Тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық ұйымдастырушылық және теориялық негіздері

133393
знака
2
таблицы
0
изображений

№1 дәріс.

Кіріспе. Курстың негізгі мәселелрі. Тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық ұйымдастырушылық және теориялық негіздері.

Адам өзінің кез келген әрекетінің қауіпті екенін сезеді. Бірақта соңғы он жылдықтарда ғылыми-техникалық прогресстің келеңсіз салдарын, кері әсерлерін (табиғи процестердің тепе-теңдігінің бұзылуы, көптеген адам шығындарымен болып жатқан техногенді аппатар мен күйреулер, аурулардың жаңа түрлерінің пайда болуы және қалыптасқан түрлерінің асқынуы және т.б.) қауіптілік түсінігін едәуір арттырады. Соның салдарынан адамның әрекетінде «тіршілік қауіпсіздігі»аталатын ғылым саласымен оның қолданыс аясы туындады. Пәннің оқытудың міндеті адамның өзін қоршаған ортамен әрекеттесуінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және іс жүзіндегі негіздері және халықты әр түрлі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидасы, бастапқы постулаты потенциалды қауіптерді болдырмау және алдын алу болып табылады. Осыған байланысты пәннің негізгі міндеттері айқындалады:

§ Адамның тіршілігі және іс-әрекеті жағдайының сапасын өмір сүру ортасының тиімді (комфортты) жағдайындай болуын қамтамасыз ету және тұрақты ұстау;

§ Өмір сүру ортасына әсер ететін зиянды және қауіпті факторларды анықтау және соны бағалау (идентификациялау);

§ Адамды және оның өмір сүру ортасын зиянды және қауіпті факторлардың нормативтік жіберілетін шектерден асатын әсерлерден қорғау;

§ Қауіпті және зиянды факторлар әсерлердің кері салдарын жою.

Бұл міндеттерді атқару мамандардан тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін білуді, зиянды және қауіпті факторлардың әсерлері жөнінде теориялық білімді талап етеді.

«Тіршілік қауіпсіздігі» пәні – қауіпті жағдайлар мен одан сақтану жолдарын оқып үйренуге арналған ғылым саласы.

Қауіп – тіршілік қауіпсіздігі туралы ғылымның басты ұғымы. Осыған байланысты бірқатар тіршілік қауіпсіздігі теорияларының негізгі аксиомалары қалыптастырылады.

Бірінші аксиома: «Материалдық әлем потенциалды қауіпті». Бұл аксиома материалдық әлемнің барлық компонеттері, біріншіден, технологиялық қондырғылар мен технологиялық дұрыс шешімдер мен нәтижелерден басқа қауіптерді тудыру қабілетіне ие болып табылатындығын айқындайды. Онымен қоса, адамның дұрыс әрекеті немесе оның әрекетінің нәтижесі жаңа қауіптердің туындауына әкеледі. Тек техника мен технология ғана емес , сонымен қатар адамдардың дұрыс емес әрекеттері де қауіпті болады.

Екінші аксиома: «Егер заттар мен энергия ағымы немесе қауіп көздерінен ақпараттар олардың жол берілген шектерінің мәндерінен асса, онда қауіптер бар.

Нұсқандардың жоқ болауы шартымен белгіленген ағымдардың шекті жол берілген мәндері қауіпсіз жағдайда орналасқан қорғау объектісінің ең жоғарғысы болып табылады. Шекті жол берілген ағымдарды мөлшерден асыру қорғалынып жатқан нысанды жаңа сападағы, қауіпті жағдайға ұшыратады.

Үшінші аксиома: «Егер қауіп көздері мен қорғау объектілері болу координаттары бойынша кеңістікте және уақытта дәл келсе, онда қауіп жүзеге асады».

«Қауіп» түсінігінің анықтамасында қауіпті ағымдардың шығу көздерінен қорғалатын объектіге берілуінің координаттары мен уақытының сәйкес келуінің қажеттілігін көрсету формалды түрде жоқ. Бірақ бұл талап етілмейді де, себебі, адамды, адамдардың қоғамын қоршаған бүкіл материалдық әлем қауіпті. Басқаша айтқанда, адамға және басқа да материалдық объектілерге қатысты туындау мүмкіндігі әрқашан және барлық жерде бар.

Төртінші аксиома: «Қауіп көздері олардың әсер ететін аймағындағы барлық қорғау объектілеріне зиянды әсер етеді».

Сонымен, қауіптер тек қорғау объектілеріне ғана тән талдау қабілетіне ие емес. Мысалы, егер шығу көзінің ағымдары адамға да, биосфера компонентіне де қауіпті болса, онда оларға нұсқан бір мезгілде болады. Егер адамның жол берілген әсер деңгейі жоғары, яғни ШЖКадам > ШЖКбиосфера болса, онда әсер ету тек биосфера компоненттеріне және т.б.үшін қауіпті болады.

Бесінші аксиома: «Қауіптердің әсері қорғау объектісінің зиянымен қоса жүреді».

Жарақаттау қауіпі бар факторлардың әсері кенеттен адамдардың жарақаттануы мен өліміне, өзімен бірге көптеген материалдық шығындар әкелетін қоршаған орта мен техносфераның ошақтық қираулармен қатар жүреді.

Зиянды факторлардың әсерлері, әдетте ұзаққа созылады. Ол адамдардың денсаулығына зиянды әсер етеді, кәсіби және өңірлік ауруларға алып келеді. Зиянды факторлар табиғи ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның дегродациясына алып келеді, биосфера компонентінің құрамын өзгертеді.

Зиянды заттардың концентрацияларының жоғары болуы немесе энергия ағымының жоғары болуы зиянды факторларды әсер ету сипатына қарай жарақаттану қауіпі бар әсер етулерге жақындатуы мүмкін. Мысалы, ауа, су, азықтағы уытты заттардың жоғары концентрациялары улануға әкеледі.

Алтыншы аксиома: «Қауіп-қатерлерден объектіні қорғау олардың шығу көздерінен шығатын ағымдарды шығу көзімен объектінің өзара әсерлесу уақытын азайту, ара қашықтықтарын ұлғайту және қорғаныс шараларын қолдану арқылы техникамен қол жеткізуге болады».

Бұл аксиоманың негізінде техносферадағы адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігін (ӨТҚ) қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстары мен тәжірибелік шешімдерінің негізгі кезеңдерін тұжырымдауға болады.

Адамдардың ӨТҚ саласындағы қажетті білімі мен ілімі болмаған жағдайда қауіп-қатерлермен кез келген іс-әрекеттер сферасында дұрыс жұмыс жасауы және қорғаныс құралдарын сәтті пайдалануы мүмкін емес болады. ӨТҚ мәселелері бойынша халық пен қызметкерлерді алты мамандандырылған дайындықтан өткізуге қол жеткізу – қазіргі қоғамның ғылыми-тәжірибелік мәселелерінің маңыздысының бірі болып табылады.

Жетінші аксиома: «Адамдардың қауіп-қатер әлеміндегі және олардан қорғану тәсілдерінен компоненттігі – адамдардың тіршілік қауіпсіздігіне қол жеткізудегі қажетті шарты».

ТҚ теорияларының аксиоматикасына сүйене отырып, ӨТҚ талаптарына жауап беретін, тіршілік аймағын құрудағы ғылыми-тәжірибелік әрекеттердің негізгі кезеңдерін айқындауға болады.

Адамның туғаннан өмір сүруге бостандыққа және бақытты болуға құқығы болады. Өзінің өмір сүруге демалысқа, денсаулығын сақтауға, қолайлы қоршаған ортаға, қауіпсіздік және еңбек гигиенасының талаптарына сай жағдайда еңбек етуге құқы тіршілік әрекеті кезінде іске асырады. Адамның бұл құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген.

Өмір тіршілігі – адамның күнделікті іс-әрекеті, демалысы, күн көру тәсілі.

«Адам – өмір сүру ортасы» жүйесіндегі әрекеттесу негіздері. Адамның өмір сүру ортасымен және құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуі жүйенің бөліктерінің өзара зат массаларының, оның қосылыстарының, энергияның барлық түрлерінің және ақпараттар ағымының берісуіне негізделген. Ю.Н.Куражковский тіршіліктің сақталу заңына сай: «Тіршілік тірі денелер арқылы заттар энергиялар және ақпараттар ағымы қозғалысы нәтижесінде ғана болуы мүмкін».

Адам үшін бұл ағымдар өзінің тамаққа, суға, ауаға, күн энергиясына, қоршаған орта жөнінде мәліметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Адамның өзі де тіршілік кеңістігінде механикалық, интеллектуалдық энергия, биологиялық процесстер қалдықтары түрінде қалдық ағымдары жылу энергиясы ағымы және т.б.ағымдары бөліп отырады. Заттар мен энергия ағымдарымен араласуы адамның қатысуынсыз жүретін процесстер үшін де тән. Табиғи орта біздің планетамызға күн энергиясының ағымының енуін қамтамасыз етеді, сосын нәтижесінде өсімдік және жануарлар әлемінің массалар ағымының биосфераға абиотикалық заттар ағымының (ауа,су және т.б) әртүрлі энергиялар ағымының, сонымен қатар табиғи тылсым құбылыстардың табиғи ортаға бөлінуіне ықпал етеді.

Техносфера үшін шикізаттың барлық түрлерінің, энергия, өнімдердің көптүрлі ағымдары тән: қалдықтар ағымы (атмосфера бөлінулер, су қоймаларына тасталынулар, сұйық және қатты қалдықтар, әртүрлі энергетикалық әсерлер). Қалдықтар оларды жою мүмкіндігінің болмағандығы және өндірістің қосалқы әсеріне сәйкес туындайды. Кез келген шаруашының атқарған жұмыстарда қалдықтар мен қосалқы эффектілер туындайды, оларды жоюға мүмкіндік жоқ , тек физико-химиялық бір түрінен басқа түріне ауыстыруға болады немесе кеңістікке ауыстырылады. Техносфера өрт-жарылыс, құрылыс конструкцияларының қирауы, көліктегі апаттар т.б.кезінде күтпеген жерде едәуір мөлшерде массалар мен энергия бөлуге қабілетті.

Әлеуметтік орта адамға жеке тұлға ретінде қажетті ағым түрлерінің барлығын қолданады және бөліп отырады, сонымен қатар білім беруде, қоғамды басқаруда басқа қоғамдық формациялармен қатынастарында ақпарат ағымдарын туындатады. Әлеуметтік орта табиғи және техногенді әлемді алмастыруға бағытталған, қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды қалыптастыруға темекі шегу, алкаголь, есірткі қолдану т.б.с.с ағымдардың барлық түрлерін дайындайды.

«Адам – өмір сүру ортасы» жүйесінің әртүрлі компоненттері үшін массалар, энергия және ақпараттар ағымы келесілер:

Табиғи ортаның ағымдары

¨Күннің, жұлдыздар мен планеталар бөлінулері

¨Космостық сәулелер, астероидтар, шаң-тозаңдар

¨Жердің электрлік және магниттік өрісі

¨Биосферада, эко жүйелерде, биогеоценоздарда зат алмасуы

¨Атмосфералық, гидолсфералық, литосфералық, сонымен қатар табиғи тылсым құбылыстар

¨Басқалар

Техносфераның негізгі ағымдары:

¨Шикізат және энергия ағымдары

¨Экономика салаларының өнімдер ағымы

¨Экономика қалдықтары

¨Ақпараттық ағымдар

¨Көліктік ағымдар

¨Жарық ағымдары (жасанды жарық)

¨Техногенді апаттар ағымы

¨Басқалар

Әлеуметтік ортаның негізгі ағымдары:

¨Ақпараттық ағымдар (білім беру, мемлекеттік басқару, халықаралық қатынас және т.б)

¨Адамдар ағымы (демографиялық арту, халықтың урбанизациясы)

¨Есірткілік заттар, алкоголь және т.б.ағымы

¨басқалар

Өмір тіршілігінде адамның қолданатын және бөліп шығаратын негізгі ағымдары:

¨оттегі, су, тамақ және басқа заттар (алкоголь,табак,есірткі т.б.)

¨энергиялар ағымы (мехиникалық,жылулық,күн)

¨ақпараттық ағымдар

¨өмір тіршілік процесінің қалдықтар ағымы

¨басқалар

№2-3 дәріс.

Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері.

Тіршіліктің қандайда бір түрі болмасын ол қауіпті болып есептелінеді. Қауіпті жағдайлардың жасырынды болу себебінен, оның уақыт пен кеңістік ішінде қай жерде болуы мүмкін екендігінің белгісіздігінен оның болу ықтималдылығы әр уақытта сақталады. Қауіптіліктің болу ықтималдылығының нақты жағдайға өткізетін жағдай себеп деп аталады. Себептер белгілі де,белгісіз де болуы мүмкін, бірақ олар іс жүзінде барлық уақытта бар болып тұрады.

Себеп – төтенше жағдайды іске қосатын механизм. Сонымен қауіптіліктің болу ықтималдылығы себептің салдарынан нақты жағдайға көшіп, төтенше жағдай деп аталатын оқиғаны туғызады, ал ол жағдай қоғам үшін әр түрлі қолайсыздықтар әкеледі (адамдардың өлімі мен ауыруы, көптеген материалдық нұсқан болуы және т.с.с).

Төтенше жағдай дегеніміз – сырттай қарағанда күтілмеген, тосыннан болған және оның әсерінен жүйелі түрде қалыптасқан процестер немесе құылыстардың кенет бұзылуына әкеліп соқтыратын және сонымен қабат тұрғындардың тіршілігіне, экономикасына, әлеуметтік орта мен табиғатқа бірталай кері әсерін тигізетін жағдай.

Себептерді білу, оларды ұқсастығына қарай жүйелеу (топтастыру) ТЖ-ны болдырмау шараларына жатады. Қауіпті жағдай кезінде адамдар саналы түрде тіршілікті қауіпсіздендіретін бұрыннан белгіленген шараларды іске асырады.

Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері. Әрбір ТЖ-ның өзіндік физикалық мәні, тек өзіне байланысты туу себептері, қорғаушы күштері, өрістеу сипаты, адамға және ол өмір сүретін ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. ТЖ осы себептеріне байланысты түр-түрге бөлінеді.

Шығу себептеріне байланысты ТЖ мынадай түрлерге бөлінеді: табиғат зілзалалары, техногендік апаттар, антропогендік және экологиялқ апаттар (бұлардың бәрі бейбіт кездегі ТЖ) және әлеуметтік – саяси соқтығыстар.

Табиғат зілзалалары дегеніміз бұл төтеншелік ерекшеліктері бар, халықтың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.

Техногендік апаттар деп өндірістік процестердің күрделі бұзылуына, жарылыстарға, өрт ошақтарының шығуына, үлкен аймақтардың радиоактивтік, химиялық немесе биологиялық залалдануына, көп адам өмірінің зақымдануына (өлімге ұшырауына) апаратын машиналардың, механизмдердің және агрегаттардың жұмыс істеуі кезінде кенет істен шығып қалуын айтады.

Антропогендік және экологиялық апаттар деп адамдардың шаруашылық тіршілігінен туындаған антропогендік фактордардың әсерінен биосфера сапасының өзгеріп, адамдарға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, қоршаған ортаға тұтастай кері әсерін тигізуін айтады.

Әлеуметтік-саяси соқтығыстар деп- бұл мемлекеттер арасындағы қайшылықты ең ауыр жолмен (осы заманғы қаруларды қолдана отырып) шешудің түрін айтады.

Таралу жылдамдығына байланысты ТЖ мынадай түрге бөлінеді: кенет болатын ТЖ (жер сілкінісі, жарылыс), екпінді ТЖ (өрт, улы заттардың асып төгілуі), бір қалыпты ТЖ (су тасқыны, вулканның атқылауы), созылыңқы ТЖ (қуаңшылық, эпидемия, топырақтың бүлінуі, көл мен теңіздің суалуы).

Таралу аумагына байланысты ТЖ мынадай түрлерге бөлінеді: шектелген, жергілікті, өңірлік, өңіраралық (ұлттық), жаһандық.

Шектелген ТЖ-ның салдары ШЖО (зауыт, фабрика) көлемінде шектеліп, сол мекеменің өз күшімен жойылады.

Жергілікті ТЖ-ның жайылу мөлшері бір елді-мекен, бір немесе бірнеше әкімшілік аудан немесе облыс көлемінде орын алады, оның салдарын жою облыс қаржысы мен күшінің есебінен жүзеге асырылады.

Өңірлік ТЖ-ның салдары бірнеше облыс немесе экономикалық ауданмен шектеліп, республика күші мен қоры есебінен жойылады

Өңіраралық (ұлттық) ТЖ-ның салдары бірнеше экономикалық аудандардың көлемін қамтиды, бірақ мемлекет шегінен аспайды. Бұндай ТЖ салдарларын жою мемлекеттің өз күші мен қорының, көбінесе басқа мемлекеттердің көмегін қабылдай отырып іске асырылады

Жаһандық ТЖ-ның салдары бір мемлекеттің шегінен шығып, басқа да мемлекеттерге тарайды. Бұл зардаптар әр мемлекеттің өз күші мен қорының және халықаралық бірлестіктерді де күші мен қоры есебінен жойылады.

Бұл жоғарыдағы айтылған ТЖ-ның түрлері тек шартты түрде екендігін есте ұстау қажет, өйткені олар кейбір жағдайда араласып жатады. Мысалы: топырақтың көшуі, шөлге айналуы, орман өрті мен шымтезектің жануы, т.с.с. тек табиғат құбылыстарымен қатар адам тіршілігінің әсерінен болатын жағдайлар.

Зардап ошағы. ТЖ-ның қауіпті және зиянды фактілері орын алған аумақ сол өзіндегі ел тұрғындарымен, жануарлары мен, үй және құрылыстарымен, инженерлік тізбектері және коммуникацияларымен бәрін қоса зардап (залал) ошағы деп аталады.

Зардап ошағы жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай зардап ошагы деn- ТЖ-ның тек бір ғана түріне байланысты пайда болған зардап ошағын айтады. Мысалы: қопарылысқа немесе өртке байланысты болған ошақтар.т.б

Күрделі зардап ошагы деn- ТЖ-ның бірнеше түріне байланысты пайда болған зардап ошағын айтады. (Мысалы: химия зауытында болған жарылыстар бұдан басқа өрт шығарады, айналасындағы ортаға улы заттарды бөледі,т.с.с.)

ТЖ-дан ойдағыдай қорғану олардың шығу себептері мен шығу жағдайларын білуге байланысты.

ТЖ-ның негізгі шығу себептері

- Гравитация, жер шарының айналуынан немесе температура айырмашылығы

салдарынан лезде өтетін табиғат процестері.

- Металл конструкциялары мен қүрылыстардьщ ескеруіне келтіретін немесе коррозияға түсіретін және олардың физикалық- механикалық көрсеткіштерін төмендететін табиғаттың сыртқы факторлары.

- құрылыстардың өндірістегі және жобалау кезіндегі жіберілген ақаулары (ізденіс және жобалау кезіндегі қате, сапасы төмен құрылыс материалдары мен конструкциялары (құрылымдар) және құрылыс жұмыстары; құрылыс және жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасын бұзу).

- құрылыс материалдарына өнеркәсіп өндірісінің технологиялық процесінің әсері (жоғарғы температура, діріл, минералдық майлар мен эмулсиялардың, дисперсиялардын әсері).

- құрылыстар мен қазандықтың, химиялық процестердің, шахтадағы көмір шаңы мен метанның, ағаш өңдеу кәсіпорындарындағы ағаш шаңының және де т.с.с. жарылыс туғызатын өндірістердегі технологиялық процестерді пайдаланудың ережелерін бұзушылығы.

- Әскери тіршіліктің әр түрлі көріністері.

ТЖ өзінің өту барысында бірнеше сатылардан өтеді. Мысалы: ТЖ-­ның ең алғаш пайда болуы мен ынталана өсу сатыларында өндірісте жағымсыз жағдайлар көбейіп шоғырлана түседі, құрал-жабдықтардың жұмыс кезінде тоқтап қалуы көбейеді, оны жүргізетін адамдар көп қателіктер жібереді, т.с.с. жағдайлар болады. Ал сол жағдайлардың шарықтау шегіне жеткен кезде халық пен қоршаған ортаға жайсыз тиетін, энергия мен заттың белгілі бір мөлшері агрегаттардан босанып шығып кетеді. ТЖ-ның бір ерекшелігі оның тізбекті сипат алуында. Мысалы, жоғарыда айтылған ТЖ-ның шарықтау шегіне жеткен сатысында алғашқы ынталана өсу кезінде басталған қирату факторлары энергиямен толыққан, уланған, биологиялық белсенді бөліктердің қосылуы арқасында бірнеше есе күшейеді.

ТЖ-ның өшу сатысы уақыт есебімен алатын болса ол қауіптілік көзінің шектелуінен бастап (ТЖ-ны шектеу) оның тура және жанама салдарларының әсерінен болған зардапты (залалды) толық жойғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Бұл сатысының ұзақтығы жылдарға, ондаған жылдарға созылуы мүмкін.

№4 дәріс.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар.

Табиғат зілзаласы дегеніміз – бұл төтеншелік ерекшелігі бар тұрғындардың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.

Табиғат зілзалаларына мыналар жатады: жер сілкінісі, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні мен қар басу, сел, дауыл мен құйын, өрттер. Табиғат зілзалаларына қуаңшылық, ұзақ жауған нөсер жауын, күшті тұрақты аяз, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия, орман мен ауыл шаруашылық зиянкестерінің жаппай таралуы да жатады.

Табиғат зілзалалырынан зардап шекен адамдардың саны айтарлықтай болуы мүмкін, ал зақымдау сипаты алуан түрлі. Адамдар бәрінен көбірек су басудан (жалпы зиянның 40%), дауылдан (20%), жер сілкінісінен (15%), қуаңшылықтан (15%) азап шегеді.

Жер сілкінісі деп жер қыртысы немесе жер мантиясының жоғарғы қабатының кенеттен сөгілуі мен жылжуының салдарынан пайда болып, сонан кейін үлкен қашықтықтарға берілетін жер дүмпулері мен тербелістерін айтады. Жер сілкінісі техтоникалық не жанартау себептерінен болады. Жер сілкінісінің шыққан жері жер сілкінісінің ошағы деп аталады, бұл ошақта жерде жинақталған энергияның көп мөлшері бөлініп шығады. Ошақтың кіндігін гипоцентр (гипорталық) деп атайды да, оның жер үстіндегі проекциясын эпицентр (жер сілкінісінің кіндігі) дейді. Жер сілкінісі кезінде гипоцентрден жан-жаққа қарай серпімді сейсмикалық толқындар тарайды. Бұл толқындар қума және көлденең толқындар түрінде болады да жер бетіне шыққан соң беттік толқын түріне айналып жан-жаққа үлкен аумаққа тарайды. Күшті жер сілкіністерінде жер топырағының тұтастығы бұзылады, үйлер мен құрылыстар қирайды, коммуналдық-энергетикалық тізбектер, қатынас коммуникациялары мен байланыс желілері істен шығады, сумен қамтамасыз ету және канализация желілерінің зақымдануына, КӘУЗ тарайтын химиялық кәсіпорындағы,АЭС-тағы атмосфераны РЗ улайтын апаттарға себеп болады, адамдар шығыны да болуы мүмкін. Сонымен қатар жер сілкінісі опырылма, көшкін, сел, цунами, су тасқыны (бөгеттердің қирауынан), өрттер (мұнай сақтағыштар мен газ өткізгіштердің зақымдануынан) сияқты табиғат зілзалаларының тууына себеп болады. Жер сілкінісі кезінде әртүрлі дыбыстар (гүріл-сарыл) қосарлана шығады, бұл дыбыстар күшті сілкініс кіндігінің қашықтығына байланысты болады. Жер сілкінісі жер шарында күн сайын, ал ылына барлығы 100 000 шамасында болады. Алайда барлық жер сілкіністері қауіпті емес, олардың тек бірнеше ондағаны ғана қиратушы.

Жер сілкінісінің негізгі сипаттамасы мыналар: ошақ тереңдігі, магнитуда және жер бетіндегі энергия қарқыны.

Жер сілкінісінің ошағының тереңдігі (ауқымы) әдетте 10 км-ден 30 км дейін, кейбір жағдайда одан да көп болуы мүмкін.

Магнитуда жер сілкінісінің жалпы энергиясын сипаттайды және эпицентрден 100 км қашықтықта сейсмограмма бойынша өлшенген топырақтың микронмен есептелген ығысуының ең үлкен амплитудасының логарифімін көрсетеді. Магнитуда (М) Рихтер шкаласы бойынша 0-ден ... 9-дейін (ең күшті жер сілкінісі) аралығында өзгереді. Оның әр бірлікке артуы топырақтағы тербеліс амплитудасының он есе өскенін және энергияның 30 есе артқанын білдіреді. Мысалы, М=7 жер сілкінісінің топырақ ығысуы М=5 болған жағдайдағымен салыстырғанда 100 есе артық, сонымен бірге жер сілкінісі энергиясы 900 есе артады.

Жер бетіндегі энергия қарқыны баллмен өлшенеді. Ол ошақ тереңдігіне, магнитудаға, эпицентр қашықтығына жердің геологиялық құрылысына және тағы да басқа факторларға байланысты. Біздің елде жер сілкінісінің энергия қарқынын өлшеу үшін 12 баллдық МSК-64 шкаласы қолданылады.

Жер сілкінісінің кейбір мәліметтері 2 – кестеде келтірілген.

Шартты түрде жер сілкінісі әлсіз (1-4 балл), күшті (5-7 балл) және өте күшті (8 балл және жоғары) болып бөлінеді. 4 баллдық жер сілкінісінде заттардың жеңіл қимылдағаны байқалады; ал 6 баллда ғимараттардың жеңіл зақымдалуы орын алады; 9 баллда тас үйлер күшті зақымдалады және қирайды; 11 балл кезінде жер бетінде үлкен жарықтар, опырылмалар пайда болады; 12 балл кезінде өзен арналарының өзгеруін бақылауға болады.

2 – кесте

Магнитуда Рихтер

бойынша

Әлемдегі жер сілкінісінің 1 жылдағы орташа саны

Жер сілкінісінің ұзақтығы, с

Жердің қатты сілкінуіне ұшыраған ауданның радиусы, км

8,0 – 8,9

15

30 – 90

80 – 160

7,0 – 7,9

140

20 – 50

50 – 120

6,0 – 6,9

9001

10 – 30

20 – 80

5,0 – 5,9

900

2 – 15

5 – 20

4,0 – 4,9

8000

0 - 5

0 – 15

Жер сілкінісінен қорғану үшін елдің әр аймақтарында күні бұрын сейсмикалық қауіпті аймақтар анықталынады, яғни сейсмикалық ауданға жіктеу жүргізіледі. Сейсмикалық аудандарға жіктеу картасында, әдетте, МSК-64 шкаласы бойынша 7-8 балл шамасындағы жер сілкінісі болатын облыстар белгіленеді. Сейсмикалық қауіпті аудандарға ғимараттар, құрылыстар және басқа объектілерді тұрғызған кезде және қайтадан жарақтағанда барлық нормалар мен ережелердің қатаң орындауды талап етуден бастап қауіпті өндірістерді (химиялық зауыт, АЭС және т.б.) тоқтатуға дейінгі әр түрлі қорғаныс шаралары қарастырылады.

Сонымен, жоғарыда көрсеткеніміздей жер сілкінісінің қарқындылық баллдары мен магнитуда мәндері бір-біріне сәйкес келмейді екен. Магнитуда мен баллдың мөлшерлердің бір-бірімен ара-қатынасы жер сілкінісі ошағының тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, магнитудасы бірдей екі жер сілкінісінің қайсысының ошағының тереңдігі аз болса, сонысының жоғарыдағы қарқындылық күші басым болады.

Ал өмірдегі күнделікті жағдай да бұларды салыстыру үшін Шебалиннің кестесін (3-кесте) пайдалануға болады.

3 – кесте.

Магнитуда мәндері

4,0

5,0

6,0

7,0

8,0

Жер сілкінісі ошағының тереңдігі, (км)

3

5-10

5

10

10

20

15

30

25

40

МSК-64 шкаласы бойынша қарқындылық мөлшері, балл

VII

VI

VIII

VII

VIII - IX

VII - VIII

IX - X

VIII - IX

X - XI

IX - X

Су тасқыны деп әр түрлі себептер (көктемгі қардың еруі, қатты жауын мен нөсер, өзендегі мұздардың арнаға симауы, бөгеттің бұзылуы, судың қатты жел әсерінен болатын ағысы және т.б.) салдарынан болатын өзендегі, көлдегі, су қоймасындағы су деңгейінің көтерілу нәтижесінде үлкен аумақтың уақытша су астында қалуын айтады. Су тасқыны жер сілкінісінің нәтижесінде де болуы мүмкін. Су тасқыны тек табиғаттың салдарынан ғана емес (нөсерлі жауы,қардың еруі, цунами) адамдардың да әр түрлі іс-әрекетінің (гидротехникалық құрылыстардың қирауы – бөгеттер, су қоймалары) нәтижесінде де болады. Су тасқыны ауыр табиғи апаттарға жатады.

Су тасқыны орасан зор материалдық нұсқан келтіріп, көптеген адамдар өліміне себепкер болады.

Су тасқынының тікелей материалдық нұсқаны болып тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, автомобиль және темір жолдарының, электр желісі мен байланыс жүйелерінің,мелиоративтік тораптардың зақымдануы мен қирауы, малдар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының жойылуы, шикізаттың бұзылуы; жанармай, азық-түліктер, жем-шөп, тыңайтқыш және т.с.с шығыны болып табылады.

Су тасқыны электр кабельдері мен өткізгіштердің және канализация құбырларының бұзылуына, сондай-ақ жер астында орналасқан электр, теледидар, телеграф кабельдерінің топырақтың бір қалыпты емес шөгуінен істен шығуына себеп болады.

Су тасқынын болжауға, уақытын анықтауға болады. Мұны анықтау – құтқару шараларын ұйымдастыру мен едәуір шығынды төмендетуге ықпал жасайды.

Су тасқынымен күресудің негізгі бағыты болып өзендегі судың ең көп мөлшерін жан жаққа ағызып тарату арқылы азайту болып табылады (орман қорғайтын жолақтар отырғызу, беткейге көлденең жер жырту, жағалау маңайындағы су қорғайтын өсімдіктер жолақтарын сақтау, беткейлерді террастау және т.б.)

Сонымен қатар жаңбыр мен еріген суларды жинау үшін сайларды, әртүрлі тоған сияқты орындарды тұрғызу да тиімді болып есептеледі. Орташа және ірі өзендер жағдайындағы бірден-бір тиімді әдіс – су тасқыны ағынын су қоймасы көмегімен реттеу.

Сонымен бірге су тасқынынан қорғану үшін ертеден келе жатқан әдіс-бөгеттерді тұрғызу кең қолданылады. Судың бір орынға жиналып қалу қауіпін жою үшін өзен арналарының жекелеген бөліктерін түзету, тазарту, тереңдету жұмыстары және мұздарды бұзылудан 10-15 күн бұрын арнайы жарылыспен бөлшектеу жүргізіледі. Зарядтарды мұздың қалыңдығынан 2,5 есе тереңдікке орналастыру тиімді. Өзен тасудан 15-25 күн бұрын мұз қабатына тұз қосылған, ұнтақталған шлактарды себу де сондай нәтиже береді.

Мұздардың бір орынға жиналып қалу аймағы 3-4 м аспаған жағдайда, оларды өзен мұзжарғыштармен жояды.

Сырғыма деп әртүрлі себептермен (тау жыныстарының жаңбыр және дер асты суларымен шектен тыс ылғалдануынан беріктігінің әлсіреуі, адамдардың жөнсіз әрекетері, жиі дүмпулердің т.б.) бұл ауырлық күшінің әсерінен тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде тау жыныстарының массасының беткей бойымен төмен қарай сырғып жылжуын айтады.

Сырғымалар еңкіштігі 200 одан артық барлық беткейлерде және жылдың кез-келген уақытында байқалуы мүмкін. Олар тау жыныстарының жылжу жылдамдықтарымен (баяу, орташа және тез) ғана емес, өзінің әсер ету аймағының шамасымен де бөлінеді. Тау жыныстарының баяу қозғалуының жылдамдығы жылына бірнеше ондаған сантиметр, орташа жылдамдығы - сағатына не тәулігіне бірнеше метр және тез болған жағдайда - сағатына ондаған және одан да артық километр шамасында болады.

Тез жылжуға - сумен қатты материал араласқандағы пайда болған сырғыма - ағыстар, сондай-ақ қар және қар-тас көшкіндері де жатады. Тек жылдам сырғымалар ғана адам шығынын тудыратын апаттың (катастрофаның) себебі болуы мүмкін.

Сырғыма кезіндегі жылжитын тау жыныстарының көлемі бірнеше жүздеген текше метрден миллиондаған, тіпті миллиардтаған текше метр шамасына дейін жетеді.

Сырғымалар елді мекендерді қиратуы, ауыл шаруашылығы жайлымдарын жоюы, карьерлерді пайдаланғанда және пайдалы қазбаларды шығарғанда қауіп тудыруы мүмкін. Сонымен қатар байланыс тораптарын, туннельдерді, құбырларды, телефон және электр жүйелерін, су шаруашылығы құрылыстарын, ең бастысы бөгеттерді қиратып, істен шығарады. Сонымен бірге олар жасанды көлдің пайда болуынада себеп болып, су тасқынын туғызуы мүмкін, қорыта айтқанда, ШЖО-ға әкелетін нұқсаны орасан зор.

Сырғымадан қорғанудың тиімді әдісі - оның алдын алу. Осы шаралар жиынтығы арасынан жоғары беттегі суларды жинап бұру, рельефті жасанды әдіспен өзгерту (беткейге түсетін салмақты азайту), беткейлерді тірегіш қабырғалар көмегімен бекіту сияқты жұмыстарды атаған жөн.

Қар көшкіндері - өте көп жауған (бірнеше күн) қардың әсерінен қардың ілінісу күші белгілі бір шектен асқасын, қар массасының (гравитация ) тау баурайымен жылжуы, Бұл қыс кезінде тау ішінде болатын апаттарының бірі. Қар көшкіні сырғымаға жатады және оның пайда болу себебі де соған ұқсас. Қар көшкіні қар қиыршықтары мен ауаның қоспасынан тұрады. Ірі қар көшкіндері 25-600 беткейлерде пайда болады. Сусыма шөп өскен беткейлер сең қауіпті болып келеді. Бұталар, ірі тастар және басқа да кедергілер көшкіннің пайда болуын тежейді. Ормандарда қар көшкіні өте сирек пайда болады.

Көшкіннен қорғану белсенді және белсенді емес түрде болуы мүмкін. Белсенді емес қорғану жағдайында көшкінге бейім беткейлерді пайдаланбау мүмкіндігін қарастырады не қоршау қалқандарын орнатады. Белсенді қорғану әдісіне, қауіпсіз көшкіндерді жасанды түрде тұрғызу үшін беткейлерді әдейі атқылап, қар жиынтығының қауіпті шамасының жиналуына осылайша кедергі жасайды.

Мұз қату - ауа-райы температурасының кенет төмендеп, жердің және заттардың бетіне мұздын қатуы. Мұз қату жағдайы әуе қатынасына өте қатерлі, антенна – мұнара құрылыстарына көп зиян тигізеді, автокөлік жолдарында көк тайғақ пайда болады, электр күшімен жүретін көліктердің троллейбус, трамвай, электр пойызы) жоландағы жоғарғы жақтағы электр желілеріне мұз қатады. Бұрынғы кезде халық көшпенділік өмір сүрген кезде мұндай мұз қатулар мал қырғынына ұшыратып, елге жұт әкелген.

Қар басу – ұзақ қалың жауған қар. Қар басу мал шаруашылығына үлкен шығын әкеледі, кейде толығымен елді мекендерге, автокөлік пен темір жолдардағы қалыптасқан тіршілікті бұзуға әкеледі.

Сел – су деңгейінің күрт көтерілуі бұзылған тау жыныстарының көбейген кездегі (10%-дан 75%-ға дейін) қоспаларының салдарынан тау өзендерінің арналарында кенеттен пайда болатын уақытша тасқын.

Сел қатты толассыз жауған нөсер жауыннан, сырғыма мұздақ немесе маусымды қардың күрт ери бастауынан, сондай-ақ өзен арнасына сырғыған топырақ пен шөп-шаламның көп түсуі (жердің еңістілігі 0,08-0,1-ден кем болмаған жағдайда) салдарынан пайда болады.

Сел өзеннің құрамы жағынан балшық пен тас араласқан лайлы, су мен тас араласқан және су мен ағаш араласқан селдер деп, ал физикалық түрлері жағынан байланыссыз және байланысты деп бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын – қатты заттар қосылыстары бар су, ал байланысты селдер – судың негізгі массасы ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады.

Сел жай тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады. Селдің бір олғы ағызындыларының көлемі жүздеген мың, ал кейде, тіпті, миллион текше метрге дейін жетеді, домалата ағызатын тас кесектерінің көлемі (көлденеңінен) 3-4 м, салмағы 100-200 тоннадан асады. Аумағы үлкен әрі қозғалысы жылдам болғандықтан селдер жолдары, ғимараттарды жыртылған жерлерді және т.б. бүлдіреді.

Селдің пайда болу жолдары алуан түрлі. Дегенмен, тәжірибеде сел тасқындары көбінесе, негізінен нөсердің жиі жаууынан, сырғыған топырақ пен шөп-шаламның үйіліп қалуынан, су бетіндегі ағынның күшеюінен пайда болатынын көрсетіп жүр.

Жер қыртысының шөгінділер қорына байланысты сел бассейндерін екі түрге бөледі: біріншісі үлкен сел тасқындарын тудыра алатындай едәуір мөлшерде бос борпылдақ шөгінділер. Екіншісі борпылдақ бос шөгінділер сел жүріп өткен кезең аралығында құрайды.

Дауыл - бұл күші Бофорт шкаласы бойынша 12 балл, яғни жылдамдығы 32,6 м/с (117,3км/саг) болатын жел. Тынық мұхиттын Орталық Американың жағасына жақын маңайда пайда болған тропикалық циклондарды да дауыл деп атайды. Қиыр Шығыста және Индия мұхиты аумағындағы дауылдар (циклондар) тайфун деп аталады. Тропикалық циклондар кезінде желдің жылдамдығы 50 м/с жиі асады. Циклондар мен тайфундар, әдетте нөсер жаңбырлармен қоса жүреді.

Цунами - су астындағы және жиектегі күшті жер сілкінісінің және жанартаулардың атқылауы нәтижесінде пайда болатын теңіздегі гравитациялық толқындар. Цунами толқындары үлкен жылдамдықпен (50-1000 км/сағ) таралады. Толқындардың пайда болатын жеріндегі биіктігі 5 м дейін болуы мүмкін, бірақ жағаға жақындаған кезінде кенет тежелуінің нәтижесінде олардың биіктігі 1О м жетуі мүмкін, ал рельефі қолайсыз учаскелерде (сына тәрізді шығанақ, өзен сағасы және т.б.) 50 м және оданда асып кетуі ықтимал.

Өрттер - бұл адам өміріне қауіп төндіретін, материалдық құндылықтарды жоятын бақыланусыз қалған жану процесі.

Өрттер – қауіпті табиғат зіл-заласы болып табылады. Олар қуаңшылық кезде ормнда, шым тезектерде және елді-мекендерде пайда болуы мүмкін.

№ 5 – 6 дәріс.

Жаппай қырып жою қаруы.

Ядролық қару деп зақымдағыш әсері ядролық бөліну немесе синтез реакциялары кезінде бөлінетін энергияға негізделген қаруды айтады. Бұл жаппай қырып-жоятын қарулардың ең қуатты түрі болып табылады.

Ядролық қару адамдарды жаппай қыруға, әкімшілік және өнеркәсіп орталықтарын, әр түрлі аймақтарды, ғимараттарды, техниканы талқандауга, қиратуға немесе жоюға арналған қару.

Ядролық жарылыстың әсері ондағы оқ-дәрінің қуатына, жарылыстың түріне, ядролық зарядтың түріне байланысты. Ядролық оқ-дәрінің куаты тротильдік эквивалентпен сипатталады, яғни тринитротолуолдың (тротил) массасымен, оның жарылысының энергиясы берілген ядролық оқ-дәрінің жарылысының энергиясына эквивалентті және тонна, мың және миллион тонна болып өлшенеді. Қуаты бойынша оқ-дәрілер өте кіші (1 мын т- дан аз), кіші (1-10 мың т.), орташа (10-100 мың т.) үлкен (100 мың – 1млн т.) және өте үлкен (1 млн т-дан астам) болып бөлінеді.

Ядролық жарылыс жер (су) бетінде жер (су) астында немесе әуеде әр түрлі биіктікте жүргізілуі мүмкін. Осыған байланысты жарылыстарды келесі түрге бөліп, ажыратады: жер бетіндегі, жер астындағы, су түбіндегі, әуедегі және биіктіктегі жарылыстар.

Жер үстіндегі ядролық жарылыс - жер бетінде немесе жарылыстың жарқыраған аумағы жерге жанасатындай биіктікте жүргізілген және формасы жарты сфераға ұқсас жарылыс. Бұл кезде жер үстіндегі жарылыстың жер бетінен биіктігі Н≤3,5image001.jpg (q - жарылыс қуаты,т) болады. Жер үстіндегі жарылыс кезінде жерде шұңқыр пайда болады,оның диаметрі мен биіктігі жарылыстың биіктігіне, қуатына және топырақтың түріне байланысты.

Жер үстіндегі жарылысты өте берік ғимараттарды қирату үшін және сол аумақты көбірек радиоактивті жарақаттау үшін пайдаланады.

Әуелдегі жарылыс – жер бетіндегі минимальды биіктігі Н˃3,5image001.jpg болатын және жарқыраған аумағы жерге жанаспайтын және формасы сфера сияқты жарылыс. Оны аласа (3,5image001.jpg˂Н˂10image001.jpg) және биік (Н˃10image001.jpg) әуедегі жарылыс деп, екі бөліп ажыратады. Аласа әуедегі жарылыс кезінде соққы толқын жерге тиіп, қайта көтеріліп, жарқыраған аумақтың төменгі жағын біраз өзгертіп жіберуі де мүмкін.

Беріктігі нашар ғимараттарды қирату үшін, үлкен аумақтағы адамдар мен техниканы жарақаттау үшін немесе сол аумақты күшті радиоактивтік залалдауға жол берілмеген кезде әуедегі ядролық жарылыс қолданылады.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары және олардың адамдарға, ғимараттарға және құрылыстарға тигізетін әсері. Ядролық оқ-дәрінің жарылысы кезінде бөлініп шығатын зор энергия ауаның соққы толқынын, жарықтың сәулеленуді, өткіш радиацияның аумақтың радиоактивтік залалдануының және электромагниттік импульстің, яғни ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларының пайда болуына жұмсалады.

Соққы толқыны. Ядролық жарылыстың соққы толқыны зақымдаушы факторлардың негізгілерінің бірі. Соққы толқынының пайда болған және таралған ортасы – ауада, суда және жерде болғанына байланысты - ауадаға соққы толқыны, судағы соқы толқыны, сейсможарғыш соққы толқыны деп атайды.

Ауадағы соққы толқыны деп жарылыс кіндігінен жан-жаққа дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен таралып жатқан ауаның күшті сығылған аумғын айтамыз. Қысымның лезде өсуімен сипатталынатын толқынның алдыңғы шетін – соққы толқынының алдыңғы шебі деп айтады.

Жарылыстың соққы толқыны өте күшті, әрі зор энергяға ие болады. Ол жарылыс болған жерден бірталай ара қашықтықтағы адамдарды жарақаттап, әр түрлі ғимараттарды, үйлерді әскери техниканы және т.б.қиратады. Соққы толқынының таралуына және оның қиратқыш әсерлеріне жарылыс болған жердің бедері, орман алқабы және ауа-райынада әсері бар.

Соққы толқынының зақымдағыш әсерлерін анықтайтын негізгі параметрлеріне мыналар жатады: толқынның алдыңғы шебіндегі артық қысым ΔРш (осы шептің алдындағы соққы толқынының шебіндегі максималды қысымның осы шептің алдындағы атмосфералық қысымнан Р0 айрмасы), шапшаң ауа қысымы ΔРшап (толқындағы қоғалып бара жатқан ауа ағынынан туындайтын динамикалық қысым), артық мөлшердегі қысымның әсер ету уақыты τ+ . «СИ» жүйесіндегі артық қысымның және жылдам ауа қысымының өлшем бірлігі Паскаль (Па), жүйеден тысқары бірлік – бір кв.см –дегі кг-күш (кгс/см2). 1кгс/см2≈100кПа.

Артық қысымның мәні негізінен жарылыстың қуатына, түріне және ара қашықтығына байланысты. Басқа жағдайлардың (аумақтың бедері,метеожағдай және т.б.) тигізетін әсерлері жарылыстардың әр түрлі жағдайлары үшін анықталатын шамалардың мәндеріне тиесілі түзетулер енгізулер арқылы ескерілуі мүмкін.

Толқынның қарастылған таралу сипатынан жер үстіндегі ядролық жарылыстың соққы толқынының шамалы ара қашықтығы зақымдау радиусы қуаты бірдей әуедегі жарылыстың соққы толқынының зақымдау радиусына қарағанда үлкенірек екені көрінеді. Ал алысырақ ара қашықтарда керісінше әуедегі жарылыстың зақымдау радиусы үлкенірек, өйткені тура түсетін және кейін серпілетін соққы толқындарының біріккен әсер етуінің әсері. Мысалы, қуаты 1Мт әуедегі жарылыстың соққы толқынының алғы шебіндегі артық қысымы 80кПа 2600м ара қашықтықта, жер үстіндегі жарылыста 3100м ара қашықтықта байқалады; 10кПа артық қысым сәйкесінше 14000м және 11000м ара қашықтықтарда.

Ядролық жарылыстың эталондық қуаты үшін, жарылыс кіндігінен берілген ара қашықтықтағы толқын соққысының артық қысымын кестенің және графиктің көмегімен анықтауға болады. Басқа қуаттағы жарылыстың соққы толқынының параметрлерін анықтау үшін ұқсастық заңы қолданылады.

Ядролық оқ-дәрілердің жер ішіндегі жарылысы кезінде оның энергиясының негізгі бөлігі жерді қоршаған массаға беріледі, сөйтіп, жерді жер сілкінісінің әсер етуіндегідей етіп сілкіндіреді.

Ядролық жарылыстың соққы толқыны әдеттегі оқ-дәрінің жарылысы кезіндегі сияқты адамдарға әр түрлі жарақат алып келеді, тіпті адам қайтыс болуы да мүмкін. Ядролық жарылыс кезіндегі соққы толқыны жай, қарапайым оқ-дәрінің жарылысы кезінде пайда болатын соққы толқынына қарағанда көбірек аумақты қамтиды.

Адамдардың зақымдануы соққы толқынының тікелей және жанама түрде әсер етуінен болады. Соққы толқынының тікелей әсер етуі кезіндегі жарақат алуының негізгі себебі ауа қысымының лезде көтерілуі, оны адамдар күшті соққы ретінде қабылдайды. Бұл кезде ішкі органдардың зақымдануы, қан жолдарының жарылуы, құлақ ішіндегі дабыл жарғақшасы, мидың шайқалуы әр түрлі сүйек сынулары және т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар ауаның жылдам қысымы соққы толқынының лақтыру күшін туғызып, адамдарды едәуір қашықтаққа лақтырып тастайды және олар жерге құлаған кезде әр түрлі зақымдану алуы мүмкін. Ауаның жылдамдықты қысымының лақтыру әсер етуі ауа қысымының артық қысымы 50 кПа-дан артық болған аймақта байқалады, яғни ауа қозғалысының жылдамдығының 100 м/с-тен артық болғанда, яғни бұл дауылдың жылдамдығынан 3 есе артық.

Жеңіл зақымдану соққы толқынының шебінде артық қысымы ΔРш=20-40 кПа (0,2-0,4 кгс/см2) кезінде пайда болады әне жеңіл контузия болуымен, құлағының уақытша естімеуі, жеңіл жарақаттармен және буындардың шығуымен сипатталады.

Орташа зақымдану соққы толқынының шебінде артық қысымы ΔРш≈40-60 кПа (0,4-0,6 кгс/см2) кезінде пайда болады және ми шайқалуымен, адамның есінен тануымен, есту органдарының бұзылуымен, мұрын мен құлақтан қан ағуымен, аяқ-қолдың сынуымен әне буынның таюымен сипатталады.

Ауыр және өте ауыр зақымдану артық қысымның мына ΔРш≈60-100 кПа (0,6-1,0 кгс/см2) және ΔРш˃100кПа (1,0 кгс/см2) көлемдегі кезінде пайда болады және ми шайқалуынан ұзақ уақыт есінен тануы, ішкі органның зақымдануы, аяқ-қолдың ауыр түрде сынуымен және т.б. сипатталады.

Қираған үйлер мен құрылыстардың сынықтарымен, тастардың, талдың, шыны сынықтарының және басқада заттармен адамдардың зақымдануы соққы толқынының жанама әсері.

Соққы толқынының әсерінен үйлер мен құрылыстардың қирауының негізгі себебі соққы толқынның қабырғаға соғып кейін қайтқан сәттегі пайда болатын алғашқы соққы. Зауыт құбырларының, электр желілерінің тұғырларының, бағаналардың, көпір фермаларының және сол сияқты объектілердің қирауы ауанын жылдамдық қысымының әсерінен болады.

Жер асты құрылыстары (панахана жасырынатын орын, коммуналдық шаруашылықтың жер асты жүйесі) жер үсті құрлыстарына қарағанда аз мөлшерде қирайды. Жер үсті ғимараттары мен құрылыстарының ішінде соққы толқынының әсеріне ең төзімдісі металл каркасты ғимараттар мен сейсмикалық төзімді құрылыстар.

Соққы толқынның әсерінен пайда болатын күштен ғимарат пен құрылыс толық (>40-60 кПа), күшті (>20-40 кПа), орташа (≥10-20 кПа) және әлсіз (>8-10 кПа) қирауы мүмкін.

Соққы толқынының ерекшелігі герметикасы нашар жасырынатын орындардың ауа тартатын құбыры, желдеткіштері арқылы ішке ене алатын және ондағы заттарды қиратуға, адамдарға зақым келтіруге қабылеттілігі. Мұндай жағдайлар болмас үшін панаханалар толқын өшіргіш құрылғылармен жабдықталады.

Соққы толқыны орманның жаппай қирауына әкеліп соқтырады. Артық қысымы 50 кПа-дан артық аймақта орман толық жойылады және түрі ол жерде ешқандай өсімдік өспеген сияқты болып көрінеді; мұндай жерде үйінді де, өрт те жоқ. Артық қысымы 50-30 кПа аймақта тұтас үйінділер болады және ағаштардың 60% қирайды; 30-10 кПа қысымдағы аймақта бірең-саран үйінділер байқалады және 30% дейін ағаштар қирайды.

Соққы толқынынан панахана сенімді түрде қорғайды. Олар жоқ кезде РҚБ, жер асты кеңістіктері, жер бедері пайдаланылады.

Жарықтықсәулелену. Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуі деп ядролық жарылыс кезіндегі жарқылдың ультрокүлгін, көрінетін және инфрақызыл спектрі аумағында электромагниттік сәуле шығаруын айтады.

Жарықтық сәулеленудің әсер ету уақыты мен жарқыраған аумағы ядролық жарылыстың қуатына байланысты. Сәуле шығару уақытының ұзақтығы арқылы ядролық жарылыстың күштілігінің шамасын шамалауға болады.

Эмпиризмдік формула timage002.jpg -дан, мұндағы t - жарқырау ұзақтығы, с; q - ядролық жарылыстың қуаты, мың т, жарықтық сәулеленудің жер үсті және әуедегі жарылысының қуаты 1 мың т болғанда 1 с, 10 т болғанда 2,2 с, 100 мың т болғанда 4,6 с, 1 млн т болғанда 10с болатындығын көруге болады.

Ядролық жарылыстан пайда болатын жарықтық сәулелену адамдарға зақым келтіреді, сонымен қатар ғимараттарға, құрылысқа, техникаға, орманға өрт қауіп төндіреді.

Ашық жердегі жарықтық сәулелену соққы толқыны мен өткіш радиацияға қарағанда әсер ету радиусы үлкен.

Жарықтық сәулеленудің зақымдағыш әсерін анықтайтын негізгі параметрі жарық импульсі (Uж).

Өткіш радиация.Ядролық жарылыстың өткіш радиациясы деп жарылыс аумағы мен бұлтынан шығатын гамма – сәулеленуі мен нейтрондар түйдегін айтады.

Өткіш радиация көзі болып жарылыс кезіндегі ядролық реакция және жарылыс бұлтындағы жарылыс өнімдерінің радиоактивтік ыдырауы болып табылады.

Өткіш радиацияның жер үстіндегі объектілерге әсер ету уақыты 15-25с және ол жарылыс бұлтының көтерілу уақытымен анықталады (2-3 км биіктікте). Бұл биіктікте гамма-нейтрон сәулелері ауа қабатында жұтылып, іс жүзінде ер бетіне жетпейді.

Өткіш радиацияның зақымдағыш әсерін сипаттайтын негізгі параметр сәулелену дозасы (D).

Сәулелену дозасы – бұл сәулеленген ортаның бірлік массасының сіңірген тондағыш сәулеленуінің энергиясының мөлшері. Сәулелену дозасы – экспозициялық, сіңірілген және эквивалентті болып бөлінеді.

Экспозициялық доза – бұл ауадағы сәулеленудің дозасы. Ол иондағыш сәулеленудің әсерінен адам денесін жалпы және біркелкі сәуле шалуының патенциалды қауіпін сипаттайды. Экспозицилық доза бірліктер жүйесінде (СИ) килограммға келетін кулонмен (Кл/кг) өлшенеді. Сәулеленудің экспозициялық дозасы бірлік жүйесінен тыс рентгенмен (Р) өлшенеді: 1Р=2,58*10-4Кл/кг.

Рентген (Р) – бұл 1см3 құрғақ ауаның (t=00С, қысымы 760 мм с.б. кезіндегі) әрбір заряды электронның зарядына тең 2,08 миллиард жұбын иондайтын гамма – сәулеленудің дозасы.

Сіңірілген доза – иондағыш сәулеленудің биологиялық ұлпаларға әсер етуін дәл сипаттайды. Бірліктер жүйесінде ол греймен (Гр) өлшенеді. 1Гр-бұл сіңірілген доза, мұнда 1 кг сәулеленетін зат 1 Дж энергияны сіңіреді. 1Гр=1Дж/кг. Сәулеленудің сіңірілген дозасының жүйеден тыс бірлігі радиан. 1 рад доза, сәуле шалуға ұшыраған заттың әр грамы 100эрг энергия сіңіргендігін білдіреді. Радтың дозиметрлік бірлік есебіндегі жақсы жағы, ол сәулеленудің әр түрін кез келген ортада өлшеуге қолдануға болатындығы. 1рад=10-2Гр немесе 1Гр=100 рад; 1 рад=1,14Р немесе 1Р=0,87рад.

Иондағыш сәулеленулердің биологиялық әсерін бағалау үшін эквиваленттік доза қолданылады. Ол сіңіріген доза мен сапа деп аталатын коэффициентінің көбейтіндісіне тең. Рентген, гамма және бета сәулеленулер үшін К=1; энергиясы 20кэВ-тен аз нейтрондар үшін К=3; 01-10мэВ үшін К=10.

СИ жүйесінде эквиваленттік дозаның сапа бірлігі болып зиверт (Зв) қолданылады, тыс бірліктер жүйесінде радтың биологиялық эквиваленті алынады: 1 Зв=100 бэр=1Гр*К.

Өткіш радиация ортада тарағанда, оның атомдарын иондайды, ал тірі ұлпадан өткенде жасуша құрамына кіретін атомдар мен молекулаларды иондайды. Бұл қалыпты зат алмасуының бұзылуына әкеледі, жасушалардың, кейбір мүшелер мен ағза жүйелерінің тіршілік әрекетін өзгертеді. Осындай әсердің нәтижесінде сәулелену дерті пайда болады.

Төрт тәулікке дейінгі қабылданған сәуле шалу бір қайтара, ал төрт тәуліктен аса уақытта кабылданған сәуле шалу көп қайтара деп есептеледі.

Төрт тәулік ішінде 50 Р дейінгі бір қайтара сәуле шалуда, сондай-ақ 10-30 күнде 100 Р дейінгі жүйелі сәуле шалуда сәулелену дертіне тән белгілер байқалмайды, сондықтан қауіпсіз деп саналады.

Бір қайтара сәуле шалу дозасы 100Р асқанда сәуле дерті пайда болады.

Адам ағзасының бір қайтара сәуле шалу дозасына байланысты сәуле дерті төрт дәрежеге бөлінеді.

Сәулелік дерттің І дәрежесі (жеңіл) - сәулеленудің дозалар жиынтығы 100-200 рад болғанда пайда болады. Жасырын кезең 3-5 аптаға созылады, одан кейін дімкәстік, жалпы әлсіздік пайда болады, жүрек айниды, бас айналады, температура жоғарылайды. Аурудан айыққаннан кейін адамдардың еңбек ету қабілеті сақталады.

Сәулелік дерттің ІІ дәрежесі (орта) - сәулеленудің дозалар жиынтығы қосындысы 200-400 рад болғанда пайда болады. Алғашқы 2-3 тәулік бойында ағзаның алғашқы күшті реакциясы (жүрек айну және құсу) байқалады. Одан 15-20 тәулікке созылатын жасырын кезең басталады. Дерттің белгілері енді айқын білінеді. 2-3 ай жақсы емделуден кейін науқас айығады. 20% жағдайда адам өледі.

Сәулелік дерттік ІІІ дәрежесі (ауыр) сәулеленудің дозасы 400-600 радта пайда болады. Алғашқы реакция айқын байқалады. Жасырын кезең 5-10 тәулік. Ауру жедел және ауыр түрде өтеді. Сәтті жағдайда 3-6 айдан кейін айығуы мүмкін. 20-70% жағдайда адам өледі.

Сәулелік дерттің ІV дәрежесі (аса ауыр) 600 радтан аса дозада пайда болады. Өте қауіпті, аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

Сәуле шалу кезінде сәулелелену дозасы 5000 радтан аса болса, онда сәулелік дерттің қауырт түрі пайда болады. Бұл кезде алғашқы реакция сәуле шалғаннан кейінгі бірінші минуттарда пайда болады, ал жасырын кезең мүлде болмайды. Зақымданғандар сәуле шалғаннан кейінгі алғашқы күндерінде өледі.

Сәулеленудің шамалы мөлшерінің өзі ағзаны инфекцияға қарсылығын төмендететіндігін, ұлпалардың оттектің жетіспеушілігіне және қан алмасудың процесін нашарлататындығын ескерген жөн.

Сәуле дертінің сипаттамасы бойынша өткір және созылмалы болып бөлінеді. Өткір сәуле дерті бір қайтара немесе екі-үш қайтара радиоактивті сәуле шалғанда дамиды. Созылмалы сәуле ауруы кішкене мөлшерімен ұзақ уақыт сәуле шалған кезде дамиды. Ядролық зақымдануда алғашқы кезде өткіp сәуле ауруы маңызды орын алады.

Сәуле дерті негізінен төрт кезеңнен өтеді.

Бірінші кезең сәуле шалуға алғашқы реакциялардың кезеңі, сәуле шалудың бірінші сағаттарында басталып үш күнге дейін созылады.

Алғашқы әсер етудің (реакциялардың) баяулауынан кейін уақытша жақсару – екінші кезең – жасырын, алдамшы аман-есендік кезеңі басталады.

Сәуле шалудың өте үлкен мөлшері сәуле дертінің жасырын кезеңінсіз, яғни алғашқы әсер етуден (реакциядан кейін бірден сәуле дертінің айқын байқалатын (екінші, үшінші апта) кезеңі – үшінші кезең басталады.

Төртінші кезең – бұрынғы қалпына қайта келтіру кезеңі. Сәуле дертінің жеңіл түрінде төртінші аптада сәуле шалған адамның денсаулығы қайта қалпына келеді.

Сәуле дерті, егер де сәуле шалу мөлшері өте үлкен болып, ал ағзаның жеке сезімталдығы жоғары болса, бірінші кезеңде-ақ өлімге апаруы мүмкін.

Ядролық жарылыстың өткіш радиациясынан берік қорғанысы болып АҚ қорғану құрылыстары болып табылады. Әр түрлі материалдардан өткен кезде гамма-кванттары мен нейтрондар түйдегі әлсірейді. Материалдардың гамма-сәулелену мен нейтрондар түйдегін әлсірету қабілетін жартылай әлсірету қабатымен, яғни материалдың сәулелену мөлшерін екі есе әлсірететін қалыңдығымен сипаттау қабылданған.

Нейтрондық қару деп ядролық қарудың бір түріндей тротильдік қуатты яғни 10 мың т аспайтын термоядролық қаруды айтады. Мұндай қарудың құрамына плутондық детонатор (қарапайым атомдық заряд) және сутегінің ауыр изотоптары – дейтерий мен тритий кіреді. Мұндағы бөлінудің тізбектік реакциясы дейтери-тритий қоспасын қыздыру үшін ғана қажет, ал жарылыс энергиясының негізгі бөлігі жеңіл элементтердің ядроларының қосылу реакциясының нәтижесінде пай болады және ол сыртқа шыққан қуатты нейтрондар түйдегі. Сонымен, нейтрондық қарудың зақымдағыш әрекетінің ерекшелігі ондағы нейтрондық сәулеленуі басым болып келетін өткіш радиациясының артық шығуына байланысты екен.

Нейтрондық қарулардың өткіш радиациясының қуатты ағынының ерекшелігінің бірі болып, жоғарғы энергиялы нейтрондық жарылыс аймағындағы техникалардың конструкциясындағы материалдары мен құралдары, сонымен қатар топырағы арқылы өткен кезде оларда радиоактивтілік құралдары, сонымен қатар топырағы арқылы өткен кезде оларда радиоактивтілікті енгізеді. Техникада енгізілген осы радиоактивтілігін сақтап, кейіннен сол техникамен қатынаста болған адамдардың залалдануына әкеліп соқтырады.

Нейтрондық қарудың өткіш радиациясынан қорғану белгілі бір қиыншылықтар туғызады, өйткені нейтрондық ағымды жақсы әлсірететін материалдар, гамма-сәулеленуден нашар қорғайды және керісінше (9-кестесін қара). Бұдан мынандай қорытынды шығады: нейтрондық қарудың өткіш радиациясынан қорғану үшін, құрамында сутегі бар заттарды жоғары тығыздығы бар материалдармен қосарлап қолдану қажет.

Радиоактивтік залалдану.Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының ішінде радиоактивтік залалдану ерекше орын алады. Өйткені оның әсері тек қана сол жарылыс аймағын қамтып қоймайды, сонымен қатар одан ондаған, тіпті жүздеген километр қашықтықтағы жерлерді де қамтиды. Мұндай жағдайда осы үлкен аумақта ұзақ уақытқа дейін, адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін залалдану сақталады. Мұның, мысалы Чернобыль АЭС-да болған апат айқын дәлелі.

Радиоактивтіліктен залалданған жерлердің радиоактивтік сәулеленудің негізгі көздері болып: ядролық жарылыс заттарының жарқыншақтары; топырақ пен басқа материалдарда сақталған радиоактивтілік; ядролық зарядтың бөлінбей қалған бөлігі болып табылады.

Бөлінудің жарқыншақтары – бұл шамамен Д.И.Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі 35 химиялық элементтің 80 изотопы қоспасынан тұратын заттарды айтады. Бұл изотоптар тұрақты емес, олар бета-ыдырауда гамма-кванттар шығарып отырады. Уақыт өткен сайын, жарқыншақтардың белсенділігі төмендейді.

Топыраққа енгізілген активтік алюминий-28, натрий-24, марганец-56 сияқты радиоактивтік изотоптар қатарының нейтрондарының әсеріне байланысты.

Ядролық зарядтың бөлінбеген бөлшегі плутоний-239, уран-235 және уран-238-дің альфа-активті изотоптарынан тұрады.

Ядролық қарудың жарылысы кезінде радиоактивті заттар жарылыс бұлтымен бірге көтеріледі де, топырақ бөліктерімен араласып, биіктіктегі желдің әсерінен алыс жерлерге тарайды. Бұлттар көшкен сайын олар түсіп, жүріп өткен жерлерді залалдандырады және радиоативті бұл ізін түзеді.

Жергілікті жердің және басқа да объектілердің залалдану деңгейі радиоактивті заттардың аудан бірлігіне келетін мөлшерлерімен сипатталады, яғни залалдану тығыздығы кюри/см2 (Ки/см2), кюри/км2 (Ки/км2),ыдырау/см2*мин немесе экспозициялық дозаның қуаты миллирентген/сағ (мР/сағ) бойынша; ауаны, суды және азық-түлікті – Рз концентрациясының көлем немесе салмақ бірлігінде (Ки/л, Ки/кг) сипаттайды.

Кюри – ол атомдордың 1с ішінде 37 миллиард ыдырауы өтетін радиоактивті заттардың мөлшері.

1 кюри =3,7*1010 ыдыр/с=3,7*1010*60=2,2*1012ыдыр/мин.

Радиоактивті изотоптың жартылай ыдырау кезеңі мен массасының саны неғұрлым көп болса, 1 кюридегі радиоактивті заттардың салмақты мөлшері соғұрлым көп болады.

Мысалы, жартылай ыдырау кезеңі Т=1590 жыл, 1 кюри радий-226-ның салмағы 1г, ал көлемі бұршақтың бір дәнінің көлемінен үлкен емес.

1 кюри кобальт-60 (Т=5 жыл) – бұл 1мг немесе 10-3г металл түйіршігінің салмағындай, ал 1 кюри натрий -24 10-7г тартады.

570 кг уран-235-тің (Т=880 миллион жыл) немесе 16г плутон-239-дың (Т=24 мың жыл) белсенділігі 1 кюри.

Активтілік бір қатар жағдайларда милликюри (мКи) -10-3 кюри және микрокюри (мкКи) -10-6 кюримен өлшенеді.

СИ жүйесінде активтілік бірлігіне Беккерель (Бк) қабылданған – бұл 1 ыдырау/с болатын РЗ мөлшері. Сонымен 1 кюри 3,7*1010Бк.

Залалдану әуелгі (ридиоактивті заттардың жарылыс бұлтынан түсу уақытында) және екіншілік (жергілікті жермен техникалардың қозғалуы кезінде шаңдануының нәтижесінде) болулары мүмкін. Техникалардың құрғақ ауа райындағы жер үстіндегі жолдармен жылжуы кезінде машиналар мен жеке құрамның киімдерінің (ашық машинада болуындағы) орташа заладануы 30-40 км жаяу жүргеннен кейін жолдың орташа залалдануының 0,05% шамасын құрайды; ылғалды жермен жылжуы кезіндегі техниканың заладану дәрежесі бір шама жоғарылайды.

Радиацияның жергілікті жердегі деңгейі, әр түрлі обьектілердің беттерінің радиоактивті заттармен залалдану дәрежесі дозиметрлік құрал көрсеткішімен анықталады.

Радиоактивті залалданған жер осы жерде жүрген адамдарға жаралыс жарықшақтарынан таралатын сыртқы гамма-сәулелерден, сондай-ақ радиоактивті заттардың адамдардың терісіне және мүшелерінің ішіне түсуімен зақым келтіреді.

Сыртқы гамма-сәулеленуінің нәтижесінде сәуле артуы дамиды, клиникасы ағзаға ядролық жарылыс кезіндегі өткіш радиацияның гамма-нейтронды сәулеленуінің әсер етуіндегідей.

РЗ ағза ішіне жергілікті жерде РЗ ізінің пайда болып жатқан кезінде немесе ол пайда болғаннан кейін ингаляциялық жолмен, сондай-ақ радиоактивті залалданған тамақ өнімдерін пайдалануы кезінде енуі мүмкін.

Жарылыстың радиоактивті заттарының өнімдерінің ағзаның ішіне түскен мөлшеріне және оның жеке ерекшеліктеріне байланысты зақымдану әр түрлі (ауыр, ауырлығы орташа және жеңіл) дәрежеде дамиды.

Терінің РЗ альфа- және бета- сәулеленуімен зақымдалуы адамның терісі мен шырышты қабықтарына ядролық жарылыстың біршама өнімдерінің түскен кезінде сәулеленудің тікелей әсерінің салдарынан дамиды. Көбінесе дененің қорғанылмаған бөліктерінің зақымдалуы мүмкін; киім альфа- сәулеленуінен толығымен қорғайды және бета- сәулеленуінің дозасын 25-60%-ға төмендетеді.

Электромагниттік импульс (ЭМИ). Ядролық жарылыс кезінде атмосферада толқындар ұзындығы 1-ден 1000м дейінгі қуатты электромагниттік өрістер пайда болады. Қысқа ғана уақыт болатындығына байланысты осындай өрістерді электромагниттік импульс деп атайды (ЭМИ).

ЭМИ зақымдағыш әсерлері байланыс жерлерінің, белгі беру, электр желілерінің әуе мен жер астындағы сымдары мен кабельдерінде, радиостансалардың антенналарында электр кернеулігі мен тогының пайда болуына байланысты.

ЭМИ мен бірге бір уақытта жарылыс орталығынан үлкен ара қашықтыққа таралатын радиотолқындар пайда болады; оларды радиоаппарат шуыл түріне қабылдайды.

Уыттар. Қазіргі уақытта бактерия уыттары жоғары уытты жатады. Бұл топқа, ботулиникалық уыт және стафилококты энтеротоксині кіреді. (ілімге әкелетін әсері бар УЗ ретінде соғыста ботулиникалық уыт А типі қолданылады.

Бутуникалық уыттың А түрі – осы замандағы белгілі өлтіргіш УЗ-­ның ішіндегі ең уыттысы. Таза ботулиникалық уыт ақ кристалды зат. 36 сағатқа созылатын жасырын өтетін кезеңге ие.

Биологиялық қару деп биологиялық құрылғылармен жабдықталған арнайы әскери қару-жарақтарды айтады. Ол адамдарды, ауыл шаруашылық жануарлары мен егістіктерін жаппай зақымдау ушін, сондай-ақ соғыс материалдары мен жабдықтардың кейбір түрлерін бүлдіруге арналған .

Биологиялық қарудың (БҚ) негізін ауру тарататын микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, риккетсиялар) мен кейбір бактериялар шығаратын улар (уыттар ) құрастыратын биологиялық құрылымдар құрайды.

Биологиялық оқ-дәрілер деп - биологиялық құрылғыларды қолдануға арналған әскери оқ-дәрілерді және құралдарды айтады. Биологиялық оқ-­дәрілердің негізі болып авиациялық бомбалар, кассеталар, контейнерлер, тозаңдандыратын құралдар, реактивті артиллерияның оқ-дәрілері, зымыранның жауынгерлік бөлігі, биологиялық құралдарды диверсиялық мақсатта қолдануға арналған шағын құралдары (аэрозоль генерйторлары, тозаңдандыратын пеналдар және с.с.) қолданылуы мүмкін.

Биологиялық қарудың қолданылғандығы жөніндегі деректі олардың түскен жерінде табылған биологиялық оқ-дәрілердін конструктивтік ерекшеліктері. Сондай-ақ олардың жарылуынан шығатын дыбыспен қатар оларға тән тез ыдырайтын аэрозоль бұлтының түзілуі дәлел болады.

№7 дәріс.

Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау.

ТЖ кезіндегі халықты қорғау , бұл алдында ТЖ жағымсыз әсерінен жол бермеу немесе оның әсерінің деңгейін неғұрлым көбірек әлсірету мақсатын қойған іс-шаралар жиынтығы. ТЖ кезіндегі халықты қорғаудың тиімділігіне ТЖ кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін саналы түрде ескергенде және құралдар мен әдістердің барлығын жақсы қолданғанда ғана қол жеткізілуі мүмкін.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері жүзеге асыру белгісі бойынша шартты түрде үш топқа бөлінеді.

Күнібұрынғы даярлық қатерлі және зиянды жәйіттерден халықты қорғайтын (ұжымдық және дара) құралдарды жинақтап және оларды қолдануға әзір ұстап, сонымен қатар қауіпті жерден эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға даяр тұруды қарастырады.

Сараланған амал қорғаныс іс-шараларының сипаты мен көлемі қауіпті және зиянды жәйттердің көздерінің түрлері мен жергілікті жағдайға байланысты белгіленеді.

Шаралар кешендігі ТЖ-ның салдарларынан халықты қорғаудың құралдары мен әдістерін тиімді қолданудан (олардың қазіргі техникалық-әлеуметтік ортада қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шараларының жүзеге асырылуымен үйлестірілген) тұрады.

Халықты қорғаудың негізгі әдістеріне мыналар жатады:

- Қалада тоқтатпай жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қала сыртындағы аумаққа таратып орналастыру, сонымен қатар осы қалалардан халықты эвакуациялау;

- Қорғаныс құрылыстарына паналату;

- Жеке қорғау құралдарын және медициналық сақтандыру құралдарын қолдану.

Осы аталғандардан басқа халықты қорғану әдістеріне жалпылама міндетті оқыту ұйымдастырылады және өткізіледі. Сондай-ақ келесідегідей жағдайлар қарастырылады: АҚ дабылы бойынша құлақтандыру; азық-түлікті, жер асты су көздеріндегі сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелерінің құрылыстарын радиоактивтік, уландырғыш заттармен және бактереологиялық барлау; жұмысшыларды, қызметкерлерді және объектілердің өндірістік қызметін қорғаудың тәртібін орнату; дозиметрлік және зертханалық (химиялық, бактереологиялық) бақылау. Өртке қарсы, эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық сақтандыру шаралары, зардап ошақтарында құтқару және қалпына келтіру жұмыстары, адамдарды санитарлық тазалықтан өткізу, техникаларды, аяқ-киімдерді, аумақты және құрылыстарды залалсыздандыру жоспарланады.

Бұл тарауда қарсыластың жаппай қырып-жою қаруларынан және басқада шабуыл құралдарынан халықты қорғаудың тек қана негізгі әдістері қарастырылады.

Халықты құлақтандырудың негізгі тәсілі – радио мен теледидар арқылы ауызша хабарлау.

Халықтың назарын бұру үшін әуелі ауызша берілетін хабардан бұрын «Баршаңздың назарыңызға» дабылын білдіретін дабылдамалар, өндірістік гудоктар және басқа дабыл тарату құралдары іске қосылады (6-сурет).

«Баршаңыздың назарыңызға» АҚ ескерту дабылын естіген соң, төтенше хабарды тыңдау үшін радио мен теледидар қабылдағыштарын іске қосады. Сосын – ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шұғыл хабарын тыңдаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.

Төтенше хабар халықтың қауіпсіздігіне қатер төнгізетін химиялық қауіпті аварияларда, темір жол қатынасындағы, табиғат зілзалалары, әуе қауіптерінде, химиялық және радиоактивтік улануларда, басқа да төтенше жағдайлар кезінде беріледі. «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы берілгеннен соң артынша халықтың алдағы іс-әрекеті мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.

Ауызша берілетін ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде 5 минут көлемінде беріледі. Авариялар мен табиғат зілзалаларының жағдайын дәл анықтап, оларды бағалағаннан кейін авариялардың, табиғат зілзалаларының зардаптары туралы, халықтың алдағы іс-әрекетінің орындалу тәртібі туралы ақпарат екінші қайтара беріледі.

Барлық жағдайларда төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың (әкімшіліктердің) өкімдеріне құлақ салып және оларды бұлжытпай орындау керек.

Тез және іскерлікпен қимылдаңыз! Дүрбелеңге түспеңіз!

Халықты қорғаныс құрылыстарына жасыру осы заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, сондай-ақ радиоактивтік және химиялық заттар бөліп шығаратын ТЖ-дан қорғанудың ең сенімді әдісі.

Халықты қорғаныс құрылыстарына жасыру тұрған жерлерінде, яғни жұмыс немесе оқу орындарында және тұрақты мекен жайларында жүзеге асырылады.

Қорғаныс құрылыстары - физикалық, химиялық және биологиялық қауіпті және зиянды факторлардың әсерінен халықты қорғауға арнайы жасалған инженерлік құрылыстар. Бұл құрылыстар қорғау қасиеттеріне орай панахана және радиациядан қорғанатын баспана болып бөлінеді. Бұлардан басқа, қарапайым жасырынатын жерлер - қуыстар қолданылуы мүмкін.

Панахана - бұл физикалық, химиялық және биологиялық қауіпті және зиянды факторлардың әсерінен онда жасырынған адамдарды сенімді қорғауды қамтамсыз ететін құрылыс.

Панахана қорғау қасиеттері, сыйымдылығы, орналасқан жері, сүзгілі-­желдеткішті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі және соғылған уақыты бойынша жіктеледі.

Қорғаныс қасиеттері бойынша (соққы толқынының әсерінен ) панахана сыныптарға бөлінеді.

Сыйымдылығы бойынша (жасырынушылардың санына байланысты) панаханалар шағын (300 адамға дейін), орта (600-ден 2000 адамға дейін), үлкен (2000-нан астам адам) деп бөлінеді.

Орналасқан жері бойынша панаханалар ғимараттардың өзімен бірге немесе бөліктеніп тұрғызылған болып бөлінеді. Ғимараттың өзімен бірге тұрғызылғанға –үй асты төлелерін жатқызамыз, ал бөлектеніп тұрғызылғанға – ғимараттан тыс панаханаларды жатқызамыз. Бірге тұрғызылған панаханалар кеңінен таралған. Бөлек тұрғызылған тереңдетілген панаханалар бірге тұрғызылған панаханаларды соғу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана тұрғызылады. Бұндай панахана толығымен немесе жарым-жартылай тереңдетілген және төбесі мен қапталдары топырақпен үйілген. Панаханалар адамдар көп шоғырланған жерлерге орналастырылады. Олардың ғимараттардан ара қашықтығы ғимараттардың биіктігіне тең етіп алынады.

Сүзгілі-жетдеткішті жабдықпен қамтамасыз етілуі бойынша панаханалар жабдықтары өндірісте жасалған немесе қарапайым (жабдықтары қолда бар материалдардан жасалған) болып бөлінеді.

Соғылған уақыты бойынша панаханалар күнібұрын бейбіт уақытта соғылған және қауіп-қатер төнген кезде соғылған тез тұрғызылатын болып бөлінеді.

Панаханаларға қойылатын талаптар. Онда жасырынушы адамдарды ядролық жаратылыстың, уландырушы заттардың, бактериялық қарулардың барлық зақымдаушы факторларынан және өрт кезіндегі жылудың әсерінен қорғауды қамтамасыз етуі керек;

Панахана су алып кетпейтін аймақтарға соғылуы тиіс; онда кіретін және шығатын есіктер, ал есіктер көміліп қалған жағдайларға арналған авариялық есіктер болуы керек; жақын маңайлары бос, жанатын немесе күшті түтіндейтін заттар болмау керек. Негізгі бөлмелердің биіктігі 2,2 м кем болмауы және еденнің денгейі жер астындағы сулардың деңгейінен 20 см жоғары болуы тиіс.

Панахананың сүзгілі-желдеткіштік және желдеткіштік құрал-жабдығы ауаны қоспалардан тазартып, белгіленген нормалардың шегінде таза ауа берілуін қамтамасы етуге тиіс. Халықты жасыруға арналған панаханаларда ауа құрамындағы көмір-қышқыл газы 1%-дан, салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан артық және температурасы 230С-ден жоғары болмауы қажет.

Панахана 2 тәулік бойы адамдардың үздіксіз болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Панаханалардың екі мақсатты пайдалануын жобалау кезінде есепке алу керек. Бейбіт уақытта панаханаларда өндірістік және шаруашылық қажеттіліктерге пайдалану олардың қорғаныс қабілеттеріне нұсқан келтірмеуі тиіс. Панаханалардың әскери режимге көшірілуі мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырылуы керек.

Панаханының құрылысы (7-сурет). Панахана негізгі және қосалқы бөлімдерде тұрады. Негізгі бөлімдерге – адамдар жасырынатын бөлмелер 4 және тамбурлар мен шлюздерден 2, ал қосалқыға – сүзгілі желдеткіштік камералар 6, санитарлық тораптар 3, қорғалған дизельдік электростансалар, кіреберістер 1 тамбурлар мен тамбурлар алды) және шығаберістер 5, медициналық бөлме 7, азық-түлік сақтайтын қойма 8 кіреді. Жасырынатындарды орналастыруға арналған бөлмелер адамдардың нақты санына есептелінеді: бір адамға еденнің ауданы 0,5м2 және ішкі көлемі 1,5м3 мөлшерінде есептелінеді.

Панахана бөлмесінің биіктігі олардың бейбіт уақыттағы пайдалану талаптарына сәйкес қабылданады, бірақ төбенің шығып тұрған бөліктері мен еден арасы 2,2 м кем болмауы тиіс.

Ауданы үлкен бөлмелер 50-75 адамды сыйдыратындай eтіп бөліктерге бөлінеді. Бөліктерде екі ярустық немесе үш ярустық (отыруға және жатуға арналған) нарлар соғылады. Жоғарғы ярус пен төбенің немесе оның шығып тұрған бөлшектерімен арасындағы ара қашықтық 0,75 м кем болмауы керек.

Панаханалардың кіреберістерінің қажетті саны сыйымдылығынa байланысты, бірақ екеуден кем болмауға тиіс. Өлшемі 80 х 180 см бір кіреберіс 200 адамға немесе 120 х 200 см 300 адамға есептеледі. Есіктерді қарама-қарсы орнатып, тамбуралармен жабдықтайды. Панаханалардың адамдар жасырынатын бөлімдері, радиоактивтік, уландырғыш заттармен және биологиялық құралдармен уланған ауа енбеу үшін тығыз жабылады. Бұл үшін қабырғалардағы, төбелердегі және есіктердегі тесіктер мен жарықтар бітеледі. Есіктердің есік қорабына есік қаңқасын мығым қысып герметиканы қамтамасыз ететіп резеңке төсемдері мен сыналары болуы тиіс.

Панаханалардағы кіреберістер негізгі бөлмеден герметикалық есіктермен бөлінген екі шлюздық камералар (тамбурлар) түрінде соғылады. Панахана сыйымдылығы отыруға және жатуға арналған орындардың жалпы санымен анықталады. Сыйымдылығы 300-ден 600 адамға дейінгі панахана үшін бір камералық, ал 600-ден астам адамды жасыруға арналған панахана үшін екі камералық тамбур-шлюз орнатылады. Кіретін есіктің сыртына ядролық жарылыстың соққы толқындарының қысымына да төтеп бере алатындай қорғаныстық герметикалық есіктер орнатылады.

Ғимаратпен соғылған панаханаларда сыртқа шығатын авариялық шығаберіс болуы тиіс. Авариялық шығаберіс халықтың көміліп қалмайтын аумаққа тік шахта арқылы шығатын көлденең қимасы 90х130 см болатын жер асты галереясы. Шахтаның жоғарғы жағына әрбір қабырғасына өлшемі 0,6х0,8 м ішке ашылатын тор көзбен жабдықталған ойығы бар кіріп-шығу құрылысы жасалынады. Оның ғимараттан қашықтығы ғимарат биіктігінің жартысы плюс 3 м кем болмауы керек. Панаханадан галереяға өтетін жерді қабырғаның ішкі және сыртқы жағынан қорғайтын және ауа кірмейтін қақпақтармен жабдықтайды. Авариялық есік соққы толқынын бөліп тастауға арналған құралдармен, есіктермен және қақпақтармен жабылуы керек, сонымен қатар бұл құралдар қорғанысты және герметиканы қамтамасыз ететін болуы тиіс.

Бөлектеніп тұрғызылған панаханаларда көміліп қалуы мүмкін аумақтан тысқары орналасқан шығаберістердің бірін жобалау кезінде авариялық деп қарастыруға жол беріледі. Авариялық шығаберістер жер асты суларының деңгейінен жоғары орналастырылады.

Панаханалардың ішкі құрал-жабдықтары. Өнеркәсіптік сүзгілі-желдеткішті панахананың ауамен жабдықтау жүйесі төмендегілерді құрайды (8-сурет): сүзгіш желдеткішті агрегат 1 (ФВА-49; а-сүзгі жұтқыштар ФП-100: б-қосарланған герметикалы клапан (қақпақ): в-қолға ұстайтын электр желдеткіш ЭРВ-49: г-ауа шығынын өлшегіш; жарылысқа қарсы құрылғы 2: шаңға қарсы сүзгі 3: герметикалы ауа тысымалдау құбыры 4: фланцты жалғастырулар 5: ауа таратушы желі 6: қолға ұстайтын электр желдеткіш 7: герметикалы клапандар 8: ауаның шығынын өлшегіші 9: ауа регенерациясының құрылғысы 10: (д-тығыздалған шиберлер; е-оттегі шлангісі; ж-регенеративтік патрондар; з-оттегі баллоны): бұқтырманың герметикалы реттегіші 11: артық қысымның клапаны 12 (АҚҚ): герметикаландыру желісі.

№8 дәріс.

Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану –бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).

Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады.

Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Талықсу- адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу.

Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сырқат құлайды.

Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.

Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин енгізеді.

Коллапс-өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек, өкпе ауруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық қысымы санап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.

Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. Ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс.

Тамырлардың соғысын арттыру үшін теріге 1% -1мл мезатон, 25%-2мл кордиамин, 5% -1 мл эфедрин, 0,1%-1мл адреналин, 10%-1мл кофеин енгізеді. Осы шаралардың бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты таралған сырқаттарды шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға апарады.

Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректің сыртынан ысқылайды (жүрек тұсындағы кеуде клеткаларын ырғақпен қысады) және «ауызға-ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдырады.

Омыртқа сүйектерінің сынуы ауыр жарақаттар қатарына жатады. Омыртқалар зақымданғанда жұлынның зақымдануы да, зақымданбауы да мүмкін.

Егер жұлын омыртқамен бірге зақымданса, анда аурудың аяғы мен қолы толық жансызданып сал (паралич) болып қалады, кіші дәретін ұстай алмайды. Омыртқа зақымданғанда өте абай болу керек, өйткені дұрыс жәрдем бере алмағандықтан омыртқа орнынан тайып, жұлынның зақымдануы да мүмкін.

Егер соншалықты қажетті болмаса оны орнынан қозғауға не бір жағынан қарай бұрауға болмайды. Жарақаттанған адамды қатты тегіс қалқанға шалқасынан жатқызып зембілдермен тасымалдау керек, ал қатты қалқан болмағанда оны етбетінен жатқызады. Егер сынған омыртқа жотасының төңірегіндегі жараның бар екені байқалса, оны треилді таңғыш пен жабады, киімнен немесе басқа бір затты кеуде астына қойып, омыртқаның қозғалмауына көмектеседі.

Жамбас сүйегі сынған кезде зақымданған адамды бақа тәрізді ( 22 - сурет) тегіс тақтайға жатқызып дәрігерге жеткізеді.

Сынған сүйектерді таңып байлаудың да өзіне тән ерекше әдістері бар.

Басқаларынан да аяқ-қолдың сынуы мирек ұшырасады. Саусақ сүйектері мен қол басы сүйектері ашық сынғанда саусақтардың иіліңкіреп тұруы үшін жарақатты стерилді таңғышпен байлаған соң алақанға жұмырланған мақтаның дәке оралған үздігін салады. Білекке, қол басы сүйектеріне, саусақтарға фанерден, қатырма қағаздан жасалған немесе баспалдақ ақтау салып байлайды. Білек сүйегінің сынуы жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі. Әсіресе, қолдың білезік салар басы қирағыш келеді. Көбіне тайқанақ жер тірей құрағанда, не оқыс тиген қатты соққыда білектің қос сүйегі оңай үзіліп кетеді.

Білек сүйектері сынған кезде абайлап шынтақ буыннан тік бұрыш жасай бүгіп, алақанды кеудеге қаратып, ақтаумен немесе қолда бар құралдармен орнықтырып байлау керек ( 23 - сурет). Жақтауларды саусақтардың түбінен иыққа дейін салып таңады. Сонда садақ сүйек – білезік буындары мен шынтақ буындары қимылдамайтындай болады. Қолды үшкіл орамалға асып қояды.

№9 дәріс.

Аса қауіпті жұқпалы аурулар.

Тырысқақ (холера) деген сөз гректің «холе» - өт және «рэо»-ағамын деген деген сөздерінен құралып, көне заманда асқазан және ішектің қатты ауруын білдіретін түсінік болған.

«Тырысқақ» ауруы аса қауіпті жұқпалы ауру. Оған тез арада кең тарап, ағзаны сусыздандыру және уландыру тән. «Тырысқақ» ауруының қоздырушысы – тырысқақ виброны – қысқа қисайған таяқша, 1883 жылы Р.Кох тапты. Сыртқы ортада виброндар өміршеңдігін 3-4 күн бойы сақтайды. Олар тек жоғарғы тептературады (450С), тікелей күн сәулесі түскен кезде кепкенде, дизенфекциялық (хлорамин, лизол, хлорлы известь) заттарды қолдану кезінде ғана жойылады. Тұз және күкірт қышқылының 1:10000 ерітіндісінде бірнеше секунтта жойылады. Салқын ортада, әсіресе суда тырысқақ виброндары 3 аптаға дейін өміршеңдігін сақтайды.

Тырысқақ виброндары тек асқаза-ішек жолдары арқылы ғана жұғады. Олар адам денесіне тырысқақ виброндармен залалданған су немесе азық-түлік пайдаланған кезде енеді. Сонымен қатар сырқат адамның нәжісімен немесе бактерия жұқан адамның қолы арқылы жұғуы мүмкін (мысалы, сырқат адамды күткен кезде, ортақ әжетхана пайдалану кезінде). Тырысқақ виброндары аш ішекте көбейеді (ішінара өледі), осы кезде пайда болған эндотоксин қанға өтеді, ол адам ағзасын уландырады. Осының салдарынан іш өту мен қайта –қайта құсу ағзаның сусыздануына әкеліп соқтырады және электролиттердің жойылуына әкеледі (әсіресе хлорлы натрий). Сусыздану зат алмасудың, қанның қоюлануына, гипотермияға, жүрек қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Тырысқақтың даму кезеңі (инкубация) орташа 2-3 күн кей жағдай да 1-6 күнге дейін ауытқулар болады.

Ауру бірінен кейін бірі жүретін 3 кезеңнен тұрады:

1.Тырысқақ энтериті (тырысқақ іш өтуі). Ауру күшті іш өтуден басталады. Ауырған адам әлсіреп, жүрегі айнып, нәжісі иісті сарғыш қоңыр түсті болып, жиі-жиі іші өтеді. Ауру үдегенде ұзақтығы бірнеше сағаттан аспауы мүмкін.

2.Тырысқақ гастроэнтриті. Бұл кезеңде іштен күріш суы сияқты сұйықтық ағып түсе бастайды. Ағзаның күрт сусыздануымен жалпылама улану белгісі күшейіп, шыққан зәр мөлшері күрт азаяды, іш қабысып қалады. Ауру үдегенде ұзақтығы 12 сағатқа созылады.

3.Тырысқақ алгиды. Бұл кезеңде сырқат адам сұлық күйге түсіп, температурасы 35-35,50С-ге төмендейді, аяқ-қолдары суиды. Сырқат қатты әлсіреп, терісі бозарады, денесін суық тер басып, терілері қатпарланып кетеді. Әсіресе саусақтары мен қолдың білезігі қатты қатпарланады (кір жуушының қолы). Көзі шүңірейіп, беті қусырылады. Ішінен күріш суы тәріздес сұйықтық қана шығып, үні әрең шығады, тамырдың соғуы әрең сезіледі. Бірнеше сағаттан 3-4 күнге созылады. Адам өлімі жоғары.

Анықтау: бактериялық зертханада нәжіс пен құсық массасын стерильді банкаға салып, оны мұият жауып, сыртын қаптап, орап, инструкцияны қатаң сақтай отырып зетханаға жібереді.

Аурудың алдын-алу: Суға санитарлық-гигеналық бақылау орнату, тырысқақ ауруы шыққан аймақтан келгендерге қатысты карантиндік іс-шаралар аурудың алдын алу ісінде маңызды роль атқарады. Сырқатты анықтау үшін үй-үйді аралап, жедел түрде оларды ауруханаға жатқызып, суды хлорлайды, су көздеріне бақылау күшейтіледі және шыбындар мен тұрғын жайларда, сол сияқты олардың көбейетін жерлерінде оған қарсы күрес (ДДТ, хлорол, хлорофос) шаралары күшейтіледі. Тырысқақ бактериофагі вакцинасы егіледі.

Ауру ошақтарында (пәтерлер, жатақханалар, жұмыс орындары және т.б) залалсыздандыру шаралары жүргізіледі: 10% хлорлы известь ерітіндісімен нәжісті және құсық массасы дезинфекцияланады; күтуші персонал қолын 0,5% хлораминнің ерітіндісімен жуады, содан кейін сырқат тұтынған ыдыс-аяқтарды қайнатады.

Оба – аса қауіпті, жұқпалы ауру. Оба ауруын бактериалдардың ерекше түрі туғызады, таяқшасы 0,5-1,5 мк, содан ағза жалпы уланады. Оба ауруы – көне заманнан бері келе жатқан індет.

Оба ауруының қоздырушысы қозғалыссыз, ол төменгі температураларда ұзақ уақыт бойы сақталады, мұзға қатырғанға төзімді. Қайнатқанда оба бактериялары тез өледі.

Негізгі індет таратушылар табиғатта 200-ге жуық кеміргіштер (сарышұнақтар, егеуқұйрықтар, тышқан тәріздес табағандар және т.б.) мен түйелер. Ауру тасымалдаушылар – бүрге және сырқат адам.

Адам обаны бүрге шаққанда немесе ауруға шалдыққан хайуанаттардың терісін сыдырғанда және оны сойғанда жұқтырады.

Обаның түрлері: бубондық, өкпе, септикалық, тері бубондық.

Бубондық түрінде қоздырғыш адам денесіне бүрге шағудан тері арқылы енеді. Бұл кезде жақ, қолтық асты, жамбас, шат асты ісінеді. Томпайып, қызарып, ісінген жердің терісі іріңдеп, жара пайда болады да, ол ұзақ уақыт бойы жазылмайды.

Өкпе обасы обаның бубондық түрінің асқынған кезінде қанды іріңнің жарылуынан пайда болған оба таяқшаларының ауа арқылы қанға берілуі арқылы пайда болады. Негізгі белгілері: бүйір шаншиды, тыныс тарылады, көбікті қанды жөтел пайда болады, тіл ағарады.

Септикалық түрі (емделмесе өлімге апарады). Ауыр сепсисте тері мен шырышты қабықтың қанталауы, қан құсу, қансырау болады. Асқазан-ішек жолдары арқылы іш құрылысына да жұғуы мүмкін. Терілік түрі кезінде дақ пайда болады, олар күлдіреуі және іріңді безеу сатысы арқылы ойық жараға айналады, ол ұзақ уақыт бойы байқалад, баяу жазылады, тесіктер пайда болады.

Аурудың барлық түрлері 6 күн ішінде, ал көбінесе одан да аз уақытта өтеді. Ауру белгілері: температура 390С-тан жоғары, тіл қалыңдап, ақ бор түске ие болады, бас қатты ауырады, бұлшық еттер ауырады, жүрек айниды, құсады, дене дел-сал болады.

Обаны емдеудің негізгі құралы антибиотиктер болып табылады. Бубондық, өкпелік түрлерін тетрациклинмен емдеген тиімді, оны алғашқы 48 сағат бойында үлкен мөлшерде белгілейді (4-6 г/тәулік), бұдан кейін мөлшерді төмендетеді.

Ауыр түрлері кезінде алғашқы 24 сағатта көктамыр ішіне тетрациклин енгізіледі, төзбейтін жағдайда оның орнынан 2 тәуліктің бойына әрбір 4 сағат сайын 0,5 г стрептомицин белгіленеді. Кейіннен 6 сағат сайын белгіленеді. Срептомицин орнына биомицин, левомицин, қолдануға болады. Неомицин тобындағы антибиотик коломицин, мицирин қолданылады.

Сырқат адамды міндетті түрде оқшаулау қажет. Сырқаттың төсек орны 8% лизол ерітіндісімен мұқият дезинфекцияланады.

Обаға қарсы жартылай тірі вакцина егіледі және стрептомицинмен экстренді спецификалық алдын-алу жүргізіледі.

Обаға қарсы күресу стансалары ұйымдастырылады. Олар далаға шығып, қоздырушылардың өліктерін зарарсыздандырады (крысид, цинк фофиді, күкірт қышқыл калий қолданылып), тірілерін ұстап алып, ауру немесе ауру еместігі тексеріледі.

Жұқтырылған иммунитет жетіспеушілігі синдромы (ЖИЖС). Жер бетіндегі тіршілікпен бірге көптеген аурулар пайда болады. Адамзат өмір-бақи аурулармен күресіп келеді. Адам баласы адмзатқа қауіп төндірген оба, тырысқақ сияқты індеттерді жеңіп шықты. ХХ ғасырда кейіннен «ХХ ғасырдың обасы» атанған ЖИЖС ауруы пайда болды.

Бұл – адам ағзасының өмірлік маңызы бар иммунды жүйесін зақымдайтын адам иммунитетінің жетіспеушілігі вирусынан (АИВ) пайда болатын жұқпалы ауру.

Бұл ауру алғашқы рет 1981 жылы Калифорния (АҚШ) штатындағы гомесексиуалистер арасынан шықты. Аурудың басты ошақтары – АҚШ,Африка, Батыс Еуропа елдері. 1981 жылы ТМД елдерінде бірең-сараң ғана ЖИЖС тіркелген.

ЖИЖС орташа мөлшердегі оған тән вирус арқылы тарайды. Ол 570С температурада өледі. Химиялық немесе физикалық әсерлерге өте төзімсіз. Медицинада қолданылатын спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид натрий және т.б.дезинфекциялық заттарға вирус төзімсіз келеді.

Бұл вирус 30 минут ішінде қанға кіріп, ағзаның иммундық жүйесіндегі маңызды буын болып табылатын қанның ақ түйіршіктерінің (лимфоциттердің) белгілі бір түрлерін зақымдайды. Ауру 3-4 айдан 4-6 жылға дейін және оданда артық уақытта инкубациялық кезеңге созылады.

ЖИЖС – адамның иммунитетінің жетіспеушілігі вирусынан туындаған (АИВ) және жыныстық қатынас кезінде, сонымен қатар адам қанымен берілетін жұқпалы аурудың соңғы сатысы.

Бастапқы кезеңдегі клиникалық белгілері әр түрлі болғандықтан және олар басқа ауруларда да көп кездесетіндіктен, ЖИЖС-ты бірден анықтау қиын. Дегенмен осы саланы зерттеген ғалымдар мынадай клиникалық белгілері аурудың бастапқы кезеңіне тән деп санайды: ағзаның жалпы әлсізденуі, тағамға тәбет тартпауы, түсініксіз ұзақ дене қызуы, бірнеше аптаға созылатын дененің түнде терлеуі, дене салмағының азаюы, лимфа түйіндерінің үлкеюі, әсіресе қолтық астындағы, жақ астындағы және шаттағы түйіндер, көпке созылатын іш өтуі, ішектің қатты қандануы және асқазанның ауырғн сезімімен ұштасуы, бұлшық еттердің сыздап ауыруы, бауыр мен көкбауырдың ісініп, ұлғаюы, әр түрлі жарақат әсерінен теріден қан кете беруі, терідегі, ауыздың, мұрын жолдарындағы шырышты қабықшаларында пайда болатын қызғылт және көкшіл дақтардың пайда болуы.

Аталған белгілер ЖИЖС-ты дәлме-дәл дәлелдемейді, бірақ олардың бірнешеуі қатар кездесетін болса, онда міндетті түрде тексерілу керек.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес ЖИЖС дертінің дамуының бірнеше кезеңі болады. Бастапқы кезеңді иммунитет жетіспеушілік вирусымен зақымдалған кезең дейді, ал нағыз ЖИЖС деп жұқпаның қызған үшінші, төртінші кезеңдерін айтады. Қандай жағдайда да ЖИЖС зертханалық тәсілдермен, әсіресе, иммуноферменттік т.б.тәсілдермен дәлелденуі қажет.

Жер-әлемде ЖИЖС-ты жұқтырған бірнеше мың сырқаттардың тізімі алынды, тіркеудің арқасында оның мына жағдайларда ғана басқа адамдарға қолма-қол жұға қоятындығы анықталды: сақтық шаралары жасалмаған жыныс қатынасы салдарынан; залалсыздандырылмаған ине мен шприцтер арқылы; есірткіні тікелей тамырға енгізуде; АИВ-ты жұқтырған әйелден балаға іште жатқанда, сондай-ақ сәбиді емізу кезінде; вирусы бар қанды немесе препараттарды құю кезінде.

Дәрігерлердің зерттеуі бойынша ЖИЖС-тың вирусы адамдар қол алысқанда, әңгімелескенде, түшкіргенде және жөтелгенде, яғни, ауа арқылы жұқпайтындығын дәлелдеді. Сондай-ақ тұрмыс-тіршіліктегі ара қатынас – жолығу, кездесулар, жәндіктер шаққанда, ұй жануарларымен араласқанда, көпшілік көліктермен жүргенде, әжетхана, бассейнге және саунаға барғанда, ыдыс-аяқ, киім-кешек арқылы, азық-түлік арқылы, құшақтасу, сүйісу кезінде, ауру бала мен сау баланың бір сыныпқа бірге барып жүруі де ЖИЖС вирусын жұқтыра алмайды.

Адам баласына ЖИЖС-тың тигізетін зардаптарын тек атом бомбасының жарылысынан келетін зардаптармен ғана салыстыруға болады. Әзірге мұның емі жоқтығы мәлім. Қазірге дейін ЖИЖС-ты емдеудің ең тиімді жолы табылмағанымен, осы бағыттағы қауырт жұмыс дүние жүзінің барлық жерлерінде жаңа препараттар іздеу жан-жақты жүргізіліп жатыр. ЖИЖС вирусының өсіп-өнуін едәуір тежейтін екі дәрі бар (азидотимизин және ривобирин).

№10 дәріс.

Тіршілік қауіпсіздігі және терроризм.

Адамның өмір сүру ортасымен қауіпті және аса қауіпті әрекеттесуінің кері әсерінің нәтижесі қауіптерді анықтайды – «адам – өмір сүру ортасы» жүйесінде тұрақты мерзімді немесе кенеттен туындайтын кері әсерлер.

Қауіп – тірі және өлі материяның өзіне зиян келтіруге қабілетті негативті қасиеті адамдарға, табиғи ортаға, материалдық құндылықтарға.

Қауіптер табиғи, техногенді және антропогенді болып ажыратылады.

Табиғи қауіптіліктер – климаттық және табиғи құбылыстармен байланысты. Олар табиғатқа ауа-райының, биосферадағы табиғи жарықталынудың өзгеруін, сонымен қатар биосферадағы болатын тылсым құбылыстар (су басу, жер сілкінісі және т.б.).

Адам мен өмір сүру ортасына кері әсерлер тек табиғи қауіптіліктермен шектеліп қоймайды. Адам материалдық қамтамасыздыққа, тиімді жағдайға қол жеткізу мақсатында өзінің әрекетімен, әрекетінің өнімдерімен өмір сүру ортасына үздіксіз әсер етеді. (техникалық құралдар, өндірістен бөлінулер).

Техногенді және антропогенді қауіптер туындатады. Техногенді қауіптерді техносфераның элементтері – машиналар, ғимараттар, заттар және т.б., ал антропогенді – адамдардың қателіктермен рұқсат етілмеген әсерлері нәтижесінде туындауы. Бүгінгі уақытта нақты әсер ететін техногенді қауіптер едәуір, оған 100 астам түрлері енеді. Қауіптіліктері жоғары көп таралған түрлеріне өндірістік қауіптер жатады: ауаның шаңдалуы және газдануы, шу, діріл, электромагниттік өріс, иондық сәулелену, атмосфералық ауаның жоғары және төмен параметрлері (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы,қысым) жеткіліксіз және дұрыс ұйымдастырылмаған жарықтандыру, бір қозғалыстағы іс-әрекет, ауыр дене жұмыстары және т.б., ал жарақаттаушы жарақаттауға қауіптілерге жататындар:электр тогы, құлайтын заттар, биіктік, қозғалыстағы машиналар мен механизмдер, бүлінген конструкциялар бөліктері және т.б.

Зиянды фактор – әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе оның ұрпақтарының денсаулығына кері ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін фактор.

Жарақаттаушы (жарақатқа қауіпті) фактор – адамды жарақатталынуға немесе қазаға ұшырататын кері әсерлер.

Күнделікті өмірде бізде көптеген келеңсіз факторлар кездеседі: жанған табиғи газбен, жылу орталықтарынан, өнеркәсіптік кәсіпорындар автокөліктер мен қалдықтарды жағу қондырғылардан бөлінулер мен ластанған ауа; зиянды қоспалардың судағы артық мөлшері; сапасыз азық-түлік; шу, инфрадыбыс;діріл; электромагниттік өріс; иондық сәулелер; медициналық препараттарды дұрыс қолданбау; артық мөлшерде қолдану; темекі түтіні; бактериялар, аллергендер және т.б. Адамдарға қауіп төндіретін қауіп түрлері үздіксіз ұлғаюда. Қала, өндіріс, тұрмыстық жағдайларда адамға бір мезгілде бірнеше кері факторлар әсер етеді. Дәл белгілі уақытта әсер ететін, келеңсіз факторлар кешені сол кездегі «адам – өмір сүру ортасы» жүйесінен жағдайына байланысты болады.

5-суретте қала тұрғынының тәуліктік миграция «адам - техносфера» жүйесіндегі келтірілген. Адам мен өмір сүру ортасына әсер ету ықтималдылығына байланысты қауіптердіпотенциалды , нақты және іске асқан деп бөлінеді.

Потенциалды қауіптер әсер ету уақытымен, кеңістігімен байланысты емес алпы сипаттағы. Адамның кез келген іс-әрекеті, тірлігі потенциалды қауіпті – деген секілді.

Нақты кеңістікпен, белгілі уақытпен байланысы, Мысалы, жолдағы өртқауіпті деген жазуы бар автоцистерна, жол бойында тұрған адамға қауіп төндіреді.

Нақты қауіп: Қ

Қ(x,y,z) = f(J,t) (4)

Мұндағы: Қ – Ешрем:

Е – әсер ету факторы.

Іске асқан қауіп - адам және қоршаған ортаға денсаулығының төмендеуіне, қазаға ұшырауына материалдық шығындарға соқтырған жағдай. Іске асқан қауіптерді – жағдай (происществия) төтенше жағдай, апаттар күйреулер және тылсым құбылыстар деп бөлінеді.

Жағдай (происществия) – адамдарға, табиғи және материалдық құндылықтарға кері әсер еткен жағдай.

Төтенше жағдай (ЧП) – қысқа мерзімде, адамдарға, табиғи және материалдық қорларға әсер ету деңгейі жоғары жағдайлар, ТЖ (ЧП) жататындар: ірі апаттар, күйреулер және тылсым құбылыстар.

Апаттар – техникалық жүйелердегі, адам қазасына келтіруге болмайтын немесе тиімсіз жағдай.

Күйреулер – техникалық жүйелердегі адамдардың қазасына немесе із-түссіз жоғалуына соқтыратын жағдайлар.

Тылсым құбылыстар – Жер бетіндегі биосфера мен техносфераның бүлінуіне, адамның денсаулығына зиян немесе қазаға ұшырататын жағдайлар.


Информация о реферате «Тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық ұйымдастырушылық және теориялық негіздері»
Раздел: Безопасность жизнедеятельности
Количество знаков с пробелами: 133393
Количество таблиц: 2
Количество изображений: 0

Похожие материалы

Скачать
195996
34
17

... Магистерлік диссертацияның мақсаты. Байланыстың үзілісіздігін және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында телекоммуникациялық желілердің өміршеңділігін бағалайтын әдістеме құру. Магистерлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Максималды ақпарат ағыны матрицасы мен е&# ...

Скачать
185823
27
8

... ) анықталады. Жоғарыда келтірілген 2 кестедегі бірінші тараудың төрт бөлімшелері бойынша бұлшықеттіңкүш төзімділігі мәселесінің ғылыми-теориялық аспектілерін анықтау үшін негізгі компоненттерді талдай отырып, қорытынды жасадық: 1. Ағзаның іскерлігіндегі жағдайларды&# ...

Скачать
181610
2
10

... б) Физикалық, процестерді модельдегенде, кейбір құбылыстарды сөзбен тусіндіру, көзбен көру қиын бола- тын есептер. Тандалынып алынатын есептер ЭЕМ-нің көмегімен шығару тиімді екенін керсете алатындай болуы керек. Олардың ішінде техниқалық объектінің немесе нақты физикалық модельді есептеуге ...

Скачать
264947
1
0

... құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлдеқайда жоғары болады. Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ...

Скачать
161692
2
2

... ; ĸінәсін дәлелдейтін дәлелдемелер зерттеулер жиналмаса, оныӊ тәртібі сақталмаса, дәлелдемелер бағаланбаса да соттала береді. 2. Қылмыстық процесстегі іс жүргізушіліĸ ĸелісімдер (мәмілелер институты) институтыныӊ теориялық және тәжірибеліĸ аспеĸтілері 2.1. Іс жүргізуш ...

Скачать
61605
5
0

... преимущества использования стоимости в качестве критерия оценки состояния предприятия в сравнении с другими часто используемыми критериями; -  определить организационные условия совершенствования управления стоимостью промышленного предприятия на примере АО "Алюминий Казахстана" и Аксуского завода ферросплавов филиала ТНК "Казхром". Методологическая база и методы исследования. Методологической ...

0 комментариев


Наверх