2.2 Алматы, БГМС станциясы

Станция тарихы. Алматы станциясында метеорологиялық бақылаулар 1935жылы қазанда екінші разрядты метеостанция программасы бойынша жүргізіле бастаған.

Метеостанция 1947-1953 жылдар аралығында екі рет аз арақашықтыққа көшірілді. Бірақ, станция атауы, биіктігі және координаттары өзгерген жоқ.

Третьяков жауын өлшегіші 9 сәуір 1953 жылы, ауыр тақтасымен флюгер 1954 жылы орналастырылды.

Алматы қаласы станциядан 12-15 километр солтүстік–солтүстік- шығыста, Тяньшань тау массивінің етегінде Іле Алатау жотасында орналасқан. Жотаның кейбір шыңдары теңіз деңгейінен 3500-4500 м жетеді және мұзбен жабылған. Солтүстік беткейі тасты, шатқалдармен кесілген, беткейінің ортаңғы бөлігінде ағаш тектес өсімдіктер көп өседі, жоғарғы бөлігінде тяньшань шыршасы, төменіректе жеміс-жидек ағаштары: өрік, шие, алма ағаштары өседі.

Қоршаған аймақ оңтүстіктен солтүстікке қарай аз ғана ылдилы, тегіс төбелермен кесілген болып келеді, олардан кішкентай өзендер тау жылғалары ағады. Батыстан 1-1.5 км арақашықтықта терең емес Кіші Алматы өзені ағып өтеді, оның артында 2-4 км-де елді мекен орналасқан.

Батыс пен солтүстік - батыста ағаш тектес өсімдіктер отырғызылған өрістер бар, 2 км жерде кішкентай Қатыр - Бұлақ өзені ағады.

Топырағы - ашық қоңыр. Өсімдік жамылғысы- жусанды өсімдіктер. Ағаш тектес өсімдіктер суармалы жерлерде өседі, терек және жеміс - жидек бақтары жасанды отырғызылған.

Метеорологиялық алаң тегіс жерде орналасқан, жан-жақтан 10-15 м-ге жететін ағаштар мен құрылыспен қоршалған.

Ең жақын құрылыс оңтүстік және оңтүстік - шығыста 20 метр, биіктігі 10 м ағаш аллеялары солтүстік және солтүстік- шығыста созылып жатыр.

Топырағы – ашық қоңыр, ашық сұр гумус қабаты анық бөлінген. Топырақ беткейі дәнді өсімдіктермен, ағаш тектес өсімдіктермен жабылған. Алма, шие, терек ағаштары өседі.

Грунтты су 6 м тереңдікте орналасқан.

2.3 Құйған станциясы

Станция тарихы. Метеорологиялық бақылаулар Үлкен Құйған ауылында 1929 жылдың мамыр айында басталып, қазіргі уақытқа дейін үздіксіз жұмыс істеп келеді. Станция жұмыс атқарған уақыт ішінде орналасуы ауысқан емес және аты өзгертілмеген.

12.09.1950 жылы ауыр тақтайлы флюгер, ал 30.06.1953 жылы Третьеков жауын-шашын өлшегіш орнатылды.

Физика-географиялық сиапаттамасы. Үлкен Құйған ауылы Балқаш көлнің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. Жергілікті жердің рельефі жазықтық.

Балқаш көлі 3 км батыста орналасқан. Ауылдан шығыстан батысқа қарай ені 100 метрден жоғары болатын Іле өзені ағып өтеді.

Ауыл аймағында шалғынды топырақ кездеседі. Оңтүстікке қарай қатты тұзданған сұр топрақты бола бастайды. Өсімдік өсуі нашар, алайда улкен аудандағы қамыстар кездеседі. Жеке ағаштар сирек кезеседі.

1929 жылдың мамыр айында ашылған метеорологиялық алаң Үлкен Құйған ауылының солтүстіктегі шет жағында тегіс жерге орнатылған.

Ең жақын құрылыс оңтүстік-шығыс 30 м қашықтықта қызмет үйі орналасқан. Басқа құрылыстар айтарлықтай алыс орналасқан. Солтүстігінде 200 метр қашықтықта жағалауында қамыс өсетін Іле өзені орналасқан.

50 жылдардың соңына қарай шығысынан 50 м қашықтықта жаңа құрылыстар салынған. Солтүстігінен 25 м қашықтықта биіктігі 3 м болатын ағаш қоршаумен қоршалған қызметтік құрылыс орналасқан.

Топырақ қимасы келесідей сипатталады:

0-30 см – - өзеннің қалдықтарынан пайда болған сұр топырақ

30-60 см – шалымдар мен құм аралас


Информация о работе «Күн радиациясы»
Раздел: Физика
Количество знаков с пробелами: 134400
Количество таблиц: 1
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
274355
30
32

... і және фор меде, жарамдының жұмысқа арналған отын алуына арналған -, жасаудың өздері бұларды машиналардың, тыңайтқыш алуының және т. және. Екінші түр бүтінде - емес не басқа, энергия сияқты брутто — энергия барлық түрлерінің жалпылауы, өте жақсының ...

Скачать
133393
2
0

... қашықтықтағы жерлерді де қамтиды. Мұндай жағдайда осы үлкен аумақта ұзақ уақытқа дейін, адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін залалдану сақталады. Мұның, мысалы Чернобыль АЭС-да болған апат айқын дәлелі. Радиоактивтіліктен залалданған жерлердің ...

0 комментариев


Наверх