1. Лекция Эконометрикаға кіріспе.Эконометрика анықтамасы.
Эконометрика ғылымы 1930 жылдан бастап белгілі болған ғылымның жаңа саласы. Осы жылы «Статистика және математикамен байланысты экономикалық теорияны дамытудың халықаралық қауымдастығы» атты экономикалық қоғамның негізі қаланды.
«Эконометрика» термині экономиканы өлшеу деген мағынаны береді және өлшеу эконометрияның маңызды бөлігі болып табылады. Эконометрияның екі түрі болады: бір жағынан – эконометрикалық әдістер, екінші жағынан осы әдістерді нақты экономикалық тапсырмаларға қолдану. Эконометрияда пайдаланатын әдістер корреляциялық және регрессиялық талдау бөлімдеріне негізделеді.
Эконометрия математиканың жалғасы болып қарастырылмайды, алайда эконометрияда математиканың рөлі өте жоғары. Математика, экономика және статистиканың синтезі арқылы эконометрия бүгінгі күні қуаты күшті құралға айналып отыр.
Эконометрия – математикалық статистика әдісінің көмегімен экономикадағы сандық заңдылықтар мен өзара тәуелділіктерді зерттейтін ғылым. Бұл әдістердің негізі – корреляциялық және регрессиялық талдау.
1.2.Эконометрикалық зерттеудің кезеңдері
1. Экономикалық мәселені қалыптастыру (проблеманы)
Бұл экономикалық құбылыстарды анықтау, объектілерді және зерттеу кезеңдерін бекіту. Бұл кезеңде экономикалық мәні бар (ойластырылған- осмысленные) және қолайлы болжамлар мен экономикалық құбылыстар тәуелділігі қалыптастырылуы керек.
2. Айнымалыларды сәйкестендіру.
Айнымалылардың ең саналы (разумный) санын анықтау мен оларды тәуелді және түсіндірмелі деп жіктеу.
3. Талдауға қосылған әрбір айнымалы бойынша статистикалық мәлімет жинау. Егер кейбір экономикалық құбылыстар үшін статистикалық мәліметтер жеткіліксіз болса, онда зерттеудің алғашқы кезеңіне оралу қажет.
4.Регрессия функциясын айрықшалау. Бұл кезеңде байланыс формасы туралы болжам нақты қалыптастырылады. Мазмұнды ойлар сызықты және сызықсыз, жай және көптік регрессия айнымалылары арасындағы қатынастың нақты формасының әзіржауабын береді.
5. Регрессия функциясын бағалау. Бұл кезеңде регрессия параметрлерінің сандық мағынасы анықталады. Сонымен қатар регрессиялық талдаудың дәлдігін сипаттайтын бірқатар статистикалық көрсеткіштер есептеліп шығарылады.
6. Экономикалық түсіндіру. Регрессиялық талдау нәтижелері зерттеудің бірінші кезеңінде қалыптастырылған болжамлармен салыстырылады және экономикалық көзқарасқа сәйкестігі бағаланады.
7. Тәуелді айнымалының белгісіз мәніне сәуегейлік жасау ( предсказание) . Егер регрессия функциясы анықталып, экономикалық негізделсе, ал параметрлерді статистикалық бағалаудың дәлдігі қойылатын талаптарға сай келсе, онда болжанатын мәндер жеткілікті сенімге ие. Әрбір болжанатын мән сенімді интервалдармен көрсетілуі тиіс.
1.3.Регрессия және корреляция түсініктері
Табиғат пен қоғамдағы құбылыстар мен үрдістер үнемі өзара жалпықамтылған объективті байланыста болады. Әлем біртұтас бөлінбейтін болып келеді. Әсіресе бұл қоғамдық құбылыстар мен үрдістерге қатысты. Егер біз құбылыс немесе үрдістің мәніне тереңірек үңілгіміз келсе, онда үрдістің басқа да құбылыстар мен үрдістерден байланысын зерттеуге тура келеді.
Объективті қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді сенімді көрсету үшін статистикалық талдау барысында ең маңызды өзара байланысты сандық түрде сипаттау қажет.
Көбіне материалдық әлемнің бір құбылысы, бір жағынан – нәтиже, салдар, бір немесе бірнеше себептердің нәтижесі болса, басқа жағынан – басқа құбылыстардың немесе үрдістердің басталу себебіне айналады. Бұндай себепті байланыс жалпыға ортақ сипатта болады және объективті (существует) болып келеді.
Себепті тәуелділіктерді анықтау зерттеушіні жекелеген құбылыстар мен үрдістердің пайда болу көздеріне әкеледі.
Экономикалық құбылыстардың көбісі көптеген біруақтылы және жиынтық әсер етуші себептердің нәтижесі болып келеді. Экономикалық құбылыстар мен үрдістер арасында тәуелділіктің 2 түрі ажыратылады.
0 комментариев