Айналыс рентабельділігінің әсері: (11.3-7.1)*1.07= +4,5%

279076
знаков
0
таблиц
1
изображение

1. Айналыс рентабельділігінің әсері: (11.3-7.1)*1.07= +4,5%

2. Капитал айналымдылығының әсері: (1,07- 1.38)*7.1= - 2,2%

Яғни, жиынтық капиталдың рентабельділігі айналыс рентабельділігінің 4,2 пунктке өсуінен 4,5%-дық пунктке өскен, ал капитал айналымдылығының 0,31 ретке кемуінен жиынтық капиталдың рентабельділігі 2,2 пунктке кеміп отыр. Демек, «Жаңа-шырақ» ЖШС-нің капитал айналымдылығын жоғарылату арқылы жалпы рентабельділікті арттыру мүмкіншілігі бар. Сол себепті капитал айналымдылығына талдау жасағанда оны жоғарылату мүмкіншіліктеріне назар аудару керек.

Ішкі қаржылық талдау барысында кәсіпорын шығаратын жеке өнім түрлерінің қаржылық нәтижесінің өзгерісіне баға беруге болады. Жеке өнім түрін өткізудің қаржылық нәтижесі мен ол өнімнің рентабельділігіне өнім бағасының, өнімнің өзіндік құнының өзгерісі әсер етеді. Өзіндік құнның өсу қарқынынан бағаның өсу қарқыны алда болуына байланысты, сату көлемінің кемуіне қарамастан өнім түрін өткізуден алынған жалпы табыс өсіп отыр. Кесте мәліметтері бойынша өткен жылмен салыстырғанда өзіндік құн 14,3 % ға өскенде, баға 22,2 % жоғарылап отыр, демек өзіндік құннын 1 пайызға артуына бағаның 1,5 пайызға артуы тура келеді.

Сонымен бірге талдау тереңірек болуы үшін нақты кәсіпорын деңгейінде өнімнің өзіндік құны мен бағасы, сату көлемі не себепті өзгергендігін анықтау қажет, ол факторлардың ішінде ішкі және сыртқы, объективті және субъективті факторлар анықталып, тиісті шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

Табыс сомасының абсолютті шамада өсуі тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіші - өнім рентабельділігінің деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруде. Өнімнің рентабельділігінің өзгерісіне де жоғарыдағы 3 фактордың әсерін табуға болады.

Ол үшін келесідей есептеулер жүргізіледі:

Табыс сомасы 6 млн. теңгеге жоғарылағанда өнімнің рентабельділігі 8,9 пунктке жоғарылады, яғни табыстың 1 млн. теңгеге өзгерісі рентабельділіктің 1,48 пайыздық пунктке өзгеруіне әкеледі: 8,9/6=1,48 Сонда, өнім бағасының 4000 теңгеге жоғарылауынан өнімнің рентабельділік деңгейі 53,3 пайыздық пунктке жоғарылаған: 36млн тг*1,48= +53,3%

Өнім бірлігінің өзіндік құнының 2000 теңгеге жоғарылауынан рентабельділік денгейі 26,7 пайыздық пунктке төмендеген: -18млн.тт*1,48 = - 26,7%. Сату көлемінің 3000 тоннаға кемуінен өнімнің рентабельділік деңгейі 17,7 пайыздық пунктке кеміді: -12млн.тг* 1,48= - 17,7% Үш фактордың қосындысы: 53,3-26,7-17,7 =+8,9.

Өткен жылмен салыстырғанда өнімнің рентабельділік денгейі 8,9 пайыздық пунктке жоғарылап, 2015 жылы 37,5 %-ды құрап отыр, яғни өнім өндірісіне жұмсалған шығындардың әрбір 100 теңгесіне 37,5 теңге пайда алынған.

Кәсіпорын капиталы меншікті (ішкі) және заемдық (сыртқы) көздерден қалыптасады.

Қаржыландырудың негізгі көзі - меншікті капитал. Оның құрамына жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс кіреді. Бірақ меншікті капитал көлемі шектеулі екенін ескерсек, қаржыландырудың келесі көзі - заемдық капитал болып саналады. Кәсіпорын қызметін заемдық капитал есебінен қаржыландыру келесі жағдайларда тиімді:

1. Өндіріс маусымдық сипатқа ие болса, бұл жағдайда кей кезеңдерде ақша қаражаттары жинақталып қалып, басқа кезеңдерде ол жетіспейді.

2. Егер кәсіпорын заемдық капитал бағасынан жоғары табыстылықты қамтамасыз ете алса, онда заемдық капитал есебінен өз жағдайын тұрақтандыра алады.

Дегенмен, меншікті және заемдық капиталдың қатынасынан кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы тәуелді.

 

Кесте 4-«Жаңа-шырақ» ЖШС-нің 2015 жылдағы авансталған капиталының құрамы мен кұрылымы.

 

Капитал көздері

Сомасы, млн тг

Құрылымы, %

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

1.Меншікті капитал

101260

103385

+2125

77,9

47,7

-30,2

2.3аемдық капитал

28785

113294

+84509

22,1

52,3

+30,2

Барлығы

130045

216679

+86634

100

100

 

 

«Жаңа-шырақ» ЖШС-нің авансталған капиталы 86634 млн теңге немесе 66,6 %-ға жоғарылаған. Бұл өсімнің 97,5 %-ы заемдық капиталдың өсімінен болып отыр. Сол себепті жыл соңында меншікті капиталдың үлесі кеміп заемдық капитал үлес салмағы өсіп отыр.

Талдаудың келесі кезеңінде меншікті және заемдық капиталдың динамикасы мен құрылымына талдау жасау қажет (6-кесте).

 

Кесте 5-«Жаңа-шырақ» ЖШС-нің 2015 жылдағы меншікті капитал динамикасы

 

Капитал көздері

 

Сомасы, млн тг

Құрылымы, %

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

жыл

басы

жыл соңы

Өзгеріс

1Жарғылық капитал

7171

7171

-

7,1

6,9

-0,2

2 Қосымша капитал

3595

3595

_

3,6

3,5

-0,1

3Резервтік капитал

1626

5426

+3800

1,6

5,2

+3,6

4Бөлінбеген табыс

88867

87192

-1675

87,7

84,4

-3,3

Барлығы

101260

103385

+2125

100

100

 

 

Кезең аралығында меншікті капитал сомасы 2125 млн теңге немесе 2,1 %-ке өскен, ол резервтік капиталдың өсуінен болып отыр. Жарғылық және қосымша капитал сомасы өзгермеген.

Қазіргі таңда «Жаңа-шырақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының аумағындағы жүзден астам ірі коммерциялық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқаруда.

Зауытта өндірілетін өнімдер Қазақстанның 18 қаласындағы өздерінің жеке филиалдар  (Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Қызыл-Орда, Тараз, Талдықорған, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал,  Көкшетау, Петропавловск) желісі және сауда үйлері арқылы таратылады.

«Жаңа-шырақ» ЖШС даму тұрақты темптерін көрсетеді, бұл аймақта тиімді орналасуымен және кәсіпорынның өнделген даму стратегиясына байланысты. Материалдық ресурстардың арзандығы және жақындығы өнімнің өзіндік құнының төмендігің дәлелдейді.

 

 


Информация о работе «Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздері»
Раздел: Менеджмент
Количество знаков с пробелами: 279076
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 1

0 комментариев


Наверх