Сурет. Реактор желісінің жалпы сызбасы

155805
знаков
14
таблиц
12
изображений

1.3 сурет. Реактор желісінің жалпы сызбасы

1 - құбыр жүйесі, 2 - стеризациялау реакторы, 3 - арматурасының рамасы, 4 - циклон, 5 - кептіргіш резервуары, 6 - жылуалмастырғыш, 7 - өту жолының платформасы, 8 - вентилятор.

Стерилизациялау реакторы өлшеу құрылғысымен жабдықталған. Стерильдеу реакторының периметрі бойынша 3 қысым датчиктері орналасқан. Қысым датчиктері көрсеткен өлшеулер өнім көлемін енгізудің негізі болып табылады.

Төрт көлденең бағыттағы тұрақты стабилизаторлар негіздеу рамасының шегіндегі стерильдеу реакторның ретсіз қозғалысының алдын алады.

Реактордың жоғарғы бөлігінде орналасқан миксер өнімнің бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді. Миксер редукторлы электрқозғалтқыш арқылы жұмыс жасайды. Реактордың екі қабырғалы цилиндрлі және конусты бөліктері бумен жылытылады. Манометр реактордың қабырғасындағы нақты қысымды көрсетеді. Артық қысымды сақтандыру клапаны қысымның қауіпті жоғарылап кетуінің алдын алады. Стерильденген және кептірілген өнім түсіру саңылауы арқылы кептіргішке түседі.

Кептіргіш стерильдеу реакторының астында орналасады. Кептіргіште стерильденген өнім қосымша ыстық ауамен кептіріледі. Ыстық ауа калорифермен генерацияланады. Кептіргіштің жоғарғы жағында орналасқан миксер өнімнің бірқалыпты таралуын қамтамасыз етіледі.

Кептіргіштің резервуарын жүктеу порционды жүргізіледі. Өнімді түсіру тасымалдау шнегы арқылы үздіксіз жүргізіледі.

Калорифер стерильдеу процесіне ыстық ауа өндіреді. Калориферде ауаны жылыту бумен толтырылатын жылу алмастырғыш арқылы жүзеге асады. Калорифер жылу алмастырғыштан, вентилятордан, ауалы фильтрдан тұрады (1.2 кесте).

1.2 кесте. Техникалық сипаттама

Габаритті өлшемдері, мм

ұзындығы

4000

Ені

5000

Биіктігі

5000

Станинамен есептегендегі масса, кг

3300

Толтырылған стерилизатордың станинамен есептегендегі массасы, кг

3650

Калорифер массасы, кг

1400

Бос кептіргіштің массасы, кг

800

Толтырылған кептіргіштің массасы, кг

1150

1.6.4 Уату- тазалау жабдығы 90 үлгідегі

Уату- тазалау жабдығы 90 үлгідегі(Петцольд - Хайденауер) қуырылған какао-бұршақтарын ұсақтауға, пайда болған какао-әжігін қабықтан (какаовелла) бөлуге арналған.

Құрылғы 1 – тік элеватордан, 2 – елек елегішінен, 3 – ұсақтау құрылғысынан, 4 – бес қабатты елек корпусынан, 5 – тұнба камераларынан және 6 – циклоннан тұрады (1.4 а сурет).

Ұсақтаудың технологиялық процессі келесі жолмен жүргізіледі(1.4 б сурет). Қуырылған какао-бұршақтары 2 – тік элеватордың 1 – шұғырмасына жеткізіледі, ол оларды 3 – тік елеуге жеткізеді. Елегіштің түсу жолымен қалыпты како-бұршақтары жүреді, кейін олар 4 – диірменде ұсақталады. Өткіш (ұсақталған бұршақтар, қабық) диірменге түспейді, ал бірден 15 – корпустың бірінші елек қабатына бағытталады. Какао-бұршақтарының ұсақталмаған бөлігі електің бірінші қабатының өткіші бойымен және 17 – канал бойымен 2 – элеваторға қайтып келеді.


Информация о работе «Шоколад өндіру технологиялық желісінің жабдықтарын жөндеу, жинақтау және жұмысын зерттеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 155805
Количество таблиц: 14
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх