1.1 Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі
Осы бөлімде әдеби дерек көздеріне шолу мен талдау жүргізу кезінде таяу және қиыр шет елдерінде, сондай-ақ Қазақстанда жарияланған мәліметтер көрсетілген. Сонымен қатар, зерттеу бағыттарын таңдау барысында мерзімдік ғылыми басылымдар, монографиялар, кітаптар, ғылыми еңбектер жиынтығы, конференция материалдары, ұсыныстар, тақырыптық топтамалар, интернет-қоры материалдары және басқа да дереккөздері талданған.
Қияр – әлемде ең көп таралған көкөніс дақылдарының бірі. Гректер қиярды «аорос» деп атаған. Пісіп жетпеген жемістері тағам ретінде қолданылғандықтан, бұл сөз «піспеген» деп аударылады. «Аорос» сөзі бірте-бірте «аугурос» сөзіне ауысып, орыс елінде «огурец» (қияр) деп өзгертіп айтылды [4]. Үндістанда ежелгі мекені болып саналатын қиярды 3 мың жыл бұрын өсіріп бастаған. Қытайда қиярды өсіру біздің дәуірімізге дейін II ғасырда басталған. Біздің дәуірімізге дейін бірнеше жыл бұрын Мысыр елінің ғибадатхана қабырғаларында құрбандыққа шалынғандар арасында жемістері суреттелген қияр басқа асқабақ өсімдіктерімен өсірілгені анықталды. Сондай-ақ, ХІІ династиясының (б.д.д. 2000-1788 жж.) мазарларын қазу кезінде тасқа айналған қияр қалдықтары табылды [5, 6]. Бұл дақыл Ежелгі Рим, Ежелгі Грек және Месопотамияда да белгілі болған. Көне заманда қияр айтарлықтай кең таралған. Теофраст (б.д.д. 372-288 жж.), Диоскорид (б.д.д. 50 ж.), Марциал (б.д.д. 40-102 жж.) көне авторлары өздерінің шығармаларында қияр туралы бірнеше рет атап өткен. Бұл дақылдың сипаттамасын ежелгі римдік жазушы және агроном Колумнелланың (б.д.д. 60 ж.) 12 томдық ауылшаруашылық энциклопедиясында табуға болады. Ол биологиялық ерекшеліктерінен басқа, өсіру технологиясын да толығымен жазған. Мысалы, Колумнелла шақпақ таспен жабылған көшетханаларда өсірілген қиярды жыл бойы Тиберия императорының үстеліне берілгенін жазған. Сондай-ақ, ол қиярдың Африкада кең таралғандығын ескертеді [7]. Батыс Азия (Иран, Ирак, Туркия, Сирия) елдеріне қияр 3000 жылдан аса бұрын келген. Арабтарға бұл өсімдік біздің дәуірімізге дейін кем дегенде 300-200 жыл бұрын белгілі болды. Ол туралы араб ғалымдары, Ибн-Аллавам мен Ибн-Бейтар набаттық егіншілікті сипаттағанда атап өткен [8]. Англияда ХІV ғ. қияр кәдімгі көкөніс дақылы болған, сосын ұзаққа созылған соғыс жылдары бұл дақыл қараусыз қалды. Тек 1573 жылы қайтадан өсіріле бастады. ХVІІІ ғ. Еуропада әйнектелген жылыжайларда қияр өсіріліп басталған, осыдан бастап ағылшындықтар жылыжай қиярының жаңа сорттарын шығара бастаған [9].
Ресейде бәрі IX-X ғғ. басталған. Оңтүстік, Орталық және Солтүстік-шығыстық аймақтардың қатты климатына қияр сорттарын бейімдеткен ежелгі суздальдық егіншілері еңбек еткен. Қияр тұқымдарының көбісі егіншілердікі болған. Қияр жүйектерін жылқы көңдерімен қосып қазған. Қияр туралы Ресейде бірінші әдебиетте 1528 жылы неміс бароны Зигмунд Герберштейнжазған. Кейіннен неміс ғалымы Адам Олеарий 1637-1639 жж. Ресейде болып, өзінің елшілік сапарында орыс қиярлары туралы түгел сипаттап мадақтаған. Измаилда I Петр жарлығымен Просяндық патшалығы бақшасы жылыжайында қиярлар мен қауындар өсіріліп бастаған [7,8].
Қазіргі уақытта қияр көкөніс дақылы ретінде бүкіл дүние жүзінде кең таралған. Шындығында бұл бүкіл халық сүйіп жейтін дақыл субтропикалықтан полярлық ендіктерге дейін өсіріледі. Қиярдың ірі және дәстүрлі территориясы Ресей Федерациясының орталық облыстары, Поволжье, Солтүстік Кавказ, Украина, Беларусь пен Молдова болып табылады. Ресей Федерациясы мен Украинада қияр егісі 120 мың га жерді алып жатыр. Жабық танапта ол 70% ауданды алып жатыр [9]. Қазақстанда қиярды өсіру ауданы ашық алаңда 12-14 мың га (көкөніс дақылының жалпы ауданынан 10-12%), жабық алаңда 170 га дейін жетті. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жылыжай қиярының ауданы 50 га шамасын құрап жатыр. Әлемде қиярды көбірек Қытайда жалпы ауданы – 190 мың га, Еуропа мемлекеттерінде – 200 мың га және Азияда – 300 мың га жоғары өсіреді [10]. Қиярды әлемдік өндіру жылына 12 млн.т құрайды. Оны орташа өнімділігі 15 т/га болатын 880 мың га жоғары аудандарда өсіреді. Қытайдың субтропикалық аудандарында жылына 3,9 млн. т, Жапонияда – 1 млн. т, Туркияда – 0,8 млн. т, АҚШ – 0,6 млн. т, ал Қазақстанда – 90 мың т қияр жиналады. Қияр жеткізілімі бойынша импортер-мемлекеттер арасында Иран (36%), Қытай (20%), Украина (14%), Испания (9%), Әзербайжан (8%) топбасшылар болып табылады [11].
0 комментариев