4.1 NASA SSE базасының және жергілікті метеотанциялардың мәліметтері
NASA SSE базасында Алматы облысы бойынша 1985 – 2005 ж.ж. аралығындағы барлық радиациялық көрсеткіштердің мәліметтері алынды. NASA SSE бойынша жеке – жеке станцияларды қаратыру мүмкін болмады. Себебі бұл база бойынша координаттар 1º х 1º алынатын болғандықтан жалпы Алматы облысы бойынша ғана қарастырылды.
Алматы облысындағы күн радиациасы бойынша 20 жылдық көрсеткіш мәндерінің орташа квадраттық ауытқуы есептелді. Орташа квадраттық ауытқу варияцияның маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Орташа квадраттық ауытқу ол дисперсияның квадраттық түбіріне тең болады және келесі формуламен анықталады:
(4.1.1)
Бұл көрсеткіш дисперсияға қарағанда қолайлы болып келеді, себебі ол орташа ауытқудың шамасымен беріледі. Бұл шама варияциялық қатарда сандардың орташа арифметикалық мәнінен қандай ауытқуда болып жатқанын көрсетеді.
Жалпы түрде қарастыратын болсақ NASA SSE базасы бойынша күн радиация көрсеткіштерінің мәндері аз екенін анық көруге болады.
Горизонтальді беткейге түсетін тіке радиация бойынша орташа ауытқудың суммаларын қарастырсақ максимумы Айдарлы станцияциясында байқалған, ал минимумы NASA SSE көрсеткіші бойынша байқалған. Нақтырақ айтатын болсақ максимумы сәуір айында 81 МДж/м2 тең, ал минимумы желтоқсан айында 18 МДж/м2 тең.
Ал жылдық жүрісін қарастыратын болсақ барлық станциялардың максимум мәндері сәуір айына, яғни көктем мезгіліне сәйкес келеді. Сәйкесінше сәуір айындағы мәліметтердің орташа квадраттық ауытқуы жоғары болып табылады.
Сонымен қатар орташа квадраттық ауытқудың жылдық минимум көрсеткіші желтоқсан мен қаңтар айларына сәйкес келеді. (12 – сурет)
12 – сурет. Горизонтальді беткейге түсетін тіке радиация бойынша квадраттық ауытқу мәні
Шашыранды радиация бойынша орташа ауытқудың суммаларын график бойынша қарастыратын болсақ максимумы Айдарлы станцияциясында байқалған, ал минимумы NASA SSE көрсеткіші бойынша байқалған. Нақтырақ айтатын болсақ максимумы сәуір айында 27 МДж/м2 тең, ал минимумы 6 МДж/м2 желтоқсан айында байқалған.
Ал жылдық жүрісін қарастыратын болсақ барлық станциялардың максимум мәндері сәуір айына, яғни көктем мезгіліне сәйкес келеді. Сәйкесінше көктем айларындағы мәліметтердің орташа квадраттық ауытқуы жоғары болып табылады.
Сонымен қатар орташа квадраттық ауытқудың жылдық минимум көрсеткіші қыс айларына, нақты айтатын болсақ желтоқсан мен қаңтар айларына сәйкес келеді. (13 – сурет)
13 – сурет. Шашыранды радиация бойынша орташа квадраттық ауытқу мәні
Радиациялық баланс бойынша орташа ауытқудың суммаларын қарастырсақ максимумы Айдарлы станцияциясында байқалған, ал минимумы NASA SSE көрсеткіші бойынша байқалған. Нақтырақ айтатын болсақ максимумы сәуір айында 36 МДж/м2 тең, ал минимумы 9 МДж/м2 тең желтоқсан айында.
Ал жылдық жүрісін қарастыратын болсақ барлық станциялардың максимум мәндері сәуір мен маусым айына, яғни көктем мен жаз мезгіліне сәйкес келеді. Сәйкесінше көктем мен жаз айларындағы мәліметтердің орташа квадраттық ауытқуы жоғары болып табылады.
Сонымен қатар орташа квадраттық ауытқудың жылдық минимум көрсеткіші желтоқсан мен қаңтар айларына сәйкес келеді. (14 – сурет)
14 – сурет. Радиациялық баланс бойынша орташа квадраттық ауытқу мәні
Жиынтық радиация бойынша орташа ауытқудың суммаларын қарастырсақ максимумы Алматы агро станцияциясында байқалған, ал минимумы NASA SSE көрсеткіші бойынша байқалған. Нақтырақ айтатын болсақ максимумы сәуір айында 73 МДж/м2 тең, ал минимумы 20 МДж/м2 желтоқсан айында байқалған.
15 – сурет. Жиынтық радиация бойынша орташа квадраттық ауытқу мәні
Ал жылдық жүрісін қарастыратын болсақ барлық станциялардың максимум мәндері сәуір айына, яғни көктем мезгіліне сәйкес келеді. Сәйкесінше көктем айларындағы мәліметтердің орташа квадраттық ауытқуы жоғары болып табылады.
Сонымен қатар орташа квадраттық ауытқудың жылдық минимум көрсеткіші желтоқсан мен қаңтар айларына сәйкес келеді. (15 – сурет)
Қорытынды
Алматы облысы бойынша күн радиациясы параметрлерінің жүрісін NASA SSE база мәліметтері мен жергілікті метеорологиялық станцияларды салыстыра қарастырғанда максимум көрсеткіштері көбінесе Құйған станциясына сәйкес келді. Ал NASA SSE мәліметтерінің аз мәнді беретіні айқын көрінді. Яғни, жер бетіндегі өлшеулер, спутниктік беретін өлшеулерден біршама жоғары болады.
Тіке радиация бойынша ашық аспан кезіндегі айлық суммасы жүрісі мәндерінің максимумы Алматы, агро станциясында байқалған. Максимум көрсеткіш шілде мен тамыз айларында 21,4 кВт/м2 ал минимум көрсеткіш желтоқсан айында 1,8 кВт/м2 тең. Ашық аспан кезіндегі тіке радиацияның тәуліктік жүрісінің максималды мәні Айдарлы станциясы бойынша сәуір айы мен шілде айларының 11-12 сағаттарына сәйке келеді. Ал минимум мән Алматы агро станциясында шілде айында таңғы 04 сағатта және кешкі 19 сағатта байқалған. Сонымен қатар Алматы БГМС станциясы бойынша осы айда сағат кешкі сағат 19-да байқалған. Нақтырақ айта кететін болсақ максимум 34,4 МДж/м2 тең, ал минимум 0,24 МДж/м2 тең.
Шашыранды радиацияның ашық аспан кезінде айлық суммасы. Нақтырақ айтқанда максимум көрсеткіш мамыр айында 7,3 кВт/м2 ал минимум көрсеткіш желтоқсан айында 1,6 кВт/м2 тең. Ал негізі жалпылама қарастырып өтетеін болсақ әр станцияның максимумы мамыр айына сәйкес келеді.
Жиынтық радиация мен радиациялық баланс бойынша максимум жүрісі шілде айна сәйкес келеді, жазғы мезгілде. Жиынтық радиацияның тәуліктік жүрісі көрсеткіштерінің максимумы Айдарлы станциясында шілде айында 11 сағатта 3,16 МДж/м2 байқалған, ал тәулік бойынша минимумы Айдарлы станциясында қаңтар айында 4-5 сағаттар мен 18-19 сағаттарда 0,05 МДж/м2 көрсеткіші байқалған. Радиациялық баланстың максимум жүрісі тәуліктік жүрісі көрсеткіштерінің максимумы Алматы БГМС станциясында шілде айында 12 сағатта 1,96 МДж/м2 байқалған, ал тәулік бойынша минимумы Айдарлы станциясында қаңтар айында 1-4 сағаттар мен 21-24 сағаттарда -2,3 МДж/м2 көрсеткіші байқалған.Құйған станциясында, ал минимум мән Алматы агро станциясында байқалған. Нақтырақ айтатын болсақ максимум көрсеткіш шілде айында 14,3 кВт/м2, ал минимум көрсеткіш желтоқсан айында 0,5 кВт/м2 тең. Ал негізі жалпылама қарастырып өтетеін болсақ әр станцияның максимумы шілде айына сәйкес келеді. Ал енді минимумына келетін болсақ, ол көбінесе желтоқсан мен қаңтар айларына сәйкес келеді.
Алматы облысы бойынша балама күн энергиясын алу үшін, жоғарыда айтылған және көрсетілген нақты мәліметтер бойынша Құйған мен Айдарлы станцияларына күн батареяларын орнату өте тиімді болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Бахтияр Б.Т., Бергенжанова Г.Р. – Күн энергиясының қарқындылығын есептеу жолдары // диссертация жұмысы.
2. Утешов А.С. Климат Казахстана. – Л.: Гидрометеоиздат, 1959. – 366 б.
3. Чередов В. О., Каримов А. М., Ақылбекова А. Ж. // Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан – Алматы. – 2016. – Национальная академия наук РК - № 1. – Б. 40-50.
4. Кобышева Н. В., Костин С. И, Струнников Э. А. Климатология. – Гидрометоеиздат.-1980. – 276 б.
5. Воробьев В.И. – Синоптическая метеорология. – Л.: Гид-издат. – 1991. – 168 б.
6. Хромов С.П, Петросянц М.А. Метеорология и Климатология. – М: ГУ, 1994. – 524 б
7. Турулина Г.К., Полякова С.Е. – Общая и физическая метеорология. – Қазақ университеті. – 2004. – 41б.
8. Климотическая база NASA SSE [электонные ресурсы] – https://kk.wikipedia.org/wiki/NASA
9. Климотическая база [электонные ресурсы] –https://prezi.com/m/xwqgkba6gio2/presentation
10. Попель О.С., Фрид С.Е., Киселева С.В., Коломиец Ю.Г., – Климатические данные для возобновляемой энергетики России (база климатических данных). Учебное пособие. – М.: Изд-во МФТИ, 2010. – 56 б.
... і және фор меде, жарамдының жұмысқа арналған отын алуына арналған -, жасаудың өздері бұларды машиналардың, тыңайтқыш алуының және т. және. Екінші түр бүтінде - емес не басқа, энергия сияқты брутто — энергия барлық түрлерінің жалпылауы, өте жақсының ...
... қашықтықтағы жерлерді де қамтиды. Мұндай жағдайда осы үлкен аумақта ұзақ уақытқа дейін, адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін залалдану сақталады. Мұның, мысалы Чернобыль АЭС-да болған апат айқын дәлелі. Радиоактивтіліктен залалданған жерлердің ...
0 комментариев