3.5 Өнімнің қалыптасуы
Қияр дақылының фенологиялық кезеңдер - табиғаттың маусымдық дамуында айқын байқалатын кезең. Өсімдіктің жеке түрлері гүлдеуі, түйіндердің түзіле бастауы, жеуге жарамды жемістердің түзілу уақыты, алғашқы жеміс беру, өнімді толық жинау аралығындағы кезеңдерді айтамыз.
Кесте 7 - Қияр дақылының фенологиялық кезеңі.
Дақыл, сорт |
Көшт отырғызу мерзімі |
Алғашқы гүлдеуі |
Пикули сатыдағы қияр |
Жеуге жарамды корнишон түзілу |
Өнімді жинау мерзімі |
Маринда |
27.05.2016 |
8.07.2016 |
12.07.2016 |
14.07.2016 |
14.07-28.08.2016 |
Атланта |
27.05.2016 |
10.07.2016 |
15.07.2016 |
17.07.2016 |
17.07-28.08.2016 |
Астерикс |
27.05.2016 |
12.07.2016 |
16.07.2016 |
18.07.2016 |
18.07-28.08.2016 |
Көшеттерді бір уақытта отырғызғанымызбен, бірақта олардың гүлдеуі, жеміс сала бастауы, толық жеміс беру уақыты әртүрлі. Нысандағы Маринда сорты ерте күнде пісетіндіктен қалған екі сорттан қарағанда барлық фенологиялық кезеңдері ерте басталды. Алғашқы гүлдену кезеңі Мариндада 8-ші шілдеде болса Атланта мен Астериксте ол 10-ы мен 12-сі күндері өтті. Ал жеуге жарамды корнишон түзілу уақыты Мариндада 14-не болса сәйкесінше Атланта мен Астерикс 17-18-і күндері байқалған болатын. Қарап отырғандай бұл жерде Маринда сортының айтарлықтай ерте пісетін сорт екеніне көз жеткіздік. Қиярдың фенологиялық кезеңдері дақылдың минералды заттар мен суды ең көп талап ететін кезеңі. Сондықтан бұл кезеңде өсімдікке ерекше күтім қажет. Егер күтім жақсы болса өнімділік те жоғары болады.
3.6 Қияр дақылы сорттарының биометриялық көрсеткіштері
Биометриялық көрсеткіштер қарастырып отырған дақылдың өсіп-өнуін бақылайтын көрсеткіш. Қияр дақылының қарастырылып отырған сорттардың бір-бірімен салыстыру. Сорттардың жапырақтарын, сабақтарын, жемістерінің сандарын, жемістерінің салмағын салыстыру мақсатында пайдаланатын көрсеткіш.
Кесте 8 - Қиярдың сорттарының биометриялық көрсеткіштері
Сорттар |
Өсімдік сабағының ұзындығы,см |
Бір өсімдіктегі жапырақ саны, дана |
Бір өсімдіктегі жеміс саны дана |
Бір өсімдіктегі жемістердің салмағы, г |
маринда |
144,3 |
57,3 |
16 |
1524 |
атланта |
130,3 |
49 |
16 |
1249 |
астерикс |
126,6 |
54,6 |
13 |
1198 |
Өндірісте өсірілген Маринда сорты, салыстырып қарастырылған Атланта және Астерикс сорттарынан әлдеқайда айырмашылықтары бар екені байқалады.Қарап отырсақ сабақтарының ұзындығын Маринда сортында 144 см, ал Астерик пен Атлантада анау айтқандай қысқа, оларда орташа 128 см. Маринда сортының жапырақтары да қалған екі сорттың жапырақтарынан көп. Жемістеріне келетін болсақ алғашқы Маринда сорты Атланта мен Астериксті артқа тастап едәуір жоғары нәтиже көрсетті. Жемістерінің салмағы да, жемістерінің саны да, бір сөзбен айтқанда өнімділікті өте жоғары берді.
0 комментариев