Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы

Қазақстан тарихы
Адамның пайда болуы (антропогенез) Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы Қазақ-жоңгар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ хандығының бытыраңқылығы Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері XVIII гасырдың 40-80 жылдарындағы саяси жағдай. Абылай хан билігі Исатай мен Махамбет басқарған көтерілісі Жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер-14130 ұйғырлар-55999 адам болды ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты Қазақстандағы индустрияландыру саясаты Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика өнеркәсібі Қазақстан экономикасы бейбіт өмірге қайта құру Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері ТМД құрылуы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Конституция - мемлекеттіліктің басты белгісі Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер Білім беру ісіндегі өзгерістер Республиканың саяси өмірі
1273237
знаков
2
таблицы
0
изображений

1. Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы

2. Қазақстан территориясындағы Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Біздің заманымыздан бұрыңғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер, болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазакстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балку температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазакстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында — 1 мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.

Кола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің енбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру /патриархат/ пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.

Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде "Андронов мәдениеті" деп аталды.

Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі — Қазақстан жері. Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық- егіншілікпен аралас шұғылданды.

Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сиякты құралдарды өздері жасап, күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.

Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А. Я. Тугаринов ашты.Содан бері өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін /б.з.б. ХVIII-ХVІ ғасырлар/ және орта кезеңін/б.з.б. ХV-Х ғасырлар/ түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда кола дәуірінің соңғы кезеңінде /б.з.б. Х-VIII ғасырлар/ Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Бегазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Дәндібай-Беғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, " Бұғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан,' Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің, жаңа элементтерінің, тұрпаты ерекше бәйіттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.

Беғазы мәдениеті жерінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Сондай-ақ, бұл - тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі еді.

Қазакстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усть-Нарым қонысында /Шығыс Қазақстан/ табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қара бидай, тары егілген.

Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды рөл атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.

Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Көшпелілер, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылымы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқанын археологиялық қазбалардың нәтижелері көрсетіп отыр. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден тұрған. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан калдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.

Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй-тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп кйім етіп кию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киеді. Қойдың биязы жүні мен ешкінің, түбітінен жүн киімдер тоқылған.

Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасау-шылардың көбі әйелдер еді. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.

Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар: найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, балға, шот. Кейбір жауынгерлердің қанжары болған.

Коғамда азық-түліктің көбеюіне баиланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруа-шылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болды. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.

Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден тұрды.

Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды. Кейін, әсіресе, соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті, мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді. Мәселен, айналасы дуалдармең, қоршалып салынған қоныстардың Солтүстік Қазақстанда көп кездесуі, бұлардың қорғаныс, бекініс ретінде салынғанын, қола дәуірінің орта кезінде тайпалар арасында наразылық пен қақтығыстардың күшті болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, қоныстар мен қорымдардан табылған жебелердің қола және сүйек ұштары да тайпалар арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрғанын байқатады. Жебе ұшы бір жолы /Шығыс Қазақстанда/ тізенің ұршығына, тағы бір жолы /Орталық Қазақстанда/ адам қаңқасының жамбас сүйегіне қадалып тұрған жерінен табылды.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рудың ыдырауы және одан жеке отбасылар шаруашылығының бөлініп шығуы нәтижесінде үйлердің пошымы өзгерген. Кейбір үйлер жеке дербес отбасыға арналып екі-үш бөлмеден салынған, олардың тамақ пісіретін жер ошақтары бөлек болған. Рулық құрылыстың ыдырағанын және мүлік теңсіздігінің шыққанын қорымдардың қалдықтарынан да көруге болады. Кедейлердің қабірлері қарапайым және жерлеу саймандары да қарапайым. Ал байлардың қабірлерінен алтын және қола заттар мен шебер өрнектелінген балшық ыдыстары табылған. Отбасы иесінің, ру мен тайпа көсемдерінің молалары үстіне биік етіп топырақ оба үйілген немесе үлкен-үлкен гранит тастардан қоршау жасалынған.

Қола дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары мен сенімдеріне келетін болсақ, ол тұстағы адамдардың тұрмысы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп білген. Бұл күштер ең алдымен су, күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі еді. Күн мен от жарық жылылықты береді, мұның бәрі қайырымды құдіретті рухтармен байланыстырылды. Адам мен жануарларға сусыз өмір жоқ, сондықтан суға да, сол сияқты, ай мен жұлдызға да табыну сияқты наным күшті болды.

Қола дәуірінің тайпалары ата-бабаларына сыйынған және о дуниеге сенген. Ауру адамдарды емдеу және оларды өлімнен сақтап қалу әрекеттері де болып отырған. Ол әрекеттер нәтиже бермеген жағдайда өлген адамды о дүниеге қажет деп санаушылық, о дүниеде тамақ керек деп, тамақ пен киіммен, құралдарымен, қару-жарағымен, сәндік заттарымен барынша жақсылап көму - қола дәуіріндегілерге тән рәсім.

Қола дәуірінде күнге, отқа, суға, айға, жұлдыздарға және қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалу ғадеті де болған. Кейін келе адамның ой-өрісінің өсуі нәтижесінде, оның өзі туралы және табиғат жөнінде ұғымы күрделілене түсті, сөйтіп, діни дүниетаным келіп шықты. Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде өндірістік жабдықтарға және өндіріс өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап, отбасылық меншік пайда болды.

Тақырыбы: Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б.з.б. VII-III ғғ.).

Қазақстан аумағындағы алғашқы көшпелілер және тайпалық одақтардың қүрылуы Сақтар: саяси қүрылысы, шаруашылыгы және мәдениеті

Б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдалануды үйрену, одан әртүрлі еңбек кұралдарын жасау да өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекеңдеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.

Адамдардың негізгі тұрмыс тіршілігі мен әл-ауқаты мал өнімдеріне байланысты болғандықтан жаңа өңдірістік қатынастар қажет болды. Бұл жағдайдан шығудың сол кезде екі түрлі жолы бар еді. Біріншісі, егіс көлемін бірнеше есе көбейту және мал басын одан әрі кебейте отырып, малдың қыстық шөбін көбірек дайындау. Бірінші жолды таңдауға Қазақстан жерінің табиғаты мен климаты сәйкес келмеді, яғни суармалы егіншілікті дамытуға суландыру жүйелері жеткіліксіз болды және оны дамыту мүмкін болмады. Екіншісі, малды қысы-жазы далада жаятын интенсивті көшпелі мал шаруашылығы еді.

Қазақстанның кеңбайтак аумағы жері мен табиғат ерекшеліктері де көшпелі мал шаруашылығын өркендетуге ыңғайлы болатын. Еуразия далаларын мекендеген тұрғындардың тарихи тәжірибесі көрсеткендей, бұл ұлы далада тек көшпелі өмірмен ғана тіршілік етуге болатындығы дәлелденген еді.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінде басталған көшпелі мал шаруашылығына ауысу ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа кезеңімен байланыстырылды. Осылайша шаруашылықтың үрдісі дамуы нәтижесінде б.з. бұрынғы бірінші мың жылдыктың басыңда Қазақстан аумағында алғашқы көшпелі тайпалар пайда болды.

Көшпелі мал шаруашылығында көшу далалар мен шөлді аймақтарды мекендеген тайпалар өмірінде сол кездегі жағдаймен салыстырғанда ірі экономикалық алға басушылық еді. Б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың алғашқы ғасырларында Қазақстан-ның кең байтақ далалары мен шөлейт жерлерінде жартылай көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың басым және негізгі түрі болып орнықты.

Ерте темір дәуіріңдегі Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтардың ежелгі тарихын зерттеуде жазба деректердің елеулі ролі бар. Осы мәліметтерге қарағаңда, Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпалы одақтар құрған. Темірді игеру өндіргіш күштер дамуындағы ірі төңкерістердің бірі болып табылады.

Андрон мәдениетінің Нұра кезеңінен бастау алған мал шаруашылығы Алакөл-Атасу кезеңіңде малды көшіп жаюға ауыса бастады. Яғни, Қазақстан жеріндегі көшпелі мал шаруашылығын б.з.д. 1 мың жылдыктың басыңда қалыптаса бастады деп айтуға толық негізі бар. Бұл кезде қолға үйретіліп өсірілген малдардың ішінде жылқы, түйе және қой түлігі көбейіп, жыл маусымына немесе жайылымға қарай жиі көшу дағдыға айналды. Жоғарыда аталған үш түліктің көшпелі шаруашылыққа төзімді екені белгілі. Ал сиыр малы ұзақ көшке ілесе алмайды және қыста тебіңдеп жайыла алмайды. Сиыр малы отырықшы халықтарда ғана көптеп өсірілді. Аталған үш түліктің көшпенділер қоғамында, одан бертін келе көшпелі қазак қоғамында, олардың тіршілігінде орасан зор маңызға ие болғаңдығы халық ауыз әдебиетіңде, тұрмыс-салт жырларында және т.б. көрініс тапқан. Қазақтар өз балаларын жақсы көріп еркелеткенде «ботақаным», «құлыным», «қошақаным» деп те атайды. Ал, «бұзауым», «лағым» деп айту дөрекілеу естіледі.

Еуразияның ұлы даласын мекендеп қана қоймай, осы даланың ұлан-байтақ кеңістігін еркін билеген, оның табиғи байлығын, географиялық орналасуын көшпелі шаруашылыққа икемді пайдалана білген тайпалар көшпенділердің ұлы өркениетін де жасай білді. Әсіресе, жылқы малын көлікке де, тағамға да, тұрмысқа да тиімді пайдаланған көшпелі тайпалар осы түлікке қатысты ұлы жаңалықтар да ашты. Мысалы, ат әбзелдері мен жылқы малынан алынатын тағамдар кейіннен басқа өркениеттерге де та-ралды.

Көшпелілер өркениетінде жерге жеке меншік болған емес. Жер бүкіл тайпаның, қауымның меншігі болып саналды. Көшіп қону мен жайылымдарды тайпа басшылары реттеп отырды. Байлық пен бедел мал санының, әсіресе жылқы санының көптігімен өлшенді.

Көшпелілер өркениетіне баға беруде көпке дейін моноцентристік, еуроцентристік және шовинистік көзқарастар басым болып келді. Бұл көзқарастар бойынша Еуразияның далаларын мекендеген көшпелілерге «жабайы», «тағылық» тұрмыста өмір кешті және мәдениет пен білімнен, өркениеттен макұрым калғандар ретіңде баға берілді. Тіпті «көшпелілер өркениеті» деген термин қолданылмады да. Бұл көзқарастар көшпелілер мәдениетін шала білгендіктен және азиялық өркениетті менсінбеушіліктен туған еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана жоғарыда аталған көзқарастарға батыл соққы берілуде. Көшпенділер мәдениетінің әлемдік өркениеттің құрамды бір белігі болғандығы көптеген тарихи, археологиялық ескерткіштермен, еліміздің танымал тарихшылары мен мәдениеттанушыларының еңбектерімен дәлелденуде.

Қолдарына көп мал жинаған байшонжарлар өз тайпаларымен бірге жайылым жерлерді үнемі ауыстырып отырған, олар қоғамдағы ықпалды күшке айнала отырып, далалық және шөлейт жерлерді интенсивті түрде игере бастаған. Осы заманда мал және жайылым жерлер үшін тайпалар арасында жиі-жиі соғыстар болды. Бұл соғыстардан әскер және тайпа басшылары байыды. Әскер басшыларының беделі артып, олар бейбіт уақытта да халықты билеп отырды. Маңызды мәселелерді шешу үшін ақсақалдар кеңесі құрыдды. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі және шаруашылықтың дамуы бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Осылайша экономикалық және саяси себептерге байланысты тайпалық одақтар кұрыдды.

Б.з. бұрынғы VIII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпалары туралы археологиялық материалдармен қатар жазба деректер де кездеседі. Бұл тайпалар ежелгі иран және грек жазбаларында, Авеста діни кітабында және тағы басқаларында сақтар, азиялық скифтер немесе «жүйрік атты турлар» және т.б. деп аталды.

Зерттеуші ғалымдардың пікірінше сақ тайпалары үш топқа бөлінеді. Олар:

1. Теңіздің арғы жағыңдағы сақтар (тарадариандар), 2. Шошақ бөрікті сақтар (тифохаудалар), 3. Хаома сусынын дайындайтын сақгар (хаомовар-галар). Сырдария бойы мен Арал теңізі маңын мекендеген сақ тайпалары тарихи деректерде массагеттер деп аталады. Сонымен бірге жазба деректерде соң түстік дохтар (дайлар), батыста самраматтар, орталықта иссе-дондар, солтүстік-шығыста аримаспылар мекендегені туралы айтылады.

Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар туралы зороастриялық жинақ Авестада айтылады. Бұңда Ирандағы отырықшы мап өсірушілер және егіншілермен бірге қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі тайпалар туралы мәліметтер кездеседі. Аталған жинақта көшпелі тайпалар «турлар» деген жинақталған атпен аталады. Парсы патшасы Дарийдің Бехистун жазбасында былай деп айтылады: «мен сақтардың әскерлерімен бірге теңіздің арғы жағындағы сақтар еліне бардым, бұл ел шошақ бөрік киеді. Содан кейін теңізге жақын кеме көпірін қайтадан өз орнына қойдырдым. Осы көпірмен мен елге өттім, сөйтіп мен сақтарды ойсырата талқандадым, олардың біразын тұтқынға алдым, еңді біразын байлап-матап маған алып келді, ал олардың біріншісін, Схунха деп атайтын басшысын қолға түсіріп, маған алып келді. Сол жерде мен өз әміріммен екінші біреуін олардың басшысы етіп тағайындадым. Бүдан кейін бұл ел маған қарады» «Тарих атасы» атанған Геродот сақтар туралы былай деп жазады: «Бұл халық өзінің көптігімен және жауынгерлігімен көзге түседі. Массагеттер киім киісі мен тұрмыс-салты жөнінен скифтерге ұксайды. Садақ тартып, найзамен айқасады. Олардың барлық заттары алтын мен мыстан жасалған. Темір мен мысты мүлдем қолданбайды. Олар егін екпейді. Үй жануарлары мен Аракс (Әмударияның кене сағасы) өзенінен балық аулайды, ет жейді, сүт ішеді. Құдайлар мен күнге ғана табынып, құрбандыққа жылқы шалады». Сақтар мен скифтер туралы мәліметтер Страбонның, Үлкен Гай Плинийдің, Птоломейдің, Эфордың және т.б. грек-латын авторларының еңбектерінде кездеседі.

Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен айналысты. Олар негізінен жылқы, қой, түйе өсірді. Өзен жағалаулары мен суы мол жерлерде егін шаруашылығы да дамыды. Көшпелі сақ тайпалары жыл бойы көшіп-қонып жүрді. Бүкіл тайпалар өздерінің табыңдарымен, дүние-мүліктерімен әртүрлі бағытта алыс жерлерге көшті. Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы болды. Бұған зерттелген обалардың көпшілігінен қой суреттерінің, әдет-ғұрыптык ет тағамдары қалдықтарының көптеп табылуы дәлел бола алады. Қойдың еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, аркан есу және жіп иіру үшін жүні де пайдаланылды. Бесшатыр обаларынан табылған заттар дәлелдегендей сақтар киіздің көптеген түрін киіз үйді ұстауға, жерге тесеуге, сәндік бұйымға арналған киіздер және т.б. жасай білген. Көшпелі малшы мен жауынгер сақтың тұрмысында жылқы үлкен роль атқарды. Аса ірі, жүйрік аттарды көсемдер мен атақты жауынгерлер мінді. Олар жауынгерлердің жеке меншігі болып есептелді, иесі өлсе моласының басында бауыздалып бірге кемілді. Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында тұратын сақтарда түйе өсіру кең дамыды. Ірі қара малы аз өсірілді.

Сақ заманында доңғалақты көлік те жақсы дамыды. Оларда соғыс күймелері екі, төрт және алты доңғалақты арбалар болды. Арба үстінде орнатылған көшпелі киіз үйлер де пайдаланылды. Сак тайпаларында тұрмыстық үй заттарын жасау, еңбек кұралдары, қыш ыдыстар және тағы басқалар да жақсы дамыды. Олар неше түрлі өрнектермен, суреттермен безендіріліп жасалды.

Сол кездегі тарихи деректерде сақтар батыл, әрі жауынгер халық ретінде айтылады. Ер кісілер үнемі ат үстінде болған. Герадоттың айтуынша, сақтар тамаша мерген жауынгерлер болды. Парсы мемлекетінің патшасы Кир Лидия билеушісі Крезбен соғысқанда сақтардан әскери көмек алған. Лидияның патшасын бағындырғаннан кейін Кир патшасы сақтардың жеріне басып кіреді. Бірақ олардың жеңісі ұзаққа созылмайды. Сырдария өзенінен өткен жерде сақтардың әйел патшасы Томирис парсыларды ойсырата жеңіп, Кирдің басын алады.

Б.з. бұрынғы 519-518 жылдары парсы патшасы І Дарий сақтар жеріне жорық жасайды. Олардың әскерін сақ тайпасының бақташысы, жас жігіт Ширақ сусыз шөл далаға алып барып шөлден қырады. Сақ жауынгерлері кейіннен парсылармен бірігіп грек-парсы (Марафон шайқасы) соғыстарына қатысады. Б.з. бұрынғы IV ғасырда әлемнің көп жерін басып алған әйгілі қолбасшы Александр Македонскийдің әскерлері б.з. бұрынғы 330-327 жылдары Орта Азияға аттанады. Бірақ сақ жауынгерлерін жеңе алмай, Сырдария өзеніне жете бере кейін қайтуға мәжбүр болды.

Сақтар мемлекетінің саяси құрылысы әскери демократияға негізделді. Бүкіл елді тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі патша басқарды. Ол әрі бас қолбасшы болды, тайпа атынан келіссөз жүргізді, тайпа мен рулар арасындағы жайылымдық өмірге белсеңді араласты. Тіпті олардың кейбірі мысалы, Томирис, Зарина және т.б. тайпа көсемі болып сайланды. Сақ қоғамының әлеуметтік құрылымыңда адамдардың үш тобы ерекшеленді. Олар жауынгерлер, абыздар, басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер).

Сақтар заманының қоғамдық құрылыс жүйесін мынадай схема түріңде беруге болады: 1) шағын туыс отбасылар тобы - патраномия (оннан жиырмаға дейін); 2) көшпелі қауым; 3) тайпалар; 4) тайпалар одағы.

Сақ тайпаларында металл өндіріп оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен қоленер жоғары деңгейде дамыды. Сақ шеберлері қоладан әртүрлі қарулар, ат әбзелдерін, еңбек құралдарын, тұрмыстық үй заттарын тамаша жасай білді. Саздан тамаша үлгідегі қыш ыдыстар жасалды. Сақ тайпалары шеберлерінің жасаған мәдениеті «андық стиль» деп аталды. Оның басты такырыбы аңдар мен жануарларды қолөнер туындыларында бейнелеу болды. Бұл бейнелеу өнері Сібірге, Қазақстанға, Орта Азияға, Оңтүстік Шығысқа, Еуропаға көптеп тарады. Сақтардың материалдық мәдениеті қазіргі халықтардың мәдениетінен де көрініс тауып жүр. Қазіргі ұзын балақты шалбарлар, кысқа женді көйлектер, әшекейлі киімдер осы сақтардан қалған киім үлгілері. Қазақтардың мәсісі мен киіз қалпақтары және бөріктері де сонау сақ заманынан бері келе жатыр. Сақ шеберлері көбінесе жылқы, бұғы, қой, тау барысы, жолбарыс, бүркіт, қасқыр және тағы басқаларды бейнелейді. Аталған жануарларды тек сәндік үшін бейнелеген жоқ, оларға өзіндік мән-мағына, мазмұн берді. Сақ тайпаларында зергерлік өнер ісі де жоғары дәрежеде дамыды. Алтыннан, күмістен жасалған сәндік бұйымдар өзіндік көркемдігімен адамдарды әлі күнге дейін таң қалдырады. Сақ тайпаларында қала да болған, солардың бірі Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жердегі Шырық-Рабат қаласы. Бұл қала сақ тайпаларының бірі апа-сиактардың астанасы ретіңде мәлім болды.

Қазақстан аумағындағы сақтар туралы мәліметтердің бір бөлігі археологиялык зерттеу жұмыстары болып табылады. Бұлардың ең көбірек зерттелгендері Жетісудағы Бесшатыр обалары мен Есік обасы, Шығыс Қазақстандағы «Патша обалары» деп аталатын Зайсан ойдымының Шілікті аңғары мен Бұқтырма өзенінің жағасы, Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетіне кіретін «мұртты обалар», Батыс Қазақстандағы Сынтас және Бесоба қорымдары, Сырдарияның төменгі бойындағы Шығыс Арал ма-ңындағы Үйғарақ және Оңтүстік Түгіскен жерлеу орындары. Бұлардың ішіндегі әлем жұртшылығына белгілі болғаны «Есік» обасынан табылған «Алтын адам».

Алматы облысының Есік қаласы маңынан табылған бұл олжа Жетісудағы патша сақтарының ең көрнекті ескерткіштерінің бірі болып табылады. Бұнда жерленген адам 17-18 жастағы сақ ханзадасы болуы керек. Сол кездегі жерлеу салты бойынша барлық киімі түгел кигізіліп, қару жарағы асылған. Басыңдағы сәукеледен бастап, жұқатері киімдері, белбеуі барлығы алтынмен апталған. Алтын бөліктерінің барлық саны 4 мыңнан асады. Оң жақ бетіңде ағаш қыны бар темір семсер болса, сол жағыңца шауып бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған темір ақинақ бар. Сәукеле мандайындағы екі арқар мен екі тұлпар ат өте шеберлік пен және көркем етіп жасалған. Өлік маңында қойылған ыдыстар мен бірге табылған жазуы бар күміс тостаған да сақтар мәдениетінің қаншалықты жоғары деңгейде болғаңдығын дәлелдей түседі.

Сақ заманының осындай құнды ескерткіштері соңғы жылдары көптеп табылуда. Атап айтар болсақ, 1999 жылы Атырау облысының, Жылой ауданындағы Аралтөбедегі қазба жұмыстары (бұл жерде үш мәйіт хана зерттелді), осы жылдың шілде айында Ә.Марғұлан атындағы археология институты ұйымдастырған қазақ-француз-итальян біріккен халықаралық экспедипиясының, Шығыс Қазақстан облысы, Қотанкарағай ауданыңдағы Берел корымынан тапқан кұнды дүниелері және Зайсан ауданы Шілікті елді мекенінен тапқан «шілікті алтын адамы». Бұлардың бәрінде де «аң стиліндегі» туындылар, ыдыстар, қару-жарақтар және аттар, олардың әбзелдері табылды. Археологиялық бұл деректер Қазақстанның шығысынан батысына дейінгі орасан зор кеңістікті сақтардың мекеңдегенін және олардың мәдениеті мен өнерінің өркениет көшінен кейін қалмағанын тағы да нақтылай түседі.

Сақ мәдениетінің белді тарихи тұлғасы фәлсафашы Анахарсис б.з. бұ-рынғы VI ғасырда өмір сүрді. Сақ тайпасында дүниеге келіп Ежелгі Грецияда өмір сүрген Анахарсис құнды фәлсафалық мұралар жазып қалдырды. Аристотель «Никомах этикасында» екі тілді жақсы меңгерген Анахар-сиске сүйенеді. Диогеннің «Ұлы фәлсафашылардың өмірі мен ғылыми ізденістері» деген кітабында Анахарсиске жеке бір бөлім арналған.

Қытай өзендері мен Дунай өзенінің аралығындағы Ұлы дала мәдениеті өзіндік жеке мәдениет ошағы екендігін сақ дәуірінің мәдениеті айқын дәлелдейді. Ұлы дала мәдениеті Ніл, Тигр, Евфрат, Хуанхэ, Үнді өзеңдерінің бойында қалыптаскан мәдениеттер секілді Сырдария мен Амудария өзендері бойында қалыптасты. Келесі бір жағынан, бұл мәдениет ошағы Греция мен Кіші Азия, ІПығыс Жерорта теңізі және Месопотамия мәдениеттері секілді Азия мен Еуропа шекарасына орналасқан. Бұл мәдениет ошағының әуелгі кезде этномәдениеті жағынан өзіндік ерекшелігі бар еді, ал бертін келе басқа мәдениеттер мен етене араласып кетті.

Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар мемлекеті (б.з.б. II-V ғғ.).

1. Үйсін мемлекеті

2. Қаңлылар

3. Ғұндар. Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуы

1. Б.з.д. VIII-V ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы көшпелілер өркениеті көршілес тайпалармен және мемлекеттер мен экономикалық және саяси қарым-қатынаста бодды. Бұның өзі көшпелі шаруашылықтың экономикалық мүмкіндіктерін одан әрі тиімді пайдалануға, егіншіліктің, қолөнердің және сауда байланыстарының одан әрі дамуына алып келеді. Бұндай өзгерістер б.э.д. IV-III ғасырларда Қазақстанның жекелеген аудан-дары мен көршілес аумақтар да біршама тұрақты және ірі саяси бірлестіктердің кұрылуына алып келді. Бұл бірлестіктер - сол кездегі Грек-Бактрия, Парфия, Қытай жіне Кушаңдар империяларын да мойындатқан Үйсін және Қаңлылар саяси бірлестігі болатын. Соңғы деректер мен мәліметтер бұл саяси бірлестіктің мемлекеттік деңгейге дейінгі жеткеңдігін дәлелдейді. Яғни, б.э.д. IIIғасырдан бастап қазіргі Қазақстан аумағында Үйсіндер және Қаңлылар мемлекеті өмір сүрген деп айтуға біршама негіз де бар.

Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық бірлестіктердің бірі үйсіндер болып табылады. «Үйсін» («усун») деген терминнің этимологиясы осы уақытка дейін анықталмай отыр. Ол тек иероглиф жазуында ғана кездеседі. Оның дыбыспен айтылуы үйсін деген қазақ тайпаларының біріне сай келеді. Жетісу бойындағы сақ-тигрохаудаларды ығыстырған үйсіндер Қазақстан аумағына Орталык Азиядан б.з. бұрынғы үшінші ғасырларда келді. Үйсіндердің негізгі аумағы Іле, Шу және Талас өзендерінің бойы болды.

Археологиялық деректер үйсіндердің европоидтық нәсілге жататындығын және моңғолоидтық нәсіл белгілері бар екендігін дәлелдеп отыр.

Үйсіндер туралы алғашқы жазба деректер б.з. бұрынғы II ғасырдың соңынан бастап кездесе бастайды. Осы уақытта Жетісу аймағына келген Қытай саяхатшысы Чжан Цзянь үйсіңдер туралы алғашкы мәліметтерді береді. Оның мәліметтерінде үйсіндердің ғұндарға ұқсас екендігі және олардың алғашқы да ғұңдарға ұқсас ғұндарға бағынышты болғандығы айтылады.

Үйсіндер туралы мәліметтер, сонымен бірге Қытайдың «Тарихи естеліктер», «Хан хаңдығының тарихы» және Қытай тарихшысы Бан Гудың жазбаларында кездеседі. Ә.Марғұлан, К.Ақышов, А.Бернштам, А.Кушаев сияқты тарихшы-ғалымдар археологиялық материалдар мен жазба деректерді салыстыра отырып үйсіндердің шаруашылық өмірі мен тұрмысы, мәдениеті мен өнерін біршама жүйеге келтіріп, олардың тарихын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Чжан Цзянь деректерінен біз сонымен бірге үйсін тайпаларының халық саны 630 мың, үй саны 120 мың, әскер саны 180 мың болғаңдығын да білеміз. Тайпаның барлык билігі гуньмо деп аталған жоғары билеушінің қолыңда болады. Үйсін гуньмосының астанасы Ыстықкел маңыңдағы Чигу-Чэн («Қызыл аңғар») қаласыңда орналасты. Орда маңыңда басқа да бекіністер мен елді мекеңдер болған.

Б.з. бұрынғы 73 жылы үйсіндер мемлекеті үш бөлікке - шығыс, орталық және батысқа бөлінді. Үйсін мемлекеті өз заманында аймақтық-экономикалық және саяси жағдайларға қатысып отырды. Неке одақтарын жасау арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Мысалы, үйсін гуньмосы Ван-Гуйми өзінің қызы Дишиді Куги әміршісі Гянь-бинге берсе, б.з. бұрынғы 107 жылы Қытайдың Юань-Фын сарайы-нан атақты князьдің қызы Си Гюньді үйсін патшасы әйелдікке алады. Жетісу аумағы арқылы өткен Ұлы Жібек жолының тармақгары да басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға көмегін тигізді.

Қытай деректерінде үйсіндердің көшпелі мал шаруашылығымен айналысқаңдығы туралы айтылады. Чжан Цзянь «Үйсіндер егін шаруашылығымен, бақша, бақ өсірумен айналыспайды. Шебі шүйгін, суы мол жер іздеп, малмен бірге бір жерден екінші жерге көшіп жүреді. Оларда жылқы көп. Бай адамдардың 4000-5000-ға дейін жылқысы болады. Қаһарлы, ержүрек, бостандықты сүйетін өте күшті жауынгер халық болып есептелді» дейді. Мал шаруашылығы үйсіндер тұрмысында маңызды роль атқарды. Олар негізінен қой, жылқы, ешкі, сиыр және түйе өсірген. Үйсіндердің егіншілікпен де айналасқандығы археологиялық деректерден анықталып отыр. Үйсіндердің баспанасы шикі кесектен салынды. Бірнеше бөлмеден құралған үй іргесіңде мал қамайтын қоралары орналасты. Бір ауылда ондаған үй болды.

Үйсіндерде жерлеудің жаңа түрі кабір шұңқырынын бүйірінен үңгіп қуыс қазылды. Мәйіт осы қуысқа салынып, басы батысқа қаратылып шалқасынан жатқызылды. Өлген адамның жанына тамақ, ыдыстар және қару-жарақтар мен бағалы сәндік бұйымдар қойылды. Тайпа көсемдерінің қабірі басына үлкен қорғандар тұрғызылды.

Үйсін қоғамында тек малға ғана емес, жерге де жеке меншік орнады. Қолдағы бар жазба және археологиялык материалдар үйсін қоғамының мемлекеттік дәрежеге жеткендігін дәлелдейді. Үйсіндер дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштер - Қызылқайнар, Өтеген, Қызылкене, Алтынемел, Қаратұма, Талғар, Ақтас, Қалкан және т.б. қоныстар мен бейіттер.

Археологиялық материалдар үйсін тайпаларының жоғарғы мәдениеті мен өнерінің бар болғаңдығын дәлелдейді. Табылған заттар мен бұйымдардың және қару-жарақтардың жоғары көркемдік деңгейде жасалғаны, дүниеге көзқарасын анықтайтыны сияқты кұнды түрлері де көптеп кездеседі. Мысалы, Қарғалыдан табылған басқа киетін тәж тәрізді әшекейлі бас киімдегі бейнелер Ыстық көл қабірінен табылған сақ көсемінің бас киіміне ұқсайды. Бас киімдегі бір-біріне қарап тұрған қос қанатты тұлпарлар, олардың соңындағы аңдар мен адамдар, барыс үстінде шауып келе жатқан әйел, ешкіге, арқарға және айдаһарға мінген әйелдер, ұшып бара жатқан аққулар, өсіп тұрған ағаш пен оның сәңді жапырақтары үйсіңдердің табиғат пен дүниеге деген көзқарастарын білдіреді.

Үйсіндерден батысқа қарай Талас, Сырдария өзені мен Қаратау маңында және Орталық Қазақстанда б.з. бұрынғы III ғасырлардан бастап қанды тайпалары мекендеді. Қытай деректерінде бұл жерлер «Кангюйлар елі» деп аталады. Бүл этноним бұдан ерте кездегі жазба мәліметтерде де кездеседі. Діни Авеста шығармасында қазіргі Қазақстан аумағындағы «кангхалар» және сақтармен, тохарлармен катар «канкилер» деп те аталады. Қалай десек те, «кангар» этнонимінің б.з. бүрынғы VI ғасырдан бастап кездесетінін айтуымыз керек.

Б.з. бұрынғы II ғасырда Қытай императоры Чжан Цзяньды батыс елдеріне сауда елшілігіне жібереді. Ол өзі болған жерлер туралы кұнды зо мәліметтер қалдырады. Үйсіндермен қатар, олардың батысында тұрған қаңлылар туралы да мәліметтер жазады. Қытай елшісінің мәліметтеріне қарағанда қаңлылар елінде 600 мың адам, 120 мың әскер болған. Астанасы ретінде Битянь қаласы аталады. Үйсіндер сияқты қаңлылардың этника-лық сипаты жөніндегі мәселе де толық анықталған жоқ. Кейбір ғалымдар қаңлылар түрік тілдес халық десе (А.Бернштам), басқалары оларды солтүстік Иранның мал өсіруші тайпаларының қатарына жатқызады (Б. А. Литвинский).

2. Қаңлылардың мемлекеттік құрылымы туралы деректер өте аз кездеседі. Жанама деректер арқылы мемлекетті «би», «жабғу» деп аталатын патшаның басқарғанын білеміз. Сонымен бірге, мемлекеттік әкімшілікте патшаның көмекшісі және кеңесшілері болған. Қаңлыларға бағынышты болған бес иелікті Сусені, Фумуды, Юеньді, Гиді және Юегеньді патша тағайындаған әміршілер басқарған. Шығысындағы үйсіндерден үнемі қысым көрген жөне оларға қарсы тұруға шамасы келмеген қаңлылар ғүңдармен әскери одақ қүрады. Солтүстік ғұндар билеушісі Чжи-чжи қанды билеушісінің қызына үйленеді. Әскери одақты неке арқылы бекіткен қаңлылар ғұңдардың күшті армиясына үлкен үміт артады. Көп ұзамай ғұндар үйсіндерді жеңіп, солардың жеріне қоныстанады деп ойлады. Бірақ ғұндар жеңілген елдің жеріне қоныстанып, олардың заңдарына және салт-дәстүріне бағынғысы келмеді. Бұл жасалған одақтың бұзылуына және ғұндардың қаңлы билеушісінің ордасынан қуылуына себеп болды. Чжи-чжи өз әскерлерімен бірге Талас бойына кетеді және осы жерге мемлекеттің болашақ астанасы ретінде бекіністі қала салады. Бұл қаланы қытайлар талқандайды.

Қаңлылар өздерінің саяси, әскери және сауда қызметінде шығысқа карай ұмтылыс танытпаған. Оның бір себебі шығыстағы қытай, үйсін, ғұндар сияқты күшті мемлекеттердің өмір сүруі болса, екіншіден, олардың көрші мемлекеттермен көршілік достық қарым-қатынаста тұруға деген ниетінен болса керек. Олар сонымен қатар осы кезендегі негізгі сауда жолы болған Үлы Жібек жолының Сырдария бойымен жүретін бөлігіңдегі бағытын өз бақылауында ұстап тұруға ұмтылды. Қытай, Рим, Кавказ және Оңтүстік елдерімен сауда, экономикалық және саяси байланыстар жасады.

Қаңлылармен уакыт жағынан қатар өмір сүрген үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болса, Сырдария бойын мекендеген қаңлылардың шаруашылық кәсіптерінің негізгі бағыты отырықшы мал шаруашылығымен қатар, суармалы егіншілік те болды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде дәнді дақылдардың дәндері мен астық сақтайтын қамбалардың, дәнүккіштер мен астық сақтайтын ыдыстардың көп табылғанына қарағанда бұл еңірде егіншілік едәуір дәрежеде дамыған тәрізді. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік кұралдарын пайдаланған. Өзен салаларынан егіс алқаптарына қарай қысқа арықтар қазылды. Дегенмен егінді суару шектеулі көлемде жүргізілді. Өйткені, ірі каналдар мен арықтар қазуға күш жетпеді. Суды пайдалануда еңбектің ең қарапайым әдістері қолданылды. Талас пен Арыс өзеңдерінің аңғарларыңда, Қаратау баурайларыңда таудан аққан бұлақтар, жылғалар, кіші өзеңдер пайдаланылды. Негізінен арпа, бидай, тары және бау-бақша дақылдары өсірілді.

Шаруашылықтың екінші бір маңызды саласы мал өсіру еді. Қой, ешкі, сиыр және жылқы өсірілді. Қаңлылардың аң аулау мен балық аулаудың қосымша маңызы болды. Сырдария бойындағы тоғайлар мен Қаратау бойынан елік, арқар, киік және құстар ауланды.

Қауыншы, Жетіасар, Отырар-Қаратау мәдениеттерінен табылған археологиялық материалдар қолөнер кәсібініңде дамығаңдығын көрсетеді. Еңбек құралдары мен ыдыстары, қару-жарақтары темірден балқытылып жасалды. Айырбас саудасымен қатар ақша айналымы да қолданылды. Оны археологиялық казбалар кезінде табылған ақшалар дәлелдейді.

Қаңлыларда табиғатқа, ата-баба аруағына табыну сияқты діни ұғымдар болды. Олар сонымен қатар аспан денелеріне де айға, күнге, жұлдыздарға табынған. Б.з. бұрынғы I ғасырдын ортасында үйсіңдер мен қаңлылар арасында ұзаққа созылған соғыстар басталып, әлсіреген қаңлы мемлекеті өзінің өмір сүруінің соңғы жылдарыңда Түрік қағанатының құрамына енеді.

3. Б.з.б. І мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі өсті. Солардың бірі ғұңдар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығы мен және халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшпенділігімен мәлім. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орныда ерекше.

Б.з.д. IV-III ғасырларда Қытайдың солтұстігіндегі тайпалар екі саяси бірлестікке - сунну және дунху бірлестіктеріне топтасты. Әсіресе, сунну бірлестігі тез күшейіп көршілес аймақтарға да елеулі қауіп төндіре бастайды. «Сунну» атауының қайдан шыққаны әлі толық дәлелденбеген. Кейбір деректерде, бұл этноним аталған бірлестіктің қытайша жазылуынан деп есептеледі. Ғұндардың этникалық шығу тегі туралы түпкілікті тұжырым айту да қиын. Дегенмен де ғұндардың түріктердің арғы тегі екеңдігі туралы болжам басымдау келеді.

Ғұңдар туралы алғашкы жазба деректер б.з. бұрынғы 822 жылдан бастап кездеседі. Бұл деректер көшпелі ғұн тайпаларының осы жылы Қытайға жасаған аса зор шапқыншылық жорығы туралы айтылады. Б.з. бұрынғы IV—III ғасырларда Қытайдың солтүстігіңдегі көшпелі тайпалардың топтасуы нәтижесінде екі тайпалық бірлестік сунну және дунху тайпалары қалыптасты. Мұңдағы сунну тайпалары өз заманындағы тарихи оқиғаларға белсене қатысып, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады және олардың кейінгі дамуында да айтарлықтай роль атқарды.

Суннулар (хунну немесе ғүндар) б.з. бұрынғы III ғасырда едәуір күшейді. Ғұндардың жаңа жорықтарынан қауіптенген кытайлар Ұлы қытай қамалын салады және оны одан әрі нығайтады.

Б.з. бұрынғы 209 жылы ғүн тайпаларының билеушісі болып Моде сайланды және ғұн билеушілері шаньюй деп аталды. Ғұндарды құдіретті елге айналдыру мақсатыңда Мөде бірқатар реформалар жасады. Мөде алдымен көршілес тайпа дунхуларды талқандады. Солтүстігіндегі Саян-Алтай тайпаларын және батыстағы үйсіндерге жорықтар жасап, олардың бір бөлігін өзіне бағындырды. Осы жеңістерден кейін Меде Қытайға шабуылдады. Ғұндармен болған шайқастарда сәтсіздіктерге ұшыраған Қытай империясы Модемен «тыныштық және туыстық туралы» шарт жасасты. Ғұн билеушісі Қытай ханшасын әйелдікке алды және сонымен қатар Қытай империясы ғүндарға жыл сайын көп мөлшерде салық төлеп тұруға міндеттеңді.

Байкалдан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейін созылып жатқан үлкен аумақ ғұндардың қол астына қарады. Жасалған келісім шарт Мөде өлгеннен кейін де ондаған жыл бойы сақталды. Бұл шартты б.з. бұрынғы 123 жылы император Удидің ғұндарға қарсы жасаған жорығы бұзды. Ғұңдарды Ордостан ығыстырған қытайлар б.з. бұрынғы 90 жылы Янытань тауының түбінде ауыр жеңіліске ұшырады. Шаньюй Құлағу қытайлықтарға өз талаптарын қояды және бітім шартын жа-сайды. Бірақ бұл шарт мерзімі ұзаққа созылмайды.

Б.з. бұрынғы 59 жылы ғұңдарда билік үшін өзара күрес басталып, осының нәтижесінде қуатты ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань империясына бағынышты болды. Солтүстік-батыс Монғолиядағы солтүстік ғүндар билеушісі Чжи-чжи Қырғыз-нұр көліне таяу жерден өз ордасын орнатады. Хань империясы мен оңтүстік ғұңдардың тарапынан үнемі шабуылға ұшырап отырған солтүстік ғұңцар тәуелсіздігін сақтап қалды. Бірақ жиі-жиі шапқыншы-лыққа ұшыраған солтүстік және оңтүстік ғұңдар арасыңдағы қарым-қатынас шиеленісе түседі. Ғұндардың казіргі Қазакстан аумағына алғашқы жаппай келе бастауы б.э.д. II ғасырға сәйкес келеді. Бұл кезде ғүндар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендей бастаған болатын.

Жиілей түскен жорықтардан зардап шеккен солтүстіктегі ғұндар Солтүстік Монғолия мен Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне көшіп баруға мәжбүр болды. Одан кейінгі жылдары олардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп қаңлылармен көршілес отырады. Осы кезде қаңлылар үйсіндермен соғыста ғұндармен соғыс одағын жасайды. Бірақ бұл одақ берік болмай ғұндар мен қаңлылар арасында жанжал болды. Осыдан кейін екі жақ соғыс одағын бұзып Чжи-чжи қаңлы билеушісінің ордасынан қуылады. Көп ұзамай қытайлар солтүстік ғұндардың Талас бойына салған ордасына шабуыл жасайды. Ғұндардың ерлікпен шайқасқанына қарамастан қытай әскерлері қамал қорғанысын бұзып, қамалды қиратып, қаланы басып алады. Чжи-чжи өзінің туыстарымен, нөкерлерімен, атақты адамдарымен барлығы 1518 адам тұтқынға алынып, барлығының басы кесілді.

Ғұңдардың Қазақстан жеріне қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады. Олар батысқа қарай жылжи отырып жолында кездескен тайпалардың бірін күшпен бағындырса, екіншілерін өздеріне қосып алады. II ғасырда ғұндар Сырдарияға, Арал бойына, Орталық және Батыс Қазақстанға дейін жетеді. Ғұндардың батысқа қарай жылжуы басқа тайпалардың қоныс аударуына себеп бодды. IV ғасырда ғұндар басқа да көшпелі тайпалармен қосылып, оңтүстік орыс далалары арқылы Дунайға және одан әрі Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне дейін барады. Ғұндар Атилланың (Еділдің) басшылығымен Еуропа елдеріне жорықтар жасап, қалаларды қырғынға ұшыратты. Рим империясын құлатқан халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болды. Халықтардың ұлы қоныс аударуы Қазақстанның, Орта Азияның және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті.

Моңғол нәсілдес және түрік тілдес ғұндар Қазақстан аумағындағы тайпалардың антропологиялық тұрпатын да өзгертті. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігінің пікірінше ғұндар түріктердің арғы ата-бабалары. Ғұндардың қоғамдық құрылымыңда патриархадды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті сақталды. Бізге жеткен мәліметтер бойынша ғұндар 24 руға бөлінген. Оларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеді. Мемлекетті шексіз билігі бар шаньюй (тәңірқұт) биледі. Оған түменбасы деп аталатын бекзадалар бағынышты болған және олардың әрқайсысының меншігінде көшіп қонатын жер-сулары болды.

Ғұндардың тұрмысыңда мал шаруашылығы басты роль атқарды. Қытай тарихшысы Сыма Цяньның жазбаларыңда ғұңдардың үнемі бір жайылымнан екінші жайылымға көшіп жүретіндігі, мал өнімдерін пайдаланатындығы туралы айтылады. Ғұндардың өміріңде жылқы малы ерекше маңызды болған. Ғұндар сонымен қатар қой, ешкі, сиыр және түйе өсірді. Ғүндарда малға отбасылық және жеке меншік болғандығы туралы мәліметтер бар. Басқару аппаратын қаржыландыру үшін халықтан салық жиналды.

Артына терең тарихи мұра мен айтулы оқиғалар қалдырған, өзіндік мәдениеті қалыптасқан ғұңдар түрік тілдес тайпалар мен халықтардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты.

Тақырыбы: Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, түргештер.

1. Түрік қағанаты

2. Батыс Түрік қағанаты

3. Түргештер

1. VI-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі -турік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.

546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монголияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, бытшытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуань-жуань) (қарсы шығып, авар қағаны үйінін ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.

Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Онын. ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұканның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан- кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірак Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.

Түрік кағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы оның екі дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы — Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде).

2. Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы — "он тайпа" (он-ақ будунның (мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік кағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Сармаканд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.

Қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған /618-630 жж./ билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін жылжытып кеңейтеді.

Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Елдің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Түріктер Персия арқылы Византияға жібек және басқа заттар өткізуге рұқсат сұрап, 568 жылы Соғды көпесі Маниахтың басқаруымен елшілік жібереді. Бірақ бұл жолғы сапар сәтсіздікпен аяқталған. Одан кейін VI ғ. 70 жылдары осы елші Кавказ жері арқылы Константинопльге келіп, екі елдің арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың бірігіп, сасанидтер Иранына қарсы қимыл жасау жөнінде келіссөз жүргізеді.

Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналасын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнерімен де шұғылданып, өмірге қажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және қаружарақтарды жасап пайдалана білді. Түрік қағанаты әлеуметтік тұрғыдан алғанда бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп тұрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің иесі қаған болған. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, ұлық, шад және елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақ-тұғын. Сот қызметін бұйрық берушілер, тархандар жүргізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды "қара буын" ("қара халық, "тобыр") деп атаған.

Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны Жетісу жеріндегі ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен Батыста, Оңтүстікте ұшы-қиыры жоқ жері бар біртұтас орасан зор мемлекет құрған түрік батырлары "басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік" деген сөздерді тасқа қашап жаздырып қалдырған. "Күлтегін" жыры да осы тас жазуы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Осы жырдағы Білге қағанның "Ілгері — күн шығысында, оң жақта - күн ортасында, кейін - күн батысында, сол жақта түн ортасында - осының ішіндегі халыктың бәрі маған қарайды" деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болған. Жергілікті халықтар түріктердің мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына көшіп, тілін қабылдаған.

Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегі феодалдық қатынастардың өрбуі біршама тез іске асты.

Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі- жиі ауысуы оның ыдыраушылығын күшейтті. Он алты жылға 640-657/ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетісуға қытайдың Тан империясы әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты. Алайда, түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түргештердің күшейіп көтерілуіне, сөйтіп 704 жылы Жетісуда олардың саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды.

3. Түргеш қағанаты 704-756 жылда аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның, басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезенде түргештер Согді /Согдиана/ еліне көмекке келеді, Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады.

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билеуші оның баласы Сақал-Қаған болды. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бұл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі еді, бірлік болмады. Батыста түргештер согділермен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңгария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандыктар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, согділер /согдицы/, Шаш /Ташкент/ қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды.

Көптеген қиындықтардан кейін Түргеш қағанаты Сүлік қағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларынын қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сүлік екі майданда: батысты арабтарға қарсы, шығыста батыс түрік қағандары мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныккан) қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сүлік арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сүлік қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, оның осы жағдайын Тан /Қытай/ империясы ұтымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны басып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Олар Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін калдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады.

Сөйтіп, көшппелі түрік тайпалары құрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет құрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен СолтүстІк Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, СолтүстІк Шығыс және Орталық, Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орталығы болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті орнады.

Тақырыбы: Қарлұқтар, оғыздар және қимақ қағанаттары.

1. Қарлұқтар: саяси таихы мен шаруашылығы

2. Оғыздар

3. Қимақ қағанаты

1. VIII ғасырдың орта кезінде Қазақстан жеріндегі Түргеш қағанатын қарлұқтар талкандап жеңіп, оның орнына 756 жылы түрік тілді олардың тайпалары келіп орналасты. Қарлұқтар Батыс Алтайдан көшіп келіп, Жетісу жерлерін өздеріне қаратып басып алды. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы — Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.

Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашкы деректер "Суй әулеті тарихында" 581-618 жылдары кездеседі. Онда Қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Ақтағ /Алтай/ баурайларында мекендеген бұлақ/було/ деп аталған.

Қарлұқ тайпалары VІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрін де қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстык көлдің арасын, Ыстық көлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлұқ тайпаларының бірі IX ғасырдын бас кезінде Отырар /Фараб/ қаласы маңына барып қоныстанған. Қарлұқтар Талас бойында да тұрды.

Қарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіктері — Моула, Чжисы және Ташли кірді. Бірінші тайпаның аты Моула — бұлақ деп аталған. Басқа бір тобы Чжисышігіл деп аталды. Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің бәрін Шігілдер деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы — Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы X ғасырда Іле аңғарында, Ыстық көл мен Балқаш көлдерінің арасында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін "жабғу" деп атаған. Олардың астанасы — Қойлық қаласы.

Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі — Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен және қырғыздармен соғысып тұрды. Олар батыста Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен жан аямай күреседі. IX ғасырдың бас кезінде қарлұқтар арабтарға қарсы бағытталған әртүрлі қимыл-әрекеттерді белсене қолдайды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /казіргі Луговой стансасы/ каласьна жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы қимақ еліне қашып кетуге мәжбүр болған.

840 жылы Орталық Азия даласьшда аса маңызды тарихи оқиға болады. Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын жойып, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, Қарлұқ жабғысы Білге құл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, өзінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы жылы Орта Азия саманилері оған қарсы шығып, Исфиджабты басып алды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бұған қоса Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қоймай, олардың мемлекетіне жорықтар жасап тұрды. 904 жылы олар Мәуеренахрға басып кіреді, бірақ біраздан кейін кетуге мәжбүр болады.

Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бұл, әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар тұрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін көбейтуге тырысты. Осының салдарынан қарлұқ жабғылары билігінің аты болмаса, заты жоқ-тұғын.

Қарлұқ феодалдық коғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір құқы жоқ тобы — құлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ, Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, ал бұл жолдың Казақстанның оңтүстігі мен Жетісу үшін елшілік және сауда-саттық байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы болды.

Дегенмен Қарлұқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалық байланыс жүйесін орната алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алады да, Қарлұқтар мемлекеті құлайды.

2. Қарлұқ кағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.

Оғыздардың ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстық көлдің маңы. Қазіргі кезде оның жағасында "9 оғыз" деп аталатын демалыс үйі бар. Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, қарлұқтардың шабуылынан кейін Оғыздар Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы печенг бірлестігімен ұзақ, уақыт соғысуға тура келеді. Соның салдарынан оғыздар осы өңірдегі бұрыннан тұратын халықтармен одақ құрады. Оның құрамына Оңтүстік және Батыс Казақстанның байырғы тұрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңындағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бұл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы аймақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жүрді.

Истархи "Китаб месалик әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлұқ пен Бұлғар және мұсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджабпен шектесіп жатқан. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.

IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жайылған. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий
аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иеленетін отырықшы облыстармен, Хорезммен, Мәуеренахрмен жәнеХорасанмен шектесіп жатқан.

X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ұлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік-шығыс Қарақұм шөлі мен Арал аймағының Қызылқұмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпаларының
қарлұқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөнінде тарихи деректерде сақталмаған.

X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы — Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен.

Оғыз мемлекетІ өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын көл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің "сюбши" деп аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарған.

ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық қатынастар дамиды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетіңде алым-салықты тиянакты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл - мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді.

Оғыздар қоғамында жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай аксүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен. Оғыздардың басты шаруашылығы мал өсіру болған. Х-ХІ ғасырларда Оғыз жерінде Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ қалаларының болғандығы айтылады. Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты, егіншілігі дамыған аймақтармен тығыз байланыс жасап тұрған.

Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсекелес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды.

X ғасырдың аяғында оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыстаудан /оғыздар Манкишлак деп атаған үстірттен/ өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады.

XI ғасыр басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланады. Салжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алады, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір күшейеді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлайды.

Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы бөлшектердің бірі болды. Оғыз этнонимдері Кіші жүз бен Орта жүздегі қазақ рулары мен тайпаларының аттарында сақталған.

3. VII ғасырда қыпшак пен қимақ /кимек/ тайпалары Ертіс бойьн жайлаған. Бір ескертіп айтатын жәйт, кимектер мен қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер бойынша бұлар екі халық, бірақ түркі тілді туыс тайпалар болған. VIII ғасырдың орта кезіндегі қимақтардың көршілері — Ертіс бойындағы қарлұқтар және Енесей бойындағы қырғыздар еді. IX ғасырдың бас кезінде қимақтардың кейбір топтары Жетісу жеріне өтіп, тоғыз оғыздарға көрші болды. Кейінірек қимақтардың біразы оғыздармен бірге Орал аймағына, Арал және Каспий маңындағы далаларға орналасты. 766 және 840 жылдары кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: еймур, имек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы құрылды. Ал X ғ. басында кимек мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Орталығы — Хақан қаласы. Қимақтардың ең үлкен басқарушысы хакан деп аталған, Қимақтар өздерінің хақанымен бірге Орта Ертіс өңірінде тұрған. Олардың 16 қаласы болыпты. Олардың бастылары Хақан, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ коғамындағы мал-мүліктің тенсіздігінін нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Сөйтіп, қимақтардың жерінде феодалдық қатынастар орныға бастайды.

IX ғасырдың екінші жартысы нен XI ғасырда қимақ-қыпшақ тайпалар одағының негізінде ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты. Қаған елді көптеген басқарушылары
арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналысқан. Қимақтар мен қыпшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған.

Қимақтар мен қыпшақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Өлгендерді өртеп жерлеген. Ертіс өзенін қасиет тұтып, "өзен-адамның тәңірі" деген. Тас сымбат /мүсін/ қойып, оған табыну салты кеңінен тараған.

X ғасырда оңдаған тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті.

Тақырыбы: Қарахан, қарақытай, наймандар, керейлер, қыпшақтар мемлекеттері.

Қарахан, қарақытай мемлекеттері Наймандар, керейлер мен қыпшақтар

1. Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері мекендеген.

Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915-955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарахан хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі — Білге құл — Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды.

955 жылы Мұса өлген соң Қарақан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы Әли Арсылан өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі отбасы әулетінің - Әли Арсылан хан мен Хасан (Харун) Боғра ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) ұрпағының ықпалы күштірек болса, ал кейін бұл ықпал Хасан (Хасанилерге) ұрпақтарына көшті.

X ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті мемлекет Согдиана феодалдық талас-тартыстардың нәтижесінде әлсірей бастады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланды. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұқараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне ойсырата соққы берді. Қарахан хандығы киян-кескі ұзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: 1. Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. 2. Мәуеренахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.

Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Туған хан билеп тұрды. Бірақ онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Туған- ханды Қашғардан тықсырып шығарды.

1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар шабуылына ұшырады. Олармен шайқастан кейін көп ұзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-хан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді. 1032 жылы Қадыр-ханның иелігіне Жетісу, Исфиджаб пен Тараз өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан Шығыс Қарахан қағандығында билік үшін күрес шиеленісе түсті,

1056 жылы Қадырханның ұлы Иинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алды, бірақ ол көп ұзамай Ииналды у беріп өлтіреді. Таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан кейін Барысхан әміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын он бес жыл бойы /1059-1074 жж./ Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.

Карахан мемлекетінін басшысы — хақан, оған ең жақын кеңесші, көмекші — уәзір болды. Бұдан басқа сарай күзет бастығы, есік қорушылар, қазынашылар және елшілер қызмет етті.

Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік- саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Хандар елді өзіне жақын адамдармен және уәзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Исфиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта деп аталды. Икта институты Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде елеулі рөл атқарған. Бұдан басқа феодалдық жер иеленушіліктің басқа түрлері де қалыптасты. Олар ислам дін иелеріне қарасты — вакфтық жерлер, ірі феодалдар жалға беретін -издолыцина деп аталатын жер иеліктері, сондай-ак, коммендация — жер иелігі. Ол бойынша әлсіз кедей шаруалар өз жерлерін ірі феодалдарға, әскер басыларына т.б. қамқорлыққа беріп отырған. Ол үшін күшті адамдар әлсіз адамдарды қорғауга тиіс болған.

Қарахан мемлекеті халқының ең басты тіршілігі -көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Қарахан қағанатында қала өмірі, сауда, қолөнері, егін шаруашылығы жақсы өркендеді. Қарахандықтар алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, басқа да әртүрлі бағалы тастардан үй тұрмысына қажетті заттарды, әшекейлі сәнді бұйымдарды жасай білген.

Русьпен, Византиямен, Иранмен, Закавказьемен, Орта Азиямен қызу сауда жүргізген қарахандықтар көршілес мемлекеттермен ұзақ уақыт бойы табан тірескен соғыстар да жүргізді. Бұл соғыстар мемлекетті әлсіретпей қойған жоқ. Қағанатқа 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ /Сельджук/ сұлтандығы шабуыл жасап, Батыс Қараханның орталығы Самарқанд қаласын басып алды. Дәл осы кезде Шығыс Қарахан Қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғұрыл шабуыл жасап, Қашғар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтарға байланысты XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. Бұған шығыстан көшіп келген кидан тайпаларының да үлкен әсері тиді.

X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Кидандықтар Сұн /960-1279/ империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға қарай жылжиды. Алайда, осыған қарамастан, Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Көрші тайпалардың соғыстарына және ішкі талас-тартыстарға байланысты Ляо империясы әлсірей берді. 1125 жылы ол тұңғыс-маньчжур тайпаларының соққысынан бас көтере алмайтындай жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін Кидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа қарай көшіп, Жетісу жеріне келіп орнықты /жергілікті жерлерде оларды қара қытай деп атады/. Сөйтіп, олар Оңтүстік-шығыс пен Оңтүстік Қазақстанға орналасты.

Кидандар Орта Азияға қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін горхан деп жариялады. Қайтар жолда горхан әскерлері Бұқараны оңай басып алып, Баласағұн аймағына келіп орналасты. XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бұқара мен Самаркандты қоса алғанда, Мәуеренахр аймағының жері қара қытай иелігіне кірді.

Елюй Дашы 1143 жылы қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Набұян басқарды. Жеті жылдан соң Даштың ұлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150-1164 жж. горхан болды. Ол қайтыс болған соң, қарындасы Бұбұған таққа отырып, 1164-1177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде Қарақытай ордасында саяси өзгерістер болып, Бұбұған өлтірілді. Оның орнына Иленің баласы Жилугу горхан болды. Жилугу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді. Бұл кезде қарақытайлар Орта Азиядағы басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Ауған аймағынан шыққан Гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы берді. Ал 1210 және 1213 жылдары Қарақытай мемлекеті Хорезм шахы Мұхаммедпен және наймандармен соғыстар барысында ыдырап құлады.

2. Казақстан жеріндегі ертеден келе жатқан тайпалар -Жалайыр, Найман мен Керейт, қыпшақтар. Найман тайпалар одағы /түрікше "сегіз тайпа одағы"/ VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.

Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал солтүстігінде - қырғыздар, шығысында -Тола алқабын, Орхонның орта ағысы және оң жак бетін алып жатқан меркіттер мен керейттер болды. Алайда, бұл қоныстар тұрақты болмады, өзара талас-тартыс, соғыс пен шапқыншылықтар барысында тайпалар бір жерге тұрақтай алмай, жаңа жерлерге көшіп отырды. Өйткені наймандарда олармен көрші керейттер де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.

Наймандар мен керейттер /керейлер/ 2 мыңыншы жылдықтың басында Қазақстан жеріндегі этникалық-генетикалық процестерде белгілі рөл атқарды. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. "Ұлыс" деген сөз ол кезде "халық" деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың, өкілі, хан басқарды. Хан ордасы ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болып, әскері - ондық, жүздік, мыңдық, түмендерге бөлінді.

Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде ұйғыр жазуын пайдаланған. Ханның "алтын мөрі" болып, онымен қажетті құжаттарды куәландырып отырған. 1206 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға қатты соққы берді. Бұдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Осы кезде Жетісу жерінде қара-қытайдың әскерлеріне Хорезм шахы Мұхаммед шабуыл жасап соққы берді, ал қалғандарын 1213 жылы Күшлікхан басқарған наймандар жаулап алды. Қарақытай әскерлері талқандалып жеңілген кезде, олардан ұйғырлар бөлініп шықты. Осыдан кейін Карақытай мемлекеті құлады. Хорезмшах наймандардың шабуылынан қорқып, оларға Сырдария өзеніне дейінгі жерлерді — Сайрам, Ташкент және Ферғананың солтүстік бөлігін бөліп берді. 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандарды талкандап жеңді. Қашып шыққан Күшлікті олар ұстап алып Бадахшанда өлтірді. Бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу жерлері монғолдардың қол астына көшті.

Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер X ғасырдың, бас кезіне жатады. Керейттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде - меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде - таңғұттар мекендеген. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы - Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы, ал оңтүстік ордасы Хуанке өзенінің бұрылысының теріскейінде тұрған. Орхондағы бас орда өте қолайлы жерде, сауда жолының аса маңызды бөлігінде орналасқан. Сол себепті ол көршілес және алыс елдерден келетін көпестер, сол сияқты миссионерлер жиналатын орынға айналған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несторияндық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.

XII ғасырдың 50-ші жылдары керейттерде Мырғыз хан билік жүргізді. Кейін ол қытайлар қолына түсіп өлтірілген. Одан кейін елді Бүйрек хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті.

Тоғырылхан тұсында Керейттер ұлысы солтүстікте -Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанкеге дейінгі, батыста - Хангай тауынан, шығыста - Халкин Голге дейінге жерлерді еркін жайлаған. Керейттер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, монғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық-мәдени байланыс жасап тұрған. Тоғырылханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері - Темучин (Шынғысхан) мен Жамуха - тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болады. Керейттер билеушісі Тоғырылхан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан.

Керейттер мен наймандар және жалайырлар әлеуметтік-саяси дамудың бір денгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым-ұлыстар болып ұйымдасады. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының басқару органдары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Наймандар мен керейттерде кәдуілгі хұқ низамы қолданылған. Қоғамның таңдаулы тобына қызмет орындары мұра болып берілген.

XII ғасырдың аяқ кезінде Темучиннің әскерлері татарларды талқандағаннан кейін 1203 жылы керейттерді бағындырады.

Жалайырлар туралы алғашқы тарихи деректер X ғасырдан бастап кездеседі. Жалайыр жайында тарихшылардың негізгі сүйенетін еңбектерінің бірі Қадырғали Жалайыридың "Жылнамалар жинағы" - деген кітабы (1602 ж.). Оның шыққан тегі жалайыр болғандықтан, кітабын Оғыз ханнан бастап Шыңғыс дәуіріне дейін жеткізген. Бірақ осыған қарамастан жалайырлардың шығу тегі осы кезге дейін жете ашылмаған, яғни олар моңғолдар ма әлде түріктер ме, бұл мәселе әлі толық зерттелмеген. Бірқатар ғалымдар Парсы тарихшысы Рашид ад-диннің "Жамих-ат-тауарих" еңбегіне сүйеніп, жалайырларды түріктенген ұйғырлардан шықты деген болжам жасайды. XII ғ. жалайыр тайпалары құрамында түріктенген ру тайпалар мен монғол тілді тайпалардың болғаны айтылады.

Ляо империясы және Қытайдағы Жин әулеті кезінде жалайырлар Моңғолиядағы белді ұлыстардың бірі болған. Өйткені жалайыр халқының басқа ұлыстармен салыстырғанда саны біршама көп, жайлаған жері де едәуір үлкен аймақты алып жатқан. Атап айтқанда, олардың бір шеті Өнен бойында болса, екінші бір қанаты Монғолияның орталық аймағы Қарақорымға дейін жеткен. Бұл кездегі жалайыр ұлысы он ірі тайпаға бөлінген. Олар: жат, тоқырауыт, қаңқауыт, құмсауыт, оят, нылқын, қорқын, төлеңгіт, тары және саңғұт. Ал осы тайпалардан кейін көптеген рулар өрбіп шыққан.

XIII ғ. басында Шынғысхан моңғолдар тайпаларын бір орталыққа біріктірген кезде, жалайырлар оған бағынып, Шыңғысханның басты әскери күштерінің біріне айналады.Шыңғыс жасақтарының қатарында жалайырдан шыққан көптеген қолбасы, түмен басы, мың басылар, белгілі батырлар әскери жорықтарға қатынасып, өздерінің ерліктері мен көзге түскен. Бұлардың ішіндегі ең атақтысы жалайырдың жат руынан шыққан Мұқалы батыр. Ол ІПыңғысханның ең сенімді серіктерінің бірі болып, оның әскерінің сол қанатына қолбасшылық еткен. 1216 жылы Мұқалы өз жасақтарымен
Жинжу қаласын билеуші қытай ақсүйегі Жақ Жиннің монғолдарға қарсы көтерілісін басқан, ал 1218 жылы ол қалың колды бастап кидандары жаулап алу жорығына қатысқан.

Жалайыр жасақтары 1219-1221 жж. Шыңғысханның Орта Азияға, Қазақстанға және Иранға жасаған жорықтарына қатынасып, олардың арасынан әйгілі әскери қолбасылар шыққан. Олар Орта Азияда, Индияда, Ирак жерінде үлкен рөл атқарып, тарихта өздерінің аттарын қалдырған. Солардың бірі — Шағатайдың мыңдаған қолын басқарған Мұқанойын Сартақ Жалайыри мен оның баласы Оба Жалайыри. Олар Шыңғысхан сарайында бек атанып, Шағатай ұлысына, Моғолстанға, Мәуеренахрға билік жүргізуге араласқан. Кейбір белгілі жалайырлар жайында "Темір тарихында", "Бабырнамада" жазылған. Бабыр Орта Азияны билеп тұрған кезде жалайыр басшылары оған көп көмек көрсеткен. Әбілқасым Жалайыри, Сейтқасым Ішік Жалайыри, Хасен Әли Туфейл Жалайыри, Құсайын Әли Жалайыри Бабырдың әскер басшылары, кеңесшілері болған. Бабырдың айтуы бойынша бұл кезде жалайыр рулары Ферғана өңірінен Жетісуға ауысып, ол жерді өздерінің құтты қоныстарына айналдырған.

X ғасырда оңдаған тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Сондықтан қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр етті. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді"Дешті қыпшақ", яғни қыпшақ даласы деп те атады.

XI ғасырда қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетті.

XI ғ. орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан /Еділден/ батысқа қарай жылжыды, сөйтіп Шығыс Еуропа елдерімен, орыстармен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық, қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы — VII ғ. екінші жартысы -VIII ғ. соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғ. аяғы — XI ғ. басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістің Орал таулары және Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. XI ғасырдан XIII ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ кыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.

Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара — Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшак тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар тұрды. Негізгі байлығы жылқы, кейбір бай аксүйектері 10 мыңға дейін жылқы ұстаған. Кедейлері мал бағумен айналысқан. Сөйтіп, қыпшақ хандығы ерте феодалдық мемлекет болып саналады.

1065 жылы салжұктардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Содан кейін қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелді болды. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий тенізінің шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. 1096 жылы "Құдіретті" хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.

XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент,төмендегі Сырдарияның тағы баска қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Дегенмен XII ғ. алғашкы
жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның мұсылмандық әулеттері арасындағы қиянкескі ұрыс алаңына айналады.Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата
жеңеді. Тап осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсуйектерінің арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың кушеюі еді.

XII ғ. екінші жартысынан, әсіресе, Текеш (1172-1200 жж.) билеген кезден бастап, Хорезм қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнаулы саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшақ, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары әртүрлі қызметке тартады. Бұдан басқа туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы: XIII ғ. бас кезінде Хорезм шахы Ала ад-дин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Әмин Мәліктің қызына үйленген. Осының арқасында Әмин Мәлік Хорезм шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.

Хорезм шахы Мұхаммед/1200-1220 жж./өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде хорезмшахы Мұхаммед Дешті Қыпшақ еліне бірнеше рет жорық жасайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, монғол басқыншылығының дәуірі басталады.

Тақырыбы: Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі (VI-XII ғғ.).

1 1.Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары. Ұлы Жібек жолы

2. Қазақстан жеріндегі материалдық және рухани мәдениет

1. VІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Исфиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар".

VІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ Жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. VІІ-VШ ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған.

Археология және архивтік материалдар бойынша VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ "Отырарбенді патшасы" деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі — Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағаны Дизабұлға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 630 жылы қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.

VII ғасырда Тараз "Ұлы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.

Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші — Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапкы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ак, Іле өзенінің алқабында Қойлык, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.

Сырдариядағы ірі қала — Сығанақ. Казақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар.

Х-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар -Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршылылықкент, т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы - шахристаннан рабадқа ауысқан.

Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VІ-Х ғасырлардағы халықаралық саудада "Ұлы Жібек жолының" зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болған. "Жібек жолы" Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет, Дех-Нуджикент қалаларын басып етті.

Тараздан "Жібек жолымен" Төменгі Барысханға, Құланға (Луговое каласы), одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.

Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ак Ырғыз бен Ертіс анғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған.

Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б. шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінген бұйымдар — меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.

Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.

Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.

ІХ-ХII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.

Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен /омаш/ өңделіп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі езендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.

Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты. Құмыра жасаушылардың, шыны үрлеушілердің, зергершілердің, қару-жарақ жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың бауырындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяк-табақтар, т.б. ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстанды бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды.

Бұрыннан келе жатқан ақша айналысы сол күйінде қалды. Қалалардың ішкі рыноктарында саудада мыс ақша қолданылды. Қалалар арасындағы, сондай-ақ, сыртқы саудада байлық ретінде жинап сақтауға қолайлы алтынның орнына күміс ақша пайдаланылды. XI ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда Тараз және Исфиджаб қалаларында ақша жасайтын теңге сарайы істеді.

2. Қазақстан жерінде УІ-ХІІ ғғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр. Түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдыктарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесетін заттар: кол диірмендер, үккіштер, темір орақ т.б. құрал-жабдыктар. Бұлар ол кездегі халыктардың егін шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларының мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал-сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары т.б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдары, әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар т. б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі.

Түркі халықтарының материалдық мәдениеті жөнінде айтқанда, әсіресе, зираттардың басына тастан жасалған мүсіндердің, көптеп қойылғандығы көңіл аударады. Олар: балбал тастар, тас келіншектер т.б. Бұл тас мүсіндер Қазақстанның барлық аймақтарында көптеп кездеседі. Олар түркі тайпаларының ішінде қолөнерінің, әсіресе, тас қашайтын шеберлердің болғандығын көрсетеді.

Х-ХII ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың ғылымы мен мәдениеті көрші елдерге қарағанда едәуір жоғары дәрежеде өркендеген. Бұған феодалдық қатынас-тардың нығаюы, мемлекеттік құрылымның шығуы, отырықшы-егіншілік шаруашылық пен қалалардың өсуі, шоғырланып топтасқан этникалық процестердің күшеюі сияқты тарихи жағдайлар әсерін тигізді. Орта Азия, Алдыңғы Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен шаруашылық, сауда және мәдени байланыс жасау - осы елдердің халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетінің өсіп-өркендеуіне игі ықпалын тигізді.

Арабтар Қазақстандағы басып алған жерлерінде көне түркі жазуын ығыстырып, оның орнына араб жазуын енгізді. Бірақ, халықтың тілі бұрынғы түрік тілі болып қалды. Ал оқымыстылар өздерінің еңбектерін араб тілінде жазды.

Қазақстан жерінде туып-өскен философ әрі энциклопедияшы ғалым мұсылман шығысында Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" ретінде белгілі болған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн ұзлақ әл-Фараби ат-түрік Шығыс пен Батысқа X ғасырда мәлім болды. Ол 870 жылы түрік /қазақ/ отбасында Отырар (Фараб) қаласында туған. Руы -қыпшақ, әкесі - әскери адам болған, әл-Фараби жас кезінде өте зерек, ақылды, пысық, аттың құлағында ойнайтын, садақты да жақсы ататын болған. Ол қол өнері шеберлігін және ғылым негіздерін Отырардың медресесінде игерді, онда өзінің ана тілі және түрік тілінде оқыған. Бағдат халифатының орталығы Бағдат қаласында оқуын жалғастырған, ол араб тілін терең біліп үйренген.

Әбунасыр Бағдатқа барар жолында Шашта, Самаркандта, Исфақанда, Хамаданда және басқа қалаларда ұзақ уақыт аялдап, Бағдатта ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен бірнеше тілдерді оқып, меңгерген. Ол грек ойшылы Аристотельдін, еңбектерін зор ынтамен оқып, үйренді.

941 жылдан бастап әл-Фараби ел басшылары өзіне көп қамқорлық жасаған Дамаскі мен Халеб қалаларында тұрды. Ол осы тұста белгілі ақындар мен ғалымдардың арасында өзінін, оқымыстылығы мен білімінің тереңдігімен көзге түсті.

Көптеген елдерде, әр түрлі этникалық ортада бола жүріп, әл-Фараби отанын ұмытпайды, өзінің түрік екенін үнемі айтып жүрген. Ол 950 жылы Дамаскі қаласында қайтыс болды.

Әл-Фараби философиясының негізі - аристотелизмдік эманация туралы неоплатондық іліммен ұштастыру болып табылады. Оның философиясының бірегей, дербес сипатына ешкім күмән келтірмейді. Негізінен идеалист бола тұрып, әл-Фараби материалистік пікірлер де айтқан. Мәселен, ол ең жоғарғы дүниенің бар екенін және оны түйсік арқылы танып-білуге болатынын мойындаған, адамның жанын денемен байланысты қараған. Нақ осы себептен де мұсылман дін басылары философты діннен безген деп те кінәлаған.

Дүние, әл-Фарабидің көзқарасы бойынша, материалдық элементтерден құралатын заттардан тұрады. Қозғалыс -денелердің қасиеті. Заттардың өзінде қозғалыс мүмкіндігі бар.

Сана туралы ілім әл-Фараби философиясындағы маңызды жетістіктердің бірі. Ол адамның санасы мен болмысының бірден бір бастамасы құдайдың құдіретімен болған деген объективтік-идеалистік түсінікке негіздеп, адамның санасы мен болмысындағы диалектикалық бірлігін ашты. Әл-Фараби жер бетіндегі дүниеге іштей тән және дүниенің заңдылықтарын анықтап отыратын "әрекетті сана" туралы тұжырым ұсынды.

Әл-Фараби ғылымының методологиялық мәселелеріне ерекше мән берді. "Ғылымдардың шығуы" деген трактатында ол ғылым дінге тәуелсіз деген тұжырымға сүйенді. Табиғат өз алдына дербес, оның себептері өзінің сипаты бойынша табиғи түрде болатынын атап көрсете отырып, құдайды тек қана әлемнің жаратылуында алғашқы себепшісі ретінде ғана бар деп білді.

Ғылымдар жүйесінде әл-Фараби жаратылыстану, математика ғылымдарына зор көңіл беледі. Оның математикалық астрономия, музыканың, физикалық-математика теориясы, сондай-ақ геодезия мен архитектураның математикалық негіздері жөнінде бірқатар іргелі зерттеулері бар.

Әл-Фараби тіл мен ойлаудың, логика мен тілдің өзара байланысы туралы өте маңызды пікірлер айтқан. Оның еңбектерінде ұғымдардың және олардың логикалық мазмұнының, сөздер мен сөз тіркестерінің семантикалық табиғаты мен байланысы атап көрсетіліп, тіл туралы топтастыру жайы көрсетілген.

Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы Шығыс пен Батыстың ғылымы мен мәдениетінің дамуына, оның ішінде ибн-Туфайл, ибн-Рушд, ибн-Сина, Омар Хаям, Родтер, Бэкон, Леонардо да Винчи және баска ойшылдардың шығармашылығына зор әсерін тигізді. Сол сияқты әл-Фарабидің еңбектері басқа оқымыстыларға, оның ішінде әл-Хорезмиге, әйгілі астроном және математик Аббас Жаухари, сондай-ақ тілші Махмұд Қашғаридің еңбектеріне үлгі болған. Өзі белгілі географ әрі саяси қайраткер, Қимақ ортасынан шыққан Жанақ ибн Хақан әл-Кимақи еңбектеріне ықпалын тигізген.

XI ғасырда Жүсіп Баласағұни мен Махмұд Қашғаридің түрік тілінде жазылған әдеби еңбектері тез тарады. Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.) Баласағұн қаласында туған. Ол түрік отбасынан шықкан, жас кезінен бастап жақсы білім алып, әдебиетпен шұғылданған, парсы-тәжік әдебиетін көп оқыған. Жүсіп өзінің еңбектерін Қарахан әулетінен шыққан Боғра-қара-хақанға тарту еткен. Осыдан кейін хан оны жоғарлатып мемлекеттік бақылау қызмет басшысы етіп қояды. Оның бұдан арғы өмірі туралы деректер жоқ.

Жүсіп "Құтадғу білік" /"Құт негізі - білім"/ деген 6520 бет тұратын поэма жазған. Автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі топтарға бөлінген адамдардың мінез-құлқын, ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Осы еңбекте ол ел басқарған әкімдерді жаман қылықтан сақтандырған.

Махмұд Қашғари /XI ғ./, толық аты Махмұд ибн әл-Хүсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари (1030-1090 жж) Қашғарда туса керек. Автордың айтуынша, Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Әкесі Ыстық көлдің оңтүстігіндегі Барсханда тұрған. Махұд бастапқы білімін Қашғар қаласында алады, кейін өзінің білімін көтеру үшін Орта Азия мен Иран елінің қалаларын аралайды. Ол біраз уақыт Бағдат қаласында тұрған. Онда араб тілін окып үйренеді. Махмұд түріктердің тілі мен ауыз әдебиетіне ерекше көңіл бөліп, әрбір түрік тайпаларының қоныс жерлерін аралап сапар шеккен. Түріктердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет- ғұрыптарын жазып алады. Байқауларын жинақтап "Диуани лұғат-ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") деген еңбек жазды. Бұл еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.

Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындардың ішінде Ахмет Иассауидің (1103-1166) шығармалары елеулі орын алады. Оны Қожа Ахмет Иассауи деп те атайды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы түрік халқының арасында ислам мен мұсылман дінінің тарауына зор әсерін тигізді. Оның өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тарады. Оның өлеңмен жазылған "Диуани хикмат" ("Даналық жайындағы кітап") деген еңбегі бар. Ақиқатты, шындықты, адалдық пен тазалықты уағыздаған Қожа Ахмет бір өлеңінде дәріптейді.

Ахмет Иассауидің Хакім ата деген атпен елге есімі белгілі Сүлеймен Бақырғани /1186 ж. өлген/ сияқты шәкірттері де аз болмаған. Қожа Ахмет Иассауи Сайрамнан /Исфиджабтан/ шыққан, оның ұстазы исламды уағыздаған белгілі Арсылан-баб немесе /Баб Арсылан/ болған.

VIII ғасырда Қазақстан жерінде түрік тайпаларының арасында ислам діні тарай бастайды. Саманид әулеті тұсында ислам қарқынды түрде тарады. Оны тарату үшін Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Жетісуға көптеген жорықтар жасалды. Саманидтер Исфиджаб, Фараб, Шаухар және Тараз қалаларын басып алып, өздеріне тәуелді етті. Исфиджаб үшін болған шайқастар "дін жолындағы күрестің" орталығына айналды. X ғасырдың аяғында ислам Жетісу қалаларына тарады және олардың көпшілігінде мешіттер пайда болды. Қарахандықтар Шу алқабын жаулап алғаннан кейін исламды ресми дін деп жариялады.

Тақырыбы: Моңғол империясының құрылуы (XIII). XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Алтын Орда.

1. Моңғол мемлекетінің құрылуы

2. Моңғолардың қазақ жеріне шабуылы

3. Алтын Орда

1. Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басьш біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің құлқьн тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.

Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдін. бүкіл жері мен халқы он қанат /барунғар/, сол қанат /жоңғар/ және орталық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер /түмендер/ болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "ондықтан" құрылды.

Өте қатал тәртібі, мұқият құрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері - нойондар, багадурлар, мергендер, сечендер тұрды. Шыңғысханға бұлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың тандаулы жауынгерлерден тұратын кешігі /ұланы/ кызмет етті. Оның көмегімен Шынғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

1207-1208 жылдардың қысында Шьщғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жылдары Шыңғысқан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың каһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның боданымын деп мойындаған. 1211 жылы Шынғысханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды /Пекинді/ бағындырды.

Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын және оны қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді алған Шыңғысхан өз әскерінің санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан әрі жетілдірді.

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасаған.

2. Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.

Жетісуды Шыңғысхан аса көп карсылықтарсыз-ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның жігерсіздігіне, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғысханға мойынұсынатынын білдіріп, өз жасақтарымен оның қызметіне кіреді.

Жетісудағы халықтың қалың бұкарасы Шынғысханға қарсылық көрсетуге тырысқанмен, жақсы қаруланған саны мол монғол әскерінің шабуылына төтеп бере алмады. Соның өзінде де Жетісу қалалары моңғолдарға қарсылығын көпке дейін тоқтаткан жоқ.

Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шынғысхан ұлы Төлей - екеуі әскердің негізгі күштерімен Бұхараға беттеді.

Хорезмнің шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп өзіне қарсы шығуынан қорыққан ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырған. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда тұрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз құртып жіберуге мүмкіндік жасады.

1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мұнда Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының моңғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қарамағында қамал бұзатын техникасы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын машиналары болса да, моңғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады.

Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Әскер басыларының бірі — Карадша түн жамыла қала қақпасынан шығып, моңғолдарға өтіп кетті. Қаланы қоршап тұрған моңғол әскерлері осы қақпа арқылы ішке лап берді. Моңғолдар қаланы әбден талады, халқын қырғынға ұшыратты. Осыған қарамастан әскердің бір бөлігі мен қала халқы Қайырханның басшылығымен оның ішкі қамалына кіріп алып, бір ай бойы қайыспай қарсылық көрсетіп, бір адамы қалғанша соғысты. Әбден титықтап барып алған қамалдағы жаралы адамдарды моңғолдар қырып салды.

Сөйтіп, Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның бірі Сығанақ қаласы еді. Ол өзі жақсы бекінген, халқы көп, ірі сауда орталығы болатын. Жошы бастаған монғолдар қаланы ұрыссыз беруді талап етіп, Сығанаққа Хасан қожа көпесті жіберді. Сығанақ халқы келіссөзге көнбеді, сатқын есебінде Хасан қожаны өлтірді. Содан кейін моңғолдар өзеурей шабуылға шықты. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Көп ұзамай Үзгент және Баршын кент алынды. 1220 жылы 4 көкекте моңғол әскерлері Жент қаласын бағындырды. Әскердің Жошы жіберген басқа бір шоғыры Шехркентті /Янгикентті/ басып алды.

Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғысханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктеп енді. Бірақ мұнда да олар халық бұқарасының қасарысқан қарсылығына кездесті. Үргеніш қаласының тұрғындары қаланы бірнеше ай бойы ерлікпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға Жошы, Шағатай және Шыңғысхан әскерлерін әкелуге мәжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылмен ала алмағаннан кейін, моңғолдар Әмудария өзенінің бөгетін бұзып, қаланы суға тоғытып барып алды.

Моңғол басқыншыларына Орта Азияның ең ірі қалалары Бұхара мен Самарқандтың халқы да табанды қарсылық көрсетті. Самарқанд пен оның төңірегінің еңбекшілері моңғол шабуылдарына тіресе тойтарыс беріп, өздері батыл шабуылға шығып отырды. Моңғолдар қала билеушілері мен шонжарлардың саткындығының арқасында ғана Самарқандты басып алды.

1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғысхан әскерлері бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Талай қалаларды талап, жойып жіберді. Хорезм шахы Мұхаммед Иранға қашып кетті. Ол кейін Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-21 жылдардағы қысқы жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.

Моңғол әскер басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алып, 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғол әскерлері аландарды, қыпшақтарды және Қалқа өзенінде орныққан орыстарды тас-талқан етіп жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Қазақ /Дешті Қыпшақ/ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайта оралды.

Сонымен, 1219-1221 жылдардағы шапқыншылыктың салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шынғысхан империясының құрамына енді. Щынғысханның жаулап алған байтақ жері түгелімен оның балаларына бөліп берілді. Шыңғысхан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан әрі батысқа қарай «моңғол атының тұяғы жететін» аймақты үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына - Әмударияның төменгі жағындағы аудандар /Солтүстік Хорезм/ мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.

Шыңғысханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуеренахр, Жетісу және Қашқар тиді. Оның ордасы Іле алқабында орналасты.

Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы казіргі Шәуешек қаласының маңында болды.

Кіші ұлы Төлей - Шыңғысханнын, негізгі жұрты - Моңғолияның өзін мұраланды.

Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен /далалық/ бөлігі - Жошы ұлысының, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік - шығыс бөлігі - Үгедей ұлысының құрамына кірді.

3. 1227 жылы Шыңғысхан өлді. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының ұлы Батый /Бату/ басқаратын болды.

Батый әскері моңғол шоғырларына еріксіз енгізілген, әртектес тайпалардың жауынгерлерінен құралды. Ондағы басқару қызметтерінің бәрінде моңғол феодалдары тұрды.

Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Қамадағы Булғарияны, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде моңғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. Орыстың шағын қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы моңғолдарға жан аямай қарсылық көрсетті. Осы ұрыстарда мыңдаған моңғол қырылды. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп монғолдар қаланы басып алып, оны жермен-жексен етті.

1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, моңғолдар Переяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдын күзінде Батый әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы ұзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті, моңғолдар қала ішіне басып кіргеннен кейін де, қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Аса бай мәдениет ескерткіштері бар ертеден келе жатқан орыс қаласы тағылықпен талқандалды.

Орыс халқының моңғолдардың күшін әлсіреткен, оларға қарсы жүргізген ерлік күрестің нәтижесінде ғана Батыс Еуропа моңғол шапқыншылығынан аман қалды. Бірақ, соның өзінде моңғолдар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап құлазытты.

Батыйдың тау суындай екпінді жорығы барысында моңғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста -Днестрге, шығыста - Ертіске, оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Батый иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста СолтүстІк Хорезм мен Сырдарияның төмен жағындағы жерлер енді. Орыс княздіктері де Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ол дербес ел болып бөлінді.

Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ булғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтарымен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы - Еділ бойы қазіргі Саратовтан Астраханға дейін (астанасы - Берке сарайы немесе әл-Жадид), негізгі әскери феодалдық күші - қыпшақ тайпалары. Алтын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256 ж., Берке 1257-1266 ж., Мөңке-Темір 1266-1280 ж., Төде Меңке 1280-1287 ж., Төле-Бұқа 1287-1291 ж., Тоқа-Темір 1291-1312 ж., Өзбек 1312-1342 ж., Жәнібек 1343-1357 ж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Моңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты.

Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзда-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші таптың өз адамдары - ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан игітіршілері, тамғашы, тартынақшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар даруғашылар (даруғабектер), басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.

Көшпелі халык — қыпшақ, моңғол-татар жартылай патриархалдық, жартылай феодалдық қатынаста өмір сүрсе, отырықшы аймақтарда — Бұлғар, Хорезм, Еділ жағасы, Солтүстік Кавказ, Қырым, т. б. жерлерде феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейілінше ауыр болды. Олар екі жақты қанауға түсті: алым-салықты ханға да, жергілікті ірі алпауыттарға да төледі.

ХІV-ХV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шаралар жемісін беріп, феодалбайлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Сонымен бірге бұл тұста моңғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздікке ие болып Қазақстан жерінде алғашкы рет жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет - Ақ Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қьтпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар және басқалары. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бұқа. Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ, т.б.

Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Орыс хан қайтыс болып, Ак Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкенді. Бірақ осы кезде Маңғыстау Үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті - Түй Хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талкандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ақ Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, осыдан кейін Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1389, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді.

1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Ордада хандықты өз қолына алады. Дегенмен Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, сондай-ақ Сырдың орта агысындағы қалалар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Аксақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп 1428 ж. Барак қаза тапканнан кейін Шығыс Дешті-Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орда жерінің елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде жарыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Тарихи деректерде Ақ Орда елінде ақсүйектер жер иеленушілігінің инджу, милк, соқтұрған сияқты түрлері және тархандық сыйтарту белгілі болғаны да айтылады. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп тұрған.

Түркі тілдес тайпалар мекендеген Ақ Орданың ресми тілі - қыпшақ тілі, немесе көне қазақ тілі болып саналады. Батыс түрік (VІ-VIII ғасырлар), түркеш- карлық (VIII-Х ғасырлар) және қимақ-қыпшақ (ХІ-ХІІ ғасырлар) дәуірлерінен бастап қазақ тайпаларының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда кезеңінде үздіксіз жүрді.

Феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі XV ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның Солтүстік-Батыс және Орталық аймағында Ноғай ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүріп жатты. Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет-Шайх-оғланның баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 жылы Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды. Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін тағы басқа сол сияқты тайпалар енді.

Тақырыбы: Моғолстан, Көшпелі Өзбектер мемлекеті. Ноғай Ордасы және Сібір хандығы.

1. Моғолстан және Ноғай Ордасы

2. Көшпелі Өзбектер мемлекеті

3. Сібір хандығы

1. Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі -Ноғай ордасы еді. Ноғай ордасы XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай әмір Едіге тұсында XIV ғасырда жалғасып, оның баласы Нұр ад-дының (1426-1440) кезінде аяқталды.

Ноғай ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Оның халқы солтүстік батыста - Қазанға, оңтүстік шығыста -Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, тіпті, Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көше-қонып жүріп мекендеді. Сыр бойындағы қалалар мен қамалдардың да бірқатары осы Ноғай ордасына қарады. Оның орталығы - Жайықтың төменгі сағасындағы Сарайшық қаласы.

Ноғай ордасының негізін қалаған Едіге 1396-1411 жылдар аралығында Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарып келді. "Беклер бегі" ұлы әмір атанған Едіге көрші ұлыстардың өміріне де ықпал етіп отырған.

Едіге түрік тектес халықтардың тарихи зердесінде өшпес із қалдырды. "Ел қамын жеген Едіге" - деп ардақтаған халық оның тұлғасын "Артынан келіп қарасам, қаһардан пайда болғандай, алдынан келіп қарасам, лапылдан пайда болғандай", - деп сүйсіне жырға қосты. Ол 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 жылы Едіге орыс әскерлерін талкандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның есімі тарихи шежіре-жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталады.

Ноғай ордасы негізінен Маңғыттардан тұрды. Сонымен қатар оның құрамына Қоңырат, Найман, Арғын, Қанлы, Алшын, Қыпшақ, Кенгерес, Қарлұқ, Алаша, Тама және басқа ру тайпалары кірді. Олардың басшылары арасында билік пен жер үшін толассыз тартыстар жүріп жатты. Осы алауыздық оның да түбіне жетті. ХV ғ. бірінші жартысында Ноғай ордасының орнына Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары құрылды. Ноғай ордасы да этникалық емес, көбіне саяси құрылым еді. Оны мекендеген тайпалар қазақ халкының қалыптасуының күрделі этникалық процесінде де өз әсерін тигізбей қалған жоқ.

XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық — Моғолстан мемлекеті құрылды. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. "Моғолстан" тарихи жағрафиялық термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол" есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндегі тарихи туындылардың бірінде "моғол" деп айтылып жазылатын болған.

ХІV-ХV ғасырларда Моғолстан құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Моғолстан орта ғасырлық авторлардың деректерінде мемлекеттің құрылу кезеңіне қарай "Моғол" атты этникалық саяси біртұтастыққа бірігудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті түрік және түріктелген моңғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі болды, Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар (дулаттар), қаңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалардың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Сонымен XIV ғасырдың орта шенінде Жетісу, Қырғыз жерлерін қамтып жатқан Моғолстан мемлекетінің құрылуы, Дешті Қыпшақтарды біріктірген Ақ Орданың пайда болуымен қатар жүзеге асқан Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болғаны даусыз. Моғолстан ордасының орныққан орталығы — Алмалық қаласы,

Бұрыңғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билікті жүргізуді көксеген Тоғылык-Темір Мәуеренахр өлкесін Шынғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуеренахр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. Ал осы кезде Орта Азияның болашақ әміршісі Ақсак Темір өзінің шағын шоғырымен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрген болатын. Тоғылық әскерлері Кешті алып, оның әмірі Хожа-Барлас жөнді қарсылық көрсете алмай қашқанда Темір оған ілеспеді. Ол Тоғылық әмірге қызметке кіріп, Шахрисяб түменінің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұның өзі оған барлас тайпасына көсем құқығын берді. Бұл тұста ол 25 жаста еді. 1361 жылы Мәуеренахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық әмір оған билеуші етіп баласы Ілияс-қожаны қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуеренахрды өздерінің кол астына біріктіруге кірісті. Осындай тынымсыз шайқастардың бірінде оның екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, "ленг" парсыша - ақсақ) Ақсақ Темір атанды.

Ақсақ Темір мен Хұсайын Моғолстан әскерлерін талқандап, Мәуеренахрдағы жергілікті әмірлерді тізе бүктірді. Енді Хұсайын мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес күшейіп, арты ашық шайқасқа айналды. Осы шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайынды өлтіріп, Мәуеренахрға ие болды. Хұсайынның жақтастарын құртып, жақындарын жоғары мәртебеге ие етіп, ол өз билігін нығайтты. Темір билік биігіне өрлегенде мұсылман дініне сүйенді. Ол діндар емес еді. Дін тиым салған талай күнәларға белшесінен бата жүріп көптеген мешіттер, діни оқу орындарын салдырды. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидің мазарын салдырған да соның өзі.

Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғалатып көп елдерді жаулап алды. Мәуеренахрдан өзінің қанды жорығын бастаған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370-1405 жж.) Моғолстанды, Хорезмді, Персияны, Әзірбайжанды, Гератты, Грузияны, Арменияны, Ақ Орданы, Ауғанстанды, Үндістанды, Египетті, Бағдатты, Сирияны, Кіші Азияны жаулап алып, табан астына салды. Мыңдаған адамдарды қырып, талай мың адамды құл қылып, қалаларын ойрандады, бак-дәулетін шашты.

Әмір Темір түркі тектес халықтардың, оның ішінде қазақтардың тағдырына зор кеселін тигізді. Алтын Орданың құлауына себепші болды. Қазақстанның оңтүстігінде гүлденіп тұрған Отырар, Сайрам, Асы, Сауран, Еділ бойындағы Сарай Берке, Астрахань сияқты қалаларын қиратты. Ақ Орданың бытшытын шығарып оның ханы Тоқтамыстың түбіне жетті.

XIV ғасырдың аяғына қарай Азия мен Еуропа құрлығының елеулі бөлігін жаулап алып Әмір Темір құрған орасан зор мемлекет, 1405 жылы ол өлгеннен кейін бытырап тарап кетті. Оның басты себебі Әмір Темір ұрпағының билікке таласып қырқысуы еді.

2. Феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі XV ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның Солтүстік-Батыс және Орталық аймағында Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүріп жатты. Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет-Шайх-оғланның баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 жылы Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды. Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін тағы басқа сол сияқты тайпалар енді.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңкы жерлерін біріктірген "көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай ордасының шығыс бетін, батыста -Жайыққа, шығыста - Балқашқа дейінгі, оңтүстікте - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте -Тобыл мен Ертістін орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - оның ішінде Ибак-хан, Береке-сұлтан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 жылы ол өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі — Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. 50-жж. Әбілхайыр Мәуренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау шапқыншылықтарын жасайды.

1456-1457 жылдарда ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады. Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар және олардың қол астындағы көшпелі халықтың бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбас (Талас) өзендерінің бойына барып орнықты. Осыдан кейін көп ұзамай 1468 жылы Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болды да, "Көшпелі өзбектер мемлекеті" ыдырап кетті.

3. Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-батыс Сібірдің ұлан байтақ аумағын ерте ғасырлардан бері саны көп түркі тайпалары мекендеген. Шыңғыс хан жорықтары мен Алтын Орда мемлекетінің алғашқы кезеңінде көптеген тайпалар Ертіс пен Обьтың аралығындағы жайылымды жерлерде көшіп-қонып, осы жерлерге иелік еткен болатын. Сібір тайпаларымен көрші болып, оларға елеулі ықпал еткен қыпшақ тайпалары олармен аралас қүралас өмір сүрді. Солтүстік Қазақстан аумағын мекендеген қыпшақтар: құлан-қыпшақ, торайғыр-қыпшақ, сағал-қыпшақ, мадияр-қыпшақ және қытай-қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Соны мен бірге бұл аумақтарда керейттер де басты роль атқарды. Солтүстік Қазақстан аумағын керейттер мен бірге маңғыттар мен наймандар және меркіттер мен оңғыттар да мекендеді.

Басты рольді керейттер атқарған бұл тайпалық бірлестігінің негізін қалаған Тайбұғы болды және ол сол әулеттің алғашқы құрушысы болып саналады. «Сібір шежіресінің» авторлары мен ел аузындағы аңыздарда Тайбұғының қазақ даласынан келгендігі және Шымға-Тура қаласын салғандығы туралы айтылады. Жоғарыда айтылған аумақтар моңғол шапқыншылығынан кейін Жошы құрамына енеді, бірақ елді басқару тайбұғылық түрік әулетінің қолында қалады. Сібірді алғашқы зерттеушілердің бірі Г.Ф. Миллердің жазбаларында Тайбұғы ұрпақтарыныңда осы жерлерді иеленгенін және Тайбұғы әулетінің ең соңғы билеушісі Сейтақ (Саид- Ахмет) болғандығы туралы деректер кездеседі.

Алтын Орда сарайында және оның иеліктерінде болып жатқан күрделі оқиғалардың барлығы да Сібір хаңдығына әсер етпей қойған жоқ. Едігеден жеңілген Тоқтамыс 1398 жылы Сібірге қашады және тайбұғылықтар әулетінен қолдау тауып осы жерден үлес те алады. Және сол кездегі шежірелерде Түменге жақын жерлердің бірінде Тоқтамыстың қаза болғандығы туралы айтылады. XV ғасырдың бас кезінде Жошы ұлысы мен Шайбан әулеті ұрпақтарының арасында өзара билік үшін күрес күшейе түседі. Осы кезде Ақ Орда ханы Барақтың тықсыруынан кейін Шайбан ұрпағы Махмұд Қожа Тайбұғы иелігіне қашып келіп, мұнда ноғайлықтардың қолдауымен хан болып жарияланады. Шайбан әулетінің тағы бір ұрпағы Әбілқайыр 1428 жылы Тұраға әскери жорық жасап, Махмұд қожа әскерлерімен шайқасып, оны тұтқындап өлтіреді. 1468 жылға дейін Сібір хандығы Әбілқайыр хандығының құрамында болды.

Әбілқайыр хан елгеннен кейін Сібір аумағының едәуір бөлігі Ибақ ханға көшеді және ол көп ұзамай тайбұғылықтарды биліктен шеттетіп иелікті жеке өзі басқара бастайды. Ибақ билігі кезінде Сібір аумағы біртіндеп кеңейіп, Тобыл өңірінің аудандары да енеді және Орыс мемлекетімен байланыс орнатады. Ибақ ханның жеке басқаруына наразы болған Тайбұғы әулеті 1495 жылы едәуір күшпен көтеріліс жасап Шымға - Тураны басып алады және Ибақ хаңды өлтіреді. Осыдан кейін Сібір хандығындағы билік хандықтың соңғы жылдарына дейін тайбұғылықтар әулетінде сақталады. Сібір хандығы XVI ғасырдың соңыңда Ресейдің Батыс Сібір жерлерін жаулап алуынан кейін өмір сүруін тоқтатады.

Тақырыбы: Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ халқының құрылуы. Қазақ жүздері.

1. Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы

2. Қазақ хандығының қүрылуы

1. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының, Шығыс Қазақстан мен Жетісуда тандаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе, жергілікті халықтын жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік ұстау үшін жаулап алған елдерді ұлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен беліп тастауға тырысты.

Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты - тіл бірліғі жойылмайды. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапкыншыларының өздері өз тілдерінен айырылып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ак толық түркіленіп кетеді. Бірақ бұл кезде бұрыңғы екі үлкен расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосылған моңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының /антропологиялық, этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады.

Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар саяси, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген.

XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшау-лануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тайпалық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық топқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орталығы — Батыс Қазақстанда болды.

Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін коныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті/; Байұлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/. Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.

Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа барып көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп төнгенде, қазақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары,батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға қарсы соғыста солай болды. К,азақтар уш жуздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жузге бөлінгеннің жузі күйсін " - деуі де осыдан.

Мұндай үштіктін шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Ноғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының құрылуы, Моғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тайпаларының қазақ халқы болып бұрынғыдан да жедел топтасу процесінің күш алуы көмектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдық мемлекеттердің бұл жүйесінде ұзақ болуы қазақ халкының үш этникалық тармақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталды. Бірақ ол процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраң қылығы себеп болды. ХІV-ХV ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр тұсында оған Моғолстаннан калучи және бұлғашы тайпалары көшіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп калады, маңғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді. XV ғасыр бітер шақта Мұхаммед Шайбани ханға еріп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың көптеген рулары мен тайпалары Орта Азияға ауысты. Міне, осының бәрі саяси жағдайды тұрақсыздандырып, Қазақстанның байтақ жеріндегі халықтың этникалық бірігуін қиындатты.

XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қальштасу процесінің аяқталуын тездетті. Қазақ хандығының бұрыңғы мемлекеттермен салыстырғанда тиянақты этникалық негізі қалыптасып аяқталған халқы болды. Моңғол жаулаушылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Түркістан мен Жетісудың бүкіл түрік рулары, тайпалары түгелге жуық бір мемлекетке біріктірілді. Оған бұл аймақты мекендеушілердің шаруашылық-саяси тағдырларының ортақтығы және байланыстылығы үлкен әсерін тигізді.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың онтүстік-батыс территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына айналды. Мұнда Қазақстанның аса ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар — Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы Қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы Үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылды. XV ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық өздерінің кершілері арасында "қазақ" деген атпен белгілі болған.

Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарының тақырыбына айналған. Ол халықтың өзінің шыққан тегі туралы туғызған көптеген аныз-әңгімелерінде сөз болады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қашақ" деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде "өзбек-қазақ", кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп пайымдалады. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде /түрік-араб сөздігінде/ кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз "басы бос-кезбе" деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.

Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық /каспий және сақ/ одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" — нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қалай дегенде де "қазақ" этникалық терминнің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі әлі жоқ.

Сонымен, қорытып айтқанда, қазақ халкының этнос болып калыптасуы өте ұзақ процесс. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделі және ұзақ даму жолынан өткен. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының басты алты кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең — сақ және сармат дәуірі, шамамен бес ғасырды қамтиды /б.з.д. VІІ-ІІ ғғ./. Екінші кезең — үйсін, қаңлы және ғұн дәуірі /б.д.д. III ғ. — б.д. IV ғ./. Үшінші кезең — түрік дәуірі /542-702 жж./. Төртінші — қыпшақ және қарлұқ дәуірі /ІХ-ХIII ғғ./. Бесінші — монғол дәуірІ /ХIII ғ. басы — XIV ортасы/. Алтыншы — Алтын Орда тарағаннан кейінгі мемлекеттер дәуірі /XIV ғ. ортасы — 1465 ж./. Мұның барлығы әзірше алынып отырған бөлінулер кезеңі, бұл маңызды тарихи проблема өзінің одан әрі қарай ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттеулерін талап етеді.

2. Қазақ хандыгының пайда болуы Қазакстан жерінде XIV-XV ғасырларда орын алған әлеуметтік- экономикалык және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі енбекшілер бұқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Сейтіп, XV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісудың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мындай адам көшіп келді. Олардың бұл жерлерге қоныс аударуының бір себебі, Әбілхайырдың қол астында қанаушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандардың жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өзінің ықпалын тигізді. Олардын халық қолдаған дербес мемлекет құру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бұл арада тұңғыш қазақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек сұлтандардың сінірген енбегін көрсете отырып, олардың саясатты кәсіп деп түсінген, жасынан қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандардың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы, әрине, табиғи құбылыс.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды /1473-1480 жж./. Бұлардың тұсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығынан бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі қазақ хандығын бұрыңғыдан да күшейтті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бұдан 12 жыл бұрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралды. Сөйтіп, ӘбІлхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бұл күрестің барысында Әбілкайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханьға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды өзіне қосып алды. Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.

Керей мен Жәнібек, олардан кейін Мұрындық /1480-1511жж./. Шыгыс пен Батыс арасындағы сауда жолының үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созак, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату үшін бітіспес күрес жүргізді. Алайда Сырдария бойындағы қалалар үшін соғыс Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылды. Өйткені Мұхаммед Шайбани Астрахань қоршауынан қашып шығып, Түркістан аймағына келді. Мұнда ол өзінің билігін жүргізіп отырған Әмір Темір тұқымынан шыққан Мұхаммед Мәзит тарханды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мұхаммед Шайбаниды айдап салу мақсатын көздеді. Бірақ бұдан ештеме шықпады. 1470 жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты.

1472 жылы Мұхаммед Шайбани Түркістанға қайта оралып, Ноғай ордасының әмірі Мұса мырзаның көмегімен Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бұл уақытша жеңіс еді. Мұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғынылық түбінде Мұхаммед Шайбанидің әскерлерін талқандады. Мұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды. Бұл соғыста күйрей женілген Мұхаммед Шайбани Маңқыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан Қазақ хандығына өтті.

Бұл кезде Қазақ хандығына Мұхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп тұрған Әмір Темір әулетімен де күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бұларда Сырдария жағасындағы маңызды сауда орталықтарын өздеріне қаратып алуды көздеді. 1482-1485 жж. Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал XVI ғ. басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сұлтан Махмұд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мұхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына сүйеніп және Отырарға ие болған Мұхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістаң) қалаларына шабуыл жасап, басып алды.

Қазақ ханы Мұрындық және Қасым мен Жәдік сұлтандар Темір әулетінен шыққан Мұхаммед Мәзит тарханнан қолдау алып Созақ, Сауран қалаларына әскери шабуыл ұйымдастырды. Мұрындық Сауранды қайтарып алып, Отырар қаласын қоршауға алды. Бірақ Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд Ташкенттен Мұхаммед Шайбаниге әскери көмек беріп, қазақ жасақтары амалсыздан Отырар қаласын қоршауды тоқтатты. Мұхаммед Шайбани хан қазақтармен бітім жасады. Осы келісім бойынша Отырар, Ясы, Аркөк. Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады. Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды. Ал Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі.

Сөйтіп, Дешті Қыпшақты басып алуға ұмтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп және Сығанақ, Созақ, Сауран қалаларын саяси, шаруашылық және әскери тірек еткен. Қазақ хандары өз иеліктерін едәуір ұлғайтты, хандықтың нығаюына үлестерін қосты. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуеренахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады.

Сыр өңіріндегі қалалар мен олардың төңірегіндегі көшпелі жүрт мекендеген жерлер және Жетісу өлкесі үшін күрес барысында қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарының этникалық шекарасының қалыптасуы тездеді.

Тақырыбы: XVI ғ. ІІ жартысындағы Қазақ хандығы.

XVI ғ. І жартысындағы Қазақ хандығы XVI ғ. ІІ жартысындағы Қазақ хандығы

1. Қазақ хандығының құрылуы мен оның нығаюы басқа да шығыстық әулеттерімен күрес жүргізген Керей мен Жәнібектің аттарымен тікелей байланысты. Ата тегімен таратсақ екеуі де төре тұқымынан шыққан, Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтары. Жошы, одан Тоқа Темір, одан Өз-Темір, Өз-Темірден Кржа, Қожадан Бәдіғұл, Бәдіғұлдан Орысхан, Орысханның үлкен ұлы Тоқтақиядан Болат, Болаттан Керей, ортаншы ұлы Құйыршықтан Барақ хан, Барақтан Жәнібек тарайды, яғни Керей мен Жәнібек хандар үшінші атадан табысады. Қазақ хандығы құрылғанда жасы үлкендігінен хан тағына алдымен Керей отырады.

Қазақ хандығының іргесі қаланып бұғанасы қатқан XV ғасырдың соңғы 30-40 жылы Қазақстан мен Орта Азия тарихындағы ірі-ірі саяси оқиғаларға толы болған уақыт. Әбілқайыр дүние салысымен қазақ хандары сайын даладағы билікті өз қолдарына алу жолындағы күреске бірден араласып кетті. Қазақ хандығы ірге көтерген алғашқы жылдардан бастапақ Сырдария бойындағы қалалар мен олардың төңірегіңдегі кең байтақ далалар үшін аяусыз күрес басталды. Өйткені, Сыр бойындағы қалалар Мауереннахрдағы отырықшылық пен Дешті Қыпшақтағы көшпелілерді байланыстыратын маңызды стратегиялық аймақтардың бірі еді. Бұл аймақтағы олардың басты қарсыластары Әбілқайыр ханның мұрагерлері - оның ұлы Шейх-Хайдар мен немересі Мұхаммед Шайбани болды.

Сол кездегі тарихи деректерде алғашқы қазақ хандарының хандықтың аумағын кеңейтуге, Сырдария бойындағы қалалар мен Шығыс Дешті Қыпшақтың далалық аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы айтылады. Керей мен Жәнібектің бұндай саясатының табысты болуына бұрын саяси жағынан бытыраңқы болған, бірақ бір мемлекеттік кұрылымның аясына бірігуге ұмтылған қазақ халқының өмір сүру фактісі де көп жағынан қолайлы жағдай туғызды. Сонымен бірге, қазақ хандығының алғашқы әрекеттерінің табысты болуына Сырдария мен Қаратау өңірінің қазақ хандығына, олардың Батыс Жетісудағы иеліктеріне жақын болуы да белгілі дәрежеде ықпалын тигізді.

Жәнібек пен Керей бірінші кезекте сонау Орыс ханнан мұралыққа қалған Сырдарияның орта ағысындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Өзгент, Аққорған және тағы басқа қалаларға деген құқықтарын бекітуге ұмтылды. Олардың бұл әрекеттері алғашқы кезден-ақ табысты аяқталды. Ахмет пен, Ибақ және маңғыт мырзаларымен, сонымен бірге оларды қолдаған қазақ билеушілерімен болған күрестің нәтижесіңде Әбілқайырдың мұрагері оның ұлы Шейх-Хайдар толық жеңіліп, өлтіріледі, ал Әбілқайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға барып тығылады. Жәнібектің балалары Махмұд пен Еренші сұлтандар Созақ пен Сауранды алады. Бірақ Сыр бойындағы қалалар үшін күрес бұнымен аяқталмайды. Шайбан әулеті Сыр бойындағы билігін сақтауға өршелене ұмтылады. Өйткені, бұл аймақтың экономикалық, саяси және стратегиялық маңызы аса зор еді. Сырдария өңіріндегі қалалар далалық аудан халықтары үшін сауда экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары болды. Сауран, Созақ, Сығанақ сияқты қалалар сол дәуірде тамаша қамал қорғандарымен ұзақ мерзімді қоршауға төтеп бере алатын бекіністі қалалар еді. Бұл қалалардың кейбірі орта ғасырларда Қазақстан аумағында өмір сүрген бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың әкімшілік-саяси орталықтары болады. Мысалы, Сығанақ қаласы өз дәуірінде қыпшақтардың, Ақ Орданың және Әбілқайыр хандығы мемлекетінің астанасы болған.

70-жылдары Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес жаңа күшпен жүреді. Мұхаммед Шайбани Аркөк пен Сығанақ қамалдарын жаулап алады. Бірақ көп ұзамай Мұрындық пен Махмұт бастаған қазақ жасақтары Қаратаудың Соғынлық асуында ірі жеңіске жетіп, Сығанақ және тағы басқа бірқатар қалаларды қазақ хандығының құрамына қосады. XV ғасырдың 80-жыддарыңда Сырдария өңіріндегі әскери-саяси жағдай қайта күрделене түседі. Бұл кезде Сырдария бойындағы күреске Моғолстан хаңдары да Қосылады. 1482-1485 жылдары Жүніс хан Ташкент пен Сайрамды жаулайды. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін жүргізген күресі алма-кезек табыспен жалғастырылады. Мұхаммед Шайбани 80-жылдардын басында Аркөк пен Сығанақты басып алады. Дала жорығынан оралған қазақ ханы Мұрындық Сығанақты қоршайды, қала халқы Мұрындыққа қала қақпасын өздері ашып береді.

90-жыддардың басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы сұлтан Махмұд хан Отырарды басып алады және оны бұрынғы көмегіне алғыс ретінде Мұхаммед Шайбаниге береді. Шайбаниге көмек беру Моғолстан мен қазақ хаңдығы арасыңдағы қақтығысқа әкеліп соғады. Бұл қақтығыста қазақтар екі рет жеңіске жетеді. Шайбанилықтар XV ғасырдың соңында Отырар қаласы мен Сырдарияның сол жағалауындағы Аркөк, Өзгент, Аққорған қалаларында өз үстемдігін сақтап қалады. Сырдарияның оң жағалауыңдағы Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары қазақ хаңдарының билігіңде қалады. Қазақ хандарының Сырдария өңіріңдегі негізгі стратегиялық орталықтарды қосып алуы елді тұтас біріктіру жолындағы табысқа жетуінің кілтіне айналды. Ғасыр соңында қазақ хандығының әуел бастағы шекаралары ұлғая түсті. Оған Батыс Жетісу, Созақ, Сығанақ, Сауран қалалары-мен бірге, Қаратау аймағы, Сырдария мен Солтүстік Арші алқаптары, Орталық Қазақстанның едәуір бөлігі еңді. Қазақ хаңдығының байрағы астына қазақ рулары мен тайпаларының жаңа топтары барған сайын көптеп өте бастады.

Қазақтардан жеңіліске ұшыраса да Орта Азияда ұлы мемлекет орнатқан Шайбани Дешті-Қыпшақтан үмітін үзбейді. Аз ғана уақыттың аралығыңда бүкіл Орта Азияны, Ауғанстан мен Хорасаңды жаулап алған Мұхаммед Шайбани назарын қайтадан Сыр бойыңдағы қалаларға аударады. Қалай болса да Сыр бойындағы қалалар мен Қаратау өңірін қайтарып алу мақсатыңда XV ғасырдың алғашқы он жылында Шайбани қазақ жеріне төрт рет ауыр жорықтар ұйымдастырады. Қазақтардың қапысыз отыратын қыс айларында жасаған жорықтарында Шайбани жеңіске жетеді. Қазақтардың Жаныш және Таныш сұлтан бастаған әскерлері ауыр жеңіліске ұшырайды.

Үлкен жеңіске жеткен Мұхаммед Шайбани 1510 жылы қазақ хаңдығын бір жолата талқаңдау үшін өзінің ең соңғы жорығын жасайды. Бірақ Қасым сұлтан әскерлерінен күйрей жеңілген шайбанилықтар Самарқанға қашады және осы жылдың соңыңда Иран шахы I Исмаилмен шайқаста жеңіліп, Мерв түбінде Мұхаммед Шайбани қаза болады. Көп кешікпей Сырдария бойындағы өң оңтүстіктегі қалалардың бірі Сайрам да қазақ хандығының қол астына көшеді. Осыдан кейін Қасым ежелгі дәстүр бойынша ақ киізге

отырғызылып, хан тағына отырады.

Қасым хан билігі кезінде хандықтың батыстағы аумақтық иеліктері ұлғая түседі. Бұл кезде қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдарияның сол жақ жағалауына шығып, Түркістан маңындағы қалалардың көпшілігін қамтыды, оңтүстік-шығыста ол Жетісудың тау баурайы мен аяқаптарының едәуір бөлегін алып жатты. Солтүстікте және солтүстік-щығыста Ұлытау таулары мен Балқаш көлі төңірегінен өтіп, Қарқаралы тауларына дейін жетті, солтүстік-батыста Жайық өзенінің жағалауына дейін барды. Қлы моғол империясының негізін салған Бабыр өзінің атақты «Бабырнама» атты кітабында Қасым хандығы туралы «Қазақ халқының бұрын-соңғы хан сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскерлері болды» деп жазса, Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарихи-и-Рашиди» шығармасында «Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшаққа әмір жүргізді. Оның әскерінің саны бір миллионнан асты» деп көрсетті. Бірақ бұл жерде Қасым ханның қол астыңдағы бүкіл халық саны көрсетілген.

Қасым хан билігі кезінде моңғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Қазақстан аумағы, оның барлығына жуық қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке біріктірілді. Оның тұсыңда қазақ хандығы туралы батыс елдері де білді. Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы князь III Василий (1505—1533) билік жүргізген кездегі орыс мемлекеті болды. Түрік басшыларымен жазысқан хаттарында Қырым ханы қазақтардың батыстағы иеліктерінің кеңейіп бара жатқан-дығына алаңдаушылық білдірген. Қасым хан қазақ хандығының аумағын нығайтумен бірге ел басқару жүйесінде, кейіннен «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі болған сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады, әдеп-ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін және ру, тайпалары мен қоғамдық топтар арасындағы қатынастар жүйесін ретке келтіреді. Бес тараудан тұратын «Қасым ханның қасқа жолы» көне жарғысы қазақ жұртының сол кездегі елдік санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған ерекше құжат болды.

XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан тұсында едәуір нығайған қазақ хандығы, ол өлгеннен кейін Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстарынан уакытша әлсірейді. Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш хан (1513—1523) қаза табады. Хандық билікке Қасым ханның немері інісі Тақыр (1523-1533) келеді. Жеке басында ер, табиғатында қайсар адам болғанымен Тақырдың саяси және әскери дарыны төмен еді. Оның тұсыңда өзбектермен арадағы соғыс орынсыз жалғастырылып, Қасым ханның бұрынғы одақтастары маңғыттар мен және моғол хаңдарымен әскери қақтығыстар басталады. Нәтижесінде Сырдария өңіріндегі қалалардан айрылады және Ноғай Ордасымен шайқаста сәтсіздікке ұшырайды. Ясы қаласының түбіндегі шайқаста Тақыр қырғыз әскерлерінің көмегіне қарамастан Ташкент әміршісі келді Мұхаммедтен жеңіліске ұшырап, өзі қашып кетеді. Сырдария бойындағы қалалардың бір бөлігіне келді. Мұхаммедтін билігіне көшеді. Осы кезде Тақыр мен Ноғай Ордасы арасындағы қатынастар да шиеленісе түседі. Мұхаммед Хайдар Дулатидың айтуына қарағанда бұрын қазақ хандарына бағынып келген Орталық және Батыс Қазақстандағы жердің бір бөлегін маңғыттар басып алады.

Тақыр ханның інісі Бұйдаштың 1533—1534 тұсында да өзара тартыстар мен соғыстар тоқтамайды. 1537 жылы Тоғым хан бастаған қазақ әскерлері моғол мен өзбектің біріккен қалың қолынан ауыр жеңіліске ұшырайды. Ыстық көл маңыңда болған бұл шайқаста Тоғым ханның өзімен бірге оның тоғыз ұлы және 20 қазақ сұлтаны қазаға ұшырады деген деректер бар. Үздіксіз жүрген соғыстар халыққа ауыр тиеді және хандықтан бөліне көшу жиілей түседі. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуына карағанда Тақыр хан мен оның мұрагерлері тұсында қазақ хаңдығынан төрт жүз мыңдай адам бөлініп көшеді.

2. XVI ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдары біршама әлсіреген қазақ хаңдығының қайтадан бой көтеріп, іргелі, қуатты елге айналуы Хақназар ханның есімімен байланысты. Хақназар өзінің әкесі Қасымның тұсыңдағы қазақ хаңдығының аумағын қалпына келтіруге тырысады. Ол алдымен Ноғай Ордасындағы өзара топтардың күресін пайдалана отырып, Ноғай Ордасының Қасым хан тұсында қазақ елінің кұрамыңда болған жерлерін қайта қосып алады. Бұл туралы 1557 жылы Ноғай билеушісі Ысмайл Иван Грозныйға «менің немерелес туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып қазақ ханына қосылып кетті» деп хабарлайды.

Хақназар хан 50—60 жылдары Шығыс Түркістандағы әскери жорықтарын одан әрі жалғастырып, қазақ пен қырғыз жерін ойрандап келген Әбді Рәшид ханды бірнеше рет күйрете жеңеді. Осыңдай шайқастардың бірінде Әбді Рәшидтің ұлы Әбді Латиф қаза табады. Осы кезде басталған ойраттардың шапқыншылықтарына қарамастан Хақназар хан Жетісудың көп бөлегін өзіне қосады. Моғолстан мемлекеті қазақ хаңдығы үшін қатер болудан қалады.

Қасым хан тұсындағы аумақты едәуір қалпына келтірген Хақназар 70-жылдары өзбек-бұқар хандығына қарсы күресін бастайды. Бұл кезде Бұқар хаңдығын Орта Азиядағы ұлы әміршілердің бірі болып саналатын Абдолла хан басқаратын еді. Сырдария бойындағы қалалар Түркістан мен Сауранды қайтарған Хақназар хан сол кездегі саяси жағдайды тиімді пайдаланып саяси-дипломатиялық күрес тәсілдерін де кеңінен қолданады. Сырдария бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хакңазар Абдолла ханның Ташкенттің әміршісі Бұқара хандығынан бөлінгісі келген Барақ ханның баласы Баба сұлтанға қарсы күресін өз мүлдесі үшін пайдаланып қалуға тырысады. Ол екі жақтың да сөзін тауып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап отырады. Бірақ Хакназардың ойластырған әрекеті көтпеген қастандыктың нәтижесінде жүзеге аспай қалады. Баба сұлтан өзіне келіссөз жүргізу үшін келген Хақназардың інісі Жалым сұлтанды, оның екі ұлын, және Хақназардың екі баласын опасыздықпен өлтіреді. Бұл 1579 жылы болған еді. Көп кешікпей 1580 жылы тыңшы ретіңде жіберілген жаудың қолынан Хақназар хан да қаза табады.

Хақназардың даңқты есімі туралы халық аңызында көп айтылады. Қырық жылдан астам ел билеген Хақназар тұсында Қазақ хаңдығы Қасым хан заманыңдағы деңгейіне жетіп, қуатты да күшті мемлекетке айналды. Хандыктың шекарасы батыста Жайыққа дейін, Солтүстікте Есіл мен Нұра өзендеріне дейін созылса, шығыста Балқаш пен Шу өзендері және оңтүстікте Ташкентке дейін созылды. Хақназарға сонымен бірге қазақтар-мен бірге қырғыздар мен башқұртгардың да бір бөлігі бағынды.

Хақназар хан мен оның ұлдарының опасыздықпен өлтірілуінен кейін тайпа ақ сүйектерінің жалпы жиынында әз-Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдік сұлтанның баласы сексен жастағы Шығай ақ киізге оранып, хантағына отырады. Жасы сексенге келседе кәрілікке мойынсұнбаған, тәжірибелі саясатшы, маңғыттармен соғыста өзін даңққа бөлеген, қазақтар арасында беделге ие болған Шығай екі майданда бірдей соғысудың қатерлі болатынын жақсы түсінеді. Сондықтан да ол Баба сұлтанға қарсы күресу үшін Абдолла хан мен одақтасады. Атап айтқанда, ол Абдолланың Сауран, Түркістан, Сайрам бекіністерін алуына көмек береді және 1582 жылы Түркістан арқылы жасаған жорығына қатысады. Қазақ әскерлерін басқарған Шығайдың ұлы Тәуекел Түркістан түбінде Баба сұлтан әскерлерін талқандайды және Баба сұлтанның басын алып Абдолла ханның алдына тастайды. Баба сұлтанды талқандауда көмегі үшін Абдолла хан қазақ сұлтандарына Соғды мен Самарқан маңынан үлестік жерлер береді. Баба сұлтан өлтірілгеннен кейін көп кешікпей Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары Абдолла ханға беріледі. Өзбек хандығындағы өзара тартыстар мен оған қазақ хандығының қатысуы еңбекші халыққа жеңіл тимеді, өйткені бұл соғыс әрекеттері қазақ хандығының аумағында да жүрді.

1582 жылы Шығай ханның өлімінен кейін билік басына келген Тәуекел хан Абдолла ханмен жасасқан «ант беріскен» шартты бұзады. 1586 жылы Тәуекел Түркістандағы бірнеше қалаларды басып алады және Ташкентті алуға әрекеттенеді. Бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталып Ташкент түбінен кетуге мәжбүр болады.

1598 жылы Шайбани әулеті мемлекетіндегі күрделі саяси жағдайды тиімді пайдаланған Тәуекел Ташкент түбінде Абдолла әскерлерін талқандайды. Осы жылы қазақ мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы жағдайды және Орта Азиядағы шайбаниліктердің өзара күресін, бұл әулеттің аштраханиліктердің жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табыспен аяқтайды. Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алған Тәуекел Бұқараны қоршайды, бірақ сондағы шайқастардың біріңде ауыр жараланып Ташкентте дүние салады. Тақ мұрагері болған Есім хан (Тәуекел ханның інісі) Бұқара хандығымен «Самарқан әскерлері Ташкентке қарсы ешқандай жаулық әрекеттер жасамайды» деген бітім шартын жасайды. Бұл шарт бойынша Самарқан Бұқар билеушілеріне қайтарылады, ал Ташкент, Сайрам және Андижан казақ хандығының құрамына қосылады.

Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзакқа созылған соғыстар еңбекші халықты күйзелтіп, қала шаруашылығының құлдырауына, суландыру жүйелерінің тозуына, егіншілік орталықтарының азып-тозуына әкеліп соқты. Соғыс қимылдары мен тонаушылық шапқыншылықтар сауда байланысына және мал шаруашылығымен айналысатын далалық аудандардың жағдайына кері әсерін тигізді. Ұзаққа созылған соғыстың аяқталуы және бұл аймақтың біртұтас мемлекет құрамына кіруі шаруашылығы мен мөдениеті дамыған аймақ ретінде Оңтүстік Қазақстанда соғыс зардаптарын жоюға мүмкіндік берді.

Тақырыбы: XVII және XVIII ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік -экономикалық және саяси жағдайы, қалалар және мәдениеті.


Информация о работе «Қазақстан тарихы»
Раздел: История
Количество знаков с пробелами: 1273237
Количество таблиц: 2
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
385825
15
4

... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...

Скачать
206329
13
3

... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде &# ...

Скачать
249228
0
0

... 1179; әулеттермен әрі империялармен нәтижелі қатынастар жүргізу арқылы сыртқы аренадағы беделін көтерді. Батысқа жорық.Түрік қағанатының тарихында ерекше атап өтетін бірнеше әскери жорықтардың жасалғаны анықталған.Соның бірі – Батыс жорығы.Бұл жоры ...

Скачать
200129
6
3

... үшін жағдайлар жасау. 2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері 2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағ ...

0 комментариев


Наверх