XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы

Қазақстан тарихы
Адамның пайда болуы (антропогенез) Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы Қазақ-жоңгар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ хандығының бытыраңқылығы Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері XVIII гасырдың 40-80 жылдарындағы саяси жағдай. Абылай хан билігі Исатай мен Махамбет басқарған көтерілісі Жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер-14130 ұйғырлар-55999 адам болды ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты Қазақстандағы индустрияландыру саясаты Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика өнеркәсібі Қазақстан экономикасы бейбіт өмірге қайта құру Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері ТМД құрылуы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Конституция - мемлекеттіліктің басты белгісі Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер Білім беру ісіндегі өзгерістер Республиканың саяси өмірі
1273237
знаков
2
таблицы
0
изображений

1. XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы

2. Қазақ-жоңғар қатынастары

1. Есім хан (1598—1628) билігі кезіндегі қазақ хандығының тарихы өте күрделі жағдайда өтті. Шайбан әулетінің орнын басқан Бұқар хандығының жаңа әміршілері Ташкентті қайтарып алуға тырысты. Шығыста ойрат тайпалары бой көтере бастады. Қазақ хандығының ішкі жағдайында да алауыздықтар көбейіп жекелеген ірі қазақ сұлтандары іс жүзінде Есім ханға тәуелсіз болды. Солардың ішіңде әсіресе, Жалым сұлтанның ұлы Тұрсын ханның дәмесі зор еді. Ол Ташкентте отырш өзін хан деп жариялады. Ол билігінің дербестігін көрсету мақсатыңда өз ақшасын да шығарды, халықтан алым мен жер салығын жинады. Бұқар ханы Иманқұл Тұрсын ханның қазақ хандығынан бөлініп шығу саясатын қолдап оған көмек де көрсетті.

1603 жылы Бұқар хандығының әскерлері Ташкентті қайтарып алуға тырысты. Бірақ олар қазақ жасақтарынан Айғыр-Жар деген жерде болған шайқаста ауыр жеңіліске ұшырап, Самарқанға шегінеді. Бұқар әскерлерін Самарқанға дейін өкшелей қуған қазақ әскерлері қаланы бірнеше күн қоршап кейін қайтады. 1607 жылы бұқарлықтар Ташкентті аз ғана уақытқа алады және көп ұзамай Есім хан Ташкентті өзіне қайтарады. Бірақ Бұқар хандығымен болған соғыс мұнымен тоқтамайды. 1612 жылы Иманқұл хан Сырдария бойындағы бірнеше қалаларды тонап Қаратауға дейін жетеді және Ташкентке өзінің ұлын билеуші етіп қояды. Иманқұл хан Ташкенттен кетісімен қала халқы көтеріліс жасап, оның ұлы Ескендірді өлтіреді. Бұған жауап ретінде Иманқұл хан қанды қырғын жасайды. Бұл кезде қазақтың екі ханы Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қатынастар бірте-бірте шиеленісіп, әскери қақтығысқа дейін барады. Тұрсын хан Бұқар ханымен одақтасып Ташкентке берік орнығады және Әндижан, Түркістан, Сауран қалаларын басып алады. Күшейіп алған Тұрсын хан енді Бұқар хандығына қарсы соғыс жариялайды, бірақ түпкі нәтижеге жете алмайды.

1627 жылы Есім хан ойраттарға қарсы жорыққа аттанғанда Тұрсын хан бар әскерімен Түркістанды жаулайды. Қарусыз халықты қырғынға ұшыратып Есім ханның үй-ішін, әйелдері мен жас балаларын тұтқындап Ташкентке әкетеді. Жорықтан қайтып келе жатқан Есім ханның алдын Сайрам маңында торуылдайды. Уақытылы хабар тиген Есім хан Тұрсын хан әскерлерін талқандайды. Қашып Ташкентті паналаған Тұрсын ханды өзінің жақтастары тұтқындап, Есім ханның қолына береді. 1628 жылдың күзіңде Есім хан да қайтыс болады, сүйегі Түркістандағы Қожа –Ахмет- Йассауи ғимаратына қойылады.

Есім ханнан кейін хан тағына оның ұлы Жәңгір отырады. Бұл кезде қазак хандығының ішкі және сыртқы жағдайы нашарлай түседі. Бұқар хандығы Ташкент пен Сыр бойындағы қалалар үшін күресін тоқтатпайды, шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар маза бермейді. Бар билігін ойраттармен күресте өткізген Жәңгір ханға ішкі жағдайды тұрақтандыру да оңай тимейді.

1635 жылы жаңа мемлекет болып құрылған жоңғар хандығы қазақ хандығының шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарына үлкен қауіп төндіреді. Цинь империясының ығыстыруынан жаңа жайылымдар мен қоныстар іздеген олар қазақ жеріне жорықтар ұйымдастыруын күшейте түседі. XVII ғасырдың 20-жыддарында ақ ойраттардың үлкен тобы Тобыл, Есіл, Ертіс бойында көшіп қонып жүрді және Іле, Талас бойында малдарын қыстатуға қалып отырды. Осы жылдары Бұқар хандығының әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды Сырдарияның төменгі бойынан ығыстыра бастайды. Дұшпандық әрекетте болса да Бұқар әміршісін Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте одақтасу қажеттігіне көзін жеткізеді.

Жәңгірдің жоңғарларға қарсы алғашқы шайқасы 1635 жылы болады, бірақ бұл шайқас қазақтар үшін сәтсіз аяқталып, жеңіліске ұшырайды, Жәнгір ханның өзі тұтқынға түсіп қалады. Жәңгір ханның тұтқыннан қалай босанғандығы туралы деректер жоқ. 1643 жылы Жәңгір хан бастаған қазактың 600 ер жүрек сарбазы жоңғарлардың елу мындық әскеріне тойтарыс береді. Алғаш рет отты қаруды пайдаланған қазақтар Орбұлақ маңыңдағы тар шатқалда ойраттардың екпіңді шабуылына төтеп беріп, мыңдаған жау сарбазын жер жастандырады. Осы кезде Самарқаннан шыққан Жалаңтөс батыр бастаған қазақ әскерлері де көмекке келіп жетеді. Он мыңдай әскерінен айырылған Батыр қоңтайшы ауыр жеңілістен есеңгіреп кейін қайтады.

Ресейден отты қару сатып алған жоңғарлар 1652 жылы Жетісу жеріне тағы да басып кіреді. Осы шайқастардың бірінде Жәңгір хан қаза табады. 60-жыддары қазақ-жоңғар қақтығыстары біршама азайғанымен Ғалдан-Бошақтық оңтайшы кезінде ол қайтадан күшейе түседі. 1681,1683-84 жылдары жоңғарлар Шу өзенінен бері өтіп Сайрамды алады, Ферғана алқабын тонайды. 1697 жылы Цеван Рабтан билік басына келгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынастары күрт шиеленіседі. 1698 жылы Цеван Рабтан қалың қолымен қазақ жеріне басып кіріп, бүкіл Оңтүстік Қазакстанды жаулайды. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте-бірте өшуінің басты себептерінің бірі болды, сауда жолдарының байланысы үзілді, шаруашылыққа зор зиянын тигізді. Күшейіп келе жатқан жоңғар шапқыншылығы елді біріктірудің кажеттігін түсіндірді.


Информация о работе «Қазақстан тарихы»
Раздел: История
Количество знаков с пробелами: 1273237
Количество таблиц: 2
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
385825
15
4

... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...

Скачать
206329
13
3

... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде &# ...

Скачать
249228
0
0

... 1179; әулеттермен әрі империялармен нәтижелі қатынастар жүргізу арқылы сыртқы аренадағы беделін көтерді. Батысқа жорық.Түрік қағанатының тарихында ерекше атап өтетін бірнеше әскери жорықтардың жасалғаны анықталған.Соның бірі – Батыс жорығы.Бұл жоры ...

Скачать
200129
6
3

... үшін жағдайлар жасау. 2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері 2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағ ...

0 комментариев


Наверх