1.3 Шаруашылық субъектілерде қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
Республикамыз басқа мемлекеттерден саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, этно-мәдени және т.б. айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Қазақстан ұлттық экономиканы құру және шаруашылық жүргізудің нұсқаулы-жоспарлық үлгісінен нарықтык үлгісіне өту үдерістерін бастан кешірді, бұған әлемдік экономика тарихында ұқсастық табу өте киын.
Көптеген батыс фирмалары мен корпорациялары басқарудың және жоспарлаудың орталықтанбаған түрін таңдады. Жетекшілік етуде корпорацияда тек ғылыми-техникалық жаңалықтарды (іргелі зерттеу, жаңа техника мен базалық технологияны жасау) және қаржылық саясатты (инвестициялық жобалар, несиелер, акция шығару, ірі көлемді мүлік пен құнды қағаздарды сату және т.б.) жоспарлау қалды. Стратегиялық басқарудың бұл функциясы АҚШ-та - 65-80 %, Жапонияда 75-90 % корпорацияны орталықтандырды.
Жоспарлау жүйесіне корпорацияның ұйымдастырушылық құрылымдары маңызды ықпал етеді. Мысалы, аймақтық құрылымдағы корпорацияларда ұзақ мерзімді жоспарлау, сатуды болжау сұрақтарында жергілікті бағытпен неғұрлым орталықтанбаған деңгейімен ерекшеленеді. Корпорация өнімді «маңызды» құрылымымен жоспарлауды орталықтандырудан ерекшеленеді: жоспарлар орталықтан жоғары тұрғандардан төменге таратылатын өнімдік бөлімшелерге берілді.
Зерттеу тобы жұмысының бірінші кезеңі келесілерден тұрады: 1) әрбір өндірістік операцияны зерттеу; 2) тізбекті операциялар кешенін зерттеу; 3) әрбір операция және операциялар кешенін толық сипаттауға кажетті ақпараттық мәліметтердін. тізімін әзірлеу. Зерттеу тобы жұмысының екінші кезеңі - тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз етуге дайын өнімнің оңтайлы қорын анықтау. Үшінші кезеңде зерттеу тобы өндіріс шығындарын төмендету мүмкіншіліктерін анықтауда неғұрлым қызығушылық тудыратын өндіріс бөлімшелерін анықтайды. Бұл өндірістік бөлімшелердегі жұмысшылардан осы бөлімшелерде өндіріс шығындарын төмендету жолдарын табуға көмектесетін тікелей сауалнама жүргізу арқылы анықталады. Зерттеу тобы жұмысының төртінші кезеңінде командалар тізімі құрастырылады. Жұмыс өндірістік кестеден ауытқыған жағдайда басшыға белгілі шешім қабылдау қажет. Зерттеу тобының негізгі шешетін мәселелерінің бірі - осындай шешімдерді нақты бұйрықтар түрінде қалыптастыру.
Түрлі елдердегі жоспарлау тәжірибесін жинақтай отырып, маркетинг бойынша американдық маман Мелвилл Бранч маркетингтік кызметті жетілдіру тұрғысынан оның бірқатар артықшылықтарын айқындайды. Қарастырылған елдердің тәжірибесінде экономиканы мемлекеттік реттеудің қуатты құралдарының ішінде қаржы-бюджеттік ресурстарды пайдалану мен салық салу тетіктері маңызды орын алады. Бұл тетіктерді тиімді пайдалану тәжірибесі терең зерттелініп, арнайы әдебиеттерде жеткілікті жарияланған. Олардың негізінде бірқатар тұжырымдар жасауға болады. Біріншіден, бюджеттік қаражат (субсидия, дотация, субвенция) есебінен қаржыландыру арқылы халық шаруашылығының басым бағыттарының мәселелерін шешу және ғылыми негіздеуді талап ететін салалардың жедел дамуы саясаты жүзеге асырылады. Мысалы, Италия, Норвегия, Дания, Бельгия сияқты елдерде мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыс үлесі 50% артады, ал Франция, Австрия және Германияда - 50%-ға жуық. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Жапонияда 30% деңгейінде.
Екіншіден, құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыруда импортты алмастыратын және бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін өңдеу саласындағы өнеркәсіптер мен өндірістердің жедел дамуына шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін салық салу тетігіне маңызды рөл беріледі.
Өнеркәсіптік дамыған алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен байқағанымыздай, экономикалық дамудың қарқынды үлгісінің құрамдас бөлігі өте икемді құралы болып экономиканы реттеудің ақша-несие тетігі болып табылады. Демек, осындай саясат пен ынталандырушы (жұмыссыз-дық бар болса) және тежеуші (инфляция бар болса) фискалдық саясатты жүзеге асыру арасында тығыз байланыс бар екені байқалып отыр.
Аталған тетіктің нарықтық жүйесі дамыған елдердегі пайдалану тәжірибесін тұжырымдай отырып, келесідей қорытынды жасауға болады:
- монетарлық саясат ықпалын «сезінетін» шаруашылық жүргізу тәжірибесі ақшаға сұраныстың кейнстық теориясының әлсіздігін айқындайды және әлсіз трансмиссиондық тетік нәтижесінен пайыз мөлшері мен инвестицияларды ынталандыру арасындағы байланысты жоққа шығарады. Терең талдау жүргізе отырып, П. Самуэльсон «ақша көлемінің қысқаруы ықпалынан несие үшін пайыз мөлшерінің артуы жеке және заңды тұлғалардың несие алу мүмкіндігін төмендетеді» деген қорытынды жасады. Несие алу мүмкіндігінің қиындығы мен оның қымбаттылығы өз кезегінде жеке және мемлекеттік инвестицияның даму бағытының төмендеуіне алып келеді;
- дағдарыс жағдайындағы несиенің арзандылығы (пайыз мөлшерінің төмендеуі) алдағы инфляциялық спиральді күшейте түседі деген пікір көп жағдайда дұрыс емес. Аталған жағдайда таза өндірістік инвестициялардың артуын ынталандырса, онда нарыққа ұсынылатын өнімдерді көбейтеді. Егер бағалар мен ақша айналымдылығының жылдамдығы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауарлар көлемінің өзгерісіне байланысты ақша көлемінің өзгеру дәрежесін көрсететін мультипликатордың абсолюттік мәндерін анықтау қиынға соқпайды. Біздің ел тәжірибесінде жиі кездесіп отырғандай, осы несиелер баска құрылымдарға түсетін болса, бұл инфляциялық үдерістің жаңа орамын туындататын сұраныстың артуына алып келеді;
- жалпымемлекеттік мақсаттарға қол жеткізу үшін ақша-несиелік реттеу тетігін тиімді пайдалану көп жағдайда осыған жауапты органдар әрекетінің саяси еркіндік дәрежесіне байланысты. Осы жөнінде Нобель сыйлығының лауреаты, нарықтық шаруашылық теориясы бойынша ірі маман Ф. Хайек келесідей қорытынды жасады: «Ақша саясатының басты мақсаты ақша құнының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондықтан ақша-несие органдарын саяси қысымнан қорғау қажет».
Экономикада бағаны реттеуді жүзеге асыру үшін жекелеген мемлекеттердің пайдаланатын тетігінің құрамы әркелкі болып келеді және ол салалардағы меншік нысандарының арақатынасына, қысқа және ұзақ мерзімдік әлеуметтік мақсаттарға, халықаралық экономикалық байланыстардың ұйымдастырылу дәрежесіне, ауыл шаруашылық өніміне баға белгілеудің американдық жүйесі өзінің «демократиялығы» және икемділігімен ерекшеленеді. Оның мәні фермердің ертеңгі күніне сенімділігін арттыруға негізделген. Әңгіме нарықтағы бағалар өзгерісінің жағымсыз үрдісі жағдайында фермерге табыстың ең аз мөлшердегі деңгейіне кепілдік беретін кепілдемелік бағалар жөнінде болып отыр. Мұндай кепілдік фермерлердің тауарлы-несиелік корпорацияларымен келісімшартқа отыруы кезінде де қамтамасыз етіледі. Тауарлы-несиелік корпорациялар фермерлерден кепілдемелік бағалар бойынша өнім қабылдай отырып, оларды белгілі бір сомадағы (өнім көлемі х баға) несиемен қамтамасыз етеді. АҚШ-тың осы тәжірибесін Қазақстан жағдайында да қолдануға болар еді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бағаларды мемлекеттік реттеудің басты нысаны ауыл шаруашылық өндірісінің тауарлары болып табылады. Ғылыми талдаулар ауыл шаруашылығы өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Біріншіден, ол табиғи ауа райы жағдайына байланысты. Бұл тәуелділік табиғат факторлары жағымсыз болған кезде де кепілдемелі табыс алу үшін аграрлық сала субъектісі мен фермерлер алдындағы өзекті мәселеге айналады. Оны шешуде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеуді мемлекеттік тұрғыдан реттеу және сол тетік арқылы шаруалардың еңбегін ынталандыру маңызды рөл атқарады. Сондықтан, біркатарелдерде қарастырылып отырған сала өнімдеріне бағалар деңгейін анықтауда «шығындар + пайда» қағидасы қолданылады.
Екіншіден, шаруашылық жүргізудің кез келген жүйесінде аграрлық сала, әсіресе ғылыми-техникалық қамсыздандыру және инновациялық-инвестициялық шараларды жүзеге асыру тұрғысынан мемлекеттік қолдауды үнемі талап еткен. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттік жэрдем қаржысының үлес салмағы фермерлер табысының төрттен бірін, Еуропа экономикалық одақтастық елдерінде табыстың тең жартысын, ал Жапонияда төрттен үш бөлігін құрайды. Канадада осы көрсеткіштің деңгейі 40%-ға жетеді [16, 18б.]. Осыған байланысты ауыл шаруашылығына қолдау көрсететін мемлекет жеке, кәсіпкерлік және жалпы мемлекеттік мүдделерді үйлестіру үшін баға белгілеу тетігін белсенді қолданатыны түсінікті.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау үшін сыртқы экономикалық байланыстардың тиімділігін жоғарылату мақсатында лицензиялық, кедендік, тарифтік реттеу тетіктерін кеңірек пайдаланған жөн. Түрлі елдердегі аталған тетіктердің бірін колдану басымдылығы олардың саяси, тарихи, табиғи-экономикалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар, әлемдік нарық пен әлемдік шаруашылыққа ену мүдделері де ескеріледі. Осы тұрғыдан Қазақстан үшін басқа мемлекеттер тәжірибесін ғылыми талдау нәтижелері сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру бағытында жіберілген кемшіліктер мен қателіктердің алдын алуға маңызды рөл атқарады.
2 «Жаңа-шырақ» ЖШС-нің қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама және кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауға талдау
2.1 «Жаңа-шырақ» ЖШС-тің қызметіне сипаттама
«Жаңа-шырақ» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында орналасқан. Кәсіпорын заңды тұлға ретінде 2012 жылы құрылып тіркеуден өткен.
Серіктестіктің құрылтайшылары (бұдан әрі қатысушылары): Estate Investment Group ЖШС.
Тұрған орны: Алматы облысы
СТН 600500094748. ИИК 502467827 Банк Центр Кредит ААҚ АҚФ. БИК 190501719.
Куәлік 002529748 ҚР ІІМ 11.04.2003 жылы Алматы облысы Қатысушылардың жарғылық капиталы төмендегідей:
Дүйсенова Венера Бейсеновна – 29188383 теңге (55% ).
Estate Investment Group ЖШС – 15920936 теңге (30%).
Сағынбек Азира - 7960468 теңге (15%).
Серіктестіктің жалпы жарғылық капиталы 53069787 теңгені құрап отыр.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары:
- нан өнімдерін өңдеу және өткізу;
- ақылы негізде тұтынушыларға қызмет көрсету;
- ауыл шаруашылық техникалары мен құрал жабдықтарын сақтау; -
- оларды жөндеуден өткізу және сервистік қызмет көрсету;
- нан өнімдерін өндіру;
- заңды және жеке тұлғаларға көлік және басқа да қызмет түрлерін
көрсету;
- сыртқы – экономикалық қызмет;
- ҚР заң актілеріне қарсы келмейтін басқа да қызмет түрлері.
- Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 25000 млн теңге.
- Серіктестіктің басқару органдары болып табылатындар:
- Жоғарғы орган – Қатысушыларының жалпы жиналысы;
- Атқару органы- Дирекция;
- Бақылаушы орган – Тексеруші.
Серіктестіктің қызметіне бақылау жүргізу үшін қатысушысымен бақылау кеңесі тағайындалады. Бақылау кеңесінің жұмыс тәртібі Серіктестіктің қызметін реттейтін ережемен және басқа құжаттармен анықталады.
Кәсіпорынды шикізат пен материалдармен қамтамасыз ету процесі келесі сатыларды қамтиды:
- шикізатты қолдану талдауы, өндірістің алдын-ала жоспарлауында әр шикізат түрінің маңыздылығы;
- шикізатты қолдануына байланысты шикізатқа ай сайын тапсырыс беру;
- осы шикізат пен материалдар тапсырысын ай сайын қаржы бөлімімен салыстыру;
- шикізат пен материалдарға кеткен шығындардың сметасын қолдау;
- баждық келісім жасау үшін қажетті құжаттарды дайындау.
Шикізат пен материалдарды сақтаудың уақытша қоймалары жақсы жабдықталған вентиляциялық жүйемен жасалған және ол дайын өнімдерді және оның сапалылығын сақтап қалу үшін өте тиімді.
«Жаңа-шырақ» ЖШС өндірісінде өнімдердің негізгі шикізаты – нан өнімі болып табылады. Жоғары сапалы нан өнімдерін өңдеу үшін сапалы шикізат болуы керек. Бастапқы өндірудің мақсаты – жеткізу және сақтау барысында нан өнімінің қалыптығын сақтау.
Негізгі ұн – шикізатын жеткізушілер: диірмендер мекендерінің шаруа қожалықтары. Орау материалдарын арнайы орындардан алады, олардың өнімдері әлемдік нарықта қауіпсіз және экономикалық таза.
Мамандардың жоғары кәсібилігі, сапалы шикізатты пайдалану, қазіргі заманғы құрылғы мен классикалық жаңа технологияларды пайдалану, кәсіпорынның халық арасында сұранысқа ие өнімді шығаруға септігін тигізді.
Қорапша өнімнің шешуші жарнамасы. Ал дизайын тұтынушы үшін сыртқы келбет ұсыныстың бір бөлігі болғандықтан үлкен мәнге ие. «Жаңа-шырақ» ЖШС қорапшаны жасау барысында дизайын мен маркетингтің бір-біріне әсері болады, өйткені сатып алушының талабы мен ұсынысын ескермей өнімді сату мүмкін емес. Ал олар дизайын негізінде жүргізіледі. Барлық қорапшалардың дизайны қазіргі заманғы технологиялар бойынша жасалады.
Қорапшаның жарнамалық және эстетикалық ерекшеліктері:
- ақпараттандырылуы, дайын өнімді маркирлеу ағымдағы нормативті
құжатқа сәйкес іске асады;
- сатып алушының назарын аудару;
- сатып алу және сату жұмысын реттеу.
Бұл ерекшеліктер өнімнің коммерциялық өмірін ұзартады және оны нарыққа шығарады, сатып алушылық сұранысты жаңарған өнімге аударады.
Фирмалық қорапша бұл нанның жаңа және сапаның сақталу проблемаларын шешудің дұрыс әдісі. Полиэтилендік пакетке қарағанда фирмалық қорапша әлдеқайда маңызды. Фирмалық қорапшаны қолдан жасау қиынға соғады, ол деформацияланбайды, нанның сапасын жоғалтпайды, ал ең бастысы арту барысында тауарды түрін сақтайды.
Жағымды гигиеналық қорапшадағы кесілген нан бұл уақытты үнемдеу мен жайлылық ғана емес, сондай ақ нанды тұтынудың жоғары мәдениеттілігі.
«Жаңа-шырақ» ЖШС дайын өнімі жағымды қорапшасының арқасында тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Ол тек жағымды ғана емес, сондай-ақ өнімнің әрбір түрі үшін ерекше. Жеке тауар қорапшасының дизайны жалпы біздің компанияның фирмалық стиліне сәйкес келеді. Біздің кәсіпорынның өнімі барлық сатып алушылар арасында танымал өнім.
Шикізат пен қажет материялдарды шығару көлемі біздің республикамызда жыл сайын ұлғаюда. Бұл өз кезегінде отандық шикізат, нан тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімге шикізат пен қажет материялдар шетелдік шикізаттың сапасына ешқандай дес бермейтінін білдірсе керек.
Компанияны басқару желі-функцоиналдық белгі бойынша құралады, яғни әрбір бөлімшеде бөлімше жұмысының барлық түріне байланысты жұмысты атқаратын бір басшы болады.
Бас директорға көмек көрсету үшін директор орынбасары болады. Оның негізгі қызметі функционалдық белгіге байланысты, яғни мекеменің тек белгілі бір жақты қызметімен байланысты тапсырмаларды орындау болып табылады.
Құрылтайшылық, бас директордың құқығы мен міндеттері компания бұйрығымен белгіленеді, ал құрылымдық бөлімшелердің құқығы мен міндеттеі – бас директор енгізген ережемен белгіленеді. Бұл құжаттарды бөлімше міндеттері, олардың құрылымдары, атқаратын қызметі белгіленеді. әрбір қызметкердің құқығы мен қызметтік міндеттері бөлімше ішінде қызметтік тапсырмалар түрінде белгіленеді.
Қоғамда басқарудың төмендегідей функциялары белгіленеді:
- жалпы басқаруды, сыртқы экономикалық байланыстарда басқаруды
компанияның бас директоры өзі жүзеге асырады;
- ішкі – фирмалық экономикалық басшылықты – қаржы директоры
жүзеге асырады.
Бас директор компанияның барлық қызметіне жауапты болып табылады.
Бас директор компанияның атынан жұмыс атқарады және оны жеке және мемлекеттік мекемелерде таныстырады. Бас директор кәсіпорын мүлкін пайдаланады, әрқилы мекемелермен келісім жүргізеді, өз атынан басқа тұлғаларға сенім хат тапсырады, банкте есеп-шотты ашады және ақшаны пайдалана алады.
0 комментариев