4. Есептеу жүйесі құрамындағы қорғаныс құралдары.

Қарастырылып жатқан программалармен қамтамасыз етуде қорғау құралдары төмендегідей бөлінеді:

1) магниттік дискілердің қорғанысы;

2) есептеу жүйе құралдарының механизімінің қорғанысы;

3) қорғаныс құлыптары;

4) штаттық құралдардың функционалдық өзгеруі.

Осы аталған пунктерге қысқаша тоқталып өтейік:

1) Магниттік дискілердің қорғанысы. Мұндай қорғаныс әртүрлі жолмен іске асырылуы мүмкін. Операциондық жүйенің көшіруден қорғайтын арнайы жолдардың негізі техникасы болып дискінің дұрыс форматталуы есептеледі. Бірақ та, көшірмесін қолданған кезде бұл әдіс тиімділігін жоғалтады. Осындай жағдайда дисктің форматталған немесе форматталмаған түріне қарамастан көшірме жасауға болады. Мұндай әрекеттерден бірнеше қорғаныс жолдары бар:

а) әр уақытта әрқилы оқылатын биттер қорғанысы енгізіледі;

ә) бастапқы көшірмені төмен жылдамдықпен жазу, жазбаның тығыздығын үлкейтеді.

2) Есептеу жүйе құралдарының механизмінің қорғанысы. Мұндай қорғаныс түріне аппаратуралық арнайы сиппатамалар қолданылады: өте сирек магнитті дискілерді қолдану. Өте сирек магниттік дискілердің қолдануының негізгі принципі болып дисктің үстіңгі қабатын, яғни жамылғысы бар дискті атайды. Магниттік жабылғыдан көшірме жасау мүмкін емес.

3) Қорғаныс құлыптары - негізгі идеясы бірнеше факторлардан тұрады: мезгілі, ЕСМ-ның сериялық номерінің қосылуы. Әрбір әдіске қысқаша тоқталып кетейік:

а) Уақыт факторы. Бұл жерде ең маңызды рольді компьютердің сағаты атқарады. Программамен қамтамасыз ету бағдарламасына уақыт аралығы, белгілі программалық модельде программаланған. Егер бұл бағдарламаға басқа уақытта кірсе, бұл жүйе тұйықталып қалады.

ә) Сериялық номерін тексеру. Құлып қорғанысын ЭЕМ-ға арналған сериялық номері бойынша қорғаныс жасауға болады. Программаны қамтамасыздандыруда белгілі бағдарлама бойынша жұмыс істейтін сериялық номері бар жұмыс уақытында ЭЕМ мен программалық қамтамассыз етудің сериялық номері келіспесе, мұндай бағдарлама ашылмайды.

4) Штаттық құралдардың функционалдық өзгеруі. Бұл қорғаныс әдістері әртүрлі қорғаныс құлыптарының алмасуы бағдарламалық листингті қарауға немесе көшірме жасауға жол бермейді.

Кейде қорғалған бағдарламаларды сақтайды, ол ақпаратты тек оқуға болады, ал түзетулер мен көшірме жасауға мүмкіндік берілмейді.

5. Ақпаратты сұраудағы қорғаныс құралдары.

Программада ақпараттарды сұрату барысында қорғаныс құралында жұмыс істеу үшін қосалқы бөлшектер қажет, олар: парольдер, шифрлар, сигнатуралар, қорғаныс аппаратуралары.

1. Парольдер

Парольдер басқарма механизмі арқылы программалық қамтамасыз етуге кіру жолы. Есептеу жүйелері қатарында программалық қамтамасыз етудің біртұтастығын сақтау қамтамасыз етеді. Парольдік жүйе жұмыста жоғары сатыдағы тәртіпті және келесі шарттарды қанағаттандырады.

a. парольдер ойлап табатындай жеңіл болмауы керек;

b. парольдер есте сақталатындай жеңіл болу керек;

c. парольдер фирманың мекен-жайы мен фирма атымен байланыспау керек.

Парольдер әралуан болуы мүмкін, мысалға:

· Жауап қалайтын бірнеше сұрақтар тізбегі, сұрақ-жауап паролі.

· «Бір жолғы пароль» деп аталатын пароль түрін қолдануға болады. Қолданушы жадында пароль тізімі болады, әр қолданған сайын бұл пароль қолданыстан шығады және ЭЕМ жадысынан да жойылады.

Парольдер қорғанысының бірнеше түрі бар. Ең қарапайым түрі болып парольдік таблицаның шифрлау түрі, ЭЕМ-ң жадында сақталатын шифрлы пароль. Осы кезде қолданушы өз паролін енгізеді, ал компьютерлік программа оны кодтайды. Осыған орай оқу немесе көшіруден қорғаныс пайда болады. Бірақ осы жерде де есептегіш жүйеге «трояндық конь» деп аталатын пароль енсе, ақпараттық ағымы шифрлау бөліміне дейін келуі мүмкін. Сонымен қатар басқа да қорғаныс парольдері бар.


Информация о работе «Ақпараттық қауіпсіздігінің қауіп-қатер түсінігі»
Раздел: Информатика
Количество знаков с пробелами: 104324
Количество таблиц: 6
Количество изображений: 4

Похожие работы

Скачать
195996
34
17

... Магистерлік диссертацияның мақсаты. Байланыстың үзілісіздігін және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында телекоммуникациялық желілердің өміршеңділігін бағалайтын әдістеме құру. Магистерлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Максималды ақпарат ағыны матрицасы мен е&# ...

Скачать
385825
15
4

... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...

Скачать
171984
11
12

... арнайы шұңқырларға салынып, залалсыздандыру жұмысын жүргізіп отырады. Берілген дипломдық жұмыс «Қарағанды қаласының сауда орталықтарына келіп түсетін ысталған балықты ветеринарлық-санитарлық сараптауға» байланысты біз ысталған балықтардың құрамында&# ...

Скачать
206329
13
3

... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде &# ...

0 комментариев


Наверх