XVIII гасырдың 40-80 жылдарындағы саяси жағдай. Абылай хан билігі

Қазақстан тарихы
Адамның пайда болуы (антропогенез) Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы Қазақ-жоңгар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ хандығының бытыраңқылығы Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері XVIII гасырдың 40-80 жылдарындағы саяси жағдай. Абылай хан билігі Исатай мен Махамбет басқарған көтерілісі Жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер-14130 ұйғырлар-55999 адам болды ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты Қазақстандағы индустрияландыру саясаты Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика өнеркәсібі Қазақстан экономикасы бейбіт өмірге қайта құру Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері ТМД құрылуы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Конституция - мемлекеттіліктің басты белгісі Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер Білім беру ісіндегі өзгерістер Республиканың саяси өмірі
1273237
знаков
2
таблицы
0
изображений

1. XVIII гасырдың 40-80 жылдарындағы саяси жағдай. Абылай хан билігі

XVIII ғасырдың 40-жылдары қазақ мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатында Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін күткендегідей табысты нәтижеге жеткізбеді. Жоңғар шапқыншылығының қаупі жойылмады. Ресей мемлекеті де өз міндеттеріне де адал болмады. Еділ қалмақтары мен башқұрттар да тыныштық бермеді. Цинь империясымен 1739 жылы бейбіт келісім жасап шығыс шекараларын қауіпсіздендірген жоңғарлар 1741 жылы казақ жеріне кезекті ауыр және соңғы жорығын бастады. Қалдан Церен қоң тайшы бастаған жоңғар әскерлері 1741-1742 жылдары Орта Жүз бен Кіші Жүздің жеріне әшкерілей кіріп, Есіл, Ырғыз, Орал, Елек өзендеріне дейін жетті. Осы шайқастардың бірінде сұлтан Абылай жоңғар тұтқынына түсіп қалады.

1742 жылдың ортасына қарай Сырдарияның орта ағысындағы жерлерді жоңғарлар басып алады. Болып жатқан жағдайды анық байқап отырған орыс өкіметі қазақ даласындағы бұл оқиғаларға алғашқы кезде елеулі мән бермейді. Жоңғарлар орыс иеліктеріне тікелей қауіп төндіріп, Орта Жүз ханы Әбілмәмбет орыс өкіметінен ресми көмек сұрағаннан кейін барып қана, Ресей мемлекеті Орынбордағы әскерін соғыс дайыңдығына келтіреді және Қалдан Цереннен өз бодаңдығындағы елден әскерлерін алып кетуді талап етеді. 1742 жылы майор Миллер бастаған елшілік Жоңғарияға, Калдан Церенге келеді. Орыс елшілігі Орта Жүз бен Кіші Жүз Ресейдің қол астыңда, сондықтан да шапқыншылық жасау тоқтатылсын деп мәлімдеді. Екі жақты келісімнен кейін және қазақ елшілерінің мәмілесі бойьшша Абылай сұлтан және тағы басқалар тұтқыннан босатылды.

1745 жылы Калдан Церен қайтыс болғаннан кейін Орталық Азиядағы саяси жағдай күрт өзгереді. Қоңтайшы тағына оның мұрагері Қалдан Цереннің екінші ұлы Сыбан Доржы келеді. Елде билік үшін күрес басталады. Көп ұзамай Сыбан Доржыны ағасы Лама Доржы өлтіріп қоңтайшы тағын иеленеді. Бірақ оның билігін жоңғар ақсүйектері мойындамайды. Жоңғариядағы билік үшін күрес ашық жауласуға ұласады. Осыңдай ұтымды жағдайды тиімді пайдалана білген Абылай қазақ жерлерін қайтарып алудың жолдарын қарастырады. Қоңтайшы тағынан үміткерлерді бірінен соң бірін қолдай отырып, қазақ жерінің едәуір бөлігін қайтарып алуға қол жеткізеді.

Жоңғариядағы өзара тартысты пайдаланған Цинь императоры 1755 жылы жоңғар аумағына өз әскерлерін еңгізеді. Цинь әскерлеріне қарсы Әмірсана бастаған азаттық күресіне Абылай сұлтан әскери көмек көрсетті. Әмірсана мен Қожаберген батыр бастаған әскерлер қытай армиясын талқандап, оның қазақ жеріне кіруін тоқтатты. 1757 жылы Цинь үкіметі екінші рет Жоңғарияға басып кірді. Ауыр жеңілістерге ұшыраған Жоңғария мем-лекет болудан қалды. Осы жорықтардан кейін Жоңғария мемлекеті тарих сахнасынан біржолата кетті.

1758-1759 жылдары Жоңғар мемлекетін талқандау кезінде Цинь әскерлері бірнеше рет қазақ жеріне кірді. Тарбағатайдың солтүстік жағында Абылай сұлтанның жасақтары мен Қытай әскерлерінің арасында шайқас жүрді. Жағдайды одан әрі ушықтырмау үшін Абылай Пекинге бейбіт келісім жасау жөнінде елші жіберді. Бейбіт келісімге келген Цинь өкіметі Абылайдың қазақ жеріндегі хан билігін мойындайды және қазақ жерлеріне аумақтық талап қоймайды. Абылай осылайша Ресей мен Цинь өкіметі арасында тиімді саясат ұстанып, шығыстағы жерлерін сақтап қалады. Ресей бодандығын мойындай отырып Абылай Цинь екі метімен орыс отаршылығына қарсы күресте қолдау табуға тырысты.

XVIII ғасырдың 60-жылдарыңда халқын түгелге жуық қырған Жоңғарияда маньчжур-қытай билігі орнайды. Жоңғарлардан босаған жерлерге қазақтарды өткізбеу үшін қытайлықтар Іле өзені мен Тарбағатай бойыңда әскери бекіністер салуға кіріседі. 1761 жылы Қытай императоры Аягөз өзенінен оңтүстікке қарай қазақтардың көшуіне тыйым салған жарлыққа қол кояды. Бірақ қазақтар бұл жарлық пен санаса қоймайды. Мал жайылымын көздеген қазақтардың бұл аймаққа қоныс аударуы жиілей түседі. Осыдан кейін Цинь үкіметі Іле өзенінің бойы мен Тарбағатайдағы жайылымдарды қазақгардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр болады. Мұның қайтарымы ретінде Цинь үкіметі қазақтардан алым төлеуді және қытай бодандығын қабылдауын талап етті. Осының нәтижесінде XVIII ғасырдың соңына дейін Орта Жүз бен Ұлы Жүз қазақтарының бір бөлігі Қытай бодандығын қабылдап, Қытайдың «жаңа провинциясы» Шыңжан құрамына енеді.

Сыртқы қауіптен елді сақтай білген Абылай қазақ жерлерін біріктіруге де үлкен күш салды. Іленің сол жағасы мен Шу бойын қырғыздардан тазартады. 1740 жылы Ташкентте Жолбарыс хан дүние салады да, Төле би қолдаған Орта Жүздің бірнеше руы Әбілмәмбетке ант береді. Орыс бодандығын қабылдаған Кіші жүздің бір бөлігі де Әбілмәмбет пен Абылайға бағыңды. 1759 жылы патша әкімшілігі Әбілмәмбетті тақтан тайдырып билікті алып беру туралы Абылайға ұсыныс жасағанымен Абылай бұл қолдаудан бас тартады. Әбілмәмбет хан дүние салғаннан кейін ғана Түркістанда Қожа- -Ахмет -Иассауи ғимаратында Абылай ақ киізге отырғызылып, бүкіл үш жүздің жаңа ханы болып жарияланды.

Беделі мен билігі бүкіл қазақ даласына әйгілі болған Абылайдың қазақ тарихындағы орны ерекше. Саяси тәуелсіздікті сақтай отырып, Абылай хан патша өкіметі жіберген сыйлықтардан және Петербургке ант беруден бас тартты. Абылай хан сонымен бірге азғана уақыттың ішіңде талан - таражға түскен қазақ жерлерін біріктіре алды. Оңтүстіктегі Созак, Сайрам, Ташкент қалаларын кайтарды. Бірақ Қытайға қарсы Орта Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы әрекеті нәтижелі болмады.

Батыстан үнемі шапқыншылық жасап отырған Еділ қалмақтары Ресей өкіметінен қолдау тауып отырды. Екі халықты жауластыру мақсатында олардың арасыңдағы дау-жан-жалдарды патша өкіметі үнемі өршітіп отырды. 1743 жылы патша өкіметі қалмақтарға қазақ жеріне «әскери олжа» табу жорықтарына рұқсат береді және көмекке деп 2 мың қазақ әскерін де қосады. Қалмақтар Жайық арқылы өтіп қазақтардың малдарын қолға түсіріп айдап әкетіп отырды. 1771 жылы Үбашы бастаған қалмақтар (барлығы 40 мыңдай шаңырақ) қазақ жері арқылы ата-бабаларының туған мекені Жоңғарияға бет алады. Бірақ бүкіл казақ жерін басакөктей өткен қалмақтар қазақ жасақтарымен үнемі қақтығысып, олардың азғана бөлігі ғана атамекеңдеріне жетеді. Екі жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар әскери қақтығысының ең соңғы түйіні осылай аяқталады.

Еділ бойындағы бос қалған қалмақтардың жайылымдарын қазақтардың пайдалануына патша өкіметі рұқсат етпейді. Сонымен бірге патша өкіметі Елек өзені маңыңдағы жерлерге де көшіп-қонуға тыйым салды. Мұнда Елек қорғаныс шебін салуға байланысты толқулар басталды. Қазақтар әскери бекіністің салынуы нәтижесінде Елек өзенінің жағалауындағы жерлерден айырыламыз деп қауіптенді. Олар сонымен бірге Елек өзені маңындағы тұз өндіруден айыруға да наразылық білдірді. Соңдықтан да олар бірнеше рет Орынбор губернаторына Елек өзені жағалауында еркін көшіп жүруге рұқсат беруін және аталған бекіністі салуды бастамауды өтінді. Өйтпеген жағдайда олар бекіністі қирататындықтарын ескертті. Қазақтар кейбір жағдайда рұқсат етілмеген жерлерге өз еріктерімен малдарын жайды, әскери бекіністерге шабуылдар жасады.

XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Ресей өкіметінің қазақ жерлерін отарлау әрекеттері айқын көріне бастады. Оның басты көріністері қазақ жерін қоршай салынған әскери бекіністер мен ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі шаруашылық байланыстарын бұзған өз жерлеріне көшіп қонуға тиым салу әрекеттері болып табылады.

Тақырыбы: Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731-1837 жж.) және екінші кезеңі (1837-1870 жж.).

XVIII ғ. –XIX ғ. басындағы Қазақстаннның әлеуметтік-саяси жағдайы Сырым Датұлы бастаған Кіші Жүз қазақтарының отарлық езгіге қарсы күресі
Информация о работе «Қазақстан тарихы»
Раздел: История
Количество знаков с пробелами: 1273237
Количество таблиц: 2
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
385825
15
4

... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...

Скачать
206329
13
3

... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде &# ...

Скачать
249228
0
0

... 1179; әулеттермен әрі империялармен нәтижелі қатынастар жүргізу арқылы сыртқы аренадағы беделін көтерді. Батысқа жорық.Түрік қағанатының тарихында ерекше атап өтетін бірнеше әскери жорықтардың жасалғаны анықталған.Соның бірі – Батыс жорығы.Бұл жоры ...

Скачать
200129
6
3

... үшін жағдайлар жасау. 2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері 2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағ ...

0 комментариев


Наверх