Негізгі ескерту

155805
знаков
14
таблиц
12
изображений

2.10 Негізгі ескерту

Тазартылған какао-дәндерінде какавелланың көлемі бұршақтардың ылғалдылығына және өнімділігіне байланысты максималды 1,2-ден 1,7%-ке дейын болады. Бұл мәліметтер ГДР ТГЛ 9059 стандарты бойынша анықтау тәсіліне жатады. Сол кезде, сынау алдында сынау елеуішінің ұяшық көлемі 1 мм көмегімен 25 грамм еленеді және өткізілген бөлік какао-дәндері деп қарастырылады. Елеуіште қалған заттар қолмен пинцет көмегімен какао-дәндерге және какавеллаға бөлінеді. Какавеллада какао-дәндерінің көлемін анықтау үшін 25 грамм какавелладан пинцет көмегімен тиісті какао-дәндерін жинап алу қажет. Какавеллада какао-дәндерінің көлемі бұршақтардың ылғалдылығынан және машинаның таңдалған өнімділігіне байланысты. Құрылғыда ең жақсы жетістіктер 0,6-дан 2,5% шегінде.


3. Уату - тазалау құрылғысын – жинақтап іске қосу

3.1 Тиеп жөнелту

Ұсақтау-тазарту құрылғысы жартылай бөлектелінген түрінде тиеліп жеткізіледі. Жинақталған негізгі түйіні болатын:

жақтау – шығырланған жәшігі бар негізгі елегіштің төменгі бөлегі;

жақтау – елеу каналымен, жинақталатын каналымен, ұсақтағыш және шаң бөлгішімен, шынжыр қорғанысына арналған (екі бөлек) жоғарғы бөлегі.

Бөлек орамдалатын: тиеу шұғырмасы, элеватор, сұрыптау елегіші, тазарту торы, сепаратор, желдеткіш жапқышы бар канал, ауа каналы, желдеткіш, басқару шкафы, алаң, баспалдақ, элеваторға кайтару науасы, (стандарттық орындалуы үшін) желдеткіш-циклонды қосуға арналған құбыржол элементтері.

3.2 Іргетас

Жалпы айтқанда ерекше іргетас қажет емес. Сонда да, еден стандарттық жүктеме 900 кг/м2 және қосымша динамикалық жүктеме ± 100 кг салмаққа есептеліп салынуға тиіс.

Іргетас схемасына сәйкес, машина жақтауы мен элеваторды орнату / бекемдеу үшін тас дюбельдерге тесіктерді даярлау тиіс.

3.3 Орнату

Құрылғының барлық элементтері мен транспорттық жәшіктері ашылғаннан кейін, оларды орнату орнына жеткізу қажет. Машинаның ауыр элементтерін жылжыту мүмкіндіктері жеткізу нұсқаулықтарында көрсетілген. Жақтау – шығырланған жәшігі бар негізгі елегіштің төменгі бөлегін ватерпас көмегімен салыстырып түзетіп еденге бекітеді. Содан кейін, елегіш жәшігінің барлық 4 шығырмасын босату қажет. Ол үшін алдымен 4 жерден М12 керу элементтері мен тіреу трубкаларын алып тастау қажет. Тіреу трубкалары елегіш жәшігін / полиспаст/ бірден көтеру жолымен немесе жүкшұғыр көмегімен шығыр нүктелерінің әр қайсысын көтеріп алуға болады. Алынған трубалар мен керу бұрамалары орнына енді жабдықтар жиынтығында бар бұрамалы серіппелер орнатылады. Сонымен елегіш жәшігі «бостандықта».

Егер бір себептермен негізгі елегіштің жәшігі мен төменгі жақтауды бөлек жеткізу қажет болса, елегіш жәшігінің шығырын босатар алдында негізгі елегіштің жәшігінен 2 вибраторын бұрап алу қажет! Бұл өте қажетті, өйткені елегішті түсіру кезінде вибраторлар бөлініп кетуі мүмкін. Содан кейін вибраторлар күш салуы 450 Н.м бекіту бұрамаларымен /мезетті кілт/ бекітіледі.

Бұдан кейін, елеуге арналған бекітілген каналы мен жинақталатын каналы, ұсақтағышы, сонымен қатар, шаңнан қорғау мен шынжыр қорғанысы бар жоғарғы бөлегін қойып бұрамалармен қосақтау кажет. Ғимараттың биіктігі жеткіліксіз болу себебінен жиынтықты монтажы мүмкін болмаған жағдайда, орнатуды элементтермен жүргізуге болады. Ол үшін, алдымен ауалы жиналмалы каналын, елегіш каналы мен ұсақтағышты бөлектеу қажет. Одан басқа, шынжыр қорғанысы мен шынжыр алынады. Жеткізу көлеміне кіретін монтаждық бөрене нұсқаулыққа сәйкес қарастырылған тесіктерге жақтауға бекітіледі. Енді, ұзындығымен тұрған бөренелерден өз тіреу бұрыштарында каналдарды босату жүргізіледі. Шлюз корпустары сыналар көмегімен монтаждық балкаларға салыстырмалы орналастырылғаны, жақтаудың көлденең бөренесін машинадан еркін шығарып алуға болатындай биік болады. Сонымен, елеуге арналған каналдар жақтаудың артқы жағынан бөліктеуге дайын.

Орнату орнында енді жақтаудың жоғарғы бөлігі төменгі бөлікпен бұрамалармен тығыз бекітіледі және жабдықтау қарсы жүйелік бойынша жүргізіледі.

Содан кейін орнатылатын: төменде орналасқан редукторлы қозғалтқышына арналған және тордың доғасын асып қоюға арналған тордың негізгі қаңқасы. Тор қаңқасын елеугіш жәшігіне салу барысында екі жоғарғы қабатында жабдықтар жиынтығында бар, фетрден жасалған нығыздау шайбалары орнатылады. Одан басқа машина алдында алаң, какаовеллаға арналған шнек жинағыш, жылжымалы баспалдақ орнатылады. Жылжымалы баспалдақ үшін рәзіңке амортизаторы бар бұрамалар баспалдақ алаңымен елегіш жәшігі сол жәшікпен қақтығысып калмайтында етіп трубаларында тесік жасап штифтпен бекітіледі.

Ал қазір сұрыптау елегіші орнатылады (3.1 сурет), сосын басқару шкафы, элеватор және тиеу шұғырмасы. Элеватормен машина арақашықтығын консоль анықтайды. Одан басқа, бұрынырақ машинаның жақтауын бекіткендей, элеваторды еденге тас дюбельдер көмегімен бекіткен жөн. Элеваторға қиғаш жақындату каналы бекітіледі. Басқару шкафы бекітілмей машина мен элеватор арасында орнатылады. Электрқуатын негізгі жеткізілуі астынын қарастырылған. Тиеу шұғырмасын элеваторға бекітеді. Елеу каналдарының үстендегі жиынтық каналына бұрамалар көмегімен элеваторға арналған, алдын ала жабу бағанасы бекітіледі және оған желдеткіш қосу үшін – ауалы канал бекітіледі. Ауалы канал – желдеткіш және желдеткіш – жақтау қосындылары бір-біріне тақалмай еркін айналуы тиіс. Құрылғыны толық жинау мақсатында 2 және 5 бағаналар үшін сору бағанасының қайырмалы ұзарту бөліктері орнатылады. Сепаратор орнату бөлмесіндегі бар жағдайларға сәйкес орнатылады және 315 мм ауалы каналмен біріктіріледі. Жолақтар мен бұрылыстардың ұзын учаскелерінен аулақ болған жөн. Жеткізу көлеміне кірісті фланцты қосылыстарға бау мен шыны талшықтар салынады. Тазартылған кері шығу ауасы шатыр арқылы сыртқа шығады. Сепаратор еденге анкерлі бұрамалар көмегімен бекітіледі. Электрлік қосылу мен біріктірулер білікті мамандармен жүргізілуі тиіс!


Информация о работе «Шоколад өндіру технологиялық желісінің жабдықтарын жөндеу, жинақтау және жұмысын зерттеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 155805
Количество таблиц: 14
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх