3.3 Зерттеу жұмысының әдістемесі
Ақмола облысы, Целиноград ауданында орналасқан С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетінің кампусы жағдайында қияр дақылын көшетпен өсіріп сынау мақсатында танаптық тәжірибе қойылды. Өсірілген дақылдың өнімділігін арттыру шараларын қарастыру. Зерттеу нысаны ретінде қияр дақылының өнімділігі жоғары Маринда, Атланта, Астерикс сорттары алынды. Алға қойылған мақсат мен міндеттерге қол жеткізу үшін зерттеу жұмыстары кезінде бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы институттары әзірлеген әдістемесі қолданылды. Экопин - бұл, негізінен бақша дақылдары мен дәнді дақылдарының өнімділігін арттыру мен аурулардан қорғау үшін A. Radiobacter бактериясы штаммы негізінде жасалынған. Экопин “Бүкілресейлік өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты” орталығында шығарылған.
Экопин биопрепараты өзінің бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады:
Топырақ микрофлорасын қалпына келтіреді; Ақуыз құрамын 20-30% арттыруға көмектеседі; Нитратты 25-40%-ға төмендетеді;Ресейдің оңтүстік аймақтарында қызанақ пен қиярға көптеп қолданылады. Қияр мен қызанақтың өнімділігін 20-25%-ға арттырады. 1 гектарға есептелген тұқымдарды себер алдын өңдеу үшін 10 л суға 60-70 мл Экопин биопрепараты жұмсалады. Ал өсімдіктің вегетациялық кезеңінде үстеме қоректендіру үшін 10 л суға 120-130 мл жұмсалады.
Экопин биопрепараты адам және қоршаған ортаға қауіпсіз. Дегенмен, препаратты өсімдіктің вегетациялық кезеңінде пайдаланған жағдайда күн көзінен қорғау керек . Бірақ бұл препаратты тек қана көшеттерді отырғызу барысында ғана пайданаған болатынбыз [49].
3.4 Өндірісте өсірілген қиярдың агротехникасы
Өндірісте өсірілетін қияр дақылының отырғызылатын жер телімін ең алғаш өлшеп белгілеп алдық. Біздің тәжірибе жүргізілетін алаң бірнеше жылдан бері бос жатқан жер. Сол себепті тәжірибе алаңды терең өңдеу жұмыстарын жасадық. Бұл агротехниканы МТЗ-3522 және де агрегат ПЛН-8-35 көмегімен жүргізілген болатын. Топырақты аудара жыртқан соң танапта ірі кесектер қалмас үшін біз МТЗ-2022+БЗГТ-9 арқылы келесі тырмалау жұмыстарын жасаған болатынбыз. Бұл опереция екі қайтара жүргізілді. Себебі көкөніс дақылдарын өсіретін болғандықтан танаптын топырағында үлкен кесектер болмауға тиіс. Көкөніс дақылдарын өсіретін алаң аса қатты үлкен болмағандықтан, кесектерді ұсақтау мақсатында біз танапты қол тісті тырмалар арқылы ірілі-ұсақты кесектерден, арамшөп тамырларынан тазарттық және де тегістедік. Істелінген бұл жұмыстар мамыр айының 24-25-ші күндері жүргізілді.
Келесі шара қияр дақылын көшетпен отырғызу. Көшетпен отырғызу тұқыммен сепкенге қарағанда өнімді 25-30 күн ертен өнім береді. Көшеттерді отырғызу үшін ең алғаш танапқа қарықтар жасадық, бұл операция да қолмен жүргізілді. Көшет отырғызу үшін ұя жасадық. Көшеттерді отырғызумен бірге топыраққа қарашірінді енгіздік. Қарашіріндіні әр көшеттің түбіне енгізген болатынбыз. Көшеттерді отырғызу тереңдігі 5-8 см. Алғашқы суару көшет отырғызумен бірге болды. Көшет отырғызу барысында суару, қарашірінді шашу жұмыстарының барлығы қолмен жүргізілді. Көшеттерді отырғызу мерзімі 27 мамырда. Өндірістік тәжірибеде өсіріліп жатқан қияр сорттары: Маринда, Атланта, Астирикс. Бұл сұрыптар ерте мерзімде піседі. Пісу мерзімдері 46-50 күн аралығында.
Егістікті күтіп-баптау жұмыстары. Қияр көшеттерін танапқа отырғызғаннан кейін көшеттер жақсы өсіп алу үшін күнара суару жұмыстарын жасап отырдық, себебі қияр дақылы ылғалға жоғары талап қоятындықтан бұл шара күнара жасалынды. Ал көшеттер жақсы өсіп тамыр жүйесі жақсы жетіле бастағанда суаруды аптасына екі реттен беріп отырдық. Танап бірнеше жылдар бойы бос жатқандықтан арамшөптер өсе бастады. Вегетация кезінде арамшөптерге қарсы ешқандай химиялық әсер ететін заттар қолданылған жоқ. Арамшөптерді қолмен жұлып тастап, отап отырдық. Қияр дақылының тамыр жүйесі әлсіз, нәзік болғандықтан суарудан кейін топырақты қопсытып отырдық. Егер топырақты қопсыту жүргізілмесе қиярдың тамыр жүйесі нашар дамып өнімділігі төмендейді. Қиярдан жоғары және сапалы өнімін алу үшін барлық кешенді шараларды өз уақтысында жоғары деңгейде жүргізу керек. Барлық агротехнологиялық күтіп-баптау шараларын дұрыс сақтау кезінде ғана, өсімдікті суару, тыңайтқыш, қорғау және т.б. сияқты шараларға қосымша шығындарды төмендетіп, өндірістің пайдалылығын жоғарлатуға болады. Сондықтан, ашық алаңда қиярдың жоғары өнімін алу үшін өсімдіктерді кешенді технологиялармен өсіруді қамтамасыз ету керек. Бұл технологияларға әртүрлі негізделген топырақ-субстраттарын қолдану, топырақтың қолайлы ауа және су режимдерін жасау, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың үйлестірілген мөлшерлерін беру, өсімдіктерді егу және түптерін қалыптастырудың қолайлы сұлбаларын жасау кіреді. Сондай-ақ, зиянкестер, аурулармен және арамшөптермен күресуде негізгі агротехникалық шаралардың бірі, ауыспалы егістерді менгеру және енгізу болып табылады.
Қарастырылып отырған қияр сорттары тез пісетіндіктен шілде айының 11-де маринда сорты ең алғашқы өнімін берді. Өнімді жинау барысында қияр дақылының сабақтарының әлсіздігін ескердік. Сол себепті қияр өнімін жинаған кезде сабақтарына зақым келтірмес үшін сабақтарын қайшымен және өткір пышақпен кесу арқылы жинаған болатынбыз. Суаруды қаншалықты жиі жүргізген сайын біз де өнімді соншалықты көп алдық. Қияр жемістерін жинау барысында жемістерге зиян келмеу үшін және солып қалмау үшін кешке салқын түскенде жинадық. Ал жиналған жемістерді салқын жерде сақтадық. Суару жүргізілгеннен кейін арада 1 күн салып өнім алып отырдық. Өсірілген қияр сорттаында ең өнімді жоғары берген осы Маринда сорты.
Кесте 6 - «C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің ғылыми-өндірістік кампусы» бойынша қиярдың өсіру технологиясы
Қатар саны |
Танап |
Агротехникалық шаралар. |
1 |
2 |
3 |
1 |
Дақыл,сорт |
Маринда, Астерикс, Атланта |
2 |
Алғы дақыл, негізгі өңдеу тәсілі |
Сүрі жер |
3 |
Тыңайтқыш енгізу |
Көшетті отырғызумен бірге |
4 |
Себу алдында топырақ өңдеу |
Топырақты тырмалау. 2 ізді. Технологиясы: қолмен. 5-8см. (25.05) |
5 |
Себу тәсілі,мөлшері,мерзімі,тұқым сіңіру тереңдігі. |
Қарықтап көшетпен отырғызу. 27.05.16 Қолмен отырғызу. |
6 |
Егістікті күтіп-баптау (тырмалау, қатараралық өңдеу, мерзімі, құралдар, тереңдігі) |
Суару. Арамшөптерді отау. Көшеттің түбін қопсыту. |
7 |
Арамшөптерге, зиянкестерге, ауруларға қарсы күрес шаралары, тәсілдері, мерзімдері, мөлшері, аумағы
|
Арамшөптерді қолмен отау жұмыстары. |
8 |
Суару тәсілдері, саны, мерзімі, мөлшері, ж.б |
Аптасына 2 рет. Қолмен суару. 4,2т |
9 |
Егінді жинау мерзімі |
(11.07-28.08) аралығында күн ара қолмен теру |
10 |
Қарастырылып отырған дақылдың өнімділігі, кг |
Маринда- 107,5 ц/га Атланта, Астерикс- 85,5 ц/га |
0 комментариев