1.4.2 Девиация бұрыштары (ауытқу бұрыштары)

 

Цилиндрлік барабандарға ҚЕ бойынша девиация бұрыштары артық болмауы керек. Девиация бұрыштарын анықтау схемалары 1.3 суретінде көрсетілген.

 

 

1.3 – сурет. Девиация бұрыштары

 

Девиация бұрышын анықтайтын формула:

а) шкивтері бір геометриялық осьте орналасқан екібарабанды машинаға арналған формула (1.3 а – сурет):

 

 

(1.27)

 

мұндағы а-барабандардың ішкі ребордаларының арасындағы қашықтық, мм;

S-ыдыстар арасындағы қашықтық, мм.

 

 

(1.28)

 

б) шкивтері бір вертикалды осьте орналасқан екібарабанды машинаға арналған формула (1.3 б – сурет):

 

 

(1.29)

 

 

(1.30)

 

в) шкивтері бір вертикалды осьте орналасқан бірбарабанды тілік барабаны бар машинаға арналған формула (1.3 в – сурет):

 

 

(1.31)

 

 

(1.32)

 

Девиация бұрыштары канаттың төменгі керілген шегімен тексеріледі.

г) шкивтері бір горизонталды осьте орналасқан бірбарабанды тілік барабаны бар машинаға арналған формула (1.3 г – сурет):

 

 

(1.33)

 

 

(1.34)

 

Егер тексеру кезінде ауытқу бұрыштары рұқсат етілген шамадан артық болса, онда орналасу схемасының параметрлерін қайта өлшеу керек (канаттың керілген шегінің ұзындығын көбейту).

1.5 Көтерім кинематикасы

 

1.5.1 Басқару жетегін және редукторды таңдау

 

Көтерім қозғалтқышының болжамды қуаты мына формуламен анықталады:

 

 

(1.35)

 

мұндағы К – шахталық кедергі коэффициенті, скиптерге арналған;

ηзп – тісті беріліс ПӘК-і ;

ρ – динамикалық жұмыс тәртібінің сипаттамасы;

Vорт – орташа қозғалыс жылдамдығы.

Қозғалтқыш қуаты 1250 кВт-қа дейін болғанда, бір қозғалтқышты асинхронды жетек алынады, ал егер қозғалтқыш қуаты 2500 кВт- қа дейін болса – екіқозғалтқышты асинхронды, 2500 кВт- тан асқан жағдайда тұрақты тоқты жайжүрісті қозғалтқыштар қолданылады.

Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының қоректенуі тиристорлы түрлендіргіштер арқылы жүзеге асады. Тиристорлы түрлендіргіштерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайда қоректендіру желісінің шарттарына сай Г-Д жүйесін қолдану рұқсат етіледі.

Қозғалтқыш айналым саны:

 

 

(1.36)

 

мұндағы i- таңдалған машина редукторының беру қатынас саны.

NOP және n көрсеткіштері арқылы (қосымшадағы 7, 8 кестелерінен) жобалау нормаларының ұсынымына сәйкес қозғалтқыш сипаттамалары бойынша қозғалтқыш таңдалады. 7, 8 кестелерінен NH қалыпты қуат, nН қалыпты айналым саны, ηДВ қозғалтқыштың П.Ә.К.-і, қозғалтқыштың шамадан тыс еселік коэффициенті γкр н) және қозғалтқыштың инерция моменті GD2P, Н*м2 таңдалады.

Жылдам жүрісті қозғалтқыштағы көтерім ыдысының негізгі максималды жылдамдығы:

 

 

, м/с,

(1.37)

Ақырын жүрісті қозғалтқыш үшін:

 

 

(1.38)

 

Редуктор типі беріліс қатынасы бойынша және ақырын жүрісті біліктің айналу моменті шамасы бойынша таңдалады және айналу моменті келесі формула арқылы анықталады:

 

 

, Н·м,

 

(1.39)

 

Егер 10 кестеде келтірілген редукторлар (1.39) формула шартын қанағаттандырмаса, онда екіқозғалтқышты жетекке ауыса беруге болады. Бұл жағдайда редуктор 10 кестедегі момент шамаларымен салыстырғанда екі еселенген айналдыру момент берілісімен қамтамасыз етеді.

 

 


Информация о работе «Шахталық көтерім және сутөкпе қондырғыларын есептеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 165743
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 13

0 комментариев


Наверх