2.4. Шиналарды монтаждауға и демонтаждауға арналған стендтер

 

Шиналарды монтаждауға и демонтаждауға арналған стендтер өздерінің конструкциялық орындалуларының сан түрлілігімен сипатталынады. Стендтердің конструкциялары стендтегі доңғалақтардың орналасуына және шина мен диск аралығындағы керіліс күшін тудыру тәсіліне қарай ажыратылады. Доңғалақтардың орналасуына қарай стендтер тік және көлденең болып ажыратылады. Көлденең орналастыру жеңіл автомобильдердің доңғалақтарына арналған стендтерде кең таралған, бұл оларды центровка және қатайту технологиясы үшін аса ыңғайлы саналады. Доңғалақ массасының ауырлығы мен үлкен габаритті өлшемдері үшін жүктік автомобильдер тік орналастырылған стендтерге қойылады.

Қозғалыс алу күшін тудыру тәсіліне қарай стендтер статикалық және динамикарлық түрлерге бөлінеді. Конструкциялығы жағынан доңғалақ дискісі патронға айналмалы қозғалыс жасау мүмкіндігі болмайтындай етіп бекітілген, шинаны төрт қалақша үстап тұратындай етіп жасалынған бірінші типтегі стендтер қарапайым саналады. Доңғалақ элементтерінің қозғалуы (отрыв) гидроцилиндр әсерімен шина мен дискіге қатысты осьтік қозғалуы есебінен барлық борт бойымен жүзеге асады.

Жеңіл автокөліктердің доңғалақтарының шинасын монтаждауға және демонтаждауға арналған стендтердің кең таралған сүлбесі 12.1-суретте келтірілген. Стенд горизонтальды абүрылмалы стол 7, монтаждық басы (головка) 9 бар монтаждық арқалықтан 10 және шина бортын сығуға арналған механизмнен тұратын каркастан 1 құралған. Доңғалақ стендтің жиектерне немесе орталық саңылауға екң қарама-қарсы жұдырықшаларға әсер ететін екі пневмоцилиндр 11 көмегімен столдың радиалды паздары арқылы жылжып отыратын, төрт жұдырықшаның 6 көмегімен бекітіледі. Қалған екі жұдырықшаға төрт тартқыштардың 5 көмегімен күш орталық дисктан 4 беріледі. Стол белдікті беріліс 2 пен тегершекті редуктор 3 арқылы электроқозғалтқыштың 13 есебінен айналады.

Монтаждық головка шинаның қажетті өлшеміне орнату үшін тік және көлденең бағытта да жылжи алады. Монтажды головканы тік орнату қысқыш қондырғының көмегімен қолдықсаппен (рукоятка) 8 жүзеге асады.

Шина бортының ободтан бірінші реттік қашықтауы пневмокамера 12 көмегімен жетек алатын қысқыш қалақша 15 мен рычагтан 14 тұратын механизм көмегімен жүзеге асады. Стендтердің жұмысы үшін 220 немесе 380В кернеудегі элекрт қуатының көзі немесе 08...1,0 МПа қысыммен қысылған ауа желісі қажет.

Монтаждық столдың жетегі саналатын электроқозғалтқыш жетегінің қуаты , Вт, келесідей анықталады:

(12.1)

Мұндағы Мкр — айналу моменті, Н м; — монтаждық столдың айналу жиіліг, мин-1; — редуктор мен белдікті берілістің қосынды ПӘК-і.

Жұдырықшалардың ығысуының қосынды күші мен айналу моменті , Н, диск бетінің доңғалаққа қатынасы келесідей тәуелді:

(12.2)

мұнда К— қор коэффициенті (К= 2,5); — жұдырықшалармен біріктірілуге ықпал жасайтын доңғалақ дискісінің беттік радиусы, м; — доңғалақ дискісі мен жұдырықшалар арасында пайда болатын үйкеліс (= 0,2...О,25).

Шток күші , Н, жұдырықша жетегінің бір пневмоцилиндріндегі

(12.3)

мұнда — монтаждық стол жұдырықшаларының саны; — рычагты механизм мен жұдырықша жетегінің қосынды ПӘК-і.

 

 

 

12.1.-сурет. Жеңіл автокөліктердің доңғалақтарының шинасын монтаждауға және демонтаждауға арналған стендтердің кең таралған сүлбесі:

1 — каркас; 2 — белдікті беріліс; 3 — тегершекті редуктор; 4 — диск; 5 — тартпа; 6— жұдырықша; 7— монтажды стол; 8— монтажды головканың тік орналасуын реттеуші сап; 9 — монтаждық бас; 10 — монтажды арқалық; 11 — жұдырықша жетегінің пневмоцилиндрі; 12 — шина бортын қысуға арналған механизм жетегінің пневмокамерасы; 13 — электрқозғалтқыш; 14 — шина бортын қысуға арналған механизмінің рычагы; 15 — қысқыш қалақша;

 

, — бұрылмалы монтаждық столга бекітілген айналу моменті; — жұдырықша жетегінің пневмоцилиндр штогының; — диск жиегіне жұдырықшалардың ығысу күші; — қысу қалақшаларындағы кері итеру күші; — қысу қалақшаларының жетегіндегі пневмокамера штогының күші.

Қысу қалақшалары жетегіндегі пневмокамера штогындағы күш , Н,

(12.4)

мұнда — қысқыш қалақшада жоғарылайтын кері итеру күші, Н;

— передаточное отношение рычажного механизма отжима борта шины;

— шинаның қысқыш бортындағы рычагты механизм ПӘК-і ( = 0,85).

Жүктік автомобильдер мен автобустардың доңғалақтарын монтаждау стендтері вертикальды орнатылады. Мұндай стендтің кең таралған түрінің сұлбасы 12.2-суретте көрсетілген. Стенд арқалық 10 пен монтажды кансоль 15 орнатылған негізден 8 тұрады. Доңғалақ ободтың ішкі бөлігіне бекітіледі немесе тұрқыдан 2 және жұдырықшалары бар 4 төрт рычагтан тұратын өздігінен орталықтандырылатын қысқыш қондырғы көмегімен орталық саңылауға орнатылады.

Монтаждық-демонтаждық жұмыс кезінде доңғалақтың айналуы электрқозғалқыштан 13, белдікті берілістен 12 және тегершекті редуктордан 14 тұратын электромеханикалық жетек көмегімен жүзеге асады.

 

 

 

12.2.-сурет. Жүктік автомобильдер мен автобустардың доңғалақтарын монтаждау стенді:

1 — монтажды консоль жетегінің гидроцилиндрі; 2— қысқыш механизмнің тұрқысы; 3— рычаг; 4— жұдырықша; 5— қысқыш механизм жетегінің гидроцилиндр штогы; 6— монтаждық бас; 7— қысқыш ролик; 8— негіз; 9— сорап жетегінің электроқозғалтқышы; 10 — арқалық; 11 — арқалықты көтеру гидроцилиндрі; 12 — белдікті беріліс; 13 — доңғалақтың айналу жетегінің электроқозғалтқышы; 14— тегершекті редуктор; 15— монтажды консоль; 16— бағыттаушы; 17— стендтің гидравликалық жүйесінің сорабы;

 

— доңғалаққа қосылған айналу моменті; — қысқыш механизм жетегіндегі гидроцилиндр штогыгынң куші; —жұдырықшалардың диск жиегіне ығысу куші; — қысу қалақшасындағы кері итеру күші.

Доңғалақтарды стендтерге орнату ыңғайлы болуы үшін қысқыш қондырғыларды жұмыс биіктігіне гидроцилиндр 11 көмегімен көтеріп-түсіруге болады. Стенд гидроцилиндрлеріне майды электрқозғалтқыштан жетек алушы 9 сорап 17 арқылы жеткізіп отырады.

Қолданылатын жүктік автомобильдер доңғалақтарын шинамонтаждауға арналған стендтерінде шина бортындағы қысу күші 31000 Н қамтамасыз етіледі. Сәйкесінше бірінші және екінші берілістердеайналу жиілігі 3,5 и 7,0 мин-1 шамасында доңғалақтардың айналу жетегіндегі электроқозғалтқыштың қуаты 1,5...2,2 кВт. Гидро сорап жетегіндегі қуат 1,5 ... 4 кВт құрайды және гидравликалық жүйеде 14т МПа-ға дейін қысымды қамтамасыз етеді.

 

 


Информация о работе «Автомобиль шинасының шығу тарихы мен даму бағыттары»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 96693
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх