3.1. Вулканизациялау және шина құрастыру жұмыстарына қойылатын талаптар

 

Шина құрастыру жұмыстарын орындау кезінде:

1) вулканизациялау аппаратында клапансыз, сондай-ақ жарамсыз немесе пломбаланбаған клапанмен жұмыс істеуге;

2) клапанға қосымша жүк қоюға;

3) жарамсыз, пломбаланбаған немесе тексеру мерзімі өткен манометрді пайдалануға;

4) жарамсыз вулканизациялық аппаратпен жұмыс істеуге, сондай-ақ қазанда қысым болған кезде оны жөндеуге;

5) дәнекерлеу қаптарынан ауа шығарылып болғанша, струбцинаны босатуға;

6) резеңке желімін дайындау үшін этилденген бензинді пайдалануға;

7) бу генераторы мен вулканизациялау аппаратына қызмет көрсететін қызметкерге, олар жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс орнынан кетуге немесе оларда жұмыс істеуге басқа немесе бөгде тұлғаларды жіберуге рұқсат етілмейді.

Шиналар жөндеу алдында шаңнан, кірден, мұздан тазартылады.

Бұдырмақтауға арналған станоктар шаңды сорып алу үшін жергілікті ауа тарту вентиляциясымен жабдықталады, сенімді жерлестіріледі және қайрақты шеңбер жетегінің қоршауы болады.

Бұдырмақтау бойынша жұмысты қорғаныш көзілдірікпен және жергілікті ауа тарту құрылғысы қосылған кезде ғана жүргізген дұрыс.

Бу мульдаларында жұмыс істеген кезде сығылған ауаны дәнекерлеу қабына беру шиналар мен борт жапсырмаларын струбциналармен ақырына дейін бекіткеннен кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

Вулканизациялаудан кейін струбцинадан камераны, қалпына келтіру учаскесі суығаннан кейін ғана алуға болады.

Жамауларды ойған кезде пышақтың жүзін өзіңе қарай емес, өзіңнен әрі (материал қысылған қолдан әрі) жылжыту керек. Жарамды сабы бар және жүзі өткір етіп ұшталған пышақпен ғана жұмыс істеуге болады.

Бензин мен желім бар сыйымдылықтарды, оларды қажет кезде ғана ашып, жабық ұстаған дұрыс. Жұмыс орнында ауысымдық қажеттіктен аспайтын мөлшерде бензин мен желімді сақтауға рұқсат етіледі. Бензин мен желім бу генераторының оттығына 3 м жақын болмайды.

Вулканизациялау жұмыстарын орындау кезінде:

1) вулканизациялау аппаратында клапансыз, сондай-ақ жарамсыз немесе пломбаланбаған клапанмен жұмыс істеуге;

2) клапанға қосымша жүк қоюға;

3) жарамсыз, пломбаланбаған немесе тексеру мерзімі өткен манометрді пайдалануға;

4) жарамсыз вулканизациялық аппаратпен жұмыс істеуге, сондай-ақ қазанда қысым болған кезде оны жөндеуге;

5) дәнекерлеу қаптарынан ауа шығарылып болғанша, струбцинаны босатуға;

6) резеңке желімін дайындау үшін этилденген бензинді пайдалануға;

7) бу генераторы мен вулканизациялау аппаратына қызмет көрсететін қызметкерге, олар жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс орнынан кетуге немесе оларда жұмыс істеуге басқа немесе бөгде тұлғаларды жіберуге рұқсат етілмейді.

 

Қорытынды

 

Шина өндіру индустриясының негізгі даму бағыттарына келетін болсақ, кейінгі жылдар аралығында шина ұзындығының профилін қысқартуға бағытталған жұмыстар орын алды. Профиль ұзындығының еніне қатынасы өлшем параметрінің енінің сандық мәні өзгеріссіз қалғанда төмендеуі дөңгелектің жалпы ұзындығын өзгертпей, үлкен диаметрлі дөңгелек дискілерін қоюға жағдай жасайды. Ол өз кезегінде автомобильдің мотор қуаттарын және автомобиль жылдамдықтарының күнен күнге өсу жағдайында үлкен диаметрлі тоқтатқыштар механизмдерін орнатуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар шинаның бүйіріне келетін деформация мөлшерінің азаюына жағдай жасап, автомобиль жүргізілуіндегі шина реакциясын оңайлатып, шина қызуын төмендетеді. Жаңалықтың кемшілігі – қозғалыс ыңғайлығын төмендетіп, жол мен шина арасындағы әрекет аудан өлшемін қысқартып созады.

Шинаның тербеліске тұрақтығының мәнін азайту шина даму өндірісінің негізгі бағыты болып табылады. Кедергілерге қарсы тұрақтылық автомобиль қозғалысынын протекторға жұмсалған материалдық ресурстардың экологиялық және керілу мен сығылу. Сараптамалардан өткен мінсіздігіне байланысты экономикалық және энергияны сақтау жағынан тиімділігі оларды қолдану мүмкіндігіне байланысты боламдар айтылуда. Michelin компаниясының тәжірибелік зерттеу объектілері болып еесептелетін Proxima покрышкалары салмақты 20 % дейін азайтып,тербеліске қарсы тұрақтылық коэффициентін 6,5 кг/т дейін қысқартты. 1897 жылы шығарылған шиналардағы бұл көрсеткіш 25 кг/т дейін жететін.

Соңғы бірнеше жыл жетістігі болып есептелетін шинада ауа жоқ болған кезде де дискілерді деформацияламай автомобильдің тоқтамай бірнеше километр жолды жүріп өту мүмкіндігі шина өндіріс инжинерлерінің соңғы жетістігі. Сондай шиналар «run flat» деген атқа ие болды. Жолда болған ауаның жоқтығынан қорықпайтын шиналарды жасап жобалауда компания инженерлері әр түрлі шығармашылық ойларын танытты. Мысалы «Goodyear» компаниясы өз шиналарында EMT (Extended Mobility Tire) иық зонасында жасалған арнайы тұрғызылған шиналардың толық жиырылуға мүмкіндік бермейтін қойындылармен жабдықтайды. «Michelin» компаниясы PAX шиналарында қатты сақинамен жабдықталған стандартты емес ободты орнатып, автомобиль шинасы қысымын жоғалту жағдайында автомобиль салмағы осы сақинаға сүйінуге бейімделген. Осы және басқа да еркін бәсекелестік жағдайында өмір сүріп келе жатқан фирмалар өз шиналарының рецептурасын, механикалық және техникалық беріктігінің сапасын күннен күнге жаңартып келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Тұрысбеков Б.Т., Белгібеков Е.Е. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу: Оқулық / - Алматы: «Бастау» баспасы, - 2013, 360 бет;

2.     Жүнісбеков П., Алиев Б. Автомобильдер құрылысы. Алматы НАЗ-9 ЖШС 2005-360 бет;

3.     Жүнісбеков П.Ж., Жетпейісов М.Т., Мамедалиева Г.А., Дүйсенбаев М.С. автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет: Оқулық – Астана: Фолиант, 2007. – 248 бет;

4.     Пехальский А.П., Пехальский И.А. «Устройство автомобилей»;

5.     Суебаев Ж. Автомобиль құрылысы (Оқу құралы – Алматы ҚазККА баспасы 2009 ж.);

6.     Вахламов В.К. Подвижной состав автомобильного транспорта – М: Академия, 2003 – 480 бет;

7.     Стуканов В.А., Леонтьев К.Н. «Устройство автомобилей», учебное пособие, М: ИД «ФОРУМ», 2010 – 496 бет.


Информация о работе «Автомобиль шинасының шығу тарихы мен даму бағыттары»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 96693
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх