Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы – «»
Астана 2016
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Агрономия факультеті
\ кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі, профессор
_______________
«___ » ____________ 2016 ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «»
мамандығы – «»
Орындаған: |
|
|
||
|
|
|
||
Ғылыми жетекшісі: А.ш.ғ.д., профессор |
|
|
||
|
|
|||
Астана 2016
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР |
|
АНЫҚТАМАЛАР |
|
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР |
|
КІРІСПЕ |
4 |
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ |
6 |
1.1 Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі. |
6 |
1.2 Қияр дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. |
8 |
1.3 Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы. |
18 |
1.4 Қазақстанда өсірілетін қияр сорттары. |
28 |
1.5 Қиярдың зиянкестермен және аурулармен күресу. |
31 |
2 ЗЕРТТЕУ ЖАҒДАЙЫ, НЫСАНЫ, ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ |
32 |
2.1 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми зерттеу кампусында дақылдардың егіс көлемі, құрылымы және техникамен қамтамасыз етілуі |
32 |
2.2 Аймақтың ауа райы жағдайы, климаты |
35 |
2.3 Шаруашылықтың топырақ – климаттық жағдайы |
40 |
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ |
|
3.1 Қиярды көшетін өсіру |
41 |
3.2 Өндірісте өсірілген қиярдың агротехникасы |
41 |
3.3 Өнімнің қалыптасуы |
45 |
3.4 Қияр дақылы сорттарының биометриялық көрсеткіштері |
46 |
3.5 Қиярды пісіп жетілу кезеңдерінде жинау және жемістерді сақтау |
47 |
3.6 Өндірістік тәжірибеде өсіріліп зерттелген сұрыптар туралы сипаттама. |
47 |
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК |
51 |
5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ |
52 |
6 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ |
56 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
60 |
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылған:
Агротехника– ауылшаруашылық дақылдарын өсіру тәсілдерінің жүйесі. Оған ауыспалы егіс, топырақ өңдеу, тыңайтқыштар беру, себуге тұқымдарды дайындау, егу және отырғызу, өсімдіктерді күтіп-баптау, зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресу, өнімді жинау жатады.
Ауа ылғалдылығы – пайызбен өлшенетін ауадағы су буының мөлшері. Ауыспалы егіс – ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың ғылыми негізде егіс танаптарында белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Биоагент (биологиялық күрестің агенті) – зиянды организмдермен биологиялық күресте қолданылатын пайдалы жәндік.
Вегетациялық кезең – өсімдікке толық даму циклінен: тұқымның өнуінен өнімді жинағанға дейін өту үшін қажет мерзім.
Вегетациялық суару – ауылшаруашылық дақылдарын вегетациялық кезеңде жүргізілетін суару.
Диапауза (үзіліс) – жануарлар мен өсімдіктерде тыныштық кезеңі, қолайсыз жағдайларда зат алмасуы төмендеп, тіршілік ету қабілеті сақталады.
Өнімділік – жиналған өнімнің жалпы көлемін айтамыз.
Топырақ ылғалдылығы – топырақ құрамында әртүрлі мөлшерде болатын ылғал.
Тамшылатып суару – суару әдісі, өсімдік тамырына тамшылатқыш-түтікшелердің көмегімен аздап су беріледі.
Экономикалық тиімділік – жұмсалған еңбек пен шаруашылық істің нәтижесінің арасындағы қатынаспен бағаланатын өндірістің нәтижелілігі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
м – метр
см – сантиметр
мм – миллиметр
ш.м – шаршы метр
га – гектар
млн – миллион
м/сек – метр/секунд
мг – милиграмм
г/л – грамм/литр
т/га – тонна гектарына
ц/га – центнер гектарына
°С – градус,цельсия
N – азот
P – фосфор
K – калий
ЭЗШ – экономикалық зиянды шегі
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институт
МҮҚ – мемлекеттік үлгіқалып
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
КІРІСПЕ
«Қазақcтан 2050» ұлттық cтpатeгияcы жәнe «Агpобизнec 2020» бағдаpламаcына cәйкec, Қазақcтанның агpоөнepкәcіптік кeшeнінің алдында жаңа тeхнологиялаp eнгізу eceбінде шаруашылықтарда өсірілетін экологиялық таза өнімдepді өндіpу міндeті тұp [1].
Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет: Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет. Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына - экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын.
Мeмлeкeт өcімдік шаpуашылығы өндіpіcін дамытуға жәнe импоpт көлeмін төмeндeтугe баpлық қажeтті жағдай жасауда. Қазіpгі таңда pecпубликада көкөніc-бақша өнімдepін балғын жәнe өңдeлгeн түpдe тұтыну көлeмі жылына шамамeн 3,2 млн.т құpайды. Оның ішіндe, импоpттың алатын үлecі шамамeн 6% [2].
Көкөніс шаруашылығы – көкөніс өсімдіктерін өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық саласы, оларға мысалы, бақшалық дақылдар – қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Көкөніс шаруашылығы ашық немесе жабық жерлік болуы мүмкін, ол топырағына байланысты болады. Көкөніс шаруашылығының ашық түрінде көктемгі жазғы және күзгі мезгілдерде көкөністік дақылдарды өңдейді, жабық топырақта— маусымнан тыс кездері көкөністерді өсіреді, ол кезде климаттық жағдайлар бойынша егістіктерде көкөніс өнімін және ашық топырақ үшін көшетті екпелерді алу мүмкін болмайды.
Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі көшет отырғызу әдісін жаппай қолдану, сонымен қатар, өсімдіктерді аяғына дейін өсіру және шығару саналады.
Қияр дақылында адам ағзасының ас қорыту жүйесін реттейтін, асқазан сөлінің қышқыл-сілтілі ортасын бейтараптандыратын дәрумендер мен минералды тұздар өте көп болады. Жаңа піскен жемістері, әсіресе бүйрек ауруларының бастапқы кезеңінде, өт шығару жолдарында тұз шөгінділерінің
түзілуі барысында аса пайдалы. Қияр жемісі асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғары адамдарға пайдасы зор [3].
Жұмыстың мақсаты: «С.Сйфуллин атындағы Қазақ агротехникалық кампусы» жағдайында қиярды көшетпен өсіру технологиясы.
Жұмыстың міндеті:
Ақмола облысының құрғақ далалы аймақтық жағдайында өсірілген қияр соттарының өнімділігін бағалау. Қияр сұрыптарын көшетпен өсіру технологиясынын ерекшеліктерін анықтау. Қиярды көшетпен өсірудің экономикалық тиімділігін бағалау.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
0 комментариев