60 см және одан терең – жұмсақ құм
Топырақ беті шөл сипатты сирек кездесетін шөппен жамылған.
Грунтты су 3-4 метр тереңдікте орналасқан.
2.4 Талдықорған станциясы
Станция тарихы. Метеорологиялық бақылаулар Талдықорған қаласында 1929 жылы ұйымдастырылған.Метеорологиялық станция ІІ разрядта үзіліссіз жұмыс істеп келеді.
Ешқандай орын ауыстыру,өзгертулер болмаған.Ауыр тақтайшалы флюгер 1932-1938 жылдары болып,кейіннен 1938 жылдары жеңіл тақтайшалы флюгерге ауыстырылды.Ал 1958 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін ауыр тақтайшалы флюгер қолданылады.
Третьяков жауын-шашын өлшегіші 1951 жылдың мамыр айында орнатылған.
Физика-географиялық сипаттама. Талдықорған қаласы Солтүстік Тянь-Шаньның етегінде, таудан ағатын көптеген өзендердің қиылысатын аумағында орналасқан. Аталған кішігірім өзендер Қаратал салаларын құрайды.Қала аумағында Қаратал оңтүстіктен солтүстікке қарай, қаланың шығыс бөлігінде ағады.Қала аумағынан аса бере, өзен батысқа қарай бағытын бұрады. Егістік аумақтарын суғару мақсатында өзен суы пайдаланылатындықтан, жаз маусымында өзен суы азаяды.
Аңғар солтүстік-батысқа қарай елеулі түрде еңкейген тегіс жазықты болып келеді.Жан-жағында Жоңғар Алатауы тау жотасының кішігірім таулары орналасқан. Бұл таулардың абсолютті биіктігі 1000 м-ден аспайды. Бірақ ол таулардың шығыс және оңтүстік шығысына 20 км-ге қарай негізгі тау жотасының 2000 м-ден жоғары биіктікте таулары орналасқан.
Топырағы ашық сарғылт түсті, құмды саздақ, суландыру жұмыстары мен егіске қолайлы.Бұл жерде қант қызылшасы және күріш өсіріледі.
Метеорологиялық алаң ең алғаш ұйымдастырылғанда қала орталығындағы алаңда орналастырылған болатын. 1930 жылы қаланың солтүстік-батыс бөлігіне көшірілді. Метеорологиялық алаң ашық алаңқайда, ағаш және құрылыс ғимараттарынан алшақта, бау-бақша және егістің арасында орналасқандықтан, жаз айларындағы суғару жұмысы кезінде метеорологиялық алаңды су жайлайды. Кейіннен оңтүстікке қарай 200 м-ге көшірілді. Метеорологиялық алаң өсімдік жамылғысымен сирек жабылған.
2.5 Айдарлы станциясы
Айдарлы елді-мекені Қазақстанның Шу-Іле таулы-қыратты ауданының шөлейтті аумағында орналасқан. Батыс бағыттан оңтүстік-шығысқа қарай Жусаңдала жазығы созылып жатыр.
Шығыс және солтүстігінде Саты-Тау-Құм құмдары орналасқан, ал солтүстік батысында Тау-Құм шөлі созылып жатыр. Елді-мекеннің оңтүстік және оңтүстік-батысына қарай жерлігікті рельеф ірі төбешіктерге айналады. Елді-мекеннен 50 км шығысқа қарай Күрті өзені (Іле өзенінің саласы) оңтүстіктен солтүстік-шығыс бағытқа қарай ағып жатыр. Одан басқа ауылға жақын маңда су көзі жоқ.
Айдарлы тоғайлысы топырақтардың сипаты бойынша белдік тасты-шөлдерінің аймағына жатады. Топырағы бурыл шөлді-сахаралық. Өсетін өсімдіктер түрі: жусан, бетеге тағы да басқа түрлері кездеседі. Ірі ағаш текті өсімдіктер жоқ. Өсімдіктер күзгі, қысқы және көктемгі уақыттарға мал шаруашылығында қорек ретінде пайдаланылады. Мәдени өсімдіктер өсірілмейді.
Метеорологиялық алаң станцияның ұйымдастырылуымен 1947 жылы желтоқсан айында ашық жіне тегіс аймақта орналастырылды. Айдарлы метеостанциясына ең жақын құрылыс аймақтар: метеоалаңнан 50 м солтүстік-батысқа қарай, биіктігі 5 м болып келетін метеостанциялық үй орналасқан. Солтүстік-шығысқа қарай 10 м қашықтықта 3 м-ге дейін тасты дуалмен қоршалған отарлы мал шаруашылығының штабының ауласы үйлерімен орналасқан. 1948 жылы метеостанция алғашқы орнынан 200 м шығысқа қарай көшірілді. Ал 1958 жылы метеоалаң батыс-солтүстік-батыс бағытқа қарай 120 м жерге, бұрынғы орнынан биіктеу жерге көшірілді. Метеоалаңнан батыс және солтүстік батысқа қарай 20-30 м қашықтықта 3-5 м болатын биік ағаштар, бақшалар орналасқан. Үйлер мен дүкендер 50-60 м арақашықтықта орналасқан. Метеоалаңнан оңтүстікке қарай 100 м қашықтықта құдық бар.
Метеоалаңның беткі қабатына биіктігі 10-15 см шөлейтті өсімдік өседі, олар жазғы маусымда күйіп кетеді.
Топырақ қабаттары келесідей:
1. 0-40 - құм және қиыршық тастың түбегейлі қоспасы саз;
2. 40-100 - тасты құм және қиыршық там;
3. 100-130 - әк пен тас қабаттарының қоспасы;
4. 130-240 - қиыршықты құм;
5. 240 - одан төмен қиыршықты құмды тасты қабат.
Грунт суларының деңгейі біркелкі емес. Метеоалаңда 8 м-ден төмен болса, алаңнан 100-200 м оңтүстікке қарай құдық орналасқан аймақта 4-5 м көктемгі қар еру мерзімінде грунт суларының деңгейі көтеріліп, құдықтарлың бетіне дейін көтеріледі.
... і және фор меде, жарамдының жұмысқа арналған отын алуына арналған -, жасаудың өздері бұларды машиналардың, тыңайтқыш алуының және т. және. Екінші түр бүтінде - емес не басқа, энергия сияқты брутто — энергия барлық түрлерінің жалпылауы, өте жақсының ...
... қашықтықтағы жерлерді де қамтиды. Мұндай жағдайда осы үлкен аумақта ұзақ уақытқа дейін, адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін залалдану сақталады. Мұның, мысалы Чернобыль АЭС-да болған апат айқын дәлелі. Радиоактивтіліктен залалданған жерлердің ...
0 комментариев