Кәсіпорынның қаржылық жоспарының құрылымы

279076
знаков
0
таблиц
1
изображение

2.2 Кәсіпорынның қаржылық жоспарының құрылымы

 

Нарықтық экономикада қаржылық жағдайдың беталысын анықтау қажеттілігі туындайды. Кәсіпорынға өзіндік қаржы стратегиясын құру кажет. Қаржы стратегиясы - бұл кәсіпорынның жалпы стратегиясынын құраушы бөлігі болып саналады. Ол кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-амалдардың бас жоспарын жасау мен оны іске асыру әрекетінен көрінеді. Қаржылық стратегия теориясы іс жүргізудің нарықтық заңдылықтарын зерттейді, кәсіпорынның жаңа ортада тіршілік ету, даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді: қаржылық жағдайды талдау; кәсіпорын мүлкін оңтайландыру; табысты бөлу, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру, салық және баға ұстану саясаты; құнды қағаздар саясаты.

Қаржы стратегияларын басты және оралымды, басты стратегиялық мақсат және жекелеген стратегиялық міндеттерді орындау стратегиясы деп бөлінеді. Басты қаржы стратегиясы деп кәсіпорынның ұзақ мерзімді кезеңге арналған қаржылық іс-әрекетін айтады.

Егер кәсіпорын өз тәжірибесінде ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ағымдық қаржылық жоспарлау жүйесін қолданатын болса, онда жоспарлау көлемі де тиісінше бөлшектелінеді. Отандық тәжірибеде ол, негізінен: ұзақ мерзімді жоспарлауда - үштен бес жылға дейін, орта мерзімді жоспарлауда - бір жылдан үш жылға дейін; ағымдық жоспарлауда -тоқсанға, бір айға немесе, егер қажет болса, одан да қысқа мерзімге жасалынады. Оралымды қаржылық стратегияның басты ерекшелігі - мұнда жоспарланған кезең ішінде барлық жалпы табыс пен шығын қаражаттары қамтылады. Табыстар мен шығындарды осылай мұқият есептеп жоспарлаған жағдайда ғана ақша ағымын дұрыс үйлестіріп, пайданың шығыннан басым түсуіне қол жеткізуге болады.

Қаржының басты стратегиялық қызметі – кәсіпорынды оның мақсатын орындауға қажетті әрі жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.

Қаржылық стратегия басты стратегиялық мақсатқа қол жеткізетін тәсілдер мен іс-әрекеттерді қамтиды, атап айтқанда: қаржы ресурстарды құру және оны орталықтан стратегиялық тұрғыда басқару; шешуші бағыттарды анықтап, ресурстарды сонда шоғырландыру; мақсаттарды дәрежесіне қарай бөліп, оларға кезең-кезеңмен қол жеткізу; қаржылық іс-әрекеттің кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен материалдық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы; әрбір уақыт шегінде кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын шынайы түрде ескеріп отыру; стратегиялық резервтер құру және даярлау; кәсіпорынның және бәсекелестердің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін есепке алу; бәсекелестерінен жоғары дәрежеге қол жеткізу үшін күресу және әдіс-амалдар қолдану.

Демек, кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеттегі табысы қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесін ұштастырғанда, сонымен бірге, қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда ғана толық қамтамасыз етіледі. Қаржы стратегиясы кәсіпорынның қаржы жоспарын жасап, оны орындау үдерісінде, яғни кәсіпорын ішіндегі қар-жылық жоспарлауды ұйымдастыру барысында іске асады. Кәсіпорынішілік жоспарлауды ұйымдастыруда басым бағыттың бірі - отандық тәжірибеге бизнес-жоспар жүйесін өндіру болып табылады. Бизнес-жоспар кәсіпорынішілік жоспарлау құжаты бола отырып, кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінің барлық негізгі аспектілерін қамтиды. Кәсіпорын іс-әрекетінің барысында кездесуі мүмкін мәселелерді сараптап, соған қоса қаржылық-шаруашылық мәселелерді шешу жолдарын белгілейді. Қазіргі қолданыстағы заңнама бизнес-жоспарды міндетті етіп бекітпейді. Ал дамыған елдер тәжірибесі мен өз кәсіпорындарымыз жинақтаған әзірге тым аз тәжірибесі көрсеткендей, бизнес-жоспар құру - өмір талабы болып отыр. Осы тұста отандық кәсіпорындардың өндірістік-техникалық-қаржылық жоспар-ларын әкімшілік басқару жүйесінде құруы мен іске асыруын және оның маңызды құраушы бөлігі - төлемдер күнтізбесін салыстырма түрінде келтіруге болады.

Төлемдер күнтізбесі кәсіпорынның барлық табысы мен шығысын өзара үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Күнтізбе құру міндетті емес, дегенмен, көптеген кәсіпорындардың үнемі төлем күнтізбесін жасауы оларға ауыр қаржылық жағдайы кезеңі туындайтынын алдын ала көріп-біліп, уақытша қаржылай қиындықтарды жоюға қосымша ресурстар табу үшін дер екезінде қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарын қаржы бөлімінің төлемдер күнтізбесі секілді кәсіпорынішілік жоспарлау құжатымен салыстыруға болмайды. Олардың тек жекелеген жоспарлау әдістері ғана ұқсас. Нақтырақ айтқанда, бизнес-жоспар оралымды және орта мерзімді жоспарлау мәселелерін шешетін және стратегиялық мақсатқа ие болумен қатар, шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орнаған (немесе кеңейген) жағдайда, сыртқы экономикалық мәселелерді де шешуге бағытталады. Бизнес-жоспар құрудағы шетелдік және отандық тәжірибеге сүйенер болсақ, оның ең маңызды бөлігі - қаржылық жоспарлау екендігіне көзіміз жетеді. Қаржылық бөлім (қаржылык жоспар) қаржылық нәтижелер болжамын қамтиды, бұл - қосымша инвестициялық мұқтаждық және қаржыландыру көздерін құру; дисконтталған ақша қорларының үлгісі; залалсыздық нүктелерін анықтау және т.б. құжаттар жасау деген сөз.

Сонымен қатар, қаржылық жоспар құру кезінде кәсіпорынның қаржылық дамуына қажетті қаражаттарды анықтау үшін қаржылық жоспарды инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет деп болжанады. Бұл дегеніміз - қарастырылған қаржы жұмсалымдары экономикалық тиімділік жағынан негізделген болуы тиіс. Жоспардың басқа бөлімдеріндегі барлық көрсеткіштердің негіздемесі болғанда ғана қаржылық нәтижелер болжамы нақты болады. Сатудан түскен табыс болжамдық бағаға сүйеніп анықталады және түбегейлі маркетингтік зерттеулерге негізделуі тиіс. Болжамдық есептеу дәлдігіне өндіріске жұмсауы жоспарланған материалдар мен шығындар көлемі көбірек ықпал етеді. Оны анықтау кезінде жоспарлық кезең ішінде орын алуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, есеп-теулерді бірнеше нұсқада жасау қажет. Сатылым көлемін, сатылған өнімді өндіруге жұмсалған шығындар, сатылымнан бөлек операциялардан келген табыс пен шығынды болжап, өндірісті дамытуға және өнімді өткізуге қажет қосымша резерв көздерін табуды көздеу керек, мұндай қосымша мүмкіндіктер кәсіпорын іс-әрекетінің бейіміне қарай құрылған бизнес-жоспарда белгіленуі мүмкін. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетін талдау нәтижесінде анықталған қосымша қаржы мүмкіндіктері шынайы бағалануы үшін оны жоспарлық кезеңнің әр түрлі мүмкін жағдайын ескере отырып, бірнеше нұскада жасау қажет.

Дисконтталатын ақша ағындары үлгісі қаржы-шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін болжау негізінде құралады. Бұл жағдайда жалпы қаржылық нәтиже кәсіпорынды сауықтыру қаржылық жоспарын іске асыратын әр жылдың дисконтталатын ақша ағындары және жоспарлық кезеңнен тыс ағымдық дисконтталатын құн жиынтығының реті есептеледі. Дисконтталатын ақша ағындары үлгісін құру мен оны бизнес-жоспарға енгізу қажеттілігі қаржылық нәтижелер болжамындағы шығындардың басым бөлігі төлемдер кезектілігін көрсетпейтіндігінен келіп туындайды. Дәлірек айтқанда, пайда әрқашан кәсіпорын есепшотындағы қаржы «артықтығын» білдірмейді, ал есепшотта қаржы болуы кәсіпорынға пайда түсті деген сөз де емес.

Ақша ағындары үлгісін құру арқылы болжаудың басты міндеті - ақша қаражаттары түсу және жұмсалуын белгілі бір уақыт кезінде бірдей болуың ұйымдастыру, демек, кәсіпорынның келешектегі өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда айтылып өткендей, бизнес-жоспарды бағалау инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет етеді. Осы арада жобаны жүзеге асыру барысында (бұл - нөлдік уақыт сәті) инвестицияға жұмсалған ақша қаражаттарының орны кейінгі жылдары сол инвестициядан түскен ақшалай табыс есебінен толтырылатындығын есте ұстау керек. Осы сомалар тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін нөлдік уақыт аралығында жобаны жүзеге асыру кезеңі ішінде инвестицияның косымша қаражаттар құнына түзету енгізіледі. Аталған үдеріс дисконттау деп аталады. Нөлдік уақыт аралығындағы ақша қаражаттары мөлшері ағымдық (дисконтталған, келтірілген) құнын көрсетеді. Бастапқысынан басқа іске асырылатын барлық кейінгі инвестициялар да олардың ағымдық құнына келтіріледі. Ол үшін олардың құны дисконттау коэффициентіне (ағымдық құн коэффициентіне) көбейтіледі:

ағымдық құн коэффициенті = 1 / (1 + р)n, (1)

мұнда: р - таңдап алынған дисконт мөлшерлемесі (пайда мөлшері немесе инвестор талап еткен табыс деңгейі);

n -жылдар саны.

Ақша қаражаттарының қозғалысы кәсіпорын теңдестігінің активі мен пассивінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетіп отырады, ал ақша ағыны - шаруашылық іс-әрекет үдерісіндегі табыстар мен төлемдерді теңестіреді.

Қаржылық нәтиже болжамына сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру кезеңі ішінде ақша ағындарының үлгісі құрылады. Мұнда ақша ағындары калдық құнының ағындық (дисконтталған) құны ескеріледі. Ол барлық осы ағындардың жоспарлық кезеңнен тыс жердегі құнын білдіреді және келесі формуламен есептеледі:

W = СFn (1+n) / (r + g) (2)

мұнда: СҒn - жоспарлық кезеңнің соңғы жылындағы ақша ағыны;

r - дисконт мөлшерлемесі;

g - ақшалай пайданың көбею қарқыны;

(1+g) - ақшалай пайданың өсу қарқыны.

Есептеулер нәтижесінде таза ағымдық (дисконтталған) құн мөлшері оң шама болуы тиіс, бұл дегеніміз - салынғын инвестициялар дисконт мөлшерлемесі деңгейінде пайда табуға мүмкіндік береді деген сөз. Сонан соң пайданың ішкі мөлшері есептеледі. Есептеуде әр түрлі дисконт мөлшерлемелері қойылып, ағымдық (дисконтталған) құн нөлдік мәнге мейлінше жуықтауы, бірақ теріс мәнге өтіп кетпеуі ескеріледі. Алынған нәтиже қандай уақыт аралығында болатындығы анықталады. Аталған кезең жоба өтелуінің дисконтталған кезеңі деп аталады. Қаржылық жоспардың осы бөлімінде несиелік қарыздарды өтеу графигі де келтіріледі.

Келтірілген құжаттарға қосымша графиктік және талдау әдістерімен залалсыздық нүктесі (табыстылық шегі) анықталады. Табыстылық шегі – кәсіпорынның сатылымнан түскен табыс бойынша залалға ұшырамайтын, бірақ пайда да әкелмейтін аралығы. Табыстылық шегін анықтау әдістері өте күрделі болғандықтан, іс жүзінде залалсыздық шегіне жетті деп тану үшін жай ғана кәсіпорынның таза пайдасы болса жеткілікті.

Бұл бөлімде келесідей сұрақтарға жауап көрсетілуі тиіс: сатылу көлемі мен жалпы пайда, айналым және өндіріс шығындары мен инвестициялардың жалпы көлемі, шығындар мен табыстардың пайыздық ара-қатынасы, жеке және қарыз қорларды пайдалану, олардың көздері мен қарыздарды төлеу мерзімдері, салымның өтелу мерзімі, дивидендтерді төлеуді бастау мерзімі. Қаржылық ресурстарға қажеттілік, жоспарланған қаржылар көздері мен шамаланған қаржыландырудың сызбасы, қарыз алушылардың жауапкершілігі мен жобада қабылданған кепілдіктер жүйесі толық суреттелуі тиіс. Қаржы жоспары екі бөлімнен тұруы мүмкін:


Информация о работе «Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздері»
Раздел: Менеджмент
Количество знаков с пробелами: 279076
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 1

0 комментариев


Наверх