1. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
2. XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Рухани мәдениеті:Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.
Сол сияқты ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен.
XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен
Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастандары араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. (“Ескендір”, “Масқұт”, “Әзімнің әңгімесі”). Абай (Ибраhим) Құнанбайұлы (1845-1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды.
Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уәлихановты (1835-1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады.
А.Құнанбаев пен Ш.Уәлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер, дәрігерлер даярлады.
Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды.
XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын, әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.
Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.
Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір территорияда болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды.
Киіз үй – көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналмалы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары сидам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы (қаламшасы) шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ - үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында төсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.
Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолөнерінің - тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды.
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй-жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі керек-жарақтардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі үй бұйымдарының орнына әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын әр түрлі сандықтар пайда болды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің құрамына қосылған ұлт аудандары да, соның ішінде Қазақстанның жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеу үшін ғалымдар мен саяхатшылар қаптап жіберілді. Көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ және басқалардың есімдері Қазақстанмен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес косты.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Радловтың, А. И. Левшиннің, В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И, Добромысловтың, украин ақыны Т, Г. Шевченконың т, б. есімдерін атап өтуге болады.
Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылыми жағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді. Оның қызметіне орыс саяхатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған.
Еліміздің, мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың түңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерттеуші Ш. Щ. Уәлиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Туркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский. Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтық мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог, этнограф ғалым, қазақтың жазба әдебиетінін және тілінің негізін салушылардың бірі - Ыбырай Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліп-биін жасады. Осы әліп-би бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қол-өнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ қыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың мәдениет, білімге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал қазақ-орыстарының зорлық-зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар жариялады. Ол орыстың ғылыми-жағрафиялық қоғамының мүшесі болды.
XIX ғасырдын екінші жартысында өмір сүріп өздерінің халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесіп жатқан тамаша шығармаларымен танымал болған Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, олардан кейін іле-шала шыққан Бақтыбай, Марабай, Өспе, Кемпірбай қазақ мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырды. Қазақтың көрнекті ақындары Орынбай, Шөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, т.б. өлең-жырлары өздерінің терең мазмұнымен жұртшылықты тәнті етті. Айтысқа түсіп жүлде алып, өлендері жұрттың есінде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келіншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсүлу, Манат, Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына жатады.
Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, атақты әншілер Мұхит, Әсет, Біржан сал, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра -бүгінгі таңда да қазақ халқының игілігіне айналып отыр.
Қазактың жазба әдебиетінің негізін салушы - Абай Құнанбаев. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ол өлендер, дастандар, қара сөзбен жазылған ғақлиялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершілікке, рухани тазалыққа үндеді. Оларға жат қулық-сұмдықты, залымдықты шенеді. Ол туралы қазақтың аса көрнекті ойшыл жазушысы Мұхтар Әуезов былай деп жазды: "Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларың тамаша шығармалары мен жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп сезіледі, ол леп кешегі өткен заманның, кешеғі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің үнімізге қосылып жаңғырып жаңа өріс алып тұр".
Абайдың ақын шәкірттері өз балалары - Ақылбай, Мағауия, туысы Көкбай, інісі Шәкәрім қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылатын көптеген шығармалар қалдырды. Әсіресе, Шәкәрім Құдайбердіұлының /1858-1931/ жазғандары көп болды. Ол соңғы уақытқа дейін халық жауы ретінде аталып, есімі жұртқа белгісіз болып келді.
Шәкәрім жазған "Қазақ шежіресін", "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Дума", "Дубровский әңгімесі" /Пушкиннен/ деген поэмаларын, Хафиз ақын өлеңдерінің, американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриеттің "Том ағайдың лашығы" деген романының, Лев Толстойдың шығармаларының қазақ тіліндегі аудармаларын атауға болады. Қазақтың ірі ойшыл шежірешісі, ақыны Мәшүр Жүсіп Көбеев те /1858-1931/осы Шәкәрім тұстас өмір сүріп, халық сүйіп оқитын шығармалар жазды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көзге түскен, әміршіл-әкімшіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген Ахмет Байтұрсынов /1873-1938/, Мағжан Жұмабаев /1893-1938/, Жүсіпбек Аймауытов /1889-1931/, Міржақып Дулатов /1885-1935/ сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейінгі кезде ғана танысуға мүмкіндік алды. Олардың еңбектері мен олар туралы деректер қазір көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы "Жалын" баспасы шығарған "Бес арыс" жинағын атауға болады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ елінің тәуелсіздігі, қазақ халқының бақыты үшін үлкен соқпақты жолдан өтіп, қазақтың тіл білімін дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың "Қырық мысалы" қазақ тілінде шықты. "Маса" деген атпен өлендер жинағы жарық көрді. Саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ол "Алаш" партиясын ұйымдастырушылардың бірі. Ол өнерлі адам болған, шығарған әндері де сақталған. Оның еңбектерінің дені тілге байланысты, сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тіл институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілген.
Қазақтың Пушкині аталған Мағжан Жұмабаев сыршыл ақын болған. Мұхтар Әуезов оны қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан ақын деп суреттейді. Ол қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі аса биік тұлғалардың бірі. Сондай ірі тұлғалардың қатарына Жүсіпбек Аймауытовты да жатқызуға болады. Ірі драматург, қара сөзбен жазғандары, өлеңдері көп бұл әдебиетшіні де халық қатты қастерлеп сүйіп оқыған.
Міржақып Дулатов тек ақын ғана емес, сонымен бірге үлкен күрескер, саясатшы да болды. Ол "Алаш" партиясын құрып, Алаш Орда өкіметін басқаруға қатысты. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Әдебиеттегі осы сияқты алыптардың өнегесімен, күрестің қызып жатқан күндерінде ұйымдастырылған "Айқап", "Қазақ" сияқты басылымдарда керкем шығармалар, жатық жарияланымдарымен көрінген қазақ зиялылары аз болған жоқ. Мұның өзі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақтың ұлттық мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді.
Тақырыбы: Қазақстан 1917 жылғы Қазан төңкерісі және Азамат соғысы (1918-1920 жж.) жылдарында.
1. 1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
2. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында
1. 1917 жылы қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында Кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.
Төңкеріс бүкіл билікті жұмысышы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт енбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың енбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа берілсін - деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Туркістан, "Оңтүстік шығыс одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, т.б. басқарды.
Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға көмек керсету үшін Ә. Жанкелдин, В. Чекмарев, П. Кобезев және т. б. төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан Әділбек Майкотов, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы күресіне басқа ұлт өкілдері К. Шугаев, П. Салов, П. Виноградов, С. Журавлев, Л. Емелев, Я. Ушанов, А. Розыбакиев, В. Зинченко, П. Басов, И. Дубынин, тағы басқа да оңдаған азаматтардң ат салысуы төңкерістің Қазақстанда да жеңуіне жол салды.
Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты.
Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 казанда (12 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын.
Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы, оның саяси-экономикалық және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы 30 қазанда Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін іске асты. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады. Петропавлда жұмысшы және шаруа депутаттары Кеңесінің темір жол жұмысшыларымен бірлескен қимылының арқасында 1917 жылы 12 қарашада төңкерістік уақытша комитет құрылды, оның құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішев, П. Рыжов және т. б. кірді. Бұл комитет кейіннен Кеңесті басқаруды өз колына алды. Дегенмен Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен уездерінде қазақ-орыс және офицер-старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан, Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16-нан 17-не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан - 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы жөне Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес өкіметінің орнауына А. Иманов, К. Қойдасов, В. Чекмарев, В. Зинченко және т. б. күрескерлер елеулі үлес қосты.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс қарсыластары күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда төңкеріс толкынының екпінді күш алуына 1917 жылдың күзінен бастап майданнан қайтқандармен және елдің басқа аудандарынан келген төңкеріс идеясын қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т. Бокин, Т. Әтепов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халықтың өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери-төңкеріс коми-тетін құрды. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда Әскери-теңкеріс Комитеті басқарған жұмысшылардың Қызыл ұлан жасақтары мен екінші қазақ-орыс полкінің жауынгерлерінен ұйымдасқан күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп, "әскери өкіметтің" тірегі болған қамалды, қару-жарақ қоймасын, почта-телеграфты, т.б. маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес өкіметін орнатты.
Кеңес өкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопльда /Аягөз/, Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
2.Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы. Алаш Орда үкіметі 1917 жылы 25 қазанда Петроградта болған қазан төңкерісі дүниежүзі тарихындағы аса ірі оқиғалардың бірінен саналады. Өзінің жетпіс жылдан астам тарихында миллиондаған адамды қырғынға ұшыратып, дүниенің астан-кестеңін шығарған қызыл империяның дүниеге келуі осы күннен басталады. Елдегі аса күрделі жағдайды мұқият бағалап, мемлекеттік дағдарыс пен өнеркәсіптік тоқырауды және жоқшылық пен күйзелушілікті өз мүлделері үшін шебер пайдалана білген большевиктер партиясы аштық пен жоқшылыққа ұшыраған миллиондаған халықты өз соңдарынан ерте алды. Ресей астанасы Петроградта басталған қарулы төңкеріс елдің аса ірі қалалары мен өнеркәсіпті орталықтарымен қатар шеткері аймақтарға да тез тарады.Петроградтағы қарулы көтеріліс аяқталмай жатып, өз жұмысын бастаған Кеңестердің II сьезі бүкіл өкімет билігін В.И.Ленин бастаған Халық Комиссарлары Кеңесіне беру туралы қаулы және Ресейдің империалистік соғыстан шығуы мен шаруаларға жер беру туралы декреттер қабылдады.
Кеңес өкіметі Қазақстанның әр аймақтарыңда әртүрлі уақытта орнатылды. 30 қазанда жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі Перовскідегі өкімет билігін өз қолына алды. Өкімет билігін бейбіт түрде өз қолдарына алған Перовск Кеңесі Ташкенттің көтеріліске шыққан жұмысшыларына қызыл гвардия отрядтарын көмекке жіберді. Қазакстанның оңтүстік облыстарында Кеңес өкіметі көпшілік жағдайда бейбіт түрде орнады. Бұған Ташкенттің жақын және өнеркәсіп пен теміржол жұмысшылары санының көп болуы басты роль атқарды. Осындай жағдайда Әулие ата (Тараз) Кеңесі 6 қарашада өкімет билігін өз қолына алды. Қарашаның басында Черняевта (Шымкент) да Кеңес өкіметі осындай бейбіт жолмен орнатылды. Ақмола, Атбасар, Петропавл, Көкшетау, Павлодар қалалары мен уездерінде және Бөкей Ордасының көптеген аудандарында да Кеңес өкіметі бейбіт түрде орнады. Орынбор, Торғай, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Орал, Верный, Жетісу облыстары мен қалаларында Кеңес өкіметі қарулы күрес нәтижесінде ор-нады. Осылайша төрт айға жуық аралықта бүкіл Қазақстанда өкімет билігі Кеңестердің қолына көшті. Кеңестердің бүкіл ел көлемінде аз ғана уақыт аралығында жеңіске жетуінің басты себебі миллиоңдаған адамдардың арман-тілегі болған жер мен бейбітшілік туралы тарихи декреттері мен ұлттардың өзін-озі билеу туралы декларацияның қабылдануы болды.
Мысалы, Кеңес өкіметінің ұлттық саясаттағы алғашқы қадамдарының бірі «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» арнаған үндеуіңде былай деп атап көрсетілді: «Ендігі жерде сіздердің нанымдарыңыз бен әдеп-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық жөне мәдени мекемелеріңіз еркін және қол сұғылмайды деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді еркін және кедергісіз құра беріңіздер. Сіздердің бұған толық құқықтарыңыз бар, сіздердің құқықтарыңыз революция мен оның органдарының, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Кеңестерінің бүкіл күш-қуатымен қорғалады». Бірақ бұл айтылған уәделер Кеңес өкіметі берік орныққаннан кейін тез-ақ «ұмытылып» кетті.
Кеңес өкіметі қиыңдықсыз орнаған Түркістан өлкесіңде 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте өткен Кеңестердің III сьезі мен оның шешімдері де көп жайтты аңғартты. Сьезде № 1 бұйрықпен Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің орнағаны атап көрсетіліп, оның 14 адамнан тұратын басшылық құрамы жарияланды. Жергілікті халықтың саяси ұйымының әлсіздігі мен басқару тәжірибесінің жоқтығын сылтауратып, олардың бірде-бір өкілі Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамына енгізілген жоқ. Сьезд шешімдеріне қарсылық білдірген халық наразылығы күшпен басылды. Кеңес өкіметінің бұл шараларына жауап ретінде 26 қарашада Қоқан қаласында мұсылмаңдардың IV сьезі шақырылды. Сьезд Түркістан (Қоқан) автономиясы мен оның жоғарғы органы Уақытша Кеңестің қүрылғанын жариялады. Уақытша Кеңес құрамына 32 адам сайланды. Түркістан (Қоқан) автономиясының президенті және Уақытша Кеңестің басшысы болып М.Тынышбайұлы, сыртқы істер министрі болып М.Шоқай сайланды. М.Тынышбайұлы қызметтен кеткеннен кейін оның орнына М.Шоқай президент болып тағайыңдалды. Осылайша Қазақстанның оңтүстігіңде қараша-желтоқсанда қос өкімет пайда болды.
Түркістан автономиясы мен оның сьезі Түркістанның барлық азаматтарын, мұсылмандарды, орыстарды, еврейлерді, жұмысшылар мен шаруаларды, өлкені мекендейтін барлық тайпалар мен халықтарды, қалалық және өзін-өзі басқару орындарын, саяси, қоғамдық жөне т.б. ұйымдарын, барлық мемлекеттік және жеке меншік мекемелерді Түркістан өкіметі төңірегіне топтасуға және аталған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.
Ташкентте және Қоқанда қос өкіметтің орнауы нәтижесінде революциялық және ұлт-азаттык қозғалыс орталықтары пайда болды. Бірақ Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі басқарған революцияшыл үкімет көзқарастарды жақыңдату жөнінде нақты шаралар қабылдамай кері қадам - оқшаулану мен ұлт араздығын күшейтуге бағытталған шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде 1918 жылы қаңтарда болған Кеңестердің IV өлкелік съезі Түркістан автономиясын заңсыз деп таныды және оны жою туралы шешім қабылдады.
Қызыл жұмысшылар отрядтары мен Ташкент гарнизонының әскерлері Қоқанға қарсы аттандырылып, 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түңде қалаға тікелей шабуыл жасалды. Үш күндік жойқын шабуылдан кейін қала алынып, қала халқы қырғынға ұшыратылды, бүкіл қаланы өрт шалды. Көп шығынға ұшыраған Қоқан автономиясының қорғаушылары мен қала халқының бір бөлігі тауға қарай шегініп, партизандық соғыс тәсілдеріне көшті. 1897 жылғы санақ бойынша қаладағы 120 мың халықтан 1926 жылы 69 мыңдай ғана адам қалды.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында екінші жалпы қазақ съезі шақырылды. Оның жұмысына Бөкей Ордасының, Оралдың, Торғайдың, Семейдің, Жетісудің, Самарқан облысының және Алтай губерниясының делегаттары қатысты. Съезд төрағасы Б.Құлманов және оны ұйымдастырушылар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, И.Омаров, С.Досжанов, М.Дулатов, X. Досмұхамедов және т.б. съездің басшылық орындарына сайланды.
Съездегі қаралған ең басты мәселе Қазақ автономиясының құрылуы еді. Автономия жайлы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасады және бұл баяндаманы жетілдіру съезде құрылған ерекше комиссияға тапсырылды. Комиссияның атынан Ж.Ғаббасов сөйледі. Баяңдаманы талқылаған съезд былай деп шешті: «Қазан айының соңыңда Уақытша Үкімет құлады. Ресей Республикасы үкіметтен айырылды. Осындай жағдайда елде азамат соғысы пайда болуы мүмкін, сондықтан да тұрақты үкімет құру және оны қазақ облыстарының бәрі мойындау керек» деп қазақ облыстарының автономиясының құрылғандығы және оған «Алаш Орда» деген аттың берілгендігі туралы шешім қабылдады. Съезд шешімі бойынша құрылған қазақ автономиясына Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары мен Бәкей Ордасы және Закаспий облысы мен Алтай губерниясының қазақтар мекендеген аудандары кірді. Съезде өкімет билігі Алаш Орда Уақытша Халық Кеңесіне берілді. Оның алғашқы төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайлаңды.
Большевиктердің 1918 жылы 10 қаңтарда Бүкіл ресейлік Құрылтайды Күшпен қуып таратуы Алаш Орда үкіметінің жағдайын нашарлата түсті. 1918 жылы 18 қаңтарда қызыл гвардияшылар отряды Орынбор қаласын Орынбор, Торғай, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Орал, Верный, Жетісу облыстары мен қалаларында Кеңес өкіметі қарулы күрес нәтижесінде орнады. Осылайша төрт айға жуық аралықта бүкіл Қазақстанда өкімет билігі Кеңестердің қолына көшті. Кеңестердің бүкіл ел көлеміңде аз ғана уақыт аралығында жеңіске жетуінің басты себебі миллиондаған адамдардың арман-тілегі болған жер мен бейбітшілік туралы тарихи декреттері мен ұлттардың өзін-өзі билеу туралы декларацияның қабылдануы болды.
Съездегі қаралған ең басты мәселе Қазақ автономиясының құрылуы еді. Автономия жайлы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасады және бұл баяндаманы жетілдіру съезде қүрылған ерекше комиссияға тапсырылды. Осындай жағдайда елде азамат соғы-сы пайда болуы мүмкін, сондықтан да түрақты үкімет құру және оны қазақ облыстарының бәрі мойындау керек» деп қазақ облыстарының автоно-миясының кұрылғаңдығы және оған «Алаш Орда» деген аттың берілгендігі туралы шешім қабыддады. Съезд шешімі бойынша құрылған қазақавтоно-миясына Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары мен Бөкей Ор-дасы және Закаспий облысы мен Алтай губерниясының қазақтар мекенде-ген аудандары кірді. Съезде өкімет билігі Алаш Орда Уақытша Халык Кеңесіне берілді. Оның алғашкы төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды.
Жағдайдың күрделеніп өзгеруіне байланысты Алаш Орда үкіметінің басшылары Кеңес үкіметімен келіссөздер жүргізе бастайды. Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен және Ұлттар істері жөніңдегі халық комиссары И.Сталинмен кездесуге Мәскеуге Халел және Жанша Досмұхамедовтер жіберіледі. 19-20 наурызда Ә.Бөкейханов және оның орынбасары Х.Ғаббасов Ленинмен телеграф арқылы сөйлеседі.
Жүргізілген келіссөздер барысында Кеңес өкіметі жалпы қазақ съезі шешімдерінің заңдылығын мойындайды. Бірақ қазақ автономиясын жергілікті Кеңестердің қатысуымен жалпы қазақ съезінен кейін тану туралы талап қояды. Бұған жауап ретінде Алаш Орда үкіметі жергілікті Кеңестер өз үкіметтеріне бағынған жағдайда ғана Кеңес өкіметін мойындайтындығы туралы қарсы талап қояды. Бұл Кеңес өкіметіне қарсы шығу дегенді білдіретін еді. Сондықтан да келіссөздер тоқтап бұрынғы келісімдер бұзылады.
1918 жылы маусымда Алаш Орда үкіметінің қаулысы бойынша Кеңес өкіметінің автономиялық Алаш Орда аумағына байланысты шығарған шешімдері заңсыз деп танылды. Билеуші партияға айналған большевиктер де Алаш Ордамен тіл табысуды керек деп санамады. Әртүрлі көзқарас пен мақсатта болған саяси күштердің билік жолындағы күресі басталды. Алаш Орда үкіметі Кеңестерге қарсы күштермен, ең алдымен атаман Дутовтың күшімен жақындасуға мәжбүр бодды. 1918 жылдың көктемінен бастап бүкіл елде азамат соғысы басталды.
Азамат соғысы және өлкедегі саяси жағдай
Азамат соғысы Кеңестердің орталық пен жергілікті жерлердегі өкіметті басып алуы барысыңда құлатылған таптардың заңды қарулы қарсылығы яғни, саяси билік үшін күрестің жалғасы болды, сондықтан да қазан қарулы төнкерісі мен азамат соғысы арасында ешбір накты шекара болған емес. 1918 жылдың жазында бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрияның чех корпусының солдаттарына Сібір арқылы Владивостоктан Еуропаға қайтуға рұқсат етілген болатын. 1918 жылдың көктеміңде Кеңес өкіметінің чех корпусын қарусыздандырмақ болған әрекеті чех солдаттарының қарулы бүлігіне ұласты.
31 мамырда чех корпусының тұтқын солдаттары Петропавловскіде 5 бүлік шығарып, қаладағы Кеңес өкіметінің билігін құлатты. Кеңес өкіметіне қарсы күштермен біріккен чех корпусы, сонымен бірге Ақмола, дтбасар, Қостанай қалаларын басыпалады. 1918 жылдың маусымыңда әскерлермен және жергілікті казактармен бірігіп Алаш Орда Семейдегі кеңес өкіметінің билігін құлатады. Атаман Дутовтың отрядтары Орынборды иеленеді. 1918 жылы шілде айының басында Жетісу казактары мен Алаш Орда Солтүстік Жетісудағы Кеңес өкіметінің билігін құлатып, билікті өз қолдарына алады. Қалыптасқан күрделі жағдайда Алаш Орда Уақытша Сібір үкіметін тану туралы келісімге келеді. Бірақ Ресей эсерлері мен олардың одақтастары казактар мен ақ гвардияшылар Қазақстанның Алаш Орда сияқты тәуелсіз мемлекетін мойындағысы келмеді.
1918 жылы қыркүйекте оппозициялық күштердің Уфада болған кеңесінде Уақытша Жалпы ресей Үкіметі Ресейдің бөлінбейтіндігі туралы бағыт ұстанып Алаш Орда үкіметін тарату туралы шешім қабылдады. 1918 жылы қарашада Уакытша Сібір үкіметі қүлатылып, билікті адмирал Колчак қолына алады. Осындай аласапыран жағдайда Алаш Орда үкіметі қайтадан Мәскеумен қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Бұл кезде әскерлердің де көп бөлігі Колчакты қолдамайды. Осының барлығы қызыл армияның едәуір табыстарға жетуіне мүмкіндік береді. 1919 жылы қаңтарда олар Орынбор мен Оралды алады. 1919 жылдың көктемінде қарсы шабуылға шыққан Колчак әскерлері Уфаны, Орскіні, Ақтөбені басып алады. Колчактың және басқа да ақ гвардияшы әскерлердің халыққа қарсы саясатына наразы болған аумақтарда партизан қозғалысы өрістейді. Партизан соғысы әсіресе, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Атбасар, Тарбағатай, Жетісу уездерінде қарқынды жүреді.
1919 жылдың жазынан бастап Қызыл Армия әскерлері кең көлемде қарсы шабуылға шығады. Шілде айында Оралды қоршаған ақ гвардияшылар әскерлері талқандалады. 19 тамызда Қостанайда Кеңес өкіметі қалпына келтіріледі. Қыркүйек айының басында қызылдар әскері Ақтөбені алады. 30 қазанда Колчак әскерлері Петропавловскіні тастап шығады. 1919 жылы қарашада кеңес әскерлері Ілбішін мен Алаш Орданың Батыс Қазақстандағы Ордасы Жымпитыны алады. Желтоқсан айының басыңда Алаш Орда кеңес әскерлері жағына шығып, ақтардың Елек корпусын талқандайды. Атаман Толстов бастаған ақ гвардияшылар әскері 1920 жылы 5 қаңтарда Гурьевті тастап шығып, Каспий бойымен кейін шегінеді.
1920 жылдың көктеміңде Солтүстік Жетісуда ақ гвардияшылар мен Қызыл Армия әскерлері арасында ауыр ұрыстар болды. Атаман Дутов пен Анненков әскерлершің қалдықтары кеңес әскерлеріне елеулі қарсылық көрсетті. Үшарал станциясы қолдан қолға бірнеше рет өтеді. Наурыздың соныңда Бақты және Қапал гарнизондары тізе бүгіп Дутов және Анненков армиясыньщ қалдықтары Қытай жеріне шегінеді. 1920 жылдың ортасына қарай Қазақстан аумағында азамат соғысы аяқталады.
Кеңес өкіметіне қарсы күштердің жеңілуінің басты себебі, олардың әртектілігі еді. Олардың әрқайсысының, кейде бір-біріне қарама-қарсы мақсаттары болды. Әскерлер мен меньшевиктер Кеңес өкіметіне бүтіңдей қарсы болған жоқ, олар елдің демократиялық даму бағыты үшін күресті. Армияға басшылық еткен жоғары шенді офицерлер мен казактардың бір бөлігі ақпан төңкерісіне дейінгі тәртіпті қалпына келтіруге тырысты. Ал-ғашқы уақытта азық-түлік салғыртына наразы болып, кеңес өкіметіне қарсы шыққан шаруалардың едәуір бөлігі Колчак жағына шыққан мен, Колчактың ескі тәртіпті қайта қалпына келтірмек әрекеті шаруаларды Кеңес өкіметі жағына қайта шығуына мәжбүр етті. Сонымен бірге азамат соғысындағы жеңіліске казактардың шаруаларға деген дұшпандық пиғылдары да әсер етті. Ұлттық аймақтарға ешқандай автономия мен өзін-өзі билеу туралы құкықтардың берілмеуі де большевиктерге қарсы күштердің жеңілуінің басты себептерінің бірі болды.
Большевиктермен және олардың қарсыластары ақ гвардияшылармен күресте Алаш Орда үкіметі Қазакстан аумағының көп бөлігіне бақылау жүргізе алмады. Колчактың қазақтарға автономия беруден бас тартуы және большевиктердің халықтардың өзін-езі билеу құқын беру туралы уәдесі 1918-1919 жылдары Алаш Орда үкіметін тығырыққа тіреді. 1918 жылдың көктем-жазында большевиктерге қарсы күштерді қолдаған Алаш Орда өзінің қарулы күштерін құрып, Қызыл Армияға қарсы ашық күреске шықты. Орал казактарымен алаш полктарын қаруландыру және әскери іске үйрету туралы келісім жасалды.
Азамат соғысына, әсіресе атаман Анненков армиясының құрамында шайқасқан Алаш Орданың Шығыс бөлігі белсенді қатысты. Бірақ ақ гвардияшылардың қазақ автономиясын мойындамауы, соғыс мұқтажы үшін мал мен мүлікті зорлықпен тартып алуы және қазақ ауылдарын тонауы Алаш Орда жетекшілерінің олардан кейін бұрылуына себепкер болды. Өз одақтастарының осыңдай әрекеттеріне наразы болған Алаш Орданың Торғайдағы жетекшісі А.Байтұрсынов 1919 жылы наурызда Кеңес өкіметін тану туралы Мәскеумен келіссөз жүргізе бастады. Торғай маңыңда әскери қимылдар жасаған Алаш полктары Қызыл Армия құрамына қосылды.
Қазақстанның басқа аймақтардағы, соның ішінде Батыс Қазақстаңдағы Алаш Орда бөлімдері де осы кезде едәуір уақыт бейтарап бағыт ұстанады, соның нәтижесіңде Колчак әскерлерінің большевиктерге қарсы күші едәуір әлсірейді. 1919 жылы 13 желтоқсанда Қызыл қоғада болған Алаш Орда жетекшілерінің кеңесіңде Кеңес өкіметі жағына шығып, ақ гвардияшыларға қарсы күресу туралы қаулы қабылданады. 27 желтоқсанда Қызыл армия жағында шайқасқан Алаш полкі Елек корпусының штабына шабуыл жасап, 500 адамды тұткынға алады. Осы кезде Ә.Бекейханов Алаш Орданың Шығыс бөлімі де Кеңес өкіметін танитындығы туралы мәлімдейді. Кеңес үкіметін мойындаған барлық саяси қарсыластарға кешірім жасау туралы Кеңес өкіметінің мәлімдемесіне қарамастан Алаш Орда мен Қенес өкіметі арасындағы қарым-қатынас оңай болған жоқ. 1920 жылдың басында Ә.Бекейханов және бір топ Алаш Орда басшылары Кеңес өкіметіне қарсы әрекеттері үшін қамауға алынды. Батыс бөлімнің жетекшілері Ж.Досмұхамедұлы, Х.Досмұхамедұлы, И.Көшкінбайұлы, К.Жалелұлы, Б. Атшыбайұлы және т.б. саяси емірге қатысудан шеттетіліп, Қазақстан аумағынан қуылды. Большевиктердің белсенді әрекеттері нәтижесінде Алаш Орда үкіметі толық жойылып, Қазақсган аумағындағы барлық билік жергілікті революциялық комитеттің қолына берілді.
Тақырыбы: Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы
Кеңестердің билікке келуі Қазақ кеңестік мемлекеттің құрылуыБольшевиктер билікке келісімен оларға қарсы бағытталған «ақтар қозғалысы» қарулы күрес бастап, Ресейде азамат соғысының оқиғалары орын алды. Кеңес өкіметі жаңа орнығып жатқан кезде көпұлтты Ресейде ыдырау үрдістері басталды, соған байланысты Финляндия, Польша, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Эстония, Латвия және Литва өздерінің тәуелсіздіктерін жариялады. Сонымен қатар, Украинада Орталық Рада, Қазақстанда Алаш-Орда, Түркістанда Қоқан автономиясының үкіметтері құрылды, олар жергілікті халықтардың мүддесін қорғайтын саяси күштер болды.
В.Ленин, И.Сталин және т.б. большевиктердің көсемдері өздері билікке келгеннен кейін «ұлы державалық» пиғылдарын анық көрсете бастады. 1918-1919 жылдары большевиктер басшылығы, Қызыл Армияның күшімен Украинадағы, Қазақстандағы және Түркістандағы ұлттық үкіметтерді талқандап қуғынға ұшыратты, олардың орнына аталған аймақтарда Кеңес өкіметі орнатыла бастады.
Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратае кірді. Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком 1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.1920 жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калинин мен В.И. Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды ( Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетін қазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті Қызыл Гвардия жасақтарын құру үшін әскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді.
Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды.
1920 жылы 1-7 тамызда РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декреттер жобасын қарады
1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы»қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:
1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.
3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
Бірақ қазақ елінің кеңес билігі тұсында мемлекеттік еркіндік алу туралы ой-арманы орындалмады. Жарияланған кеңестік қазақ автономиясы тек сөз жүзіндегі ғана құрылым болды. Қазақстанның ішкі өміріне қатысты мәселелердің негізгі түйіні Мәскеуде шешілді. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдері тәуелсіздік жолындағы күресті одан әрі жалғастырды. Бірақ қуғынға ұшыраған олардың бір бөлігі шетелге кетуге мәжбүр болды.
Орта Азияда республикаларды Түрік Республикасына біріктіру жөніндегі Тұрар Рысқұловтың идеясы Орталықтың наразылығын туғызды. Бүкіл ресейлік Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Ташкентке арнайы құрылған комиссия жіберді. Түрік Республикасы туралы жергілікті партия органдарының шешімдерінің күші жойылды. Түрік Республикасын құру туралы бастаманың Т.Рысқұлов бастаған бас-шылары партиялық және мемлекеттік қызметтен босатылды. Тек 1922 жылы ғана өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындағаннан кейін барып ғана олардың республика басшылығына қайта оралуына рұқсат етілді.
1923 жылы маусым айында Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мәжілісінде татар коммунистерінің жетекшісі М.Сұлтанғалиевтің Орта Еділ бойында коммунистік мұсылман мемлекетін кұру әрекеті де қатты сынға алынды. Сұлтанғалиевтің Шығыстағы барлық түріктерді біріктіру жоспарында Орта Азия немесе Тұран Республикасы (Құрамында Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан және Тәжікстан) КСРО кұрамына тең құқылы федерация ретінде кіруі керек болса, Қазақстан жеке одақгас республика болып құрылуы тиіс еді. 1923 жылы Сұлтанғалиев Кеңес өкіметін құлатпақ әрекеті үшін айыпталып тұтқынға алынды, кейіннен атылды. Сонымен бірге, қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясын да жазалау әрекеттері басталды. Республика басшылығындағы бұрынғы Алаш партиясынын мүшелері қызметтерінен босатылды, Т.Рысқұлов және тағы басқалар Орталыкқа шақырылды.
Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер өкіметі ұлт-азаттық күресті зорлыкпен басып, тоталитарлык жүйе бір жолата орныққаннан кейін ұлт-азаттық күрес өрісінің тарылуына байланысты, енді ол жаңа саяси жағдайда шетелдік эмиграция күшімен де жүргізіле бастады. Шетелдік эмиграцияның ұлт-азаттық күрестегі ең ірі өкілі Мүстафа Шоқай болды. Азаттық күресінің бұл кезеңі мен жаңа жағдайында Мұстафа Шокай (Париж), Ибраим Жайнақов (Шығыс Түркістан), Райымжан Марсеков (Шығыс Түркістан) сияқты қазақтың ұлттық демократиялық интеллигенциясы мен бұрынғы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері тұрды.
Кеңес өкіметінің ұлт және ұлттардың теңдігі мен бостандығы туралы саясатын Ахмет Заки Валидің «Ресейдің оңтүстік-шығыс мұсылмандары тарихында жаңа кезең басталды. Ресейдегі күрес мұсылмандар құқығын қамтамасыз ете алмады, сондықтан да бұл күрес енді халықаралық сипат алмақ. Менің мақсатым - бұл елдердің талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу» деп айтуы да көп жайтты аңғарта алады.
XX ғасырдың алғашқы ширегі аяып империялардың күйреуі және отар елдердегі ұлт-азаттық күресінің күшеюімен де ерекшеленді. Ең алдымен Шығыс Еуропадағы империялар күйреді. Олардың бодандары тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдары әлемдік ауқымда асқындаған ұлт-азаттық қозғалысына қосыла алатыңдай саяси күштер Қазақстаннан да табылды. Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Ермеков, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел жәңе Жанша Досмұхамедовтер өз зама-нындағы әлемдік ұлт-азаттық күресіндегі ірі тұлғалардың қай-қайсысынан да кем тұрмады. Алаш азаматтары бастаған ұлт-азаттық күрес тоталитарлық жүйе нығайғанға дейін тоқтамады. Бірақ олардың қызылдар империясының қанды тырнағына қарсы тұруға шамалары келмеді. Алаш қозғалысы мен Алаш Орда мемлекетгілігін коммунистер билігі қызыл шақа қалпында қырғынға ұшыратты.
Алғашқы кезде көз алдау үшін құрылған ұлттық республикалар қол жаулық мемлекетке айналды. Большевиктер партиясы монархияны құлатқанымен империяны құлатпаған еді. Патшалық Ресей империясының орнына Кеңестер империясы, патшалық деспотияның орнына коммунистік деспотия орнады. 1922 жылдың соңында құрылған КСРО-ның мемлекеттік кұрылымы жұрт назарына ұсыну үшін койылған әшекей зат қана еді. Билік - Кеңестерге, жер - шаруаларға, зауыттар - жұмысшыларға деп ұран көтеріп, 1917 жылы төңкеріс жолымен өкіметті басып алған коммунистер, бұл билікті одан кейінгі жылдары да өз қолдарынан шығармады.
1924-1925 жылдары Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік құрылыс жұмысы жүргізіліп, Түркістан Автономиялық Кеңестік республикасы, Бұқар және Хорезм халық республикаларының территориясында Өзбек және Түркімен Кеңестік социалистік республикалары құрылды. 1929 жылы Тәжік Автономиялық кеңестік социалистік республикасы одақтас республикаға айналды. Осы құрылған үш республика Одақ құрамына енді. Бірақ, Кеңес үкіметі республикалардың шекараларын бөлген кезде көптеген қателіктер жіберді. Мысалы, қазақтардың бірқатар батыс және солтүстік жерлері Ресей федерациясының құрамына, тәжіктердің Самарқан, Ходжент аймақтарының кей жерлері Өзбекстанның құрамына бөлініп берілді, ал Әзербайжан мен Армения араларындағы өткізілген шекара кейін шешілмейтін проблемаға айналды.
Бірақ, «халықтар достығының салтанаты» орнаған көпұлтты федерация орнына Кеңес Одағы біртіндеп әкімшілдік-әміршілдік басқару системасы қалыптасқан, тоталитарлық сипаты бар коммунистік империяға айналды. КСРО құрылған кезде федерацияда терезесі тең болады деген одақтас республиклар барлық жағынан Мәскеуге бағынып, онсыз бір жөнді мәселені шеше алмайтын қуыршақ құрылымдар болып қала берді. «Социалистік интернационализм» принципі негізінде бір тілде сөйлейтін, бір идеологияға және бір орталыққа бағынған «кеңес халқын» құрамыз деген Одақ басшыларының әрекеті XX ғасырдың 70 жылдары сәтсіз аяқталды. Ең соңында экономикасы ішкі және сыртқы жағдайы, ұлттық саясаты тығырыққа тірелген Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырап, оның кеңістігінде 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды. КСРО-ның ыдырауындағы басты себеп – ол 1986 жылдары Қазақстанда басталып: Украина, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Әзірбайжанда жалғасын тапқан ұлт-азаттық қозғалыс болды деп айтуға болады. Кеңес Одағының ыдырауы тарихи заңдылыққа бағынған үрдіс, өйткені көп ұлтты империялар қандай саясат жүргізсе де уақыты жеткенде ыдырауға мәжбүр болады.
Қазіргі кезде КСРО кеңістігінде пайда болған тәуелсіз республикалар әрқайсысы өзінің шамасына қарай даму жолына түсті. Олар бұрыннан мемлекеттілік дәстүрі бар Ресеймен қатар, Қазақстан, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан және Өзбекстан саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан белгілі дәрежеге жетті. 1922 жылы большевиктердің Кеңес Одағын құрудағы алдау-арбау, зорлық-зомбылық саясатына алданып қалған: Украина, Белоруссия және Теріскей Кавказ басшыларының кейін опық жегенін ұмытпау керек. КСРО-ның құрылу оқиғаларын оқыған да, зерттеген де орынды, бірақ талай рет бодандықты бастан кешірген ТМД халықтарының тарихтан тағлым алатын уақыты жетті деуге болады. Халықаралық дипломатияда екі жақты қатынастар деген қағида бар, сондықтан уақыт сынағынан өткен осы принциптер арқылы ірі державалар құратын әскери немесе экономикалық одақтарға кірмей-ақ, Достастық елдері әлемдегі барлық мемлекеттермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды әржақты және толыққанды дамытуға барлық мүмкіншіліктері бар.
Тақырыбы: Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты және Жаңа экономикалық саясат.
1. «Соғыс коммунизм» саясаты
2. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы
Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрыңғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.
1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы-2 млн-ға, қой-ешкі 6,5 млн-дай, түйе-0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.
Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркөсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді.
Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: париархалдық, ұсақ тауарлық капиталистік жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік және социалистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың экономикадағы көлемі әртүрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.
Қазақ ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза түрінде болған жоқ. Олар капиталистік қатынастармен тоғысып немесе ұштасып жатты. Қазақстан халқының таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айтарлықтай айырмашылығы болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аяқталмаған еді.
Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.
Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни "әскери коммунизм" саясатынан /салғырт кейде солай аталатын/ бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салыкпен ауыстыруға мәжбүр етті.
Бұл арада "әскери коммунизм" саясатының социализм орнатуда неғүрлым тар түсінігі болғанын да айту керек. Ол азық-түлікті күштеп алу, ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды қоғамдастыру, сауда-саттыққа, рыноққа тыйым салу, ақша айналымын тоқтатып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болады деп әрекеттенудің көрінісі. Оның тұсында өкімет барынша орталықтандырылып, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық иартия мүшелері әскери жағдайда деп танылды. Көп адамдар мұндай жағдай социализмге барар жолды қысқартады деп есептеді. Әрине "әскери коммунизм" социализмге жеткізетін шара емес, ділгерліктен туған болатын. Сондықтан оны жаңа экономикалық саясатпен, төтенше жағдайда енгізілген салғыртты енді салықпен ауыстыру уақыт талабы еді.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921-1923 жылдарда Қазақ АКСР Орталык Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық, арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның, халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.
20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.
1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары жайылымдарын алды.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысы кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Одақтарды құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж. Бөрібаев, О. Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының, 99 ұясы жұмыс істеді.
Қазақстан еңбекшілерінің халық шаруашылығын қалпына келтіру барысында бірқатар табыстарға қолдары жетті. 1925 жылдың аяғына қарай республикада өнеркәсіп өнімін өндіру едәуір өсті. Бүкілодақтық маңызы бар Атбасар түсті металл, Алтай қазақ полиметалл трестері құрылды. Оларға тәжірибелі инженерлер мен техниктер келді. Қазақ жұмысшыларының саны өсті. Толық емес мәліметтер бойынша, Қазақстанның ірі өнеркәсібінде, жол қатынасында, совхоздарында 1925 жылы 40 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші болған. Олардың ішінде қазақтар саны артты. Қазақтар мұнай өнеркәсібінде жұмысшының, басым көпшілігі, кен өнеркәсібінде - 45 пайыз, тоқымашыларда - 30 пайыздан астамын қамтыды. Республика өнеркәсібіндегі жұмысшылардың жалақысы 1921-1925 жылдарда (салыстырмалы бағамен) 1,5 есе өсті, ауыр өнеркәсіптегі жұмысшылардың жалақысы одан да көп болды. Әлеуметтік сақтандыру, тегін медициналық көмек, еңбекті қорғау жөнінде мемлекеттік бақылау жүйелері жүзеге асырылды. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында (Риддерде, Доссорда, т. б.) мемлекет есебінен тұрғын үйлер құрылысы басталды.
Қазақстанның ауыл шарушылығында елеулі өзгерістер жүрді. Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн. сомға төмендетілді. 1925 жылы 46 мың кедей және әл-ауқаты кем шаруашылықтар мал және құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.
1925 жылы мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 26 миллионнан асты. Осы шаралардың нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығында орташаландыру процесі бой көрсете бастады.
Тұтас алғанда Республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшесі бар 2811 бірлестіктері жұмыс істеді, олардың ішінде 62546 мүшесі бар бір мың қазақ бірлестіктері де бар еді. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен бірінен көбі (27,1 пайыз) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер қатарына 96 коммуна, 557 артель, 58 жай серіктер кірді. Тұтыну кооперациясы көшпелі ауылда кеңінен дамыды. Олардан басқа 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді.
Кооперациялық құрылысты жүргізуде орыстар арасында шаруалардың өзара жәрдемдесу комитеттері, ал қазақтар арасында Қосшы одағы маңызды рөл атқарды. 1925-1926 жылдары шаруалардың қоғамдық өзара жәрдемдесу комитеттері 335 мың, ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл шаруашылығының жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктірді.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Алайда Қазақстандағы Кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттын мәнін түсінбеді, бұрыңғысынша "әскери коммунизм" әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы С. Мендешев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.
1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің, екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды. Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.
1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды.
Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы Қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.
ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында, сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, 420 әңгіме өткізді. Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі ұлттық-мемлекеттік жүйені нығайтуға ықпал етті.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.
Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға болды. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрыңғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-іне қарайтын болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы - 1 млн 468 724 адамға өсті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті. Қазақ жері мен халқын біртұтас ұлттық, мемелекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.
1925 жылы сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің Бесінші съезі өтті. Ол "Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрыңдар" деген ұран негізінде жұмыс істеп, жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктіктерді қолдау мәселелерін талқылады. Съезде халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп - қазақ халқы, ал республиканы - Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы қабылданды. Сол жылы Кеңестер сайлауында ауылдық кеңестерге 60 мыңға жуық депутат сайланды. Олардың құрамында жұмысшы және селолық жердегі жалдамалы-жұмысшылар 6,1 пайыз, кедейлер - 70,9, орта шаруа - 18,8, қызметшілер — 4 пайызын қамтыды.
1925 жылы ақпанда Қазақ облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды. Сол жылдың аяғына таман Қазақстан партия ұйымында 30 мыңнан астам партия мүшесі мен партия мүшелігіне кандидаттар есепте тұрды. Бұл кезде бұқара арасындағы саяси ағарту жұмысына көп көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде өлкеде 76 қалалық, клуб, 72 кітапхана мен қызыл шайханалар, ауылдар мен селоларда 584 оқу үйі, 33 қызыл шайхана, 12 қызыл отау, 168 қызыл бұрыш, 9 шаруа мен малшы үйі, 93 болыстық кітапхана жұмыс істеді. Егер республика құрылған кезде небары үш-ақ газет шықса, 1925 жылы "Еңбекші Қазақстан", "Народное хозяйство Казахстана", "Советская степь", "Қызыл Қазақстан" т.б. 13 газет пен 5 журнал шықты.
Кәсіподақтардың қатары өсті. 1925 жылы қаңтардан қыркүйекке дейін кәсіподақтарға мүше болып 20 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші, соның ішінде 6 мыңнан астам қазақ еңбекшісі өтті. Республикадағы кәсіподақ мүшелерінің саны 100 мыңнан асты.
1925 жылы республиканың коммунистік жастар одағының ұялары 51 мың қыздар мен жігіттерді біріктірді. Жастардың көптеген танымал басшылары шықты. Олардың арасында С. Жақыпов, Қ. Әміров, С. Нұрпейсов, Ф. Рузаев, С. Сапарбеков, С. Тәтібеков, А. Шымболатов және т. б. бар еді.
1925 жылы Қазақстан жастары өздерінің дарынды басшыларының бірі Ғани Мұратбаевтан айырылды. Ол 1902 жылы бұрыңғы Сырдария облысы Қазалы уезінде туған. Ғани 15 жасынан бастап өзінің, өмірін жастар арасындағы жұмысқа арнады. Зор қаблетті, ғажайып күш-жігері мен енбегі арқасында ол Түркістан республикасының, ал кейіннен бүкіл еліміздің жастар ұйымында басшы қызметте істеді. 1921 жылы қыркүйектен бастап Ғ. Мұратбаев Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы, ал 1922 жылғы мамырдан бастап РКЖО Орта Азия бюросының хатшысы болып істеді.
Қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласты. 1925 жылы қаладағы және ауыл мен селодағы еңбекші әйелдердің, 6,6 мыңы жергілікті кеңестерге мүше болып сайланды. Қазақ әйелдерін басыбайлықтан құтқаруға бағытталған істер атқарылды. Республикадағы әйелдер қозғалысына Алма Оразбаева, Мәдина Бегалиева, Сара Есова және тағы басқалары ұйытқы болды.
1928 жылы Қазақстанда жаңадан әкімшілік-территорияларға бөлу іске асырылды. Осы уақытқа дейін болып келген алты губерния, екі округ, отыз екі уезд және 400 болыстықтардың орнына 13 облыс және 193 аудан құрылды. Жана аудандардың құрылуы кеңес аппаратының бұқара халыққа жақындасуына, оларды кеңес құрылысына тартуға ықпалын тигізді. 1929 жылы әкімшілік-территориялық қайта құру негізінен аяқталуымен және Түркістан-Сібір темір жолының құрылысының бітуімен байланысты Қазақстан Автономиялық Советтік Республикасының, орталығы Қызыл-Ордадан Алматы қаласына көшірілді.
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюымен байланысты еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамудағы қиындықтар жана экономикалық саясаттың тоқталуымен байланысты одан әрі терендей түсті. Республикада "әскери коммунизм" саясаты кезіндегі жұмыс тәсілдері қайтадан жанданды. Халықтың өкіметі жеке адамның, дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық-бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/П Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы Ф. И. Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатан, сипат алды. Осы кезде -Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде құрт езгерістер енгізілді. 1925 ж. желтоқсанында өткен өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында "Ауылды кеңестендіру туралы" шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада "Кіші Қазан" төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты.
Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша "қайта құрумен" келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж. әртүрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан Атқару Комитетінің, Төрағасы Ж. Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С. Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж. қарашада өткен 3-ші өлкелік партия конференциясының шешімдері айқын көрсетіп берді. БК/б/П Орталық Бақылау комиссиясы негізгі "топқа бөлінушілердің" бірі С. Сәдуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екенін таба алмады. И. В. Сталинге, В. М. Молотовқа, Л. М. Кагановичке жазған хатында Қазақстан өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ деп жеткізді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Ежов Алматыдан Мәскеуге ауысар алдында өзінің лауазымына осылай"даярланды", 1937жылғы жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді.
20-шы жылдардың соңында республикада саяси жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкийшіл-зиновьевшіл оппозициямен және "оңшыл оппортунистермен" күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 жылдың аяғында "буржуазияшыл-ұлтшылдар" деп аталғандардың ішінде бұрыңғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың қатарында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышбаев, X. Досмұхамбетов, Ж. Ақпаев, К. Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 жылы қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қара топырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың, барлығы дерлік 1937-1938 жж. атылды. Жалпы 1929-1931 жылдары қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасының әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...
... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде ...
... 1179; әулеттермен әрі империялармен нәтижелі қатынастар жүргізу арқылы сыртқы аренадағы беделін көтерді. Батысқа жорық.Түрік қағанатының тарихында ерекше атап өтетін бірнеше әскери жорықтардың жасалғаны анықталған.Соның бірі – Батыс жорығы.Бұл жоры ...
... үшін жағдайлар жасау. 2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері 2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағ ...
0 комментариев