2. Физика географиялық сипаттамасы

2.1 Алматы облысы

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде (42º15ʹ - 47º16ʹс.е. және 74º05ʹ - 82º31ʹш.б.) орналасқан. Солтүстіктен оңтүстігіне 500 км-ге және батыстан шығысқа 570 км-ге созылып жатыр.

Алматы облысы шығысында Қытай Халық Республикасымен (Синьцзян ауылы), солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облысымен, солтүстік-батысында Қарағанды облысымен, батысында Жамбыл облысымен, оңтүстігінде Қырғыстан Республикасымен шекараласады.

Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Алматы облысы орналасқан Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінің табиғаты Қазақстанның басқа территориясының табиғатынан қатты өзгеше болып табылады. Облыстың солтүстігінде байтақ жызық Балқаш-Алакөл ойпаты созылып жатыр. Оңтүстік, оңтүстік-шығысында және шығысында байтақ тауаралық аңғарлармен араласып биік тау жоталары Тянь-Шянь орналасқан.

Оңтүстігінде және оңтүстік – шыгысында Іле Алатауы, Күйген Алатауы, Кетмен, Хан Тәңірі ауданындағы Теріскей Алатауы және шығыстағы Жоңғар Алатауы тау жүйесы жоталары орналасқан. Рельеф бойынша бұл облыстың ең қиын бөлігі болып табылады. Іле Алатауы биіктігі 3200-3400 м және Жоңғар Алатауы биіктігі 2900-3000 м-ге жететін тау массивтері мұздықтар мен мәңгі қармен жамылған.

Іле Алатауы ендік бойымен үзілмей созылып орналасқан. Батысы мен шығысына қарай таудың биіктігінің төмендеуі байқалады. Ол Турген ауданынан шығысқа қарай бірнеше паралельді жоталарға бөлшектеніп кетеді, ал солтүстік-шығысында Қызылтөбе, Бала-Бағұты және т.б. төмен биікті тауларға ауысады және оларға паралельді оңтүстікте Тұрайғыр тауы созылып жатыр. Іле Алатауы батысқа қарай Шу аңғарында күрт үзіледі да, солтүстік-батысқа қарай Шу-Іле таулары атымен Балқаш маңы жазығына кіреді.

Алматы облысының шығысында ендік бағытымен орналасқан Тянь-Шаньның ең солтүстік бөлігі Жоңғар Алатауы орналасқан. Көксу өзенімен ол Солтүстік және Оңтүстік болып екі негізгі жоталарға бөлінеді. Жоталардың ең биік нүктелері 5066 м (пик Тышкан) және 5060 м (пик Сарқан) жетеді. Жоңғар Алатауы рельефі Іле Алатауы рельефінен үстірт тәрізді тік беттермен ерекшеленеді.

Алматы облысы территориясында өзен желісі әркелкі орналасқан. Өзеннің көбісі тау жақта орналасқан, ал жазықта өте аз. Ең ірі өзен Балқаш көліне құйылатын Іле өзені болып табылады. Сонымен қатар бұл көлге Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері де құяды.

Климаты. Алматы облысының климаттық ерекшеліктерінің әртүрлілігі солтүстік бөлігі Балқаш көлі бойында құмтөбе орналасқаны және тізбектелген жазық бар, ал оңтүстігінде және оңтүстік шығысында кескінделген тулы жоталардың болуы. Негізінен климты континентальді, бірақ Іле Алатауының жеткілікті ылғалды болуынан жазы қатты ыстық емес және қысы жұмсақ. Облыстың жазық бөлігінде ауа температурасының тәуліктік және жылдық үлкен тербелмелілігінен, сәйкесінше суық қыс пен ыстық және құрғақ жаз қалыптасады.

Облыс территориясында орташа жылдық ауа температурасы шамамен 5 - 10ºC тербелісі солтүстіктен оңтүстікке қарай көтеріледі. Үлкен биіктіктегі тауларға көтерілген сайын температура мәні түсіп, тіпті теріс таңбалы мәнге ие болады (-3ºC және төмен).

Температураның жылдық амплетудасы тербемелілігі жазық аудандарда 35ºC-ден бастап 40ºC-ге дейін, таулы аудандарда ол көрсеткіш 25ºC-ге тең және төмен.

Облыс бойынша ең суық айдың (қаңтар) орташа көрсеткі -16ºC-дан - 5-6ºC-ге дейін өзгереді. Облыстың климатана дамыған инверсия температурасы тән. Яғни температураның биіктікпен өсуі. Жазық жерлерге қарағанда іргелес орналасқан, шамамен 1500 м биіктіктегі, тау бөктерінде біршама жылы.

Оңтүстікте орналасқанына қарамастан облыста қыс мезгілінде аяз бөлек жылдары - 42º, -45ºC жетеді, ал жазық аудандарда -35, -40ºC барады.


Информация о работе «Күн радиациясы»
Раздел: Физика
Количество знаков с пробелами: 134400
Количество таблиц: 1
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
274355
30
32

... і және фор меде, жарамдының жұмысқа арналған отын алуына арналған -, жасаудың өздері бұларды машиналардың, тыңайтқыш алуының және т. және. Екінші түр бүтінде - емес не басқа, энергия сияқты брутто — энергия барлық түрлерінің жалпылауы, өте жақсының ...

Скачать
133393
2
0

... қашықтықтағы жерлерді де қамтиды. Мұндай жағдайда осы үлкен аумақта ұзақ уақытқа дейін, адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін залалдану сақталады. Мұның, мысалы Чернобыль АЭС-да болған апат айқын дәлелі. Радиоактивтіліктен залалданған жерлердің ...

0 комментариев


Наверх