1.                 Негізгі әдістер: бақылау (іштей, өзін-өзі бақылау; сырттай); Эксперимент (лабораториялық, табиғи)

2.                 Қосымша: анкета, тест, әңгімелесу, моделдеу, сұқбат, сұрақ, математикалық-статистикалық, конспект-анализ.

Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады:

өзін-өзі бақылау өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы, немесе обьективтік бақылау – фактілер мен құбылыстардың табиғаты психикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Ол: а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекетін түсіну; ә) оның ішкі психикалық мәнін ашып көру; б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу. Бақылау бір жағдайда «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.

Эксперимент- себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:

-                     Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.

-                     Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.

-                     Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.

-                     Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Орыс ғалымы А.Ф. Лазурский (1874-1917), 1910 ұсынған, эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасы болып, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы-зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқатпен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада. Зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Бұл әдістің бақылау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзінекерек құбылысты табиғи жағдайда тудыртып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандайда болмасын бір әрекет ұйымдастырады. оқыған текстеріне ат қоюды, осы тест бойынша әңгіме құрастыруды талап етеді т.б.

Адам психологиясын өзгертетін және оған әсер ететін амал ретіндегі эксперимент эксперименттік әдісіне кіреді. Оның мұндай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін қалаған Выготсий. Қалыптастырушы эксперимент-балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дамушы эксперименттік әдісі.

Лабораториялық- ХІХ ғ. ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лабораторияны ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.

Тест-белгілі бір сандық сапалық ақпарат береді және күрделі техникалық ақпараттарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тестің түрлері көп (ашық, жабық, жанама, тікелей, интеллектуалды, бланг, аппаратуралық, стандартты, обьективті, проективті, вербалды, т.б.)

Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. сұрақтар алдын-ала даярланады.

Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу.

Сұқбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қою, респонденттің жауап беру арқылы болған әдіс.

Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады. (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек % пен ғана айтылады.

Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.

Сұрақнама-анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.

Математикалық-статистика – белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.

Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)

Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (18921974) жасады.

 

3.Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы. Психологияның дамуы 4 кезеңнен тұрады:

1.                 Психология-Жан туралы ғылым

2.                 Психология-Сана туралы ғылым

3.                 Психология-мінез-құлық туралы ғылым

4.                 Психология-психика механизмдері мен заңдылықтарының фактісінің дамуын зерттейді. зерттейді. Адамның психикасын, психологиялық таным процестерін, психологиялық типологиялық ерекшелігін, жеке адамның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

2                   Психология-Жан туралы ғылым. Психика жөніндегі алғашқы түсініктер Анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) сипатта болды. Әлемдік психикалық ой-пікірдің даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы (атақты философ) Аристотельден «О душе» трактатын жазып шығарды «ассоциация» ұғымын енгізді. (б. з. д. 384-322) басталатын ішкі тарих. Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүргін ғұламалар Гераклит «Өзіңді танып, білу үшін, ғылымды біл. Өмірде болып жатқан құбылыстар құдайдың көңіл күйінде емес, заңдылыққа байланысты» деген, «логос» терминін енгізген; Гиппократ (әйгілі дәрігердің баласы) «адамдар организмін зерттеген және аурудың себебін зерттеді. Сұйықтықтардың пропорциясына байланысты дейді, сау адамдар мен ауру адамдардың айырмашылығы» Лукреций, Эпикур, Демокрит. т.б. Ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Аристотель өзінің «жан туралы» трактатында жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, ( Тірі денеден жанның бөлінбейтіндігі туралы идеясын бірінші болып айтқан), мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтты. Жанды зерттеу және түсіндіру-психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне-материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың, арақатынасына байланысты болған. Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериалы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: материалистік және идеалистік. Материализм мен идеализмнің арасында осыдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Психикалық құбылыстарды идеалистік (Платон-«жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ. Жанның материалдық дүниеден айырмашылығы, ол-идеалды. Таным-психиканың сыртқы дүниемен өзара әрекеті емес, жанның адам тәніне енгенге дейін идеалды дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Обьективті дүние-танымдық қызметтің обьектісі емес, соған себепші ғана». Сократ- бойынша табиғат пен адамды құдай жаратқан) тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында болып табылады. Психика-тәнсіз, материялсыз негіздің-«абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі, дейді идеалистер. Тарихи жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады. Психиканы материалистік (Демокрит-«Адам әртүрлі атом сортынан жаратылған. От атомы жанды құрайды» деді. Лукреций, Эпикур, Гераклит- ол дүние оттан п.б.; Фалес-«дүние судан п.б.» Аниксимандр-«апейрон» Анакеймен- «воздух» Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-фараби (870-950)) тұрғыдан түсінудің идеализмге қарама-қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралатындығында.

3                   (XVII) Психология-Сана туралы ғылым. Психологияның зерттеу пәні –сана деп қарастырды. Француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) (екінші кезеңнің басталуы) Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті-оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс Рефлекс-(жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы жауап береді, деді). Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тәуелсіз екі субстанцияның-материя мен рухтың-бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім «дуализм» (латын тілінен «қосалқы») деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарастары бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт обьективтік идеализм деген атқа ие болды. Декарттың жан мен денені бөліп салғанын, голландтық философ Спиноза (1632-1677) біріктірді. «Эмперикалық психология» терминін неміс философы ХVІІІ ғ. Х. Вольфом енгізді. Ағылшын философы Дж. Локк (1632-1704) түсінігі бойынша- сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайды. Дүнеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Локк ілімі бойынша «таза тақта». Сана-адамның жеке тәжірибесінен жинақталады. Неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) психологияның дамуымен психиканың механизмдерін түсінуге ықпалын тигізді. Ол психологияға «сана» ұғымымен қатар санасыздық ұғымын енгізді, санасыз түрде пайда болатан шексіз шағын перцепциялар бар екенін жоққа шығармайды. Туа берілетін идея жөніндегі Декард ілімін қолдай отырып, Локк сынын ескерді, оның сәбидің психикасы «таза тақта» деген тезиске қарсы шықты.

ХІХ ғ. 60 жылдарында психология дербес ғылым ретінде танылды. Вильгельм Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Вундт психологияны-сана құрылым ғылымы деді, бұл бағытты құрылымдық көзқарас деп атады. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция («ішке үңілу»), өзін-өзі бақылау әдісін қолданды. Мұндай бақылауда басты ғылыми талап-обьективтілік болмайды. осының нәтижесінде ХХ ғасырдың басында, біріншіден, ғылыми обьективтік білімнің дамуы сұрауларының салдарынан және әлеуметтік – экономикалық талаптардың салдарынан, екіншіден, - интроспективтік психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.

У. Джемс американдық психолог «Функционалдық көқарас». «Сана ағымы» деген теориясы бар. Сана функциясының адам өміріндегі ролі зерттеуді жалғастырды. Олар: интроспекция, өзін-өзі бақылау, уақытша міндетті шешу фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс «үздіксіз сана» түсінігі- мазмұны мен күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының процесі.

Эббингауз (1850-1909) ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында, белгілі неміс психолог Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды.

Спенсер Жаратылыстану ғылымының ХІХ ғасырда одан әрі дамуында Ч. Дарвин жасаған эволюциялық ілім аса маңызды кезең болды, адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір эволюция нәтижесі деп танылды. Дарвинмен қатар бұл ойды Г. Спенсер де (1820-1903) айтты және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) - біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады.

Отандық ғылымының негізін салушы психолог Сеченов И.М. (1829-1905)- «Рефлексы головного мозга» кітабында (1863) негізгі психологиялық процесс физиологиялық трактовкадан алады.

Г. И. Челпанову (1862-1936) Психология институтының негізін қалаған. Оның ең негізгі қызметі Россиядағы институтты жарыққа шығарды. 1885ж. В.М. Бехтерев (русский физиолог, психолог, психиатр, невропатолог) Россиядағы эксперименталды лабораторияны ұйымдастырды (ашқан) психиканың іс-әрекет рефлекторлы концепциясын ашқан. Эксперименталды бағыттығы психологияның обьективті әдісінің зерттеуін дамытты. И.П.Павлов (1849-1936) шартты рефлекторлық организмдегі іс-әрекетпен байланысты. Оның жұмыстары психикалық ісәрекеттегі физиологияны түсінуге көмектесті.

Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері: Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757), Д. Пристли (1733-1804), және француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789), К. Гельвици (1715-1771) еңбектерінде айқын аңғарылады.

3                   Психология-мінез-құлық туралы ғылым. Бихебиоризм (ағылшынша-«мінез-құлық») бағытының негізін салушы американ психологы Дж Уотсон (1873-1958). 1913 жылы Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Оған психика да емес, сана да емес, сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Субьективтік әдістің (интроспекцияның) орнына – обьективті әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдың ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды және психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Расында да, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында обьективті фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай обьективтік алдамшы немесе біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихебиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды, адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі – сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді, яғни ғылымды «психикасыз психологияға» айналдырды.

                   Гештальт психология Германиядағы психикалық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгейлер (1880-1943) жәнет В. Келер (1887-1967), К.Коффка (1886-1941) Ассоциативті психологияға қарсы болды. Мақсаты: жеке психикалық процестің құрылымын тәжірбие жүзінде зерттеу. гуманистік бағыттың негізі болып табылады. тұлғалық қасиеттерінің өсуіне негізделеді. Гештальт деген сөзді неміс тілінен аударғанда «форма» сөз, яғни барлық ұсақ бөлшектердің бірігуі және органикалық бүтінді құрайды.

                   Психоанализ (З.Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни)

                   Гуманистік психология (А. Маслоу, Роджерс)

                   Когнитивті психология (Дж. Брунер, Д. НОрман, Л. Фистингер).

                   Интерактивная психология (Э. Берн). адамды зат ретінде қарастырады, адамдармен өзара әрекет, қарым-қатынас негізгі мінездемесі болып табылады. Психологияның мақсаты-қарым-қатынас, өзара қатынас, қақтығыс, өзара әрекеттестіктің заңдылығын үйретеді.

                   ХХ ғ. Отандық психология дамуына бірқатар үлесін қосқан Біздің психологтар: Л.С. Выготский (1896-1934) психолог, психикалық функцияның мәдени-тарихи концепциясының негізін қалаушы; психикалық функцияның дамуы туралы жазған, балалардың дамуын қарастырған және аномальді балалар психологисының негізін қалаушы; Ломоносов М.В.- материя 1-ші пайда болады д.а. Ол бойынша, ең 1-ші таным процестерін дамыту керек. Запорожец и Элконин – балалар психологиясы; Смирнов – ес психологиясы; Лазурский- тұлға сұрақтарымен айналысты, әсіресе адам м-қ қараст. Ланге – Россиядағы эксперименталды психологияның негізін қалаушылардың бірі. А.Р. Лурия (1902-1977) – ес пен ойлаудың нейрофизиологиясының негізін қалады. Анохин П.К.- отандық физиолог, А.Г. Ковалев және П. Я. Гальперин. Отандық психологияда іс-әрекет психологиясына үлес қосқандар: А.Н. Леонтьев Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясын қолдана отырып, жоғарғы психикалық функцияға эксперимент жүргізді; Рубинштейн, Плотонов, Ананьев, Тевлов – олар адамның дамуының негізгі көзі іс-әрекет деген, кейіннен іс-әрекет теориясын өңдеген; Абульханова-Славская – жеке адамды іс-әрекет субьектісі ретінде қарастырды, Климов индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін анықтады, Брушлинский жеке адамды шығармашылық әрекеті тұрғысынан қарастырды.

 

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Психология дамуының негізгі бағыттары қандай?

2. Психология пәнінің ерекшелігі неде?

3. Психологиядағы әдістер ерекшеліктері қандай?

 

15 лекция

 

Қазақ психологиясы тарихының елеулі кезеңдері

 

Жоспар

1.     Уалихановтың психологиялық ой-пікірі.

2.     А.Құнанбаев адамның жан құбылысы туралы көзқарасы.

3. Ы.Алтынсариннің психологиялық түйіндемелері.

4. Ы. Алтынсариннің ұстаздар алдына қойған міндеттері

Қазақ психология тарихын зерттеу көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырды.

Отбасы тәрбиесі – бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Жүсіп Баласағұнидің айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі – білім, әдет-дағдыларға машықтандыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз өнері адамның әртүрлі жаман жақсы қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеледі.

Моральдық-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұлама-ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки. Ахмет Яссауи. Саиф Сараи. Мұхаммет Хайдар Дулати. Қ.Жалаири еңбектерінде жан-жақты баяндалады.

Сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз жырау. Доспанбет жырау. Жиембет Бабатайұлы, Маханбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологиялық ойлар басым келеді.

Тәлімдік тұрғыдан ақын – жыраулардың еңбектерінде қолбасының біртуар тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі суреттеледі. Ақын-жыраулардың толғаулары жастарды ерлікке, батылдыққа, өз Отанын сүюге шақырады. Мәселен, Махамбет Өтемісұлы өзінің ұлттық насихаттық мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшті ерік-жігері мен мінез-құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз берді. Махамбет өлеңі жастарды ерлікке, батылдыққа шақырды. Махамбет ерлік пен елдіктің үлгісін көрсете отырып, елжандылық сезім мәселесін халықтың абыройы жолындағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың мұрат-мүддесінің әлеуметтік мәнін ашуға тырысты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік ұстаған ағартушы-демократтар Шоқан Уалиханов. Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының психологиялық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе.

Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерттелген көрнекті қоғам жәнемемлекет қайраткері, психолог-ғалым, академик Төлеген Тәжібаев болды. Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғышрет 1939 жылы Ленинград қаласында «К.Д.Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Төлеген Тәжібаев көп жылдар қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің психологиялық және педагогикалық көзқарастарын зерттеуге арналған бірнеше монографиялық еңбектер жазды. Ол 1962 жылы тұңғыш диссертация қорғады.

Академик Т.Тәжібаевтан кейін бұл бағытта ғылыми – зерттеу жұмысын ілгері дамытқан, Қазақстанда психологиялық және педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеген, «Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы және дамуы», «Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы» және т.б. бірнеше монографиялық еңбектердің авторы, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың алатын орны ерекше.

Қ.Б. Жарықбаев ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдң бас кезіндегі қазақ ағартушылары Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың. Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Нәзипа Құлжанованың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торағыровтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады.

Қазақ топырағында алғаш рет 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) Мағжан Жұмабаевтың (1993-1938) оқулығының жарық көруі өмірде өте сирек кездесетін құбылыс ретінде бағалауға болады. Бірақ оқулықтың аты «Педагогика» деп аталғанмен, оның бүкіл мазмұны психология ғылымының мәселелеріне арналған. 15 тарау 106 беттен тұратын «Педагогика» оқулығының төрт-ақ тарау.

Оқулықта Мағжан Жұмабаев алғаш рет психологиялық терминдердің қазақша баламаларын жасауға талпынған, мәселен, түйсінуді – әсерлену, зейінді – абай, есті – зейін, пікірді – хұкім және т.б. қазақша баламаларды қолданады. Дейтұрғанмен, бұл баламалар қазіргі психологияда қолданып жүрген ұғымдарға сәйкес келмейді.

Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, жеке адамға табынудың, заңсыздықтың құрбаны болған, біртуар қазақ зиялылардың бірі – Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931) қазақ топырағында тұңғыш рет «Психология» (Қызылорда - Ташкент) оқулығын 1926 жылы жазды.

«Денедегі кейбір мүшелер, оның қызметтері» және «Эмоция және сезім» атты төртінші және бесінші тарауларында психикалық үрдістердің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері мен эмоция, сезім, көңіл-күйге талдау жасалады. Сонымен қатар оқулықта таным үрдістеріне сипаттама беріледі, олардың заңдылықтары мен қасиеттеріне тоқталады.

Психология және педагогика ғылымдары саласында психолог және аедагог ғалым ретінде асилий Яковлеевич Струминскийдің (1880-1963) Республикада психология ғылымын дамта сіңірген еңбегі ерекше. Ол Орынбор практикалық институтында педагогика, жалпы және педагогикалық психология пәндерінен студенттерге дәріс берді.

1923 жылы В.Я.Струминскийдің Орынбор қаласында «Психология» оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектикалық материализм тұрғысынан ғылыми психологияның негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталды. Кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбектің мәні орасан зор болды.

1935 жылдан бастап, өмірінің соңғы кезіне дейін психология ғылымының көрнекті қайраткері, профессор Александр Петрович Нечаев (1870-1948) Семей қаласында тұрды. Психология ғылымы саласында 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен, есімі әлемге белгілі психолог-ғалым. Ол психология ғылымының әртүрлі саласында әсіресе, психологияның жас, педагогикалық, медициналық және т.б. салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Өмірінің соңғы жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында студенттерге педагогикадан және психологиядан дәріс оқыды. А.П.Нечаев көп жылдар «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» тақырыбында Ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізіп, Жо,ары аттестациялық комиссия 1944 жылы диссертация қорғамай-ақ, психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді.

Сонымен, Қазақстанда психология ғылымының дамуында А.П.Нечаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалауға болады.

Қазақстан педагогикалық институттарында педология 1936 жылғы 4-шілдедегі партияның қаулысы қабылданғанға дейін пән ретінде оқытылып келді. Жоғары педагогикалық оқу орындарында педагогика және психология пәндерімен қатар педологиядан белгілі ғалымдар, мәселен қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика және педология кафедрасының меңгерушісі Шарапи Әлжановтың дарынды әмбебап ғалым, Қазақстанда жоғары педагогикалық мектепті белсенді ұйымдастырушылардың бірі, профессор Халел Досмұхамедовтың, Орал педагогикалық институтында психология және педологиядан дәріс берген. Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді дамытуға ат салысқан, белгілі психолог-ғалымдардың бірі Абдолла Темірбековтың, Республикада психология ғылымын дамытуда ерекше еңбек сіңірген көрнекті психолог ғалым Салкен Балаубаевтың есімдерін ерекше атауға болады. С.Балаубаев пен Ш.Әлжановтң басшылығымен 1934 жылы Залкиндтің «Педология» оқулығы қазақ тіліне аударылды.

30-жылдары А.Темірбеков Орал педагогика институтында педология мен психологиядан қазақ тілінде студенттерге дәріс оқыды, қазақ тілінде психология және педология курстарынан оқулықтар мен оқу құралдары болмады. Студенттер А.Х.Темірбековтың басшылығымен психологиядан К.Н.Корниловтың, педологиядан П.П.Блонскийдің орыс тілінде шыққан оқулықтарын пайдалануына тура келді.

30-жылдары педагогикалық институттарға арналған психология бағдарламасы профессорлар С.Л.Рубинштейн мен К.Н.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. Республика жоғары оқу орындарында профессор С.Л.Рубинштейннің «Жалпы педология негіздері» оқулығы мен профессор К.Н.Корниловтың «Психология» оқулығы қолданылған болатын.

1938-1939 оқу жылынан бастап, жалпы психология курсы студенттерге ана тілінде оқытыла бастады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында психология курсын оқытуды дұрыс жолға қоюжа қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы, меңгерушісі Төлеген Тәжібаевтың еңбегінің мәні зор болды.

1939 жылы Ленинград қаласында «К.Д.Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» тақырыбында бұрынғы Одақта бірінші рет орыс педагогикасының классигі К.Д.Ушинскийдің психологиялық мұрасын зерттеген тұңғыш ғалым – психолог. Ол Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ университетінде психологиядан қазақ тілінде дәріс берді, психология кафедрасын басқарды.

Т.Тәжібаевтың "Жалпы психология" оқулығы "Қазақ университеті" баспасынан 1992 жылы жарық көрді. Еңбекте психология ғылымының теориялық негіздері жан-жақты баяңдалады.

Еліміздің белгілі психолог-ғалымы, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, Саратов университеті медицина кафедрасының меңгерушісі Иосиф Лазаревич Стычинский (1896-1969) 1946 жылы Алматыға келіп, Қазақтын Абай атындағы педагогикалық институтында психологии кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды соңғы жылдары оның профессоры болып жұмыс істеді. Ол

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында психолог-аспиранттарға ғылыми жетекшілік етті. И.Л.Стычинскийдің ғылыми жетекшілігімен психологиядан бірнеше ғылым кандидаттары даярланды. Бірінші рет Республикада жоғары жүйке қызметі зертханасы жұмыс істеді. И.Л.Стычинский И.П.Павловтың іліміне байланысты бірнеше ғылыми еңбектер жариялады.

Қазақ психология ғылымынын қалыптасуында өзіндік орны бар көрнекті психологтарымыздың қатарына Сәлкен Балаубаевты (1902-1972) жатқызуга болады. Ол Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында оқытушы, Қазақ CCP Халық ағарту комиссариаты жанындағы әдістемелік кеңесте жұмыс істеді.

Республикада психологиядан алғаш рет кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Олар: E.Суфиев, А.Темірбеков. М.Мұқанов. А.Асылбеков. Қ.Жарықбаев және т.б.

Қазақстанда психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан психолог ғалымдардың ішінен Абдолла Темірбековты (1904-1972), Елеш Суфиевті (1919-1980). Мажит Мұқановты (1920-1985) атауға болады. А.Темірбеков 30-40 жылдары Орал, Қызылорда пединституттарында директордың орынбасары. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында факультет деканы, Өскемен педагогикалык институтынын ректоры, кейінгі жылдары Алматы шет ел тілдері институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Е.Суфиев (1919-1980) Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институгының химия-биология факультетінің түлегі. Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін мектептерде ұстаздық қызмет атқарды. Соғыстан кейінгі жылдардан 80-жылдарға дейін Ақтөбе. Алматы, Шымкент қалаларындағы оқу орындарында психологиядан дәріс оқылды.

Қазақ психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан психолог-ғалымдарымыздың қатарына Мажит Мұкановты (1920-1985) жатқызуға болады. Ол Ленинградтың H.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын 1949 жылы тамамдағаннан кейін, Қазақ университетінің аспираитурасын бітіреді. 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың ғылыми жетекшілігімен психологиядан кандидаттык диссертация қорғайды. 1953-1960 жылдардың аралығында Алматының шет тілдер педагогикалық инстигутының 1960-1985 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының психология кафедрасының меңгсрушісі болды.

М.Мұқанов 1980 жылы психологиядан тұнғыш рет Қазақстанда докторлық диссертация қорғап, кейін профессор ғылыми атағын алды.

Республикада бұл жылдары психологиядан бірнеше кандидаттық диссертапиялар қорғала бастады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтда психологиядан дәріс оқыған ғалымдардың бірі - Әбдірахман Асылбеков (1907-1970). Ол - бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалардың авторы, әсіресе, оның "Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу" (1958), "Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға коммунистік тәрбие беру" (1959), "Бала тәрбиесінде семьяның ролі" (1969). "Мектеп оқушыларыда ынтаның калиптасуы"

атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Кәрім Қойбағаров (1928-1985) - Қазақ мемлекеттік университетінің логика және психология бөлімін 1951 жылы алғашқы бітірген түлектерінің бірі. 1951-1954 жылдарға дейін психология кафедрасының аспиратурасын оқып бітіреді.

"Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастары" деген тақырыпта бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған "Жалпы психология" (Алматы, 1980), "Жас педагогикалық психология" (Алматы. 1987), "Семья өміріндегі әдеп және психология" оқулықтарын аударушыларының бірі болды. Ата-аналар мен мұғалімдер үшін жазған оның "Балаларды мектепке әзірлеу" (1961), "Балаларды адамгершілік. сезімге тәрбиелеу" сияқты еңбектері дүниеге келді. J

XX ғасырдың 70-80-жылдарында Республикада психология ғылымының әртүрлі салалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, әсіресе, жалпы, педагогикалық, заң. әлеуметтік, спорт және т.б. салалар бойынша зерттеу жұмыстары орындалып, бірнеше еңбектср дүниеге келді. Бұл жерде Қ.Шерниязованың Ж.Түрікпенұлының, С.Сүлейменованың, Р.Жаңабекованың, Ж.Дүйсенбековтың Б.Орманбаеваның зерттеулерін атаған жөн.

Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып есептелетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінгі күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып отыр. Кезінде осы кафедраға қазақтың тұңғыш психологі, академик Төлеген Тәжібаев басшылық етті. Этнопсихология проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық докторлық диссертация қорғалды.

Қазактың мемлекеттік ұлттық уииверситетінде көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаевтың ғылыми жетекшілігімен 1998 ж. академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы құрыды.

1988 жылдан бастап, Республикадағы жоғары оқу орындарында психолог мамандар даярлау ісі қолға алынды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Карағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Тараз университеттері мен Петропавл, Актөбе педагогикалық институттарында психолог кадрлар даярлануда. Республика мектептеріне "психология" мамандыгының штаты енгізілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

1.                 Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

2.                 Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

3.                 Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

4.                 Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

5.                 Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

6.                 Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

7.                 Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

8.                 Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

9.                 Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

10.            Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

11.            Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

12.            Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

13.            Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

14.            М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

15.            М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

16.            М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

17.            М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

18.            Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

19.            А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

20.            Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

21.            Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

22.            Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

23.            Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

24.            Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

25.            Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


Информация о работе «Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)»
Раздел: Психология
Количество знаков с пробелами: 319063
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 0

0 комментариев


Наверх