1.1 сурет. KS маркалы сепараор
1.6.2 KRB типті қуыру аппараттары
KRB типті қуыру аппараттары (Карле және Монтанари ) какао-бұршақтарын және жаңғақтарды қуыруға арналған. Үздіксіз әрекет ететін сөре типті аппараттарға жатады. Аппарат шаң қондырғыш - циклонмен, желдеткішпен, ауалы фильтрмен, ауа жылытқышпен, басқару пультімен жабдықталған.
Қуырудың технологиялық процессі келесі жолмен жүргізіледі (1.2 сурет). Какао-бұршақтары 6 – құбырға салынады, 5 – айналмалы шиферлі біліктің қалталарын толтырады және 4 – топсалы бекітілген бұрылмалы тілімшелермен жасалған жоғарғы қабатқа салынады. Жоғарғы екі қаба какао-бұршақтарын алдын ала жылытатын І аумақты жасақтайды. Әр қабаттың тілімшелері мерзім-мерзіммен 90º айналады. Сол кезде, олардың арасында бұршақтар төменде орналасқан қабатқа түсетін саңлау пайда болады. Әр келесі қабаттың тілімшелері алдағы тілімшеге қарама-қарсы бағытта айналады, соның арқасында бұршақтар шет-шетке шығып кетпей тік түседі.
Негізгі қуырудың ІІ аумағында какао-бұршақтары температурасы 120 - 140ºС ыстық ауамен үрленеді. Олар 8 – фильтр арқылы сорылады, 10 – электр немесе шарлы калорифермен жылытылады, ІІ – қуыру аумағынан және І – алдын ала жылыту аумағынан өтеді және жеңіл қоспалармен (шаң, қабықтар, және т.б.) бірге қопалар тұнып қалатын 9 – тұндыру-циклонына түседі, ал ауа 7 – желдеткішпен бөлмеден шығарылады.
Қуырылған какао-бұршықтары ІІІ аумақтағы цехтан 2 – тесік арқылы шығатын, суық ауамен аппарат корпусында суытылады. Төменгі екі қабаттан өтіп, ауа какао-бұршақтарын 80 – 90º градусқа дейін суытады, ал өзі 3 – канал арқылы І аумақтағы жоғарғы қабат астына түседі, сол жағдай қуыру процессінде энергияны үнемдеуге мүмкіндік туғызады.
1.2 сурет. KRB типті құыру аппараттары
а – негізгі көрініс, б – схема
Қуырылған және суытылған какао-бұршақтары аппараттан І шнек арқылы шығарылады(1.1 кесте).
1.1 кесте. Техникалық сипаттама
KRA |
KRB |
KRC |
|
Өнімділігі, кг/сағ |
500 |
1000 |
1500 |
Белгіленген қуаттылығы, кВт |
13 |
17,5 |
24,5 |
Габаритті мөлшерлері, мм ұзындығы |
3600 |
3800 |
4000 |
ені |
3400 |
3700 |
4000 |
биіктігі |
3710 |
3710 |
371 |
Салмағы, кг |
3650 |
4900 |
6700 |
1.6.3 Стерилизациялау реакторы KS 350
Машина алдын-ала дайындалған өнімді стерильдейді. Сол арқылы өнімнің бойындағы бактериялар алынады. Машина стерильдеу реакторынан, кептіру резервуарынан, калориферден, құбыр жүйесінің циклонынан тұрады. Машина станинасы берік дәнекерлеу конструкциясы болып табылады. Станинада машина компоненттері бекітілген (1.3 сурет).
0 комментариев