КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздің егемендік алып, басқа елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға түсуі шет тілін оқытудың маңыздылығын көрсетіп, оның мақсатын анықтап берді. Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осыларды шешуде көркем мәтіндерді, жаңа технологияларды қолданудың маңызы зор. Көркем мәтіндер тілін оқып жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушыларды білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады. Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол , әрине, тілдегі ерекшеліктер ғана емес, мәдениетке тән өзгешеліктерге де байланысты болып келеді. Өйткені, әрбір тіл мен оны қолданушы тіл иелерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. «Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін-бірі түсіне бермейді» деп көрсетеді Е.М.Верещагин[1, 48 б.]
Оқу процесін тиімді әрі белсенді етуге бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарының көптігіне, әртүрлі инновациялық тәсілдердің пайда болуына және олардың оқу процесіне енгізілуіне қарамастан, оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді шетел тілі сабақтарында қолдану өз алдына толық қаралған жоқ. Осы мәселенің шешімін табуға үлес қосу біздің жұмысымыздың өзектілігін көрсетті де, зерттеу тақырыбын «Көркем мәтіндер негізінде шет тілін оқытуда тілдік оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін (құзыреттілігін) қалыптастыру» деп алуға себеп болды.
Соңғы он жылдықта болып жатқан мемлекеттер арасындағы саяси және экономикалық байланыстың дамуы және мәдениеттер диалогы белсенділігінің артуы да шетел тілін меңгерудің прагматикалық құндылығын арттырып, шетел тіліндегі қарым-қатынас үшін игеруді негізге алуды көрсетті. Оқушылардың үйреніп жүрген шетел тілінің, яғни сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мүмкін емес. Ал мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді дұрыс қолдану өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Тілдік жоғары оқу орындарындағы оқушылардың шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді қолдану үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні:Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мақсатында көркем мәтіндер арқылы жаңа технологияларды қолдану әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты:Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді тиімді қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімді әдістемесін құру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, методологиялық әдебиеттерді зерттеу негізінде көркем мәтіндердің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудағы педагогикалық, әдістемелік мүмкіншіліктеріне сипаттама беру;
- көркем мәтіндерді қолдану жолын көрсету;
- мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға бағытталған сабақ үлгісін құрастыру;
- оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешенін құру.
Зерттеу жұмысының әдістері:
- Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, оларға сипаттамалық, құрылымдық-мағыналық талдау жасау;
- Жаңа технологияларға талдау жасау;
- Көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды қолданудағы тәжірибені бақылау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері: Шетел тілін оқыту әдістемесі мен лингвистиканың негізгі категориялары (С.С.Құнанбаева, Н.Д.Гальскова, И.Л.Бим), тілдік іс-әрекет теориясы (Л.С.Выготский, И.А.Зимняя), мәдениет және лингвотанымдық ақпарат теориясы (Е.М.Верещагин),мәтін (В.Г.Костомаров).
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда, оның психологиялық, лингвистикалық және психолингвистикалық негізін ескере отырып, көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды пайдаланатын болсақ, олардың ерешеліктерін ескерсек, оқу процесінің заңдылықтары мен танымдық процестерін тиімді жүргізсек, онда оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру тиімді болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы: Көркем мәтіндерді қолдану барысында оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік үлгісі жасалады және тәжірибелік тұрғыдан көркем мәтіндердің оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға негіз болатындығының дәлелі келтіріледі.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы:
- Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың психологиялық, лингвистикалық ерекшеліктері анықталады;
- Көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды қолдану үлгісі көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: жұмыс барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің одан әрі зерттелуіне негіз бола алады. Бұл зерттеу жұмысының қорытындысын ұстаздар семинар сабақтарында, оқушылар курстық және дипломдық жұмыстарын жазуда пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен, екітараудан және жалпы зерттеу жұмысының қорытындысынан,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне сипаттама
Қазіргі кезде адам өмірінде болып жатқан көптеген интеграциялық процестер, экономиканың дамуы, қоғамның жаңаруы, тіл мен қоғамның және тіл мен мәдениеттің екі жақты байланыстарына жаңаша көзбен қарауды талап етеді. Жаңа әлеуметтік мәдени кеністіктің пайда болуы білім беру жүйесінің алдына халықаралық мәдени-кәсіптік қарым-қатынастарды жүзеге асыра алатын мамандар дайындауды мақсат етіп қоюда. Тілді басқа мәдениетті таңдаудың негізгі құралы ретінде пайдалану, сол тілде сойлейтін елдегі құбылыстардың мәнін түсінуді қажет етеді.
Мәдениетаралық түсініктің дамуы – жаңа тілді үйренумен қатар жүретін процесс. Ал шетел тілін сол елдің мәдениетаралық байланысқа түскен кезде адамдар басқа мәдениеттің иегерімен қарым-қатынасқа түседі. Шетел тілін терең меңгергеннің өзінде тілдегі, күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріндегі (киім кию, ұлттық аспаздық және тағы басқа), өзін-өзі ұсыну мәнеріндегі ерекшеліктер көп уақытта түсініспеушілікке әкеп соғуы сөзсіз. Бұл айтылған қағида тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын көрсетеді. Осыған байланысты біртіндеп тілді оқыту барысында тілді ғана үйретіп коймай, сонымен бірге сол елдің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін де қатар оқыту қолға алынуда.
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың (Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Т.Г.Грушиевидская, В.Д.Попков, А.П.Садохин, С.Г.Тер-Минасова, С.Г. Агапова, Е.В.Милосердова, П.В.Сысоев, Н.В.Елухина, Э.П.Комарова, Н.Г.Баженова, М.В.Бергельсон) еңбектерінде қарастырылған. Бұл аталған ғалымдар тіл мен мәдениеттің тығыз байланысты екенін зерттеген еңбектеріне шолу жасай келе «Мәдениеттің ең маңызды ұлттық-ерекшелік құраушысы – тіл, себебі тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуына ықпал ететін факторлардың негізгісі болып табылады» деген тұжырымға келуге болады. Мысал келтіретін болсақ, атақты кеңес заманының ғалымы Е.М.Верещагин және В.Г.Костомаров мәдениет терминіне бірнеше анықтама берген, оларды атап өтсек:
• Мәдениет-бұл қоғамның мәдени әдет-ғұрыптарын құрайтын материалдық және рухани дамудағы жеткен табыстарының жиынтығы.
• Мәдениет-бұл тарихи экономикалық базис негізінде жинақталған қоғамның материалдық және рухани құндылықтары.
• Мәдениет-бұл адамдар қоғамының өндірістік, қоғамдық және рухани өміріндегі жеткен жетістіктерінің жиынтығы.
• Мәдениет-бұл кез-келген саладағы ой әрекеті мен шаруашылық әрекетіндегі даму дәрежесі.
• Мәдениет-бұл білімді адам қажет ететін өмір жағдайының бар болуы.
Ал атақты ленгвист С.Г.Тер-Минасова және В.Г.Костомаровтың ойларын құптай келе, өзінің мәдениетке берген анықтамаларын одан ары кеңейткен:
• Мәдениет-бұл білімділік, оқымыстылық.
• Мәдениет-бұл белгілі бір уақыттағы белгілі бір адамдар тобының жалпы әдет-ғұрыптары мен сенімдері, олардың өмір сүру салты.
• Мәдениет-бұл өзінің идеяларымен, өмір сүру салтымен, өнерімен қабылданатын белгілі бір қоғам.
• Мәдениет-бұл белгілі бір халықтың белгілі уақыт ішінде жеткен жетістіктері мен салт-дәстүрлері.
• Мәдениет-бұл белгілі қоғамда өз орнын тапқан белгілі бір ойлар, салт-дәстүр және өнерден құралады.[16;12]
Тілдің анықтамасы туралы ойларын жинақтай келе ф.ғ.д., профессор С.Г.Терминасова өз еңбегінде тілге төмендегіндей анықтамаларды берген:
• Тіл дегеніміз-бір халықтың сөздерінің жиынтығы және өз ойларын дұрыс жеткізу үшін сол сөздердің құрылған қосындысы;
• Тіл дегеніміз-адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыруға қажет белгілер жүйесі;
• Тіл дегеніміз-адамдар ұжымының негізгі қарым-қатынас құралы болып өзіне-өзі пайда болған семиологиялық жүйелердің бірі. Бұл жүйе сонымен қатар дүниетанымды дамытатын және мәдени, тарихи салт-дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыруға көмектесетін дүние;
• Тіл дегеніміз-қоғамдағы адамдардың екі жақты түсіністігін қамтамасыз ететін, ойлау процесін ақиқаттайтын және қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланылатын дауысты белгілердің және грамматикалық құралдың тарихи пайда болған дүниесі;
• Тіл дегеніміз-қарым-қатынас мақсатында сөздерді пайдалана алу мүмкіндігі;
• Тіл дегеніміз-бұл ұлттың немесе халықтың қолданатын ерекше сөздер жүйесі.
Әр мәдениеттің өзіне тән тілдік жүйесі болады. Осындай жүйе арқылы сол мәдениеттің иегерлері бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынасқа түсе алады. Мәдениеттегі тілдің рөлін төмендегі анықтамалардан байқауға болады. Тіл дегеніміз:
• Мәдениеттің айнасы, себебі онда тек қана адамды қоршап тұрған орта ғана емес, сонымен қатар сол елдің менталитеті, оның ұлттық мінез-құлқы, салт-дәстүрі, нормалар мен рухани байлықтарының жүйесі көрінеді;
• Мәдениет ошағы себебі халық жинақталған барлық материалдық және рухани байлықтар, білім мен дағдылар тілдік жүйеде, яғни фольклорда, кітаптарда, ауыз және жазба әдебиетінде жиналды;
• Адамның жеке басын куәландыратын мәдениет құралы, себебі адам тіл арқылы өз халқының менталитетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін өз басына сіңіреді.
Әр түрлі ғылыми басылымдарда тілге көптеген түрлі ережелер берілген, солардың бәрін жинақтап, тұжырымдай келгенде шығатыны: тіл дегеніміз-өз ойын жеткізетін құрал, яғни қарым-қатынас құралы. Тіл мәдениетсіз өмір сүре алмайды, сондықтан тіл мен мәдениетті бірін-бірінен бөліп, ажыратып қарастыру мүмкін емес. Тіл дегеніміз –мәдениет, ал мәдениет дегеніміз –тіл.
Осы тұжырымдаманы ұстана келе қазақстандық ғалымдар А.Е.Карлинский, Р.З.Загидуллин, Г.М.Алижанова, Л.А.Коробова, С.К Абдыгаппарова, М.Е.Медетова, Е.Н.Нурахметов, Д.Д.Шайбақова сияқты ғалымдар мен іздеушілер айтылған мәселеге өз үлестерін қосқан.
Университетіміздің құрметті профессоры, ғалым А.Е.Карлинский «Тіл-қарым-қатынас қаруы» деп жазып келген де ойын «Тіл-тек қана қарым-қатынас құралы, мәдениет пен қоршаған ортаның құбылыстарын бейнелейтін құрал ғана емес, ол мәдениеттің бір бөлігі» деп тұжырымдаған.
Өзінің жұмысында Г.М.Алимжанова тілдің мәдениеттегі орнын анықтай келе «...тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуын қамтамасыз етеді. Тіл–мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру арқылы белгілі бір ұлтты құрайтын ең негізгі және ең күшті қару...» деп жазды.
Жоғарыда айтылғандай зерттеу жұмыстарынан шыққан қорытындыны тұжырымдайтын болсақ, тіл мен мәдениет бір-бірін толықтырады және бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, яғни мәдениет жоқ жерде тіл, тіл жоқ жерде мәдениет бола алмайды.
Қазіргі таңда мәдениетаралық біліктілігінің (МБ) көптеген анықтамалары беріліп жүр (И.С.Соловьева, Н.Е.Яковлева, Ю.Л.Вторушина, Н.М.Губина, Г.В.Елизарова, А.П.Садохин т.б.), оның құрылымдық ерекшеліктері тұрғысынан көзқарастар (Г.В.Елизарова, А.П.Садохин, К.М.Ирисханова, И.С.Соловьева, М.В.Плеханова, Н.С.Тырхеева т.б.) . берілген түсіндірмелерді талдау ғалымдардың МБ-ті тәпсірлеудегі барлық көзқарастарын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Ғалымдардың бірінші тобы МБ адамның білімі мен іскерліктерінің, қабілеттіліктерінің жиынтығы деп көрсетеді. Ол туралы бір ғалымдар «Овладение межкультурной компетенцией предполагает владение целым комплектом знаний (не только о языке и культуре, но и самом процессе межкультурного общения), формирование специальных способностей и умений межкультурного общения, воспитания особого отношения к собеседнику и процесу общения»[19]. Бұл туралы келесі автор былай деп жазады: «Межкультурная компетенция представляет собой сложную комбинацию знаний, умений, качеств и способностей личности, обеспечивающих выбор адекватных способов и стратегий коммуникативной деятельности и поведения коммуниканта в условиях межкультурного взаимодействия» [20].
Ғалымдардың екінші тобы МБ ерекшеліктерін тұлғалық идея тұрғысынан тұжырымдауды ұсынады: «Под межкультурной компетенцией понимается способность, позволяющая личности реализовать себя в рамках диалога культур, т.е. в условиях межкультурной коммуникации» [23]. Осыған ұқсас ойды келесі цитатадан да байқаймыз: «Межкультурная компетенция – это основанная на знаниях и умениях способность осуществлять межкультурное общение посредством создания общего для коммуникантов значения происходящего и достигать в итоге позитивных для обеих сторон результатов общения» [21].
Соңғы жылдардағы зерттеулерді талдау (2002 жылдан бері) ғалымдардың мәдениеаралық қарым-қатынас біліктілігі ұғымы туралы көп айтатындарын көрсетеді (О.Р.Бондаренко, В.В.Сафонова, Т.В.Ларина, И.А.Голованова, В.А.Брылева, Н.Е.Яковлева, И.П.Плужник, Л.Г.Ковтун, S.Luchtenberg т.б.).
МБ ұғымы өзінің түсіндірмесінде өзгеріске ұшырауда. Мысалы, Т.Баумер МБ кең және тар мағынасын ажыратады: «Кең мағынада біз мәдениетаралық біліктілік деп басқа адамдармен сәтті қатысымға түсу қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет бала кезде көрініс беруі мүмкін және тиісті икемділік пен тиісті күш салудың арқасында ары қарай дамуы мүмкін» [22]. Отандық ғалымдар шетелдік әріптестерінің ойымен келіседі: «Мәдениаралық біліктілік – басқа мәдениет феномендерін қабылдау, түсіну, тәпсірлеу қабілеті және туған ділі мен ұлттық дәстүрлер құндылықтарын салыстыру және оның басқа мәдениетпен ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алу, оларды сыни тұрғыдан түсініп, өзінің өмір көрінісін қалыптастыра алу іскерліктері. Бұл жерде қатысымға және өзара әрекетке дайындық қана емес, сонымен қатар, ерекше мәдени өзіндік түсінігі, өзін-өзі шынайы бағалауы, толеранттылық, эмоционалды тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, қайшылық және шиеленісті болдырмау іскерлігі.»
Жоғарыда айтылғаннан қорытындылайтынымыз – МБ тәпсірлеу кезінде басты назарда адамдардың бір немесе бірнеше лингвомәдени қауымдастықтарға жататындықтарына қарамастан, адамдардың өзара әрекетінің мәдени факторларын есте сақтау керектігі тұрады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігінің талаптары заман ерекшеліктеріне байланысты практикалық мақсатпен анықталады. Әуел бастан-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас пәнінің негізін салушы Э.Холл мәдениетаралық оқыту өзге мәдениет өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста қолдану барысында меңгерілуі керек деп атап өткен. [11] Сондықтан өзіндік ой тұжырымымыз бойынша мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту практикалық талапқа сай болу керек деп болжаймыз.
1) Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың талабы – бұл процестің практикалық тұрғыда өтуі болып табылады.
2) шынайы қарым-қатынас процесі іс жүзінде қалай өтуін біз толық болжап білмейміз. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету барысында материалдар шынайы өмір талаптарына сәйкестендіріліп, тақырыптар өмір тәжірибесіне сай іріктелуі тиіс деп тұжырымдаймыз.
3) Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету жасанды орта жағдайында жүргізіледі. Сондықтан нақты білім, білік, дағдыларды қалыптастыру мақсатында бөтен ел бейнесі шынайы сомдалуы үшін жаңа, түрлі әдіс-тәсіл қолданылуы талап етіледі.
Көпшіліктің айтуынша, бөтен ел өкілімен қарым-қатынасқа түскен уақытта түсінбеушілік негізгі екі мәдени құбылыстың сәйкессіздігі мәселесінде. Сондықтан да ең алдымен,
4) Өз мәдениетінің құбылыстарын жетік түсіне білу керек. Сонда өзге мәдениетті өз мәдениетімен салыстырмалы түрде түсінуге тырысу, яғни шынайы түсіністік алғышарты мәдениетаралық талдау, ұқсастықтарын табу, саралау болып табылады.
5) Білім беру стандарттары өз кезегінде тілдік материалдардың аутенттілігін талап етеді. Аутентті материал негізінде тілді мәдениет элементтерін қанық түрде меңгере аламыз.
Тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде ол оқушылардың оны түрлі тілдік жағдаяттарда дұрыс қолдана білу біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Аталған талаптар өрісімен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілікті дамытудың тиімді жолдарын анықтауға болады.
Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқыту үрдісінде түрлі әдістемелік амал-айлаларды ұтымды пайдалана білу өзегінде жатыр. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар мектептегі білім беру жүйесіне жаңа тыныс әкелгендей. Бұл дегеніміз Қазақстан мектептерінде ақпараттандандыру процесін жеделдету білім беру жүйесінің алға басуымен тепе-тең.
Аталған салада еңбектері жарық көрген ғалымдардың бірі - М.В. Кларин Педагогикалық технология – бұл оқытуда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды оқыту амалдарын және әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті деген анықтама негізін береді. Жаңа технологияларды шет тілін оқытуда қолданудың тиімділігі бұл жастардың мамандыққа бағытталган түрде еркін дамуына жан-жақты білім алуына, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді.[24] Сонымен қатар әдістемелік тұрғыда мұғалімдердің жұмыс істеуіне, біліктілікті дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады, кең тыныс береді. Жаңа заманның технологиялық мүмкіндіктері, ақпараттық түрлі жабдықтар білім беру процесінің дамуына зор мүмкіндік береді және де оқыту ісінде оң нәтижеге жетелейді. Қазіргі таңда бірталай ізденушілер мен әдіскерлер еңбектерін аталган мәселені зерттеуге арнап, білім беру процесін ілгері дамытуда. Аталған мәселе бойынша педагогикалық, психологикалық, лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттей келе педагогикалық, әдістемелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, біз келесі әдістемелік технологиялардың келесі түрлерін анықтап отырмыз. Оқушы бойында мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімді жолдарының бірі ойын технологиясы болып табылады. Гальскова Н.Д. пайымдауынша ойын методикасы арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесінің дисциплиналық моделінің тұлғаға бағытталған оқыту моделіне ауысуында болып отыр. Алда тұрған негізгі міндет түрлі интерактивті, жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу. Ойын технологиясын қолданудың алғышарты балалардың психикалық ерекшелігінде болып табылады. Оқыту процесінде ойлау, ес, зейін, қабылдау және т.б. психологиялық факторларының ескерілуінің маңызы зор. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытуда ойын технологиясын қолдану баланың берілген елтанымдық материалды жеңіл қабылдап есте сақтауына көмегі көп. Яғни оқу прецесінде баланың когнитивтік қабілетін дамытады. Ойын барысында мұғалім бала зейінін мәдени ақпарат өрісіне шоғырлата алады. Әрбір ойынға қатысушы интенциясының өзегінде эмоциялық фактор жатады. Ойын актісінің эмоциялық сипаты елтанымдық материалды меңгерту процесінің эфективтілігін қамтамасыз етуші және баланың танымдық процесін дамытудың стимулы болып табылады. Сонымен ойын технологиясы универсалды сипатқа ие, сондықтан ойынды мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың мақсат, міндеттеріне сәйкестендіруге болады. [28]
Оқушыга білім беру әдісін жаңарту мақсатында қазіргі мектеп практикасында түрлі тәсілдер қолдануда. Осындай жетік әдістердің бірі – проблемалық оқыту болып табылады. Проблемалық оқыту негізі белгілі бір мәселе өзегін ашып, жауап іздеу болып табылады. Білікті ұзтаздардың бірі М. Арғымбаеваның айтуы бойынша оқытудың проблемалық әдісіне: іздену, зерттеу, дамыта оқыту жатады. Және де оның сипаттамасы ретінде келесі факторларды атап өтеді:
- Проблемалық әдіс оқушыға берілетін білімді дәлелді, саналы түрде баяндай отырып алган білімінің дәлелді екеніне көзін жеткізу
- Проблемалық баяндау оқушыларды ғылыми тұргыдан ойлауға үйрете отырып, оларға ғылыми ізденудің үлгісін береді, оларды зерттеу ісіне жаттықтырады
- Проблемалық әдіс оқушының назарын тез билеп, берілген материалға қызығушылығын арттырады [30].
Аталған фактіге байланысты проблемалық оқытудың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда тиімділігі зор. Оның негізгі мәні мынада: жаттанды принципке негізделген білім беру студентке тек шешімі дайын мәселелер тізбегін ұсынатын. Бітіруші маманның теориялық білімі терең болғанымен көп жағдайда алға қойылған мәселені шешуде жас маман сасып калатын. Өте келе білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты түрлі әдіс-тәсіл қатары толықты. Проблемалық оқыту әдісі аталған мәселені қарастырады. Студентке белгілі бір проблемалық жағдайды өз бетімен шешуге, ізденуге төселдіреді. Мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында туындаған қандай да бір қарама-қайшылықты мәселе түйінін шешуге оқушыны төселдіреді.
Аталған әдістерден басқа жобалық әдіс тенденциясы да қарқын алып келеді. Бұл әдіске Душейная Т.В. берген анықтамасы бойынша түсінетініміз:
Жоба – оқушылардың өз бетінше жоспарланған және өздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Әрбір жоба өзегінде белгілі бір шешімді қажет ететін мәселе болады. Линво елтанымдық негізінде әрбір студент мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда оқушыларден практикалық мақсатқа сай тапсырманы, өздеріне ыңғайлы тәсілмен және ыңғайлы уақытта шығармашылықпен ұйымдастыру талап етіледі [31].
Т.Е. Божбанова Өзінің зерттеу жұмысында жоба әдісінің басты ерекшеліктерін атап өтеді: «Әлемді тану, іскерлік ойлап шығарушылық, айқын мәнерлілік жоба әдісінің негізі болып табылады» [32]. Яғни жоба әдісінің негізгі мақсаты: жан-жақты өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушының терең шығармашылық білім деңгейін дамыту және де жоғары білімді алдындағы мәселені шеше алатын компетентті жеке тұлғалар қалыптастыру.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе байқағанымыз – қазіргі заман ағымында техникалық құралдардың мүмкіндіктері мен инновациялық мүмкіндіктерін ұштастырып оқыту мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне үйретуді ұйымдастырудың ұтымды тәсілі ретінде қарастырылып отыр.
Бірінші тарауда «мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі» терминінің мәнін ашып, сипаттама бердік. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі аясында тіл мен мәдениет арақатынасын, өзара байланыстылығын анықтауға тырыстық. Шетел тілін оқыту барысында мәдениетаралық түсіністік, тіл үйрену процесі мен мәдени түсінік қалыптастыру маңыздылығы анықталды. Өзіндік ой-пікірімізді ортаға салып, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту қазіргі заман ағымында білім беру парадигмасының талаптарына сай жауап бере алатынын түсіндік. Сонымен аталған мәселені зерттей келе қорытындылауымызша мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі өзге мәдениет өкілдерімен шынайы қарым-қатынас орнату мақсатында өзге мәдениет ерекшеліктерін және де өз мәдениетіңді құрметтей отыра, мәдениетаралық терең білік негізінде өзара түсіністік қабілетін қалыптастырып, оны мақсатқа бағытталған түрде қолдана отыра нәтижелі қарым-қатынас орната алу қабілеті болып табылатынын нақтылай түстік. Сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда ақтық нәтиже көрсеткіші ол «мәдениетаралық қарым-қатынас тұлғасын» қалыптастыру болып табылады.
Шынайы мәдениетаралық қарым-қатынаста түсінбеушілік болмау үшін ақиқатқа сай лингвоелтанымдық құбылыс түсінігін қалыптастыру керек екендігі зерттеуде келелі мәселе болды. Сонымен қатар, мақсатқа бағытталған мәдениетаралық қарым-қатынас орната алу үшін мәдениетаралық біліктілік, өзге елдің әлемдік бейнесі, лингвоелтанымдық, лингвомәдени білім жинағы түсініктерінің қанық түрде меңгерілуі қадағалануы тиіс. Ол дегеніміз оқушыны өзі меңгерген білім, дағдыларды практикада дұрыс және нәтижелі қолдана алуының алғышарттарының бірі болып табылады. Аталған мәселеге байланысты отандық және шетелдік ғалымдар мен ізденушілер көзқарасын талдап, өзіндік көзқарасымызды қалыптастырдық және ол алдағы тәжірибелік оқыту барысында өз қолданысын табады. Сондай-ақ «мәдениетаралық білік» және ол жайындағы түсінік негіздерін көптеген ғалымдар мен отандық әдіскерлер еңбектерін зерттей келе орната алдық. Атап айтсақ, университетіміздің ректоры, академик С.С.Құнанбаева еңбегі, зерттеушілердің көрнекті өкілі Тер-Минасова С.Г., Садохин А.Г., Гальскова Н.Д. еңбектері зерттеу жұмысымыздың негізгі тірегі болды.
Қорыта келе, оқушы білімінің қандай да болмасын саласын жетік меңгеруі тек оқушының қабілетіне ғана байланысты емес, оны мәдениеаралық қарым-қатынасқа оқытуда оқыту процесінің әдістемелік және психологиялық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.
1.2 Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары
Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқытудың психологиялық өзегінде жатыр. Әрине оқытуды ұйымдастыру процесі кезінде әрбір әдіскер ең алдымен оқытудың лингвистикалық, психологиялық және де әдістемелік негіздерін есепке ала отырып жүргізеді. Ал жалпы қарастырғанда оқыту пәні түрлі ғылымдармен байланысты қаралып, сараланып жатады. Өйткені әрбір зерттеу мәселені бірнеше қырларынан қаралып, мән-мағынасы ашылуы тиіс. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі контекстінде шетел тілін оқыту психологиялық қырынан ашылып ұйымдастырылса, белгілі бір құзырлылық (біліктілік) деңгейіне жету жолы анық болар еді деп пайымдаймыз. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар психологиялық негіздемелерді есепке алып жүзеге асырылған және де көптеген эксперименттер негізін құрайды. Сондай-ақ біздің қарастырып отырған зерттеу мәселесі де психологиялық сараптама елегінен өткені белгілі. Алайда, нақты белгілі бір инновациялық технология арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мақсатында біз өзіміз үшін аталған мәселеге қарасты психологиялық негіздеменің жаңа бір қырларын түсінуге тырысып бағарымыз анық және де зерттеу мәселесінде оны басшылыққа аламыз. Сонымен қатар осы уақытқа дейін «қарым-қатынас» түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде де бір жақты көзқарас жоқ. [26].
Қарым-қатынас түсінігінің аясы өте кең болып табылатын процесс. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Дәл осы жағдаятта біз мәдениетаралық қарым-қатынас сипатын, феноменін ерекшелеп отырмыз.
Әдістемлік тұрғыдан алғанда қарым-қатынасты белгілі бір кодталған белгілерді бір субъектіден келесі бір субъектіге белгілі бір нақтыланған мақсатқа сай жеткізу, өзара алмасу; үш жақты процесс болып табылады: ақпарат беру, ақпарат қабылдау және өзара пікір алмасу деп берсек. Психологиялық тұрғыда тұлғаның қажеттілігінен туындаған, демек бірлескен әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекетке, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі дейді. [27; 25]. Мәдениетаралық контекстте қарым-қатынас лингвомәдени, әлеуметтік-мәдени сонымен қатар инофондық сипаттағы мәліметті қабылдаумен байланысты. Берілген анықтамада «қажеттілік», «қабылдау», «түсіну» ұғымдарына көңіл бөлсек, қарым-қатынастың мақсаты айқындала түседі. Мәдениетаралық қарым-қатынас ол әрекет. Ал әрбір әрекетке бағыттайтын ең алдымен оған деген түрткі. Адамның қажеттілігі – оның өмір сүру көзі. Заман талабы адамға өз қажеттіліктерін байлайды. Қазіргі таңда әлеммен ашық түрде байланыс арқылы өмір сүріп жатқан заман. Жаңа деңгейлер жаңа қажеттіліктер болып жетелейді. Ал мәдениетаралық қарым-қатынаста «өзге ел» құбылысын қабылдау не болмаса сол елдің табиғатын түсіну маңызды емес пе? Бұл тұста психологиялық факторлар әдістеме негізін толықтыра түседі. Қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Ол мидың күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі [27]. Қабылдауда өзге мәдениет құбылысы, яғни қарым-қатынас барысында өзге мәдениет өкілінің түр-сипаты, қозғалысы, ым-ишара, дене қозғалысы, қылығы адамның миына тұтас күйінде беріледі. Өзге мәдениет талдау мен саралау елегінен өткізіп барып, белгілі бір бейне сипатының миымызда орнығуына мүмкіндік береді. Бірақ көп жағдайда өзге мәдениет құбылысын қабылдаудан бас тартып жатамыз. Бұл біздің анализдік және синтездік әрекетіміздің нәтижесі деп ойлаймын. Мұнда қарым-қатынас барысында біздің анализаторлық қабілетімізге аталған қасиеттер бір мезгілде әсер етеді де миымызда өзге мәдениет бейнесі пайда болады. Ал біз өз кезегімізде психологиялық деңгейде белгілі бір реакциялық әрекет жасаймыз. Ол не кері реакция, не жағымды реакция болуы мүмкін. Жалпы атап айтсақ, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру барысында психологиялық факторларды ескере отырып, прагматикалық деңгейде оқыту әрекетін ұйымдастыруымыз қажет. Егер коммуниканттардың біреуі өзге мәдениет өкілінің әрекетіне байланысты белгілі бір құбылыстан бейхабар болса, онда ол оны тани алмайды. Себебі коммуникант миында ол туралы еш бейне қалыптаспаған. Дәл осы жағдайда тосындылыққа тап болған адам әрекеті жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Мысалға, Жапондықтар мен Американдықтар арасында келіссөз өтіп жатыр делік. Американдық делегат мүшелері дүниетанымы, дамуы, көзқарасы түрліше, психологиялық ерекшеліктер де бар. Американдықтар өзіндік келіссөз жүргізу стиліне сай әңгіме барысында өздерін жігерлі, ашық, батылдау ұстайды. Американдықтарға жылдамдық мінез сай. Жапондықтар келіссөз жүргізу барысында жеке дара ерекшеліктеріне байланысты сабырлылық, ұстамдылық көрсетеді. Келіссөз барысында аралық үзілістер көп жасайды және де келіссөз мәнеріне байланысты әрбір мәселені талқылау барысында басын изейді. Бірақ ол ұсынысты қабылдаймын деген мағынаны білдірмейді, тек мәселені түсінгені не болмаса белгілі бір істің жөн-жоралғысын түсінгені туралы хабар береді. Ал американдықтар тек келісім берген кезде бас изеуі мүмкін. Мұндай құбылыстар сәйкессіздігінен бейхабар американдық делегат дүниетанымының ерекшелігіне байланысты түсініксіз қылыққа жат әрекет етуі мүмкін. Өйткені мұнда өзара не болмаса бір жақты мәдени құбылысты тану процесі болған жоқ.
Тану – заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі. Өзге ел құбылысын танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиынға соғады [27].
Мұндай жағдайда біз оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін қолдауымыз керек. Егер қорытындылайтын болсақ, оқытуды ұйымдастыру үрдісінде оқытуудың психологиялық негізін әдістемелік негіздермен интеграциялық түрде қолдануды қадағалау керек. Өйткені мәдениетаралық қарым-қатынас өрбуі жеке дара индивидтің «өзге ел» феноменін қалай қабылдауға байланысты. Бұл серпіліс нүктесі іспеттес.
Жалпы жеке адамның танымдық процестеріне талдау жасасақ, онда «жеке дара тұлғаның» немесе «субъектінің» қарым-қатынас барысында психологиялық ерекшеліктері шешуші фактор екеніне көз жеткіземіз.
Атап айтқанда, таным процестерінің нақты түрлері және де таным операциялары арқылы мәдениетаралық қабілет дамуын мақсатты түрде іске асыра аламыз. Психологияда адамның түйсіне алу қабілеті сезгіштік деп аталады. [27]. Ағылшын тілі сабақтарында аталған заңдылықты ұстана отырып оқушылардың мәдени құбылыстар өзгешілігін айыра білуге, иномәдени құбылыстар өзгешелігіне икемделіп, өзара қарым-қатынас жасауға бейімдей аламыз. Ал өзге мәдениетпен өзара өарым-атынас барысында оқушылардың қабылдауын дұрыс қалыптастыру арқылы мақсатқа жете аламыз. Өйткені оқушылардың апперцепциялық қабілеті, иллюзиясы коммуникация барысында түсінбеушілікке жетелейді.
Иллюзия – оқушының объективті фактілерді қате түсінуімен түсіндіріледі. Апперцепция – мәдени құбылыстарды түрліше, өзіндік қабылдау ерекшелігі. [27]. Ал оқушылардың байқағыштық қабілетін дамыту арқылы мәдени құбылыстардың ұсақ детальдерін байқау қабілетінің қалыптасуына себепкер болады. Шетел тілін оқытуда лингвомәдениеттің оқушы миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуы еске байланысты. Қозғалыс, образдық, сөз-логикалық және эмоциялық естерді дамыту мультимедиялық құралдар арқылы мүмкін. Мәдени құбылыстар туралы түсініктер орнатуда анализ, синтез, абстракция, нақтылау, жалпылау сынды ой операцияларының маңызы зор. Сондай-ақ сөйлеу процесі арқылы адамның өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені де меңгеруге мүмкіндік алады. Зерттеу тақырыбына байланысты дәл осы жағдайда өзге елдің қоғамдық тәжірибесін меңгеру барысында аталған таным процестерін дамыту келелі мәселе болып табылады [27].
Мәдениетаралық тұрғыда тілдік үлгілер вербальді және бейвербальді түрде беріледі. Сөз көмегімен жүзеге асатын қарым-қатынас қаншалықты маңызды болса, бейвербал қарым-қатынас мәдениетаралық өзара қарым-қатынастағы маңызы соншалықты жоғары [27; 12; 25].
Сонымен, психологиялық тұрғыдан қарым-қатынас түсінігі ең алдымен танымдық процестермен байланысты. Жат ел мәдениетін тұлға ең алдымен психологиялық деңгейде қабылдайды. Сонымен қатар өзара арақатынас та психологиялық деңгейде жүреді. Тұлға өзін жат елге таныстыру барысында оның жалпы образы ескеріледі. Оның ішіне жеке тұлғаның эмоциясы (адамның сезімі, күйі, көңілі т.б.) ерік процестері мен жеке психологиялық ерекшеліктері (темперамент, мінез, қабілеттері) де кіреді. Аталған фактілердің барлығы өзара байланысты. Адам өзінің этнопсихологиялық қалыптасқан келбетінен тыс кете алмайды. Екі адамның өзара арақатынасын болсын, тіпті мәдениетаралық деңгейде болсын, ол өз көрінісін табады. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырып, дамыту процесінде психологиялық фактордың маңызы ерекше.
1.3 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары
Еліміздің егемендік алып, басқа елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға түсуі шет тілін оқытудың маңыздылығын көрсетіп, оның мақсатын анықтап берді. Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осыларды шешуде көркем мәтіндерді қолданудың маңызы зор. Көркем мәтіндер тілін оқып жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушылардың білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады. Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол, әрине, тілдегі ерекшеліктер ғана емес, мәдениетке тән өзгешеліктерге де байланысты болып келеді. Өйткені, әрбір тіл мен оны қолданушы тіл иелерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. «Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін-бірі түсіне бермейді» деп көрсетеді Е.М.Верещагин.
Қазіргі кезде адам өмірінде болып жатқан көптеген жаңа процестер, экономиканың дамуы, қоғамның жаңаруы, тіл мен қоғамның және тіл мен мәдениеттің екі жақты байланыстарына жаңаша көзбен қарауды талап етеді. Жаңа әлеуметтің мәдени кеністіктің пайда болуы білім беру жүйесінің алдына халықаралық мәдени-кәсіптік қарым-қатынастарды жүзеге асыра алатын мамандар дайындауды мақсат етіп қоюда. Тілді басқа мәдениетті таңдаудың негізгі құралы ретінде пайдалану, сол тілде сойлейтін елдегі құбылыстардың мәнін түсінуді қажет етеді.
Мәдениетаралық түсініктің дамуы – жаңа тілді үйренумен қатар жүретін процесс. Ал шетел тілін сол елдің мәдениетаралық байланысқа түскен кезде адамдар басқа мәдениеттің иегерімен қарым-қатынасқа түседі. Шетел тілін терең меңгергеннің өзінде тілдегі, күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріндегі (киім кию, ұлттық аспаздық және тағы басқа), өзін-өзі ұсыну мәнеріндегі ерекшеліктер көп уақытта түсініспеушілікке әкеп соғуы сөзсіз. Бұл айтылған қағида тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын көрсетеді. Осыған байланысты біртіндеп тілді оқыту барысында тілді ғана үйретіп коймай, сонымен бірге сол елдің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін де қатар оқыту қажет.
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың (Е.М.Верещагин, В.Г.Костамаров, Т.Г.Грушиевидская, В.Д.Попков, А.П.Садохин, С.Г.Тер-Минасова, С.Г. Агапова, Е.В.Милосердова, П.В.Сысоев, Н.В.Елухина, Э.П.Комарова, Н.Г.Баженова, М.В.Бергельсон) еңбектерінде қарастырылған. Бұл аталған ғалымдар тіл мен мәдениеттің тығыз байланысты екенін зерттеген еңбектеріне шолу жасай келе «Мәдениеттің ең маңызды ұлттық-ерекшелік құраушысы – тіл, себебі тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуына ықпал ететін факторлардың негізгісі болып табылады» деген тұжырымдамаға келуге болады.
Әр мәдениеттің өзіне тән тілдік жүйесі болады. Осындай жүйе арқылы сол мәдениеттің иегерлері бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынасқа түсе алады.
Қазіргі таңда мәдениетаралық біліктілігінің (МБ) көптеген анықтамалары беріліп жүр (И.С. Соловьева, Н.Е. Яковлева, Ю.Л.Вторушина, Н.М. Губина, Г.В. Елизарова, А.П. Садохин т.б.), оның құрылымдық ерекшеліктері тұрғысынан көзқарастар (Г.В. Елизарова, А.П. Садохин, К.М. Ирисханова, И.С.Соловьева, М.В. Плеханова, Н.С. Тырхеева т.б.). берілген түсіндірмелерді талдау ғалымдардың МБ-ті тәпсірлеудегі барлық көзқарастарын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Ғалымдардың бірінші тобы МБ адамның білімі мен іскерліктерінің, қабілеттіліктерінің жиынтығы деп көрсетеді. Ол туралы бір ғалымдар «Овладение межкультурной компетенцией предполагает владение целым комплектом знаний (не только о языке и культуре, но и самом процессе межкультурного общения), формирование специальных способностей и умений межкультурного общения, воспитания особого отношения к собеседнику и процесу общения».
Ғалымдардың екінші тобы МБ ерекшеліктерін тұлғалық идея тұрғысынан тұжырымдауды ұсынады: «Под межкультурной компетенцией понимается способность, позволяющая личности реализовать себя в рамках диалога культур, т.е. в условиях межкультурной коммуникации». Осыған ұқсас ойды келесі цитатадан да байқаймыз: «Межкультурная компетенция – это основанная на знаниях и умениях способность осуществлять межкультурное общение посредством создания общего для коммуникантов значения происходящего и достигать в итоге позитивных для обеих сторон результатов общения».
Соңғы жылдардағы зерттеулерді талдау (2002 жылдан бері) ғалымдардың мәдениетаралық қарым-қатынас компетенция ұғымы туралы көп айтатындарын көрсетеді (О.Р.Бондаренко, В.В.Сафонова, Т.В.Ларина, И.А.Голованова, В.А.Брылева, Н.Е.Яковлева, И.П.Плужник, Л.Г.Ковтун, S.Luchtenberg т.б.).
МБ ұғымы өзінің түсіндірмесінде өзгеріске ұшырауда. Мысалы, Т.Баумер МБ кең және тар мағынасын ажыратады: «Кең мағынада біз мәдениетаралық біліктілік деп басқа адамдармен сәтті қатысымға түсу қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет бала кезде көрініс беруі мүмкін және тиісті икемділік пен тиісті күш салудың арқасында ары қарай дамуы мүмкін». Отандық ғалымдар шетелдік әріптестерінің ойымен келіседі: «Мәдениаралық біліктілік – басқа мәдениет феномендерін қабылдау, түсіну, тәпсірлеу қабілеті және туған ділі мен ұлттық дәстүрлер құндылықтарын салыстыру және оның басқа мәдениетпен ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алу, оларды сыни тұрғыдан түсініп, өзінің өмір көрінісін қалыптастыра алу іскерліктері. Бұл жерде қатысымға және өзара әрекетке дайындық қана емес, сонымен қатар, ерекше мәдени өзіндік түсінігі, өзін-өзі шынайы бағалауы, толеранттылық, эмоционалды тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, қайшылық және шиеленісті болдырмау іскерлігі.»
Жоғарыда айтылғаннан қорытындылайтынымыз – МБ тәпсірлеу кезінде басты назарда адамдардың бір немесе бірнеше лингвомәдени қауымдастықтарға жататындықтарына қарамастан, адамдардың өзара әрекетінің мәдени факторларын есте сақтау керектігі тұрады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігінің талаптары заман ерекшеліктеріне байланысты практикалық мақсатпен анықталады. Әуел бастан-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас пәнінің негізін салушы Э.Холл мәдениетаралық оқыту өзге мәдениет өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста қолдану барысында меңгерілуі керек деп атап өткен. Сондықтан өзіндік ой тұжырымымыз бойынша мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту практикалық талапқа сай болу керек деп болжаймыз. Яғни, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың талабы – бұл процестің тәжірибелік тұрғыда өтуі болып табылады.
1) Шынайы қарым-қатынас процесі іс жүзінде қалай өтуін біз толық болжап білмейміз. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету барысында материалдар шынайы өмір талаптарына сәйкестендіріліп, тақырыптар өмір тәжірибесіне сай іріктелуі тиіс деп тұжырымдаймыз.
2) Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету жасанды орта жағдайында жүргізіледі. Сондықтан нақты білім, білік, дағдыларды қалыптастыру мақсатында бөтен ел бейнесі шынайы сомдалуы үшін жаңа, түрлі әдіс-тәсіл қолданылуы талап етіледі.Көпшіліктің айтуынша, бөтен ел өкілімен қарым-қатынасқа түскен уақытта түсінбеушілік негізгі екі мәдени құбылыстың сәйкессіздігі мәселесінде.
3) Өз мәдениетінің құбылыстарын жетік түсіне білу керек. Сонда өзге мәдениетті өз мәдениетімен салыстырмалы түрде түсінуге тырысу, яғни шынайы түсіністік алғышарты мәдениетаралық талдау, ұқсастықтарын табу, саралау болып табылады.
4) Білім беру стандарттары өз кезегінде тілдік материалдардың аутенттілігін талап етеді. Аутентті материал негізінде тілді мәдениет элементтерін қанық түрде меңгеруге болады.
Тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде ол оқушылардың оны түрлі тілдік жағдаяттарда дұрыс қолдана білу біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Аталған талаптар өрісімен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілікті дамытудың тиімді жолдарын анықтауға болады.
Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқыту үрдісінде түрлі әдістемелік амал-айлаларды ұтымды пайдалана білу өзегінде жатыр. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар мектептегі білім беру жүйесіне жаңа тыныс әкелгендей. Бұл дегеніміз Қазақстан мектептерінде ақпараттандандыру процесін жеделдету білім беру жүйесінің алға басуымен тепе-тең.
Аталған салада еңбектері жарық көрген ғалымдардың бірі - М.В. Кларин Педагогикалық технология – бұл оқытуда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды оқыту амалдарын және әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті деген анықтама негізін береді. Жаңа технологияларды шет тілін оқытуда қолданудың тиімділігі бұл жастардың мамандыққа бағытталган түрде еркін дамуына жан-жақты білім алуына, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар әдістемелік тұрғыда мұғалімдердің жұмыс істеуіне, біліктілікті дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады, кең тыныс береді. Жаңа заманның технологиялық мүмкіндіктері, ақпараттық түрлі жабдықтар білім беру процесінің дамуына зор мүмкіндік береді және де оқыту ісінде оң нәтижеге жетелейді. Қазіргі таңда бірталай ізденушілер мен әдіскерлер еңбектерін аталган мәселені зерттеуге арнап, білім беру процесін ілгері дамытуда. Аталған мәселе бойынша педагогикалық, психологикалық, лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттей келе педагогикалық, әдістемелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, біз келесі әдістемелік технологиялардың келесі түрлерін анықтап отырмыз. Оқушы бойында мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімді жолдарының бірі ойын технологиясы болып табылады. Гальскова Н.Д. пайымдауынша ойын методикасы арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесінің дисциплиналық моделінің тұлғаға бағытталған оқыту моделіне ауысуында болып отыр. Алда тұрған негізгі міндет түрлі интерактивті, жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу. Ойын технологиясын қолданудың алғышарты балалардың психикалық ерекшелігінде болып табылады. Оқыту процесінде ойлау, ес, зейін, қабылдау және т.б. психологиялық факторларының ескерілуінің маңызы зор. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытуда ойын технологиясын қолдану баланың берілген елтанымдық материалды жеңіл қабылдап есте сақтауына көмегі көп. Яғни оқу прецесінде баланың когнитивтік қабілетін дамытады. Ойын барысында мұғалім бала зейінін мәдени ақпарат өрісіне шоғырлата алады. Әрбір ойынға қатысушы интенциясының өзегінде эмоциялық фактор жатады. Ойын актісінің эмоциялық сипаты елтанымдық материалды меңгерту процесінің эфективтілігін қамтамасыз етуші және баланың танымдық процесін дамытудың стимулы болып табылады. Сонымен ойын технологиясы универсалды сипатқа ие, сондықтан ойынды мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың мақсат, міндеттеріне сәйкестендіруге болады.
Оқушыга білім беру әдісін жаңарту мақсатында қазіргі мектеп практикасында түрлі тәсілдер қолдануда. Осындай жетік әдістердің бірі – проблемалық оқыту болып табылады. Проблемалық оқыту негізі белгілі бір мәселе өзегін ашып, жауап іздеу болып табылады. Білікті ұзтаздардың бірі М.Арғымбаеваның айтуы бойынша оқытудың проблемалық әдісіне: іздену, зерттеу, дамыта оқыту жатады. Және де оның сипаттамасы ретінде келесі факторларды атап өтеді:
- Проблемалық әдіс оқушыға берілетін білімді дәлелді, саналы түрде
баяндай отырып алган білімінің дәлелді екеніне көзін жеткізу
- Проблемалық баяндау оқушыларды ғылыми тұргыдан ойлауға үйрете отырып, оларға ғылыми ізденудің үлгісін береді, оларды зерттеу ісіне жаттықтырады
- Проблемалық әдіс оқушының назарын тез билеп, берілген материалға қызығушылығын арттырады.
Аталған фактіге байланысты проблемалық оқытудың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда тиімділігі зор. Оның негізгі мәні мынада: жаттанды принципке негізделген білім беру оқушыға тек шешімі дайын мәселелер тізбегін ұсынатын. Бітіруші маманның теориялық білімі терең болғанымен көп жағдайда алға қойылған мәселені шешуде жас маман сасып калатын. Өте келе білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты түрлі әдіс-тәсіл қатары толықты. Проблемалық оқыту әдісі аталған мәселені қарастырады. Оқушыға белгілі бір проблемалық жағдайды өз бетімен шешуге, ізденуге төселдіреді. Мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында туындаған қандай да бір қарама-қайшылықты мәселе түйінін шешуге оқушыны төселдіреді.
Аталған әдістерден басқа жобалық әдіс тенденциясы да қарқын алып келеді. Бұл әдіске Т.В. Душейная берген анықтамасы бойынша түсінетініміз:
Жоба – оқушылардың өз бетінше жоспарланған және өздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Әрбір жоба өзегінде белгілі бір шешімді қажет ететін мәселе болады. Линво елтанымдық негізінде әрбір студент мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда оқушылардан практикалық мақсатқа сай тапсырманы, өздеріне ыңғайлы тәсілмен және ыңғайлы уақытта шығармашылықпен ұйымдастыру талап етіледі.
Божбанова Т.Е. Өзінің зерттеу жұмысында жоба әдісінің басты ерекшеліктерін атап өтеді: «Әлемді тану, іскерлік ойлап шығарушылық, айқын мәнерлілік жоба әдісінің негізі болып табылады». Яғни жоба әдісінің негізгі мақсаты: жан-жақты өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушының терең шығармашылық білім деңгейін дамыту және де жоғары білімді алдындағы мәселені шеше алатын компетентті жеке тұлғалар қалыптастыру.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе байқағанымыз – қазіргі заман ағымында техникалық құралдардың мүмкіндіктері мен инновациялық мүмкіндіктерін ұштастырып оқыту мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне үйретуді ұйымдастырудың ұтымды тәсілі ретінде қарастырылып отыр.
Профессор С.Ә.Әбдіғали «Қазіргі таңдағы Қазақстанда шетел тілін оқытудың негізгі міндеті – тілді шынайы және толыққандықарым-қатынас құралы ретінде үйрету» атты мақаласында осы мәселені жан-жақты қарастырған. Әрбір шетел тілінің сабағы мәдениеттер тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір шетел сөзі шетел өмірін және мәдениетін көрсетеді, әрбір сөз сол ұлттың өмірі жөніндегі түсінігін білдіреді» - деп түсіндіреді. Берілген түсініктеме негізін қолдай отырып, біз тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы тұрғысында еркін қолданудың белгілі бір дәрежесінде жеткізу де өте маңызды болып табылады дейміз. Сондықтан шетел тілін үйрену барысында мәдениетаралық қарым-қатынас біліктерін қалыптастыру ең алдымен компетенттілік ұғымына келіп тіреледі деп ойлаймыз. Біліктілік дегеніміз орнықтырылған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес болу, белгілі бір мәселені шешуге қабілетті болу және де сол үшін қажетті білім активтеріне ие болу. Профессор Мильруд Р.П. айтуы бойынша алғашында «біліктілік» ( басқаша «құзырлылық», кейбір әдебиеттер көзінен біліктілік ұғымымен қатар «құзырлылық» аталымының қолданысын кездестіруге де болады.) ұғымы Америкада 60-жылдары еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар легін толықтыру мақсатында қолданыс тапқан болатын. Біліктілік адамның жеке даралық категориясы ретінде қаралды, ал оның құрылымы белгілі бір қабілеттерден тұрады [6].
Осы аталған біліктер қатарына көптеген ғалымдар тіл біліктілігінің белгілі бір дәрежесін, креативті ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін, компьютерді қолдану қабілеттерін, сонымен қатар мәселелі жағдайды шешу қабілеттерін жатқызады. Ал біздер мәдениетаралық қабілетін атап кеткеніміз дұрыс болар. Құзыреттілікті қабілеттер жиынтығы ретінде түсіндіруге болады.
Профессор Мильруд Р.П. қабілеттілік анықтамасын былайша негіздейді: «Компетентность – соответствие предъявляемым требованиям, критериям и стандартам в определенной деятельности при решении конкретных задач, обладание необходимыми знаниями, способность добиваться результатов и владеть ситуацией».
Сонымен қатар «Компетентность - это комплексный личностный ресурс, обеспечивающий возможность эффективного взаймодействия с окружающим миром в той или иной области и зависящий от необходимых для этого компетенций» [6].
Демек қабілеттілік (құзыреттілік) бұл адамның белгілі бір мәселені шешу барысында немесе белгілі бір қабілетті талап ететін жағдаятта талаптарға, критерийлер мен стандарттарға сай эффективті әрекет ету және сәйкесінше қажетті білімдер қорына ие болу деп түсінеміз. Яғни нақты мәдениетаралық қарым-өатынас барысында жеке дара индивид бойында болуға тиісті біліктер сәйкес деңгеде дамыған жағдайда ғана нәтижелі коммуникациялық әрекет жүзеге асады, біз оған қол жеткізе аламыз. Егер біліктілік белгілі бір деңгейде көрініс беруі керек делінсе, онда біліктіліктің қалыптасу деңгейі мәдениетаралық қарым-қатынас қабілеттерін қалыптастырып, дамытуда өте тиімді болып табылады.
Нәтижелі іс-әрекеттің көрінісі осы біліктіліктің белгілі бір деңгейіне байланысты деп пайымдаймыз. Өйткені біліктілік қандай дәрежеде дамыса, сондай нәтиже көрінісін аламыз. Тіпті мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін алсақ, ертеңгі күні өзге ел өкілімен коммуникациялық әрекет барысында дәл осы біліктілік дәрежесі маңызды рөл ойнайды. Мәдени қарым-қатынас біліктілігі аясында коммуникант бойында нақты білімдер қоры, яғни әлемдік бейненің анық түсінігі (мұнда өзге мәдениет туралы нақты білім), психологиялық (өзге ел бейнесіне қатысты эмоция, толеранттық сезім, зейін, төзім, т.с.с. психологиялық көріністер) антропологиялық (өзге ел өкілінің қалыптасуы, ерекшелігі, жалпы бейне ерекшелігі, түр-сипаты, т.с.с.) социологиялық (қоғамдық өмір сүру мәнері, критерийлер ерекшелігі, түрлі табу т.б. ерекщеліктері) тұрғыда нақты бір деңгейде іскерлікті дәрежеде дамыса, онда тиімді нәтиже болары анық. Сонымен, біліктілік ең алдымен іскерлікпен байланысты. Әрине іскерлік ұғымын білім, дағды, іскерлік парадигмасынан бөліп-жарып қарастыруға болмайды. Бірақ әлі де болса компетенттілік жағдайында іскерліктің маңыызы ерекше. Жас маманды мәдениетаралық қарым-қатынас контекстінде еңбек нарығына дайындау ертеңгі күні одан нақты міндеттерді орындауды, мәселелердің шешімін табуды талап етеді. Мұндайда мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісіне белгілі бір дәрежеде іскерлік қажет болады. Оқушылар бойында сәйкес қабілеттердің дұрыс дамуы үшін мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытуда ескерілуі тиіс талаптарын анықтап алуымыз маңызды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында былай депатап көрсетті: «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Негізгі педагогикалық білім берудің стандарттарын, мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында былай депатап көрсетті: «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Негізгі педагогикалық білім берудің стандарттарын, мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс».
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (2010 жылдың 7 желтоқсанында № 1118 Президент жарлығымен бекітілді) сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Білікті педагогтар педагог мамандығының мәртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады. Педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне өзгерістер ендіру қажет.
Осы негізде жаңадан құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының миссиясы педагог кадрлардың біліктілігін жүйелі арттыру, бұл корпоративті басқару, әлемдік және қазақстандық тәжірибені тасымалдау негізінде білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бүгінгі таңда, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі негізгі ұйым болып табылады. Орталық педагогтардың сапалық құрамын арттыруға және кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Орталық өз жұмысында мына принциптерді басшылыққа алады:
1. Қоғамға бағытталуы. Біліктілікті арттыру педагогтардың бойында азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.
2. Ғылымилық және инновациялық. Жаңа ғылыми нәтижелерді қолдануға үнемі ұмтылу, жаңа технологиялар, ғылыми білім мен ақпаратты қолдануға дайындық.
3. Үздіксіздік. Педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.
4. Көптүрлілік (Диверсификационность). Білім сапасын арттыруға және біліктілікті арттыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру, қызметтердің түрлерін, санын көбейту.
5. Ашықтық (транспарентность). Орталықтың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және қол жетімдігі, құрылымдық тұтастық пен тұтас жүйенің айқындығы.
6. Автономия және академиялық тәуелсіздік. Басқарудың дербестік және коллегиялық сипаты мен демократиялық принциптер негізінде шешім қабылдау, әрбір адамның жеке жауапкершілігі, оқытушыларға білім беру қызметінде академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.
7. Заңға сәйкестік. Орталық өз қызметінде барлық құқықтық нормаларды сақтайды.
8. Көшбасшылық. Педагогтардың біліктілігін арттыруда көшбасшылыққа ұмтылу, басқарудың бір вертикалын және менеджменттің жаңа принциптерін енгізу.
Кәсіптік деңгейдің сапалық өсуін қамтамасыз ету үшін мына жұмыстар белгіленді:
- жаңартылған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары;
- жаңа жүйе бойынша үш айлық біліктілікті арттыру курстары;
- e-learning электрондық оқытуды енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстары;
- «Назарбаев интеллектуалдық мектептер» АҚҚжанынан құрылған Педагогикалық шеберлік орталықтарында оқыту;
- шетелдік біліктілікті арттыру курстарында «Өрлеу» орталығының қызметкерлерін оқыту;
- қазіргі білім беруді дамытудың бағыттарына сәйкес жасалған біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңарту;
- жаңа мазмұн жасау;
- ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды ендіру.
Қазақстандық білім беру жүйесінде педагог мәртебесін арттыруда төмендегідей стратегиялық бағыттар анықталды:
1. Педагог қызметкерлердің біліктілігін артырудың жаңа жүйесін жасау. 2. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын модернизациялау. 3. Жоғары оқу орындары мен колледждің педагогикалық мамандықтарындағы оқытушылардың біліктілігін арттырудың инновациялық жүйесін дамыту. 4. Білім сапасын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру жүйесінің тиімді жұмыс жасауына қажетті жағдайлар тудыру.
Бұл мәселенің өзектілігі елдің экономикасын дамытуға негіз болатын адам капиталын қалыптастырудың басты механизмі білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан қойылып отырған жаңа талаптармен түсіндіріледі. Сондықтан елдің педагогикалық қауымдастығы алдында өндірістік күшті жетілдіру, қоғамның интеллектуалдық және рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту әлеуметтік міндеттері айқындалды. Осы негізде қоғамдағы кәсіптік құндылықтар баспалдағында педагог еңбегінің орны мен маңызы белгіленеді.
Елімізде білім беру жүйесін дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Соңғы екі жылда білім мен ғылымды дамудың жаңа сатысына шығуына қажетті ресурстар мемлекет тарапынан толығымен қамтамасыз етілді. Білімге бөлінетін қаржыны белгілеу принциптері өзгерді. ҚР «Білім туралы» Заңында педагогтарды қолдаудың заңды негізі белгіленді. Педагог қызметкердің мәртебесі деп аталатын 7-тарауда 50-53 баптарда педагог қызметкердің мәртебесі, педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі, тиесілі әлеуметтік кепілдіктер анықталды. Әрбір педагог өзінің қызметінде нормативтік құжатқа сүйене отырып, өз жұмысын дұрыс құруға міндетті. Педагогтардың мәртебесін арттырудың бірден бір жолы – өз құқығын білуі және шығармашылықпен жұмыс жасау. Осы заңның 51 бабының 2 тармақшасына сәйкес педагог қызметкер ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге құқығы бар. Біздің ойымызша, бұл қазіргі жағдайда педагогтар үшін бәсекеге қабілетті болуына қажетті негіз болып табылады.
90-жылдары білім және ғылым жүйесіндегі кадрлардың көп бөлігі қызметтің басқа түрлері мен салаларына ауысып, шетелге кеткендер де болды. Нәтижесінде педагогикалық құрамның қартаюы, оның білімдік және интеллектуалдық әлеуетінің әлсіреуі байқалды. Сонымен бірге педагогикалық салаға феминизация тән екендігі мәлім. Ғалымдардың пікірінше, бұл құбылыс білім беру жүйесінің жұмыс жасау және даму сипатына, бұдан шығатын қорытынды, жалпы қоғам мен мемлекеттің дамуына ерекше әсерін тигізеді.
Осылайша, шынайы қалыптасқан жағдай өз шешімін қажет ететін бірқатар қарама қайшылықтармен белгіленеді. Олар: 1) білім жүйесін өзгерту қоғам тарапынан қойылатын талаптардың артуы мен білім сапасының артуын қамтамасыз етпейтін мұғалім мамандығының төмен әлеуметтік мәртебесі арасындағы;
2) педагогтардың кәсіби дайындығына қойылатын жоғары талаптар және педагог мамандығының беделінің күрт төмендеуі арасындағы;
3) болашақ педагогтарды дайындау деңгейі мен жоғары оқу орнындағы оқу процесінің мүмкіндіктерін педагогтың кәсіби мәртебесін қалыптастыруда жеткіліксіз деңгейде қолдану арасындағы.
Осы қайшылықтарды шешу мақсатында біз біліктілікті арттыру институты тарапынан курстарды өткізу, әдістемелік көмек көрсету және т.б. жұмыс бағыттары бойынша мынадай педагогикалық шарттар кешенін есепке алуды ұсынамыз. Олар: педагог тұлғасын педагогикалық қызметтің құндылықтарына бағыттау; 2) педагогикалық мәдениетті дамыту және жетілдіру; 3) педагогтардың өз қызметінің әмбебап сипатын, кәсіби білімі мен іскерлігін қызметтің басқа да салаларында қолдану мүмкіндігін ұғынуы; 4) қосымша кәсіптік білім жүйесіне педагогтарды ендіру; 5) кәсіби шеберлікті жетілдіру мақсатын белгілеумен байланысты жетістікке жету ситуациясын тудыру.
II-ТАРАУ. МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ
2.1 Компетенттік әдіс – қазіргі шеттілдік білім берудегі педагогикалық теория ретінде
Қазақстанда бәсекеге қабілетті – Қазақстанның экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін ең қажеттісі – білім.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үрдістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни компетентті тұлға болуы керек.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды компетенттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттігі көрсетілгенін білеміз.
«Білім, білік» категориясының мазмұнын ашуда «компетенция» ұғымы ерекше орын алады. Зерттеушілердің пікірі бойынша «компетенция» тек білімге ғана емес, біліктілікке көбірек сай келеді және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды.
Компетенттік әдіс – қазіргі шетелдік білім берудегі педагогикалық теория ретінде кеңінен таралып, барлық білім ордаларында қолданысқа енуде. Нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесінде ҚР білім саласына енуіне байланысты білім, білік, дағды, тәрбие, білімділік, дайындық ұғымдары автоматты түрде «компетенция, компетенттілік» ұғымдарымен алмастырылып, практиктердің қолданыстағы үйреншікті сөзіне айналуда.
Енді ең алдымен «компетенция», «компетенттік әдіс» ұғымдарының мәнін ашып алайық. Әртүрлі әдіскерлер, педагогтар қазіргі әлеуметтік және педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғымдарға мынадай сипаттамалар береді: «Компетенттілік» бұл білімнің интеллектуалдық, дағдылық құрамдарын біріктіретін күрделі сипаттамалар жиынтығы. Білім беру мазмұнын құрастыру «компетенттілік/компетенция» деген ұғымдардың әртүрлі екендігін көрсетеді. «Компетенция» және «компетенттілік» деп аталатын ұғымдарды түсіндіруде, адам «компетенттілігі» тұлғаның интеллектуалдық және кәсіби тұрғыдан дамуының акмеологиялық категориясы, оның сипаттамасы жүйелі сапалы жаңа білім ретінде білім беру үрдісінде қалыптасатын «компетенция» болып табылады.
«Компетенция»білім берудің интегративтік сапалы сипаттамасы, яғни компетенттілік/компетенция«әлеуетті бір тұтастың» (білім берудің соңғы сапалы нәтижесі) «өзекті бөлшекпен» (оқыту барысында компетенцияны дамыту) байланысы ретінде қарастырылады.
И.А. Зимняя еңбектерінде компетенттік компетенцияның өзекті түрде көрінуі, компетенция ішкі әлеует, психологиялық жаңа түзілім (әрекет бағдарламалары, құндылық жүйелері және қатынастар) ретінде адамның компетенциясында байқалады делінген. «Компетенция» мазмұндық бөлімнің құрамдас бөлігі, «компетенттілік» ұғымы мазмұнды бірлік, яғни компетенттік компетенцияға қатысты жинақтаушы ұғым болып табылады деген бекімге тоқталады. [26]
В. Шепель компетенттік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді. Ал В. Ландшер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсінеді. Сонымен қатар компетенттік ұғымына П. Симонов, М. Чошанов, В. Даль, В. Безруков, Н. Розов психологтардан А. Журавлев, Н. Талызина тағы да басқа ғалымдар өз ойларын білдіріп, талқылаған.
Кейбір зерттеушілер компетенттілік ұғымын «құзыреттілік» аталымымен нақтылайды. Компетенттілік – «істі біліп» атқаруға қабілеттілікті білдіретін жалпы балама термин. Әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, оның орындайтын міндеттері мен шешетін күрделі проблемаларының нақты деңгейіне сай білім мен іскерлігінің сәйкесті мөлшерін анықтайды.
Латын тілінен аударылғанда компетенттілік дегеніміз «өз ісін жетік білу», «танымы мол, тәжірибелі», «қабілетті», «талап қою», «жарамды» деген мағынаны білдіреді. Ал французша «компетентті» «заңға сай», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
Э. Зсермен, О.Шахматова компетенттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды.
Белгілі ғалым М.М. Чошанов компетенттілікті білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістерінің оралымдылығы + ойлаудың сынаулылығы, Н.В. Кузьминаның көзқарасы бойынша компетенттік педагогтың басқа бір адамды дамытуына негіз болатын білімділігі мен абыройлылығы.[27; 41]
Компетенттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтады.
Компетенттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жай ғана жиынтығы емес.
Н.С. Розов компетенттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жағына танымдық және практикалық жаңалық енгізуді ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты-жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.
Н.С. Розовтың пікірінше, компетенттіліктің мынадай қырлары бар:
- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контексттегі ахуалды жете түсінудің барлығын көрсетеді: бұл контексттік аясына осы сияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;
- проблемалық-практикалық аспект, бұл – осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділгінің бара-барлығын сипаттайды;
- коммуникативтік аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайда қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейінің барлығын қамтамасыз етеді. Компетенттілікте жетекші рөл проблемалық-практикалық аспектіге беріледі. Сондықтан осы үш аспектінің қалыптасқандығы, жалпы мәдени компетенттілікке ие адамның сипатын береді. Өйткені, бұл қарап отырғанымыздай, адамдардың өз мүмкіндігін жүзеге асыруға жол ашады.
Компетенттік әдістің педагогика ғылымына бет бұруы және «компетенттілікке бағдарланған оқыту» XXI ғасырдың 90 жылдарында пайда болды. Өйткені бұл кезде халықаралық деңгейде:
§ компетенттік әдіс қазіргі сұраныстағы әдіс ретінде анықталады;
§ білім беру жүйесінде сапалы-нәтижелі көрсеткіш ретінде енгізуге ұсынған компетенциялар шеңбері анықталады;
§ «басты компетенциялар» деген ұғым енгізіліп бекітілді (Европа Кеңесі, 1996);
§ «басты компетенциялар» құрамын анықтау мемлекет бағдарламаларындағы жалпы білім беру стратегиясын дамытуда енгізілді (2015 жылға дейін Қазақстандағы жалпы білім беру мазмұнын модернизациялау тұжырымдамасы).
Біз білетіндей, педагогикада компетенттік білім берудің дамуы мен оның ерекшеліктерінің жүйесі жасалды және білім беру үрдісі жеке тұлғаны өз бетінше білім алуға жауапты етуге мүмкіндік туғызатын негізгі орта ретінде дайындалды.
Сондай-ақ «компетенттік білім берудің» негізгі ерекшеліктері де анықталды:
§ білім берудің жеке тұлғаға бағытталуы, оқытылатын курстардың тұлғаның қызығушылығына байланысты іріктелу мүмкіндігі;
§ білім берудің дамытушылық және жас ерекшелігіне сай сипатта болуы;
§ әлеуметтік және жеке тұлға үшін маңызды мәселелерді өз бетінше шеше алу іскерлігі;
§ мәселені шешуде іздену, шығармашылық, креативтік тұрғыдан ойлауды қалыптастыру;
§ жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға бағдарлануға әрбір тұлға ерекшелігін ескеру, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту және т.б.
Компетенттік әдіс алдыңғы қатарға оқушыларге тек мәліметтер беруді емес, шынайы құбылыстарды тану мен түсіндіруде туындаған мәселелерді шеше алуға үйретеді.[28]
Компетенттіліктің табиғатына тән нәрсе сол, ол оқытудың өнімі бола отырып, индивидтің өзін-өзі технологиялық тұрғыдан емес, тұлға ретінде дамытуынан, жеке тәжірибесін қолдана отырып қорытынды жасай алуынан туындайды.
Компетенттік әдіс бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, мынадай жағдаяттарда: нақты құбылыстарды танып-білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдауда және өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірдегі өз орнын анықтауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шеше білу біліктілігін шығарады. Ал шеттілдік білім берудегі бұл факторлардың маңызы зор екендігі белгілі, яғни компетенттік әдістің педагогикалық теория ретіндегі маңызы зор екендігін байқаймыз.
Компетенттікәдіс – бұл білім беру нәтижесіне баса көңіл бөлетін әдіс, оның үстіне нәтиже ретінде меңгерілген ақпарат жиынтығы емес, адамның әртүрлі проблемалық жағдаяттарда әрекет етуге қабілеттілігі. Басқаша айтқанда, компетенцияларды меңгерген түлектің қабілеттерін, яғни оның қандай іс-әрекет тәсілдерін игергенін, не істей алатынын, неге дайын екенін анықтау – компетенттілік әдіс деп аталады.[29; 37]
Компетенттілікті қалыптастыру тек жоғарғы оқу орындарында ғана емес, мектеп кезінен қолға алынуы тиіс. Сондықтан компетенттік әдіс білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету әлеуетін, қабілетін көрсететін компетенциялар кешенін игертуге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұрды.
Компетенттік әдістің шығуына себепші болған проблема бүгінгі таңдағы білім беру мазмұнының «қазіргі заманғы экономика мен өркениеттің сұранысына» сәйкес болмауынан туындап отыр дейді И.Д. Фрумин. Олай болса, компетенттік әдіс – бұл жаппай мектептер мен еңбек нарығының қажеттіліктерін сәйкестікке келтіруге талаптанып жасалған қадам іспеттес.
Т.М. Ковалева компетенттік әдісті «мектепте білім беруге деген ашық тапсырыс идеясымен» байланыстыра отырып былай дейді: «алғаш рет бұндай тапсырыс берушілер қатарында іскер адамдар (бизнесмендер), кәсіпкерлер, саясаткерлер және т.с.с. компетенциялар тілінде сөйлеушілердің барлығының фигуралары талқылана бастады. Демек, қазіргі мектеп үшін компетенттік әдіс идеясы – бұл, ең алдымен, білім беру мазмұнына ашық тапсырыс идеясы».[30]
Ғалымдар білім берудегі компетенттік әдісті жүзеге асырудың төрт аспектісін (түрін, нұсқасын, желісін, бағытын) ажыратады:
- түйінді компетенциялар;
- жалпыланған пәндік біліктіліктер;
- қолданбалы пәндік біліктіліктер;
- өмірлік дағдылар.
Біріншісі – пәннен кең сипаттағы түйінді компетенцияларды қалыптастыруға бағытталады. Бұл желіге, мысалы, мәтінді түсіну, әртүрлі текті ақпараттарды өңдеу, топта әрекет ету біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық технологиялары жатады.
Компетенттік әдісті жүзеге асырудың екінші желісі пәндік сипаттағы жалпыланған біліктіліктерді қалыптастырумен байланысты. Оларға, мысалы, физика үшін – типтік есептерді шығара білу, математика үшін – кестелер мен диаграммаларды түсіндіре білу және т.с.с. жатады.
Компетенттік әдісті жүзеге асырудың үшінші бағыты бүкіл мектептік білім берудің қолданбалы, практикалық сипатын күшейту болып табылады. Бұл бағыт оқушы мектепте алған білімдерінің қандай нәтижелерінің мектептен тыс жерлерде пайдалана алады деген қарапайым сұрақтан туған. Бұл бағыттың мәні мектепте оқылғанның бәрі болашақта тиімді болуы керек, яғни пайдаға асуы тиіс деген ойда.
Компетенттік әдісті жүзеге асырудың төртінші желісі «өмірлік дағдыларды» игеру мәселесін шешу үшін білім беру мазмұнын жаңарту болып табылады. Бұны өмірде де, жұмыста да пайдаланатын түрлі қарапайым біліктіліктер спектрі деп түсінуге болады. Көбінесе бұл дағдылар жасөспірім балаларға қажет. Оларға, мысалы, ақша санай білу, қарапайым құжаттарды жазу жатады. Оларды кейде функционалдық сауаттылық деп те атайды.
Бұл төрт бағыттың барлығы мектептер үшін өте қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау мектеп түлектерінің компетенциясын, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі жұмысқа дайындығын арттыруға себептесетін болады.
Еліміз егемендігін алып, халықаралық байланыстардың кеңеюі білім беру саласында көптеген жаңалықтар мен өзгертулер енгізуде. Бұл жаңалықтар мен өзгертулер әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесінің біздің еліміздегі білім беру жүйесінен мынадай айырмашылықтарды көрсетеді:
- оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға қарағанда басым;
- оқытудағы іс әрекетінің тәсілі қарапайым біліктілік пен дағдыларды ығыстырған;
- оқытудың компетенттілік тәсілі қолданылады;
- мектептегі білім беру сапасын бағалаудың және жүйесіне көшу байқалады;
- мұғалім мен оқушы арасындағы авторитарлық қарым-қатынастар оқу ісі әрекетіндегі бірлестікке, жұптастыққа айналған.
Қазір білім берудің мақсаты алған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде, өмірдің өзгермелі жағдайларына еркін бағдарлай алатын, өзінің алған білімін қолдана алатын, өзін өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру. Яғни болашақ маман бойында әртүрлі компетенцияларды қалыптастырып, компетентті тұлға даярлау болып табылады.
Қорыта келгенде, соңғы жылдары педагогикада компетенттілік ұғымына деген көзқарастардың ауқымы кеңейе түсті. Жоғары білікті маманның компетенттілігі ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер педагогика саласындағы зерттеулерде, ғылыми-әдістемелік басылымдарда кеңінен қарастырыла бастады.
Жоғары оқу орындарында мұғалімнің технологиялық компетенттілігін жетілдіру өзекті мәселеге айналды. Оқыту стратегиясы мен технологиясын таңдаудағы кәсіби міндеттердің шешімі студенттің тұлғалық сапасының дамуынан көрініс табады. Оқушылардың кәсіби тұлғалық компетенттілігін дамытудың негізгі міндеті кәсіби ойлау мәдениетін қалыптастыру. Яғни педагог тудыратын сыртқы шараларды студенттің өзінің жеке іс-әрекетімен жүзеге асыруы. [20]
Біздің түсінігімізде маманның кәсіби компетенттілігі деген – ол ойлаудың тұрақтылығы, кәсіби мәселелерді шеше білуге болжау жасау, ойлау шығармашылығы, жүйелі ойлау, нақты ойлау, логикалық ойлау, ғылыми негіздерге сүйене білу, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін тиімді пайдалана білу, ойлау операцияларын қолдану, өзгелердің пікірімен санасып, өзгелермен қарым-қатынас жасай білу. Оқыту іс-әрекетін басқару – оған белгілі дәрежеде талап қою, педагогтың таным белсенділігін арттырып, шығармашылығын дамытатын және инновациялық білім беру мен инновациялық білім беру ортасын жасау болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе байқағанымыз, компетенттік әдістің – қазіргі шетелдік білім берудегі педагогикалық теория ретіндегі маңызы зор екендігі. Себебі оқытудың сапасынан күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдіруді компетенттік әдіс қамтамасыз етеді. Оны жүзеге асыру үшін білім мазмұнынан, білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық, іс-әрекет тәсілдері, эмоционалдық, құндылық қатынастар тәжірибесінде негізделген түйінді компетенттіліктерді ажыратып алуымыз қажет және оларды әр болашақ маман бойында және оқытушылар бойында қалыптастыруымыз қажет.
Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени – тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғам сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін талап етеді.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп атап көрсетілген.
Қазақстанхалқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін бірінші орындағы сала – білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының міндеті - білімді, дағдыларды меңгеруге қабілетті, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау өрісі кең жеке тұлға қалыптастыруды іске асыру. Бұл жағдай оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудағы ең маңызды мәселе екені белгілі.
ХХ ғасырдағы оқу жүйесінезер сала қарасақ, білім беру жүйесінде осы уақытқа дейін оқушыдан білім, білік, дағдыны қалыптастыруды талап етсек, бүгінгі күннің мақсаты – оларды іскерлік қарым-қатынасқа, өз бетімен білім алуға бағыттау. Сондықтан да қазіргі замандағы педагогикалық ғылымның мақсаты–бала тұлғасының дамуына бағытталған жаңа білім технологияларын қалыптастыру.
Жеке тұлғаны бағдарға алып білім беру дегеніміз-педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар мен іс-әрекеттер жиынтығы.
Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаны бағдарға алып оқыту технологиялары әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруге және тәрбиелеу әдістері мен тәсілдеріне негізделген.
Г.К. Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы оқушы жеке тұлғасы, ал оның негізгі мақсаты - табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру екенін атап көрсетеді[59].
Сондықтан, жеке тұлғаны бағдарға алып білім беру оқу материалын шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:
1) өз оқушыларының мінез-құлқы, көзқарасы, талғамы мен жеке ерекшеліктерін жақсы білу;
2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылықтарды бағалауы, өмірлік жоспары сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейін білу;
3) әрбір оқушыны білім деңгейі мен мүмкіндігіне сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке тартып отыру;
4) алға қойған мақсаттарға жетуге кедергі келтіретін себептерді анықтап, жойып отыру;
5) жеке тұлғаның белсенділігіне сүйене білу;
6) тәрбие ісінде жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін, формаларын таңдауына көмек беру;
7) оқушының әрекетін, белсенділік көрсетуін, табысқа жетелейтін ұмтылыстарын бағыттау.
Тұлғаға бағдарланған жаңа көзқарас түсінігін анықтау үшін үш мәселені атап кету керек:
1.Тұлғаға бағдарланған көзқарас ұғымына түсініктемелер:
- оқушының өзіндік даралық ерекшелігі;
- тұлғаның өзіне тән қабілеттері мен мүмкіндіктерін танытуы;
- өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсету әрекеті;
- оқушылардың білім алуына жағдай жасау, өмірлік, кәсиби өсуіне педагогикалық қолдау, көмек беру;
2.Оқушыларға білім беру әрекетіндегі негізгі ұстанымдар:
- өзін-өзі белсенділікке тарту ұстанымы;
- субъектілік ұстанымы;
- таңдау ұстанымы;
- шығармашылық табыс ұстанымы.
3. Технологиялық бөлімі:
- шығармашылық іс-әрекетке шақыру;
- баланың жеке басының дамуын қолдау;
- оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.
Жеке тұлғаны бағдарлап алып оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір студент тұлға бола отырып, бір жағынан жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік тұлға, яғни бойында әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады [85].
Яғни, топтағы әрбір оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, оның оқу процесінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру керек. Тұлғаны оқытудың соңғы нәтижесі - мәдениетаралық қарым-қатынасқа жету.
Әр ұстаз педагогикалық іс-әрекетін өзі еңбек ететін оқу орнының бекіткен бағдарламасына сәйкес құрады. Сабақты және өздік жұмысты ұйымдастыруда оқушы тұлғасының барынша дамуы мен оның табысты оқуы үшін жағдай жасалуы тиіс.
Шет тілін оқытуда бұл мақсатқа жету үшін ЖТБО технологиясын қолдану тиімді. Оның негізіне мыналар жатады:
- іс-әрекет үшін қолайлы жағдай туғызу;
- оқу материалы мен оны ұсынуда студенттің тұлғалық тәжірибесі мен ерекшеліктерін, шет тілін меңгеру барысындағы деңгейін ескеру;
- тапсырмалардың әртүрлі деңгейлік сипаты;
- оқушы жұмысын шығармашылық белсенділікке бағыттап отыру.
Жеке тұлғаны бағдарға алып оқытуда келесі талаптарға сай жұмыс жүргізгу қажет:
- мәселе көтеру;
- модельдеу.
Қолданатын тапсырмалар - шығармашылық сипаты бар, деңгейлік тапсырмалар болу керек.
Жүзеге асыру жұмыстары:
- тұлғалық маңызды мақсаттар қою;
- оқушылармен жеке, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
- өзіндік шешім қабылдауда, шығармашылықпен айналасуда, мазмұнды таңдауда еркіндік беру;
- жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай туғызу, топта бір-біріне түсіністік, қолдау көрсету, көмектесу;
- өзіне деген сенімділікті арттыруға, өз әрекеті үшін жауап беруге тәрбиелеу.
Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын студенттің жұмысы[86]. Бұл жұмыс 3 кезеңнен тұрады:
-дайындық,
-ізденіс,
-орындау.
Шығармашылық қабілет әр оқушыныңбойында болуы мүмкін. Ұстаздың міндеті – оқушығаөзінің бойындағы мүмкіндіктерді пайдалануға көмектесу.
Шығармашылық жазба жұмыстары – тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда студентке міндетті түрде бағыт-бағдар беріледі. Шығармашылық жазба, ауызша жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде бере білу талап етіледі[87]. Әр топта қабілеті, қызығуы, ой-өрісі, сөйлеуі әр түрлі оқушылар бар.
Ағылшын тілін оқыту мектепте екінші немесе бесінші сыныптан басталады, сол кездің өзінде-ақ әр оқушының шет тіліне қаншалықты қабілетті екенін байқауға болады.
Сабақ басталмастан бұрын арнайы тест көмегімен оқушылардың ағылшын тілін мектепте меңгерген деңгейі анықталады. Сыныптардатүрлі деңгейде оқитын оқушылар отырады. Осындай жұмыстың нәтижесінде оқуды оқушылардың жеке тұлғасына бағдарлау қиындық тудырмайды. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық қажет. Оқушының ұқыптылығын, еңбек ету қабілетінің деңгейін байқаған соң ғана оны тілге бейімдеп, ерекшелігіне қарай тапсырма беруге болады.
Студенттің шығармашылығын дамыту үшін шығармашылық әрекетке қабілеттілігін дамытуымыз керек. Шығармашылық әрекетке оқушының:
- қызығушылығы - мәтінмен жұмыс істеулері;
- танымдылығы - тіл дамыту жұмыстары;
- ойлауы - өзіндік жұмыстары;
- есте сақтауы ;
- ізденімпаздық жұмыстары жатады.
Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орны ерекше. Оқулықтағы мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізуіне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, кейіпкерлердің портретін жасауына, қалыптастыруына, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасын анықтай алуына назар аудару қажет[88]. Мұндай жұмыс барысында жеке сөздерді жаттау немесе мәтінді аударумен шектелмей, қосымша басқа да ақпарат көздерінен алған білімдерін қолданып, өз бетімен жұмыс жасай, ойлай білу, білімін толықтыру, белсенді болу, деңгейлік тапсырмалар орындау – ең басты жұмыс түрі болып табылады.
Оқушының шығармашылық әрекетін дамыту мақсатында ағылшын тілі сабағында әртүрлі тапсырмалар беріледі:
- әңгімені, ойды жалғастыру;
- мәтін бойынша жоспар құру;
- алған әсерлері нәтижесінде әңгіме жазу;
- өз пікірін білдіру;
- туындаған мәселеге шешім іздеу;
- пікір-талас жүргізу.
Мұндай тапсырмалар оқушылардан ойлау, талдау, салыстыру, қорытынды жасай білу секілді жұмытарды жүргізуді қажет етеді.
Қай сыныпта болмасын оқушылардың шығармашылық әрекеті мен ойлау қабілеттерін дамытуда жеке берілетін тапсырмалар пәндік білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Осы берілетін тапсырмалар арқылы оқушылар жаңа ұғымдармен танысып қана қоймайды, жаңалыққа деген қызығушылықтары артады.
Жаңалыққа деген қызығушылық – шығармашылыққа деген басты ішкі талпыныс болып табылады[89]. Оқушыларда жаңалыққа деген қызығушылық басым болады. Ондай жаңа істер оқушының бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырып, қызығушылықпен жұмыс істеуге талпыныс береді. Осыған сәйкес жеке тапсырмалар, презентация дайындау барысында үлкен ізденіс жұмысымен айналысу олардың қызығушылықтарымен қоса, шығармашылықтарын дамытады.
Мысалы: екінші тоқсанда 11 сыныпоқушыларына арналған тапсырмаларындағы: Hobbies, Vacations, Shopping, Clothes (fashion), Food (kazakh, english) тақырыптары ауызша әңгімелеп айтуға арналған. Әр оқушы өзіне не ұнайтыны, ұнамайтыны, не қызықтыратыны, қызықтырмайтыны, не себепті, қандай мақсатпен нені таңдағаны, нені пайдалы, пайдасыз деп есептейтіні жайлы жан-жақты әңгімелей отырып, дайындаған суреттерін, мәтіндерін топтағы басқа оқушыларге көрсету арқылы, ойымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, пікірлерін талқыға салады. Осы берілген тақырыптардың біреуін –«Food(kazakh, english)» алып талдасақ, мынадай жұмысты көруге болады. «Food (kazakh, english)» тақырыбын «Наурыз» мейрамымен ұштастырып алған қызықты, әрі ұтымды.
1.Дайындық кезеңінде алдын-ала оқушылар кім қандай тағам туралы хабарлама, презентация жасайтыны жөнінде келіседі.
2.Ізденіс кезеңінде оқушылар ағылшын және қазақ елі ұлттық тағамдары жайлы ағылшын тілінде ақпараттар жинақтайды. Әр тағамның тарихын, жасалу жолын (рецепт), атауларын, суреттерін интернеттен, газет-журналдардан, арнайы кітаптардан іздестіреді, ата-аналарының да көмегіне жүгінеді.
3.Орындау барысында дайындап келген материалдарын әрқайсысы басқа оқушылар жоғары бағалайтындай деңгейде көрсетуге тырысады:
- таңдап алған тағамның құрамына нендей заттар кіретінін талдап айтып көрсетеді;
- өздері ұнататын тағамды пісіруді кімнен және қалай үйренгені жайлы әңгімелеп айтады;
- топтағы достарын «Наурыз» мейрамымен құттықтап, дайындап әкелген тағамын ұсынады;
- оқушылар тағамды бағалайды;
- сұрақтарға жауап береді;
- әркім өз отбасында қандай тағамды ұнататыны жайлы айтады.
Мұндағы оқушыларды қызықтыратын жаңалық – ағылшын елінің тағамдары мен мейрамдары. Компьютерде түрлі-түсті етіп әр түрлі тағамдарды көрсетіп, әңгімелеу барысында сөздерді, шақтарды, предлогтарды дұрыс қолдану үлкен жұмысты талап етеді, жаңа сөздерді қолдануы, ізденістері оқушылардан шығармашылықты талап етеді.
Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Жаңа технологиядан оқушылар өздігінен білім алуға, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағыт ала алады. Сөздік қорларын молайтуға, ойын, сөзін тиянақты жеткізуге, жинақы, дұрыс сөйлеуге, берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беруге дағдыланады.
2.2 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға арналған жұмыстарды орындау барысында түпкі нәтижені бағыттай оқыту
Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелі баяндайтын құрал. Оқулық оқу орындарының түріне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-техникалық, жоғары оқу орындары) жасалады. Әртүрлі ұлт мектептері үшін нақты ұлттың ана тілінің ерекшеліктерін ескере отырып оқытылатын ағылшын, орыс тілі, т.б. оқулықтар шығарылады. Оқулыққа мынадай педагогикалық талаптар қойылады: оқу материалдарының қазіргі ғылым мен техниканың дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы, тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі; мазмұнының бағдарламаға сәйкес әрі түсінікті болуы; материалдардың оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай баяндалуы; дәл және анық, нақты қорытындылар, ережелер, заңдылықтар мен анықтамалардың баяндалуы, тілдің жатық, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба мен сызулардың болуы; сыртқы пішінінің (қағаз, шрифт, мұқабасының) ретті сәндендірілуі[82]. Шетел тіліне оқытуда оқулықпен қатар қосымша оқу құралдары пайдаланылады. Оқулық – негізгі оқу құралы болса, қосымша оқу құралдары әртүрлі (оқушыға арналған жұмыс дәптері, мұғалімге арналған әдістемелік кітапша, жаттығулар жиынтығы, анықтамалық материалдар және т.б.)
Қазіргі таңда шетел тілдерін оқыту барысында өзекті мәселелердің бірі - оқу құралдарын, оқулықтарды дұрыс таңдау болып табылады. Қазақстандық нарықта отандық шетел тілінің оқулықтарымен қатар көптеген шетелдік шетел тілі оқу құралдары пайда болды [83]. Шетел тіліндегі оқу құралдарының баламаларының болуы оқытушыларға таңдау мүмкіншіліктерімен қоса өздерінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін де көтеруге жағдай туғызады. Осылайша оқулықтар шетел тiлiн үйрету бағдарламаларының басты компоненті болып табылады. Олар оқушылардың тілді меңгеру барысында негiзгi тiлдік мәлiметi ретінде үлкен қызмет атқарады. Сонымен қатар шетел тiлiнiң оқулығына қойылатын негiзгi талаптардың бірі, біздің ойымызша, оқулықтың тіл үйренушілерге қаншалықты тартымды және олардың мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға үлесін қосатындығында.
Шетел тілі оқулықтарының тілді үйрену үрдісіндегі мотивация мәселесі, мотивация түрлері, аудиториядан тыс уақытта жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастыру сияқты мәселелер әдіскер-ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылып, тіл үйренушілердің шетел тіліне деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен үлес қосып келеді.
Шетел тілін жоғары оқу орындарында тілдік емес мамандық оқушыларіне оқытудың әдістемесі бойынша көптеген зерттеулерде оны тиімді ұйымдастыру және іске асырудың түрлі аспектілері қарастырылып, оның ішінде оқу пәні ретінде ағылшын тілінің мәні, осы пәнді оқытудың мақсаты, принциптері, мазмұны мен әдістемесі, ағылшын тілін мамандандырып оқыту әдістемесінің мәселелерін тілдік әрекет түрінде оқыту ашылып көрсетіледі.
Қазіргі таңда шетел тілі пәнінің басты міндеті оқушылардың мәдениетаралық коммуникативтік біліктілігін дамыту. Мәдениетаралық қатысым теориясы шет тілінен білім берудің қазіргі парадигмасын жүзеге асырушы концептуалды практикалық тұғырнама ретінде когнитивтік-лингвомәдени әдіснамаға негізделеді, түрлі кәсіби шынайы жағдаяттарда мәдениетаралық қатысымды қамтамасыз ете алатын «мәдениетаралық қатысым субъектісін» қалыптастырып әдіснамалық теория сипатына ие болады. Осы орайда оқушыларды жан-жақты терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оларға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру.
Жалпы орта мектепке арналған «English» пәні бойынша оқу құралы 2004 жылы жарық көрді. Оқулықтың мақсаты – оқушыларды мамандыққа сәйкес ағылшын тілінде дұрыс оқи білуге, туристік терминология және лексикалық, грамматикалық материалдар негізінде құрылған кәсіби мәтіндерді түсіне алуға үйрету, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттіліктерді қалыптастыру. Аталмыш оқу құралы арнайы кәсіби қатысым аясы бойынша оқушыларды күнделікті қоршаған ортаға байланысты тақырыптарды қамтиды:
- Достасу;
- Саяхат жасау;
- Кәсіп таңдау, т.б.
Әр тақырып бойынша сөз әрекеттерін (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу) дамытуға арналған материалдар қамтылған. Сондай-ақ, сөз әрекеттерін меңгерту мақсатында ұсынылған грамматика және лексикаға арналған жаттығулар кешені, әртүрлі тапсырмалар оқушылардың дағдыларын, іскерліктерін жетілдіре түседі. Арнайы жаттығуларды орындау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері артып, өз беттерінше жұмыс істеу ынталары дамиды. Оқу құралында мәтіннің мағынасына сараптама жасау, мәтін тілімен жұмыс істеу, мәтінге аннотация жасау, оқылған мәтін негізінде болашақ мамандыққа сәйкес жағдаяттарды шешу тәрізді тапсырмалар кешені де енгізілген. Оқушылардың сөйлеу біліктілігін жетілдіру мақсатында типтік жағдаяттар берілген. Олар өз кезегінде оқушылардың мамандыққа бағытталған ауызша сөйлеу шеберліктерін қалыптастыруға және нығайтуға септігін тигізеді.
Алайда, аталмыш оқу құралында иллюстративті материалдар, яғни сурет, схемалардың аз қолданылуы оқушылардың оқулыққа деген қызығушылықтарын төмендетеді. Сондай-ақ, тақырып аясында тыңдап түсінуге арналған арнайы мамандыққа бағытталған мәтіндер және оларға негізделген жаттығулар мен тапсырмалар кешені кеңірек қолданыс тапса, онда олар оқушылардың танымын жетілдіретін еді: таныс материалды бекітіп, жиі кездесетін терминдер мен тілдік орамдарды меңгеріп, әрі қарай мәтіндегі студент үшін ерекше қызықты ақпаратты тезірек және сапалы игеруге ықпал жасауға мүмкіндік туғызу қажеттігі туындайды.
Мамандыққа бағыттап оқыту барысында оқу құралдарының сапасы да оқу бағдарламасына қойылатын талаптарға сай жасалуы қажет [84]. Сондықтан, жоғарыда келтірілген кемшіліктерді жоюдың тиімді жолы негізгі оқулыққа қосымша аутенттік оқулықтарды пайдалану деп түсінеміз. Себебі, аутенттік оқу құралдары оқу әдістемелік кешенін, яғни оқушыға, оқушының өзіндік жұмыс істеуіне арналған оқулық және мұғалімге арналған оқулықты қамтиды. Сонымен қатар, CD дискілері, видео материалдары, CD ROMдар оқушылардың мамандықты жан-жақты меңгерулеріне жол ашады.
Шетел тілінде мамандыққа сәйкес оқытуды қамтамасыз ету барысында оқушылардың тілді жете меңгерулері үшін сөз әрекеттеріне арналған тапсырмалар кешені тең көлемде беріліп, тиімді прагматикалық тапсырмалар, яғни ролдік ойындар, проблемалық жағдаяттарды шешу, кейс-тапсырмалар және оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға арналған тапсырмаларды қолдану. Аталған арнайы тапсырмалар түрлеріне тоқтала кетуді және тиімді технологияларды атауды жөн көрдік.
Жоғарғы сыныпоқушыларын мамандыққа бағдарлап оқытуда кейс технологиясын пайдалану тиімді әдіс болып саналады деп ойлаймыз. Себебі, бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Сонымен қатар, оқушылардың аналитикалық, тәжірибелік, шығармашылық, коммуникативтік, әлеуметтік және өзіндік саралау сияқты дағдылары қалыптасады[6].
Шетел тілінде білім беруде пікірталас әдісі оқушылардың аудитория алдында сөйлеу дағдысымен коммуникативтік компетенциясын қалыптастыруда тиімді құрал болып табылады.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында оқушыларға мамандыққа сәйкес өзіндік жұмыс тақырыптарын құрастырып және оны ақпараттық технологияны пайдалана отырып даярлауға үйрету маңызды. Өзіндік жұмыс оқушылардың өз беттерінше білім алып, алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданып, атап айтсақ, сараптама жасау, еркін шешім қабылдай алатын кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал етері даусыз.
Сонымен, мамандыққа сәйкес шетел тілін оқыту барысында оқу құралдарының алатын орны ерекше. Олар оқушылардың тіл үйрену мен тіл меңгеру үрдісінде мамандыққа қатысты терминдерді дұрыс айту, сөздік қорларын дамыту, сөйлеу, оқу, тыңдап түсіну, жазу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыруда және мәдениетаралық қатысымды дамытуда септігін тигізетін құрал.
Шетел тілі оқу құралдары, әсіресе мұғалімге арналған құрал оқытудың тиімді әдістемелік әдіс-тәсілдерін толық қамтып, оқушылардың білім, білік, дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру жолдарын қамтамасыз етуі шарт [67].
Ал, оқытудың жаңа технологиясы мен белсенді әдіс-тәсілдері мамандыққа бағытталған арнайы шетел тілін меңгеруде болашақ мамандық иелерінің жан-жақты және бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуларына үлкен үлесін қосады деп сенеміз.
Тілді мәдениетпен қатар үйрету қазіргі ғаламдану ғасырында өзекті мәселе. Интернет желілерінде шетелдік достар тауып, солармен қарым-қатынасқа түскен кезде де, болмаса шетелдік компаниямен серіктес болып қатар жұмыс істесе де, түрлі кеңістіктегі шекаралар бұзылып, еркіндікке қол жеткізілген кезеңде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға әлемде сұраныс пен қажеттілік артып келеді. Қазіргі уақытта оқушылардың шетелде білім алуларына үлкен мүмкіндіктер бар. Оларға шетелге барғанда сол елдің адамдарымен тіл табыса алу, тыныс-тіршілігін түсіну, мәдени-аралық қарым-қатынас орнату. Шетелде туындайтын келеңсіз жағдайлардың барлығы мектептерде мәдени түрліліктің тілді үйрету барысында ескерілмейтіндігінен туындайды. Сондықтан да, шетел тілін үйретуші ұстаздарға, әсіресе мектеп мұғалімдеріне бұл жағдайға баса көңіл бөліп, мектеп қабырғасында тапсырмалар түрін ойластырып берген жөн. Бұл өз кезегінде тіл үйренушілерді мәдениетаралық түрлілікті көруге, басқа халықтың қалыптасқан құндылықтарын есепке алуға, өзге мәдениет пен өз мәдениетін салыстыруға, өз мәдениетіне сыни көзқараспен қарауға үйретеді. Сонымен, шетел тілінде қатынас жасауға оқыту барысындағы әлеуметтік-мәдени қатысым мәдениеттер диалогына айтарлықтай көмегін тигізеді.
Әрине, оқушылар басқа тілдің, ұлттың мәдениеті тіл үйрену барысында кеңірек біле түседі, дегенмен мектеп бағдарламаларында ағылшын тілі сабағында мұндай мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйрететін тапсырмалар жеткіліксіз деп ойлаймыз. Сол себепті жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған «Ағылшын тілі» оқулығына қосымша әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыруға, оқушыларды мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындауға арналған тапсырмалар жиынтығын ұсынуды жөн көрдік. Мысал келтіретін болсақ, 8 тараудың тақырыбы “Describing places and directions” деп аталады. Оқулықта бірінші сабақ бойынша қалалар мен баратын орындарды сипаттауға материалдар берілсе, екінші сабақ баратын жерлерді сипаттауға арналған, ал үшінші сабақ үй мен пәтер жайлы. Оқулықта сол мемлекетте, қалада тұратын тұрғындар жайлы, олардың қандай жерлерге баруды ұнататыны жайлы мәліметтер ескерілмеген. Сол себепті де оқулықта берілген тақырыптар бойынша қосымша әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыруға бағытталған материалдарды дайындап әкеліп, оқушыларды басқа ұлттың құндылықтары мен ерекшеліктері, наным, сенімдері жайлы мәтіндермен рухани байытып отыру керек деген ойға келдік. Сонда ғана оқушылар болашақта шет елге шыққан кезде немесе шет елдіктермен араласқан кезде мәдениетаралық түсінбеушілікке тап болмайды.
Мәдениетаралық коммуникацияға шәкірттерді неғұрлым жақсы дайындау үшін жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған «Ағылшын тілі» оқулығындағы тақырыптарды қосымша Herbert Puchta und Jeff Stranks, «English in mind» оқулығындағы жаттығулармен толықтыру жолдарын қарастырдық.
Оқулықтың бірінші тарауы «Мектептегі алғашқы апта», ал бірінші сабағы «Мектептегі алғашқы күн» деп аталады. Мысалы, оқушыларға бірінші тараудың атына сәйкес, британдық оқушының мектептегі бір күні жайлы ақпараты бар мәтінді таратып беріп, жаңа сөздерді қарастырып, мәтінді оқығаннан кейін тапсырмалар легін орындатуға болады. Сондай-ақ, егер оқушылардың деңгейі төмен болса, онда тапсырмаларды жеңілдетуге болады. Ал егер оқушылардың білім деңгейі жоғары болатын болса, онда тапсырмаларды да қиындатуға болады, бұл жағдайда рөлдік ойынды да енгізуге болады. Жалпы тапсырмалар сөйлеу әрекеті мен ойлау әрекетін дамытуға арналса, сабақ өз нәтижесін береді. Тек білім деңгейін ескеру керек екенін ұмытпау керек. Ұсынылатын тапсырмалар жиынтығы төмендегідей:
A school in Britain.
I get up at 7.30 and get dressed for school. My school has a uniform – black trousers and shoes, a white shirt and a black and gold tie. The girls wear the same, or they can wear a black skirt. We also have a black sweatshirt or we can wear a black jacket. Not all British schools have a uniform, but it’s common here.
I don’t live far from the school, so I walk there with my friends, Brian and Gemma. Lots of students catch the school bus or their parents drive them to school. On Mondays we all start the day with Assembly in the school hall at 8.50. the headteacher talks to us and gives us information about school events.
This year I’ve nine subjects. We all study English, Maths and Science, and then we choose other subjects. My favourites are IT and Art & Design. Brian likes Spanish and Japanese. Gemma is brilliant at Maths, so she goes to an Advanced Maths class.
We have 20 minutes for breakfast in the morning and hour for lunch. Some students bring sandwiches to school for lunch, but my friends and I always eat in the dining room where you can get a hot meal every day.
Lessons end at 4 o’clock, but Mondays and Wednesdays I stay at school until 5 o’clock. I go to the Photography Club and the Athletics Club7 There are lots of clubs and activities at our school. Brian belongs to the Film Society and Gemma plays in the school orchestra.
At the end of the day I always spend two hours on homework – sometimes three hours. We get lots of homework now. We’ve got our GCSE (national school exams) exams in June, so there’s always lots of work to do.
Tasks:
v Read the text quickly to answer the questions:
1. When does school start and finish?
2. What does Alan do after school?
v Read it again. Match the topics with the paragraphs in the text. Write 1-6 in the boxes.
a. Activities after school
b. Free time between lessons
c. School clothes
d. School subjects
e. Homework
f. The start of the school day
v Circle the correct words
1. There is a school Assembly on Monday mornings/afternoons.
2. Brian likes/doesn’t like learning languages.
3. Alan’s friends sometimes/never bring sandwiches to school.
4. Alan goes to clubs once/twice a week.
5. He does/doesn’t do a lot of homework.
v Answer the questions.
Ø Is Alan’s school day similar to yours, or very different? Discuss this question with a partner or in a small group.
v Write
a. Answer the questions.
1. What time do you usually get up?
2. What time do you usually leave your home?
3. What time do the lessons begin?
4. What time do you have a break?
5. Do you have lunch at school? What do you eat?
6. What time do the lessons finish?
7. What do you do after school?
8. How much time do you spend on homework in the evening?
b. Write a description of your usual school day.
Бұл мәтінді оқып, тапсырмаларды орындай отырып, оқушы салыстыруға мүмкіндік алады. Мәтінге сәйкес біздің елдегі оқу жүйесі мен тілін оқып отырған ағылшындықтардың оқу жүйесінің өзгеше екенін түсініп, сабаққа деген қызығушылығы артады. Бұл олардың басқа елдің әлеуметтік өмірі жайлы мәлімет алып, өздерінің әлеуметтік-мәдени құзырлылығын қалыптастыруларына алып келеді.
Келесі бір тақырып «Тағам және сусын» тақырыбы.
Тақырып бойынша қарапайым сұрақтар қоюдан гөрі, оқушыларды британдық тағам жайлы жаңа ақпараттармен таныстыру, не болмаса, британдық оқушылардың әдетте ішетін тамақтары туралы шағын проект немесе презентация жұмысын беруге болады. Бұл тапсырманы топпен жұмыс кезінде де беруге болады. Мысалы, сыныпта салыстырмалы тұрғыда, «Таңғы ас», «Екінші ас», «Тыста тамақтану» деген сияқты тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітсе болады. Нақтырақ тоқталып өтетін болсақ.
Read the text quickly to check your answers.
What isBritish food?
When someone says 'typical British food', most people think of fish and chips, roast beef on Sundays, and bacon and eggs for breakfast. But is this what people usually eat? What do the teenagers of Britain eat today? We asked James (15), Sophie (15) and Marcus (16).
Breakfast
James:Breakfast for me is a bowl of cereal and some fruit juice. That's all.
Sophie:I never eat a big breakfast. I just have tea and a piece of toast.
Marcus:I love bacon and eggs at the weekend, but not on school days. It's too much.
Lunch
James: It depends. At school I have sandwiches. At the weekend I often have pizza or fish and chips - something quick and easy.
Sophie:I have lunch at school. It's usually some kind of meat with vegetables. At the weekend or in the holidays, I like making salads and omelettes for lunch.
Marcus:I usually just eat some fruit and perhaps a sandwich and some yoghurt. That's enough for me.
1. Read again and answer the questions.
1What is a typical British Sunday dish?
2 Does Sophie eat a lot for breakfast?
3 When does Marcus have bacon and eggs for breakfast?
4 Who likes an egg dish for lunch?
5 Why doesn't James eat out very often?
6 Where does Marcus sometimes eat out?
2. What are the main differences between your eating habits and those of James, Sophie and Marcus?
Eating out
James:I live in a very small town and there aren't many restaurants here.
But I like Chinese food a lot and we get a Chinese take-away. My parents sometimes take us out to a restaurant -then it's usually French or Italian food.
Sophie: Indian dishes are my favourite food. There are some really good Indian restaurants here, and I often go to one with my friends. I love chicken tikka masala. Actually, that's one of the most populardishes in Britain these days.
Marcus:I'm lucky –I live in London and youcan get anything here. I don't
eat out very often, but I like Greek food so I sometimes go to a Greek restaurant.
(a)Write notes in answer to these questions.
1How many meals do you eat every day?
2 What food do you often eat? What don't you eat?
3 Do you eat healthy snacks?
4 How much water do you drink a day?
5 What do you do to keep fit?
(b)Work with a partner. Ask and answer the questions and note down your partner's answers.
(c)Write a paragraph about your partner. Use your notes to guide you. Here is an example.
Carol eats three meals a day. She eatsalot of salad and vegetables, but not much meat. She hates carrots ! She doesn't eat a lot of snacks but she sometimes has an ice cream or some chocolate. She drinks two litres of water a day. Keeping fit is very important for Carol. She plays basketball once a week. She alsoswims and rides her bike, and she enjoys going for walks at the weekend.
Тақырыпқа байланысты оқушыларға осындай тапсырмаларды беру британдықтардың тамақтану мәдениетінің өзгешелігін түсінуге мүмкіндік береді, олардың сөйлеу біліктілігін арттырып, өзін шығармашылық дамытуын, өз бетімен креативті ізденуіне септігін тигізеді және де сабаққа деген қызығушылықтары да арта түседі.
Жоғарыда ұсынылған тапсырмалар арқылы оқушылар ағылшын тілді мемлекеттердің дәстүрлері мен әдеттері өзгеше екенін түсіне алады және де сол елдің дәстүрі мен салтына шыдамдылықпен, сыйласымдылықпен қарауға үйренеді. Әрине, ұсынылған тапсырмалар бірнеше ғана тақырыпты қамтып, бір ғана оқулықтан беріліп отыр, бірақ бұндай тапсырмалар жиынтығын құрастыру әр мұғалімнің өз шеберлігі мен шығармашылығына байланысты дер едік.
Қорыта келе айтарымыз, шетел тілі пәнінің мұғалімі сабақты оқушылардың бойында әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыра алатындай тақырыпқа сәйкес арнайы тапсырмалар жиынтығын дайындап, жаңа оқыту технологияларын басшылыққа ала отырып жоспарлауы қажет, сол кезде ғана әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыратын материалдармен рухани қаруланған оқушы болашақта шет елге шыққан кезде немесе шет елдіктермен араласқан кезде мәдениетаралық түсінбеушілікке тап болмайды дегіміз келеді.
Білім беру тек қана нағыз, жеке тұлғалық,әлеуметтік,мәдени дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге болашақта өздігінен білім ала отырып, олардың әрдайым дамудын қамтамссыз етуі керек. Адам ең әуелі өзін-өзі бағалай білуі,өздігінен шешім қабылдай алуы,өз іс -әрекетінің мазмұнын және оны жүзеге асырудың құралдарын таба білуі керек.
Өз бетінше оқу – бұл оқу қызметінің дербес түрі болып табылады.Ол пайда болғаннан бастап оқу танымдық уәжге бағытталады. Шет тілін меңгеруде ол негізіне сыртқы фактордар себептерінен пайда болады[61]. Г.В.Рогова өз бетімен оқу тиімділігі көбіне ішкі уәждің пісіп жетілуіне тәуелді болатындығын атап көрсетті. Ол өздігінен білім алуды мынадай үш топқа бөлді олар- коммуникативті, лингвотанымдық және аспапты.Ішкі мотивацияны қарқынды жүзеге асыру үшін міндетті түрде оның үш түрінің қалыптасуының тұтас және өзара байланысының көмегімен жүзеге асыру керек.
Білім беру қызметінде өз бетімен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін әр түрлі типтегі жаттығуларды орындай алу шеберлігі талап етіледі. Сонымен қатар бұл жаттығулар белгілі бір келелі мәселелік сипатта болып, үйренушілерге танымдық қызметін күшейтуге қызмет атқаруы тиіс. Ұсынылған тапсырмалар қызығушылықты және орындауға деген ықыласты тудыруы тиіс [62].
Жаттығудың түріне байланысты оны орындау үшін үйренушіден белгілі бір іс-әрекет түрлерін білуді талап етеді.
Бұл іс әрекетті пайдалана отырып, үйренуші жоспарланған нәтижені жоспарланған іс әрекеттің арақатынасын белгілейді. Оқыту үрдісінде пайда болған шынайы нәтиже жаңа білім түрі,жаңаша әрекет әдісі ретінде қызмет атқарады. Сонымен бірге, өздігінен білім алуды жүзеге асыру үшін өзінің танымдық қызметін реттеп отыруға үйрену,мақсатын айқындау, жағдайатты таңдауды жүзеге асыру, әрине келесі мақсатта одан шыға білудің жағдаятын, алынған нәтижені бағалап, өз іс- әрекетін дәлдеп, түзетіп отыруы керек.
Шет тілінде балаларды өз бетінше оқуға машықтандыру үшін;
1. Тілдік қызметтің дәл осы түріне деген уәжін,оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.
2. Оқу кезіндегі қиыншылықтарды жеңе білуе үйрету, мәтіннен ақпарат ала білуді қалыптастыру
Шет тілінде оқу уәжін қалыптастыру тікелей іс-әрекетпен байланысты.Оқу уәжінің негізін үйренушілердің оның пайдалы әрі қажет екендігін жете түсінуі, сонымен қатар оқу дәл сол кезде оған қанағаттандыру сезімін әкелетіндігін алдын аласезінуі болып табылады.
Үйренуші шет тілінде оқуға неғұрлым қарқынды әрекеттенсе онда оқуға деген қажеттілік көбірек туындайды да,бұл кездегі ең маңыздысы оқушы оқиды.Үйренушілер керекті ақпаратты ала отырып,өздерінің оқуға деген қажеттіліктерін жүзеге асыра алатындай қызықты және тілге жеңіл материалдар керек.Шебер таңдалған және өңделген мәтіндер үйренушілердің тіл қызметінің бұл түріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл мәтіндер үйренушілірдің жас ерекшелік қызығушылығына сай, пәнаралық байланысы болуы керек. Мәтінге түсіндірмелер қосса ішінара кездесетін тілдегі қиыншылықты жеңуге және өз бетімен оқығанда оны түсінуді оңайлатуға жағдай жасалады[83].
Мен өз сабағымда дербес жұмыс жасау үшін танымдық құндылығы және ақпараттық маңызы бар қызықты және көлемі жағынан өте үлкен емес, тәрбиелік бағыттағы мәтіндерді қолданамын. Олар мысалға; How your body grows, Alcohol and your health, Danger. No smoking, Dangerous insects, Habitat II, The other side of the moon, Moving molecules, Volcanoes, Microwave ovens, Radio т.б.
Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың көлем, шоғырландыру, тұрақтылық, қарқындылық, топталушылық қасиеттерін дамытуға ықпал жасап, оқу материалын айқын және түсінікті түрде қабылдауға сонымен қатар өте жылдам әрі берік есте сақтауға және ол ақпарттың ұзақ сақталуына көмектеседі.
Мәдениетаралық түсініктің дамуы – жаңа тілді үйренумен қатар жүретін процесс. Ал шетел тілін сол елдің мәдениетаралық байланысқа түскен кезде адамдар басқа мәдениеттің иегерімен қарым-қатынасқа түседі. Шетел тілін терең меңгергеннің өзінде тілдегі, күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріндегі (киім кию, ұлттық аспаздық және тағы басқа), өзін-өзі ұсыну мәнеріндегі ерекшеліктер көп уақытта түсініспеушілікке әкеп соғуы сөзсіз. Бұл айтылған қағида тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын көрсетеді. Осыған байланысты біртіндеп тілді оқыту барысында тілді ғана үйретіп коймай, сонымен бірге сол елдің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін де қатар оқыту қажет.
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың (Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Т.Г.Грушиевидская, В.Д.Попков, А.П.Садохин, С.Г.Тер-Минасова, С.Г Агапова, Е.В.Милосердова, П.В.Сысоев, Н.В.Елухина, Э.П.Комарова, Н.Г.Баженова, М.В.Бергельсон ) еңбектерінде қарастырылған. Бұл аталған ғалымдар тіл мен мәдениеттің тығыз байланысты екенін зерттеген еңбектеріне шолу жасай келе «Мәдениеттің ең маңызды ұлттық-ерекшелік құраушысы – тіл, себебі тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуына ықпал ететін факторлардың негізгісі болып табылады» деген тұжырымдамаға келуге болады.
Әр мәдениеттің өзіне тән тілдік жүйесі болады. Осындай жүйе арқылы сол мәдениеттің иегерлері бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынасқа түсе алады.[1; 92; 95].
Қазіргі таңда мәдениетаралық біліктілігінің (МБ) көптеген анықтамалары беріліп жүр (И.С.Соловьева, Н.Е.Яковлева, Ю.Л.Вторушина, Н.М.Губина, Г.В.Елизарова, А.П.Садохин т.б.), оның құрылымдық ерекшеліктері тұрғысынан көзқарастар (Г.В.Елизарова, А.П.Садохин, К.М.Ирисханова,И.С.Соловьева, М.В.Плеханова, Н.С.Тырхеева т.б.) . берілген түсіндірмелерді талдау ғалымдардың МБ-ті тәпсірлеудегі барлық көзқарастарын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді[98].
Ғалымдардың бірінші тобы МБ адамның білімі мен іскерліктерінің, қабілеттіліктерінің жиынтығы деп көрсетеді. Ол туралы бір ғалымдар «Овладение межкультурной компетенцией предполагает владение целым комплектом знаний (не только о языке и культуре, но и самом процессе межкультурного общения), формирование специальных способностей и умений межкультурного общения, воспитания особого отношения к собеседнику и процесу общения»[2; 97].
Ғалымдардың екінші тобы МБ ерекшеліктерін тұлғалық идея тұрғысынан тұжырымдауды ұсынады: «Под межкультурной компетенцией понимается способность, позволяющая личности реализовать себя в рамках диалога культур, т.е. в условиях межкультурной коммуникации» [4].Осыған ұқсас ойды келесі цитатадан да байқаймыз: «Межкультурная компетенция – это основанная на знаниях и умениях способность осуществлять межкультурное общение посредством создания общего для коммуникантов значения происходящего и достигать в итоге позитивных для обеих сторон результатов общения» [5].
Соңғы жылдардағы зерттеулерді талдау (2002 жылдан бері) ғалымдардың мәдениетаралық қарым-қатынас компетенция ұғымы туралы көп айтатындарын көрсетеді (О.Р.Бондаренко, В.В.Сафонова, Т.В.Ларина, И.А.Голованова, В.А.Брылева, Н.Е.Яковлева, И.П.Плужник, Л.Г.Ковтун, S.Luchtenberg т.б.).
МБ ұғымы өзінің түсіндірмесінде өзгеріске ұшырауда. Мысалы, Т.Баумер МБ кең және тар мағынасын ажыратады: «Кең мағынада біз мәдениетаралық біліктілік деп басқа адамдармен сәтті қатысымға түсу қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет бала кезде көрініс беруі мүмкін және тиісті икемділік пен тиісті күш салудың арқасында ары қарай дамуы мүмкін» [6; 98]. Отандық ғалымдар шетелдік әріптестерінің ойымен келіседі: «Мәдениаралық біліктілік – басқа мәдениет феномендерін қабылдау, түсіну, тәпсірлеу қабілеті және туған ділі мен ұлттық дәстүрлер құндылықтарын салыстыру және оның басқа мәдениетпен ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алу, оларды сыни тұрғыдан түсініп, өзінің өмір көрінісін қалыптастыра алу іскерліктері. Бұл жерде қатысымға және өзара әрекетке дайындық қана емес, сонымен қатар, ерекше мәдени өзіндік түсінігі, өзін-өзі шынайы бағалауы, толеранттылық, эмоционалды тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, қайшылық және шиеленісті болдырмау іскерлігі».
Жоғарыда айтылғаннан қорытындылайтынымыз – МБ тәпсірлеу кезінде басты назарда адамдардың бір немесе бірнеше лингвомәдени қауымдастықтарға жататындықтарына қарамастан, адамдардың өзара әрекетінің мәдени факторларын есте сақтау керектігі тұрады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігінің талаптары заман ерекшеліктеріне байланысты практикалық мақсатпен анықталады. Әуел бастан-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас пәнінің негізін салушы Э.Холл мәдениетаралық оқыту өзге мәдениет өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста қолдану барысында меңгерілуі керек деп атап өткен. [7].Сондықтан өзіндік ой тұжырымымыз бойынша мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту практикалық талапқа сай болу керек деп болжаймыз. 1) Яғни, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың талабы – бұл процестің тәжірибелік тұрғыда өтуі болып табылады.
1) шынайы қарым-қатынас процесі іс жүзінде қалай өтуін біз толық болжап білмейміз. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету барысында материалдар шынайы өмір талаптарына сәйкестендіріліп, тақырыптар өмір тәжірибесіне сай іріктелуі тиіс деп тұжырымдаймыз.
2) Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету жасанды орта жағдайында жүргізіледі. Сондықтан нақты білім, білік, дағдыларды қалыптастыру мақсатында бөтен ел бейнесі шынайы сомдалуы үшін жаңа, түрлі әдіс-тәсіл қолданылуы талап етіледі.
Көпшіліктің айтуынша, бөтен ел өкілімен қарым-қатынасқа түскен уақытта түсінбеушілік негізгі екі мәдени құбылыстың сәйкессіздігі мәселесінде. Сондықтан да ең алдымен,
3) Өз мәдениетінің құбылыстарын жетік түсіне білу керек. Сонда өзге мәдениетті өз мәдениетімен салыстырмалы түрде түсінуге тырысу, яғни шынайы түсіністік алғышарты мәдениетаралық талдау, ұқсастықтарын табу, саралау болып табылады.
4) Білім беру стандарттары өз кезегінде тілдік материалдардың аутенттілігін талап етеді. Аутентті материал негізінде тілді мәдениет элементтерін қанық түрде меңгере аламыз[94; 99].
Тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде ол оқушылардың оны түрлі тілдік жағдаяттарда дұрыс қолдана білу біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Аталған талаптар өрісімен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілікті дамытудың тиімді жолдарын анықтауға болады.
Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқыту үрдісінде түрлі әдістемелік амал-айлаларды ұтымды пайдалана білу өзегінде жатыр. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар мектептегі білім беру жүйесіне жаңа тыныс әкелгендей. Бұл дегеніміз Қазақстан мектептерінде ақпараттандандыру процесін жеделдету білім беру жүйесінің алға басуымен тепе-тең.
Аталған салада еңбектері жарық көрген ғалымдардың бірі - М.В. Кларин Педагогикалық технология – бұл оқытуда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды оқыту амалдарын және әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті деген анықтама негізін береді. Жаңа технологияларды шет тілін оқытуда қолданудың тиімділігі бұл жастардың мамандыққа бағытталган түрде еркін дамуына жан-жақты білім алуына, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді [8; 99]. Сонымен қатар әдістемелік тұрғыда мұғалімдердің жұмыс істеуіне, біліктілікті дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады, кең тыныс береді. Жаңа заманның технологиялық мүмкіндіктері, ақпараттық түрлі жабдықтар білім беру процесінің дамуына зор мүмкіндік береді және де оқыту ісінде оң нәтижеге жетелейді. Қазіргі таңда бірталай ізденушілер мен әдіскерлер еңбектерін аталган мәселені зерттеуге арнап, білім беру процесін ілгері дамытуда. Аталған мәселе бойынша педагогикалық, психологикалық, лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттей келе педагогикалық, әдістемелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, біз келесі әдістемелік технологиялардың келесі түрлерін анықтап отырмыз. Оқушы бойында мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімді жолдарының бірі ойын технологиясы болып табылады. Гальскова Н.Д. пайымдауынша ойын методикасы арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесінің дисциплиналық моделінің тұлғаға бағытталған оқыту моделіне ауысуында болып отыр. Алда тұрған негізгі міндет түрлі интерактивті, жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу. Ойын технологиясын қолданудың алғышарты балалардың психикалықерекшелігінде болып табылады. Оқыту процесінде ойлау, ес, зейін, қабылдау және т.б. психологиялық факторларының ескерілуінің маңызы зор. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытуда ойын технологиясын қолдану баланың берілген елтанымдық материалды жеңіл қабылдап есте сақтауына көмегі көп. Яғни оқу прецесінде баланың когнитивтік қабілетін дамытады. Ойын барысында мұғалім бала зейінін мәдени ақпарат өрісіне шоғырлата алады. Әрбір ойынға қатысушы интенциясының өзегінде эмоциялық фактор жатады. Ойын актісінің эмоциялық сипаты елтанымдық материалды меңгерту процесінің эфективтілігін қамтамасыз етуші және баланың танымдық процесін дамытудың стимулы болып табылады. Сонымен ойын технологиясы универсалды сипатқа ие, сондықтан ойынды мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың мақсат, міндеттеріне сәйкестендіруге болады. [9; 84; 87].
Оқушыга білім беру әдісін жаңарту мақсатында қазіргі мектеп практикасында түрлі тәсілдер қолдануда. Осындай жетік әдістердің бірі – проблемалық оқыту болып табылады. Проблемалық оқыту негізі белгілі бір мәселе өзегін ашып, жауап іздеу болып табылады. Білікті ұзтаздардың бірі М. Арғымбаеваның айтуы бойынша оқытудың проблемалық әдісіне: іздену, зерттеу, дамыта оқыту жатады. Және де оның сипаттамасы ретінде келесі факторларды атап өтеді:
- Проблемалық әдіс оқушыға берілетін білімді дәлелді, саналы түрде баяндай отырып алган білімінің дәлелді екеніне көзін жеткізу
- Проблемалық баяндау оқушыларды ғылыми тұргыдан ойлауға үйрете отырып, оларға ғылыми ізденудің үлгісін береді, оларды зерттеу ісіне жаттықтырады
- Проблемалық әдіс оқушының назарын тез билеп, берілген материалға қызығушылығын арттырады.[10].
Аталған фактіге байланысты проблемалық оқытудың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда тиімділігі зор. Оның негізгі мәні мынада: жаттанды принципке негізделген білім беру студентке тек шешімі дайын мәселелер тізбегін ұсынатын. Бітіруші маманның теориялық білімі терең болғанымен көп жағдайда алға қойылған мәселені шешуде жас маман сасып калатын. Өте келе білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты түрлі әдіс-тәсіл қатары толықты. Проблемалық оқыту әдісі аталған мәселені қарастырады. Студентке белгілі бір проблемалық жағдайды өз бетімен шешуге, ізденуге төселдіреді. Мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында туындаған қандай да бір қарама-қайшылықты мәселе түйінін шешуге оқушыны төселдіреді.
Аталған әдістерден басқа жобалық әдіс тенденциясы да қарқын алып келеді. Бұл әдіске Душейная Т.В. берген анықтамасы бойынша түсінетініміз:
Жоба – оқушылардың өз бетінше жоспарланған және өздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Әрбір жоба өзегінде белгілі бір шешімді қажет ететін мәселе болады. Линво елтанымдық негізінде әрбір студент мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда оқушыларден практикалық мақсатқа сай тапсырманы, өздеріне ыңғайлы тәсілмен және ыңғайлы уақытта шығармашылықпен ұйымдастыру талап етіледі [11].
Божбанова Т. Е. Өзінің зерттеу жұмысында жоба әдісінің басты ерекшеліктерін атап өтеді: «Әлемді тану, іскерлік ойлап шығарушылық, айқын мәнерлілік жоба әдісінің негізі болып табылады»[12]. Яғни жоба әдісінің негізгі мақсаты: жан-жақты өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушының терең шығармашылық білім деңгейін дамыту және де жоғары білімді алдындағы мәселені шеше алатын компетентті жеке тұлғалар қалыптастыру.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келеайтарымыз – қазіргі заманағымында техникалық құралдардың мүмкіндіктері мен инновациялық мүмкіндіктерін ұштастырып оқыту мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне үйретуді ұйымдастырудың ұтымды тәсілі ретінде қарастырылып отыр.
2.3 Мәдениетаралық - қатысымдық құзіреттілікті қалыптастырудажаңа технологияларды қолдану
Шетел тілінде оқытудың мәдениетаралық - қатысымдық теориясы шетелтілдік білім берудің қазіргі жүргізуші концепциясы ретінде тіл мен мәдениеттің интеграцияланған оқытуына бағытталғандығын көрсетеді. Сонымен қатар, қатысым барысында тілдің транслятор ретінде әлеуметтік - мәдени ерекшелігін ұлттық - тілдік қоғамдастықтармен ашылуын және ашық әлем жағдайында олардың өзара түсіністігіне жол беруін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік психологияда қатынастың қатысымды жағына, қатынасты ақпарат алмасу үрдісін, яғни, сөздің тар мағынасындағы қатысымды жатқызады. Қатысымның интерактивті жағын бірлескен әрекеттестікті ұйымдастыру барысындағы ақпаратпен вербальды алмасу ғана емес, сонымен қатар, өзара әрекетті жоспарлау мен бірлескен әрекеттерді орындау түрін иеленген индивидтердің өзара қатынас жасайтын әрекетті ұйымдастыру деп түсінеміз. Қатынастың перцептивті жағын қатынас пен соның негізіндегі өзара түсіністікті орнатудағы партнерлердің бір - бірін тану мен қабылдау үрдісі деп анықтайды.
Қазіргі таңда болып жатқан жаһандану үрдісі мен адам қатынасы қажеттіліктерінің күшеюіне мәдениетаралық қатысым себепші болып отыр. Сөз әрекетінің барлық түрлерінен (тыңдап түсіну, ауызша сөйлеу, оқу және жазу әрекеттері), сөз әрекетінің ең табиғи түрі болып диалог түріндегі сөз табылады. Себебі, диалог репликалармен немесе дайын фразалармен алмасу емес, ол - қатынас, яғни адамдардың сол қатынасқа түсу барысындағы өзара әрекеті. Оқушыларде диалог түріндегі қатынасты дамытуда мәдениетаралық қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыру үлкен рөл атқарады. С.С.Құнанбаева өз еңбегінде диалогты өзара әрекеттестіктің қатынастағы мазмұнды негізін мойындау, диалогты қатынастың іске асу үрдісіне енетін ұғымдар мен категориялардың тізімі деп анықтайды: хабар жіберуші мен хабар алушының тұрақты байланысы, қатысымдық ынтасы, қатысымдық рөлдері, қатысымдық диалогты өзара әрекеттің өту жағдайы мен қатысымдық контекст, олардың қолдағы прагматиконы мен т.б. бейнеленуі ретіндегі коммуниканттардың әсер ету стратегиялары. [33] Қазіргі қатысымды лингвистикада хабар алушының бейнесі мен адресация қызметтері атап айтқанда, оның прагмақызметті мінездемелері жағынан макроқызметті компонент ретінде үлкен теориялық зерттеуді алды. Шетел тіліндегі мәдениетаралық - қатысымдық құзіреттілікті қалыптастырудағы диалогты сөз маңыздылығын атап өткен көптеген ғалымдардың еңбектері бар. Диалог сөзге үйрету әдістемесі көп уақыттан бері көптеген ғалымдар, зерттеуші-әдіскерлер мен оқытушы-тәжірибешілер назарында болып келеді. Отандық әдістемелерде бұл мәселемен С.С. Құнанбаева, А.М. Суенова, А.Ж.Бегеева, ал шетелдік әдістемелерде Гальскова Н.Д., Н.И. Гез, А.П.Садохин, О.Я.Гойхман, Т.М.Надеина, Е.Н.Соловова және басқалар айналысқан, көптеген теориялық маңызды мағлұматжинақталған.
Н.Д. Гальскова, Н.И.Гез және басқа да зерттеушілер диалогты тұлғааралық қатынас деп атап өтіп, онда жіберуші мен алушы емес, онда екі коммуникант бар екендігін, яғни олардың әрқайсысы диалогты қатынас үрдісінде біресе ақпаратты жіберуші, біресе алушы деп атап өтеді. [61] Қатысымды акт үлгісіне екі адам қатыса отырып, олардың арасында пікірлердің қайта - қайта алмасуы орын алады. Диалогтың айрықша ерекшеліктері болып:
Ø қатынас жағдайымен шақырылған эллиптикалығы;
Ø ойламаған жерден болуы, яғни, сөйлесім мазмұны мен оның құрамы
сұхбаттасушылардың репликаларына байланысты;
Ø эмоционалдылығы мен экспрессивтілігі, көбінесе сөйлеудің субъективті бағалау реңінде вербальды емес құралдардың кең қолданысында және сөйлеу формулаларында көрінеді.
Қатынастың диалогты формасы сұхбаттасушылардың этномәдени тәртіп ерекшеліктерін айқындайды:
v диалогты қандай да болмасын білімді меңгерудің тек эвристикалық тәсілі ретінде ғана қарастырмай, оны жеткізілетін ақпараттың мағынасы мен маңызын анықтаушы фактор ретінде де қарастыру;
v диалог өзара қатынасатын мәдениеттердің өзара әрекетіне шынайы тәжірибелік мағына береді;
v диалог мәдениеттің дамуы мен өзара әрекетінің әрдайым әрекеттегі негізі болады. Демек, диалог мәдениетаралық қатысымға түрлі мәдениет өкілдерін қосады.
Ғылыми зерттеулерде диалогтың екі негізгі түрін бөледі, олар: ақпаратты және интерпретациялы.
Ақпаратты диалогқа партнерлер арасында қатынас басында болатын білімдегі үзілулері бар жағдаяттар тән.
Интерпретациялы диалогтапартнерлер білімі шамалап алғанда бірдей, десекте олар әртүрлі интерпретация алады. Сондықтан, диалогты қатынастың негізгі шарттарының бірі болып білімдегі үзілулер болып табылады. Яғни, егерде партнерлер бір - біріне диалог тақырыбына сай жаңа, анығырақ айтқанда бейтаныс ақпаратты хабарламай, бәріне мәлім ақиқатпен алмаса бастаса, диалог құрылмайды. Сөйлеу қатысымы ретінде қатынас мүлде құрылмайды.
Е.Н.Соловьева диалогтың келесідей негізгі сипаттамаларын анықтап, атап өтеді, олар:
· реактивтілік;
· жағдаяттылық.[64]
Диалог сөзінің реактивтілігі оқушылар үшін шет тілінде қатынастың аталған түрін меңгеруде объективті қиыншылықтарына себепші болады. Ол қиыншылықтардың негізі болып келесідей себептер табылады:
· қатынасатын партнер реакциясы мүлдем бөлек болуы мүмкін;
· оқушыларда шет тілінде ғана емес, ана тілінде керекті әлеуметтік машықтардың болмауы кездейсоқ жағдай емес, сондықтан шет тілінің мұғалімі аталған машықтарды басынан қайта қалыптастыруы қажет.
· монолог сөзіне қарағанда, диалогта біз әрдайым партнерге тәуелдіміз.
Жағдаяттылықты - монологта да, диалогта да атап айтқанда, жағдаят айтудың түрткісін, яғни сөзді жарыққа шығаратын негізі етіп анықтайды.
Ал, тіл білімі сөздігінде диалог, репликалармен алмасуды ұсынатын, ауызша - сөйлесуге арналған байқаусыз сөздің түрі болып сипатталады. Диалог сөзінің ауызша - сөйлесу түрі тыңдаушы мен сөйлеушінің тура контактісімен негізделген қатысымның вербалды емес құралдарының рөлін үлкейтуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты, диалогты сөзге репликалар арасындағы байланыс пен ақпаратты емес құрылымды толық еместік тән (сұрақ /жауап, келісім/ қарсылық, сөз этикетінің формулалары, қосу, қайталау және т.б.). Диалогты қатынас өзіне қатынастың тура жағдайында, біреуі екіншісінен туып отырған репликалардың қатарын немесе айтылымдардың топтамасын қосады. Сонымен қатар, диалог екіжақты мінезбен, тыңдаушы мен айтушының өзара байланысымен, өзара стимуляциясымен, жағдаяттылығымен, мазмұны мен түрінің қысқалығымен, ойламаған жерден болуымен, жоспарланбауымен, эмоционалдылығымен, сөйлеу фразалары мен клишелерінің қорымен сипатталады. Мәдениетаралық - қатысымдық құзіреттілік -коммуниканттардың мәдениетаралық қатысымға қосылуына себепкер.
И.И. Халеева мәдениетаралық қатысымды әртүрлі ұлттық мәдениеттер мен тілдерге жататын адамдардың өзара әрекеттесу барысындағы ерекше үрдістер жиынтығы деп анықтайды. [68]Мәдениетаралық қатысым тек түрлі мәдениет өкілдеріне жатып қана қоймай, әрқайсысы “басқа” екендігін түсінетін және партнердің “басқа” елдікі екенін қабылдайтын, партнерлер арасындағы өзара әрекет арқылы іске асады. Мәдениетаралық құзіреттілікті қалыптастырудың мақсаты болып, өзіндік мәдениеттік ұқсастығын жоғалтпай, мәдениет медиаторының қасиеттерін меңгере отырып, өзіндік мәдениеттің шектеулерінен шығуға мүмкіндік беретін тілдік тұлғаға қол жеткізу табылады.
Қорытындылай келе, шеттілдік білім беру мәдениетаралық - қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыру болып мәдениетаралық қатысымның тиімді факторларының бірден-бірі, өзіндік мәдениеттік ұқсастығын жоғалтпай, мәдениет медиаторының қасиеттерін меңгеріп, өзіндік мәдениеттің шектеулерінен шығуға мүмкіндік беретін тілдік тұлғаға қол жеткізу табылады. Диалог сөзі адамзат қарым-қатынасының маңызды құралдарының бірі, сондай-ақ шетел тілдік мәдениетті танудың құралы. Адам әрекетінің барлық саласындағы қызметтестіктердің кеңеюіне байланысты шетел тілін мәдениетаралық қатысымның құралы ретінде, сәйкесінше, диалог сөзі қатысымның түрі ретінде меңгеру талаптары күшеюде. Осыған байланысты, мәдениетаралық- қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыруда диалог сөзінің маңыздылығы арта түседі.
Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процесін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады. [42]
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процесіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процесінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шетел тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты өткізуге көмектеседі.[71] Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық түрде оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процесінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер – адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру процесі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты. Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.
Дегенмен, оқыту процесіне компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиалық оқулықтар және оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процесінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды.
Шетел тілін оқытуға әртүрлі жолмен жетуге болады. Әрбір амал өзінің пікірлесі мен қарсыластарын табады. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі осы электрондық оқулықтар болып табылады. Электронды оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстары мен тесттерді, яғни бір мезгілде білім беру мен бақылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлдеқайда жоғары болады.
Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және басқа да электрондық кітапханаларымен толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үдерісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш-қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек», - деп Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса айтып өткен болатын, сондықтан да қауымының негізгі міндеті – тәуелсіз қазақ елінің күні ертең тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты білімді де білімді етіп өсіру жолында тиянақты жұмыс істеу.
Әлеуметтену – жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі әсер ету процесі. [69; 24] Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.
Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіспен, яғни ұрпақтан-ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеуметтік жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид)әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды үрдісті ғылымда – «жеке тұлғаның әлеуметтенуі» деп атайды. Әлеуметтену – тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яғни адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы.
Әлеуметтену – қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады, өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. [60]
Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан н/е жаңа әлеуметтік нормаларды игерген тұлға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді [21]. Тәрбиелеу мен білім институттарынан өткен тұлғаның одан әрі жетілуі, яғни әлеуметтенуі барысында адамның өзін мақсат ретінде қоя білуі маңызды рөл атқарады. Тұлғаның өзін-өзі басқару, игеру, жетілдіру деңгейі жоғары болған сайын, сыртқы әсері аз болады. Ал керісінше жағдайда - сыртқы ықпалдың деңгейі мол.
Өзін-өзі игерген, яғни өзін басқара білген әлеуметтену үдерісінде адам өзіндік мақсаттарын жүзеген асырады. Дәл осы орайда тағы да жастарға үңілсек, өзін басқара білген жас өзін жетілдіруге бағытталады. Үздіксіз білім алу, отбасы құру, қоғамға қызмет ету т. б. ортақ классикалық құндылықтарды жүзеге асырады. Әрине, жастардың өзін-өзі басқаруы мен сыртқы орта ықпалына түсуі әсерінің салдары – бұл бүгінгі жастардың әлеуметтенуін ашатын тек бір ғана өлшем.
F Әлеуметтену әрқашан да сәтті бола бермейді. Адамның тұлғалық деңгейінде, бойында пайдаланбай қалған немесе дұрыс бағытталмаған мүмкіндіктер резерві қалып қояды.
F Әлеуметтенудің мынадай түрлерін көрсетуге болады: сәтті, нормативті, кризистік, ауытқыған, уақытынан бұрынғы, жеделдетілген, кешіккен түрлері т. б.
F Жастардың әлеуметтенуі барысында ХХІ ғ. төмендегідей құндылықты бағдардың болуы нәтиже береді. Себебі, жер шарының бір мүшесі ретінде Қазақстан әлемдік жаһандану процесінен тұмшаланып тыс қала алмайтын болса, еліміздің жастары әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
F Бәсекеге қабілеттілік – жастардың жаңа заман жаңалығын меңгере отырып, Қазақстан азаматы ретінде дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті болып, әлем жастарымен терезесін теңестіруі. Техниканың құлағында ойнап, қазақ тілін меңгеріп, ал әлем тілдерінде еркін сөйлеген азаматтың алар асуы алда. Ол өзін ғана жетілдіріп қоймай, Абай айтпақшы, «атасының ғана емес, адамның баласы болып», адамзат игілігі, ел дамуы үшін еңбек етері сөзсіз.
F Іскерлік креативтілік – мақсатты түрде қалыптасқан және дәстүрлі нормалардан тыс жаңа идеяларды жаратуға жаны жақын индивидтің шығармашылық қабілеті. Демек, креативті жас тәрбиелеу, шығармашыл, сыншыл болып жетілу адам әлеуетінің жоғарғы деңгейін көрсетеді.
Жаңа білім парадигмасы 1-ші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек, - дейді фр. фил-фы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап – ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХІ ғ. оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны бейімдеп тәрбиелеу - психолог-педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай тұлға ретінде әлеуметтенуі – заман талабы.
Ерекше қабілетімен көзге түскен оқушы жоғары белсенділігімен, ұшқыр ойымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен танылады. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да, өз қатарластарын басып озып озады. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтары да кездеседі. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой-өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласына бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында.
Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетеді. Бала бойындағы дарындылықты дамытуда ата-ана, мектеп, ұстаз арасында ынтымақтастықпен бірлескен ауқымды іс-шаралар өткізілуі тиіс.
Сондықтан да, гуманитарлық-қоғамдық ӘБ мектебімізде дарындылықты дамытудың және дарынды түлектің мынадай моделін сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз:
F Күннің көзі мен күн сәулелері арқылы дарынды түлек дарынды мектепте қандай білім мен тәрбие алып, болашақта қандай тұлға болуы тиісті екенін сіздерге ұсынып отырмыз. Модельде күн сәулелері -болашақтың белгісі, тармақтарында – атқарылған ауқымды жұмыстар бейнеленген. Бұл – отбасы, мектеп, ұстаз, солардың бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында дарынды бала қалыптасады. Ал қоғамға біліммен шыңдалған, еңбексүйгіш, талапты, терең ойлы дарынды бала қажет.
F Жастардың құндылықты дұрыс бағдарлануы біршама әлеуметтік мәселелердің шешім табуына көмектеседі. Әсіресе, білім, бәсекеге қабілеттілік, кәсібилік, іскерлік, креатив, еңбек, денсаулық сақтау секілді маңызды дүниелерді ұстаным еткен жастар өздерінің өмірін дұрыс ұйымдастырумен қатар, мемлекет дамуына елеулі үлес қосатыны анық. Осылайша, сәтті әлеуметтену үдерісіне қол жеткізген кез келген жас – өмірде өз жолын тауып, Абай айтқандай, «өмірге кірпіш болып қаланады».
Уақыт өткен сайын ересектердің өздерінің субъектілігін дамытуға ұмтылу тенденциясының дамуы байқалады. Субъектілікмәселесі соңғы жылдары адам туралы теориялық-қолданбалы зерттеулерде, тұлғалық және кәсіби дамудың психологиялық педагогикалық механизмдерін зерттеуде маңызды орынға ие болып келе жатыр.
Психологиялық зерттеулерге сәйкес, субъектілік тұлғаның өзін-өзі бағыттау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау процесінің дамуы негізінде өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беретін өміртіршілігін практикалық өзгеру объектісіне айналдыру қабілетін білдіреді. Ересек оқушылардың субъектілігі оның оқу-таным іс-әрекетінде, қарым-қатынасында, өзін-өзі тануында айқындалады. А.В.Белошицкий, И.Ф. Бережнаяның пікірі бойынша, «Субъектілік ересек оқушының жүзеге асыратын іс-әрекет түрлерінде нақты міндеттерді шешіп, мақсатқа жету мүмкіндіктерін көрсететін өнімділік және табыс деңгейін сипаттайды» [1,60 б.].
Б.Тұрғынбаеваның пайымдауынша, субъектілік мына төмендегі үш кіріккен мәнді сапалармен сипатталады: «өзін-өзі детерминалдандыру, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту [2, 12 б.]. Біздің ойымызша, осы аталған сапалар тұлға үшін маңызды болып табылатын мақсатын жүзеге асыру жолында өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын білдіреді. Демек, андрагог оқытушының міндеті - жетілген ересек оқушының өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысымен айқындалатын субъектілігінің дамуына педагогикалық жағдайлар туғызып қолдау көрсету деп есептейміз. Жетілген ересек адамның субъектілігінің басты белгісі қандай?
Ересек адамның білім алуына қатысты субъектілігі келесі көрсеткіштермен айқындалады:
- ақпараттық қажеттілікті өздігінен қалыптастыра білу;
- оқу моделін таңдау мүмкіндігі;
- оқу процесінің әрбір кезеңдеріндегі рөлдік ұстанымдарды саналы түрде қабылдай білу;
- мотивациялық, эмоционалды-еріктік, физиологиялық өзін-өзі реттеу қабілеттеріне сүйену;
- кәсіби құзырлығының деңгейін талдай алуы;
- өзінің әлеумет арасындағы қаншалықты мәртебесінің барлығын сараптай алуы;
- танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарының дамуы;
- өзін-өзі іске қосудың, кедергілер мен шектеулерден шыға алудың жаңа мүмкіндіктерін іздестіріп таба алуы;
- өзінің ойлау жүйесін өзіне-өзі бұйрық бере отырып іске қоса білуі (табандылығы, бастамашылдығы, мақсаттылығы, бағыттылығы);
- өзінің өмірлік тәжірибесін білім мазмұнына енгізуге мүмкіндігі мен ұмтылысы;
- біліктілігін жетілдіру қажеттілігін сезінуі;
- білімнің үздіксіз екенін ұғынуы;
- өз пікірінің болуы және өз пікірін өзі қорғай білуі.
Ғылым-білімді меңгерумен ғана дамитын субъектіліктің басты белгілерінің бірі - адамның ақылмен өлшеп тапқан өз пікірінің болуына және сол пікірде табандап тұра білуіне кезінде ағартушы ақын Абай да басты назар аударған болатын. Ұлы ойшыл Абай не нәрсеге болсын ақыл - таразы, («ақыл - мизан, өлшеу қыл»), дуниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Кез-келген жаста шынайы субъектілік ұстаным оқи білумен бекітілуі тиіс. Оқи білу құзырлығыөздігінен пайда болмайды, ол барлық түзілімдік компоненттері жетілген педагогикалық қарым-қатынас барысында ғана қалыптасады. Жетілген ересек адамның оқи білу құзырлығының қалыптасуын айқындайтын көрсеткіштер:
- білімнің белгілі бір мазмұны мен көздерін таңдауының мәні мен мақсатын анық түсінуі;
- оқу процесіне өзінің тұлғалық дамуын мақсат тұтып өз еркімен қосылуы;
- оқытудың мазмұны, процесі мен нәтижелері бойынша рефлексияға қабілеттілігі;
- оқу процесінің барысын дұрыс бағалап, түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін сыни ойлай білуі;
- қоршаған ортаға, әлемге деген әр түрлі көзқарасты қабылдай білуі;
- білім алудың табысты нәтижесіне өздігінен жете білуі;
- өзіне қажетті ақпаратты таба білуі;
- әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі.
«Өмір мектептерінің» ересек адамның тұлға ретінде дамуына тигізер әсері зор, бірақ адамның өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту қабілеттері, яғни субъектілігі, білім алу арқылы ғана дамиды. Осы уақыт озған сайын дамып келе жатқан тенденцияға сәйкес қазіргі педагогикада оқыту - тұлғаға ықпал жасау емес, «тұлғаның даму мүмкіндіктерін кеңіту» (А.Г. Асмолов), тұлғаның даму процесін басқару деп айқындалатын болды [3]. Б.Б. Коссов «Тұлғаның даму процесі бар, ол педагогикалық ұйымдасқан іс-әрекеттермен және қарым-қатынаспен (дара, топтық, ұжымдық, бұқаралық) реттеледі, түзетіліп, өзгереді, толықтырылады. Оқыту дегеніміз осы» деп жазады. [4,36]. Оқытудың осы аталған ерекше «миссиясы» ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың мүмкіндіктерін жоғарылатып, оның мақсатын жетілген ересек адамның көздеген мақсатын, ойын немесе идеясын жүзеге асыру жолында тұлғалық кәсіби дамып, жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне қолайлы педагогикалық-психологиялық жағдайлар туғызу деп айқындауға мүмкіндік берді. Осындағы «жаңа сапалық деңгейге көтерілу» ең алдымен ересек оқушының андарагогикалық жүйеге бейімделіп, оқи білу дағдыларының қалыптасуын, оның негізінде оқу мақсатына сәйкес құзырлығының дамуын, құзырлығының дамуы негізінде субъектілігінің дамуын білдіреді.
Теориялық зерттеулерді түйіндей келе, оқыту (қарым-қатынас) процесін ересек оқушы үшін аса маңызды болып табылатын мақсатын (білімін жетілдіру, жаңа таным қызметін меңгеру) жүзеге асыру барысындағысубъектілік жаңа сапалық деңгейге көтерілуін мақсатты түрде педагогикалық ұйымдастыру механизмі ретінде қарастыруға болады[5]. Бұл жерде біз «ұйымдастыру» ұғымын ынта мен іс-әрекеттердің мақсаттылығын, өз ара үйлесуін, ұйымдасуын қамтамасыз ететін, сонымен қатар қарым-қатынас субъектілерінің тұлғалық-кәсіби даму нәтижелеріне жауапкершіліктерін бөлісуді қамтамасыз ететін субъектілердің біріккен іс-әрекеті, өз ара әрекеттесуі ретінде қарастырамыз.
Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің бірі болып отырғаны баршамызға белгілі.
Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы – сапалы білім және саналы тәрбие беру барсынында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту болып табылады. Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Олай болса өскелең ұрпақ мүғалім берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» деп көрсетілген. Олай болса, барша ұстаздар қауымына ХХІ ғасыр талабына сай азамат тәрбиелеудегі үлкен жауакершілік жүктеліп отырғаны анық. Қазіргі білім беру саласында шығармашылық қабілеті бар, талантты, іскер мамандарға мұқтаж.
Педагогика ғылымында оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен шығармашылыққа баулу Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, В.Ф. Шаталов еңбектерінде орын алған.
Шығармашылық жұмыс – бұл нәтижелі әрекет, ол тұлғаның жаңа материалдық немесе рухани байлыққа ие болуымен сипатталады[17]. Өзіндік шығармашылық жұмыс міндет қоюдан басталады. Келесі кезеңі – жобалау. Өзіндік шығармашылық жұмыс іс-әрекеттің барлық жағдайын барынша пайдалана білумен байланысты. Жоспарды құруда, іс-әрекетті орындаудың стратегиялық, тактикалық міндеттер, жаңа шешім қабылдаудағы психологиялық әзірлік жатады.
Оқушының өзіндік шығармашылық жұмысы - өзіне-өзі талдау жасау, байқау, бағалау сапаларымен айқындалады.
Шығармашылық дегеніміз – адамның бұрын болып көрмеген жаңа бір нәрсені жасауға бағытталған қызметі, адамның табиғаттағы белгілі материалдардан еңбектену арқылы алуан түрлі қоғамдық қажеттіліктерге жауап бере алатын нәрсе жасап алатын қабілеті[18].
Жеке тұлғаның өзіндік шығармашылық жұмысты орындауға қызығушылығы мен пайда болған түрткілеріне байланысты болады. Шығармашылық қажеттілік және белгілі бір іске мақсат қоя білуі, іс-әрекетке бейімделуі, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысуға деген психологиялық ұстанымы, көңіл-күйі.
Болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруда оқу-практикалық сабақтардың, семинар сабақтарының шығармашылық негізде ұйымдастырылуы. Оқушылардың ұжымдық пікірлесуге қатысуы, мәдени қарым-қатынасқа түсуі. Аргумент, фактілерді қолданып дәлелді, дәлді сөйлеуі. Ұжымдық ақыл-ой әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыру. Семинар – пікірталас сабақтарда оқушылардың диалогке қатысуы, шығармашықпен ойлауы, өзіндік пікір айтуы. Семинар – оқушылардың теориялық алған білімдерін өзіндік шығармашылықпен практикалық тұрғыда бекіту формасы болып табылады.
Болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін арттыруда мынадай қасиеттерді қалыптастыру керек:
- болашақ мамандардың жалпы кәсіби дүниетанымын кеңейту;
- оқушылардың теориялық білімін жүйелеу және кеңейту;
- өзіндік жұмысты, ізденуді әдетке айналдыру;
- оқушылардың өзіндік жұмысын дайындау барысында үздіксіз кәсіби білімнің дамуыту.
Жалпы алғанда шығармашылық – бұл жаңаны ұғыну деген мағынаны білдіреді. Шығармашылық іс-әрекеттің шығармашылық ойлауымен байланысты[74].
Қазақстан Республикасының білім саласындағы жоғары кәсіби білім жүйесін жетілдіру бағытында Н.Д. Хмель, Е.А. Әбілқасымова, Т.С. Кушеров, Г.Ж. меңлібекова т.б. зерттеу жұмыстарының маңызы зор.
С.М.Кеңесбаев өзінің ғылыми зерттеуінде оқытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудағы болашақ мұғалімнің даярлығын теориялық негіздеген, психологиялық-педагогикалық пәндер жүйесі мен педагогикалық практикадағы оқушылардың оқу және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың тәсілдері мен мазмұнын анықтаған[80].
Б.Т. Абыканова зерттеу жұмысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін технологиялық, жеке тұлға қызметтік жаңа парадигма талаптарына сай жетілдірудің ғылыми-теориялық негізін анықтаған; танымдық белсенділікті арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері мен дидактикалық шарттарын айқындаған.
Н.А. Гончарова «тұлғаның шығармашылық белсенділігі» ұғымының педагогикалық мәнін: «белсенділік», «тұлға», «шығармашылық» категориялары ретінде қарастырып, мұғалім даярлаудың құрылымдық моделін ұсынған.
К.Л. Полупан ғылыми зерттеу жұмысында «оқушыларға білім беру сапасы», «оқушыларға білім беру сапасын басқару» ұғымдарына анықтама беріп, дамытушы компьютерлік диагностика негізінде оқушылардың білім сапасын басқаруды теориялық негіздеген және практикалық жүзеге асыру жолдарын қарастырған.
Б.Н. Қадірова оқу үрдісінің субъектісі ретінде оқушы белсенділігін, оның шығармашылық бағыттағы әрекеттенуіндегі өзіндік жұмыстың маңыздылығын ғылыми тұрғыда негіздеген.
Д.Ж. Кішібаева шығармашылық тұлғаны қалыптастыру философиясы, психология, педагогика ғылымдары тұрғысынан зертдеген және оны іс-жүзіне асырудағы әдіс-тәсілдерді айқындаған.
Жоғарыда келтірілген қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерін талдай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Педагогикалық шығармашылық – бұл нәтижесінде объективті және субъективті мәнге ие жаңа жетілген материалды және рухани құндылықтарды жасау әрекеті. «Шығармашылық» ұғымына берілген көптеген анықтамаларды талдай отырып, оның өзгеше сапалары ретінде өнімнің жаңалығын, оның қоғам үшін және шығармашылық субъекті үшін маңызын, шығармашылықтың нәтижесіне қол жеткізу барысындағы жолының қайталанбастығын көрсетуге болады.
Шығармашылық тұлғаның сапалары оның табиғатынан, педагогтың шығармашылық әрекетінің ерекшелігінен, әлеуметтік позициясынан шығатынын есепкеталатын болсақ, педагогтың шығармашылық әрекетке дайындық деңгейлерін төмендегіше көрсетуге болады:
1. Базалық деңгей. Педагогтың бойында байқағыштық, алғырлық, ұйымдастырушылық, өзін-өзі сынға алу, өзін-өзі басқару, талап қоя білу, тапқырлық, жауапкершілік, т.б. қасиеттерінің болуы
2. Орнықты деңгей педагогтың кәсіби бағытталуы, сыншылдық, психологиялық қырағылық, ойлаудың ерекше формасы, эмоцианалды-еріктік тұрақтылық, принципиалдық, әділдік, жаңаны сезіну қасиеттерімен сипатталады.
3. Шығармашылық деңгей. Педагог өзін шығармашыл тұлға ретінде сезінеді. Оған ойлаудың шығармашылық сипаты, өз күшіне сенімділігі, жақсылыққа сену, ойлаудың шынайлығы, қарым-қатнастың ең жоғарғы деңгейлі мәдениеті. Шығармашыл педагог көптеген педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылыми ізденіс пен практиканы сабақтастыра алады, оқыту және тәрбиелеу үрдісіне зерттеушілік тұрғыдан қарайды. Шығармашылық деңгейде педагог оқытудың авторлық бағдарламасын жасуға, өзінің педагогикалық шеберханасын ашуға, авторлық курстарды жүргізуге дайын болады.
4. Зерттеушілік деңгей. Педагог ғылыми-зерттеу жұмысының негіздерін меңгерген, өз бетімен ғылыми зерттеу жүргізуге және өз әріптестерінің шығармашылық ізденістерін жүргізуге қабілетті. Шығармашылықтың бұл деңгейінде педагогтың жаңа заңдылықтарды ашуға, ғылыми идеяларды қалыптастыруға, ғылыми тұжырымдама жасауға мүмкіндігі бар.
Осылайша, педагогикалық шеберліктің деңгейі педагогикалық шығармашылықтың сипатын анықтайды.
Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді[53].
Шығармашылық деген сөздің сырына үңілсек, «Шығармашылық» сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келеді[56]. Ол-адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл-ой мен сезімнің, қиялдың ерекше бітімінен көрінеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі[53]. Өмірде дұрыс жолд табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтыа, өзін-өзі табуына көмектеседі.
Шығармашылық – жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі. Шығармашылық тек адамға ғана тән құбылыс[56].
Яғни, қорыта келгенде оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ұстаз тарапынан сабақ өткізудің әр түрлі жолдарын қарастырып, оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланып, әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, дәстүрлі емес сабақ түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыру талабы қойылады.
Қазіргі таңда қоғамда орын алып жатқан экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өзгерістер білім беру жүйесінің маңыздылығын арттырып, болашақ мамандардың біліктілігіне зор талаптар қоюда. Қазіргі педагог маман бұрын-соңды болмаған әр түрлі педагогикалық мәселелермен бетпе-бет келуде. Ал, бұл мәселелерді түпкілікті шешу аналитикалық, ақпараттық, қатысымдық, рефлексивтік және т.б. іскерліктерді қажет етеді. Педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты толық меңгерген құзіретті маман даярлау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып табылады. «Қазақстан Республикасының білім беру саясаты тұжырымдамасында» көрсетілгендей, «мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі көрсеткіші - инновациялық, шығармашыл ойлау типіне ие, мәдени қалыптасқан, қоршаған әлемге жауапкершілікпен қарайтын, жоғары сапалы, жаңа формациядағы мамандарды даярлау».
Жаңа формация азаматтарын даярлау қазіргі педагогика мен әдістеме саласының ерекше көңіл аударып отырған өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа формация азаматыдегеніміз – жаңашылдыққа ұмтылған, бай қабілет пен кәсіби дағды иесі, шығармашыл және рухани бай тұлға[90].
Жаңа формация мұғаліміне тән қасиеттер: мәселелік ойлау, жүйелі дүниетаным, жауапкершілікті қажет ететін шешімдер қабылдай білу, шығармашылық, кәсіби құзіреттілік, мақсатқа бағыттылық, өзін-өзі жетілдіру, ынтымақтастық, ақпараттық мәдениет, табандылық.
Оқушылардың шет тілінендаярлығыО.А. Абдуллина, С.И. Архангельский, Ю.К.Бабанский, Е.Д. Белозерцев, Ф.Н. Гоноболин, В.И. Загвязинский, Н.В. Кузьмина, И.Я.Лернер, И.Н. Нугманов, Т.С. Сабиров, В.А. Сластенин, Н.Н. Хан, Н.Д. Хмель, А.И. Щербаков сияқты ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Ал, С.И. Архангельский, Е.П. Белозерцев, М.Н. Карапетова, Л.П. Кибардина, Т.А.Ким, И.А. Колесникова, Н.Д. Левитов, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.А. Сластенин, К. Успанов, сондай-ақ С.С. Кунанбаева, Д.Н. Кулибаеваның еңбектерінде шетел тілі үшін маңызды сапалар мен құзіреттілік тұрғысынан қарау мәселелеріне назар аударылады.
Құзіреттілікті қалыптастыру шетелдік ғалымдардың да назарынан тыс қалған емес. Атап айтатын болсақ, G.Moskowitz, R.L.Oxford, R.S.Scarcella, E.W.Stewick, E.Tarone, D.Yule сияқты ғалымдар өз еңбектерінде тіл үйренушінің кәсіби құзіреттілігіне үлкен мән береді.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен педагогикалық қарым-қатынас қасиеттерінің, кәсіби құндылықтарының қалыптасқандығын көрсететін білім, білік , дағдылардың жиынтығы[91].
Құзіреттілік көпқырлы ұғым болып табылады және оның мәні мен құрылымына ғалымдардың беретін анықтамалары да түрліше болып келеді. Мысалы:
Т.Г. Браже: «Құзіреттілік - мұғалімнің білімдері мен іскерліктері, құндылықтары, әрекет мотивтері, мәдениет көрсеткіштерінен (сөйлеу, стиль, қарым-қатынас) тұратын көпфакторлы құбылыс» деп анықтама берсе, В.Н.Введенский: «Құзіреттілік - білімдер мен іскерліктердің жиынтығы емес, олардың шынай практикада тиімді түрде қолданылуы» дей келе, оның төмендегідей түрлерін атап көрсетеді:
• қатысымдылық құзіреттілік – эмоция тұрғысынан қалыпты болу, экстраверсия, сөйлеу іскерліктері, тыңдай білу сияқты құрамды бөлшектерден тұратын кәсіби маңызды сапа;
• ақпараттық құзіреттілік- мұғалімнің өзі, оқушылары, ата-аналар және әріптес мұғалімдер туралы ақпараттар жиынтығы;
• реттеуші құзіреттілік – мұғалімнің өз мінез-құлқын басқара алуы. Мақсат қоя білу, жоспарлау, белсенділік, әрекет нәтижесін бағалау сияқты сапаларды қамтиды;
• интеллектуалды-педагогикалық құзіреттілік - жалпылау, нақтылау, абстракциялау, талдау, біріктіру, қиял, икемділік, сыни ойлау сапаларынан тұрады.
Т.В. Добудько(Б.С. Гершунский, А.К. Маркова, Л.М. Митинаның жұмыстарына сүйене отырып) : кәсіби құзіреттілік – педагогикалық әрекетті жүзеге асыратын теориялық және практикалық дайындықтардың бірлестігі. Ғылыми-теориялық, психологиялық, операциялы-технологиялық болып келеді[92].
Н.В. Кузьмина: Кәсіби құзіреттілік - маманның өз мамандығын оқыту тәрбиелеу процесінің нормаларын есепке ала отырып, тұлға қалыптастыру құралы ретінде қарауы. Оның пікірінше төмендегідей түрлері бар:
- арнайы және кәсіби құзіреттілік - белгілі бір пәнге бағытталған;
- әдістемелік құзіреттілік – оқушыларда білімдер мен іскерліктерді қалыптастыруда байқалады;
- әлеуметтік – психологиялық – қарым-қатынас процестері аясында көрініс табады;
- дифференциалды-психологиялық – мотивтер мен оқушылардың қабілеттерін қамтиды;
- аутопсихологиялық құзіреттілік – жеке әрекет пен тұлғаның артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындайды.
А.К. Маркова: Кәсіби құзіреттілік – педагогикалық әрекеттің жоғарғы деңгейде орындалуы, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда тиімді нәтижелерге қол жеткізу[93].
Аталған анықтамаларды талдай келе, «тілдік құзіреттілік дегеніміз – тіл үйренушінің қоғамдағы стандарттар мен нормаларға сәйкесінше қарым-қатынасты атқара білуі, оның дайындығы мен жеке тұлғасын кәсіби тұрғыдан қарастыратын қасиеттер» деген қорытындыға келуге болады. Ол өз кезегінде үш аспектіні ұштастырады:
- танымдық (ғылыми, пәндік білімдер);
- операциялы-технологиялық (әрекет жолдары мен шешім қабылдай алу қабілеті);
- аксиологиялық (табиғат, қоғам, адамға деген қарым-қатынас)
Қазіргі оқушының тілдік құзіреттілік үлгісін өзара байланысты бірнеше элементтер жиынтығы ретінде қарастыруға болады:
Құндылықтар – оқушының түрлі әрекеті барысында қажет ететін бағыт-бағдар, идеялары.Мысалы:
- оқушыға өз тұлғасының ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беру;
- әр оқушы қайталанбас тұлға екенін түсіну;
- әр оқушының жеке дара қабілеттерін жемісті түрде жетілдіруге мүмкіндік беру;
- оқушы өзінің деңгейіне, қызығушылықтарына сай білімдерді игеретінін жете түсіне білу.
Кәсіби сапалар:
- оқушыларға үлкен қызығушылық таныту;
- өз әрекетінде әріптестері және оқушылары тарапынан сын қабылдай алу және өз кемшіліктерін түзетіп отыру;
- қоршаған орта мен айналада болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге өз көзқарасын білдіре алу;
- оқушылармен өз ойларын, сезімдерін бөлісе білу;
- өз пәніне деген қызығушылықтың болуы.
Қазіргі мұғалімнен күтілетін түйінді құзіреттіліктер:
- оқушылардың өзіндік оқу әрекеттерін жоспарлай және ұйымдастыра білу;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерімен, қызығушылықтарын ескере отырып, әр түрлі оқыту формалары көмегімен оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білу;
- оқушылардың құзіреттіліктерін бағалай білу;
- зерттеушілік қабілетке ие болу, оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алу;
- оқушылармен үнемі диалогта бола отырып, оларға өз ойларын, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік жасау;
- компьютерлік технологияларды меңгеріп оқыту процесінде қолдана алу.
Педагогикалық әдістер, тәсілдер мен технологиялар:
- «сыни ойлау» технологиясы;
- жоба-зерттеу әдісі;
- диалог пен дискуссияның әр түрлерінің қолданылуы;
- ұғымдарды қалыптастыру әдістері т.б.
Мұғалімнің негізгі қызметтері:
- әрекетті ұйымдастырушы;
- кеңесші;
- көмекші;
- тьютор;
- рефлексияны ұйымдастырушы;
- эксперт.
Келешек азаматтарды сапалы әрі жоғары деңгейде даярлау жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған үлкен міндет. Бұл міндетті жемісті түрде жүзеге асыру әрине оқыту мазмұнымен анықталады. Келешек шет тілі мұғалімдерінің бойында болуы тиіс кәсіби құзіреттіліктерді төмендегідей топтастыруға болады:
Мәдениетаралық қатысым құзіреттілігі жалпы білім беретін теориялық дайындық, кәсіби дайындық, дүниетанымдық-әдіснамалық дайындық сияқты циклдарда жүзеге асады және жалпы оқыту жоспарындағы пәндер оқытылады (информатика, экология, әлеуметтану, саясаттану, құқық негіздері т.б.)[94].
Мәдениетаралық коммуникацияға бағытталған құзіреттілік тілдік дайындыққа бағытталады және базалық пәндер оқытылады (қазақ тілі, шет тілі, екінші шет тілі).
Мәдениетаралық коммуникацияға негіздеуші құзіреттілік теориялық кәсіби дайындық кезеңінде қалыптасады, болашақ мамандыққа бағыттаушы пәндер оқытылады (өлкетану, тілі оқытылып отырған өлкелердің тарихы, міндетті және таңдау пәндері).
Ал, кәсіби айқындаушы құзіреттіліктер практикалық кәсіби дайындық сатысында қалыптасады (педагогикалық практика, дипломдық жұмыс).
Оқушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыруға арналған әдістеменің тиімділігін практика жүзінде эксперименттен өткізу үшін біз Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің он бірініші сыныптарынан төрт сыныпты алдық. Осы экспериментке барлығы елу оқушы тартылды. Эксперименттік – тәжірибелік оқыту барысында мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:
- оқушылардың мәтіндермен жұмыс атқаруы кезінде берілген білім мазмұнын меңгеру деңгейін байқау;
- мәдениетаралық құзыреттілікті дамытып, қалыптастыратын технологиялардың тиімділігін тексеру.
Жоғарыда аталып өтілген ғылыми зертеулер мен технологияларды қолданудан кейін оқушылардың мәдениетаралық құзыреттілігінің деңгейін, білік, дағдыларын байқау жолға қойылды. Оқу жылы бойы атқарылған тәжірибелік оқытудан кейін сыныптарда эксперименттік байқау тестісі алынды.
Тәжірибелік байқау жұмысы барысында алынған сандық және сапалық мәліметтер жаңа технологиялар арқылы мәдениетаралық коммуникация құзыреттілігін қалыптастыруға тиімді екендігі дәлелденді. Жаңа технологияларды қолдана өтілген сабақтардың сапасы жай дәстүрлі тәсілмен өтілген сыныптағыға қарағанда қырық, қырық бес пайыз жоғары болды.
1-кесте. Экперимент алдындағы сыныптардың білім нәтижесі
Сыныптар |
Оқушылар саны |
Жіберілген қателер % коэфицентті (эксп. алды) |
Жіберілген қателер % коэфицентті (эксп. кейін) |
Жіберілген қателердің % деңгейі |
1 сынып 2 сынып |
16 15 |
53,7 52,5 |
22,3 37,2 |
31,4 15,3 |
3 сынып 4 сынып |
18 16 |
50 47,8 |
23,4 35,5 |
26,6 12,3 |
Мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыруға қолданылған мәтіндерге проблемалық тапсырмалар беру, диалогтар дайындау, жоба жұмысын орындау, ұжымдық ойлау тапсырмалары т.б. тәсілдердің тиімділін экперимент жұмысы көрсетті. Яғни, бағылау сыныбындағы оқушылар тест қорытындысында 56,3%, ал экперименттік сыныптар оқушылары 86,2% оң нәтиже көрсетті. Бұл зерттеуіміздің нәтижесі тиімді болғанын, болжамымыздың дұрыс екенін дәлелдеп берді. Атқарылған зерттеу нәтижесінде төменгідей тұжырым жасалды:
1. Мәденитеаралық құзыретілікті қалыптастыру мақсатында мәтіндердің түрлі жаңа технологияларарқылы түрлендіре оқыту оң нәтиже береді.
2. Мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында мәтіндердің түрлі жанрда болуы, ситуациялар жүйесі арқылы өзге елдің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қамтуы тиімді болады.
3. Түпкі оң нәтижеге қол жеткізудің негізі ретінде мәтіндік материалдарды мәдениетаралық құзыреттілікке бағыттай оқыту үшін үйренетін шетел тілінің реалияларын, мәдени-ұлттық жүйесін де белсенді түрде пайдалану.
4. Мәдениетаралық құзыреттілік біліктілікті қалыптастырудың зерттеу арқылы белгіленген әдістемесі мен алынған нәтижесі шетел тілі пәнінің мамандарына, болашақ мұғалімдеріне т.б. қолдануына болады.
Сонымен, оқушының мәдениетаралық коммуникацияға құзіреттілігі оның теориялық және практикалық біліктіліктерінің ұштасуы, қарым-қатынастық шеберлікті дамытудың басты факторы болып табылады. Педагог іс-әрекеті әр түрлі кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Ал, сыни және шығармашыл ойлау, жоғары әрі жемісті нәтижеге жетуді ғылыми тұрғыдан даярлықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздің егемендік алып, басқа елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға түсуі шет тілін оқытудың маңыздылығын көрсетіп, оның мақсатын анықтап берді. Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осыларды шешуде көркем мәтіндерді қолданудың маңызы зор. Көркем мәтіндер тілін оқып жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушылардың білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады. Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол , әрине, тілдегі ерекшеліктер ғана емес, мәдениетке тән өзгешеліктерге де байланысты болып келеді. Өйткені, әрбір тіл мен оны қолданушы тіл иелерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. «Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін-бірі түсіне бермейді» деп көрсетеді Е.М.Верещагин [1].
Қазіргі кезде адам өмірінде болып жатқан көптеген жаңа процестер, экономиканың дамуы, қоғамның жаңаруы, тіл мен қоғамның және тіл мен мәдениеттің екі жақты байланыстарына жаңаша көзбен қарауды талап етеді. Жаңа әлеуметтің мәдени кеністіктің пайда болуы білім беру жүйесінің алдына халықаралық мәдени-кәсіптік қарым-қатынастарды жүзеге асыра алатын мамандар дайындауды мақсат етіп қоюда. Тілді басқа мәдениетті таңдаудың негізгі құралы ретінде пайдалану, сол тілде сойлейтін елдегі құбылыстардың мәнін түсінуді қажет етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Кунанбаева С.С.Теория и практика современного иноязычного образования. Алматы. 2010.
2. Концепция развития иноязычного образования в Республике Казахстан, Алматы, 2004.
3. Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теории. Алматы, 2005
4. Кулибаева Д.Н. Инновационная модель формирования международно-стандартных уровней владения иностранным языком в условиях школ международного типа. Алматы, 2002.
5. Мильруд Р.П. и др. Современные концептуальные принципы коммуникативного обучения иностранным языкам.// ИЯШ, 2000, №4-5.
6. Мильруд Р.П. и др.Компетентность в изучении языка.// ИЯШ, 2004, №7.
8. William Littlewood. Communicative Language Teaching. CambridgeUniversityPress. 1994
9. Гальскова Н.Д. Гез Н.И. Теория и обучение иностранному языку. Лингводидактика и методика. М.: Академия, 2005.
10. Лосева А.М. Как строится текст. – М.: «Просвещение», 1986.
11. Садохин А.Г. Введение в теорию межкультурной коммуникации. Москва, Высшая школа, 2004.
12. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация.- М.: Слово, 2000.
13. Ахметова М.М. Оқушыларды мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуде қойылатын талаптар. /Хабаршы/Вестник КазУМОиМЯ – 2006, №113.
14. Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Язык и культура. Москва: МГУ, 1973.
15. Әбдіғали С.Ә. «Әдістеменің кейбір өзекті мәселелері».Әдістеме. Методика. №1, 2005
16.Бергельсон М.Б. Межкультурная коммуникация: вопросы теории и практики. // Вестник МГУ. Серия 19. Лингвистика и межкультурная коммуникация. №3, 2005.
17. Красноперов А.В. Технология личностно-ориентированного обучения иностранному языку. // Иностранные языки в современном мире. Материалы республиканской научно-методической конференции, 10-11 декабря, 1998 г., Алматы 1999.
18. Ушинский К.Д. Избранные труды по педагогике. М:, 1978.
19.Тырхеева Н.С. Формирование межкультурной компетенции при обучении иностранному языку на языковых курсах (на материале французского языка, начальный этап). Дис. канд. пед.наук. СПб., 2005.
20. Плеханова М.В. Формирование межкультурной компетенции на основе использования аутентичных видеоматериалов при обучении иноязычному общению студентов технического вуза (немецкий язык, базовый курс). Дис. канд. пед.наук. Томск, 2006.
21.Вторушина Ю.Л. Формирование межкультурной компетенции в контексте профессиональной подготовки будущих учителей иностранного языка (на материале преподавания английского языка с использованием народного фольклора). Дис. канд. пед.наук. М.: 2007.
22. Baumer, Thomas Handbuch Interculturelle Kompetenz. Zürich: OrelFüssli, 2002.
23. Яковлева Н.Е. Формирование межкультурной коммуникативной компетенции учащихся 8 класса якутской школы на основе интегрированного подхода (на материале немецкого языка). Дис. канд. пед.наук. СПб., 2005.
24.Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. Анализ зарубежного опыта. М.: «Академия», 1987.
25.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Мәскеу, «Логос»; 2005.
26. Зимняя И.А.Психология обучения иностранным языкам в школе. М.: «Просвещение», 1981.
27.Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, «Мектеп», 1982.
28. Пидкасистый П.И. Технология игры в обучении. М.: «Просвещение», 1992
29. Бекбаева Ж.А. Игра как способ обучения говорению на иностранном языке младших школьников. 2-ой класс. Магистр.дисс., А., 2005.
30. Арғымбаева М. Проблемалық оқыту әдісін физика сабағында қолдану.// «Республика ұстаздары», 2007, №7-8 (92).
31.Душейная Т.В. Проектная методика на уроках ИЯ. // «ИЯШ», 2003, №5.
32.Божбанова Т.Е. Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру барысында жоба әдісін қолдану. Магистр.дисс., Алматы, 2007.
33. Құнанбаева С.С. Қазіргі шетелдік білім берудің теориясы мен практикасы.–Алматы, «Эдельвейс», 2010.
34. Бастауыш мектеп. Білім берудегі компетенттік тәсіл. Шәкілікова С., Қазақбаева Д., Кәрібаева Ш., Жұмағұлова Қ. № 3-2004.
35. Білім берудегі менеджмент. Профессиональная компетентность учителя как условие развития системы образования. №1-2001.
36. Коджапсирова Г.М., Коджапсиров А.Ю. Педагогический словарь.-М.: Изд. Центр «Академия», 2001.
37. Білім. Образование. Білім беру бағыттарын дамыту және компетенция. №3-2004.
38. Ж.А. Караев, Ж.У. Кобдикова. «Новые технологии обучения как фактор реализации инновационного типа обучения», 2003.
39. Ж.А. Караев, Ж.У. Кобдикова. «Оценка деятельности учащихся в условиях применения педагогической технологии обучения», 2004.
40. Компетенция и компетентность: сколько их у российского школьника? Народное образование, №4-2004.
41. Болашақ мұғалімді оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға кәсіби дайындаудың бір жолы//А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы.-Түркістан, №3-2009.
42. Нұрғалиева З.Ж. б.ғ.к. Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инженеринг халықаралық кафедрасының доценті «МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ӘЗІРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ» 2003.
43. Білім. Образования. Білім беру бағыттарын дамыту және компетенция. №3-2004.
44. Білім, Ғылым және Мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының материалдары.
45. Фрумин И.Д. Компетентностный подход как естественный этап обновления содержания образования Педагогика развития: ключевые компетентности и их становление: материалы 9-й ноучно-практической конференции.-Красноярск, 2003.
46. Равен Д.Ж. Компетентность в современном обществе-М.: КОГИТО – ЦЕНТР, 2002.
47. Шет тілін оқыту әдістемесі: кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынылған оқу құралы / Г.Н.Амандықова.- Астана: Фолиант 2007.-261б.
48. Сабақ беру тиімділігін арыттыру жолдары: Респ. Пед. Оқулардың материалдары. Алматы,тамыз,2002ж. – Алматы:Мектеп.
49. Ботағариева Г. Ағылшын тілін коммуникативті оқыту/ Г.Ботағариева// Қазақстан мектебі.-2006 ж.-№9.
50. Концепция государственной политики в области образования. – Алматы: «Казахстан», 1995. – 35 с.
51. Кулибаева Д.Н. Методологические основы управления образовательной системой школ международного типа. - Алматы, 2006. - 327 с.
52. Маркова А.К. Психология профессионализма. – М.: Международный гуманитарный фонд «Знание», 1996. – 312 с.
53. Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. - Алматы, 2010. - 106 с.
54. Государственный общеобязательный стандарт образования республики Казахстан. - Алматы, 2008. - 12-13 с.
55. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2006.
56. Баширова Ж.Р. Личностно-ориентированное образование преподавателя высшей школы в университете // Білім. - 2006, №5 (29)
57. Якиманская И.С. Личностно-ориентированное обучение в современной школе. - М., 2000. -С. 69.
58. Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка/Иностранные языки в школе. - № 2,3. - 2000.
59. Селевко Г.К. Өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы. - М., 2008.
60. Кунанбаева С.С. Современное Иноязычное Образование: Методология и Теории. Алматы, 2005г. стр. 5,6.
61. Гальскова Н.Д., Гез Н.И. Теория обучения Иностранному Языку Лингводидактика и Методика. М, Издательский центр “Академия”, 2007г., 2ое издание, стр. 203, 204.
62. Садохин А.П. Введение в теорию межкультурной коммуникаций. Москва, Высшая школа,2004г., стр. 261.
63. Гойхман О.Я., Надеина Т.М., Речевая коммуникация. Москва, Издательство ИНФРА - М, 2008г., стр. 131, 132.
64. Соловова Е.Н. Методика обучения иностранному языку. Базовый курс лекций. Просвещение, Москва, 2003г.
65. Словарь по языкознанию. Под общей редакцией профессора Э.Д.Сулейменовой Алматы.: “Ғылым” 1998г., 107 стр.
66. Суенова А.М. Обучение диалогической речи с использованием видеоматериалов. маг. дисс. - Алматы 2006г.
67. Ответственный редактор Шамов А.Н., Лингвистика и Межкультурные Коммуникации. Методика Преподавания ИЯ, Общий курс, Золотая Серия, М., 2008г.
68. Халеева И.И. Основы теории обучения пониманию иноязычной речи.- М.: Высшая школа, 1989.
69. Елизарова Г.В. Культура и Обучение Иностранному Языку. Санкт - Петербург, Издательство Каро, 2005г., стр. 211 - 221.
70. Каратаев М.К. Қазақ энциклопедиясы. 7- том. – Алматы, Ғылым, 1975.
71. Бим, И.Л., Афанасьева, О.В., Радченко, О.А. К проблеме оценивания современного учебника иностранного языка // ИЯШ, 1999.- №6
72. Harmer J. How to teach English. – Longman, 2007.
73. Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы. – Алматы, ҚазХҚжӘТУ, 2010.
74. English for tourism. – Алматы, ҚазХҚжӘТУ, 2004.
75. Абдуллина Г. Кейс әдісі - жағдаяттарды талдаудың топтық әдісі. Қазақстан мектебі. – 2009. - № 4.
76. Виноградова О.С. Формирование иноязычной коммуникативной компетенции с использованием проблемных методов обучения ИЯ на продвинутом этапе специализированного вуза (на материале английского языка). Автореферат на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. – М., 2003.
77. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар (магистранттарға арналған лекциялар). 2012 ж.
78. Аяпова Т., Әбілдаева З. English 6, Атамұра 2002 -158 б.
79. Herbert Puchta und JeffStranks , English in Mind. – Cambridge: Cambridge university press, 2008. – 144р.
80. Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу - тәрбие үрдісіне ендіру жолдары. Алматы, 2002
81. Александрова Г.Н. Управления самообразованием педагогов в условиях внедрения новой технологии учебной
и педагогической деятельности. "Директор школы ", 2002
82. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003.
83. Республикалық ғылыми -әдістемелік журнал «Ағылшын тілі мектепте», 2011
84. А.В.Белошицкий, И.Ф. Бережная. Становление субъектности студентов в образовательном процессе вуза // Образование и рынок, № 3, 1997.
85. Тұрғынбаева Б.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту; п.ғ.д....дисс. 13.00.01 – Алматы. – 2006.
86. Асломов А.Г. Социальная биография культурно-исторической психологии / Вступит. статья к книге: Выготский Л.С., Лурия А.Р. Этюды по истории поведения. – М., 1993.
87. Коссов Б.Б. Личность: Теория, диагностика и развитие: Учебно-метод. пособие для высш. учеб. заведений. М.., 2000.
88. Педагогика: учеб. пособие/ под.ред. П.И. Пидкасистого-М.: Пед. общество Россия, 2004-608с.
89. Коджаспирова Г.М. Словарь по педагогике.
90. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. А.: Мектеп, 2002.-256б
91. Ж.Р. Баширова, Ұ.Б. Төлешова. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы,2003
92. Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Язык и культура. Москва: МГУ, 1973.
93. Тырхеева Н.С. Формирование межкультурной компетенции при обучении иностранному языку на языковых курсах (на материале французского языка, начальный этап). Дис. канд. пед.наук. СПб., 2005.
94. Плеханова М.В. Формирование межкультурной компетенции на основе использования аутентичных видеоматериалов при обучении иноязычному общению студентов технического вуза (немецкий язык, базовый курс). Дис. канд. пед.наук. Томск, 2006.
95. Яковлева Н.Е. Формирование межкультурной коммуникативной компетенции учащихся 8 класса якутской школы на основе интегрированного подхода (на материале немецкого языка). Дис. канд. пед.наук. СПб., 2005.
96. Вторушина Ю.Л. Формирование межкультурной компетенции в контексте профессиональной подготовки будущих учителей иностранного языка (на материале преподавания английского языка с использованием народного фольклора). Дис. канд. пед.наук. М.: 2007.
97. Baumer, Thomas Handbuch Interculturelle Kompetenz. Zürich: Orel Füssli, 2002
98. Садохин А.Г. Введение в теорию межкультурной коммуникации. Москва, Высшая школа, 2004.
99. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. Анализ зарубежного опыта. М.: «Академия», 1987.
Похожие материалы
... б) Физикалық, процестерді модельдегенде, кейбір құбылыстарды сөзбен тусіндіру, көзбен көру қиын бола- тын есептер. Тандалынып алынатын есептер ЭЕМ-нің көмегімен шығару тиімді екенін керсете алатындай болуы керек. Олардың ішінде техниқалық объектінің немесе нақты физикалық модельді есептеуге ...
... 1179; әулеттермен әрі империялармен нәтижелі қатынастар жүргізу арқылы сыртқы аренадағы беделін көтерді. Батысқа жорық.Түрік қағанатының тарихында ерекше атап өтетін бірнеше әскери жорықтардың жасалғаны анықталған.Соның бірі – Батыс жорығы.Бұл жоры ...
... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасының әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...
... С2,С3 (ПЛ6) конденсаторларымен кернеу пульсациясын төмендету үшін шунтталған. МК-ВАУЗ қондырғысында (СИФУ) тиристорларымен импульсті - фазалы басқару жүйесі қолданылған. СИФУ-дың құрамына VT1, VT4 (ПЛ2, ПЛ4) триодтарындағы алты бір типті блокинг-генераторлар, блокинг- генераторларды қоректендіру үшін үш ...
0 комментариев