1.5 Қиярдың зиянкестермен және аурулармен күресу

 

Ашық жерде қиярға жалған ұнтақ, бактериоз, қияр аскохитозы, ақұнтақ, антракноз, дақтылық үлкен зиян келтірсе, қорғаулы жерлерде бұлардан басқа қияр тамыр шірігімен, ақшірікпен зақымданады, зиянкестерден өрмекші кене, темекі трипсі, бақша бітесі, аққанат зақымдайды. Ал осы зиянкестермен және аурулармен күресу шараларына мыналар жатады.

Аққанаттыларға қарсы Актеллик 500 э.к. ашық жерде және қоғаулы жерлерде пайдалана беруге болады. Қолдану мөлшері ашық алаңда 3-5 л/га, қорғаулы жерлерде 0,3-1,5 л/га. Өңдеу тәсілі өсінді кезеңінде бүрку. Өнім жинап алынып біткенге дейін 2- 3 рет бүрку.

Жалған ұнтақ ауруына қарсы Браво 500 с.к. ашық алаңда да қорғаулы жерлерде де қолданылады. Қолдану мөлшері ашық жерде 2,2-2,7 л/га, қорғаулы жерде 3-6 л/га. Өңдеуді ашық алаңда 20 рет, қорғаулы жерде 3 рет қайталайды. Қайталауды өнім жинап алуға 3 күн қалғанда тоқтатылады [44].

 


2 ЗЕРТТЕУ ЖАҒДАЙЫ, НЫСАНЫ, ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

2.1 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми зерттеу кампусында дақылдардың егіс көлемі, құрылымы және техникамен қамтамасыз етілуі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық ЖОО, Астана қаласының бірінші жоғары оқу орны.

Солтүстік Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру кезінде ауыл шаруашылығы саласында мамандар қажет болғандықтан осы оқу мекемесі ашылды. Солтүстік және орталық Қазақстан облыстарына ауыл шаруашылығы өндірісі үшін мамандарды кеңінен дайындау мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 3 қазандағы Қаулысы және СССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1957 жылғы  9 қазандағы бұйрығы бойынша Ақмола ауыл шаруашылығы институты келесі факультеттерімен құрылды: агрономиялық, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру. Алғашқыда үш факультеттен құрылған институт зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми және оқу орталығы болып қалыптасты. 

Қаншама даму кезеңдерінен өткен университетіміздің 2012 жылдан бастап дамудағы негізгі басым қызметі - ғылым болды. Университеттің стратегиялық мақсаты: ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи зерттеу университетіне кезең-кезеңімен көшу. 

2013 жылда 23 мамырында шетел инвесторларының Пленарлық  мәжілісінде Қазақстан Республикасы-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  алғаш рет ҚАТУ қабырғасында  «Назарбаев Университеті» үлгісі бойынша ауыл шаруашылығы саласында халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін қалыптастыруға ұсыныс берген еді.   Сол уақыттан бастап ҚАТУ-ды реформалау жұмыстары басталып кетті.

Осы мақсаттардың бірі болып 2015 жылы «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы» өзінің іргетасын қалады. «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы 2016 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Алғашқы болып агрономия факультетінің агрономия мамандығының 3 курс студенттері өндірістік іссанадан өтті. «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр ауылдық округінде орналасқан.

Шаруашылықтың негізгі өндірістік бағыты бидай, дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдардың көптеген түрлері болып табылады. С.Сейфуллин Қазақ агротехнкалық университетінің ауылшаруашылық кампусының барлық ауылшаруашылық жерлері 1237 гектарды құрап отыр. Оның ішінде: жыртынды жерлер 359 га, шабындықтар мен жайылымдар 800 га, тоғандар мен су қоймалары 16 га, батпақты жерлер 55 га, танаптық жолдар 6 га, басқа жерлер 1 га-ды құрайды [1-кесте].

Кесте 1 - 2016 жылғы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті АҚ Ауылшарышылық кампусының жер пайдалану жағдайы (жерлерді мемлекеттік есептеу деректері бойынша)

Жерлер

га

%

Барлық ауылшаруашылық жерлер

1237

100

Оның ішінде: жыртынды

359

29

Шабындықтар мен жайылымдар

800

64,6

Тоғандар мен су қоймалары

16

1,2

Баптақты жерлер

55

4,4

Танаптық жолдар

6

0,4

Басқа жерлер

1

0,4

 

Шаруашылық жаңартылған машина-трактор паркіне, жер өңдеуші құралдар мен заманауи агрегаттарға ие [кесте 2].

Кесте 2 - 2016 жылғы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті АҚ Ауылшарышылық кампусының шаруашылықта бар техникалары

Машиналар мен құралдар

Саны

Тракторлар

4

Оның ішінде маркалары бойынша

МТЗ-80, МТЗ-3522, МТЗ-2022,3, Т-150

 

Комбайн

Енисей -950

Картоп қазғыш

КСТ-1,4А

Кешендер

2

Оның ішінде маркалары бойынша

СЗ-5,4А, УПС-6-02

Ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдар

20

Бүріккіштер

ОП-22

Культиватор

КОН-2,8, КРНВ-5,6-0,4

Тырмалар

БДТ-7К-01 2дана, БЗГТ-9 Победа 2 дана

Грабли

ГКП-6,1М

Тығыздығыштыр

ККЗ-9,2Н

Жүк көліктер

Газ-53-2

Прицептер

2ПТС-4

Жатка

ЖВП-4,9

Шөпті тығыздап жинағыш

ПТ-165, ПР-Ф-145

Тұқым дәрілегіш

ПСК-15

Техникалық көмек

Камаз техсервис

Миксер

Metal Fach T-659

Жеңіл автокөлік

Уаз-4

Терең қопсытқыш

ПЛН-8-35, ПГ-3-5

 


Информация о работе «Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі»
Раздел: Ботаника и сельское хозяйство
Количество знаков с пробелами: 184460
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 0

0 комментариев


Наверх