Білім беру ісіндегі өзгерістер

Қазақстан тарихы
Адамның пайда болуы (антропогенез) Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы Қазақ-жоңгар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ хандығының бытыраңқылығы Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері XVIII гасырдың 40-80 жылдарындағы саяси жағдай. Абылай хан билігі Исатай мен Махамбет басқарған көтерілісі Жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер-14130 ұйғырлар-55999 адам болды ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты Қазақстандағы индустрияландыру саясаты Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика өнеркәсібі Қазақстан экономикасы бейбіт өмірге қайта құру Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері ТМД құрылуы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Конституция - мемлекеттіліктің басты белгісі Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер Білім беру ісіндегі өзгерістер Республиканың саяси өмірі
1273237
знаков
2
таблицы
0
изображений

1. Білім беру ісіндегі өзгерістер

2. Тәуелсіз Қазақстанның ғылымның дамуы

Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрыңғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.

Сондықтан өтпелі кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Кеңесте атап көрсетілгендей, халыққа білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткені айтылды. Бірыңғай орта мектептердің орнына мектепте болашақ ұрпаққа білім беруде плюрализм орнап келеді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды

Халыққа білім беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әсіресе, 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан едәуір айтуға тұрарлық жұмыстар жүргізілді. Алайда одан кейінгі жылдары халыққа білім беру саласындағы орнықтылық және кейбір кезек күттірмейтін мәселелердің шешілуін желеу етіп, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу бірсыпыра азайды. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, оқушылары аз көптеген ауыл мектептері жабылып қалған.

Мектептерде жұмыс істейтін мұғалім кадрлардың сапалық құрамында келеңсіз жағдайлар қалыптасты. 2001/2002 оқу жылында республика бойынша педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта білімі бар 3,5 мыңнан астам мұғалім және 6 мың басқа мамандық иелері жұмыс істеген, мектептерден жалақыны азсынып, 43,6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кеткен.

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007 болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазак, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе, соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4 пайызын қамтыған.

Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. "Интернет — мектепте" бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған.

Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделген. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер мен колледждерге керекті оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жайы да жан-жақты қарастырылған.

Еліміз егемендік алған он жылдан астам уақыт ішінде республика жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандагы Ахмет Иассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан Дипломатиялық, Академия ашылып, жұмыс істейді. Бұлардан білім алып, дайындалып шыққан кадрлар, Тәуелсіз Қазакстанның сыртқы саясатын одан әрі дамытып, біліктілікпен жүргізуде өздерінің лайықты үлесін қосатынына сенім артты. Өйткені олар қазақ, орыс тілдерінен басқа шет елдермен байланыс жасауда аса қажетті ағылшын, неміс, француз, араб, қытай, хинди және тағы басқа да тілдерді менгеріп білім алады. 1997 жылы елімізде мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған керісінше ақы төлеп оқитын жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оку орындары калдырылды.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халықаралық қарым-катынасы кеқейді. 1991 жылы жүздеген республика окушылары, студенттері мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, казірде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан "Болашак" бағдарламасы бойынша арнаулы қор кұрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, Үлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жіберіледі. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден білім алып келді. Ал 2003 жылдың басында республикалык арнайы комиссияның шешімімен 25 жас жігіттермен кыздар шет елге оқуға жіберілетін болды.

Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымын дамыту салаларында үрдіс өзгерістер байкалды. Қазакстан Республикасы ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми ізденістерінің такырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. X. Марғүлан атындағы Археологиялық институт, ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу институттары үйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан ұлттык академиясының кұрамына енгізілдІ. Ғылыми дәрежелер тағайьшдау және ғылыми атақтар беру, дис-сертациялық жүмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика Жоғары аттестациялық комитеті күрылды.

Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу:

Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық ведомстволар зерттеу институттарын көбіне республикалардың қалауынсыз жүргізіп келді;

Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді;

Ғылым академиясы мен салалық ғылым мекемелері (КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі 6 мұнай және газ өндірісі министрлігінің батыс қазақстандық институты, т.б.) өзара және академиялармен тығыз байланыста жұмыс істей алған жоқ;

Экономикалық дағдарыс салдарынан ғылымды қаржыландыру едәуір қысқартылды;

коммунистік қызметке арналған бағаны ырықтандыру ғылыми мекемелерді ұстап отыру мәселелерін одан сайын қиындата түсті;

90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын төмендетті, көптеген жас та дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті;

XX ғасырдың 90-жылдарындағы республика ғылымының өрісі, оның жаңа технологиялармен жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады.

Аталған кемшіліктердің орнын толтыру бағытында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар:

1. электроника мен байланыс жүйесі бойынша,

2. ақпаратты және есепті техника бойынша,

3. биотехнология,

4. экология,

5. жаратылыс ғылымдары бойынша,

6. минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу,

7. жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.

Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық жүйенің күйреуі мен құрылымдық құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын сақтап қалды. Жалпы алғанда, 1992—1994 жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады.

1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. Аталған құрылым ғылымға арналған бюджеттік ассигнадиялардан қаржыландыруға қабылданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты.

1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді.

· жылы республикада ғылым мен ғылыми-техникалық саланы дамыту туралы заңдар базасын жетілдіруге арналған жұмыстар атқарылды. Осыған орай, «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпарат кеңістігін құру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент жарлығы және Үкімет қаулысы шықты.

· жылы Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады.

2001 жылы министрлік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға көшті. Ғылыми-зерттеу институттары мұндай бағдарламаларды қорғап, конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс. Зерттеу бағдарламалары республикадағы ғылым дамуының басым бағытына сәйкес келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға байланысты мұндай жағдай 2001 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңда анықталған.

Жаңа заң республика дамуының соңғы он жылдығында болған өзгерістерді ескере отырып даярланды. Осылайша бюджеттік қаржыландырудан басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, грант түрінде арнайы ғылыми және қоғамдық қорлардан ала алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді. Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.


Информация о работе «Қазақстан тарихы»
Раздел: История
Количество знаков с пробелами: 1273237
Количество таблиц: 2
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
385825
15
4

... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...

Скачать
206329
13
3

... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде &# ...

Скачать
249228
0
0

... 1179; әулеттермен әрі империялармен нәтижелі қатынастар жүргізу арқылы сыртқы аренадағы беделін көтерді. Батысқа жорық.Түрік қағанатының тарихында ерекше атап өтетін бірнеше әскери жорықтардың жасалғаны анықталған.Соның бірі – Батыс жорығы.Бұл жоры ...

Скачать
200129
6
3

... үшін жағдайлар жасау. 2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері 2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағ ...

0 комментариев


Наверх