1.           Кеңес психологтарының Жеңіске қосқан патриоттық үлесі.

2.           Кеңес психологиясының әлемдік ғылыми ақпараттық кеңістікте шығуы.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды.

Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар: 1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет – қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет – қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық – тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи – қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:

13)           тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;

14)           өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

15)           еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;

16)           тілдік қатынастың пайда болуы.

Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты» қалыптастырады.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарда интеллектуалды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды, эмоционалды қатынаста, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. Адамның санасы объектвиті дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жасайды.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талпынады, оны өз қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді қамтамасыз етеді, яғни өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетінедгі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А.В. Петровский)

9)                Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял т.с.с

10)           Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

11)           Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын анықтау т.с.с.

12)           Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз.

Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі.

 

Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау қабілетіне ие. Қаруды дайындаудың өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажеттілікпен ғана анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән – мағынасы кейінгі аң аулау қажеттіліәгінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты. Қару дайындалудың қажетті шарты бола тұра, сол білік сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.

Қару дайындауға бағытталған іс-әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.

Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол «іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік»,- деп жазған.

Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс- әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы – ішкі құбылыс, ал әрекетті- сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен іс- әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекетте тек сыртқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.

 

Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт – бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған орта заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесіүйреніп, игереді.Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған.Ғылыми түрде алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.

Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де еңбекпен қатар, сананың қалыптасуның негізгі себептерінің бірі.

Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

-                     Қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан дүние бейнелерін түзеуге жәрдемдесті;

-                     Тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан тілге байланысты дерексіздену мен қорытындылау процесі қамтамасыз етіліп, сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;

-                     Тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтумен қоғамдық тарихи тәжірибедегі күрделенген ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты.Тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.Тіл адамның саналы іс- әрекетінің барша саласынга қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтан да тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қарастыруға болады.

Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

 

13 лекция.

 

Шетелдікпсихологияның жаңа беталыстары мен бағыттары.

 

Жоспар:

1.     Жан Пиаженің генетикалық психологиясы.

2.     Анри Валлоның даму психологиясы.

3.     Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін психолгияның жаңа салаларының пайда болуы мен дамуы.

4.     Кибернетика мен ақпарат теорияларының психологияға әсері

5.     Әлеуметтік когнетивті психология.

Карен Хорни (1885-1952). Ол 1939 жылы «Невротическая личность нашего времени» деген кітабында өзінің ұстазына алғыстар айтады. Көп кешікпей ол Фрейдті адамның мінез-құлық механизмін либидиоздық және агрессивтік екі тенденцияға біріктіруі мен пансексуализмнен адамның өмірінде не болып жатқанын алып шығуға деген талпыныстарын сынайды.

К.Хорни адамның іс-әрекетін екі тенденция басқарады деп бекітеді: қауіпсіздікке талпыныс және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпыныс. Осы екі талпыныс көбінесе бір-біріне қарама-қайшы келеді. Белгілі бір мінез-құлық жолдарын өндіруде, адам өзі жоюға талпынады, осыдан невротикалық конфликт туады. Хорни мінез-құлықтың төрт түрін бөліп қарастырады. Біріншісі қауіпсіз өмірмен қамтамасыз ету шаралары сияқты «невротикалық махаббатқа талпыныспен» көрінеді. Екінші «невротикалық билікке талпыныстан» пайда болады; мінез-құлық стратегиясының үшінші түрі адамдардан бөліну талпынысынан көрінеді; төртінші түр өзіңнің дәрменсіздігіңді мойындауынан көрінеді.

Кейін Хорни стратегияның санын көбейтуге тырысты. Бірақ ол 1945 жылы тек үш түрге ғана тоқтайды: 1) адамдарға талпыныс; 2) адамдардан алшақтауға, тәуелсіздікке талпыныс; 3) адамдарға қарсы әрекет жасауға талпыныс (агрессия). Осы үш түрдің қарым-қатынасына сәйкес невротикалық тұлғаның үш түрін көрсетеді.: 1) тиянақты; 2) жоюшылық; 3) агрессивтік. Мінез-құлықтың бұл түрлері сау адамдарға тән. Сау адамдар мен невроздар арасындағы айырмашылыққа келсек, «конфликтік тенденция арасындағы қарама-қайшылық невротиктерге қарағанда сау адамдарда аз болады». К.Хорнидің ойынша, сау адамдарда уақытша сыртқы жағдайлардың ықпалынан «ситуациялық невроз» пайда болады. «Мінез-құлық невроздары» негізінде тұрақты «түпкі конфликт» жататындықтан, дұрыс ауру болып табылады. Айтылған стратегияның түрлері тек шарт сияқты «дұрыс конфликт» үшін шығарылмайды. Олар қорғаныс механизмдері сияқты да шығуы мүмкін, мысплы, идеализацияның өзіндік образы түрінде.

Хорнидің теориясында фрейдизмнің негізгі жағдайлары қалады: антогонизмнің табиғилығы мен әлеуметтілігі, «тұрақты қорқыныштың» туа біткен механизмінің фатальдігі. Ең соңында Хорниде «тұрақты қорқыныш» жағдайы айтылады: ол адамды қоғамнан оқшаулауға әкеледі. «Невроз и развитие личности» (1950) деген ақырғы жұмысын ол өзіндік оқшаулық пен өзіндік реализацияға арнайды.

Хорниде невроздан құтылу өзінің «идеалды Менінен» босаудан тұрады. Хорни бойыншат, пациент өзін барлық кемшілігімен қабылдауы қажет.

Неофрейдизмнің басқа көрнекті өкілі

Г. Салливен (1892-1949) болып табылады. салливен өзінің ғылыми іс-әрекетін психиатр-психотерапевт түрінде бастады. Оның негізгі тұлға теориясына қатысты жағдайы «Межличностная теория в психиатрии» деген кітабында бяндалған. Салливеннің теориясы көптеген психологиялық мектептердің ықпалына беріледі.

Психологиялық зерттеудің обьектісі жеке субьект болмай, ал тұлға субьектілердің біріктірілген іс-әрекетінің өнімі сияқты болу керек деп жариялаған Салливен.

Салливеннің ойынша, тұлға қайталанған өзіндік тұлға ситуациясының орнықты модельдеріне қатысты, адамның өмірін бейнелеу болып табылады.

Бала адамдармен қарым-қатынасты, мейірімділікті және қорқыныштан қашуды талап етуден туады. Туу кезінде әлем баланы аса «мейірімді» қабылдамайды – ол анасының құрсағынан шыққанда дискомфортты басынан өткізіп, балаға суық болады. Осы дискомфортқа реакция түрінде балада мазасыздық пайда болады. Демек, мазасыздық сезімі туғаннан пайда болады. Осындай жағдайлармен Салливен тұлға дамуының негізгі механизмдері: 1) мейірімділікке, еркелікке талабы мен 2) қорқыныштан құтылуға деген талпыныс болып табылады.

Салливен қауіпсіздікке, қорқыныштан қашуға талпыныс әлеуметтік болып табылады, бірақ бұл әлеуметтік органикалық талпынысқа туғаннан қосылған деп санайды. Салливенде әлеуметтік тұлғааралық қатынастың жүйесі сияқты көрінеді, бірақ тұлғааралық қатынастың өзі құрастырылмай, туған сәтінен өмір сүреді.

Салливенде тұлғаның қалыптасуы Фрейдтегі сияқты фатальді, сөзсіз өтеді.

Осы екі механизм де баланың туған сәтінен өмір сүреді. Олар тұлғаның даму механизмі болып табылады. Бірақ адам үнемі өзіне жайсыздық туғызатын сыртқы әлемде өмір сүреді. Міне, осы сыртқы әлемен күресте, нақтырақ айтқанда, мазасыздықпен күресте оның тұлғалығы қалыптасады. Оны Салливен «Я-Система» деп атайды. «Я-система», тұлға біріншіден санасыз дәреженің шарасыз алаңдаушылыққа күресі және екіншіден, осы алаңдаушылықтан құтылу үшін әр түрлі тәсілді табуды Салливен мақұлдайды. «Я-система» баланы, жасөспірімді, кейіннен үлкен адамды – басында мамасының, одан кейін басқа адамдардың көмегіне сүйенуге мәжбүрлейді. Мұндай жағдай, механизм ретінде тұлғаның құрастырылуы Салливенде тұлғааралық қатынастан көрінеді. «Я-система» адаңдаушылықтан құтылған сияқты, қоршаушы әлем мен адамдар олай жасай алмайды. Осыдан адамның тұлғалық дамуын жүргізуші, нақтырақ айтқанда, осы тұлғаның ядросын құрайтын «таңдамалы зейін» болып табылатын ерекше механизм пайда болады. Салливен де осы «психологиялық қорғаныс» ұғымын қамтамасыз етеді. Салливенде ол адамның өзіндегі дискомфортын сезінбеуімен қорытындыланады. «Таңдамалы зейіннің» бұл мағынасы Салливенде «мағыналы тосқауыл» ұғымымен туыстас жазылған. Шын мәнінде олай емес.

Салливен бойынша, «мағыналы тосқауыл» баланың қатал тәрбие ықпалында болуынан, тәрбие мен оқудың жалған жүргізілуінен, үнемі сол тіркеу шындығының қайталанып отыруынан пайда болады. Онда балада да «мағыналы тосқауыл» пайда болады: ол тыңдайды, бірақ үлкендердің өзіне не айтқанын естімейді. Бұны да психологиялық қорғаныстың шарасы ретінде қарастыруға болады, бірақ, Славинада мағыналы тосқауыл тек белгілі дәрежеде ғана қарастырылады, ал Салливенде таңдамалы зейін шарасыз жалған құтылады, өйткені сыртқы әлем адамға дұшпан.

Тағы бір айта кететін жағдай, барлық психологтар Салливенге дейін ойлау мен есте сақтауды процесс деп атаса, ол оны «динамизм» деп атайды. Бірақ бұл динамизмдер Салливеннің ойынша, қорғаныс функциясын атқарады. Салливеннің тағы бір іліміне келсек, ол сөдің функциясы. Салливенде сөз-қорқыныштан қашу механизмі, қорқыныштан қашуға көмектесетін символ болып табылады. Салливен адамның индивидуалдығын мойындамайды: оның ойыншаәр адам қазіргі сәтте қанша тұлғааралық жағдай өмір сүрсе, сонша тұлғалық ұстайды. Тұлғалық тұлғааралық қатынастың пассивтік проекциясы ретінде көрінеді.

Тұлға дамуына келсек, Салливен бір жағынан оның құрылуының жас ерекшелік кезеңін тұлғааралық қатынастың құрылымымен байланыстырады. Сонымен бірге ол адам дамуының негізгі мезанизмі сублимация болып табылады дейді. Оны әлсіз және мықты қажеттілік тосқауылының көрінуі сияқты қарастыру қажет, ал ең мықты қажеттілік қорқыныш пен эмпатия сезімінен құтылу қажеттілігі болып табылады. Салливеннің айтуынша, бала өзімшіл, агрессивті болып тумайды, бірақ эмпатиялық сезім оның ойынша туа пайда болады.

Салливеннің айнымалылық жағдайы оның «сублимация» ұғымының трактовкасында да анықталады. Дегенмен, Салливенде бұл ұғым пансексуализммен байланыспаған, бірақ ол әлеуметтік арнаға құмарлыққа қанағаттанбайтын энергияның ауысу тәсілі сияқты ілгері басады. Әлеуметтік Салливенде табиғатқа қатысты сыртқы болып қалады.

Гуманистік бағыттың өкілдері үшін адамның орталық ядросы адамның өзін қөрсетуі, өзін-өзі бағалауы, әр түрлі атаулары «Мен-жүйе», «Мен-бейне» болып табылады. Осы бағытты жүргізуші өкілдердің бірі Карл Роджерс (1902-1987) болып табылады. Ол өзінің іс-әрекетін психиатр-терапевт ретінде бастайды, бірақ кейін психология мәселесіне ауысып, тіпті, 1946-1947 жылдары америка психологтары ассоциациясының президентінің орнын да алады. Өзінің терапиялық әдісін Роджерс «недирективным» деп атады, яғни пациентке көңіл аударушылық.

Роджерстің әдісі бойынша дәрігер пациентке гипноз жасамау керек. Дәрігер мен пациент арасындағы контакт бір-біріне деген құрметпен негізделуі керек; екеуі де контактідегі әңгіменің тең құқылы қатысушылары болып табылады.

Роджерс құрған терапия әдісі тұлға қалыптасуы мен оның даму механизмінің көрінісіне сәйкес келеді. Роджерстің дерективтік емес терапиясының идеясы дерективтік емес мінез-құлықтың психологиялық теориясына өсті.

Роджерстің тұлғалық теориясының орталық звеносы өзін-өзі бағалау категориясы болып табылады. дегенмен өзін-өзі жасауы конфликтісіз келмейді. Айналадағылардың бағасы өзін-өзі бағалауға өте жиі сәйкес келмейді. Адам дилемманың алдында тұр: басқалардың бағасын қабылдау керек пе, әлде өзіңдікінде қалу керек пе. Басқа сөзбен айтқанда не өзіңді, не басқаларды мәнсізденліру керек. «Өлшеудің» күрделі процесі жүріп жатыр, Роджерс оны «органикалық бағалаудың процесі» деп атады.

Басында бағаның қайнар көзі баланың ішкі организмінде жатады. Иллюстрация ретінде УК.Роджерс келесі қарапайым мысалды келтіреді: бала өзінің ішкі жағдайына қатысты сол бір тамақты қабылдайды немесе итереді. Әзірше таңдау ата-ананың, тәлімгердің, шіркеулердің, жарнамалаушы фирмалардың пікірімен емес, баланың өзіндік түйсіктерімен анықталады. Бірақ аяғында бала «өзінің организміне даналық» береді, индивидуалдық бағалаушы механизмнен бас тартып, олардың махаббатын жоғалтып алмас үшін өзінің мінез-құлқын айналадағылардың жүйелік бағаларына бағындырады. Бала өзінің сезіміне, арманына сенімсіздікпен қарап, бағалардың қайнар көзін басқа адамдарға ауыстырып оқиды.

Роджерстің басты қызметі, өзінің эмпирикалық зерттеуінің пәні қылып тұлғаның психологиялық құрылымының ішкі анализін жасауымен қорытындыланады.

 

Бақылау сұрақтры:

1.        Бихевиоризм.

2.        Анри Валлонның психологиясы.

3.        Жан Пиаженің генетикалық психологиясы.

4.        Необихевиоризм А. Бандура тұлға теориясы.

 

14-лекция

 

Ресейдегі ХІХ – ХХ ңасыр шебіндегі идеалистік философиялық психология

 

Жоспар


Информация о работе «Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)»
Раздел: Психология
Количество знаков с пробелами: 319063
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 0

0 комментариев


Наверх