Сөйлеу техникасы

101573
знака
3
таблицы
0
изображений

Лекцияның тақырыбы: Сөйлеу техникасы

Лекцияның мақсаты: Сөйлеу техникасы туралы түсінік беру. Дыбыстау мүшелерін қызметіне қарай

жіктеу және сөйлеу техникасының төселу жолдарымен таныстыру.

Лекцияға керекті құралдар: Слаид, кестелер.

Лекцияның жоспары

1. Сөйлеу техникасы деп нені түсінеміз.

2. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңызы.

3. Сөйлеу мүшелері және олардың қызметі, сөйлеу мүшелерін жаттықтыру жолы.

4. Тыныс алу және оның түрлері.

5. Үнреңкі және оның мәні.

6. Орфоэпияның басты ережелері.

Дыбыстау мүшелері жөнінде конспект жазып келу.

Лекция барысы

Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің барлық саласына қызмет ете алатын мейлінше жетілген тілге айналып отыр. Оның сөз байлығы орасан қолайлы, жазуы орнықты. Әр алуан заңдылықтары нормаға айналды. Қазақ тілінің де өзге тілдер сияқты екшеліп тұрақталған заңдылықтары бар. Ол заңдылықтар сөздерді дұрыс таңдау, орнымен жұмсау, яғни лексикалық заңдылықтар. Сонымен қатар сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдер құрастыра білу немесе грамматикалық заңдылықтар, дұрыс айту заңдылықтары: сауатты жазу заңдылықтары секілді бірнеше салаларды қамтиды. Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен сөйлеу актісіндегі айтылуы әрдайым бірдей болып келмейді. Сол сияқты сөздердің жазылған түрімен анық оқылуы да бірдей болмайды. Сондықтан мәнерлеп сөйлеу өнері болашақ тәрбиешіден сөйлеу техникасын толық меңгеруді талап етеді.

Сөйлеу техникасы

image002.jpgimage003.jpgimage004.jpg

Тыныс алуimage006.jpg

Сөйлеу техникасы дыбыстау мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам шығарма мәтінін тыңдаушысына мәнерлеп жеткізе алмайды. Мәнерлеп сөйлеп оқи білу үшін тілдің дыбыс шығаратын мүшелерінің қызметін жақсы білу қажет. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция деп атаймыз. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппаратына өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, ерін, иек жатады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі - өкпе. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тармақтарымен тамаққа одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді. Жұтқыншақ қуысына келген ауа одан әрі не ауыз қуысы, не мұрын қуысы арқылы өтеді. Өкпе 2 таран қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады және өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда демеп отырады. Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығып, өкпеге бірден тез енеді. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі – тамақ. Ол кеңірдектің жоғарғы тұсына орналасқан. Ал, дыбыстар жасауда басты роль атқаратын дауыс шымылдығы көмеймен байланысты. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар осы дауыс шымылдығындағы дірілден жасалады. Ал үнді дауыссыз дыбыстармен ұяң дауыссыз дыбыстар айтылған кезде дауыс шымылдығы сәл ғана керіліп, діріл өте аз болады. Қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында үннің ешқандай қатысы жоқ. Ал кейбір дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосады. Сөйтіп кейбір үнді дауыссыз дыбыстар мұрын қуысы арқылы жасалады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінде ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі және жылжымалысы – тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның ұшының, ортасының, артқы шенінің қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі ерін де басты роль атқарады. Екі еріннің жымдасуынан Б, П дыбыстары пайда болса, астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан Ф, В дыбыстары жасалады. Ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы О, Ө, Ұ, Ү дыбыстары жасалады. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі – таңдай.

Тандай жұмсақ, қатты болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі қүрек тіс тұрған қызыл иекпен басталып, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Ал жұмсақ таңдай соңғы тістен басталып, кішкене тілден аяқталады. Келесі дыбыстау мүшесінің бірі – иек. Иек төмен түссе ауыз қуысы кеңейеді. Ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Ал иек жоғары көтерілсе ауыз қуысы тарылады да қысаң дауысты пайда болады. Осы дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы меңгергеннен кейін сөйлеу техникасының төселу жолдарына көңіл бөлу керек. Сөйлеу техникасына төселу жолдарына мыналар жатады:

1. дұрыс тыныс ала білу

2. дауысты жаттықтыру

3. үн реңкін қалыптастыру

Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек. Демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі. Ал көк ет /диафрагма/ төмен түседі.

Тыныс алудың үш түрі бар:

1. Көк ет арқылы

2. Көкірек арқылы

3. Қабырға арқылы

Ал сөйлеу кезіндегі тыныс алу ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді.

Еріксіз тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі күнделікті сөйлеу процесінде болады.

Ерікті тыныс алу дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Тыныс алудың осы түрлерін меңгергеннен кейін тәрбиеші дауысты дұрыс сақтаудың төмендегідей ережелерін білуі керек:

1. Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуі тиіс. Айқалап қатты сөйлеуге болмайды.

2. Ұзақ сөйлеуге немесе өлең айтуға болмайды.

3. Тамақты суықтан сақтану керек.

4. Мұрын жолының ауруларынан сақтау керек.

Әр адамның өзіндік дауысы болады. Соған байланысты әр адамның дауысының өзіндік айрықша ерекшеленуі дауыстың биіктігі немесе ырғағы деп аталады. Ал дауыстың мәнерлеп сөйлеу кезінде жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл ауыса алуын дауыстың икемділігі деп атайды.

Тәрбиеші өз сөзінің анық, айқын балаға түсінікті болуына көңіл бөлуі тиіс. Өйткені тәрбиеші сөзі балаларға басты үлгі болып есептелінеді. Сондықтан тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің тәсілдерін, орфоэпияның ережелерін мұқият білуі керек. Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі. Мысалы, алдыңғы сөз А, Е, Ы, І дауысты дыбыстарына аяқталып тұрса, сол сөзбен жалғасып айтылатын келесі сөздің басқы Қ, К дыбыстары айтқан кезде ұяңдап Ғ, Г дыбыстарына айналады. Мысалы, бала, кезде. Менді қыз немесе Ұ, Ү, О, Ө еріндік дауыстылары айтылған кезде өзінен кейінгі буындағы Ы, І, Е дыбыстарын өздеріне икемдейді. Мысалы, Үміт – үмүт, үлгі – үлгү, күміс – күмүс, құлын құлұн.

Орфоэпиялық заңдылықтардың ішіндегі басты ережелердің бірі – элизия. Қатар келген екі дауысты дыбыстардың бірінің түсіріліп айтылуы осы құбылысқа жатады. Мысалы, Сарыарқа – Сарарқа т.б. редукция – сөз ортасындағы кейбір дауысты дыбыстардың айтқан кезде көмескіленуі. Мысалы, Әділет – Дәрігер, Протеза – айтқан кезде сөздің алдына дыбыс қосылып естілуі. Мысалы, Риза – ыриза, рең – ірең т.б.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

2. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. М., 1981г.

3. Горбушина Л.А. Выразительное чтение. М., 1978г.

4. Короткова Э.П. Обучение детей дошкольного возраста рассказыванию. М., 1982г.

Қосымша әдебиеттер.

1. М. Дүйсебаева. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері. А., 1973ж.

2. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. А., 1981ж.

Семинар № 2-3

Семинар тақырыбы. Сөйлеу техникасы

Семинардың мақсаты: Сөйлеу техникасына талдау жасап, дыбыстау мүшелерінің қызметіне

байланысты дыбыстарды жүйелеу. Орпоэпиялық заңдылықтарды сақтай

отырып оқуға дағдылану.

Семинардың жоспары

1. Сөйлеу техникасы және төселу жолдарына сипаттама.

2. Дыбыстау мүшелеріне сипаттама.

3. Ортоэпияның басты ережелерін талдау.

II. Студенттердің оқытушымен бірлесіп орындайтын жұмыстары:

Сұрақ тапсырмаларды талдау, студенттер жауабын бекіту.

Сөйлеу техникасы

image008.jpg image009.jpg
image010.jpg
image011.jpg

III. Студенттердің өзіндік жұмысы.

Тыныс алу, олардың түрлеріне жаттығу жасау. Дыбыстау мүшелері туралы қосымша материалдар іздестіру, оның конспектісін жазу.

Лекция № 4,5

Лекцияның тақырыбы. Мәнерлеп сөйлеудің құралдары.

Лекцияның мақсаты: Мәнерлеп сөйлеудің құралдарына түсінік беру. Олардың мазмұнын ұғындыру.

Лекцияға керекті құралдар. Слаид, кестелер.

Лекцияның жоспары:

1. Көркем туындыны мәнерлеп оқумен әңгімелеп берудегі дауыс сарының ролі.

2. Интонация және оның мәнерлеп сөйлеудегі мәні.

3. Екпін және оның түрлері.

Өздігінен дайындалуға арналған бақылау сұрақтары:

1. Интонация туралы конспект жазып келу.

2. Екпін дегенді қалай түсінесің? Оның қандай түрлері бар?

Лекция барысы.

Тәрбиешінің мәнерлеп оқуы дегеніміз – оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу және олардың көркем шығармаға деген сезімдерін жетілдіру, дамыту.

Кез-келген шығарманы оқу барысында негізгі дауыс сарыны шығарманың мазмұнына сай болуы қажет. Ал негізгі дауыс сарыны дегеніміз – көркем шығарманың ауызша естілу әуені. Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне байланысты болады. Яғни оқылған шығарма өлең түрінде жазылған ба немесе қара сөз түрінде жазылған ба деген мәселеге байланысты. Шығарманың түріне байланысты негізгі дауыс қарқынын құбылтып, өзгертіп балаларға жеткізуге тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің бірнеше тәсілдерін пайдалануы қажет.

1. Мәнерлеп сөйлеуде басты роль атқаратын тәсіл –

интонация. Оны қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымы Құдайберген Жұбанов сөз сазы деп атаған. Интонация немесе Сөз сазы дегеніміз – сөйлеудің мәндік эмоциялық нақыш болуы.

Интонация көркем сөз орындаушының немесе мәнерлеп сөйлеген адамның ішкі сезімінің, ойын білдіретін көркем образдарды бейнелеуге көмектесетін дауыстың алуан түрлі құбылысы. Интонация арқылы тәрбиеші балаларға адамның көңіл-күйіне байланысты болатын құбылыстарды түгел жеткізуі қажет. Сол құбылысқа байланысты дауыстың реңкі кейде ызалы, кейде байсалды, кейде күлдіргі, кейде дөрекі, кейде қызба, кейде назды, кейде қуақы болып шығуы мүмкін.

2. Мәнерлеп сөйлеудегі басты тәсілдердің бірі – екпін.

Қазақ тілі лебізді – динамикалық тәсілдердің қатарына жатады. Лебізді – динамикалық екпіннің ерекшелігі сөздегі буындардың ішінен бір буын ерекше көтеріңкі дауыспен айтылады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынан түседі және сол екпін түскен буын созылыңқы айтылады. Бірақ қазақ тілінде екпін қабылдамайтын қосымшалар да бар: Мысалы:

1. Жіктік жалғауға екпін қабылдамайды / мын, мін, ды, ді, ты, ті, т.б./

2. Болымсыздық жағынан тудыратын ма, ме, па, пе, ба, бе, екпін қабылдамайды.

3. Есімдерге жалғанып теңеулік ұғым тудыратын – дай, дей, тай, тей жұрнақтары екпін қабылдамайды.

4. Етістіктің түбіріне жалғанып тілек, өтініш ұғымының тудыратын шы, ші, жұрнақтары екпін қабылдамайды.

Берші, көрші, жазшы т.б. Қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындау қызметін атқырмайды.

Өйткені екпін үнемі сөздің соңғы буынына түседі. Қазақ тілінде әдетте екпін үш түрге бөлінеді:

1. Сөз екпіні

2. Сөз тіркесі немесе фразалық екпін

3. Сөйлем немесе логикалық екпін

Қазақ тілінде I екпін I ырғақпен айтылатын сөздердің тобы

бар. Оған күшейткіш үстеулер жатады. Мысалы, өте, тым, аса, орасан, тіпті. Осы сөздер басқа сөзбен тіркесіп келегнде бір-ақ екпінмен айтылады. Мұндай құбылысты энклитика деп атайды. Ал тіліміздегі күрделі сан есімдермен күрделі сын есімдердің алдыңғы сөздері екпінсіз айтылып, екпін сонғы сөзге түседі де бәрі қосылып бір-ақ екпінге ие болады. Осындай өзінен кейін келген сөзбен қосылып айтылатын екпінсіз сөздерді проклитика деп атайды. Мысалы, жетпіс бес, жүз он, мың бір жүз, торала, ақ сары т.б. Сөйлеуде немесе мәтінді дауыстап оқығанда сөйлемдегі сөздер іркес-тіркес айтыла бермей белгілі сөз тіркесі немесе сөз шумағы бір ғана екпінмен айтылуы мумкін. Осындай бір екпін мен айтылған сөздердің түйдегі – тіркес немесе фразалық екпін деп аталады.

Қазақ тілінде сөздердің төмендегідей тобы айрықша бір комплекс болып келеді, яғни екпінге ие болатын тіркестер:

1. Қос сөздер: қатар-қатар, бала-шаға, ыдыс-аяқ, әке-шеше.

2. Негізгі мағыналы сөздермен шылаулардың тіркесі.: немесе, және , үшін т.б.

3. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер бір комплекс құрап, бір екпінмен айтылады. Мысалы, ән салды, оқып отыр т.б.

4. Анықтауышпен анықталатын сөздердің тізбегі бір екпінмен айтылады. Мысалы: ақ бұлт, биік үй, асқар тау, қызыл алам т.б.

5. Толықтауыш пен баяндауыш болған сөздердің тізбегі бір екпінмен айтылады. Үстеуден болатын пысықтауыш: мысалы: кеше бардым, ертең келеді, бүгін болады.

6. Тұрақты сөз тіркестері бір екпінмен айтылады. Мысалы: ит қияда, көзді ашып-жұмғанда, қой ауызынан шөп алмай т.б.

7. Қосымшасыз тура толықтауыш пен баяндауыштың тізбегі бір екпінмен айтылады. Мысалы: шөп шапты, кітап оқыды, есеп шығарды, ән айтты, би биледі, кино көрді т.б.

Логикалық екпін сөздің белгілі бір буынына немесе сөз тіркесіне түсіп айтылатын секілді кейде сөйлемдегі айтылатын ойдың мәніне қарай, бір сөз айрықша дараланып айтылады. Сөйтіп, ол сөз ой екпініне ие болады да ерекше әуенмен естіледі. Яғни бұндай екпінді логикалық немесе сөйлем екпіні деп атайды. Сөйлемнің айтылу сазына қарай логикалық екпіннің орны өзгеруі мүмкін. Мысалы: лепті сөйлемдерде баяндауыш сөйлем басында келіп, оған ерекше назар аударылса, логикалық екпін сол баяндауышқа түседі. Мысалы: Жасасын 1 май мерекесі! Жазба тілде логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғанын сөйлемнің мағынасына қарай табуға болады. Сонда сөйлемдегі екпін түскен сөз басқа сөздерге қарағанда көтеріңкі даыспен мәнерлі етіп айтылады. Сонымен қатар логикалық екпін көркем шығармадағы негізгі айтылатын ойды тыңдаушының дұрыс қабылдауына көмегін тигізеді. Логикалық екпін көбінесе мынадай жағдайларда қойылады:

1. Сөйлем ішіндегі бір сөздің мағынасына ерекше көңіл бөлгенде қойылады.

2. Сөйлемдегі қарама-қарсы мағына білдіретін сөздерге логикалық екпін түседі.

3. Сөйлемдегі біріңғай мүшелердің әрқайсысына логикалық екпін түседі.

4. Бастауышы мен баяндауышы зат есімнен болған жалаң сөйлемдерге ой екпіні баяндауышқа түседі. Мысалы: Айжан – мұғалім, Нұрғали – дәрігер.

5. Өз, тіпті, тағы, мүлде деген сөздер логикалық екпін қабылдайды.

6. Сұрау мәнді білдіретін сөздерде де логикалық екпін түседі.

7. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе логикалық екпінмен ерекшеленеді. Мысалы: Қарағым су әкелші.

Екпіннің келесі бір сиректеу кездесетін түрі эфразалық екпін. Сөйлегенде көңіл-күйдің түрлі толқуларын дыбыстармен жеткізу эмфразалық екпін деп аталады.

Мақұлдау, таңдау, аяу, мейірім, назды білдіретін сөздер екпін түсетін дауысты дыбыстардың созылыңқы айтылуымен беріледі. Мысалы: па-а, шіркін, тамаша-а-а.

Ал жағымсыз эмоцияда /қорқыту, ызалану, зығыры қайнау т.б./ сөз басындағы дауыссыз дыбыстар созылып айтылады. Мысалы, к-көрсетейін т.б.

Негізгі әдебиеттер:

1. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

2. Е.Д.Дмитриев. Практикум по выразительному чтению.

М., 1981г.

3. С.К.Кеңесбаев, Ғ.Г.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. А., 1975ж.

4. Қ.Ақанов. Тіл білімінің негіздері. А., 2000ж.

Қосымша әдебиеттер.

1. Бөбектерге байғазы. А., 2000ж.

2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1990ж.

Семинар № 4,5

Семинардың тақырыбы. Мәнерлеп сөйлеудің құралдары.

Семинардың мақсаты: Мәнерлеп сөйлеудің құралдарын мәңгере отырып, оны күнделікті өмір –

тәжірибесінде пайдалана білуге үйрету.

Семинардың жоспары:

1. Дауыс сарыны дегеніміз не?

2. Интонацияның мәнерлеп оқудағы ролі.

3. Екпін, оның түрлері.

II. Студенттердің оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмыстары.

Сұрақ тапсырмаларды талдау, студенттер жауабын бекіту.

Екпін


III. Студенттің өзіндік жұмысы.

1. Көркемшығарма мен оның бөліктерінің жалпы мәнісіне сай логикалық екпінді анықтау. (өз қалауларымен)

2. “Құлагер” шығармасынан екпін түспейтін буындарды тауып, сөйлемін теріп жазу. (80 бет).

Лекция № 6,7.

Лекцияның тақырыбы. Мәнерлеп оқудың амал-тәслдері.

Лекцияның мақсаты. Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерімен таныстыру. Олардың ерекшеліктерін

меңгерту.

Лекцияға керекті құралдар: Слаид, кестелер.

Лекцияның жоспары.

1. Кідіріс, оның түрлері.

2. Мәнерлеп сөйлеудегі дауыс күші, сөйлеу қарқынының маңызы.

3. Сөйлеу әуені, дауыс биітігі, дауыс ырғағы, сөйлеу нақышы.

Лекцияның барысы.

Мәнерлеп сөйлеудің келесі тәсілдерінің бірі – кідіріс /пауза/.Сөйлеген сөз немесе оқылатын мәтіндегі сөйлемдер толассыз, шұбатылып айтыла бермейді. Олардың арасында белгілі бір үзіліс болады. Сонда сөйлемдегі сөз тіркестері немесе сөз түйдектері немесе сөйлемдер арасындағы толасты кідіріс деп атайды.

Кідіріс 3 түрге бөлінеді:

1. Бір сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін бөліп тұратын кідірісті қысқа кідіріс деп атайды.

2. Белгілі бір ойдың аяқталғанын білдіретін кідіріс орташа кідіріс немесе логикалық кідіріс деп аталады.

3. Тыңдаушының назарын аудару үшін яғни оның көңіл-күйіне әсер ету үшін жасалатын кідіріс ұзақ кідіріс немесе психологиялық кідіріс деп аталады. І немесе ІІ белгісі.

Мәнерлеп сөйлеуде жиі қолданылатын тәсілдердің бірі- сөйлеу қарқыны /темп/. Сөйлеу қарқыны дегеніміз – шығарма мазмұнына байланысты шығарманың айтайын деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты түрліше құбылта білу. Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа қарқынмен оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс мүші де басты роль атқарады.

Дауыс күші дегеніміз – дауыстың ашықтығы, айқындығы және дауысты игере білу яғни ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге, қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге немесе орташа қарқынмен, сөйлей білуге ауыса білу. Дауыс күші көркем сөз оқушыға кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын толық сипаттап беруге көмектеседі. Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп оқып беруде немесе баяндауда қолданылатын тәсілдердің бірі – сөйлеу әуені немесе мелодикасы. Дауыс ырғағының не көтеріліп бәсеңдеуін, не бәсеңдеп барып көтерілуін сөйлеу әуені дейді. Сөйлеу әуенін дұрыс сақтау үшін сөйлемдегі тыныс белгілерге ерекше көңіл бөлу керек.

Мәнерлеп сөйлеуде ерекше көңіл бөлінетін тәсілдердің бірі сөйлеу нақышы /тембр/. Дауыстың эмоциялық бояуын сөйлеу нақышы деп атайды. Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай қапалы, үрейлі, қуанышты, көңілді, өкінішті, таңдану, жайдары т.б. тұрғыда болу мүмкін. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнына қарай тәрбиеші дауыс нақышын айқындап балаларға жеткізе білу қажет. Кейде оқылатын немесе баяндалатын шығармадағы кейіпкерлердің ерекшелігі тәрбиешінің бет-әлпетінің құбылысына байланысты да түсіндіріледі. Осындай бет-әлпеттің құбылысы мимика деп аталады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

2. Е.Д.Дмитриев. Практикум по виразительному чтению. М., 1981г.

3. С.К.Кеңесбаев, Ғ.Г.Мұсабеков. Қазіргі қазақ тілі. А., 1975ж.

4. Қ.Ақанов. Тіл білімінің негіздері. А., 1996ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бөбектерге байғазы. А., 2000ж.

2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1970ж.

Семинар № 6,7.

Семинардың тақырыбы: Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдері.

Семинардың мақсаты: Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге

үйрету.

Семинардың жоспары.

1. Мәнерлеп оқудағы дауыс биіктігі, дауыс ырғағы, сөйлеу нақышы дауыс күшінің ролі.

2. Кідіріс оның түрлері.

КІДІРІС
image014.jpg image015.jpg image016.jpg

ІІ. Студенттердің оқытушымен бірлесіп істейтін жұмыстары.

Сұрақ тапсырмаларды талдау, студенттер жауабын бекіту.

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмысы.

1. Қыранның серігі – сұңқар мәтінін көшіріп, логикалық кідірісті анықтаңдар (85 бет. Х.Қ.)

2. Топ қасқырмен айқасқан табын мәтінін оқып, қандай кідірістер қойылатынын анықтау. (98 бет. Х.Қ.)

Дәрістің тақырыбы: Сөйлеу техникасы

Дәрістің мақсаты: Сөйлеу техникасы туралы түсінік беру. Дыбыстау мүшелерін қызметіне қарай

жіктеу және сөйлеу техникасының төселу жолдарымен таныстыру.

Дәріске керекті құралдар: Слаид, кестелер.

Дәрістің жоспары

7. Сөйлеу техникасы деп нені түсінеміз.

8. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңызы.

9. Сөйлеу мүшелері және олардың қызметі, сөйлеу мүшелерін жаттықтыру жолы.

10. Тыныс алу және оның түрлері.

11. Үнреңкі және оның мәні.

12. Орфоэпияның басты ережелері.

Дыбыстау мүшелері жөнінде конспект жазып келу.

Дәрістің барысы

Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің барлық саласына қызмет ете алатын мейлінше жетілген тілге айналып отыр. Оның сөз байлығы орасан қолайлы, жазуы орнықты. Әр алуан заңдылықтары нормаға айналды. Қазақ тілінің де өзге тілдер сияқты екшеліп тұрақталған заңдылықтары бар. Ол заңдылықтар сөздерді дұрыс таңдау, орнымен жұмсау, яғни лексикалық заңдылықтар. Сонымен қатар сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдер құрастыра білу немесе грамматикалық заңдылықтар, дұрыс айту заңдылықтары: сауатты жазу заңдылықтары секілді бірнеше салаларды қамтиды. Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен сөйлеу актісіндегі айтылуы әрдайым бірдей болып келмейді. Сол сияқты сөздердің жазылған түрімен анық оқылуы да бірдей болмайды. Сондықтан мәнерлеп сөйлеу өнері болашақ тәрбиешіден сөйлеу техникасын толық меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасына; тыныс алу, дауыс, дикция жатады.

Сөйлеу техникасы дыбыстау мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам шығарма мәтінін тыңдаушысына мәнерлеп жеткізе алмайды. Мәнерлеп сөйлеп оқи білу үшін тілдің дыбыс шығаратын мүшелерінің қызметін жақсы білу қажет. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция деп атаймыз. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппаратына өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, ерін, иек жатады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі - өкпе. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тармақтарымен тамаққа одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді. Жұтқыншақ қуысына келген ауа одан әрі не ауыз қуысы, не мұрын қуысы арқылы өтеді. Өкпе 2 таран қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады және өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда демеп отырады. Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығып, өкпеге бірден тез енеді. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі – тамақ. Ол кеңірдектің жоғарғы тұсына орналасқан. Ал, дыбыстар жасауда басты роль атқаратын дауыс шымылдығы көмеймен байланысты. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар осы дауыс шымылдығындағы дірілден жасалады. Ал үнді дауыссыз дыбыстармен ұяң дауыссыз дыбыстар айтылған кезде дауыс шымылдығы сәл ғана керіліп, діріл өте аз болады. Қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында үннің ешқандай қатысы жоқ. Ал кейбір дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосады. Сөйтіп кейбір үнді дауыссыз дыбыстар мұрын қуысы арқылы жасалады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінде ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі және жылжымалысы – тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның ұшының, ортасының, артқы шенінің қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі ерін де басты роль атқарады. Екі еріннің жымдасуынан Б, П дыбыстары пайда болса, астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан Ф, В дыбыстары жасалады. Ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы О, Ө, Ұ, Ү дыбыстары жасалады. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі – таңдай.

Тандай жұмсақ, қатты болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі қүрек тіс тұрған қызыл иекпен басталып, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Ал жұмсақ таңдай соңғы тістен басталып, кішкене тілден аяқталады. Келесі дыбыстау мүшесінің бірі – иек. Иек төмен түссе ауыз қуысы кеңейеді. Ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Ал иек жоғары көтерілсе ауыз қуысы тарылады да қысаң дауысты пайда болады. Осы дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы меңгергеннен кейін сөйлеу техникасының төселу жолдарына көңіл бөлу керек. Сөйлеу техникасына төселу жолдарына мыналар жатады:

4. дұрыс тыныс ала білу

5. дауысты жаттықтыру

6. үн реңкін қалыптастыру

Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек. Демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі. Ал көк ет /диафрагма/ төмен түседі.

Ал сөйлеу кезіндегі тыныс алу ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді.

Еріксіз тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі күнделікті сөйлеу процесінде болады.

Ерікті тыныс алу дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Тыныс алудың осы түрлерін меңгергеннен кейін тәрбиеші дауысты дұрыс сақтаудың төмендегідей ережелерін білуі керек:

5. Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуі тиіс. Айқалап қатты сөйлеуге болмайды.

6. Ұзақ сөйлеуге немесе өлең айтуға болмайды.

7. Тамақты суықтан сақтану керек. Мұрын жолының ауруларынан сақтау керек

8. .

Әр адамның өзіндік дауысы болады. Соған байланысты әр адамның дауысының өзіндік айрықша ерекшеленуі дауыстың биіктігі немесе ырғағы деп аталады. Ал дауыстың мәнерлеп сөйлеу кезінде жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл ауыса алуын дауыстың икемділігі деп атайды.

Орфоэпиялық заңдылықтардың ішіндегі басты ережелердің бірі – элизия. Қатар келген екі дауысты дыбыстардың бірінің түсіріліп айтылуы осы құбылысқа жатады. Мысалы, Сарыарқа – Сарарқа т.б. редукция – сөз ортасындағы кейбір дауысты дыбыстардың айтқан кезде көмескіленуі. Мысалы, Әділет – Дәрігер, Протеза – айтқан кезде сөздің алдына дыбыс қосылып естілуі. Мысалы, Риза – ыриза, рең – ірең т.б.

Негізгі әдебиеттер:

5. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

6. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. М., 1981г.

7. Горбушина Л.А. Выразительное чтение. М., 1978г.

8. Короткова Э.П. Обучение детей дошкольного возраста рассказыванию. М., 1982г.

Қосымша әдебиеттер.

3. М. Дүйсебаева. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері. А., 1973ж.

4. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. А., 1981ж.

Дәріс № 3

Дәрістің тақырыбы. Мәнерлеп сөйлеудің құралдары.

Дәрістің мақсаты: Мәнерлеп сөйлеудің құралдарына түсінік беру. Олардың мазмұнын ұғындыру.

Дәріске керекті құралдар. Слаид, кестелер.

Дәрістің жоспары:

4. Көркем туындыны мәнерлеп оқумен әңгімелеп берудегі дауыс сарының ролі.

5. Интонация және оның мәнерлеп сөйлеудегі мәні.

6. Екпін және оның түрлері.

Өздігінен дайындалуға арналған бақылау сұрақтары:

3. Интонация туралы конспект жазып келу.

4. Екпін дегенді қалай түсінесің? Оның қандай түрлері бар?

Дәріс барысы.

Тәрбиешінің мәнерлеп оқуы дегеніміз – оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу және олардың көркем шығармаға деген сезімдерін жетілдіру, дамыту.

Кез-келген шығарманы оқу барысында негізгі дауыс сарыны шығарманың мазмұнына сай болуы қажет. Ал негізгі дауыс сарыны дегеніміз – көркем шығарманың ауызша естілу әуені. Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне байланысты болады. Яғни оқылған шығарма өлең түрінде жазылған ба немесе қара сөз түрінде жазылған ба деген мәселеге байланысты. Шығарманың түріне байланысты негізгі дауыс қарқынын құбылтып, өзгертіп балаларға жеткізуге тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің бірнеше тәсілдерін пайдалануы қажет.

Мәнерлеп сөйлеуде басты роль атқаратын тәсіл – интонация. Оны қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымы Құдайберген Жұбанов сөз сазы деп атаған. Интонация немесе Сөз сазы дегеніміз – сөйлеудің мәндік эмоциялық нақыш болуы..

3. Мәнерлеп сөйлеудегі басты тәсілдердің бірі – екпін.

Қазақ тілі лебізді – динамикалық тәсілдердің қатарына жатады. Лебізді – динамикалық екпіннің ерекшелігі сөздегі буындардың ішінен бір буын ерекше көтеріңкі дауыспен айтылады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынан түседі және сол екпін түскен буын созылыңқы айтылады.

Қазақ тілінде әдетте екпін үш түрге бөлінеді:

4. Сөз екпіні

5. Сөз тіркесі немесе фразалық екпін

6. Сөйлем немесе логикалық екпін

Қазақ тілінде I екпін I ырғақпен айтылатын сөздердің тобы

бар. Оған күшейткіш үстеулер жатады. Мысалы, өте, тым, аса, орасан, тіпті. Осы сөздер басқа сөзбен тіркесіп келегнде бір-ақ екпінмен айтылады. Мұндай құбылысты энклитика деп атайды. Ал тіліміздегі күрделі сан есімдермен күрделі сын есімдердің алдыңғы сөздері екпінсіз айтылып, екпін сонғы сөзге түседі де бәрі қосылып бір-ақ екпінге ие болады. Осындай өзінен кейін келген сөзбен қосылып айтылатын екпінсіз сөздерді проклитика деп атайды. Мысалы, жетпіс бес, жүз он, мың бір жүз, торала, ақ сары т.б. Сөйлеуде немесе мәтінді дауыстап оқығанда сөйлемдегі сөздер іркес-тіркес айтыла бермей белгілі сөз тіркесі немесе сөз шумағы бір ғана екпінмен айтылуы мумкін. Осындай бір екпін мен айтылған сөздердің түйдегі – тіркес немесе фразалық екпін деп аталады.

Логикалық екпін сөздің белгілі бір буынына немесе сөз тіркесіне түсіп айтылатын секілді кейде сөйлемдегі айтылатын ойдың мәніне қарай, бір сөз айрықша дараланып айтылады. Сөйтіп, ол сөз ой екпініне ие болады да ерекше әуенмен естіледі. Яғни бұндай екпінді логикалық немесе сөйлем екпіні деп атайды. Сөйлемнің айтылу сазына қарай логикалық екпіннің орны өзгеруі мүмкін. Мысалы: лепті сөйлемдерде баяндауыш сөйлем басында келіп, оған ерекше назар аударылса, логикалық екпін сол баяндауышқа түседі. Мысалы: Жасасын 1 май мерекесі! Жазба тілде логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғанын сөйлемнің мағынасына қарай табуға болады. Сонда сөйлемдегі екпін түскен сөз басқа сөздерге қарағанда көтеріңкі даыспен мәнерлі етіп айтылады. Сонымен қатар логикалық екпін көркем шығармадағы негізгі айтылатын ойды тыңдаушының дұрыс қабылдауына көмегін тигізеді.

Екпіннің келесі бір сиректеу кездесетін түрі эмфазалық екпін. Сөйлегенде көңіл-күйдің түрлі толқуларын дыбыстармен жеткізу эмфразалық екпін деп аталады.

Мақұлдау, таңдау, аяу, мейірім, назды білдіретін сөздер екпін түсетін дауысты дыбыстардың созылыңқы айтылуымен беріледі. Мысалы: па-а, шіркін, тамаша-а-а.

Ал жағымсыз эмоцияда /қорқыту, ызалану, зығыры қайнау т.б./ сөз басындағы дауыссыз дыбыстар созылып айтылады. Мысалы, к-көрсетейін т.б.

Негізгі әдебиеттер:

5. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

6. Е.Д.Дмитриев. Практикум по выразительному чтению. М., 1981г.

7. С.К.Кеңесбаев, Ғ.Г.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. А., 1975ж.

8. Қ.Ақанов. Тіл білімінің негіздері. А., 2000ж.

Қосымша әдебиеттер.

3. Бөбектерге байғазы. А., 2000ж.

4. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1990ж.

Дәріс № 4.

Дәрістің тақырыбы. Мәнерлеп оқудың амал-тәслдері.

Дәрістің мақсаты. Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерімен таныстыру. Олардың ерекшеліктерін

меңгерту.

Дәріске керекті құралдар: Слаид, кестелер.

Дәрістің жоспары.

4. Кідіріс, оның түрлері.

5. Мәнерлеп сөйлеудегі дауыс күші, сөйлеу қарқынының маңызы.

6. Сөйлеу әуені, дауыс биітігі, дауыс ырғағы, сөйлеу нақышы.

Дәрістің барысы.

Мәнерлеп сөйлеудің келесі тәсілдерінің бірі – кідіріс /пауза/.Сөйлеген сөз немесе оқылатын мәтіндегі сөйлемдер толассыз, шұбатылып айтыла бермейді. Олардың арасында белгілі бір үзіліс болады. Сонда сөйлемдегі сөз тіркестері немесе сөз түйдектері немесе сөйлемдер арасындағы толасты кідіріс деп атайды.

Кідіріс 3 түрге бөлінеді:

4. Бір сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін бөліп тұратын кідірісті қысқа кідіріс деп атайды.

5. Белгілі бір ойдың аяқталғанын білдіретін кідіріс орташа кідіріс немесе логикалық кідіріс деп аталады.

6. Тыңдаушының назарын аудару үшін яғни оның көңіл-күйіне әсер ету үшін жасалатын кідіріс ұзақ кідіріс немесе психологиялық кідіріс деп аталады. І немесе ІІ белгісі.

Мәнерлеп сөйлеуде жиі қолданылатын тәсілдердің бірі- сөйлеу қарқыны /темп/. Сөйлеу қарқыны дегеніміз – шығарма мазмұнына байланысты шығарманың айтайын деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты түрліше құбылта білу. Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа қарқынмен оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс мүші де басты роль атқарады.

Дауыс күші дегеніміз – дауыстың ашықтығы, айқындығы және дауысты игере білу яғни ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге, қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге немесе орташа қарқынмен, сөйлей білуге ауыса білу. Дауыс күші көркем сөз оқушыға кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын толық сипаттап беруге көмектеседі. Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп оқып беруде немесе баяндауда қолданылатын тәсілдердің бірі – сөйлеу әуені немесе мелодикасы. Дауыс ырғағының не көтеріліп бәсеңдеуін, не бәсеңдеп барып көтерілуін сөйлеу әуені дейді. Сөйлеу әуенін дұрыс сақтау үшін сөйлемдегі тыныс белгілерге ерекше көңіл бөлу керек.

Мәнерлеп сөйлеуде ерекше көңіл бөлінетін тәсілдердің бірі сөйлеу нақышы /тембр/. Дауыстың эмоциялық бояуын сөйлеу нақышы деп атайды. Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай қапалы, үрейлі, қуанышты, көңілді, өкінішті, таңдану, жайдары т.б. тұрғыда болу мүмкін. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнына қарай тәрбиеші дауыс нақышын айқындап балаларға жеткізе білу қажет. Кейде оқылатын немесе баяндалатын шығармадағы кейіпкерлердің ерекшелігі тәрбиешінің бет-әлпетінің құбылысына байланысты да түсіндіріледі. Осындай бет-әлпеттің құбылысы мимика деп аталады.

Негізгі әдебиеттер:

5. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

6. Е.Д.Дмитриев. Практикум по виразительному чтению. М., 1981г.

7. С.К.Кеңесбаев, Ғ.Г.Мұсабеков. Қазіргі қазақ тілі. А., 1975ж.

8. Қ.Ақанов. Тіл білімінің негіздері. А., 1996ж.

Қосымша әдебиеттер:

3. Бөбектерге байғазы. А., 2000ж.

4. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1970ж.

Дәріс № 5

Дәрістің тақырыбы: Көркем шығарманы талдау

Дәрістің мақсаты: Көркем шығарманың тілі туралы түсінік. Шығарманы желісіне қарай талдауға үйрету.

Дәріске керекті құралдар: слаид, кестелер.

Дәрістің жоспары: 1. Көркем шығарманың тақырыбы және идеясы.

2. Көркем шығарманың тектері мен түрлері.

3. Дауыс сарынын айқындау, көркем туындыны дұрыс оқудың ерекшелігі.

4. Көркем шығарманың тілі.

Дәріс барысы:

Жазушының өмірден ең алдымен іздеп табатыны - өз шығармасының тақырыбы. Егер жазушы творчествосы үш процестен (материалдарды жинау, материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) тұрады десек, тақырып осы үш кезеңді де қамтиды. Жазушы материал жинаған кезде өмірдің әр алуан құбылыстарын зерттейді де солардың ішінен ең керектісін алады. Болашақ шығармаға негіз болатын осы таңдап алынған керекті құбылыс. Сонда жазушының шындықтан таңдап, талғап алып өзінің көркем шығармасынан негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын шығарманын тақырыбы деп атайды.

Жазушы өз шығармасына тақырып етіп, өмір құбылыстарын таңдап алғанда сол құбылыстарға өзінің бағасын береді. Осы өмір құбылысы жайлы жазушының берген бағасы, ойы шығарманың идеясы деп атайды.

Идеясыз шығарма болмайды. Тақырып пен идея бір-бірімен тығыз байланысты. Идеясыз шығарма болмайтын секілді тақырыпсыз идея болмайды.

Өмірдегі шындықтың шынай әдеби шығармаға айналуында оның сюжеті мен композиясы үлкен роль атқарады.

Шығарманың сюжеті дегеніміз – М.Горькийше айтқанда “Адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, бірін-бірі жек көруі, жақсы көруі, яғни әрбір ойдың өсуі, жасалу тарихы”. Кез-келген көркем шығарманың әрбір бөлшегін ондағы оқиғалардың басын құрастырып, біріктіріп сол шығарманы бүтін бір тұтастыққа келтіруді шығарманың композициясы деп атайды.

Шығармада сонымен қатар кейіпкер арасында күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар болып жатады. Сонда тартыс дегеніміз - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі. Адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі қарама-қарсы құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі. Өнердегі өмірлік тартыс көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, арқауы немесе негізгі арқауы. Яғни әдеби шығармадағы тартыс, оның сюжеті мен композициясын дамытатын, өрбітетін негізгі құрал. Сондықтан да шағын, көлемді әңгімеден бастап үлкен романға дейін шығармада тартыс болады. Осы тартысқа түсетін әрбір құбылыстың өзіндік дәлелі болуы керек. Кейіпкер үшін ол дәлел психологиялық жағынан болады да, ол шығармадағы жалпы оқиға үшін логикалық дәлел керек.

Кез-келген шығармада дәлел болатын секілді шығармалардың барлығында да композияция болады. Ол композиция шығарманың басталуынан немесе оның кіріспесінен құралады. Шығармадағы осындай әдеби кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасқа түспей тұрғандағы оның хал-жағдайы, тіршілігі, өмір сүрген ортасы, онда болатын оқиғалардың өтетін орны туралы алғашқы түсініктеме экспозиция деп аталады.

Әдетте шығармалардың экспозициясы қоңыржай үнмен хабарлау сазымен байсалды дауыспен оқылып, тыңдаушылардың назарын өзіне аударады. Бірақ кез-келген шығармада экспозияция болмайды. Шығарманың көпшілігінде оқиға бірден өрбиді. Әрбір шығармадағы оқиғаның шарықтауы іс-әрекеттің шиыршық атып шегіне жеткен жағдайы болып саналады. Ал оқиғанын шешімі дегеніміз – іс-әрекеттің дамуының аяқталуы. Сондықтан шығарманың ақталуын оқығанда дауыс баяулап барып бітуі керек те, ұзақ кідіріс жасалады. Мұндағы мақсат – тыңдаушылар естігененін ой елегінен өткізіп алған әсерін қорытындылау үшін жағдай туғызу. Егер оқылатын шығарманың көлемі үлкен болса, оны бірнеше бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою керек және шығарманың әр бөлігі аяқталған бір ойды, яғни эпизодты білдіруі тиіс.

Шығармаларды оқыған кезде оның тіліне ерекше көңіл бөлу қажет. Әрбір шығарманың тілі – мәндікке, ықшамдылыққа, сұлулыққа негізделуі шарт. Сондықтан да әдеби тіл – жәй тіл емес көркем тіл. Яғни сұлулыққа құрылуы қажет. Бірақ бұл жердегі негізгі мақсат - әр сөз өз орнына қолданылып, сөздің табиғилығына тыңдаушыға түсініктілігіне, қарапайымдылығына, нақтылығы мен тазалығына көңіл бөлінуі керек. Кез-келген шығармада антоним, синоним, омоним, көп мағыналы сөздер орпоизмдер, неологизмдер кездеседі.

Антоним – биік-аласа, үлкен-кіші т.б.

Синоним – әдемі-сұлу-ажарлы т.б.

Омоним – ара /жәндік/, ара /құрал/ т.б.

Орпоизм – көнерген сөздер.

Сонымен қатар шығарма тілінде эпитеттер де кездеседі, заттың, құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтайтын бейнелі сөздерді эпитет деп атайды.

Мысалы: Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Көктемнің балғын кезі еді

Әнші құс көкте ағылған

Желінің де жасыл өзегі

Көгілдір мұнар жамылған.

Әдеби тілге үстеме мағына беріп шығарманың мазмұнын түрлендіріп тұратын көркемдегіш құралдардың бірі – теңеу.

Заттың,құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу теңеу деп аталады.

Мысалы: Шілдеде қандай момақан

Толқының майда мақпалдай

Бірнеше жұмбақ алақан

Көтеріп бара жатқандай

Негізгі әдебиеттер

1. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

2. Е.Д.Дмитриев. Практикум по выразительному чтению. М., 1981ж.

3. Л.А.Горбушина, А.П.Николайчева. выразительное чтение. М., 1978ж.

Қосымша әдебиеттер

1. Біз мектепке барамыз. Хрестоматиялық жинақ. Авторлар ұжымы. А., 2001ж.

2. Бөбектерге бейғазы. А., 2000ж.

Дәріс № 6

Дәріс тақырыбы. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әңгімелерді оқу ерекшелігі.

Дәрістің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әңгімелерді оқу ерекшелігі туралы мағлұмат беру.

Дәрістің жоспары.

1. Тәрбиеші – педагогтың әңгіме айтып беруі.

2. Көркем шығармаға, картинаға, суреттерге түсініктеме әңгіме жасау.

3. Балаларға шығарма оқу ерекшелігі.

Дәрістің барысы.

Тәрбиеші балалармен күнделікті араласып сабақ жүргізгенде, қыдыртқанда, саяхатқа апарғанда, ойын сағатында оларды айналадағы өмірмен таныстырады. Өздері пайдаланып жүрген заттар, табиғат құбылыстары, өсімдік пен хайуанаттар, адамдар, олардың еңбектері, мерекелер жайында балаларға арнап кітап, фильм, музыка шығарып жатқан жазушылар мен суретшілер туралы әңгіме айтады.

Әңгіме көлемі шағын әдеби шығарманың жанрына жатады. Қатысушылардың саны да аз болады. Сюжеті біртіндеп өрбиді. Әңгіме өзегі өмір оқиғасына, эпизодына құрылады. Шытырман ситуация болмайды. Іс-әрекет азғана мерзім ішінде өтеді, композициясы жеңіл келеді.

Балаға үш жасынан бастап ауызша айтылатын әңгіменің осындай ерекшелігі олардың қабылдауы мен түсінігіне лайық және қажетті дидактикалық әдіс болмақ.

Тәрбиешінің әңгімесі балалардың жас ерекшелігіне қарай әр жастағыларға арналып құрылады. Үш-төрт жастағы балаларға айтылатын әңгіме мейлінше қысқа және сәбилердің өмір тәжірибесімен ұштасуы керек. Бала есейген сайын оның танымы, тәжірибесі молая бастайды, саған орай тәрбиешінің әңгімесі мазмұны жағынан күрделеніп, көлемі ұлғаяды.

Әңгіме айту – шығармашылық жұмыс. Тәрбиеші жақсы әңгімеші болу үшін оның бақылап байқағаны, көрген-білгенінен түйгені, білімі мол болу керек, сөйлеу мәдениетін игерген болуы тиіс.

Әңгімені айтуда тек айналадағы болып жатқан өмір жаңалықтарын хабарлап қою жеткіліксіз. Әңгімеші тыңдаушыларына эмоциялық әсер етуі керек. Әңгімедегі іс-әрекетке, оқиғаға өз көзқарасын, көңіл күйіңді білдірумен тынбай тыңдаушыларыңды да бірге еліктіріп, әңгіме араластырып отыруды көздеу керек.

Көркем шығармаға түсініктеме әңгіме туындыны оқыр алдында кіріспе сөзде беріледі. Оның мақсаты – тыңдаушылардың зейінін аудару, кітапқа қызықтыру, жазушының суреттеп отырған өмір жолымен таныстыру. Мұндай әңгіме жазушының аты-жөнін айту, педагог балаларға таныс бірнеше шығармаларын атап өтуден бастамақ. Тәрбиеші – педагог жазушы творчествосының кейбір ерекшеліктері жайлы (жақсы, көретін тақырыптарын, таңдап алған жанры), оның жеке басының қасиеттері туралы айтып, балаларды өздері тыңдайтын шығарма тақырыбына бейімдейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың есту қабілеті біркелкі жетілмейді, өсе келе дамиды. Олардың естуін дамытудың, тілін ширатудың бір жолы кітап оқу арқылы болмақ. Тәрбиеші баланың сөзді ұғу қабілетін де, әңгіме кезінде белгілі бір мерзімге дейін сөзге зейін қоюын да ескеруі қажет. Сәбилер тобындағы балдырғандар зейіндерінің біртіндеп даму шамасына лайық ертегі, әңгіме, өлең-тақпақтың мазмұнына өздігінен құлақ қоя бастайды да, қызығып тыңдайды, естігендерін жадында сақтай бастайды. Бірақ олардың назарлары бұндай сабақтан басқаға тез ауып кетеді. 5-6 жасқа келген балдырғандар өздеріне арналған сабаққа өз еркінше көңіл қойып тыңдап естігенінен ұққанын басқаларға не өз тобындағы құрбыларына айтып бере алатындай болады.

Тәрбиеші – педагог белгілеп алған әңгімесін, ертегісін, тақпағын тек мәнерлеп оқумен ғана шектелмеуі керек, сонымен бірге балаларды шығарманы қабылдап ұғуға да даярлау қажет. Олардың қоятын сұрақтарын алдын-ала болжауы, оқылған әңгіме, ертегі, өлеңдерінен алған әсерлерін байқауы тиіс.

Көркем туындыны үзбей оқыған дұрыс. Егер мәтінді оқу уақыты ұзақтау болса, онда белгілі бір ой аяқталған жеріне дейін келіп, үзіліс жасауға болады.

Тәрбиені – педагог шығарманы өзінің қалай орындауына ғана көңіл бөліп балалардың қабылдауы мен зейінін назарынан тыс қалдырмауы керек. Егер балалардың көңілі алаңдай бастаса, тәсілді дереу өзгертіп, сұрау беріп, оқып отырған затты не бейнесін көрсетіп, образды нақтылап, балалардың көңілін аудару шарасын жасау қажет.

Тәрбиеші – педагог әңгіме оқығанда, балалардың алдында тұруы керек. Олар оқығанды естумен қатар тәрбиешінің бет-пішінін, мимикасын, ым-ишарасын да байқайтын болсын. Әрине, мимикамен ым-ишара сөз мәнеріне жатпайды. Дегенмен сөйленген сөзге қосымша ажар береді, әртүрлі сезім күйін көрсетеді. Шығарманы оқып болған соң, балалардың алған әсері жөнінде әңгіме жүргізу – сабаққа қойылатын талаптардың негізгі бір бөлігі. Өйткені әңгімені ықыласымен тыңдаған балалар алған әсерлерін іштеріне сақтамайды, әдетте олар әңгіме аяқталысымен, ойларын бірден айтатыны белгілі. Тәрбиеші балалардың ойын тыңдап алған соң, өз пікірін қосады, қорытындылайды, әңгіме не туралы айтылғанын балаларға нақтылап береді

Балабақшада мәнерлеп оқу тәртібі мына шамада өтіледі

Балаларды оқығанды тыңдауға дайындау. Балаларды алдын-ала психологиялық тұрғыдан дайындау, естігенін ұғатындай жағдай жасау, оларды ұйымдастыру жағы.

Балаларға шығарманы оқу. Оқу негізінде көрке туындының образын нақтылай түсуге немесе жинақтай қорытындылауға иллюстрация, сурет, диапозитив, таблица тағы осындай көрнекі құралдар қолданылады.

Оқылған шығарма мазмұны бойынша пікір алысу, әңгімелесу. Балалардың өздерінің пікір айтуы, тәрбиешіге қоятын сұрақтары, оның қайтаратын жауабы, мазмұндап айтып беруі, оқылған мәтін бойынша балалардың шығармашылық жұмыстары (сурет, бейне, әңгіменің аяғын жалғастыру т.б.)

Көркем шығармада суреттелген өмір шындығының елесі жайлы балалардың түсінігін қорытындылау. Қорытындыны оқылған әңгіме, өлең бойынша тәрбиеші – педагогтың қойған сұрағына балалардың жауап берулері немесе тақырыпты аша түсу үшін тәрбиеші – педагогтың толықтыру әңгімесі арқылы жасауға да болады.

Негізгі әдебиеттер

Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 198ж. Н.С.Карпинская. Художественное слово в воспитании детей. Ранний и дошкольный возраст. М., 1982г. Э.П.Короткова. Обучение детей дошкольного возраста рассказыванию. М., 1982г

Қосымша әдебиеттер

О.И.Никифорова. Психология восприятия художественной литературы. М., 1972г. О.С.Ушакова. Развитие речи детей при ознкомлении с художественной литературой. М., 1984

Дәріс № 7

Дәрістің тақырыбы: Шағын фольклорлық жанр шығармаларын оқу.

Дәрістің мақсаты: Шағын фольклорлық жанр шығармалары туралы түсінік беру. Шығармаларды жанр жағынан талдау жолдарын үйрету.

Дәріске керекті құралдар: Слаид, кестелер.

Дәрістің жоспары.

1. Прозалық шығармаларды оқу.

2. Мысал оқудың ерекшелігі.

Өздігінен дайындауға арналған бақылау сұрақтары:

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әңгіме, мысалдар жазып келу.

Лекцияның барысы.

Әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың шығармашылық ерекшелігін танытады. Оны кез-келген көркем туындының түрінен де, тақырыбы мен идеясына да, біраз жасау тәсілдерінен де байқауға болады.

Прозалық шығармалардың ішіндегі мектеп жасына дейінгі балаларға көп оқылатыны - әңгіме. Әңгіменің көлемі шағын болады. Әңгімені жазу кезінде оның екі түрлі ерекшеліктерін ескеру қажет.

1. Қысқа жазылуы.

2. Шебер жазылуы.

Әңгіме жанры адамның ойын тербеп, эстетикалық тағлым беретін жанр. Әңгімеде мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән күйініш-сүйініш сезімдерін суреттеу, әр кейіпкердің өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру. Осы әдістердің барлығы бірін-бірі толықтырып тұратын әдеби ұғымдар. Автор шығармасында өмір құбылысын суреттеп отырған жайттарын жинақтай келе, өз ой-пікірін білдіру арқылы кейбір кейіпкерді қостатып, жақтатып, ал кейбіреулерін айыптатып отырады.

Әңгімедегі суреттелетін оқиға, нақты өтіп жатқан сияқты. Ал кейіпкерлері өмірде бар кісі сияқты болып көрінеді. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балалар әңгіме оқиғасын өз мағынасында қабылдайды.

Өлеңді мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар мысалды оқуға да қойылады. Бірақ мысалды оқудың стилі басқаша. Ол ауызекі сөйлеу тілінің айтылу сазымен орындалады, ырғақ әуені сюжетіне бағынады, мысал аллегория тілімен жазылады. Әдетте мысалда қысқа өсиет-өнеге айтылады. Мұндай қорытынды меңзеу, нұсқау мысалдың идеясын немесе қосалқы мәнін ашады. Кей кезде балдырғандарға астарлы мәнді өсиет-өнеге түсінікті бола бермейді. Мысалды ертегі сияқты ұғынады, кейіпкерлері хайуанаттар болып келеді. Егер мысалдың сюжеті түсінікті болса, өсиет пен қосалқы мәнін ашып айту міндетті емес. Айталық С.Торайғыровтың “Екі тышқан”, С.Донентаевтың “Екі теке” сияқтылары.

Балаларға көркем образды нақтылап беру керек. Өте-мөте сәбилер тобының тәжірибесі әлі жоқ, айналадағы өмір тіршілігінен түсініктері әлі қалыптаспаған, сондықтан олардың ұғымына көрнекілік, тұжырымдылық қажет. Тәрбиеші – педагог шығарманы оқыр алдында балалардың оны қабылдау шама-шарқын ескереді, шығарма мазмұнын біртіндеп жетелей отырып түсіндіруді көздейді, неге боса көңіл аудару керектігін белгілейді. Көркем образдарды нақтылауға, тұжырымдауға бақылау, картина, сурет, заттардың өзі немесе бейнелері пайдаланылады – бір сөзбен айтқанда тәрбиеші балалардың ұғымын кеңейтеді сөйтіп көркем шығарма жанрын түсінуді жеңілдетеді.

Негізгі әдебиеттер

1. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

2. Л.А.Горбушина, А.П.Николайчева. Выразительное чтение. М., 1978г.

3. Е.Д.Дмитриев. Практикум по выразительному чтению. М., 1981г

Қосымша әдебиеттер

1. Б.Баймуратова. “Біздің кітап”. 1-2 кітап. А., 1982ж.

2. Б.Баймуратова. Балалар әдебиетінің хрестоматиясы. А., 2008ж.

Дәріс № 8

Дәрістің тақырыбы: Ертегі айту.

Дәрістің мақсаты: Ертегі айтудың маңызы мен таныстыру. Ертегінің түрлері мен құрылысын үйрету.

Дәріске керекті құралдар. Слаид, кестелер.

Дәрістің жоспары.

1. Ертегі – халық ауыз әдебиеті саласының бірі.

2. Ертегінің түрлері

3. Ертегінің құрылысы.

Өздігінен дайындалуға арналған бақылау сұрақтары:

Ертегі оқудың ерекшелігі қандай?

Дәрістің барысы:

Балабақшада балаларды ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу тәрбиешінің басты міндеті болып саналады. Балабақшаға арналған оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында тіл дамыту сабақтарында ауыз әдебиетінің үлгілерін оқытуға баса назар аударылған. Оқылған әрбір ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар арқылы балалардың ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ерекше мән берілген. Халық ауыз әдебиетінің басты саласының бірі-ертегілер.

Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті саласының бірі. Ертегілер өте ерте заманда тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген адамдар әр нәрсені қиял еткен. Өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жағын қарастырған.

Ертегілер мазмұны мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

Қиял-ғажайып

Хайуанаттар

Шыншыл

Қиял-ғажайып ертегілеріне жататын ертегілер ескі заманда туған. Ертегі адамдар өздерімен алысқан жаулары жайында, сол жауларды жеңу туралы қиялдап ертегілер шығарған. Қиял-ғажайып ертегілерінің ішіндегі малшы, бақташылар жайындағылар да оқушыны, тыңдаушыны бірден баурап алады. Сондай ертегілердің бірі “Күн астындағы күнекей қыз” туралы ертегі. Бұл ертегіде қарапайым бақташы шаруаның ғажайып ерліктері суреттелген. Ертегінің басты кейіпкері қойшы бала. Ертегінің алғашқы бөлімінде қойшы бала мал бағуды кәсіп еткен шаруа өкілі болып көрінеді. Ол өзінің үй-ішін, туған-туысқандарын адал еңбегімен асырайды. Одан кейінгі бөлімде ханды сынау мақсатында алтын мүйізді киікті ғана оған сыйға тартады. Хан оған ризашылық білдірмей оны неше түрлі қиын-қыстау жұмыстарға жұмсайды. Ертегінің соңында алтын мүйізді киікті, алтын мен алтын ағашты және күн астындағы күнекей қызды алған қойшы бала мақсат-мұратына жетеді.

Қиял-ғажайып ертегілеріне “Ұшқыш кілем”, “Ағаш ат”, “Үш өнерпаз”,“Жеті өнерпаз”т.с.с. ертегілер жатады.

Хайуанаттар жайындағы ертегілер.

Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін жануарларды пайдалану, қолға үйрету, асырау жайында түрлі ертегілерді ойлап шығарған.

Хайуанаттар туралы ертегілердің көпшілігінде адамдар хайуанаттарды жаратушы, жарылқаушы керемет күш бейнесінде алып, соларға табынған. Мысалы, оларға мынадай ертегілерді жатқызуға болады. “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”т.б.

“Ақ қасқыр” ертегісінде адамдар қасқырды бір жарылқаушы күш деп түсінген, яғни қасқырдың адам баласына істеген жақсылықтарын суреттеген. Басында жылқысын іздеп шыққан жігіт көкжал қасқырдың қызына үйленеді. Қырық күндей үңгірде тұрады. Жігіт өзінің қасқыр енесінің көмегімен ханның барлық бұйрықтарын орындап, өлімнен құтылып мақсат-мұратына жетеді. Осындай қызық оқиғаға құрылған “Ақ қасқыр” ертегісі адамдарды қасқырды жарылқаушы ие деп көрсетеді.

Ертегілердің келесі түрі- шыншыл ертегі.

Бұл ертегілердің өзіндік ерекшелігі кейіпкерлері халық өкілдері болып келеді және бұл ертегілерде таптың сипаты басым болады. Шыншыл ертегілері “Аяз би”, “Тоғыз тоқылдақ, бір шіңкілдек”, “Ұртоқпақ”т.б. ертегілер жатады.

Шыншыл және тұрмыс-салт ертегілерінің басты тақырыбы еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Қарапайым адамдар өздерінің ақылдылығымен хандар мен байларды жеңіп отырады. Сондай ертегілердің бірі “Аяз би” ертегісі. Ертегінің негізгі идеясы шаруа адамның ісі мен ақылын көрсету. Ертегінің негізгі оқиғасы қазақ өмірінің шындығынан алынған және мәні зор тартыстардың төңірегінде құрылған. Яғни қанаушылық пен езілген адамдардың арасындағы топтық қарым-қатынастар, тартыстар терең суреттелген. Хандар мен уәзірлердің жауыздығын, халық, ертегінің кейіпкері “Аяз би” арқылы әшкере етеді. Халықтың ойынша енді озбыр хандар емес қарапайым халақтың ақылды өкілдері басқарса елде әділді болып халықтың жағдайы жақсарады дейді.

Бұл ертегілердің көпшілігі фонтазияға құрылады және қиял-ғажайып ертегілердің туу себебін Ф.Энгельс былай деп көрсетеді:“тарихтан бұрынғы кезде экономикалық дамудың төмен сатыда болғандығына байланысты”. Экономикалық дамудың төменгі дәрежеде болу себебінен ертедегі адам баласы табиғат құбылыстарын жетік түсіне алмаған. Сондықтан бұл құбылыстарда артық жаратушы күш бар деп ұғынған және соған нанған. Сол күштерді меңгеру үшін не істеу керектігі жайында қиялдап армандаған. Олардың осы қиялдары, армандары ертегіге айналған. Қиял-ғажайып ертегілердің кейіпкерлері қарапайым адамдар болады. Олар алдарына қойған мақсатқа жету үшін тіршілік ету, жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып ақырында мақсат-мұратына жетеді. Сондықтан да қиял-ғажайып ертегілері өздерінің тақырыбы, оқиғасы жағынан әр түрлі болып келеді.М.Әуезовтың зерттеулеріне қарағанда қазақтың қиял-ғажайып ертегісінің алғашқы тақырыптары аңшы, мергендер, бақташы, малшылар жайында болған. Жеке ертегіде олар көмектесетін, жәрдем беретін дос-жолдастары ретінде алып қарақұс, тұлпар, ат, таусоғарлар, желаяқтар, саққұлақтар кездесіп, оларға жақсылық жасайды.“Ертөстік”,“Күн астындағы күнекей қыз”,“Кер құла атты Кендебай”т.б.

“Ертөстік” ертегісінің негізгі идеясы адам баласына қастық жасаушы жауыздық күштерге қарсы күресу, оларды қарапайым адамның қалайша жеңгенін көрсету.

“Ертөстік” ертегісі төрт бөлімнен тұрады.

1-ші бөлімінде Ертөстіктің дүниеге келуі.

2-ші Кенжекейге үйлену

3-ші Бекторымен кездесу.

4-ші Ағаларын іздеп шығады.

2-ші бөлімінде Ертөстіктің Бапы ханмен Темір ханның елдеріне барды.

3-ші бөлімінде Ертөстіктің Шабынқұлақпен күресі.

4-ші бөлімінде Ертөстіктің еліне қайтып келуі.

Сонымен ертедегі оқиғалар бас кейіпкер Ертөстік пен Кенжекей арқылы дамып, өрістеп отырады, және бұл ертегінің өзіне тән ерекшелігі оның кейіпкерлері жердің асты үстін бірдей кезіп жүреді.

Ертегілердің көпшілігі,“ерте, ерте, ерте екен”,-деген сөздер арқылы тыңдаушыға жұмбақ оқиғамен басталады және ертегілер көбінесе қарасөзбен айтылады. Араларында өлең, ырғаққа құрылған, үзінділер де кездеседі. Балабақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс кезде де жүргізіледі. Сәбилер тобында көлемі шағын ертегілер ауызша әңгімелеп беру тәсілі арқылы таныстырылады. Ал, ересектер тобында оқығанда тыңдатумен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Ертегіні бастамас бұрын тәрбиеші ертегі оқып беретіндігін, не үшін ертегі деп айтылатындығын балаларға түсіндіру керек. Содан соң ертегінің тақырыбы айтылып,мазмұны баяандалады. Күннің 2-ші жартысында айтылған ертегінің мазмұнын балалар қалай түсінгендерін байқау үшін сұрақ-жауап әдісін пайдаланады немесе ертегілерді кейіпкерлендіру жұмысын жүргізуге болады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Х.Қожахметова Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

2. Р.Жұмағожина Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану А.1981ж.

Қосымша әдебиеттер

1.Ертегілер әлемінде. А., 1998ж.

Дәріс № 9

Дәрістің тақырыбы: Өлең оқу.

Дәрістің мақсаты: Өлең оқудың ерекшелігі туралы түсінік беру.

Дәріске керекті құралдар: Слаид, кестелер.

Дәріс жоспары:

Өлең құрылысы. Қазақ поэзисында ең көп қолданылатын өлең өлшемдері. Өлең оқудың ерекшелігі.

Дәріс барысы:

Көркем әдебиеттің тілі екі түрлі болып келеді.

Еркін құрылыстағы тіл, яғни проза Белгілі бір тәртіпке бағынған тізбекке түскен тіл немесе поэзия.

Қазақ өлеңдері ырғаққа құрылады. Ырғақ дегеніміз-қимылдың, құбылыстың жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Ырғақты В.Маяковский “Өлеңдегі негізгі күш, негізгі қуат деп атаған. Ал қазақ өлеңдерінің құрылысын зерттеген З. Ахметов” Ырғақ-өлең жазудың негізгі құралы, ақындық өнердің басты шарты дейді. Өлеңнің ырғағы буынмен үндес келеді. Өйткені қазақ поэзиясында ырғақ туғызатын өлең сөздің буын саны болып табылады. Буын саны жағынан қазақ өлеңдері төмендегідей түрлерге бөлінеді:

11 буынды өлең. Мысалы:

Қар/а/тау/дың бас/ы/нан

Көш кел/е/ді

Көш/кен сай/ын бір тай/лақ

Бос кел/е/ді

2. 10 буынды өлең. Мұндай тармақтар көбінесе мақал-мәтелдерде жиі кездеседі. Мысала: Халқымның жастық шақ көктеміндей,

Ел көркі ал қызыл еккен гүлдей

Жас жігер жас ойды құлшындырған

Комсомол-ерліктің мектебіндей /М.Әлімбаев/

9 буынды өлең. Мысалы:

Жолдағы төбелер жоғалды,

Көк орман күзетті арнаны,

Сарқырап өмірге жол алды

Халықтың қашанғы арманы

Буындар белгілі ретпен, белгілі бір мөлшерде топтасып әр тармақтың бірнеше қысқа бөлшектерге бөлінуге мүмкіндік береді. Тармақтың осындай ырғақтық құрылымы жағынан жекелеген бір бөлшегін құрайтын буындардың тобы бунақ деп аталады.

Мысалы: 2 бунақты өлең

Ару өтті сымбатты

Көзі күлімдеп ым қақты

Үнсіз көңіл тіл қатты /Қ.Ыдырысов/

Әр тармақта бунақтың саны 1-4-ге дейін, болып келеді.

Мысалы: 3 бунақты өлең

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем,

Көк кілемді көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

/Қ.Мырзалиев/

Өлеңнің әрбір жолы тармақ деп аталады. Әрбір тармақ тиянақты ойды білдіреді. Ал өлең сөйлемдерінде синтактистік бір ойдың бітуі шумақ деп аталады. Шумақ та, тармақ та 2-ден кем болмайды. Әдетте қазақ өлеңдері 2-4-6-8-10 тармақты шумақты болып келеді.

Мысалы: Аттанып ауыл анадан,

Оқуға кеттім қалаға

Жабыла маған қараған,

Жалтаңдай кеттім далаға,

/Ғ.Орманов/

І шумақты, 2 бунақты, 4 тармақты өлең.

Өлең құрылысы тағы бір басты роль атқаратын бөлігі ұйқас. Өлең жолдарының соңғы сөздерінің бір-бірімен үндесіп келуі ұйқас деп аталады. Ұйқастың төмендегідей түрлері бар:

1. Егіз ұйқас 1,2 жол бір-бірімен ұйқасып, ал 3-4 жол бір-бірімен ұйқасады. Мысалы: Азамат жүнжүме жүрме бос

Қол ұстас бірігіп тізе қос

Ту ұстап дұшпанға барайық

Теңдіктің ұранын салайық /С.Сейфуллин/

2. Шалыс ұйқас немесе кезек ұйқас

Мысалы: Желсіз түнде жарық ай, 1

Сәулесі суда дірілдеп 2

Ауылдың жаны терең сай, 3

Тасыған өзен гүрілдеп 4 /Абай/

3. Қаусырма немесе орама ұйқас. Бұл ұйқаста і жолмен соңғы

жол ұйқасады. Мысалы: Қайдасың сол көп періштем, а

Жете ме менің, мұң зарым б

Қыздардан талай көріскен а

1. Қара өлең ұйқасы 1-2-4 жолдары ұйқасады. 3 жол бос қалады. Бұны Ш.Уалиханов “ақсақ” ұйқас деп атаған.

Мысалы: Астыма мінгенім бұқпа қара

Шаң тисе бетіңе аққа қара

Ауылыңның сырт жағынан ән салайын

Дауысымды танымасаң шықта, қара

2. Шұбыртпалы жыр ұйқасы. Бұл әсіресе батырлар жырыңда кездеседі.

3. Ерікті ұйқас. Алдыңғы ұйқастардағыдай белгілі бір заңдылық болмайды.

Мысалы: Көзімен күлкі өшпейтін а

Өнермен ойы өспейтін а

Осы бір ағаң – ағаң – ақ б

Сеннен артқан досы жоқ в

Кебіс қойсаң ағалап б

Сеннен артқан қасы жоқ б

Мінін айтсақ шамалап б

Мақтай берсең панаң-ақ б

Мақтамасаң қағанақ б /Ә.Тәжібаев/

Балабақшаның қай тобында болсын, даярлық сыныпта болсын, оқылатын өлеңдер баланы көркемдік талғамдыққа тәрбиелейді. Және өлеңдердің ырғағын, музыкалық әуенді естуге, түсінуге дағдыландырады.. сөйтіп бала да поэзияға деген құштарлық мектеп жасына дейін қалыптасуы қажет. Бұған В.Г.Белинскийдің: “Балалар әдебиеті тәрбие беру үшін жазылады, ал тәрбие болса ұлағатты іс, ол адам тағдырын шешеді” деген сөзі мұны дәлелдей түседі. Сабақ кезінде және сабақтан тыс кезде шағын өлеңдерді, тыңдау арқылы балалар жер-су, өсімдік атауларының, туған жердің әсем табиғатымен, жыл-мезгілдерінің ерекшеліктерін танысу арқылы олардың ақыл-ой, эстетикалық тәрбиелері, Отанға деген сезімдері пайда болады. Сондай-ақ балалар айнала қоршаған орта мен құбылыстар және оның заңдылықтарымен танысады. Зерттеулердің көрсету бойынша мектепке дейінгі балалар өлеңдерді тез жаттап алады. Сондықтан тәрбиеші өлең жолдарын теңеу, салыстыру, көп мағыналы сөздерге көңіл бөліп, ол сөздердің балалардың сөздік қорынан орын алуына дағдыландыру қажет. Әр топ бағдарлама талабына сай балалар өлеңдерді жаттайды. Өлең мазмұны балаларға түсінікті болу үшін, оны толық жаттату керек. Өлең жаттату сабақтарда да өлеңдердің мазмұнына қарай ойыншықтарды, суретті көрсетіп балаларды өлең мазмұнына қызықтыру қажет. Жаттаған тақпақтар балалардан жеке-жеке сұралады.

Негізгі әдебиеттер

1. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

2. Р.Жұмағожина. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. А., 1981ж.

Қосымша әдебиеттер

1. З.Ахметов. Өлең сөздің теориясы. А., 1983ж.

2. Қ.Жұмалиев. Әдебиет теориясы. А., 1984ж.

Дәріс №10

Дәрістің тақырыбы: Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды балабақшада пайдалану.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге ауыз әдебиеті үлгілерін балабақшада пайдаланудың тиімділігін

түсіндіру.

Дәріске керекті құралдар: Слаид, кестелер.

Дәрістің жоспары.

1. Ауыз әдебиеті туралы жалпы ұғым.

2. Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді балабақшада пайдаланудың тиімділігі.

Өздігінен дайындалуға арналған бақылау сұрақтары:

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жазып келу.

Дәріс барысы:

Халық ауыз әдебиеті-халық шежіресі. А.М.Горький: “Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес”-дегенді. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша айту арқылы таратылатын болғандықтан, творчестволық өзгеріске ұшырап отырады. Қазақ ауыз әдебиеті талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштар мен ертегілері болсын-бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу тәрбиеші мұғалімдердің міндеті болып саналады.

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ-жаңылтпаштар – бәрі де балабақшадан бастап пайдаланатын дүниелер.

Жұмбақ – халық ауыз әдебиетінің ең көп түрінің бірі. Жұмбақтар балаларға олардың дүние тану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсаты мен үйретіледі. Жұмбақ оқу жеке сабақ түрінде емес, баланың білімін тиянақтау үшін сабақ процесінде оқылады. Әсіресе, зат таныту сабақтарында қолдану тиімді. Бір затқа жұмбақталған затты мынандай белгілері, қасиеттері, салыстырылып, ұқсатылады.

1. заттың сыртқы тұлғасы мен түр-түсі.

2. Заттың тұрақты саны мен көлемі /мөлшері/

3. Заттың қызметі мен қимылы.

4. Заттың неден жасалатындығы, қайдан шығатындығы

5. Заттың дауысы, дыбысы

Жұмбақты табиғат көріністерін, заттардың, ойыншықтардың

қасиетін, сынын байқату, сабақты ұйымдастыру кезінде айтқызуға болады.

Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаштар.

Жаңылтпаштар ана тілі сабағында және сабақтан тыс уақыттарда тіл ұстарту, сөздің дыбысталуын нақышыны келтіре дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланылады.

Мақал-мәтел, нақыл сөздер – халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды тәрбиеші-мұғалім балалардың түрлі іс-әрекетіне, мінез-құлқына байланысты тәрбие құралы ретінде пайдалануына болады.

Негізгі әдебиеттер

1. Х.Қожахметова. “Мәнерлеп оқу”. А., 1982ж.

2. Е.Д.Дмитриев “Практикум по выразительному чтению”.М., 1981ж.

3. Р.Жұмағожина. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. А., 1981ж.

Қосымша әдебиеттер

1. ІІ Отбасы және балабақша. № 1-12. 2009-2010ж.

2. ІІ Бастауыш мектеп. № 1-12. 2009-2010ж.

Дәріс № 11

Дәрістің тақырыбы. Көркем шығарманы кейіпкерлендіру.

Дәрістің мақсаты. Көркем шығарманы кейіпкерлендіру дегенді түсіндіру және театр түрлерін

меңгерту.

Дәріске керекті құралдар:Слаид, кестелер.

Дәрістің жоспары.

1. Көркем шығарманы кейіпкерлендіру.

2. Театр түрлері.

Өздігінен дайындалуға арналған бақылау сұрақтары.

1. Кейіпкерлендірудің анықтамасын педагогикалық сөздіктен жазып келу.

2. “Саусақ”, “Көлеңке” театры туралы мағұлмат жазып келу.

Дәрістің барысы.

Егер сөз айқын бейне беретін образдармен, музыкамен, суретпен желілесіп, сахнадағы өмір елесі баланың көз алдынан тікелей әрекетімен өтіп жатса, көркем сөздің баланың санасы мен сезіміне тигізер әсері мол да маңызды болмақ.

Бала сахнадағы көргенін кәдімгідей адамдардың іс-әрекеті, өмірде болып жатқан шындық деп қабылдайды.

Балалардың ой-өрісін дамытып, қызығушылығын арттыруда көркем шығарманы кейіпкерлендірудің маңызы зор.

Көркем шығарманы кейіпкерлендіру дегеніміз - әдеби шығарманы драма түріне айналдыру, өмір елесін тікелей іс-әрекет арқылы көрсету, адамдардың бір-біріне қайшы келетін мінез-құлықтарын, әрекетін диалог арқылы беру.

Шығарманы кейіпкерлендіру үшін алдын ала ойластырып таңдау керек. Ертегі, әңгіме, өлең сюжеті іс-әрекетке толы, диалогқа болуы тиіс. Мысалы, Ы.Алтынсариннің “Мақта қыз бен мысық” т.с.с.

Кейіпкерлендіру ең ыңғайлысы халық ертегілері. Оның көп сырлы сюжеті, айқын композициясы диалогқа құрылуы – бәрі персонаждардың мінез-құлқын толық ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан ертегі құрылған спектакльдердің образдарының бояуы қанық, өмір суреттеріне, шындыққа жанастырып беруге оңайырақ келеді.

Тәрбиеші театрдың қай түріне болмасын шығарма таңдағанда ең алдымен балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасына сүйенеді.

Көркем шығарманы театр сахнасына қою үшін, алдымен сценарий құрастыру керек.

Сценарий құрғанда шығарманың идеясынан тыс кетпеу керек. Әрбір персонаждың сөйлейтін сөзі, іс-әрекеті, мінез-құлына шығарма сюжетінің жағдайына лайықты, дәлелді болуы тиіс.

Шығарманың жалпы эмоциялық үні, оқиға түрі әр кейіпкердің бейнелігі музыка сүйемелдеуімен беріледі. Музыка пьесаның басталу кезімен аяқталу кезінде де ойналады. Кейіпкердің де әнін, биін музыка сүйемелдейді.

Әр кейіпкердің дауысы мен сөзі оның ішкі жөн дүниесіне сай келеді. Егде адамдардың сөзі баяулау, дауысы төмендеу, сөйлеу сазы салмақты шығады. Ал, балалар анық, тез, қызу сөйлейді.

Қандай ойын қойылса да, сахна көркінің маңызы бар. Өйткені болған іс-әрекеттің мерзімі, мекені жайлы көз алдыңа елес береді (қала, ауыл, көше, тоғай, дала, үй; таңертеңгі уақыт, кеш мезгілі; жаз, қыс) оқиғаның түрін, қатысушылардың жайын сипаттайды. Сонымен декорация дегеніміз – сахнаны безендіру.

Жасөспірімдердің санасына шығарма мазмұнын жеткізу үшін және олардың көңіліндегідей болу үшін, сахнаны безендіру жағын лайықты етіп шығарған жөн.

Репетиция деп пьсаны қояр алдында шығарманы оқып, талдау, сценарий құрау, ойынға қатысқандарға рольдерді бөліп беру, сөздерін жаттату сияқты дайындық жұмыстарын айтады.

Барлық жүргізілген жұмыстың жеткен жері – балаларға спектакль көрсету болып табылады. Спектакльде шығарманың оқиғасы толық қамтылмайды. Орындаушылардың міндеті қаһарман – персонаждың ең маңызды мән-жайын мінездеп көрсету.

Ойын кезінде балалар оқиғаны әбден түсініп, сезіну мақсатын көздеп, шығарманың мазмұнын естеріне сала кеткен жөн немесе оны спектакл қойылар алдына оқып беру қажет.

Балабақшада қолданылатын театр түрлері саусақ, көлеңке, қуыршақ, үстел үсті болып бөлінеді. Қай түрінде болмасын көріністердің көздейтін мақсаты біреу-ақ, ол – балалардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту, адамгершілікке баулу, эстетикалық сезімін тәрбиелеу. Тек құрылысы мен көрсету техникасы жағынан ғана ерекшеленеді, болмаса бәрі бір-біріне ұқсас.

Негізгі әдебиеттер

1. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.

2. Т.Н.Карамененко, Ю.Г.Карамененко. Кукольный театр дошкольникам. М., 1982г.

3. “Балбөбек” бағдарламасы. А., 2000ж

Қосымша әдебиеттер

1. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті. Хрестоматиясы. А., 1992ж.

2. Қазақ ертегілері. А., 2008ж


Информация о реферате «Сөйлеу техникасы»
Раздел: Казахский язык
Количество знаков с пробелами: 101573
Количество таблиц: 3
Количество изображений: 0

Похожие материалы

Скачать
181610
2
10

... б) Физикалық, процестерді модельдегенде, кейбір құбылыстарды сөзбен тусіндіру, көзбен көру қиын бола- тын есептер. Тандалынып алынатын есептер ЭЕМ-нің көмегімен шығару тиімді екенін керсете алатындай болуы керек. Олардың ішінде техниқалық объектінің немесе нақты физикалық модельді есептеуге ...

Скачать
264947
1
0

... құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлдеқайда жоғары болады. Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ...

Скачать
200129
6
3

... үшін жағдайлар жасау. 2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері 2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағ ...

0 комментариев


Наверх