1.6 Көтерім жүйесінің динамикасы
Көтерім қондырғысының қозғалатын жүйелері құрамына көтерімнің сызықтық үдеуін туғызатын ілгерлемелі қозғалыстағы бөліктері және көтерімнің сызықтық үдеуінен өзгеше сызықтық үдеу туғызатын айналмалы қозғалысқа қатысатын бөліктері жатады. Сондықтан mп – барлық көтерім жүйесінің нақты массасы емес, ол арқанды орау шеңберіне келтірілген есептік масса. Массалары келтірілген масса болатын, ілгері қозғалыстағы жүйе бөліктеріне көтерім ыдыстары, жүк тиелген скип және көтерім канаттары жатады, ал массаларын келтіруді қажет ететін көтерім жүйесінің айналмалы қозғалыс жасайтын бөлігіне бағыттаушы шкивтар, канатты орау органы, ротор және редуктордың тісті берілісі жатады.
Канаттың орау шеңберіне келтірілген көтерім қондырғысының барлық қозғалмалы бөліктерінің массасы:
|
, кг |
(1.53) |
мұндағы Q– скиптің жүккөтергіштігі, кг;
Qс – скиптің салмағы , кг;
Lпк – көтерім канатының ұзындығы, м;
р – көтерім канатының сызықтық салмағы, кг/м;
- бағыттаушы шкивтің келтірілген салмағы, кг;
- барабанның келтірілген салмағы, кг;
- редуктордың келтірілген салмағы, кг;
- ротордың келтірілген салмағы, кг;
Бірканатты қондырғының көтерім канатының ұзындығы:
|
,м |
(1.54) |
мұндағы Н- көтерім скипінің биіктігі, м;
- копер биіктігі, м;
- көтерім машинасының барабанының диаметрі;
lстр- канаттардың ішектерінің ұзындығы, м.
Бағыттаушы шкивтің келтірілген салмағы:
|
, кг |
(1.55) |
мұндағы GD2- бағыттаушы шкивтің инерция моменті.
Көтерім машинасының барабанының келтірілген массасы:
|
, кг |
(1.56) |
мұндағы GD2 – көтерім машинасының барабанының инерция моменті.
Редуктордың келтірілген массасы:
|
, кг |
(1.57) |
мұндағы GD2- редуктордың инерция моменті;
Ротордың келтірілген массасы:
|
, кг |
(1.58) |
мұндағы GD2 - ротордың инерция моменті.
0 комментариев