1.4 Қазақстанда өсірілетін қияр сорттары
Біздің елде жерлестірілген қиярдың сорттары- 14, ТМД-да- 107.
Вязниковский 37. Грибовтағы көкөніс өсіретін сұрыптау- тәжірибе бекетінде шығарылған, ерте пісетін тұздауға жарамды сорт. Тұқымдарының жаппай көктеп шығуынан жемістерінің тағамға жарамды болуының арасы ұзындау, жұмыртқа тәрізді, қалың түкті қарапайым, кейде аралас қара түкті де болады, жемістерін көлденең кескенде үш бұрышты, сырты ұсақ бұдырлы, әр жерінде жолақ-жолақ дағы бар, ақшыл көк түсті, жоғары жағында ақшыл дағы мен тарам-тарам жолағы бар, осының ұзындығы түйнегінің 1/2-3/4 бөлігіндей. Орташа салмағы 115-120 грамм, жас және тұздалған қиярдың дәмділігі 3,7 балл. Орташа өнімділігі 35-47 т/га. Аурулардан зақымданғыш келеді. Жерсіндірілген облыстары- Алматы, Ақмола, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Торғай.
Гибрид МОВИР-1 (Ғ1). ВИР-дің Мәскеудегі бөлімінде шығарылған, ерте пісетін, орташа сабақты, салатқа пайдаланатын сорт. Түйіндері жұмыртқа тәрізді, сыртқы түктері орташа, күрделі, ақ. Жемістері эллипсаға ұқсаған, ірі бұдырлы, негізіне ұарай тегіс, салмағы 90-120 г, көлденең кесіндісі дөңгелекті, үш қырлы. Өнімділігі 57-92 т/га. Өскемен, Павлодар, Семей облыстарында жерсіндірілген.
Гибрид Садко (Ғ1). Молдаваның ҒЗИ-нің суармалы егістік және көкөніс шаруашылығында шығарылған, ерте пісетін, тұздауға қолайлы, орташа сабақты сорт. Түйіндері ұзынша, жұмыртқа тәрізді, сырты бұдырлы, түктері сирек, күрделі ақ түсті. Жемістері жұмыртқаға ұқсаған, негізіне қарай аз ғана дөңгелекті, ұшқырлы. Салмағы 125-150 г. Сапалы өнімділігі 40-66 т/га. Жерсіндірілген облыстары- Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Орал.
Изящный. ВНИССОК-та шығарылған, салаттық ерте пісетін, орташа сабақты сорт. Түйіндері ұршық тәрізді және ұзынша, сопақ, ұсақ бұдырлы, түктері аралас, қалың ақ түсті. Жемістері эллипсоид тәрізді, сырты негізіне қарай тегіс, салмағы 120-150 г. Жемістерінің сырты кішкене бұдырлы, көлденең кескенде үшбұрышты немесе дөңгелек-үшбұшырышты. Сапасы орташа, өнімділігі 42-65 т/га. Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Торғай облыстарында жерсіндірілген.
Кустовой. Краснодардың көкөніс-картоп тәжірибе бекетінде шығарылған, ерте пісетін, қысқа сабақты, түпті. Жас түйнектері ұзынша, жұмыртқа тәрізді, сырты бұдырлы, түктері сирек, күрделі, қара түсті. Көк түйнектері ұзын жұмыртқа тәрізді, сырты бұдырлы, қара көк түсті, көлденең кескенде дөңгелекті, үшбұрышты, салмағы 115-143 г, жемістері көпке дейін сарғаймайды. Жемістенуінің тездігіне байланысты бір рет жинағандағы орташа сапалы өнімділігі 26 т/га. Консервілеуге ұсынылады, комбайнмен бір рет жинап алуға қолайлы. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Торғай облыстарында жерсіндірілген.
Универсальный. Батыс-Сібір көкөніс картоп тәжірибе бекетінде шығарылған, ерте пісетін, тұздалатын, орташа сабақты сорт. Жас түйнектері ұзынша сопақша, сырты бұдырлы, түктері жиі, қарапайым, қара немесе қоңыр түсті. Жемістері ұзынша сопақ, негізіне қарай тегіс, сырты бұдырлы көлденең кескенде дөңгелекті, үшбұрышты, салмағы 117-150 т/га. Тұқымдық жемісі қоңыр, сырты тегіс торлы. Сорттың ерекшелігі- өнімдерін жұмыла бергіштігінде. Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Орал обылыстарында жерсіндірілген.
Харьковский. Украинаның көкөніс-бақша шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында шығарылған, ерте пісетін, тұздалатын, орташа сабақты сорт. Жас түйіндері ұзынша сопақ, сырты бұдырлы, түктері сирек, күрделі қара. Жемістері ұзын-сопақ, сырты сирек бұдырлы, негізіне қарай тегіс, көлденең кескенде үшбұрышты немесе дөңгелек үшбұрышты, салмағы 72-106 г. Жемістері консервілеуге жарамды. Орташа өнімі 70-78 т/га. Өскемен, Көкшетау, Семей облыстарында жерсіндірілген.
Воронежский. Воронеждің тәжірибе бекетінде шығарылған, тұздауға жарамды, орташа пісетін, орташа түпті сорт. Тұқымдарының алғашқы жаппай көктеуімен өнімдерін бірінші жинап алудың арасы 50-55 тәулік. Жас түйіні ұзынша сопақша келген, бет жағы бұдырлы, түктері күрделі қара, жемісі орташа. Жемістері ұзын жұмыртқа тәрізді, эллипсондылы. Сапалы жемісінің салмағы 110-122 г. Орташа өнімділігі 36-40 т/га. Өскемен, Павлодар, Семей аймақтарында жерсіндірілген.
Дружба 60. Краснодардың көкөніс өсірілетін тәжірибе бекетінде шығарылған сорт. Орташа мерзімде және кеш мерзімде піседі. Тұқымдарының жаппай көктеуі мен бірінші өнімдерін жинаудың арасы 50 тәулік, ұзын өркенді. Тұздауға жарамды. Жемістері, ұзын жұмыртқа тәрізді, сыртқы беті бұдырлы, ақ жолақтары жемісінің жартысына дейін, көлденең кескенде үшбұрышты, орташа салмағы 100-135 г. Жоғарғы өнімді 70 т/га. Ақтөбе, Жамбыл облыстарында жерсіндірілген.
Неросимый 40. Воронеждің көкөніс өсіретін тәжірибе бекетінде шығарылған. Салаттық орташа пісетін, орташа өркенді сорт. Тұқымдарының алғашқы жаппай көктеуі мен жемістерінің тағамға жарамдысын жинаудың арасы- 50 тәулік. Жас түйнектері ұзынша сопақша келген, ұш жағы жайпақтау біткен, көлденең кесіндісі дөңгелек үшбұрышты, сырты ірі бұдырлы, ашық ақ сары түсті. Толық пісіп жетілген жемістерінің орташа салмағы 80-120 г. Жоғарғы өнімділігі 55 т/га. Аурулармен шамалы ғана зақымданады. Жерсінділген облыстары – Көкшетау мен Орал [42, 43]
0 комментариев