасырдың 60-шы жылдары митохондриялық ДНҚ-ның мутациясы салдарынан болатын аурулар ашылған болатын.Митохондриялық ДНҚ –ның толық бірінші ретті құрылымы 1981 жылы жарияланды.

Көптеген зерттеушілердің ойынша,жануарлар клеткасындағы митохондрий ежелгі архибактериялардың ұрпағы.Кейін олар алғашқы эукариотты клеткаларға еніп,біртіндеп эндосимбионттарға айналды.Эндосимбионтқа айналу барысында митохондрий өзінің геномының тек аз ғана бөлігін сақтап қалды.Геномның көп бөлігі жасуша ядросына берілді не өздігінен жоғалып кетті.Жасуша митохондрий пайда ететін АТФ энергиясын пайдаланады.Жоғарыда айтылған гипотезаны осы фактілер дәлелдейді:

1.     Митохондрий-жасушадағы қос мембраналы,өзіндік сақиналы ДНҚ-сы бар органоид.

2.     мтДНҚ мен ядролық ДНҚ-ның генетикалық кодтары айырмашылық жасайды.Оны осы кестеден көреміз:

Кодон

мтДНҚ-да кодтайтын аминқышқылы

ядролық ДНҚ-да кодтайтын аминқышқылы

АУА

Метионин

Изолейцин

УГА

Триптофан

Стоп-кодон

АГА,АГГ

Терминациялық кодондар

Аргинин

мтДНК-да 13 полипептидтер,22 тРНҚ,2 рРНҚ гендері болады.Тотықтыра фосфорлау үдерісіне қатысатын қалған 70-тей ақуыздар синтезі ядролық гендер арқылы бағдарланып басқарылады,яғни митохондриялық ақуыздардың 99% ядро геномы арқылы кодталады.Ядролық гендерде пайда болған мутациялардың тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес аутосомды –доминантты,аутосомды рецессивті типті болады.Ал, мтДНҚ гендерінің мутациядары негізінде дамитын аурулар Мендель заңдарынан өзгеше тұқым қуалайды.Осы себепті митохондриялық аурулар ядролық және митохондриялық гендердің мутациялары салдарынан дамиды.

Митохондриялық аурулардың себебін білу үшін осы органоидтың құрылысы мен қызметін білуіміз керек.

Без названия (1).jpg

Митохондрияның негізгі қызметтері:

-         АТФ түрінде жасушаларға энергия өндіру;

-         Май қышқылдарының β тотығуы;

-         Үш карбонқышқылының циклі;

-         Жасуша ішілік сигнал беруге,апоптозға қатысу;

-         Аминқышқылдар,липидтер,стероидтар,нулеотидтер метаболизміне қатысу;

 

ІІ. Митохондриялық аурулардың жіктелуі.

Қазіргі заманғы жалпылама жіктеу бойынша митохондриялық аурулар бөлінеді:

-         Митохондриялық ДНҚ-ның мутациясы салдарынан туындайтын аурулар.Осы дефектілер нүктелі мутациялардың немесе құрылымдық қайта құрылулар-дупликациялар мен делециялар салдарынан туындау мүмкін.Осы топқа мынадай аурулар жатады: Кернс-Сейра синдромы,Лебер синдромы,Пирсон синдромы,NAPR синдромы, MERRF синдромы.

-         ядролық ДНҚ-ның дефектісіне байланысты туындайтын аурулар.Ядролық мутациялар митохондридағы тотыға фосфорлану,электронтасымалдау тізбегі,субстраттар тасымалын бұзуы мүмкін.Тағы да ядролық мутациялар Кребс циклінің жүруін қамтамасыз ететін ферменттер дефектісін тудырады.Кребс циклі-орталық биохимиялық процесс.Осы топқа Люфт синдромы,Фридрих синдромы,Альперс синдромы жатады.

-         Митохондриялық ДНҚ –ның өзгерісіне әкелетін ядролық ДНҚ бұзылыстарына байланысты туындайтын аурулар.Осы кезде митохондриялық ДНҚ көшірмелерінің саны азаяды немесе мүлдем болмайды.Осы топқа Де Тони-Дебре-Фанкони синдромы жатады.

 

 

ІІІ.Митохондриялық аурулар патогенезі.

 

Осы аурулардың ерекшелігі -тек анасы бойынша берілетіндігі.Оның себебі ұрпақ митохондрияны цитоплазмамен бірге жұмыртқа жасушасынан алады,ал сперматозоидта цитоплазма болмайды.Анасы балаларына митохондриялық ауруды таратады,ал әкесі ауырғанымен балаларына берілмейді.

Қалыпты митохондрияда біркелкі ДНҚ көшірмелері болады,яғни гомоплазмия.Митохондриялық геномда мутация болуы салдарынан митохондрияда мутантты және қалыпты мтДНҚ болады,яғни гетероплазмия.Қазіргі кезде мтДНК мутациясына байланысты туындайтын 200 аса аурулар бар.мт ДНҚ мутациясы тудырған аурулар екі топқа бөлінеді:


Информация о работе «Митохондриялық аурулар»
Раздел: Биология
Количество знаков с пробелами: 23951
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 1

0 комментариев


Наверх