2. КВ классификациясы.
Қазіргі кезге мәлім КВ-ды өлшем, мақсаты, логика және функциялық аумақтар бойынша классификациялауға болады.
Бұл вирустардың қысқаша мінездемелеріне тоқталып өтейік.
Функционалдық логикаға байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді:
· Қақпан-вирустары. Бұған программалық жабдықтауындағы әр түрлі қателер мен дәлсіздіктерді қолданатын КВ жатады. Үлкен программаларды кейінге қалдыру үшін (отладка) қолданушы бір-біріне жалғасатын кейінге қалдыру процедураларындағы кірудің уақытша нүктелерін (командалардың адрестерін) көрсетеді.
Осындай нүктелер көп болғандықтан оларды қадағалауға өте қиынға түседі.
· Логикалық бомбалар немесе оны іс-әрекеті баяуланған бомбасы деп атайды. Бұл КВ сырттан әкелінбейді, қолданушылардың әдеттегі программаларында жасырылады және бірқатар логикалық шарттарды орындап қосылады (ақпаратты есептеу жүйе (АЕЖ) жұмысының белгілі этапының басталуы, дәл уақыты оқиға және т.б.). Шарттардың орындалуына дейін олар АМ-ның көптеген резервтік көшірмелерін «инфицирлеуге» ұмтылады.
· Құрттар – бұл КВ тобы берілген уақыт сәтінде АЕЖ-ның бос ресурстарын табу үшін пограммалаушылар қолданылатын программалық жабдықтау ретінде жасырылып, АЕЖ жұмысындағы ұйымдастыруды бұзады. Осындай жабдықтаулар тұрып қалған құрылғыны тауып, АЕЖ диспетчері-программасына хабарлайды да, бұл программа кезектен оған сәйкес есепті тағайындайды. «Құрттар» осындай құрылғыны тауып, ол туралы хабарламай оны босқа жұмыс істеткізеді (қағаз орамдарын баспаға шығару, пограмманың қайталана беруі және т.б.). «Құрттар» өзін-өзі көбейте алады, бірақ-та бөлек программалар болып есептелінеді.
· Троян аттары. Бұл КВ тобы қолданушылардың әмбебап (прикладные) программалар ретінде жасырынып, қосымша рұқсатсыз жұмысты атқарады (Конфеденциалды АМ-ін қарап шығу және «басқа жерге» есте сақтау, оларды түзету бүкіл жедел жадын есептеу, басқа қолданушылардың құпия бөліктерін қоса және т.б.). Оларды құру өте оңай және программалық ортада тез көбйе алатындықтан бұл КВ басқаларға қарағанда өте көп таралған.
· Жолбарыстар. Бұл КВ тобының мінездемесен өздерін қарастырасыз.
Өлшемі бойынша КВ классификациясы:
А тобы.
Бұл КВ ұзындығы 648 байт құрайды. Оған «Вирус перезагрузки», «Венский», «ДОС 62» вирустары кіреді. Өте қарапайым КВ ОЖ-ның бастапқы жөңелтуінің (загрузка) қайталана беруін (зацкливание) іске асырады.
Б тобы.
Ұзындығы 1701 байт. Бұл КВ тобына мынындай вирустар кіреді «Капающие слезы», «Каскад», «Листопад». Бұл вирус әріптерді «дөңбешік» сияқты экранның астыңғы жағында орналастырады.Бұл вирус зиянды емес.
С тобы.
Ұзындығы 1808 байт. Бұл вирус тобына «Израильский», «Черная пятница», «Черная дыра» вирустары жатады. Бұл вирустар файлды ,бастапқы кейпіне, қайталана алмайтын жағдайға әкеле алады. Бұл КВ кез келген .com, .exe программаларын аттары бойынша ажыратып инфицирлейді. Программаның өлшемі 1,8 кбайтқа артады. Бұл вирустар бір ехе программаны бірнеше рет инфицирлей алады. Сонда ехе типінің файлдары оларды орындауға келмейтін жағдайға дейін үлкейе береді. КВ экрандағы «қара шаршымен» және АЕЖ жұмысының баяулауымен бірге жүреді. Ең үлкен қауіп –жұмаға айдың он үшінші күнімен сәйкес келген күнде бүкіл еңгізілетін программалардың өшіруін айтады.
D тобы.
Ұзындығы n байт. Бұған «DSE» кіреді. Бүкіл .com, .exe файлдарын инфицирлейді. Дискте АМ-ді бұзып, магниттық дискті қайтарымсыз жағдайға дейін бүлдіре алады және Aids/test пен Adinf антивирустық программарды жоя алады. Оардың жалпы ерекшелігі - әр типті дискеталармен үзілісті жұмыс барысында екі рет жұқтыру, одан кейін толық емделу мүмкін емес.
Антивирустық программалардың классификациясы.
КВ-мен күресу үшін арнайы аппаратты – программалық құрылғылар ойлап табылады. Олардың жалпы кемшілігі – қазіргі таңға дейін мәлім «ауруларды» емдеуге арналған, бұл уақытта вирус программаларын жасайтындар одан да күрделі вирустарды өндіреді. Антивирустық қрылғыларды екі топқа бөлуге болады: аппаратты және программалық.
1. Аппараттық құрылғылар көбінесе әр түрлі криптографикалық кестелерді өндіреді және қадағалау және КВ-дан қорғау арнайы программалық жабдықтаумен бірге өндіріледі. Бірақ бұл құрылғылар жоғарғы тұрақтылығы бар АЕЖ өндірісін төмендетеді.
... Магистерлік диссертацияның мақсаты. Байланыстың үзілісіздігін және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында телекоммуникациялық желілердің өміршеңділігін бағалайтын әдістеме құру. Магистерлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Максималды ақпарат ағыны матрицасы мен е ...
... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасының әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...
... арнайы шұңқырларға салынып, залалсыздандыру жұмысын жүргізіп отырады. Берілген дипломдық жұмыс «Қарағанды қаласының сауда орталықтарына келіп түсетін ысталған балықты ветеринарлық-санитарлық сараптауға» байланысты біз ысталған балықтардың құрамында ...
... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде ...
0 комментариев